Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік құзыреттілігін lesson study әдістемесі арқылы дамыту механизмі


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті КеАҚ
ӘОЖ: 378. 091. 12 Қолжазба құқығында
МЫШБАЕВА ГҮЛМИРА МҰРАТҚЫЗЫ
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік құзыреттілігін Lesson study әдістемесі арқылы дамыту
6D010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Философия докторы (PhD)
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Отандық ғылыми кеңесші
п. ғ. к., профессор
Кыякбаева У. К.
Шетелдік ғылыми кеңесші
PhD, профессор
Namin Shin
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2022
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сәйкес сілтемелер пайдаланылған:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Қазақстан халқына Жолдауы. 1 қыркүйек 2022 ж.
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы.
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №394 бұйрығы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығы.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 қаулысы.
Педагогтің кәсіби стандарты Жалпы ережелер. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы №133 бұйрығына қосымша.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығы.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Тренерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы. Астана, 2016.
Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 2019 жылғы 27 желтоқсан № 293-VІ ҚРЗ.
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Педагог-тәрбиеші - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады.
Құзыреттілік (латынның competentis-бейім сөзінен) - қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі, ол күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік.
Әдістеме (Методика) - 1) әдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3) педагогиканың жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы.
Lesson study - мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.
Коллоквиум (лат. colloguim-әңгіме, әңгімелесу) - оқу сабақтары нысандарының бір түрі; оқытушылардың білім алушылардың білімін тексеру мақсатында әңгімелесуі.
Кері байланыс - қандай да бір жағдайға немесе әрекетке арналған жауап, пікір.
Рефлексия - адамның өз істерінің мəнін түсіну, ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық жəне анық есеп беруі немесе өзі əрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кателерді мойындауы не жоққа шығаруы.
Критерий − анықтау немесе классификациялау кезіндегі бағалаудың белгісі.
Белгі - бұл символ, оқу жетістіктерін бағалаудың саны, әріп, не басқа түрде берілетін шартты-формальды, мөлшерлік көрінісі.
Интерпретация ( interpretation ) − 1) нақты тілде ұсынылған кейбір синтаксистік аяқталған мәтіннің мағынасына түсініктеме беру; 2) мәліметтерді, әдетте, программада немесе оның қандай да бір үзіндісінде (операторда) агрегациялаудың, алгоритмдік мәнін автоматты түрде табу мен талдауды орындау, логикалық қорытынды.
Құрылымдалмай бөлінген топтардағы топтық жұмыс - топтық жұмысты ұйымдастыру нысаны. Білім беруші білім алушылардың қабілеттерін, көшбасшылық қасиеттерін ескермей, кездейсоқ таңдау әдісімен топқа бөледі.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі уақытта еліміздің білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, формалары, әдістері жаңартылып, заманауи тетіктерін іздеу жүзеге асырылуда. Әлемдік білім жүйесі жаңаруда, балалар өзгеруде, бұл педагогтің біліктілігіне жаңа талаптардың жүктелуіне әкеледі. Осы бағыттағы шешімдердің бірі lesson study әдістемесін педагогтердің зерттеушілік құзыреттілігін дамыту құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі туындайды.
Қоғамдағы қарқынды өзгерістер бүгінгі болашақ педагогтен шығармашылықпен ойлауға қабілетті, өзіндік ойы бар, бастамашылдық сияқты жаңа қасиеттердің болуын қажет етеді.
Педагогтердің кәсіби даярлығын жоғары деңгейге көтеру мемлекеттің ұлттық саясатының құнды басымдықтарының бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев өзінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет. Жоғары оқу орындары мамандардың сапалы даярлануына жауап беруге міндетті», - деп көрсеткен еді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өзінің сөзінде: «Ғылымды дамыту - біздің аса маңызды басымдығымыз . . . Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр [1] . Бұл - уақыт талабына сай болуымен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз», - деп инновациялық әрекетке даяр болудың маңызын атап көрсеткені белгілі.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлауға қойылатын талаптың бірі бүгінгі қоғамдық сұранысқа жауап беретіндей білімді меңгерумен қатар, ғылыми және шығармашылық ізденістерді жүзеге асыра алатын зерттеушілік құзыреттіліктері дамыған мамандарды даярлап шығару.
Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы №133 бұйрығына қосымша «Педагогтің кәсіби стандартында»: «Педагогтік іс-әрекет - бұл бір адамның басқа адамға тікелей әрекет жасауы емес, олардың өзара әрекеттесуі», - деп көрсетілген. Стандартта педагог қызметінің маңыздылығына ерекше назар аударған. Кәсіби стандарт «Педагог» білім бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде білім ұйымдарының қызметкерлерін оқытуға, білім ұйымдарының бітірушілері мен қызметкерлерін сертификаттауға арналған құжат. Аталған кәсіби стандартта педагогтің еңбек қызметі беске бөлініп қарастырылған: оқыту, тәрбиелеу, әдістемелік, зерттеушілік және әлеуметтік-коммуникативтік [2] .
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің 1-ші еңбек қызметі «Оқытушылық» бойынша оқу ақпаратын таратады, өз бетімен оқуды үйретеді; 2-ші еңбек қызметі «Тәрбиелік»: білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тартады; 3-ші еңбек қызметі «Әдістемелік»: білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 4-ші еңбек қызметі «Зерттеушілік»: білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді, білім ортасын зерттейді; 5-ші еңбек қызмет «Әлеуметтік-коммуникативтік»: кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыратын бес еңбек қызметі белгіленген: «білім», «іскерлік пен дағдылар», «тұлғалық және кәсіби құзыреттіліктердің» көрсеткіштерінен тұрады [2, б. 5] .
Аталған еңбек қызметінің дескрипторлары деңгей бойынша сипатталған, демек болашақ мектепке дейінгі ұйым педагог қызметінің құндылығын және зерттеушілік құзіреттілігін ашып көрсетеді. Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: құзыреттілік - оқу үдерісінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті, - деп атап көрсетілген. [3] .
Жоғары оқу орнында білім алушылар барлық кәсіби қызмет түрлерін меңгере отырып, зерттеушілік құзіреттілік арқылы білім алуда шығармашылық ізденістерге, педагогикалық тәжірибені зерттеуге, рефлексия, жобалау, диагностика, инновациялық технологияларды жүргізу мәселесіне басымдық берілуі қажет. Ал, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұсынған мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасында: «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу барысында педагогтердің бойында қалыптастыруға қажетті дағдылар» нақты айқындалған. Бұл құжаттар бүгінгі жоғары оқу орнында білім алушылар болашақ педагог-тәрбиешілер болғандықтан солардың ішінде біздің жұмысымызға тікелей қатысты ғылыми-зерттеу, сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеттерін, сондай-ақ проблемаларды шешуде зерттеушілік құзіреттіліктерін университет қабырғасында меңгерту қажеттігін аңғартады [4] .
Теориялық еңбектерді зерделеу нәтижесі психология мен педагогика ғылымдарындағы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік құзыреттілігін lesson study әдістемесі арқылы дамыту мәселесінің ғылыми бағыттарының сипаттарын айқындауға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім мазмұнын жетілдіру мәселелері басты міндет болып саналады [4, б. 56] .
Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік құзіреттілігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Шындығында, әлем қарыштай дамып, мектепке дейінгі білім беру саласында ұдайы өзгерістер жүріп жатыр, тәрбиеші-педагог мамандығына деген сұраныстардың көбеюі, яғни болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің үздіксіз оқып, білім алуға, өзін кәсібін жетілдіріп, қиындықтардан шығу жолдарын қарастыруы заңдылық. Қазіргі таңда аталған өзгерістерге сәйкес мектепке дейінгі білім беру саласының мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын жағдайларда алынған білімдерді тереңдету арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіптік іс-әрекетке қатысты зерттеушілік құзіреттілігін дамыту негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыру деп анықталып отыр. Бұл мақсатты жүзеге асыру жоғары оқу орнындағы білім беру барысында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің сапалы білім алуын зерттеушілік іс-әрекетке тиімді дайындау мүмкіндігін беретін зерттеушілік құзіреттілігін дамытуды тереңдете зерттеуді қажет етеді [5-8] .
Зерттеушілік құзыреттілікке бағытталған білім беру оны тиімді ұйымдастырудың мән-мазмұнын, әдіс-тәсілдерін құрастыру және оны меңгеру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан зерттеушілік құзыреттіліктің ғылыми негіздерін игеру, оның оқыту үдерісіндегі рөлін және болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне ықпалын анықтау, білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын белгілеу маңызды зерттеу мәселелерінің бірі екені сөзсіз. 2015 жылдың қараша айынан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының (WALS) ресми 18-ші мүшесі болып табылады және WALS Кеңесінің құрамына қабылданды. Сабақты зерттеу қазақстандық мектептерде педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге бағытталған сабақ барысында іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудің ерекше педагогикалық тәсілі ретінде қолданылады [4, б. 16] . Осыған байланысты қазіргі уақытта «іс-әрекеттегі зерттеу», - деп аталатын Lesson Study педагогикалық әдісін қолдану өзекті. Бұл тәсіл XX ғасырдың жетпісінші жылдарында Жапонияда тәжірибені жақсарту және жетілдіру мақсатында пайда болған. Сабақты зерттеу тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты [9-12] .
Қазір уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерінде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда. Ал, барлық қазақ ойшылдары мен ағартушыларының педагогикалық идеяларының негізінде жастардың танымдық мәселелері жан-жақты көтеріліп, әлі күнге дейін педагогкалық үдерісте кеңінен пайдаланылып келеді.
Қазақ халқының ойшылдары Әбу Насыр әл-Фараби [13], Ж. Баласағұн [14], Қ. А. Яссауи [15], Ы. Алтынсарин [16], А. Құнанбайұлы [17], Мәшһүр-Жүсіп Көпеев [18] еңбектерінде жастарды білімге, ізденуге, ғылымға бет бұру мәселесіне назар аударады және Ш. Құдайбердиев [19], А. Байтұрсынов [20], Ж. Аймауытов [21], М. Жұмабаев [22] және т. б. еңбектерінде жастарды зерттеу іс-әрекетіне, ойлау өнерін шарықтау шегіне жеткізу тұрғысында қарастырған.
Зерттеушілік-танымдық әрекеттер туралы ой-пікірлер ХVІІ-ХІХ ғғ. классикалық философтар (Дж. Локк, Б. Спиноза, И. Фихте, Ф. Шеллинг, И. Кант, Г. Гегель) еңбектерінде бастау алғаны белгілі. Зерттеушілікті дамыту мәселесі сана мен өзіндік сана тұрғысынан (С. Л. Рубинштейн [23], А. Н. Леонтьев [24], Л. И. Божович [25], И. И. Чеснокова [26], Н. И. Чуприкова [27], В. И. Слободчиков [28], Ф. И. Исаев [29], өзін-өзі дамытуды қамтамасыз ететін тұлғаның сапасын қалыптастыру механизмі жағынан (Н. И. Гуткина [30], А. В. Петровский [31], Б. З. Вульфов [32], В. Н. Харькин [33], теориялық және практикалық ойлау мен өзін-өзі тануға әрекетін саналы түрде бағыттай білу қабілеті (Л. С. Выготский [34], В. В. Давыдов [35], Ю. Н. Кулюткин [36], Г. С. Сухобская [37] туралы мәселелерімен байланысты қарастырылды.
Құзыреттілікті психологиялық категория ретінде құзыреттілікке негізделген іс-әрекеттің құндылықты негіздерін Дж. Равен [38], А. К. Маркова [39], М. А. Холодная [40], педагогикалық категория ретінде А. В. Хуторской [41], Г. И. Гузева [42], және т. б. қарастырған. Тұлғаны дамытуда іс-әрекетке негізделген құзыреттілік тұғырының жалпы теориялық идеялары К. А. Абульханова-Славская [43], Б. Г. Ананьев [44], А. Г. Асмолов [45] және т. б. еңбектерінде зерделенсе, білім берудегі субъектілік қарым-қатынас теориялары С. Б. Гершунский [46], И. А. Зимняя [47], И. С. Якиманская [48], В. В. Сериков [49], А. И. Савенков [50] және т. б. еңбектерінде тұлғалық сапалар және мінез-құлықпен, қарым-қатынастағы қабілеттіліктермен, білім және іскерліктермен байланыстыра зерттелді.
Студенттердің зерттеушілік қызметін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық проблемалары бойынша В. И. Андреев [51], Ю. К. Бабанский [52], В. В. Давыдов [53], С. И. Архангельский [54] және т. б. еңбектерінде қарастырылған. Студенттердің зерттеу қызметінің ерекшеліктері, формалары және педагогтар мен студенттердің ынтымақтаса жұмыс істеу түрлері бойынша Н. В. Сычкова [55], Л. И. Аксенов [56], Б. И. Сазонов [57] және т. б. студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының әлеуметтік функциялары және зерттеу қызметінің кешенді жоспарлау тәжірибесі бойынша Л. Г. Квиткина [58] және т. б. ; студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі мен оқу процесінің педагогикалық талаптарға сай өзара байланысы бойынша В. Н. Намазов [59] және т. б. ) ; студенттерді оқыту процесі барысында зерттеушілік біліктілігін қалыптастыру проблемалары П. Ю. Романова [60] және т. б болашақ маманның ғылыми-зерттеу мәдениетін дамыту мәселелерін қарастырған.
Маманның зерттеушілік іс-әрекетін арттыру әдіснамасы мен әдістері, әрі оның оқу үдерісіндегі маңызы туралы В. И. Загвязинский [61], В. И. Богословский [62], В. В. Краевский [63], И. А Зимняя [64], Е. В. Бережнова [65], және т. б. еңбектерінде көрініс тапты. Отандық ғалымдар еңбектерінде зерттеушілік мәдениетінің тұжырымдамасын З. А. Исаева [66], Ш. Т. Таубаева [67] мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті туралы қарастырды. Жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру мәселесі бойынша Р. С. Омарова [68] қарастырса, жоғары оқу орындарындағы зерттеушілік әрекеттің даму тарихын және теориясы мен технологиясы мәселесін Г. К. Ахметова [69], А. А. Булатбаева [70], А. К. Мынбаева [71], А. М. Кудайбергенова [72], Е. С. Оналбеков [73] және т. б. зерттеген.
Соңғы жылдары университеттік білім беру жүйесінде ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру мәселесін философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияларда А. С. Мизимбаева [74] бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруды А. Д. Сыздықбаева [75], болашақ әлеуметтік педагогтардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруды А. К. Жексенбинова [76] ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруды Ғ. Т. Абилбакиева [77], болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің метақұзыреттілігін дамытуды Қ. Б. Жанадилова [78], болашақ мамандарды бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға даярлауды Ұ. Б. Ахатаева [79] зерттеген. Ал, lesson study әдістемесі Жапонияда мамандардың зерттеушілік мәдениетінің концепциясын Chen X., Yang, F. «Жапон мұғалімдерінің lesson study арқылы оқу бағдарламасының реформасын құру». Dudley P. ( lesson study қалай жұмыс істейді және тамаша оқу мен оқытуды тудырады) . Kuno H. (Жапониядағы lesson study арқылы оқу жоспарын дамыту) . Lewis K., Takahashi A. ( lesson study арқылы оқу жоспарын реформалауды жеңілдету) . Lewis C., Tsuchida T. (Зерттеу сабақтары Жапондық білім беруді қалай дамытады) . Nakano K. (Жапониядағы білім беру әдістерін зерттеу) . Stigler, J. W., Hiebert J. (Оқытудағы олқылықтар) . Takahashi A., Yoshido M. (lesson study қауымдастығын құру) [80] және т. б. еңбектерде қарастырылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz