Сана - психика дамуының сапалы ерекше түрі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар факультеті
Тарих кафедрасы

Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні бойынша
БӨЖ
Тақырыбы: Жады,сана мен интеллектуалдық дамудың физиогиялық негіздері

Орындаған: Жарылқап Аружан
Тобы: ТТА-311
Қабылдаған: Полатбекова Қарлығаш

Түркістан-2024ж.

Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Әдістемелік бөлім
ІІІ.Негізгі бөлім
Жады,сана мен интеллектуалдық дамудың физиогиялық дамуы
Жады,сана мен интеллектуалдық дамудың физиогиялық анықтау әдістері
Жады,сана мен интеллектуалдық дамудың физиогиялық қасиеттері
Жады,сана мен интеллектуалдық дамудың физиогиялық бөлімдері
IV.Қорытынды
V.Бибилиография

Кіріспе
Жады (ағылш. Memory) -- адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін зердесінде естелік ретінде ұзақ уақыт сақтап, қажет кезде қайта еске түсіру қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адам жадысындағы түрлі мазмұндар Естеліктер деп аталады. Адамның жады қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.
Жады адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы. Психикалық белсенділік сипатына байланысты ол қозғалыс жады, эмоциялық сезімдік жад, бейнелі-көрністік жады және сөздік-мағыналық (логикалық) жады болып бөлінеді. Іс- әрекеттің мақсат сипатына қарай ерікті жады, еріксіз жады болып бөлінеді. Адамның ақпаратты қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай мезеттік жады және мезгілдік жады деп бөлінсе, сондай-ақ, тосын жады болып бөлінеді. Жадының кейбір түрлері арнайы аспап өлшенеді. мнемометр арқылы қимыл-қозғалыс жады дегеніміз ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл- қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру.
Сырткы дүние мида түйсік, қабылдау, елестеу, ой-сезім түрінде бейнеледі. Бұлардың бәрін бір сөзбен адамның сапасы немесе психикасы деп атайды.
Сана- сырткы дүниенің бейнесі. Біздің миымыз сырткы әсерлердің бәрін қабылдауға, бейнелеуге қабілетті. Мидағы бейне, образ сол бейнеленген зат пен құбылысқа сәйкес. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, ол адамның миында жүйке жүйесінде жасалы жататын шындықтың күрделі бейнесі.
Сана- психика дамуының сапалы ерекше түрі. Адамның саналы іс-әрекеті айырмашылығы негізігі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішінде біріншісі - адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысы міндетті емес. Кей жағдайда адамның саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағынбайды, олармн қарама- қарсылықта болады және оларды басып тастайды. Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшелік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.
Сана - сезім дегеніміз - адамның өзін өзі ойлай алатын, сезе білетін, әрекентенетін субъект ретінде тұсіне бастауы. Адамның сана сезімі қанша таптық, топтық, қоғамдық сана сезімдерге тығыз байланысты. Тағы адам өзін табиғаттан бөліп қарай алмайды. Саналы адам бөлініп алады. Сана өзінің шығу жағынан екігші. Бірақ сана енжар емес, белсенді перменді рөлі бар құбылыс. Оның белсенбілігі бейнелеуді таңдай алады, келешекті болжай біледі. Сана дұниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайды. Құрылыстар мен машиналарды табиғат дайын күінде бізге сыйламайды, адам жасайды. Сол арқылы сана затқа айналады, заттандырылыды. Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: "Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра" деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды аңғаратын болса керек.
Интеллект (латын тілінде intellectus - түсіну, таным деген түсінікті білдіреді) - жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдарда туа берілетін мінез-құлықтың қарапайым түрін айтамыз. Интеллект ұғымы адам ақыл ойының ойлау қабілетінің ерекшелігін, қасиеттерін, сапасын бейнелейді. Іс жүзінде шығармашылық пен қолдану оқиғаларға талдау жасап олардың келешегін болжай білу - адам ойының осындай қасиеттерінің біртұтас ерекше көрінісі оның интеллектісін анықтайды. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді.
Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны, ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект ойлау процесінде әсіресе тың мәселелерді шешу кезінде байқалады.Интеллект жеке психикалық үрдіс емес. Интеллект туралы айта отырып, психикалық үрдістердің бірлігіне ерекше көңіл аудару керек. Интеллект термині адамның психологиялық іс-әрекетін зертеуде көп қолданады. Бұл жағдайда абстракты символдарды дұрыстығының тексеруде маңызды рөл атқарады. Жаңа жағдайларға қалай бейімделуді бұрынғы пайдаланған тәжірбиені осылай пайдаланып интеллект арқылы жол табуға болады, жағдайды үйренуге деген қабілет туындайды.
Интеллектің бастауы қалай болатынын ұмытуға болмайды. Адам үшін интеллектің маңызы қоршаған орта мен заттарды танып білуде ғана емес, оларды ары қарай шығармашылық түрде дамытуда. Қазіргі ғылымда адам интеллектісі туралы көп біледі және зерттеліп те келеді. Жалпы интеллект табиғатында бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуынан яғни, белгілі бір әрекеттің үздіксіз айналысуына тәуелді. Кез-келген адамда кездесетін жалпы қабілеттермен: ойлау, сөйлеу, оқу, жазумен қатар арнайы қабілеттер де болады. Интеллектінің қазіргі ғылымда бәрін тереңдетіп әлі де толық зерттеп бітпеген. Оған адам интеллектісінің тереңдігі, оның шексіздігінің әлемді тануға деген қабілетте жасырын іскерлігі себеп.

Әдістемелік бөлім
Адам жадысындағы түрлі мазмұндар естеліктер деп аталады. Адамның жады қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ежелгі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі: әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы; әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы; олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама- қарсылығы. Жадты қалыптастыруға қатысатын ми аймақтары, соның ішінде медиальды префронтальды кортекс осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады:
аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс -- сары);
ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер);
қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ -- қара; ұзын қысқа).
Жадының физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады.
Сана мәселесін зерттеуге арналған ғалымдардың теориялық еңбектері Ғылыми психология, сондай-ақ сананың бақылауынан тысқары тұратын психологиялық құбылыстар болатындығын жоққа шығармайды. Орысша сознательное және безсознательное деген сөзбен бейнелетін осы ұғым философия, психология, психопатология, психиатрия, өнер тану, тарих тағы басқа ғылымдарда жиі қолданылады. Мұны психологияға алғаш рет енгізген австрия психологы З. Фрейд болды.
Санадан тыс құбылыстар жөнінде тәжірибеге негізделген материалистік пікір айтқан ғалымдардың бірі И. М. Сеченов. Осындай кезде мидағы қозу, тежелу процестерінің жұмысы баяу болып келетіндіктерін И. Павлов та дәлелдеген. Әйтсе де, осы құбылыстардың мән-мәнісі ғылымда өлі де жете зерттелген жоқ. Ал творчестволық іске әрдайым сананың қатысуы, оның айқын жұмыстарының қажет екендіктері даусыз. Сана дегеніміз деп жазды К. Маркс ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады. Сана жеке адамға тән дара қасиет.
Интеллект пен ойлаудың байланысы соншалық тығыз болғандықтан ойлауды жылжымалы интеллект деп санауға негіз бар. Бұл туралы қазақ психологы М.Мұқанов өзінің Ақыл - ой өрісі деген кітабында былай жазған: Философия энциклопедиясында интеллект деген сөзге бұл термин оймен бір мағынада қолданылады деп анықтама берілген.
Негізгі бөлім
Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруге жоғары бағдарлылықты қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.
Тұлғаның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Тұлға санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана тұлғалар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да кӛрініп отырады. Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, өшпенділік, жек көру, жирену түрінде көрінеді) сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен кӛрінеді. Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды.
Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол өзі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементттерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді.
Адамның жеке мүшелері, олардың құрылысы, дамуы, өсуі, қызметтерінің реттелуі, патологиясы, мүшелердің регенерациясы, тағы басқа туралы бірнеше ғылым салалары зерттеп, оқытады. Мәселен, анатомия, гистология, физиология, биохимия, психология, антропология, т.т. Физиология (грекше physis-табиғат, logos-ілім ) тірі организм мен оның жеке жуйелері , ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым.ол тіршілік үрдістерін, олардың реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды.
Жалпы адам іс-әрекеттері ми арқылы реттеліп отырады. Әсіресе адамның үлкен ми сыңарлары бір секундта 200-300 дейінгі тітіркендіргіштерді қабылдап, оларға жауап береді.Осыүлкен мидың оң және сол жақ жарты шарларында орналасқан сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана, ұйқы, месл, психикалық әсерленістердің қызметін білудің маңызы зор. Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар.Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық - еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі - адамның санасы пайда болады.Адамның санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы - бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев өзінің "Іс-әрекет.Сана. Жеке тұлға." атты еңбегінде берген болатын. П.К.Анохин 1968 жылы салалы іс-қимылды түсіндіру үшін арнайы функциялық жүйе сызбасын ұсынды.
Ол функциялық жүйені белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қолжеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімдерімен атқарушы мүшелер бірлестігі ретінде қарастырды.Сана- психика дамуының сапалы ерекше түрі. Адамның саналы іс-әрекеті айырмашылығы негізігі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішінде біріншісі - адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысы міндетті емес. Кей жағдайда адамның саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағынбайды, олармн қарама- қарсылықта болады және оларды басып тастайды. Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшелік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.
Үшінші ерекшелігі- адамның білімі мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи жинақталған және оқуда берілетін жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасады. Сана қоғамның жемісі ретінде тек адамға ғана тән. Жануарларда сана болмайды. Сана - тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынасында қоғамдық еңбңек үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі.
Сана- болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы. Сана арқылы адамның қоршаған әлеммен қарым-қатынасымақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу , түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс-әрекетінен құралады. Сана адам миы қызметінің жемісі. Материяның әрбір қасиеті сияқты сияқты сана тек ақиқат заттар мен құбылыстардың өзара әрекетінен туады . Адам мен жануарлар болмысты сезімдік тійсіктер арқылы бірдей таниды және бағалайды. Алайда адам жануарларға қарағанда ақиқат дүниені ақыл-оймен бейнелеу және дерексіз ойлау, тіл арқылы түсінеді.
Адам санасы (саналы психика ) белгі жүйесі (әріп, сөз ) арқылы атқарылады, логика заңдарын пайдаланады. Мұны сол жақ ми сыңары қамтамасыз етеді. Санаға дейінгі психика бейне, рәміз (символ ) жүйесіне негізделген, оған оң жақ ми сыңары қатысады.
Тіл- сананың (ойдың ) материалдық көрінісі, негізі.Тілсіз сана жоқ, ал санасыз адам жоқ. Сана-қоғамның өзге мүшелерінің сөз арқылы, көркем шығармалары арқылы және т.б. берілетін ерекше қасиеті болып табылатын білім. Сана жеке адамның өзіндік әсерленушілігі. Жалпы сана сезіну және сана-сезімненқұралады. Сезіну дегеніміз ақиқат болмысты жинақталған біліммен салыстыружәне адамныңтәжірибесін молайту. Сана арқылы басқа адамға білім беріледі.
Адам өзіндік сана (сарасана ) арқылы өзін-өзі сезініп, "МЕН" дегенқасиетін ұғынады. Саналылық дегеніміз- адамның өзін-өзіжәне өзінің психикалық күйін түсінетін арнайы кісілікерекшелігі. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық санаментығыз байланысты. Сондықтан саналылық- адам өзін-өзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика және сана түсінігі
Психология. Жануарлардың интеллект мәселесі
Психика мен сана дамуы
Әрекет акцепторы
Психика - ми қасиеті
Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау
Психика туралы түсінік, оның даму эволюциясы
Психика және сана
Психиканың пайда болуы және дамуы
Психика мен сананың дамуы
Пәндер