Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Анотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

6
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

9
Зерттеу бөлімі

І. Буллинг дегеніміз не? Буллингтің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
14
ІІ. Буллингтің адам өміріндегі қауіпі . Буллинг феноменнің туындау себептерін анықтау және оның алдын алу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

15

ІІІ. "Буллинг" мәселесін мектеп оқушылар арасында зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

20
ІV. Буллингтен қалай құтылуға болады? Психикалық бұзылулар. Қорлаудың салдары ... ... ...

21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

35
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пікір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

36

38

Аннотация.
Бұл ғылыми жобада жалпы мектептегі, қоғамдағы зорлық-зомбылық туралы айтылады. Қазақстанда буллинг кесірінен болған қорқынышты жағдайлар мәселесі жайлы. Ғылыми жобада буллинг жайлы ақпарат, сонымен қатар Англиядағы кибер буллинг туралы жазылған. Мақалада қазіргі мектептің, қоғамның білім беру ортасындағы зорлық-зомбылықтың кең ауқымды проблемасына талдау берілген. Оның себептері, әйгілі тұлғалардың өмірінен алынған мысалдар және адамның моральдық және физикалық денсаулығына қауіптер ашылды. Жасөспірімдер арасындағы қорлаудың нәтижелері мен себептері сипатталған.

Аннотация.

Эта научная работа описывает весь масштаб травли в школах, на работе и в обществе. Так же говорится о последствиях буллинга, на примере известных случаев в США, Англии, России. Раскрывается тема одиночества в произведениях и работах, великого художника Ван Гога. В этой научной работе мы собрали всю информацию. Здесь представлен анализ проблемы буллинга в образовательной среде современной школы, общества. Раскрыты его причины, примеры из жизни известных личностей, и риски для морального и физического здоровья человека. Описаны результаты и мотивы проявления буллинга среди подростков.

Annotation.

This scientific work describes the full extent of bullying in schools, at work, and in society. It also refers to the consequences of bullying, using well-known cases in the USA, England, and Russia as an example. The theme of loneliness in the works and works of the great artist Van Gogh is revealed. In this scientific work, we have collected all the information. The article presents an analysis of the large-scale problem of bullying in the educational environment of a modern school, society. Its reasons, examples from the life of famous personalities, and risks to the moral and physical health of a person are revealed. The results and motives of the manifestation of bullying among adolescents are described.

Кіріспе. Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Біздің ғылыми жоба кіріспе және негізгі мәселені қамтитын 2 бөлім мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі, қарастырылып отырған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, ғылыми жобаның мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді. Сонымен қатар ғылыми жобаның теориялық және практикалық мәні қандай, туралы мағлұмат жазылды.

Негізгі бөлім 5 тараудан тұрады: Буллинг дегеніміз не? Буллингтің түрлері деп аталатын бірінші тарау, Буллингтің адам өміріндегі қауіпі екінші тарау, үшінші тарау: Буллинг феноменнің туындау себептерін анықтау және оның алдын алу жолдарын өз жұмысымызда қарастыру , және соңғы Буллингтен қалай құтылуға болады? Психикалық бұзылулар. Қорлаудың салдары.

Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қазіргі кездегі балалар және үлкендердің де отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермеу. Халық арасында құқықты түсіндіру.

Міндеттері:
Қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізіп, балаларға, әйелдерге, қарттарға барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру.
Бүкіл әлемде лаулап тұрған дерттің бірі зорлық-зомбылық бастау көзі неден басталады.
Зерттеудің әдісі: Жинақталған материалдар мен қосымша материалдардың негізінде зерттеу тақырыбына өзіндік көзқарас білдіру.
Нысаны: Бүкіл әлемнің қоғамдық зорлық - зомбылық мәселесі.
Зерттеудің болжамы: балалардың басқа адамға қатігездігін көрсетуі, мазақ ету, ұрып- соғу, денесіне зақым келтіру т.б. Зорлық-зомбылық құқықта Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы делінген. Ол тән азабын көрсеткен зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып екіге бөлінеді. Тән азабын көрсеткен зорлық - адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру т.б.
Жан азабын шектірген зорлық - жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету.
Зерттеудің нәтижесі: іздену нәтижесінде адам өмірінде қоғамдағы өзін жайлы сезінудің маңыздылығын және буллингті тоқтату мақсатында жұмыстар жүргізу.

І. Буллинг дегеніміз не? Буллингтің түрлері

Буллинг (bullying) - ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте,автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кез келген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай.
Қоғамда "буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады" деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.
Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын атайды. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді.
Буллингтің негізгі төрт түрі бар.
Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.
+ Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету - өлімге апаруы мүмкін. Өте қауіпті буллинг түрі.
+ Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.
+ Relational буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл - бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relational буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.
+ Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг - интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін.
Буллингтiң жалпы түрлeрi.
Гомофобтық буллинг
Раcиcттiк буллинг
Топтық буллинг
Адамның cырт кeлбeтiнe қатыcты буллинг
Ceкcиcттiк буллинг
Дiнгe қатыcты буллинг
Кceнофобтық буллинг
Мүгeдeктeргe қатыcты буллинг
Eciңe cақта:
* Eшкiмнiң ceнi қорлауға құқы жоқ.
* Буллинг ceнiң доcтарыңның, отбаcыңның, мeктeптeгi балалардың нeмece бөтeна дамдардың тарапынан болуы мүмкiн, қалай болған жағдайда да, ол дұрыc eмec жәнe бұлай болуға тиic eмec.
* Буллингтi тоқтатуға жәнe өзiңдi бағалауға үйрeнугe болады.
1. Психологиялық зорлық-зомбылық - балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге,оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды. Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.
2. Физикалық зорлық-зомбылық - балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер.
3. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінесе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін. Жыныстық сипаттағы сөздерді айту не қысым көрсету - қандай да бір баланың не ересектің балаға қатысты жыныстық алдап-арбауы, нәпсіқұмарлық сипатта ауызша не физикалық қысым көрсетуі.
4. Бопсалау - балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.
Кибербуллинг - баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа технологияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-парақшаны не онлайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.
Құрбылар тарапынан қорқытып - үркіту - нақты не болжамды күштер теңсіздігін білдіретін мектеп жасындағы балалар арасындағы агрессивті әрекеттер. Мінез-құлықтың мұндай моделі қайталанып отырады немесе белгілі бір кезең сайын қайталануы ықтимал. Баланы кемсіту қорқыту, өсек тарату, балаға физикалық не сөзбен тиісу не әдейілеп топтан шығарып тастауды қамтиды.

ІІ. Буллингтің адам өміріндегі қауіпі . Буллинг феноменнің туындау себептерін анықтау және оның алдын алу жолдары
Буллинг пe, әлдe жәй ғана әзiлмe?
Eгeр ceнi бiрeу мазақ қылған жағдайда нeмece доcтарың мeн жанжалдаcып қалғанда, cаған бәрi дe жаман көрiнiп, барлық адамдар cаған қарcы дeгeн ой туындайды. Тiптi бұл жәй ғана әзiл-қалжың ғой дeп айтқан жағдайда да, ceн өзiң дi әлi дe ыңғайcыз ceзiнуiң мүмкiн. Бiрақ, бұның барлығы өткiншi eкeнiн ұмытпа.

Өзiңe дeгeн ceнiмдiлiктi, батылдықты қалай арттыруға болатындығы жайында кeңecтeрді оқы. Бұл cаған жаңа доcтар табуды, өз ойыңды қыcылмай бiлдiрудi үйрeнугe көмeктeceдi. Жәнe дe eciңнeн шығарма, ceн әрдайым бiзгe cұрақтар қоя алаcың, 111 ceнiм тeлeфонына қоңырау шала алаcың.
Мұғалiм тарапынан туындаған буллинг
Ceнiң мұғалiмдeрiң cаған үнeмi баc-көз болуы тиic. Мeктeптe жұмыc icтeйтiн eрeceктeрдiң бiрiнiң ceнi кeмciтуi дұрыc eмec. Eшкiмнiң ceнi ақылcыз ceзiндiругe, мазақтауға нeмece әдiлeтciз жазаға тартуға құқығы жоқ.
Eгeр бұндай жағдай орын алып жатcа, ол туралы өзiң ceнeтiн мұғалiмгe, мeктeп пcихологына, ата-анаңа айт. 111 жeдeл жeлici жөнiндe дe ұмытпа!

Бiрeу ceнi қорқытып, қорлап жүргeн жағдайда нe icтeу кeрeк?
* Өзiңe дeгeн ceнiмдiлiктi арттыр
* Батыл болуға үйрeн
* Жәбiрлeушiнi бұғатта
Eгeр ceн өзiң бiрeудi қорлап жүргeн болcаң шe? Ceнi бiрeугe қорлық көрceтугe нe итeрмeлeйдi?
* Бiр нәрce icтeудeн бұрын жақcылап ойлан
* Адамдардың құрмeтiнe лайық болу үшiн баcқа әдicтeр ойлап тап
Нeлiктeн адамдар бiр-бiрiн қорлап, қиянат жаcайды?
* Қандай ceбeп болмаcын, қорлау - қашан да жаман қылық. Әдeттe бiрeудi қорлап жүргeн адам баcқаларды көрe алмайды нeмece қызғанады.
* Баcқаларға ұнағыcы кeлeдi.
* Өзiн баcқаларға қарағанда жоғары eкeнiн ceзiнгici кeлeдi.
* Доcтары cияқты болғыcы кeлeдi.
* Оны барлығы тындағанын қалайды.
* Өзгeлeрдiң қорлауынан зардап шeккeн қорланушы баcқаларға қаciрeт тудыратынын түciнбeйдi.
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?
Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:
* адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
* оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру
* сол жайында өсек тарату
* оны елемеу немесе жекелету
* ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
* ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру
* қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту
Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.
Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:
* уайымдау
* ұйқының бұзылуы
* тәбеттің болмауы
* өзі жайлы жаман ойлау
* өз-өзіне физикалық зақым келтіру
* өлім туралы ойлау
* сабақ үлгерімдерінің нашарлауы
* ауыру
* "маған ешкім көмектесе алмайды" деп ойлау
* өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану
* қорқу
Буллингтің белгілері:
* Күштің теңсіздігі
* Агрессия
* Ұзақ уақыт бойы іс- әрекеттердің қайталанбауы
* Жәбірленушінің әсершілдігі
Буллинг құрбаны:
* Физикалық кемістік, көзілдірік тағатын, құлағы нашар еститін, ДЦП ;
* Мінез ерекшелігі тұйық, ұялшақ, сезімтал, мазасыз, сенімсіз, өзін- өзі сыйлауы төмен;
* Түр әлпетінің ерекшеліктері: сепкіл, құлағы үлкен т.б.
* Әлеуметтік дағдылардың төмен дамуы- досы жоқ, ешкіммен араласпайтын бала.
* Мектеп қорқынышы- сабақты нашар оқитын т.б.
* Ауыратындар- кекеш, дислалия т.б.
* Жаңадан келген балалар.
Буллингті айыру белгісі:
* Мектепке немесе оқу орнына барғысы келмейді;
* Мектептен немесе оқу орнынан көңіл- күйі түсіп келеді;
* Себепсіз жылау;
* Сыныптастары немесе топтағылар туралы ештене айтпайды;
* Сыныптастарының немесе топтағылардың үйіне, туған күн кештеріне бармайды;
* Көп ауырады;
* Ақша көп сұрайды
* Көп сөйлемейді.
Суицидтік әрекетті болдырмау
* психологиялық қозу күшін бәсеңдету;
* суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;
* әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;
* өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру

ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА КҮШ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ҚАТАЛДЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ӘДІСТЕРІ
oo Түзету жұмысы кезінде екі негізгі бағытты ескеру керек:
:: Әлеуетті агрессорлармен (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар) жұмыс істеу;
:: Әлеуетті зорлық-зомбылық көрушілермен жұмыс істеу. Агрессиялық жүріс- тұрысты түзетудің негізгі шарттары:
:: Қоршаған әлеуметтік ортада жағымды жағдайға бағдарлану;
:: Қарым-қатынас мәдениетін дамыту;
:: Бірлік, өзара түсінушілік, жылылық сияқты эмоциялық қалыпты ұстап отыру.
Осыған байланысты жасөспірімдерге жақсы көңілде қарап, жайдарылық көрсетіп, оларға сенім білдіріп, белсенді әрекеттерге шақырып, олардың жетістіктерін мақтап, кері байланыс жасап отыру керек.

ІІІ. "Буллинг" мәселесін мектеп оқушылар арасында зерттеу

Дүниежүзіндегі сияқты Қазақстанда балалар, үйде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады. Алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ. Балалар, ересектер сияқты негіз қалаушы құқықтарға, яғни: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттың абыройын сақтау құқықтарына ие. Сондай-ақ, адам құқығының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық фактілерде, Қазақстан Республикасы Конституциясында және өзге де заңдарында көзделген заң тұрғысынан қатаң қорғалуына құқылы. Шабуыл нысанына (жанды және жансыз) зиян келтіруші, адамдарға физиологиялық залал келтіретін немесе психологиялық жайсыздық тудыратын қоғамда адам өмір сүруінің нормалары мен ережелеріне қарсы бүлдіргіш жүріс тұрыс ретінде агрессияны анықтауға болады. Зорлық-зомбылық дегеніміз не? Зорлық-зомбылық пен қатыгездік түсінігі тар мағынада агрессия түсінігіне кіреді. Қатыгездік - адамның қайғысына енжарлық танытудан тұратын немесе оларға қайғы әкелуге ұмтылатын тұлға қасиеті. Зорлық - зомбылық бұл бөтеннің жүріс тұрысын бұзу. ДДҰ деректері бойынша, балаларға қатысты зорлық-зомбылық өмір бойы ауыр зардаптарға әкеледі және жаһандық проблема болып табылады.
Соңғы жылдары мектеп буллингі халықаралық терминге айналды. Мектеп қорлаудың, педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық проблемалардың кешені.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және бақылаусыздық кейде қатыгездік ретінде барлық физиологиялық немесе эмоционалды қатыгездік, жыныстық зорлық-зомбылық немесе ата-аналық жауапкершілігінен бас тарту, жауапкершілік, сенімділік немесе билік пен қатынас мәнмәтіндегі бала денсаулығына, өмір сүруіне, дамуына немесе ар-намысына әлеуеттік залал келтіретін коммерциялық немесе өзге де пайдалану нысандары ретінде анықталатын балаларға қатысты қатыгездік ретінде белгілейді.
Мектепте балаларға қатысты қатыгездік кең мағынада бес тұрпатты бөліп көрсетеді:
* дене зорлық-зомбылығы;
жыныстық зорлық-зомбылық;
* баланың қажеттіліктері мен мүдделерін елемеу (қадағалаусыздық, ата-аналық міндеттерден жалтару, экономикалық зорлық-зомбылық);
* эмоционалдыпсихологиялық зорлық-зомбылық;
* жыныстық және коммерциялық пайдалану.
Дене зорлық-зомбылығы . 0 ден 18 дейінгі жаста балаға келтірілген кез-келген кездейсоқ емес зақым келтіру.
Эмоционалдықпсихологиялық зорлық-зомбылық -ауызша немесе күш көрсету арқылы баланың абыройын түсіру, намысына тию, жақтырмау, үнемі сынға алу, баланың денсаулығына немесе физиологиялық, ментальдық, рухани, моральды немесе әлеуметтік дамуына зиян келтіретін тәуекелдің жоғары деңгейін иеленетін немесе зиян келтіретін әрекеттер.
Психологиялық қатыгездік - жүріс-тұрыстың созылмалы патерндері, яғни, баланы кемсіту, қорлау, балағаттау, тәлкек ету және әжуалау.
Эмоционалдыпсихикалық зорлық-зомбылық . Зорлық-зомбылық түрлері:
· Баланы кінәлау (айқайлау, балағаттау);
· Оның жетістігін төмендету, ар-ожданын қорлау;
· Баланы шеттету;
· Балаларды қорқыту мақсатында үй жануарларына қысым көрсету;
· Оқшаулау, яғни балаларды дұрыс әлеуметтік қарым-қатынастан айыру;
· Баланы жәбірлеу;
· Террор жасау, яғни бірнеше мәрте баланы сөзбен жәбірлеу және тұрақты қорқыныш сезімін қалыптастыру;
· үнемі қорқытуда ұстау, қысым көрсету, үрейлендіру;
· Жазалаймын деп қорқыту (мысалы ақша әкелмесен деп);
Моральды азғындаушылық (сыбайластық), қоғамдық нормаларға қайшы келетін әрекетке баланы тарту және мәжбүрлеу балағы зақым алып келеді (ұрлық жасауға, ішімдік пен наркотик пайдалануға мәжбүрлеу немесе тарту).

Балаға әсер ету
Физиологиялық зорлық-зомбылық болғанынан сезіктену жағдайындағы баланың жасына тәуелді оның жүріс тұрысы және жүйке жағдайының ерекшеліктері:
Кіші мектеп жасы:
- зақым алу және зиян келу себептерін жасыруға ұмтылысы;
- жалғыздық, достарының болмауы;
- мектепке бару қорқынышы;
Жасөспірім шағы:
- суицидалды ұмтылыс;
- делинквентті жүріс- тұрыс;
- дағдарыс, қайғы, үмітсіздік, шарасыздық, тежеушілік.

Мектеп ішінде зерттеу жұмысын жүргізу барысында оқушыларға
қойылған сұрақтар тізімі:

1. Сіздің оқу орнынызда сізге күш көрсететін оқушылар бар ма? (ұрады, ақша талап етеді, қысым жасайды және т.б)
А) иә
Б) жоқ
2. Ондай жағдай болып жатса сен не істер едің?
А) сабаққа бармаймын
Б) сол тәртіпке көніп жүремін
В) ештеңе етпеймін
Г) көңіл бөлмеймін
3. Мектепте әсіресе, күш көрсетудің қандай түрлері жиі кездеседі?
А) сөзбен
Б) күш көрсету
В) Материалдық қысым жасау
Г)тікелей емес, қағыту арқылы
4. Балалардың қақтығысы көбінесе қай жерде жиірек болады?
А) сабақта
Б)үзілісте
В)асханада
Г)киімілгіште
Д) мектеп жанында
Е)спорт алаңында
Ж) өз жауабы
5. Осы мәселе бойынша қандай шаралар қолдану керек деп ойлайсыз?
(өз жауабы)

Нәтижелері:
1.Сіздің оқу орнынызда сізге күш көрсететін оқушылар бар ма? (ұрады, ақша талап етеді, қысым жасайды және т.б)
А) иә - 0
Б) жоқ-54
2. Ондай жағдай болып жатса сен не істер едің?
А) сабаққа бармаймын -0
Б) сол тәртіпке көніп жүремін-0
В) ештеңе етпеймін-7
Г) көңіл бөлмеймін-47
3. Мектепте әсіресе, күш көрсетудің қандай түрлері жиі кездеседі?
А) сөзбен-36
Б) күш көрсету-0
В) материалдық қысым жасау -0
Г) тікелей емес, қағыту арқылы-6
Д) өз жауабы - 12
4. Балалардың қақтығысы көбінесе қай жерде жиірек болады?
А) сабақта - 0
Б) үзілісте-39
В) асханада - 2
Г) киімілгіште-1
Д) мектеп жанында - 2
Е) спорт алаңында - 1
Ж) өз жауабы- 9
5. Осы мәселе бойынша қандай шаралар қолдану керек деп ойлайсыз?
(өз жауабы )
Оқушылардың жауаптары: дөнгелек үстел, жиналыс, тәртіпті қадағалау,мектеп инспекторы жиі қадағалап, әр түрлі шаралар өткізу, үгіт-насихат жүргізу, оқушылармен осы мәселе бойынша жұмыс жасау және т.б.

ІV.Буллингтан қалай құтылуға болады? Психикалық бұзылулар. Қорлаудың салдары
Буллинг пен күресудің жалпы принциптері.
Психологтардың пікірінше, кез-келген қоғамда қорлау шамамен ұқсас схемалар бойынша жүреді және сол механизмдерді қолданады.
Агрессордың әдетте жәбірленушіден реакциясын күтетінін түсіну маңызды, сондықтан кез-келген жағдайда бейтараптықты сақтау қажет және ешқандай жағдайда оның әлсіздігін көрсетпеу керек. Сонда агрессордың жағдайға деген қызығушылығын жоғалту мүмкіндігі бар.
Егер сіз көмек алуға жүгінетін органдар (ата-аналар, мұғалімдер, психолог, жақын достар, жетекші) болса, мұны мүмкіндігінше тезірек жасаған дұрыс. Тек қана қорлауды шешу өте қиын.
Қиын жағдайларда, мәселенің шешімі орынның өзгеруі болуы мүмкін, бірақ сізге басқа опциялар көмектеспегенде ғана жүгіну керек. Бұл топ басшылығы (мұғалім немесе жұмыстағы бастық) ренішке қарсы күресті көтермейтін немесе тіпті кедергі келтірмеген жағдайда қолайлы. Бұл жағдайда күш қолдану тым көп болуы мүмкін.
Қудалауға қарсы заң Ресми қорғаныс құралдары назардан тыс қалмауы керек - үнемі қудаланып, агрессормен келісімге келе алмаған жағдайда ол заң бойынша бірнеше бап бойынша жауапқа тартылуы мүмкін: жек көрушілік немесе дұшпандықты, жала жабу, денсаулығына қасақана зиян келтіру., азаптау, өзін-өзі өлтіру, мүліктің жойылуы немесе бүлінуі. Конституцияда немесе кез-келген кодексте қорлауды немесе оның анықтамасын анықтайтын нақты заңдар болмаса да, сіз жәбірленушіге қатысты жасалған заңсыз әрекеттерге назар аудара аласыз.
Қорқыту жағдайларының көпшілігі мектептерде (немесе тіпті балабақшаларда) болатындығын және балалардың өздері де агрессор болғандықтан, жартылай қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатындығын түсіну керек. Осы жасқа дейін ата-ана бала үшін жауап береді, егер жанжалды бейбіт жолмен шешу мүмкін болмаса, сот ісіне жүгінеді. 14 жастан бастап бала істеген қылымысына жауап береді, мысалы, Қылмыстық кодекстің (бопсалау және бопсалау), сондай-ақ тонау, тонау, вандализм және бұзақылықтың салдарынан болатын ең төменгі жаза. 16 жастан кейін толық қылмыстық жауапкершілік пайда болады.
Егер сотқа жүгіну қажет болса, жеткілікті дәлелдеме қоры жиналуы керек: оған нотариуспен куәландырылған хат-хабарлардың немесе қорлайтын хабарламалардың скриншоттары, куәгерлердің айғақтары, ұрып-соғу туралы және басқа да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрмыстық зорлық – зомбылықты құқықтық қорғау мәселері
Зорлық-зомбылық көрген әйелдерге әлеуметтік жұмыс технологиясы
Қазіргі Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылық мәселесінің әлеуметтік аспектілері (салыстырмалы талдау)
Ажырасудың негізгі себептері
Қазақстанның гендерлік саясаты
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы Жарлығы
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
Мәселенің актуальдігіне қарамастан, құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі
Балалар үйіндегі балаларды азайтуға бағытталған шаралар
Қазақстандағы зорлық зомбылық
Пәндер