Әкімбеков Экономикалық теория


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Х. Досмұхамедов атындағы университет
СӨЖ Тақырыбы : Нарықтық экономика: қиыншылықтар мен табыстар
Орындаған: Тохтарбек Н. Тобы : 101-1 Математика пәні мұғалімдерін даярлау Тексерген: Заинов А.
2023ж
Мазмұны:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім :
- Тәуелсіз Қазақстанның экономикасының дамуының негізгі бағыты мен қиындығы
- Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі жаңа өзгерістер
- Қазақстанның нарықтық экономикаға өту барысында басынан өткерген проблемалары мен қиындықтары
- Қорытынды
Кіріспе
Экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан үлкен қиыншылықтарға кездесті. Экономиканы күштеп басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық, байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалды. Жағдайды Қазақстанның 1992 жылға дейін Ресеймен бір экономикалық кеңістікте болғаны қиындата түсті.
Тұтынушылық рынок мәселесі барынша шиеленісті, азық-түлік, киім жетіспеді, алыпсатарлық пен жемқорлық өрістеді. Ұ. Қарамановтың орнына сайланған республиканың жаңа Премьер-Министрі С. А. Терещенко Жоғарғы Кеңес сессиясында: «Тапшылық тұрғындардың барлық топтарын дерлік жайлады» деп мойындауға мәжбүр болды.
Азық-түлік және өндірістік тауарлар бағасынын, өсуіне ықпал еткен факторлар - энергия ресурстары бағасына бақылаудың алынуы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатып алу құнының өсуі, сонымен бірге көтерме бағаның алты есе өсуі болып табылады. Жұрттың жалақысы түгелдей азық-түлік алуға кетті. Күрделі тұрмыстық, мәдени және шаруашылық техникалары бағасы қымбат болғаны соншалықты, көпшілік оларды сатып ала алмады. Қаңтар мен тамыз аралығында азық-түлік бағасы бірнеше есе өсті.
Мемлекеттің көмектесу, қарайласу саясатына қарамастан, нан өнімдері бағасы едәуір өсті.
Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа экономиканы басқару құрылымын, мемлекеттік органдардың қызметі мен рөлін түбірлі өзгертуді қарастырды. Жаңа нарықтық қатынас жағдайында министрліктер қызметі түбірімен өзгерді. Ендігі олардың міндеті кәсіпорындарды басқару емес, саланың дамуын үйлестіру, техникалық прогрестің маңызды бағытын таңдауды және өндірісті дамытуды негіздеу болды. Өзара пайдалы ынтымақтастық, икемді өндірістік құрылым жасау мақсатымен терең экономикалық реформа жағдайында 1992 жылға қарай 35 тұрақты қоғам, 75 салааралық және сыртқы экономикалық қауымдастықтар, 30 концерн мен консорциум, 30-дан аса коммерциялық банк құрылды.
Нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды.
Тәуелсіз Қазақстанның экономикасының дамуының негізгі бағыты мен қиындығы .
Тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылған кез келген мемлекеттің ішкі саясатындағы маңызды мәселе - меншік түрлеріне қатысты мәселені дұрыс шешу болып табылады. Сондықтан Қазақстанда нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы жасалды. Экономика саласын реформалаудың алғашқы жылдарында республикадағы негізгі қордың 80%-ы мемлекеттік меншік үлесіне тиісті болды. Жекешелендіру экономикалық дағдарыстың тереңдеуімен қатар келді. Республикада ірі кәсіпорындардың үлестік салмағы жоғары болатын. Шикізат шығаратын және өңдеуші өнеркәсіп саласы басым еді. Сондықтан жекешелендіруге өтуде республиканың экономикалық даму ерекшелігін ескеру қажет болды. Ең бірінші кезекте өзін-өзі ақтамаған мемлекеттік секторларды жекешелендіру міндеті қойылды.
Меншік құрылымдары түрлерінің артықшылығымен қатар кемшіліктері де болғанын айтып өту керек. Орта және ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруде акционерлік қоғам құру (АҚ) басым болды. Ұсақ және орта кәсіпорындарды жекешелендіруде сауда, қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері тікелей сатуға шығарылды.
Қазақстандағы жекешелендіру төрт кезеңде өтті.
Бірінші кезеңде (1991-1992 жылдар) жекешелендіру белсенділік байқату сипатында жүзеге асырылды. Мемлекеттік органдар белгілі бір кәсіпорынды жекешелендіру мәселесін кәсіпорын ұжымынан өтініш түскеннен кейін ғана шешті. Онан соң аукцион, конкурс өткізу арқылы сатылды немесе өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым еңбек ұжымына ақысыз берілді. Осы тәртіппен 4, 5 мыңнан астам мекеме жекешелендірілді, оның ішінде 0, 5 мың совхоз ұжымдық меншікке берілді.
Жекешелендірудің екінші кезеңі (1993-1995 жылдар) «Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің; ұлттық бағдарламасын» бекітуден бастау алады. Бұл бағдарлама - бәсекеге қабілетті тұтынушы нарығын құру, кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс тиімділігін арттыруды мақсат етіп қойды. Қазақстан экономикасының базалық саласын қамтитын: өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, құрылыс мекемелерін, банк ісін, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар шығарушы салаларды, ірі және орта мемлекеттік кәсіпорындарды кең көлемді жекешелендіру қарастырылды. Екінші кезеңнің өзіндік ерекшелігі - мемлекет иелігінен алу, монополияға қарсы шаралар қолдану принципінде еді.
Жекешелендірудің үшінші кезеңі (1996-1998 жылдар) - электр қуаты мен мұнай-газ саласын жекешелендірудің басталуы, секторлық бағдарламаларға өту кезеңі.
1999 жылдан басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып отырған төртінші кезең мемлекеттік меншікті реттеу мен жүйелеуге қатысты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілікті бөлудің жаңа әдістерімен сипатталады. Көрші мемлекеттерден Қазақстанға ескі үлгідегі сомдардың көптеп төгілуі 1993 жылғы қарашаның соңына қарай республиканың ақша жүйесін тұралатты, инфляцияны өршітті. Осы жағдайлардың бәрі тұрғындардың тіршілік деңгейіне мүлде кері әсер етті.
1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңге шақалар
Қалыптасқан жағдайды жан-жақты талқылап, Қазақстан Республикасының басшылығы өз валютасын енгізу керек деген шешім қабылдауға тоқталды. Республика Президенті Қазақстан Республикасы тұрғындарына үндеу жариялады. Қазақстан Ресейді, басқа да ТМД мемлекеттерін осындай қадамы туралы уақытында хабардар етті. Өз валютасын енгізерде Қазақстан өзге мемлекеттердегі ақша реформасы мен ұлттық валютаны енгізу тәжірибесін есепке алды. Ұлттық валюта енгізудің сынағы мен болжамы анықталып, жаңа ақша белгісінің үлгілері жасалды. Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк ұлттық валюта банкноттарын дайындауға кірісті. Қазакстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта - теңге 1993 жылы 15 қарашада айналымға енгізілді.
Ұлттық валютаны одан әрі нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Жарлығы шықты. Онда тұрғындар мен мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау жөнінде іс-шаралар белгіленді. Бірақ инфляцияға қарсы күрес бағыты өндірістің құлдырауы мен жұмыссыздықтың кебеюіне әкеліп соқты. 1995 жылы өнімдер мен тұтыну тауарлары өндірісі нашарлай берді. Машина жасау мен жеңіл өнеркәсіпте едәуір артта қалу жалғасты. Өндірістік кәсіпорындарда өзіндік қаржы айналымы жетіспеушілігі қатты сезілді, инвестициялық белсенділік төмендеді. Түскен табыс мемлекет алдындағы салық міндеткерлігін, сабақтас кәсіпорындар арасындағы өзара төлемге және қызметкерлерге жалақы төлеу бойынша қарызды жабуға да жетпеді. 1995 жылғы 1 қазанда жалақы бойынша қарыз 25 100, 8 млн теңгеге, ішкі жалпы өнім көлемінің 23, 97%-ына жетті.
Бұл процестер жұмыссыздықтың көбеюімен қоса жүрді. 1995 жылдың ішінде жұмыспен қамту қызметтері 153 мың жұмыссызды ресми түрде тіркеді, бұл 1994 жылмен салыстырғанда 1, 9 есе көп еді.
Жұмыссыздықтың жалпы көлемі 643 мың адамды құрады. Өндірістің толық тоқтауынан 192 мың адам еріксіз еңбек демалысында жүрді, өндірістің жартылай жұмыс істеуі салдарынан 451 мың адам толық емес жұмыс күнінде еңбек етті.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі жаңа өзгерістер .
Ауыл шаруашылық рыногы жағдайы бірқатар факторлармен - елдегі жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатпен де, жеке проблемалармен де байланысты айқындалады. Нарықтық экономиканың қалыптасуы меншік пен шаруашылық жүргізудің әр түрлі тәсілдеріне негізделген көпқырлы экономиканы орнықтырумен тікелей байланысты екені белгілі. Осыған байланысты республикада колхоздар мен совхоздарды қайта құру, меншік түрі мен агрокәсіпорындар статусын өзгерту, жаңа типті меншік иесі - жұмыскерді қалыптастыру, оған өндіріс құралдарын, өнімі мен табысын еркін пайдалану құқығын беру кең келемде жүргізілді. 1995 жылдың басында 30168 әр түрлі агроқұрылымдар, соның ішінде 2946 совхоздар мен басқа да мемлекеттік кәсіпорындар, 1082 ұжымдық кәсіпорын, 295 акционерлік қоғам, 434 колхоз, 487 ауыл шаруашылық кооперативтері, 22401 шаруа қожалығы, 150 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 592 ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін көсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істеді. 1995 жылдың бірінші жарты жылдығында 1671 совхоз шаруашылық жүргізудің мемлекеттік емес нысанына айналдырылды, бұл 1992 жылдың 1 каңтарындағы барлық шаруашылықтың 78, 8%-ын құрады.
Ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің тұрақсыз экономикалық жағдайы - қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуіне, ауыл шаруашылығы мен өндіріс арасындағы тауар алмасудағы теңсіздікке, инфляцияға, бюджет жетіспеушілігіне, мемлекеттік қаржыландырудың қысқаруына, ресурстардың қымбаттауына байланысты туындады. Нәтижесінде елдің ауыл шаруашылығында өте қиын жағдай қалыптасты. Мұның басты себептерінің бірі - экономикалық реформаны жүргізудің кешенді болмауы еді. Көпқырлы экономиканы қалыптастыру негізіне мемлекеттік меншікті жекешелендіру алынды. Ол аграрлық саладағы барлық проблеманы шешудің негізгі құралы ретінде қаралатын болды. Жаңа типті меншік иесі - еңбекшіні қалыптастыру - совхоздарды жекешелендіру, шаруашылық тетігін түгел есепке алмай жер мен мүлікті бөлісу (баға қалыптастыру, қаржыландыру, несие беру) тұрғысынан қарастырылды. Мысалы, егер өндірістік тауарлардың бағасы 1992 жылы қаңтарда түгелдей дерлік босатылған болса, ауыл шаруашылық өнімдерінің көп түріне мемлекет кесімді сатып алу бағасын белгіледі және жекешеленген кәсіпорындарға да мемлекеттік тапсырыс берілді. Нәтижесінде ендіріс тауарларының бағасы ауыл шаруашылығы өнімдері бағасынан 11 есеге өсті. 1995 жылы ғана барлық түрдегі меншік иелерінен астық өткізуге мемлекеттік тапсырыс алынып тасталды.
Осылайша ауыл шаруашылығын дамытудың кез келген әрекеті баға қайшылығынан жүзеге аспады. Осы және өзге де себептерден ауыл шаруашылық өндірісі тиімсіз болған шаруашылықтар саны жылдам артты. 1993 жылы агроқұрылымдардың жалпы есебіндегі пайдасыз мемлекеттік ауыл шаруашылық көсіпорындары 54, 7%-ды құрады, бұл процесс алда да күшейе түсті.
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанына куә болып отырмыз. Дағдарыс біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Алайда тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет орнату оңайға түспегені белгілі. Қазақстанның тоталитарлық жүйенің күйреуінен кейінгі экономикалық саланы қайта құру тәжірибесі бұл қиындықтарды да жеңіп шығады деген сенім ұялатады.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өту барысында басынан өткерген проблемалары мен қиындықтары
Еліміздің нарыққа өткен кездегі бастан кешкен қиыншылықтарды да ескермеуге болмайды. Ол: жекеменшік сектордың жоқ болуы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы монополиялар және т. б.
Осы тұрғыдан алғанда 1996 ж. Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасын қабылдаудың маңызы өте зор болды. Бұл бағдарламада жеті басымдық бағыттар белгіленген: 1. Ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік. 2. Ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамдық бірлікті нығайту. 3. Нарықтық құрылымдарды жетілдіру, шетелдік инвестицияны және ішкі қаражатты мол тарту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік тұрақты өсуін қамтамасыз ету. 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жоғары және сапалы тұрмысы. 5. Энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым (әсіресе көлік және байланыс) . 6. Кәсіпқойлы тиімді үкімет. 7. Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз күрес.
«Қазақстан -2030» даму Стратегиясына орай Үкімет бірнеше бағдарламалар жасап, оларды іске асыру үшін жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғасырдың басында Қазақстанда нарықтық жүйенің негізі қаланып, экономиканың өрлеу кезеңі басталды, оның нәтижесінде халықтың өмір сүру, тұрмыс деңгейі жақсара бастады.
Нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістерінің бірі - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы 1 наурыз күні Қазақстан халқына жолдауында - «Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында»: « Нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру.
Қазақстан экономикасы айтарлықтай қарқынды дамуда. Соңғы онжылдықта елдегі валдық ішкі өнім 7 есеге өсті (17 млрд. доллардан 115 млрд. Долларға дейін) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz