Жұмыстың мақсаты Қазақстанның жеті кереметімен танысу
қАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ оқу-ағарту МИНИСТРЛІГІ
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Қазақстанның жеті кереметі
Бағыты: Тарихи орындар
Секциясы: Қазақстан тарихы
Орындаған :
Жетекшісі:
Жұмыстың орындалу уақыты:
2022 жыл
МАЗМҰНЫ
АННОТАЦИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
I тарау. Қазақстандағы туризмнің даму мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .
6
II тарау. Қазақстандағы ерекше ескерткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... .
14
IІІ тарау. Республикалық маңызы бар тарихи орындар ... ... ... ... ...
22
IV тарау. Қазақстанның жеті кереметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
40
ТҮЙІН
Бұл ғылыми жобада Қазақстанның жеті кереметі туралы көрсетілген.
Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде нақты жұмыстың қысқаша мазмұны нақты көрсетілген.
Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Жұмыстың мақсаты Қазақстанның жеті кереметімен танысу.
АННОТАЦИЯ
Этот научный проект рассказывает о Семи чудесах Казахстана.
Работа состоит из введения, основной части, заключения и списка литературы. Во введении четко излагается краткое содержание конкретной работы.
Основная часть состоит из трех глав. Цель работы - познакомиться с Семью чудесами Казахстана.
ABSTRACT
This scientific project shows about the Seven Wonders of Kazakhstan.
The work consists of an introduction, a main part, a conclusion and a list of references. The introduction clearly outlines the summary of a particular work.
The main part consists of three chapters. The purpose of the work is to get acquainted with the Seven Wonders of Kazakhstan.
Кіріспе
Қазақстан тарихы пәнінде Қазақстанның жеті кереметі тақырыбы ерекше орын алады. Қазақстанның жеті кереметімен білім алушыларды таныстыру, білім алушылардың бойындағы Қазақстанның жеті кереметіне деген білімі мен дағдысын қалыптастыруға көмек береді.
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Осыған орай Қазақстанның жеті кереметі туралы сөз қозғамақпыз. Келешектің кез келген маманы алған мәліметтерін өз жұмысында тиімді пайдаланғысы келсе, онда ол өз саласы бойынша алға қойылатын проблемаларды тұжырымдай алуы тиіс.
Біз Қазақстанның жеті кереметі тақырыбын Қазақстан тарихы оқытуды жолдары мен мазмұны туралы ой бөлісеміз. Қазіргі таңда, әдеттегідей, оқушылар үшін мектептегі оқулықтар мен басқа да оқу құралдарындағы күрделілігі білім алушылар санасына тарихи ескерткіштер туралы білуге қиындықтар тудырады.
Бұл жұмыста білім алушы Қазақстанның жеті кереметіне тоқталған. Білім алушы зерттеу жұмысын жаза отырып өзінің егіздерге аса қызығушылықпен қарайтынын, замана талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының пернесі - ауызекі тараған Қазақстанның жеті кереметі туралы мәліметтер жинап, оларға сипаттама берген. Бұл берілген жұмысты Қазақстан тарихы пәнінен қосымша сабақтарда білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін кеңінен дамытуға қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын.
Жобаның мақсаты: Қазақстанның жеті кереметін анықтау және олармен танысу. Танысу барысында олардың ерекшеліктеріне баса назар аудару.
Жобаның міндеттері:
Қазақстанның жеті кереметінің Қазақстан тарихы пәнінде және біздің өмірімізден алатын орнын анықтау.
Қазақстанның жеті кереметін толықтай дерлік қарастыру.
Қосымша мағлұмат қарастыру.
Жобаның нәтижесі:
Қазақстанның жеті кереметтерімен танысу барысында нәтижеге жету үшін:
Біріншіден, Қазақстанның жеті кереметтерін зерттей келе, оның өмірде пайдалану жолдарын қарастыру;
Екіншіден, Қазақстанның жеті кереметтерін танып білуді білім алушы өз бойына дарыта білуі қажет.
Күтілетін нәтиже:
- Жеке адам мен қоғамның Қазақстанның жеті кереметтеріне деген оң көзқарасын, мәдениетін білім беру барысында қалыптастырады;
- Қазақстанның жеті кереметтерінің қазіргі кездегі күйі мен болашағы туралы түсінік;
- Білім алушылар Қазақстанның жеті кереметтеріне бақылау жасап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қадамдар жасайды.
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:
:: Эмпирикалық
:: Теориялық
:: Математикалық
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І тарау. Қазақстандағы туризмнің даму мүмкіндіктері
Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін туризм, экономиканың басқа да салалары сияқты орталықтың қатаң қыспағынан шыға алмады. КСРО-дағы туристік қызметтің негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық жағалауы, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болған еді. Өз кезегінде Қазақстанның архитектуралық, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекіліктері жарнамаланбады және қажет етілмеді. Қазақстандық туризм кеңестік кезеңде идеологиялық функцияны атқарған мәдени ағартушылық жұмыстың бір элементі ретінде саналып, оның басым роліне қарамастан қалдық принципі бойынша қаржыландырылып, ешқандай экономикалық маңызға ие болмады.
Қазақстандағы туризм индустриясының нашар даму себептерінің бірі оған экономиканың бір саласы ретінде мемлекеттік деңгейде көңілдің бөлінбеуі еді. Кешенді болжамға, ұзақ мерзімді жоспарлауға, туризмнің территориялық ұйымдастырылуына және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға дұрыс көзқарас болмады. Бұл саланы баяулатқан факторлардың бірі туризмнің арқасында жергілікті бюджетке қомақты қаржының түскеніне қарамастан, жергілікті басқару органдарының туристік қызметті басым бағыт деп танымауында жатыр.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда туристік қызметті реттеу үшін және халықтың тарихи мәдени мұраларын жаңғырту үшін негіз қаланды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы туризмнің дамуы 1992 жылдың 3 шілдесінде қабылданған Туризм туралы Заңымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен бекітілген. Бұл құжаттардың қабылдануы қазақстандық туризм нарығының дамуына оң әсерін тигізді.
Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытудың тағы бір қадамы Қазақстанның 1993 жылы Дүниежүзілік Туризм Ұйымына мүше болып кіруі, туризм саласындағы ынтымақтастық жөнінде халықаралық келісімшарттардың жасалуы болып табылады. Айта кеткен жөн, бірқатар келісімшарттар Қазақстанды мол туристік потенциалы бар, тиімді әріптес ретінде таныған шетелдік үкіметтердің өз ұсыныстарымен қабылданған болатын.
Барлық өркениетті қоғам, туризм саласы мемлекеттің бюджетін толтыратын негізгі қаржы көздерінің бірі болғандықтан басты туристік ағымдарды өзіне қаратқысы келеді. Сондықтан да Қазақстанға шетелдік туристердің ағылуын ұлғайтуымыз қажет. Осы мақсатта туристік мекемелердің қызметін ішкі туризмге көбірек бұруымыз қажет. Бұл дегеніміз транспорттың жағдайына, жылжу құралдарына, кадрлық потенциалға байланысты мәселе болып табылады.
Туризм дамуының басты проблемаларының бірі туристік кадрларды дайындау мәселесі. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік, жеке меншік және Ресей филиалдарын алатын болсақ, 28 оқу орнында туризм менеджерлері мамандығын дайындайды. Бұл дайындық 1992 жылдан бастау алғанымен, әлі күнге дейін туристік саланы кадрлық жағынан қамтамасыз ету өз деңгейінде болмай отыр. Көптеген жоғары оқу орындарында бұның басты себебі оқытушылар құрамының Қазақстанның туристік потенциалы жөніндегі білімінің және туристік саладағы қызмет тәжірибесінің жеткіліксіз болуы. Осыдан келіп, мамандарды даярлау отандық туристік рекреациялық ресурстар мазмұнын, технологиясын жеткілікті түсінбеуден, туристерді қабылдау кезіндегі әдіс-тәсілдерді толықтай меңгермеуден өз дәрежесінде болмай отыр. Сол себепті жоғары оқу орны түлектерінің басым бөлігі туроператорлық функцияны толықтай атқара алмай отыр.
Қазақстан территориясы көне заманнан Қытай мен Европаны байланыстырып, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болғанына қарамастан, әлемдік туризм аренасында туристік бағыт ретінде таныла қойған жоқ. Қазақстанды әлемдік аренаға шығарып, дүниежүзілік туризмде жақсы табыстарға жету үшін көптеген шараларды жүзеге асыру қажет. Сөз жоқ, Қазақстанды туристік объект ретінде алға жылжытудың ең басты шаралары болып, мемлекетіміздің туристік ұйымдарының халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, конференцияларға қатысуы болып табылады. Сонымен қатар осындай шараларды республика территориясында өткізудің маңызы өте зор.
Қазақстанның туризмдегі халықаралық ынтымақтастығы ЮНЕСКО және ДТҰ мен Ұлы Жібек жолы бойынша жобаларды жасақтау және жүзеге асырумен, шетелдік мемлекеттермен екіжақты және көпжақты келісімшарттар жасаумен іске асырылады.
Қазақстан туризмнің халықаралық аренасында алға жылжуы үшін тек мемлекет ішінде ғана емес, сырт елдерде де ақпараттық туристік орталықтарды құру қажет. Бұл мәселеде туристік ұйымдардың шет елдердегі мемлекетіміздің дипломатиялық өкілдіктерімен байланысын ұмытпауымыз қажет.
Туризм тек Европаны қана емес, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерін қамтыды. Әрине, халықаралық деңгейде туристермен алмасу көбінесе көрші елдердің арасында жүзеге асырылғанмен, алайда соңғы кезде алыстағы шет елдердің мәдениетімен танысу мақсатында қашыққа саяхат жасауға тілек білдіруші адамдар көбейіп келеді. Қазіргі заманғы ұшақтар жолаушыларды әлемнің кез келген нүктесіне жеткізе алады. Бұл мақаланы жазу барысында Батыс Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени және табиғи мұраларды рационалды қолдану арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беретін, шетелдік инвестицияны тартудың арқасында республикалық және жергілікті бюджеттің ұлғаюына алып келетін бәсекеге қабілетті туристік кешенді қалыптастыру жолдары қарастырылды.
Фактологиялық материалдарды талдай отыра, төмендегідей қорытындыларды жасауға болады:
oo - Батыс Қазақстан аймағында ашық күндердің көп болатындығы (220-дан 240-дейін)
oo - Туристік рекреациялық зоналарды дамытуға септігін тигізетін қолайлы кезеңдердің ұзақтылығы (120-130 кундей)
oo - Батыс Қазақстан түрлі экскурсиялар, қыдырулар және демалысты ұйымдастыруға қажетті барлық ресурстармен қамтылған.
oo - Бұл аймақ аса көркем және қызықты ландшафтарға ие.
oo - Батыс Қазақстанның туристік рекреациялық потенциалы жалпы Қазақстан туризмінде маңызды орынды алады.
oo - Батыс Қазақстан өңіріндегі негізгі объектілер бойынша жасалатын экскурсиялық маршруттар үлкен тарихи, археологиялық және танымдық қызығушылыққа ие болып отыр.
Осы факторлардың барлығы Батыс Қазақстанның табиғи және туристік рекреациялық ресурстарын зерттеуге және санаторий курорттық емделуге арналған түрлі мекемелерді, демалыс үйлерін, пансионаттарды және жалпы туристік инфрақұрылымды дамытуға септігін тигізетіні сөзсіз.
Жоғарыда айтылғандай біздің республиканың басқа елдермен қатар туристік қызметті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктері бар. 10 жылдан бері тұңғыш рет біздің еліміз өркениеттік туризмге бет бұра бастады. Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облыстарындағы туризмді дамытуға арналған көптеген перспективалық жобалар жасақталды. Тіпті шағын ғана ресурстардың өзімен Батыс Қазақстан территориясында мәдени танымдық туризмді ұйымдастыруға болады.
Туристік қызметті дамытудың үлкен болашағы бар, егер де Қазақстан Республикасындағы туризм қарқынды дами бастаса, біздің ойымызша территориясының көлемімен ғана емес, экскурсиялық маршруттарының тартымдылығы және экономикалық тиімділігінің арқасында Батыс Қазақстанның алдыңғы орынға шығары сөзсіз.
Көптеген зерттеушілердің еңбектерінің негізінде Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштеріне қатысты мынадай қорытынды жасауға болады. Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштерінің қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етті, яғни ол өлкенің тарихи жағдайының өзінділігі, өлкеде әр түрлі тайпалардың өмір сүруі, ескерткіш жасауға ыңғайлы бор тас, ұлы тас, құм тас сияқты шикізат кен орындарының мол болуы, Маңғыстаудың негізгі құрлықтан оқшау жатқандығы т.б.
Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштері дегенде ең алдымен өлкенің киелі орындары мен әулиелері еске келеді. Маңғыстау жеріндегі 362 әулиеден басқа да көптеген ескерткіштер өлкенің жерлеу-салттық кешендерінің әр алуандылығын көрсетеді. Оларға ең алдымен кішкентай территорияда шоғырлана орналасу тән. Бұл осы өлкедегі дәстүрлі мәдениеттің оғыз-қыпшақ кезеңінен жаңа заманға дейін үздіксіз жүріп отырғандығының белгісі болып табылады.
Ғылыми еңбектердің негізінде жасалған типологиялық классификацияға сәйкес өлкенің жерлеу-салттық ескерткіштерінің көп түрлілігін, архитектуралық формалардың әр алуандылығын көруге болады. Жаңа заманда Маңғыстаудың сәулет өнері дамудың жаңа сатысына көтерілді. Бұл кездегі тас өңдеуші ұсталардың кәсіби шеберлігінің арқасында Маңғыстаудың ескерткіштері өзіндік ерекше белгілерімен өзгешелене бастайды. XIX ғасырдың әлеуметтік-экономикалық өзгерістерінің енуімен байланысты өлкеде сәулет шеберлердің кәсіби артельдерінің пайда болуына жағдай жасады. Осы кезде сондай-ақ қазақ сәулет өнеріндегі атақты маңғышлақ мектебі қалыптаса бастады. XIX ғасырдың II жартысы Маңғыстаудың сәулет өнерінің шарықтау шегі болды деп айтуға болады. Бұл кезде архитектураның үлкен құрылыстарының жаңа типтері (сағанатамдар) пайда болды, тас өңдеу техникасының күрделенуі, ескерткіштерді көркемдік безендірудің жаңа формалары қалыптасты. Сондай-ақ, жүргізілген зерттеудің нәтижесінде аймақ ескерткіштерінің негізгі белгілері: жалпылық сипаты, дәстүрлілігі, ақпараттығы анықталды.
Ескерткіш мәтініне қарай олардың ақпараттық шынайылығының ескерткіштердің баға жетпес тарихи-мәдени екені анықталды. Яғни, ескерткіштегі таңбаларды нақтылау белгілі бір рудың қай кездегі Маңғыстауда қоныстанғандығы туралы мәлімет алынды.
Ескерткіштердің өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуының тағы бір белгісі бұл - көне заманнан бері өзінің экономикалық жағдайына (көшпелі мал шаруашылық) қарай ұқсас, кейде тіпті өзара туыстас болып келетін тайпалардың (ерте кезде массагет, дақ, сармат, кейінгі кезде оғыз-қыпшақ, түркмен) қоныстануы зор әсер етті. Бұл жайт өлкенің ерекше климаттық жағдайымен қоса, Маңғыстауда көне жерлеу-салттық дәстүрінің жаңғыртылуында маңызды роль атқарды. Бұл тұрғыдан алғанда Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштері туған өлкенің тарихын танып білуде баға жетпес құнды дерек болып табылады.
Батыс Қазақстан сәулет өнерінің мұрасын зерттеу мен насихаттау қажеттілігі ең алдымен тарихи-мәдени ескерткіштерді жалпы ұлттық қорғау мен жөндеу, болашақта қолдану мәселелеріне байланысты туындап отыр. Жаңадан ашылған ескеткіштерді ғылыми айналымға енгізу, олармен көпшілік халықты таныстыру бүгінгі маңызды мәселе болып отыр. Өйткені, жерлеу-салттық кешендер жалпы ұлттық мәдениеттің өзіндік бір элементі ретінде әлі күнге дейін зерттелмей және осыған байланысты мүлдем белгісіз күйінде қалып отыр.
Қазіргі таңда, тәуелсіз Қазақстан Республикасының бет-бейнесі оның тарихи ерекшелігімен, қайталанбас мәдени өзгешелігімен қалыптастырылып жатқан кезде, Батыс Қазақстанның қайталанбас өзіндік сәулет өнерінің ескерткіштерін дәріптеу өте өзекті мәселе болып табылады. Тарихи ескерткіштердің жеткіліксіз дәрежеде зерттелуі жалпы Қазақстан архитектурасының ғылыми әдебиеттерде жүйелі түрде әлі де болса бейнеленбеуіне әкеп соғуда. Мысалы, көптомдық Қазақстан тарихы кітабында Қазақстан архитектурасына бар болғаны 3-4 бет қана арналған. Батыс Қазақстан сәулет өнерін зерттеу тарихи-архаикалық, өнертанымдық мәселе болып табылады. Өйткені бұл ескерткіштердің өзіндік ерекшелігі (ою-өрнегі, форманың өзіндік шешімі, құрылымының өзіндік ерекшелігі) қазіргі кездегі құрылыстарда кеңінен пайдаланылуда.
ІІ тарау. Қазақстандағы ерекше ескерткіштер
Тарихи ескерткіштер кең мағынасында -- елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады.
Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады.
Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, дың, сондай-ақ, сақдәуірінен, көне түркі, қыпшақтар кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және сәулет ескерткіштері -- ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады және өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды;
Тарихи ескерткіштер тар мағынасында -- ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды. Бұл атау монумент деген ұғымның мағынасына жақын. Алайда ескерткіш, әдетте, дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштің кең тараған түрі де осы -- көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте, көрнекті жерге (қала алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына) орнатылады. Өлген адамға ескерткіш орнату дәстүрі ерте заманда-ақ пайда болған.
Мысалы, ежелгі Грекияда аса көрнекті қолбасшылар мен қоғам қайраткерлерінің құрметіне, Римде императорларға ескерткіш қойылған. Қайта өркендеу дәуірінде Италияда Микеланджело, Францияда Т.Бонтан, т.б. сияқты мүсін өнері шеберлерінің аты әйгілі болды. 19 ғасырда Еуропа мен Америкада әр түрлі оқиғаларға, 20 ғасырда ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлеріне, жазушы, суретші, музыкашыларға ескерткіштер жасау үрдісі кең етек алды. Ресейде 18 ғасырда және 19 ғасырдың 1-жартысында мүсіншілер К.Б. Растрелли, М.И. Козловский, Б.И. Орловский, И.П. Мартостың жобасы бойынша Санкт-Петербург пен Мәскеуде Петр I-ге, А.В. Суворовқа, М.И. Кутузовқа, К.Минин мен Д.Пожарскийге ескерткіш орнатылды. Кеңес өкіметініңалғашқы жылдарынан бастап Н.А. Андреев, Н.В. Томский, В.И. Мухина, К.М. Мерашвили, т.б. мүсіншілер көптеген қалаларда даңқты адамдарға тұлғалы ескерткіштер орнатылуына үлес қосты.
1941 -- 45 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін мәңгі есте қалдыруға арналған ескерткіштер өте көп. Солардың ішіндегі ең күрделісі -- Берлиндегі кеңес әскері жауынгерлері құрметіне тұрғызылған (мүсіншілер Е.В. Вучетич, Я.Б. Белопольский) тарихи-мемориалдық ескерткіш.
Қазақстанда ескерткіш орнату 1940 жылдан кейін кең өріс алды. Алғашқы ескерткіштердің бірі -- Алматыдағы "Амангелді Иманов" ескерткіші (Мүсінші Х.Б. Асқар-Сарыджа, сәулетші Т.Бәсенов; 1947). Белгілі мүсінші Х.Наурызбаевтың "Абай" (1960), "Шоқан Уәлиханов" (1969, екеуі де Алматыда), "Жамбыл Жабаев" (1964, Тараз), "Амангелді Иманов" (1959, Қостанай облысы Амангелді ауданы), Т.Досмағамбетовтің "Шоқан Уәлиханов" (1972, Көкшетау), Ю.Г. Былыктың "Нұркен Әбдіров" (1969, Қарағанды), т.б. мүсін-ескерткіштері Қазақстандағы алғашқы ескерткіштердің ең көрнектілері болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де ұмытылмас есімдер мен тарихи оқиғаларды жаңғыртатын бірқатар ескерткіштер тұрғызылды.
Олар: мүсінші Б.Әбішевтің "Жамбыл" (1996, Алматы), Республика тәуелсіздігіне арналған кешен -- "Тәуелсіздік монументі" (авторлық шығармалар топ жетекшісі -- Ш.Ы. Уәлиханов, мүсіншілер А.Жұматаев, Н.Далбай, К.Сұранышев, А.Боярлин, М.Мансұров, К.Сатыбалдин; сәулетшілер -- Қ.Монтахаев, Н.Жарылғапов; 1997, Алматы), мүсіншілер Боярлин мен Т.Мырзагелдиннің "Саяси қуғын-сүргін зобалаңынан құрбан болғандарға ескерткіш" (монумент; авторлық топ жетекшісі -- Т.Сүлейменов, сәулетші А.Ордабаев, А.Кенжетаев, Монтахаев; 1997, Астана), мүсінші Досмағамбетовтің "Қаныш Сәтбаев" (1999, Алматы), мүсінші К.Кәкімовтің "Сұлтан Бейбарыс" (2000, Атырау), қазақ елінің бірлігі мен ынтымақтастығының белгісі ретінде Ордабасы тауында орнатылған "Ордабасы кешені" (сәулетші ұ.Садырбаев, 1997, Оңтүстік Қазақстан облысы) ескерткіштері, т.б. Сондай-ақ, әдебиет, өнер, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қабірі басына бейне-мүсін қою немесе олар тұрған үйдің қасбетіне жазулы ескерткіш тақта орнату да дәстүрге айналған.
Қазақстандағы ерекше ескерткіштер Бүгін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи мекендер күні. Осыған орай Қазақстандағы белгілі тұлғаларға қойылған ескерткіштер мен атты ескерткіштерден өзге, айтулы оқиғалар мен тарихи оқиғаларға, мекен атауына немесе кинофильм кейіпкерлеріне қойылған ерекше ескерткіштер жайлы жазбақпыз. Қайғылы тарихи оқиғаларға орнатылған ескерткіштер Павлодар қаласындағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына орнатылған ескерткіш. Ескерткіште анасының өліміне зар жылаған бала бейнеленген. Ескерткіш Павлодардан шыға берісте, ескі мұсылман зиратының жанында орналасқан. Бір кездері дәл сол жерден жаппай жерленген ашаршылық құрбандарының мәйіті табылған болатын. Астана қаласындағы Ашаршылық құрбандарына орнатылған тағы бір ескерткіш Қайтыс болған шахтерлерге орнатылған Қарағандыдағы ескерткіш. Ескерткіштің негізін жарылыстан қақ жарылған террикон құрайды. Барельефтің бірінде бетін көмір басып қалған шахтер бейнеленген. Қызыл стелла - от, қуат, сонымен қатар үрей белгісі.
Композицияның ішкі жағында ақ мәрмәр текше - қайтыс болғандардың ақ жаны дегенді білдіреді. Ал бергі жағында тізесіне баласын құшақтап, қайғырған ана бейнеленген. Баланың басында шахтерлік каска. Ананың бір бөлігі ғана қоладан жасалған, жарты бөлігі қайтыс болған туысымен бірге кетті дегенге саяды. 2010 жылы Қызылағаш ауылында су қоймасының жарылуынан болған су тасқыны салдарынан 40 адам, оның ішінде 12 бала қаза тауып, ауылды түгелімен су шайып кетті. Осы қайғылы оқиғаға орай орнатылған ескерткіш. Петропавлда "Ядролық қару құрбандарына" орнатылған ескерткіш бар. Қазақтан тарихындағы Отан қорғаушыларына, ержүрек батырларына Астана қаласындағы "Отан Ана" монументі орнатылған. Махаббат кейіпкерлеріне арналған ескерткіштер Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға арналған ескерткіш бар.
Ескерткіш Жастар саябағында орналасқан. Мүсінді орнату үшін демеушілердің қолдауымен саябақ толық жөнделіп, абаттандыру жасалған. Махаббат символына айналған "Қыз Жібек пен Төлегенге" арналған ескерткіш Тараз қаласында орналасқан. Астана қаласындағы қоладан жасалған қос ғашықтың мүсіні мәңгілік махаббат символын сипаттайды. Сонымен қатар Астана қаласының ғашықтар саябағында "Алтын жүрек" мүсіні бейнеленген. 2005 жылы Англияда "Болашақ" бағдарламасымен оқитын қос ғашық Болат Карентаев пен Айнұр Сүлейманова ұшақпен Қазақстанға қайтып келе жатады. Ақтауды бағыттаған ұшақ Бакуден ұша бергенде Каспий теңізіне құлап, апат болады.
Су астынан қос ғашықтың бір-бірін қатты құшақтап жатқан мәйіті табылады. Екеуі бір белбеуді қапсыра байлап алған екен. Осы тебірентерлік оқиғаға орай және ғашықтардың символы ретінде марқұм Болаттың туып-өскен жері Тараз қаласында ескерткіш орнатылған. Көңіл көтеруге бағытталған ескерткіштер Кеңес Одағында түсірілген "Сәттілік джентельмендері" фильміндегі "Хочу в Джамбул, там тепло, там моя мама" деген цитатасына орай бұрынғы Жамбыл қазіргі Тараз қаласында осы фильмнің үш кейіпкеріне ескерткіш орнатылған. Ақтөбе қаласында "Қан мен тер" трилогиясының кейіпкерлеріне арналған ескерткіш бар. "Где-Где? В Караганде!" қанатты сөзіне Қарағанды қаласында ескерткіш орнатылған. Ескерткіш Қарағандының геодезиялық тұрғыда дәл ортасы деп белгіленген жерде орналасқан. Жұмысшыларға арналған ескерткіштер Қарағандының басты табыс көзі көмір шахтасы екені рас. Шахтерлердің құрметіне орай ескерткіш те орнатылған.
Жаңаөзен қаласындағы мұнайшыларға арналған ескерткіш Теміртаудағы металлургтерге арналған ескерткіш Ғарышты бағындырғандардың құрметіне ескерткіш. Қарағанды қаласы Суретші қыз мүсіні. Астана Тағы басқа ерекше ескерткіштер Астана қаласында сақ ханшайымы Томирис алып бұқаның үстінде бейнеленген "Жер ана" атты монумент бар. Бұқаның мүйізі жеті метрге жуық. Халықтар достастығын бейнелейтін Астана қаласындағы монумент.
Төрт жағында төрт пырақ бейнеленген "Астана жұлдызы" стеласы Аңыз бойынша Қостанай қаласының атауы Тана есімді екі қыздың есіміне орай қойылған. Ол туралы мына жерден оқи аласыздар. Осы екі қыздың құрметіне қалада ескерткіш орнатылған. Астана қаласының вокзалында орналасқан "Бата" мүсіні. Тәңіршілдік символдарынан құралған мүсін жолаушыларға ақ жол тілеу ниетімен жасалған. Әлбетте, бұл материалда Қазақстандағы барлық ерекше және қызықты мүсіндер мен ескерткіштерді қамти алмадық. Дегенмен, біраз мағлұмат бере алдық деген ойдамыз. Өз қалаларыңыз бен ауыл-аймақтарыңыздағы ерекше ескерткіштер жайлы блогта жаза аласыздар.
ІІІ тарау. Республикалық маңызы бар археологиялық
ескерткіштер
Ескерткіш-елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады.
Қазақ даласы тарихи - мәдени ескерткіштерге бай. Батыс Қазақстан аймағында ғана 300-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер тіркелген. Оларға Шопан -Ата жер асты мешіті, Қараман - Ата ескерткіші т.б жатады. Бұлардың көпшілігі Маңғыстаудың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Олар, көбінесе тастан тұрғызылған әр түрлі құрылыстар. Аса ірі тарихи және мәдени ескерткіштер қатарына Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Сарыарқадағы Алаша хан кесенесі, Тараз өңіріңдегі Айша бибі және Қарахан кесенесі,Бабаджа Хатун кесенелері бар. Тарихи және мәдени ескерткіштердің түрлері көп. Әрбір қалада, әрбір ауылда жергілікті ескерткіштер болып табылады. Мұндай ескерткіштер қалпына келтіріп отырады.
Қожа Ахмет Иасауи кесенесі. Қожа Ахмет - өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәулім ескерткіш тұрғызуды қолға алды.
Қожа Ахмет Иасауи кешені порталды- күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, кітаптар, шежірелер сақтаулы. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - түркі әлемінің рухани орталығы
Айша Бибі кесенесі. Айша бибі кесенесі - ХІІ ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында орналасқан. Айша бибі - тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан салдырған. Бірақ кесенені салдырған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Кесене қабырғаларының қалыңдығы - 80 см. Айша бибі кесенесі Тараз қаласынан 80 шақырым жерде.
Қарахан кесенесі. Кесене ортағасырлық Тараз аумағында құрылған қасиетті-мемориалды кешенеге жатады.Қарахан кесенесі өзінің әсемдігімен Ресей сәулет өнерін бағалаушыларын 1902 жылдың өзінде ежелгі Тараздың теңдесіз жасампаздығы ретінде таңдандырыпты. Археологиялық қазбалар көрсеткендей, бұл ғимаратты өрлеу кезінде өте шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіштер пайдаланған. Құрылыс қараханидтер дәуірінде, ХІ ғасырда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz