Ежелгі түркі әдебиеті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
№49 Ш.УАЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ОРХОН-ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ - КҮЛТЕГІН ЖЫРЫНЫҢ ӘДЕБИ-ТАРИХИ МАҢЫЗЫ МЕН КӨРКЕМДІГІ

Орындаушы: Камал Нұрқанат, 7 -сынып, №49 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі Сайрам ауданы Түркістан облысы

Жұмыстың жетекшісі: Мыңбай Ақмөлдір Мүсірепханқызы, №49 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ғылыми жетекші: ОҚМПУ Қаза тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Сапарбаева Қарлығаш Жылқыбайқызы

Ақсу-2022

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Негізгі бөлім:
Ежелгі дәуір әдебиеті, қалыптасуы, зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... .. 6
Орхон Енисей ескерткіштерінің тарихи маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ..12
Күлтегін жырының көркемдігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

АҢДАТПА

Орхон-Енисей жазба ескерткіші - Күлтегін жырының әдеби-тарихи маңызы мен көркемдігі деп аталатын бұл ғылыми жоба түркі халқына ортақ мұраны зерттеп, насихаттауға және кеңінен дәріптеуге арналған. Күлтегін жыры туралы зерттеу еңбектеріндегі түрлі пікірлерді саралап, өзіндік ой-көзқарас, тұжырыммен зерделенген жұмыс жырдың жанрлық сипатын, көркемдігін танытуды мақсат еткен. Халқымыздың ата-тегі мен бабалары туралы мәліметтер қоса қарастырылып, жырдың тарихилығы мен маңызы нақты мысалдармен көрсетілген. Жырдың жанрлық, көркемдік ерекшелігі айқындалған. Күлтегін жырының зерттелуі туралы деректер мен материалдар жобаның дереккөзі ретінде алынып, ғалымдардың еңбектері, жырдың жанры мен тақырыбына, идеясына қатысты пікірлер дәлелді дәйексөз ретінде келтірілген.
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу әселесі мен ежелгі дәуір әдебиетінің қалыптасу кезеңдері ғалымдар жүргізген зерттеу бойынша жүйеленіп, бірнеше нұсқасы мысалға келтірілген. Сонымен қатар Күлтегін жырының жанрына қатысты да түрлі көзқарастарды негізге ала отырып, өзіндік ой тұжырымы жасалған. Жырдың тарихи маңызы фольклорлық туынрдылармен, ертедегі түркі халықтарының өмір сүру салтымен байланыстырыла қарастырылған. Ғылымның табысты нәтижесінде VI-VIII ғасырлардағы тыныс-тіршілігі осы көне ескерткіштер арқылы айқындалған. Көк түріктер мекен еткен қазақ даласының ерте кезден-ақ руханияттың бесігі саналатыны жыр мазмұны арқылы жеткізілген.
Мазмұны мен формасы жағынан да, тілі мен көріктеу құралдары тұрғысынан да, өлең құрылысы мен композициясы жағынан да ежелгі түркі поэзиясының нағыз классикалық үлгілері болып табылатын Күлтегін ескерткіштеріндегі жазу - қазіргі түркі тілдес халықтардың көне заманда-ақ елдікті, адалдықты ту етіп көтерген батырлық эпосының алғашқы үлгілері екенін түсінікті баяндалған.
Жұмыста қазақ халқындағы бай жыр дәстүрінің негізі сол Орхон ескерткіштерінде қаланғаны, Күлтегін алғашқы ерлік жырларының бірі екендігін, оған дәлел ретінде жырдағы кейіпкерлер образдық дәрежеге жеткізіле жан-жақты суреттелгені келтірілген. Білгенің жырда қайда, қандай жорықтарға барғаны, қандай, қаншалықты ерлік көрсеткені толық суреттеледі, ол халықты жинап ұйымдастырушы ретінде бейнеленеді.
Нәтижесінде қорғауға ұсынылатын қағидалар тұжырымдалып, жұмыстың негізгі бөлімінде сөз болған мәселелер өзіндік ой-пікірлермен түйінделіп, қорытындыда берілген.

АННОТАЦИЯ

Данный научный проект под названием Орхоно-енисейский памятник письменности - литературно-историческое значение и искусство песни Культегин призван изучать, пропагандировать и широко прославлять общее наследие тюркских народов. Дифференцируя различные мнения о песне Культегин в исследовательских работах, работа проанализирована со своей точкой зрения и выводом, призванным показать жанровый характер и артистичность песни. Также рассмотрены сведения о предках и прародителях нашего народа, на конкретных примерах показана историчность и значение песни. Определены жанровые и художественные особенности песни. В качестве источника проекта взяты данные и материалы по изучению песни Культегин, а в качестве подтвержденных цитат приводятся работы ученых, мнения, связанные с жанром, темой и идеей песни.
Периодизация истории казахской литературы и этапы формирования литературы древних времен систематизированы по данным исследований, проведенных учеными, и приведены несколько версий в качестве примеров. В то же время относительно жанра песни Культегин, исходя из разных точек зрения, сделан оригинальный вывод. Историческое значение песни считается связанным с фольклорными произведениями, бытом ранних тюркских народов. В результате успехов науки жизнь в VI-VIII веках определялась этими древними памятниками. Содержание песни передает, что казахская степь, населенная синими тюрками, издревле считалась колыбелью духовности.
Надписи на култегинских памятниках, являющиеся поистине классическими образцами древнетюркской поэзии по содержанию и форме, языку и декоративным средствам, структуре и композиции стихотворения, являются первым героическим эпосом современных тюркоязычных народов, поднявшим флаг патриотизма и верности еще в древности.Четко сказано что они образцы.
В проекте упоминается, что в этих орхонских памятниках была заложена основа богатой песенной традиции казахского народа, что Култегин является одной из первых богатырских песен, и как доказательство этого, персонажи песни описываются в развернутом виде. способом, выводя их на уровень изображения. В поэме Бильге подробно описывается, куда и в какие походы он ходил, в чем и сколько проявил храбрости, и изображен он как организатор, собирающий народ.
В результате были сформулированы предлагаемые к защите принципы, вопросы, рассмотренные в основной части работы, обобщены собственными мыслями и представлены в заключении.

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесі ХХ ғасырда айқындалып, ғалымдар тарапынан зерттелген. Ерте дәуірдегі әдебиет нұсқаларына жататын шығармалар ғылыми айналымға енгізіліп, ұлт әдебиеті тарихының пайда болуы бірнеше ғасырға кейінге шегерілген. Мұның барлығы талмай ізденген зертттеушілердің еңбегінің жемісі болатын. Ежелгі дәуір әдебиеті - сол жеңістің бірі еді. Ал Орхон-Енисей ескерткіші, оның ішінде Күлтегін жыры - қазақ әдебиетінің мол мұрасы, рухани қазынамызға қосылған сүбелі табыс болатын. Бұл ғылыми жұмыста Орхон-Енисей жазба ескеркіштерінің жайы, зерттелуі, Күлтегін жырының, жанры, жырдың тарихи маңызы мен көркемдігі сөз болады.
Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Ата-бабамыздың жүріп өткен жолы, тыныс-тіршілігі, өмір сүру салты мені әркез қызықтыратын. Баспасөз беттерінен, ғаламтордан осыған қатысты материалдарды қарап, өз бетімше ізденіп жүремін. Орхон-Енисей маңынан табылған ескерткіштер - балбал тастардағы жазу туралы мәлімет мені бірден өзіне баурап алды. Қызыға, құныға оқуымның нәтижесі мені осы ғылыми жобаға алып келді. Сондықтан да ежелгі дәуір әдебиетіндегі жауһар дүниелердің бірі саналатын Күлтегін жыры туралы зерттеу еңбектеріндегі пікірлерді саралап, өзіндік ой-пікір, көзқарасымызды таныту жұмыстың өзектілігін айқындайды деп білеміз.
Зерттеудiң мақсаты мен мiндетi: Жұмыстың мақсаты Күлтегін жырының тарихи маңызын, көркемдік ерекшелігін, зерттелуі мен жыр жанрына қатысты пікірлерді айқындаумен қатар халқымыздың ата-тегі, бабалары туралы мәліметтерді қоса қарастыру болатын. Осы мақсатқа жету үшін ғылыми жұмыстың алдына мынадай мiндеттер қойылды:
Ежелгі дәуір әдебиетінің өзіндік ерекшелігі туралы пікірлерді жинақтап, саралау;
Жырдың тарихилығы мен маңызын нақты мысалдармен көрсету;
Жырдың жанрлық, көркемдік ерекшелігін айқындау;
Күлтегін жырының зерттелуі туралы деректер мен материалдарды пайдалана отырып, өзіндік пікір білдіру.
Зерттеудің нысаны: Күлтегін жыры
Зерттеудің дереккөздері: Күлтегін жыры, тақырыпқа қатысты зерттеу еңбектері мен мақалалар
Зерттеу әдістері: жинақтау, саралау, талдау, сараптау.
Зерттеудің жаңалығы: Күлтегін жыры - бабаларымыздың өмір сүру салтының айқын дәлелі ғана емес, қазақ әдебиетінің ерте дәуірдегі асыл қазынасы, ұлттық тәрбие мен идеологияның, руханияттың қайнар көзі екендігін жаңашыл көзқараспен пайымдау.
Қорғауға ұсынылатын қағида:
- Орхон-Енисей ескерткіштері қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесінде маңызды рухани мұра болып табылады;
- Күлтегін жыры ата-бабаларымыздың тыныс-тіршілігінен хабар беруші;
- Күлтегін жыры қазақ әдебиетінің баға жетпес рухани қазынасы;
- Күлтегін жыры халық бірлігі мен ерлікті, батырлықты дәріптейді;
- Күлтегін жырының көркемдігі оның идеясына негізделгендігі мазмұнынан айқын аңғарылады.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Зерттеу жұмысында қол жеткізген қорытынды ой-пікір мен жинақталған мәліметтерді мектептегі қазақ әдебиетін, оның ішінде ерте дәуірдегі әдебиет мұраларын оқытуда, Күлтегін жырының жанрын, идеясын, көркемдігін танытуда, жас ұрпақты батылдыққа, ерлікке, отанды сүюге тәрбиелеуде қолдануға болады.
Зерттеудің құрылымы:
Ғылыми жоба жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, негізгі бөлімнің өзі үш бөліктен және соңында берілген пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ежелгі дәуір әдебиеті, қалыптасуы, зерттелуі

Біз - бүгінгі жас ұрпақ, өзімізді жеке тану үшін өткен тарихты, ата-бабамыз жүріп өткен жолды, олар қалдырған түрлі саладағы мұраны толық оқып, білуіміз керек. Бұл өзіміз үшін ғана емес, ел болашағының баянды, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін де маңызды. Мұны бәріміз жақсы білеміз және түсінеміз деп ойлаймын.
Қай ұлттың болмасын тарихына үңілсек, оның рухани мәдениетінің астарында мол әдеби мұра жатары сөзсіз. Қазақ халқының да өмір сүру салты мен ұстанған дәстүрі оның ежелгі дәуірдегі жазбалармен, ауыз әдебиетінің үлгілерімен тікелей байланысты. Ал халқымыздың ерте дәуірдегі ата-тегіне, тарихына зер салсақ, көне түркілерде жатқанын аңғарамыз. Бұл сөзімізге ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері дәлел болады[1].
Ұлт тарихы оның әдебиетінің тарихымен байланыстылығын тасқа таңбаланған жазулар, Орхон-Енисей ескерткіштері, Таңбалы тастағы белгілер де айқындайды. Бүкіл түркі халықтарына ортақ делінетін дүниелер - біздің алтын қазынамыз. Әр кезеңнің әдеби мұрасы халықтың тыныс-тіршілігінен айқын хабар береді. Тарихшылар мен археологтардың өздері табылған әдеби мұраларға қарап, зерттеу қорытындыларын жасап жатады.
Барлық елдің әдебиетіне ортақ мәселе бар. Ол - әдебиет тарихын дәуірлеу. Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлер мен кезеңдерге іріктеп, бөліп, топтастыру барысында сол тұста болған тарихи оқиғалар, оның себептері мен салдары, оған қатысты деректер мен дәлелдер, қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайы да ескеріледі. Біз әдебиеттің қоғамдық қызметін оның басты белгісі - адам тағдырымен тікелей байланыста қарайтынымыз белгілі. Сондықтан да ғалымдар мен зерттеушілер әдебиетті дәуірлеу мәселесінде жоғарыда сөз болған мәселелермен қатар әдеби ағымдарға, жанрлық категория мен оның даму ерекшеліктеріне, әдеби әдіс-тәсілдердің өзгеруіне сүйенеді.
Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясын құрастырушы Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин 1967 жылы шыққан жинақта қазақ әдебиетінің тарихын бес дәуірге бөліп қарастырған:
1. Көне дәуір (V-ХIV ғ.) - қазақ қауымының рулық-ұлыстық дәуірі. Бұл кездегі әдеби шығармалар - көптеген түркі халықтарына ортақ мұра.
2. Хандық дәуірдегі әдебиет (XV-ХVIII ғ.) - қазақтың төл әдебиетінің басталу шағы, алғашқы дәуірі.
3. XIX ғасырдағы әдебиет.
4. ХХ ғасырдың басындағы (1900-1920) бұқарашыл әдебиет.
5. Социалистік дәуір әдебиеті [2].
Ал Қазақ Совет энциклопедиясында берілген Қазақ әдебиетінің ертедегі нұсқалары деген мақалада түркі тілдес халықтар мен қазақ ру-тайпаларының әдеби туындыларын мынадай тарихи дәуірлерге бөліп қарайды:
1. IV - VIII ғ. - түркі дәуіріндегі әдебиет.
2. IX-ХII ғ. - мұсылман дәуіріндегі әдебиет.
3. XIII-ХIV ғ. - Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.
4. XV-ХVIII ғ. - Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет [3].
Қазақ көркем әдебиеті тарихын кезеңдерге бөлудің бұлардан басқа да үлгілері бар. Әдебиет зерттеушілерінің көпшілігі XV ғасырдан кейінгі әдебиетті қазақтың өзінің қолтума әдебиеті деп таниды.
Қазақ әдебиеттанушыларының енді бір тобы қазақтың төл әдебиетін XVIII ғасырдан, Бұхар жыраудан бастап келді (Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсембаев т.б.).
Қылышынан қан тамған кеңестік кезеңде қазақ әдебиетінің тарихын жүйелеуде біршама кедергілер болғанын тарихтан оқып, таныстық. Бұған әдебиетті таптық тұрғыдан бағалау және қазақ ұлтына екінші сортты халық ретінде қарау, түркілік мәдениеттен ажырату сынды үлкен мәселелердің себеп болғаны белгілі. Соған қарамастан 1967 жылы жарық көрген ғалым, зерттеуші Ханғали Сүйіншәлиевтің Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері деп аталатын монографиясында қазақ әдебиетінің дәуірлеу мәселесі жаңаша тұрғыда қайта қаралып, қазақ әдебиетінің ежелгі кезеңдері, туу, қалыптасу, даму жолдары сөз болды [4].
Ал ұлт әдебиетінің тарихына қатысты оңтүстіктегі Бөгеннен шығып, елімізге ғана емес сол тұстағы одаққа танымал болған, КСРО-ның қатал талаптарына бас иместен, қайтпас қайсарлық танытқан ғалым Бейсенбай Кенжебаев төмендегіше жіктеп, бөлген болатын:
1. Ежелгі түркі әдебиеті. VI-XV ғғ. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру-тайпаларының әдебиеті. Ерте кездегі түрік ру-тайпаларымен бірге жасалған әдебиет.
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. XV-XIX ғасырлар арасындағы халқы-мыздың төл әдебиеті.
3. XIX ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиет.
4. XX ғасыр басындағы (1900-1920 жж.) әдебиет.
5. Қазан революциясынан кейінгі кеңес әдебиеті [5].
Әдебиеттанушы ғалым осы жүйелеуі үшін кезінде талай қиындықтар мен теперіш көрген екен. Қызметінен қуылып, партия билетін өткізуді талап еткен биліктің талабына қасқая қарсы шыққан ғалым бәрібір алған бетінен қайтпай, шәкірттер тәрбиелеп, оларға зерттеу нысаны ретінде осы өзі жүйелеген кезеңдерді тақырып етіп береді. Ғалымның шәкірттерінің бірі, аты аңызға айналған Жамбылға келін болған Алма Қыраубаева апайымыз екен. Көпшілікке Ертедегі әдебиет тарихы, Жаным садаға кітаптары, ұлттық мектеп моделі сынды мәселелермен жақсы таныс Алма Қыраубаева қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін былай жүйелеген:
1. Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар, аңыз-жырлар. Сақ, ғұн, үйсін дәуірі (б.з.д. VII - IV ғ.ғ.).
2. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V-VIII ғ.ғ).
3. Оғыз дәуіріндегі әдебиет (ІХ-Х ғ.ғ).
4. Ислам дәуіріндегі әдебиет (Х-ХІІ ғ.ғ): Сыр бойы әдебиеті, Қарахан әдебиеті.
5. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХІІІ-ХІV ғ.ғ) [6].
Ұстанымы биік ұстазы - Бейсенбай Кенжебаевтың үмітін ақтаған шәкірт - мықты педагог, үлкен жүректі ғалым Алма Қыраубаеваның бұл жүйелеуі көптеген зерттеулерге соқпақ салады. Осы жүйелеуді негізге ала отырып ғалымдар соны топшылаулар мен болжамдар, тарихи-ғылыми зерттеулер жүргізе бастайды.
Соның бірі ретінде біз Мұхтар Мағауинның Қобыз сарыны атты зерттеу еңбегін атай аламыз [7].
Ал өмірі күресінге толы болып, төрт қабырға мен тар төсекке таңылса да Үміт үзгім келмейді деп кітап жазған, өзінің талантын елге қызмет етуге жұмсаған, ұлттық әдебиетімізді зерттеген ғалым Немат Келімбетов VI-XV ғасырлардағы әдебиетті былай бөліп қарастырады:
І. Тәңірлік дәуір әдебиеті:
1. Сақтардың қаһармандық дастандары (Алып Ер Тоңа, Шу дастандары).
2. Ғұндардың батырлық жырлары. (Оғыз-қаған, Атилла, Көк бөрі, Ергенекон дастандары, Авеста қасиетті жазбалар жинағы).
3. Түркі жазба жәдігерліктері. (Күлтегін және Тоныкөк жырлары. Қорқыт ата кітабы").
ІІ. Ислам дәуіріндегі әдебиет (Құтты білік, Түрік сөздігі, А.Ясауи, С.Бақырғани, Әбу Насыр әл-Фараби, А.Йүгінеки шығармалары).
ІІІ. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. (Сайф Сараи, Хорезми, Құтб, Дүрбек, т.б. шығармалары) [8].
Жоғарыда сөз болған әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесінде ортақ пікір, ұқсас тұжырымдардың болуы да заңдылық. Соның бірі - ерте дәуірдегі әдебиет.
Ғылыми зерттеу еңбектері мен басқа да материалдар негізінде он томдық Қазақ әдебиеті тарихының екінші томында ежелгі дәуірдегі әдебиет тарихының хронологиялық шегі анықтаып, сол дәуірдегі негізгі даму кезеңдері де көрсетілген. Қорытындысында біздің төл әдебиетіміздің тарихи дәуірдегі әдеби мұрасына қатысты дүниелер көне түркі әдебиеті, Қарахандықтар тұсындағы әдебиет және Алтын Орда әдебиеті деп бөлініп берілген [9].
VI - XV ғасырларды қамтитын ежелгі дәуір әдебиетінің осы үш кезеңін таратып айтар болсақ:
VI - IX ғасыр аралығындағы көне түркі әдеби ескерткіштері.
Бұл ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштеріне Орхон жазба ескерткіштері - Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк туралы құлпытастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ Оғызнама дастаны, Қорқыт ата кітабы, әл-Фарабидің әдебиет сала сындағы еңбектері кіреді.
2. Х - ХІІ ғасырлардағы әдебиет. Ислам дәуіріндегі немесе Қараханидтер дәуірі әдебиеті.
Бұл дәуірдегі әдебиет, негізінен, Қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер: Жүсіп Баласағұнның Құдадғу білік (Құтты білік) атты дидактикалық дастаны, Махмұд Қашқаридің Диуани лұғат ат-түрік (Түркі тілдерінің сөздігі), Қожа Ахмет Иасауидің Диуани хикмет (Даналық кітабы) атты өлеңдер жинағы, Ахмет Иүгінекидің Хиба тулхақайық (Ақиқат сыйы) жыр жинағы.
3. ХІІІ - ХV ғасырлардағы әдебиет. Хорезм дәуірі немесе Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.
Бұған қыпшақ диалектісі негізінде жазылған Кодекс Куманикус (Қыпшақ тілінің сөздігі), Хорезмидің Мухаббатнаме, Дүрбектің Жүсіп - Зылиха, Сараидың Гүлстан бит-түркі, Құтыптың Құсрау - Шырын дастандары, Дулатидың Тарихи Рашиди, Жалайридың Жамиаттау арих, Бабырдың Бабырнаме шығармалары жатады[10,11].
Тастың тілін тауып, сырын ұққан зерттеуші ғалымдардың ерен еңбектерінің нәтижесінде әдебиет тарихы мол мұрамен толықты. Ғылымының табыстары нәтижесінде сол көне ескерткіштерге, шексіз сахарада мүлгіп қалған меңіреу тастарға бүгінде тіл бітіп, сақтар жайлаған, гундер шарлаған кең атырапты заманымыздың VI-VIII ғасырлардағы тыныс-тіршілігі бізге белгілі болды. Қазіргі түркі тілдес халықтардың түп төркіні болып табылатын көк түріктер мекен еткен қазақ даласы ерте кезден-ақ руханияттың бесігі саналатын. Сондықтан болса керек, бертін келе руна жазуы аталып кеткен түркі тілі Түркі қағанаты тұсында негізгі тіл болды. Руна - рунь сөзі құпия, сыры ашылмаған деген ұғымды білдіреді екен[10,87].
Руна жазуы түрік сөзімен тікелей байланысты. Жалпы түрік термині бізге белгілі болғандай алғаш рет 542 жылы аталған. Зерттеу еңбектеріндегі түрік сөзінің шығу тегіне үңілсек, ол басында адамның арғы атасы шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққан дегенді танытады екен. Сақтар ғана емес одан кейін үйсіндер мен қаңлылар да осы түркі тілінде сөйледі дегенді айтады ғалымдар. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі саналған, көк түріктердің тайпалық одағы - Түрік қағанаты тұсында түркі тілінің аясы барынша кеңіді және ол негізгі тілге айналды. Кез-келген тілдің қолданыс аясының деңгейі сол елдің дамуымен тікелей байланысты екенін тарих дәлелдеп отыр. Демек, Түркі қағанаты сол тұстағы алып мемлекет болғаны даусыз. Дамудың бірнеше сатысы бар десек, соның бірі сол мемлекеттің өз жазуының болуы. Геометриялық пішіндегі 38 таңбадан тұратын бұл жазу түрік тілінің фонетикалық ерекшеліктерін тұп-тура, анық етіп жеткізуге мүмкіндік берді.
Алғаш рет 1662 жылы Орхон-Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам - Амстердам қаласының бургомистрі Н.Витзен болатын.
Орхон-Енисей ескерткіштері үлгілерінің алғаш жарық көруі Сібірде 13 жыл айдауда болған швед офицері Ф.И. Табберт- Страленбергтің атымен тығыз байланысты аталады. Оның 1730 Европа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлімдері атты еңбегінде көне ескерткіштер туралы көптеген қызғылықты деректер бар.
Көне түркі жазба нұсқауларын зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, осы жер 1896-1898 жылдардағы Талас ескерткіштері табылған тұсқа сай келеді екен.
ХІХ ғасырда орыс ғалымы Н.М.Ядринцев Солтүстік Моңғолиядағы Орхон және Селенга өзендері бойынан осындай руна жазулары бар үлкен құлпытастарды тапқан.
Д.Е.Мессершмидтің күнделік жазбаларында да көне түркі жазбаларының кейбір үлгілері туралы деректер келтірілген[10].
Осы деректерге сүйене отырып біз Орхон-Енисей ескерткіштерінің зертелу тарихын ХVII ғасырдың екінші жартысынан басталады дейміз.
Ескерткіштер табылған орнына байланысты Орхон-Енисей ескерткіштері деп аталды. Бұл - Түркі қағанаты дәуіріндегі Білге қаған мен оның інісі, қолбасшы, батыр Күлтегінге, қағандар кеңесшісі6 дана Тоныкөкке қойылған ескерткіштер болатын. Мұнда тасқа қашалып көне түркі тіліндегі алғашқы жыр-дастандар таңбаланған. Ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, мәдени, әдеби өмірін бейнелеген шығармалар Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жырлары деп аталады.
Тағы бір дерек, 1891 жылы Онгин өзені алқабынан табылған тағы бір ескерткіш тарихта Онгин ескерткіші деген атауға ие болған. Күлтегін мен Білге қағанның әке-шешесіне қойылған бұл ескерткіштердің мазмұнында түркі қағанатының құрылуы, құлдырауы, өрлеуі мен күйреуі жайлы тарихи деректер де келтірілген.
Руна жазуындағы жәдігерлер - Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жырлары бірде прозалық шығарма, енді бірде поэзиялық туынды аталады.
Сонымен ойымызды қорыта келе айтарымыз, Орхон-Енисей жазулары деп аталатын әдеби-мәдени ескерткіш түркі тілінде сөйлейтін халықтардың бәріне, соның ішінде қазақтарға да ортақ мұра екендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген:
- Орхон, Енисей, Талас өзендерінің бойынан табылған тастардағы жазулар жалпы атпен Орхон-Енисей ескеткіштері деп аталады. Еуропа ғалымдарының назарын XVIII ғасырдан бастап аударған.
- Руна - скандинавия халықтары тілінде құпия деген ұғымды білдіреді. Бұл сөзді алғаш рет швед офицері Табберт-Страленберг қолданғандықтан тіл білімінде де термин ретінде қолданылады.
- Енисей өзені аңғарындағы құпия жазулары бар құлпытастар Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, Т.Страленберг, Д.Г.Мессешмидт, т.б. еңбектері, хаттары арқылы мәлім болды.
- 1889 жылы орыс географиялық қоғамы ұйымдастырған экспедицияны басқарып барған саяхатшы ғалым Н.М.Ядринцев Орхон өзені бойынан құпия жазуы бар үлкен екі ескерткіш тапты. Ол ескерткіштерді сипаттап жазды, бірақ құпиясы біраз уақыт ашылмай қалды.
- Бұл ескерткіштердің жазуы туралы кезінде монғол, фин, славян жазуы деген де болжамдар айтылған.
- Алғаш құпия жазуды оқыған ғалымдар В.Томьсен, В.В.Радлов болды.
- 1893 жылы 25 қараша күні Дания ғалымы Вильгельм Томсен Орхон жазуларының әріп таңбаларын анықтап, жазудың көне түркілердікі екенін айқындады. Ғалым алғаш рет тәңірі, түрік деген сөздерді оқыды.
- Осы кезеңде Орхон ескерткіштерін зерттеп жүрген академик В.В.Радлов та ескерткіштерді оқып шығып, аудармасын жасаған.
- С.Е.Малов көне түркі жазуы мәтіндерінің орыс тіліне дұрыс аударылуына назар аударып, түзетулер енгізген ғалым. Мәтіндерге тарихи және филологиялық тұрғыдан түсінік-сипаттама беріп, жан-жақты зерттеген.
- Қазақ ғылымында Орхон ескерткіштері әдебиет тұрғысынан М.Жолдасбеков, Қ.Сартқожаұлы, т.б. ғалымдардың зерттеулеріне арқау болған.
- Қазіргі қазақ тіліне ғылыми аудармасын М.Жолдасбеков, Ғ.Айдаров, Қ.Өмірәлиев, Қ.Сартқожаұлылар жасаса, поэтикалық аудармасын ақындар Қадыр Мырза Әли, Т.Медетбек жасаған.

Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихи маңызы

Біз - тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымыз. Бірақ бұл күнге ата-бабаларымыз қаншама ғасырлар бойы аңсап, зарығып жеткені бізге тарихтан аян. Соның бір айғағы - Күлтегін жыры. Азаттықты аңсаған, тәуелсіздіктің туын тұғырлы етуді армандаған біздің ержүрек батырларымыз біздің осы бүгінгі жарқын күндеріміз бен бақытты балалық шағымыз үшін күрескен. Сондықтан біз тәуелсіздікті сақтап, егемен елдің мықты азаматы болуымыз керек. Сол азаттықтың ақ таңын қарсы алу жолында құрбан болған әрбір атқа қонған батыр бабаларымыздың әр тамшы қаны біздің жолымызды гүл етіп, өмірімізді нұрға бөлеп отыр. Олардың бейбіт өмір үшін күрескен күндерінің куәсі - балбал тастар мен таулар, қасиетті қара жер.
Тауғаш халқына бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды,
Түркі бектер түркі атын жоғалтып,
Тауғаш бектерінің тауғаш атын тұтынып,
Тауғаш қағанына бағынды
Елу жыл ісін-күшін берді [11,23]
Осы жолдар біздің жоғарыдағы ойымызды айқындай түседі. Елдің берекесі - бірлігі, тәуелсіздігі - тірегі екенін ұққан көктүріктер жаугершілік заманда қытайлардың ұлын құл, қызын күң еткенін айтып, тарихтан сабақ алуға үндейді. Осы ғылыми жобаны жүргізу барысында біз көптеген ғылыми еңбектермен танысып, оқыдық. Солардың бірі - Л. Гумилевтің Көне түріктер атты еңбегі. Онда ғалым жалпы түркі халқының пайда болуынан бастап, оның даму жолын, мәдениеті мен тарихын, олардың қоғамдық өмірде алатын орны жайлы жазады[12,19].
Жырдан мысал келтірейік:
Қаның судай ақты,
Сүйегің тау боп жатты.
Бек ұлдарың құл болды...
Пәк қыздарың күң болды...
Тізеліні бүктірдік,
Бастыны еңкейттік...
Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды.
Жігері жасымаған, намысы мұқалмаған, батылдығымен ғана емес даналағымен тарихта мәлім болған бұл жырдағы ел билеушілер тізеліні бүктіріп, бастыны еңкейтіп қана қоймағанын, болашаққа, ұрпаққа баянды тарихты тарту еткенін ол кезде, әрине, білген жоқ. Біз бүгін осындай батырларымыздың ерлік істерімен мақтанамыз. Өткеннен сабақ алу, олардың жүріп өткен жолынан үйрену, қателіктерін қайталамау, ерлік істерін үлгі ету - әрбіріміздің азаматтық парызымыз деп есептеймін.
Біз сөз етіп отырған Күлтегін жыры Орхон-Енисей ескерткіштерінің бірі ғана. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштердің барлығында ел бірлігі идеясы, жерді қорғау, ұрпақты ержүрек, батыл да азат ойлы етіп тәрбиелеу мүддесі жатыр. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларға тиесілі деп саналатын бұл жәдігерлердің жалпы саны отыз шақты. Тарихи құндылығы жағынан Құтлығ қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі Чор және Мойын Чор ескерткіштерінің маңызы ерекше.
Бұл жазулардың жалпы көлемі қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітаппен тең. Тарихи, мәдени, географиялық, саяси деректерді қамтитын, сол кездегі халықтың өмір тіршілігі мен таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар беретін бұл тарихи еңбекте Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгіде, көркем тілмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Ежелгі дәуір әдебиеті жалпы қазақтың емес күллі Түркі жұртынның мәңгі мұрасы
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері жайлы ақпарат
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері туралы ақпарат
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі көне Түркі ескерткіштері
Енисей мен Моңғолияда көне түркі жазуы ескерткіштерінің ашылуы
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша) /конспект/ - "Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері" /таныстырылым"Алып Ер Тоңға" дастаны /әдеби талдау
Көне жазба әдебиеті пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысы
Пәндер