Мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функциялары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Экономика, басқару және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан әлеуметтік құқықтық мемлекет

Қабылдаған:Иманбекова.М
Орындаған:Зиябек.Б

Түркістан-2022
Жоспар:
II. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан әлеуметтік құқықтық мемлекет.
2.2. Мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның
Функциялары.
2.3. Әлеуметтік мемлекет түсінігі.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Әлеуметтік мемлекет дегеніміз - барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.
Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар әлем елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік мемлекет ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы - екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады деп көрсеткен. Әлеуметтік мемлекет деген ұғымның пайда болуы полициялық мемлекеттен, қоғамдық келісім мемлекетінен және мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді.
1930 жылы неміс ғалымы Герман Геллер әлеуметтік-саяси әдебиетке әлеуметтік құқықтық мемлекет ұғымын ендірді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар Батыс Еуропалық мемлекеттердің Конституциясында әлеуметтік мемлекет формуласы жазылған еді. XX ғасырдың 60 жылдары шамасында алғашқы әлеуметтік мемлекеттер, мысалы, Францияда, Германияда, Швецарияда және Англияда, т.б. елдерде құрыла ьастады. Олардың негізгі өмір сүру шарты - қоғамдағы жағдайы нашар топты қолдау үшін халықтық табыстың белгілі бір бөлігін бөле алатын экономикалық дамудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы - ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мем лекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты.

2.1. Қазақстан әлеуметтік құқықтық мемлекет
Қазақ елінің өз тәуелсіздігін алып, егемендігіне қол жеткізгеніне биыл жиырма бір жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында еліміз қиын да, қыстаулы кезеңдерді, жетістіктер мен алға ілгерушіліктерді бастан кешірді. Алғашқы күннен бастап еліміз зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет құру бағытын таңдап алып, азаматтық қоғам инстутуттарын дамытуды басты мақсат етіп қойды. Қазақстан Республикасының қазіргі 1995 жылы қабылданған Конституциясы бойынша әлеуметтік және құқықтық мемлекетті құрудың алғышарттары мен негізгі принциптері белгіленген: 1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму бағыты ретінде Ата Заңымызда бекітілген әлеуметтік және құқықтық мемлекетті қалыптастыру негізгі қағидаларды жүзеге асыруды талап етеді. Олардың қатарында биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінуіне ерекше назар аудару қажет. Онда әлеуметтік құқықтық мемлекеттің басқа талаптары да қамтылған. Шындығында, заңның үстемдігі, адам құқығы мен бостандығын жоғары құндылық ретінде бағалау, мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі және оны жүзеге асыру талаптары заң шығарушы және атқарушы биліктің басты міндеттері. Ал, заң мен басқа да нормативті - заңдық актілердің орындалуын қадағалау сот билігінің міндеті. Биліктің бөлінуінің әрекетшілдігі және тиімділігі заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының өзара әрекетінде айқын көрінеді. Бұл екі билік тармақтары ара - қатынасының мүлтіксіз деңгейіне жету мүмкін емес, арадағы қайшылық демократия институттарын жетілдіріп, құқықтық мемлекетке ұмтылудың бастау көзі болып табылады. Бұл жағдайда белгілі - бір заңдылық туындайды. Қоғамды демократияландырудың өзегі болып табылатын заң шығарушы билікті, парламентаризмді дамыту атқарушы биліктің әрекетін шектейді, оның тетіктерін жетілдіру қоғамды демократияландыру деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Әлеуметтік және құқықтық мемлекетті қалыптастыру елімізде парламентаризмді, парламентті, оның қызметін жетілдірумен қатар жүргізіліп отыр.
Сот билігі адамдардың құқығы мен бостандығын қорғауы және осы арқылы қоғамда тұрақтандырушы рөл атқаруы қажет. Ол үшін сот билігі тәуелсіз болуы қажет. Бұл мәселені АҚШ-та соттарды заңгерлер мен халық өкідері қатысуымен алдын - ала таңдау арқылы ұзақ мерзімге немесе өмірлік тағайындау арқылы шешкен. Мұндай тағайындаудан кейін соттар сот кодексін бұзған жағдайда ғана қызметінен босатылады. Мұндай жүйе соттарды шешім қабылдауда барынша тәуелсіз болуына мүмкіндік береді. Тәуелсіздіктің екінші негізі - материалды тұрғыдан қамтамасыз етілу. Төменгі деңгейдегі соттардың өзі жергілікті билік тарапынан қаржыланбауы қажет. Материалды жағдайдың жоғарылығы сот қызметінің беделін арттырып, қоғамда соттарды теріс ойдан сақтандырады. Мұның бәрі сот билігіне қоғам алдында жауапкершілікке ие білікті заңгерлерлің келуін қамтамасыз етеді. Аталған мәселелер елімізде тек соңғы уақыттарда ғана қауымдастық алдында кеңінен талданып, соттардың материалды жағдайын жоғарылату, соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету өзінің оң шешімін табуда.
Әлеуметтік құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі - заңды негіздерге сүйене отырып шешім қабылдайтын тәуелсіз сот жүйесінің болуы. Биліктің бір тармағы болып табылатын тәуелсіз сот билігінсіз әлеуметтік құқықтық мемлекеттің болуы мүмкін емес. Сот жүйесінің тәуелсіздігі, ең алдымен, соттардың құқықтық статусымен, сонымен бірге, олардың обьективті әділдігімен анықталады. Елбасы Н. Назарбаев еліміздегі сот жүйесін жетілдіру мәселесін әрдайым басты назарда ұстау қажеттігін ескертеді. Атап айтсақ, өзінің Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты деп аталатын жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту мәселесіне арнайы тоқталып, соттардың жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру, арбитраждық аралық соттар жүйесін нығайту, судьялар жасағын қалыптастырудың тәртібін қайта қарау туралы өкілетті орындарға өз тапсырмаларын берді .
Қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметік құқықтық мемлекетті қалыптастыру мен азаматтық қоғам талаптарын қабылдау процестері қатар жүріп отыр. Сондықтан 2006 жылдың 25 масымында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының және 2011-2020 жылдарға арналған құқықтық саясатты дамыту тұжырымдаманың бекітілуі бұл бағдарды ілгерітушілік болып табылады[3] . Бұл құжат билік органдарының белсенділігімен бекітілді, өйткені қазіргі күннің өзінде қоғам азаматтарының енжарлығы анық байқалады. Тәуелсіз даму жылдарында Қазақстанда жаңа саяси-құқықтық режим қалыптасып қана қойған жоқ, сондай-ақ босап қалған әлеуметтік кеңістікте көптеген ұйымдар мен ассоциациялар құрылды. Бірақ, демократиялық қоғамға тән азаматтық қатынастар жүйесі қалыптасты деуге әлі де ерте. Қазақстан азаматтық қоғамының көптеген құрылымдарының тәуелсіздігі сөз жүзінде қалып отыр, өйткені идеологиялық, материалдық, ұйымдастырушылық тұрғыдан әлі де билікке тәуелді. Бұл азаматтық қоғам институттарының іс әрекетін қамтамасыз етуші нормативті негіздің әлсіздігімен байланысты.

2.2. Мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функциялары
Әлеуметтік мемлекет дегеніміз - барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.
Оның белгілері мынадай:
1)қоғамдық өмірдің басты сферасында тұрақты қалыптасқан мемлекеттің қызметі; -мемлекеттің мәні мен оның әлеуметтік бағытының арасындағы тікелей байланыстығы;
-қоғам дамуының тарихи кезеңдеріндегі пайда болатын ірі нақтылы міндеттері мен мақсаттарын орындауға байланысты мемлекеттің қызметінің бағыттылығы;
-билік мәжбүрлеу әдістерін қолдануға қажетті белгілі бір нысандағы (көбінесе құқықтық) функциясын іске асыру.
Мемлекеттің функциялары стихиялы түрде емес, белгілі бір мақсатқа бағытталып негізделеді. Айталық, өз функциясын жүзеге асырған кезде мемлекет алдында тұрған міндеттерді (таптық немесе жалпыәлеуметтік) орындау үшін қоғамдық қатынастарға ықпал ете алатын мүмкіншілігіне ие болуы тиіс. Сондықтан мемлекеттік функция-таптық немесе жалпы-әлеуметтік бағыттағы болып келеді. Бірақ, әр түрлі тарихи кезеңдерде мемлекеттің функцияларының ара - қатынасы әр қилы болуы да мүмкін. Мемлекет алғашқы кезінен бастап, қоғам онсыз дами алмайтын бірқатар қызметтерді, мысалы, қоғамдық қажетті жұмыстарды ұйымдастыру (жол, стихиялық апатқа қарсы қорғаныстар салу), почта ісін, суда мен қаржы айналымын, қоғамдық тәртіпті сақтау мен кейбір басқа да қызметтерді орындап келеді. Мемлекеттің басты қам - қарекеті әрдайым өзі орнатқан тәртіпті қалай да болса қорғау болып келеді.
Қанаушы мемлекеттердің функциясы өркениетті мемлекеттерге қарағанда өзгешелеу болып келеді. Оны мынадан көруге болады:
-- қарамағындағы бағынышты халықты қанауын ұйымдастыру (құлдар, еркі жоқ шаруалар, жұмысшылар);
-өзіне бағынышты халықты жалындырып ұстау, қолданыстағы режимге олардың ашық қарсылықтарын басып тастап, одан әрі өрбуіне жол бермеу;
-салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді жинау;
-қанаушы, үстемдік етуші таптардың саяси және экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету;
-шаруашылық - шаруашылық функциялар (ішкі функциялар).
Оның сыртқы функциясы мынадай көріністе болады: жаулап алу соғысын ашу; өзіне бағынышты мемлекеттер мен аумақтардағы халықты және табиғи байлықтарды тонап қанау; мемлекеттік шекараны қорғау, кедендік қызметті ұйымдастыру және басқа мемлекеттердің тарапынан болатын қарулы агрессиясына қарсы тойтарыс беру; өзге елдермен дипломатиялық және сауда - экономикалық қатыстарда болу; басқа мемлекеттермен мәдени және ақпарат құралдармен алмасу, халықаралық және мемлекетаралық ұйымдардың жұмысына қатысу.
Қазіргі уақыттағы дамыған мемлекеттер жалпы әлеуметтік функцияларды жүзеге асырады, олар әр түрлі негізде түрлерге бөлінеді. Іс -- әрекеттерінің уақытына байланысты функциялар тұрақты (мемлекеттің дамуының барлық кезеңдерінде) және уақытша оның пайда болуы белгілі бір жағдайларға байланысты, ол жойылған соң бұл функция қажет болмайды (мысалы, табиғи аппаттардың зардаптарын жою, Чернобель АЭС-індегі уақиға куә). Қызмет сферасына қарай - ішкі және сыртқы функцияларға бөлінеді. Мәні жағына келетін болсақ функция негізгі және негізгі емес (қосалқы) болып келеді. Мемлекет билігінің тармақтарының бөлінісіне байланысты функциялар заң шығару, бақарушы, және сот ісін жүргізу болып бөлінеді. Қоғамдық сферасындғы қызметінің бағытына қарай экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдениет сферасындағы іске асырылатын функциялар болып жітелінді.
Осылай топтастыру негізінде енді біз нарықтық экономика жағдайындағы қазіргі уақыттағы мемлекеттің қоданылатын функциялары: ішкі және сыртқы функциялар.
Ішкі функция - қоғам өмірінің ішкі жағдайын басқарудағы мемлекеттің негізгі бағыттары. Ішкі функцияны жіктеу мемлекет қызметінің көлеміне байланысты болады. Әрбір мемлекет өзінің басқару нысанына, не болмаса мемлекеттік құрылымына қарай көптеген негізгі экономикалық, әлеуметтік, күзет және бақылау қызметтерін тәуелсіз шешеді. Соымен бірге қазірге кезде, барлық мемлекеттердің алдында тұрған маңызды мәселеге қоршаған ортаны қорғау жатады. Жоғарыдағы көрсетілген жұмыс көлеміне байланысты Қазақстан Республикасының ішкі фнукцияларына экономикалық, әлеуметтік, қаржылық бақылау, құқықтық тәртіпті қорғау және экология (табиғат қорғау) жатады.
1) саяси сферада - демократиялық қоғамды құрудағы, халықтық биліктің әр түрлі нысандарын қамтамасыз етудегі мемлекеттің стратегиялық бағыттарын іске асыру маңызды болып табылады. Әсіресе, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау; ұлтаралық келіспеушілікті жою, т.б. бағыттары;
2) экономикалық сферада - елдің экономикалық дамуының жоспарын жасау, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру мен орындалуын бақылау, салық жүйелерін тағайындау, баға саясатын нақтылау, монополизмді жою, жосықсыз бәсекеге тыйым салу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, базарлық-тауарлық қатынастар кезіндегі өмір сүрген Құқықтық мемлекеттің экономиканы мемлекеттік реттеуі, негізінен әкімшілік тәсілімен, экономикалық жолмен іске асырылады. Ондай мемлекеттер бостандықта және жекеменшік еркіндігі бар сипатта болады, өндірушілердің және әлеуметтік жағдайларды тұтынушылардың шын теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік реттеудің негізгі экономикалық екі түрі болады:
1)Мемлекетке оның әлеуметтік мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретін, қоғамның өндіргіш күштерін қалыпты дамытуға, ұлттық байлықты бөлуге, қаталырақ алым - салым саясаты керек.
2) Мемлекеттің түгелімен қоғамның пайдасына үлкен үлес қосатын экономиканың тиісті саласының дамуына қажетті жағдайлар жасауы.
Қазіргі құқықтық мемлекеттің экономикалық қызметтері мынадай бағыттарды қамтиды:
-Қоғамның экономикалық өміріне мемлекеттің ықпалын мынадан көруге болады: мемлекет бюджетті жасайды және экономикалық дамудың ел көлеміндегі бағдарламаларына сәйкес оның жұмсалуына бақылау жүргізеді; өндірістің және ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын қаржыландырады, өндірісті ынталандыруға жәрдем ақша бөледі. Экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеуде жоғарғы және жергілікті мемлекеттік органдар, арнайы мекемелер қатынасады.
Әлеуметтік сферада - Құқықтық мемлекетте материалдық жағдайларды бөлу өндірушілердің арасындағы эквиваленттік айырбастан басқа тұтынушылармен іске асырылады. Оның әлеуметтік саясатының көздейтіні біріншіден, әлеуметтік табысты бөлуді әркімнің сіңірген еңбегіне қарамай жүргізу қажет. Себебі, әртүрлі объективтік себептерге байланысты өз жөнінде толық жұмыс істей алмайтын адамдардың ( ауырулар, инвалидтер, кәртайған адамдар, студенттер, балалар) өмір деңгейін қадірлеуді қамтамасыз ету қажеттігі.
Халықты әлеуметтік қорғау (мүгедектерді, көп балалы аналарды, жұмыссыз адамдарды), зейнетақымен қамтамсыз ету, денсаулық сақтауға, білімге, жол құрылысына, қоғамдық көлікті дамытуға, байланыс құрлдарына қажетті қаржатты бөлу т.б.
Экологиялық сферада -- кәзіргі мемлекеттерде көптеген табиғат қорғау туралы заңдар шығарылған, олар адамдардың және мекемелердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет түсінігі, функциясы
Мемлекет функциясының ішкі функциясы
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫ ТҮСІНІГІ
Мемлекет функциясының белгілері
Мемлекеттік функцияның түсінігі
Мемлекет функциясының ұғымы және мазмұны
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымы
Биліктің бөлінуі қағидасы
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер