Сыртқы экономика



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық аспкектілері
1.1 Сыртқы экономикалық саясат мәні, қағидалары және мақсаттары ... ... ... 5
1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 Қазіргі Қазақстанның экономикасы, әлемдік нарықтағы орны мен ролі
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық нарықтағы орны.16
2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі ... ... ... ... 19
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық
кеңістіктің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Кіріспе

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.
Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы. Әлемдік дамудың түбегейлі заңдылығы дүниежүзілік экономиканың өздігінен дамушы жүйе ретінде біртұтастығында және оның өзара байланысының тұрақты артуында.
Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері көлемдік және құрылымдық сипаты бойынша әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады.
Әлемдік экономикалық қатынастар – жалпы экономикалық жүйенің басты компоненті. Әлемдік экономикалық қатынастардың біріншіден, әлемдік экономикалық қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.
Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интегра-циялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.
Қазіргі, әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты – әлемдегі жұмыс күшінің табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі және айналым капиталының ғылыми – техникалық әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады. Әлемдік сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады: ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді; ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді; әлемдік еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.
Бұл функциялар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің тереңдеуіменде анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар әлемдік өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық ынтымақтастықка кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалык қызметке кең түрде қатысуы тән.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Авдокишин Е. Международные экономические отношения.-М.-«Маркетинг», 2008.-300с.
2. Алшанов Р. Жаһандық экономика және Қазақстан// Егемен Қазақстан.-2008.- 28-ақпан.-5б.
3. Аубакиров Я. Экономикалық теория негіздері.-Алматы.-2009.-360б.
4. Арынов Е. Международные экономические организации и экономические союзы.-Алматы, 2009.-300б.
5. Булатов К. Мировая экономика.-М, «Экономикс», 2007.- 480с.
6. Джапаркулов Д. Перспективы развития международных связей Казахстана со сторонами СНГ// Транзитная экономика.-2008.-№1.- с.45
7. Дукенов К. Международная позиция Казахстана// Юридическая газета.-2008.-21 марта.-с.3
8. Исмайлова А. Ретроспектива и тенденции развития экономической интеграции// Саясат.-2010.-№12-с.9
9. Кошаганов А. Интеграция Казахстана в международную торговую систему и ВТО// Транзитная экономика. – 2010.- №5.-с.19
10. Кулекеев Ж. Экономика Казахстана в условиях мирового кризиса// Транзитная экономика.-2011.-№1.-8с.
11. Мамыров Н. Әлемдік экономикалық қатынастар.-Алматы.-Экономика.-2009.-300б.
12. Назарбаеав Н. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы// Саясат.-2006.-№2.с.7
13. Нәбиев Е. Әлемдік экономикалық қатынастар.-Астана, 2001.-300б.
14. Нурпейсова Ж. ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселелері мен ерекшеліктері // Саясат.- 2009.- .-№2-9б.
15. Раджаев К. Мировая экономика/ Учебник.-«Юнити».- 2007.-450с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық аспкектілері
1.1 Сыртқы экономикалық саясат мәні, қағидалары және
мақсаттары ... ... ... 5
1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..

2 Қазіргі Қазақстанның экономикасы, әлемдік нарықтағы орны мен ролі
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық нарықтағы орны.16
2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға
кіруі ... ... ... ... 19
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық
кеңістіктің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 21

3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі
мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 24
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын
жетілдірудегі мемлекеттің
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .30

Кіріспе

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық
қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып,
жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік
экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік
қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.
Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік
экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік
шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік
шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі
түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы. Әлемдік дамудың түбегейлі
заңдылығы дүниежүзілік экономиканың өздігінен дамушы жүйе ретінде
біртұтастығында және оның өзара байланысының тұрақты артуында.
Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері көлемдік және құрылымдық
сипаты бойынша әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай
да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық
әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен,
жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады.
Әлемдік экономикалық қатынастар – жалпы экономикалық жүйенің басты
компоненті. Әлемдік экономикалық қатынастардың біріншіден, әлемдік
экономикалық қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші
субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл
байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.
Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интегра-циялық
бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық
игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша
өтелетін қатынастар тетігі кіреді.
Қазіргі, әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты –
әлемдегі жұмыс күшінің табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі
және айналым капиталының ғылыми – техникалық әлуеттің орналасуындағы
географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады. Әлемдік
сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады:
ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді;
ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді;
әлемдік еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның
негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.
Бұл функциялар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне
де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар,
бір жағынан ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның
реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан
Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің тереңдеуіменде
анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік
тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес,
сонымен қатар әлемдік өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық
ынтымақтастықка кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы
экономикалык қызметке кең түрде қатысуы тән.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, курстық жұмыстың тақыры-бының
мазмұнын ашуда төмендегідей міндеттер мен мақсаттар алға қойылып отыр:
- Қазақстанның Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңдегі экономикасын
қарастыру;
- Қазақстанның Кеңес дәуіріндегі 1918-1940 жылдардағы экономи-касына
тоқталу;
-Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгі (1991) Қазақстанның экономикасын
қарастыру;
- Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруіне тоқталу;
- Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық
кеңістіктің дамуын қарастыру;
-Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі
мәселелерге тоқталу;
-Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын
жетілдірудегі мемлекеттің саясатын қарастыру.

1 Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық аспкектілері

1.1 Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, қағидалары және мақсаттары

Сытқы экономикалық саясат - бұл сыртқы экономикалық байланыстарды
реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын
оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде
бағытталған іс-әрекеттері.
Сытқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:
-сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттқы саясат
кіреді);
-шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын
реттеу саласындағы саясат;
- валюталық саясат.
Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,
аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық
теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етумен байланысқан.
Сыртқы экономикалық саясат- сыртқы экономикалық қызметті де реттейді,
оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;
-материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық
қозғалысы.
Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең
ауқымды жиынтығының болуы-өздерінің сыртқы экономикалық байланысының
құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен
сыртқы экономикалық байланысы мен сытқы экономикалық саясатына да белсенді
түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.Сытқы экономикалық саясат құралдарының
бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға болады. [1]
Сытқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері. Тиімді сыртқы
экономикалық саясатты құру үшін оның негізгі принциптерін нақты түрде
анықтап лау керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын-сыртқы
экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық- құқықтық
реттеуге берілген. Оның себебі - бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге
жауап беруі тиіс.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі 4 қағидасы: [2,67б]
1) Мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар
мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес
елдің сыртқы экономикалық саясаты да (кедендік құралдары және
шетел инвестициялары үшін арнайы тәртіп бар) қалыптасады;
2) Ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік
сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту
мақсатында, жалпы шаруашылық қызметтің тұрақты бөлігі ретіндегі,
сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;
3) Үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге федерация және
оның субъекттілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да
жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде бөлу;
4) Сыртқы экономикалық саясат- кез-келген мемлекеттің сыртқы
саясатының құрамдас бөлігі.
Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет етеді,
сондықтан әлемдік нарықта Қазақстандық экспортерлер үшін қолайлы жағдайлар
жасау - Қазақстанның сыртқы саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болуға
тиіс.
Сыртқы экономикалық саясат – cыртқы экономикалық қызметтің бүкіл
жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдық, еңбек, ақшалай және
интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалыстарын реттейді.
Ал сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне: -сыртқы сауда
саясаты; өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы -
несиелік; - шетел инвестициялары саласындағы –технологиялар мен айырбас
жасау саласындағы –жұмысшы күші; миграция саласы және т.б.
Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік
тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары,
саудалық эмбарго, кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық
қатынастар саласындағы: валюталарды сатып алу-сатуоперациялары,
коммерциялық және басқа да мақсаттардағы валюталық операцияларға шектеулік
белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар
(қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша
есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.
Шетел инвестициялары саласындағы саясатты жүзеге асыру формаларына
жататындар: шетелдік капиталдарды енгізуге рұқсат беру шарасы, экономиканың
бірі салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым салу және
шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті
компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу. Технологияларды
айырбастау және жұмысшы күші миграциясы саласындағы құралдар: белгілі бір
елдерге технологиялардың белгілі бір түрін экспорттауға тыйым салу немесе
шектеу, шетелдік жұмысшы күшін импорттауға шек қою. Бұл шарттардың барлығы
дерлік халықаралық келісім шарттармен келісімге бекітіледі.
Сыртқы экономикалық саясат құралдарының қазіргі кездегі кең арналы
мемлекеттерге өзінің сыртқы экокномикалық байланыстарының құрылымы мен
бағыттарының қалыптасуына, сонымен бірге басқа елдердің сыртқы саясаты мен
экономикасына белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.
Кез-келген мемлекеттің қызмет етуі ұлттық және мемлекеттік мүдде
категорияларына сүйенеді. Бірақ та кез-келген қоғамда оның элитасының
негізгі сегменттері, белгілі бір ұлыстары өз мүдделерінің терең мәннің әр
түрлі көзқараста түсіндіріледі.
Бұл түсініктің мазмұндылығы – ұзақ мерзімдік мақсаттар жүйесімен
түсіндіріледі. Оларды үкімет өзінің ішкі және сыртқы саясаттарында жүзеге
асыруға ұмтылады.
Әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясат векторларының
тоғысуы кезінде мүдделерді түсінуі үшін біз халықаралық құқық нормаларын
қолдануға мәжбүр боламыз, өйткені соңғы жыл ішінде бұл нормалар статусына
жалпы адамзаттық құндылықтар кіреді. Бірақ ұлттық деңгейде біркелкі емес
мемлекеттерде мұндай заңдылықтың түсіндірілуі жеткіліксіз болып есептеледі.

Егер ұлттық және мүдде терминдерге терең талдау жасалса, онда
ұлттық мүдде деген түсініктің белгілі бір дәрежеде шарттық сипатта екені
анықталады. Бірақ осы категориямен қазіргі таңда міндеттердін басымдылығы
анықталады. Ол міндеттерді елдің ішкі немесе сыртқы саясаттарында шешу
қажет. Бұл түсінікке деген көп векторлық көзқарас оның субъективті де,
объективті де мазмұндылығын қарастыруға мүмкіндік береді. Аман қалу,
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік орталықты қажет ету – абстрактілі
нәрсе емес, ол тарихи және құрылымдық мағынасы бар нақты сапалы жағдай.
[3,115б]
Қазақстан басқа көптеген мемлекеттер сияқты өз алдына белгілі бір
мақсаттарды алға қоюға қабілетті. Белгілі бір тарихи кезеңдерде
мақсаттардың сипаты өзгеріп отырады. Сөзсіз түрде, ол мемлекет ретінде
мақсаттарды алға қоюға және оларды жүзеге асыруға қабілетті болуға тиіс.
Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, осындай қабілеттілік белгілі бір бағыт
бағдар ретінде қарастырылады, яғни ол мемлекеттік саясатқа ұлттық мүдде
сипатын береді. Ұлттық мүдде ең алдымен мемлекеттік мүддені айқындайды,
ұлттық ресурстарды ұлғайту, ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы әрекет ету
сияқты мемлекет қажеттілігі ретінде анықталады. Мемлекеттік мүдде көп қырлы
түсінік және де геосаясат көзқарасын қолдану жағдайларында оның бірқатар
құраушылары ұлттық мүдде түріне айналады. Оны өлшеу үшін 2 әдіс қажет:
құндылық және ұтымдылық.
Кез келген мемлекеттің қоғамы – мемлекеттік саясаттың территориялық
бағыттылығын мойындауда ортақ, біртұтас. Қазақстан мен Ресей
экономикаларының тығыз байланысы Ресейдің империялық мүддесін айқын
көрсетті.
Қазіргі кездегі дүниеде ұлттық мүдде саясаты бір рөлдерді атқарады,
олардың бірқатары жабық түрде айқындалады. Атап айтқанда, шетел баспасөзі
НАТО-ны шығысқа қарай кеңейту шараларын, бір жағынан, текті өкілеттілігі
ретінде, яғни Европаға бейбітшілікті нығайтатын ұлы өкілеттілігі ретінде
екінші жағынан – Шығыс Европаға әскери, саяси және экономикалық бағыт,
бақылау қою ретінде түсіндіріледі.
Кез-келген елдің ұлттық мүддесі әр түрлі елдердің ұлттық мүдделері
ықпалымен шектеледі. Ол халықтардың бірлескен мүдделерге қол жеткізуі үшін
мемлекеттердің күш әрекеттерін біріктіруге ұмтылуынан көрінеді.
Демек, республиканың халықаралық аренаға арнаған табысты түрде енуіне
сәйкес, оның әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орны да анықталады.
Бұл кезде ұлттық мүдделердің сәйкес түрде жүзеге асыруына- ұлттық
рухани және мәдени құндылықтармен қатар әлеуметтік, экономикалық және саяси
фактор құраушыларының жүйелері де ықпал етеді. Әлемнің саяси картасында,
әсіресе ТМД кеңістігінде Ресей Федерациясының ұлттық мүдделері айқын
формада белгіленген. Ол өзінің ұзақ мерзімдік мақсаттарында қоғамдық
қатынастардың гуманисттік сипатымен қатар, әлемнің ірі және дамыған
державасы ретіндегі Ресейді құруға ұмтылады.
Сонымен бірге, орташа мерзімдік мақсаттарда нақты түрде белгіленген,
оның құрамына мыналар кіреді: ТМД шеңберінде тұрақты өзара байланыстар,
жалпы Европалық қауіпсіздікті сақтау, сонымен бірге белгілі бір жергілікті
аймақта сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда Ресейлік кәсіпорындарға
жағдайлар жасау.
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады: яғни сыртқы
экономикалық саясат белгілі бір міндеттерді жүзеге асырудың формаларын,
әдістерін негіздеуді, сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін белгілі бір
технологияларды қолдануды талап етеді.
Бұрыңғы Кеңестік мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясатымен
ссалыстырғанда Ресейдің сыртқы экономикалық саясаты халықаралық
ынтымақтастықтың балама бағыттарымен қаныққан.
Дегенмен осы елдердің сыртқы экономикалық саясатының принциптері
белгілі бір дәрежеде ұқсас болып келеді. Олар төмендегілерден тұрады:
[4,2б]
• Ұлттық мүдделердің басымдылығынан;
• Негізгі және жергілікті сыртқы саяси мүдделерден;
• Екінші реттегі мүдделер мен олардың сәйкестілігінен;
• Қауіпсіздіктің ұжымдық жүйелеріне қатысты кейбір жағдайларда ұлттық
мүдделер шебінен;
• Ғаламдық мәселелерді бірлесе шешуге ұмтылуынан;
• ХЭҚ (халықаралық экономикалық қатынастар) субъекттілерінің шынайы
теңдігінен;
• Дамудың белгілі бір жолын тандағандағы ең құқығын құрметтеуінен;
• Халықаралық келіспеушіліктерді шешуде ымыраға келуден;
• Сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асырудың жүйелік жолы.
Техникалық революцияның жаңа толқыны кейбір елдерді айналып өтті, яғни
өз дамуында алдыңғы қатарлы елдерден артта қалып бара жатқан осы елдердің
мүдделері мынада: қоғамдық қатынастарды жетілдіру негізінде еңбекті
ұйымдастыру әдістерін жетілдіру қажеттілігі.

2. Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат

Құрамына 188 мемлекеттік құрылым кіретін қазіргі кездегі әлемдік
шаруашылық динамикалық әлем болып табылды, мұндағы өзара байланыстар
ассиметриялы, ал әр түрлі елдер тобы ынтымақтастық процесіне бірдей
жағдайларда, бірақ әр түрлі дәрежеде қатысады.
Европалық Одақтан басталған регионализм саясаты әр түрлі жылдамдықта
мемлекеттердің дамуы деген түсінік енгізді.
XX ғасырдың соңында ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) дамуы жайында
бұрын сонды бірдей экономикалық жағдайда болған көптеген мемлекеттер бір-
бірінен алшақтай бастады. Және де өз дамуларына қарай әр түрлі елдер тобына
кіре бастады. Көптеген факторлардың ішінде даму жылдамдықтарының
алшақтауының ұлғаюы деген мұндай феномен жекелеген елдің, елдер блогының
сыртқы экономикалық саясатының мазмұндылығымен, сонымен бірге әлемдік
шаруашылықтың дамуының көптеген сыртқы факторларымен алдын ала анықталған.
КСРО-ның күйреуі, ұлттық мемлекеттер экспансиясындағы әскери емес
әдістердің күшеюі жылдамдықтардың алшақтау процесін одан сайын үдетті, ал
олардың қарқындары мен сапасы әр алуан болды. Оңтүстік-Шығыс Азия, Орта
Азия, ТМД кеңістігі, Балтық теңізі жағалауындағы елдер бұл айтылғанға мысал
бола алады.
Мұның барлығы мынаны дәлелдейді: дүниежүзілік аренадағы экономикалық
күштердің кез-келген балансына қол жеткізудің объективті факторы
құраушылардың болуымен ғана емес, сонымен бірге нысаналы бағытталған сыртқы
экономикалық саясат арқылы жүзеге асырылады.
Осы жоғарыда айтылғанға сәйкес, сыртқы экономикалық саясатты автономды
құбылыс ретінде қарастыруға болады, өйткені қазіргі кезде халықаралық
салыстырулар маңызды емес, бұл жерде олардың белгілі бір қоғамдық қайта
құруларын туындататын факторларды, құралдарды салыстыру маңызды болып
табылады.
Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, сыртқы экономикалық саясат сыртқы
дүниемен үзіліссіз байланыста жекелеген елдердің дамуындағы модельдердің
трансформациясын белгілеуге мүмкіндік береді және де жалпы құндылықтарды
(ел ішіндегі қарама-қайшылықтарды жою, жаңа экономикалық механизмге
бейімделу), сонымен бірге саясатты жүзеге асырыудың әдістемелік жолдарының
сипатын анықтауға мүмкіндік береді.Экономикалық табиғатта көп түрлі
ғажайыптардың (жапондық, германдық және т.б) болуына қарамастан, құндылық
бағалар деңгейі, сыртқы экономикалық саясаттағы белгілі бір институционалды
құрылымның белгілі бір құралдары қолдануы – бізге ұлттық ерекшеліктердің
саясаттың жалпы қабылданған элементтерімен үйлесуі типін белгілеуге
мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, бір жағынан қазіргі кезеңдегі халықаралық
экономикалық байланыстардың (ХЭБ) ортақ белгілері мен тенденцияларын атап
көрсету, екінші жағынан кейбір елдердің табысқа жету формуласы мен
жетістіктерін, ал басқа елдердің жеңілістерін атап өту қажеттілігі
туындайды.
Функцияларды осылай бөлу олардың жеке түсіндірілуін талап етеді. Атап
айтқанда АҚШ, Қытай сияқты мемлекеттердің "шабуыл жасау" саясаты сол
елдердің бүкіл әлемге әсер етуіне жағдай жасайды. Ал басқа мемлекеттерге
қатысты "шабуыл жасау" саясаты көршілестік, бейбітшілік принциптерін
жүзеге асырумен қатар, ынтымақтастықтың өсуіне әкелді. СЭС-тің жалпы
(барлық) құралдары әр мемлекеттің экономикасындағы қайта өзгертулердің
таңдалған үлгісінің негізі болып табылады. Бірақ олардың айырмашылықтары
сол құрамдардың белгілі бір бөліктерін таңдаумен және олардың
құрастырылуымен анықталады.
Енді таңдалған саясаттарды, стратегияларды атап өтейік: [5,119б]
• басшы, яғни топ жарып, алға шығу саясаты (ғылыми
технологиялардың рөлі жоғары болып саналатын өндірістерде жұмыс
істейтін жұмысшы күшінің проценті(hightrust societies));
• сонынан ілесіп даму саясаты (Қытайдағы халықтың 23-і
ауылшаруашылығында, ал өндірістік салаларда жұмыс істейтін
жұмысшы күшінің үлесі көп емес. Қытай табыстары батыс
технологияларына негізделген және олар қарапайым өндірістерде
шоғырланған, ал жаңа революция халықтың аз бөлігін қамтиды.);
• аралас типтегі өтпелі экономикасы бар қоғамның жетілуі (табиғи
ресурстарды пайдалану факторының басым болуы және табиғи өсім
есебінен дамуы). Экономикалық саясаттағы өзгерістердің үлгісін
таңдау проблемалық сипат алып отыр. Ол мемлекеттің тұрақтылығын
қамтамасыз етеді, кез келген өзгеріс сияқты халықаралық өзара
байланыстар жүйесінде де өзгерістер туғызады.

2 Қазіргі Қазақстанның экономикасы, әлемдік нарықтағы орны мен ролі
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орны

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егемеңді тәуелсіз мемлекет ретінде
дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай
Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 200-дей біріккен кәсіпорын құрылды.
Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония,
Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге
асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия,
Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс еддерімен дамуда.
Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз
елдерімен экономикалыкқ қатынастар басым бағыттар ұстауда. Еуропа
экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен
стратегиялық мүдделілікті байқатады. Дәстүрлі экономикалық қатынастарды
Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен
өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі
кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.
[6; 3б.]
Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік
негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана
қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін
арттыруды көздеп, ішкі нарықты өзімізде шығарылған тауар мен толтыруды
мақсат етеді.
Әлемдік экономикаға қарай интеграциялану, бүгінгі таңда Қазақстан
экономикасын тығырықтан алып шығудағы жүзеге асырылатын басты міндеттердің
бірі республиканың әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тезірек бірігуі болып
отыр. Мұнда біз өз мүмкіндіктерімізді дұрыс бағалап, әлемдік еңбек
бөлінісінде өз орнымызды табуға және осы қоғамдастыққа кіру тәсілдеріне
байланысты болады. Осы күрделі міндеттерді орындау үшін бізде барлық
қажетті алғы шарттар: орасан зор шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және
маман кадрлар әлеуеті, нарықтық реформаларды белсенді жүргізуге
көмектесетін тұрақты қоғамдық – саяси жағдай сондай – ақ, Қазақстан
басшылығының шаруашылық жүргізудің нарықтық түрлеріне өту қажеттігіне деген
берік сенімі мен осы бағытта қолданылып жатқан шаралар бар.
Қазақстан мемлекетаралық қатынастарға 1992 жылдан бері шығып келеді.
Сол уақыттан бері 40-тан астам мемлекеттің іскер топтарының ресми
адамдарымен және өкілдерімен келіссөздер болды. 20-дан аса сауда-
экономикалық келісімдерге қол қойылды.
Бүгінде республикада 160-тан астам шет ел фирмаларының, банкілерінің,
өзге ұйымдардың өкілдерді тіркелді. Мысалы, АҚШ бізде өзінің 11, Жапония 9,
Швейцария 8, Ұ Ұлыбритания 5 өкілдіктерін ашты. Бұл ретте Германия ең
алдында келеді, оның 22 өкілдігі бар. [7; 4б.]
Сауда – экономикалық, ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық
комиссиялар Германиямен, Қытаймен, Тұркиямен, Израильмен, Иранмен,
франциямен, Үндістанмен және басқа да бірқатар елдермен табысты жұмыс істеп
жатыр.
Қазақстан қазір әлемнің 80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Егер
тауар айналымы көлемі туралы айтсақ, онда оның ең үлкен үлесі 22% Қытайға
келеді. Ал батыс жақтағы елдердегі Қазақстан экспорты үлесінің көлемі 60%-
ке таяйды, соның ішінде Германияға 13,5%, Ұлыбританияға 11,6%, Швейцарияға
11%, Нидерландыға-4,7%, Австрияға 2,5% келеді.
Соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар саны тез өсуде. Біздің
серіктестеріміздің ішінде белгілі "Шеврон" мұнай – газ өндіретін
компаниялары бар. Шетел капиталын тартпайынша осы заманғы экономиканы тез
құру, оның құрылымдарындағы қиғаштықтарды жою тіпті де мүмкін емес.
Сондықтан республикада шетел инвесторлары үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз
ететін бірқатар заңдар қабылданды. Сырттан келетін капитал үшін
Үндістанмен, Жапония және АҚШ – пен келіссөз жүргізілуде.
Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергетикалық,
металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi.
Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан,
магний, қарашiрiк, синтетикалық каучук, шайыр, пластмасса, химиялық
талшықтар, автомобиль шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл
жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш
трансформаторларын, рентген аппараттарын, ауыл шаруашылығы машиналарын,
тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндiредi. Әлемдiк экономика ауқымында
Қазақстан — тауар рыногiне мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн
металдар, уран өнiмiн шығарушы ел. Кен қазу өнеркәсiбi Қазақстан
экономикасының жетекшi секторы болып табылады. 2001 ж. өнеркәсiп
өндiрiсiнiң 44,3%-ы осы өнеркәсiптiң үлесiне тидi. Қазақстанда көмiр-
сутектi шикiзаттың бiрегей қоры бар. Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-
орында. 250-ден астам мұнай-газ кенiштерi ашылды, олардың көбi
республиканың батыс бөлiгiнде, негiзiнен Атырау облысында. Олардың iшiнде 1
млрд. т-дан астам мұнай қоры бар Теңiз кенiшi; газ қоры 1,3 трлн. м3 және
конденсат қоры 700 млн. т-ға жуық Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенiшi;
сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Құмкөл
кенiштерi бар. 2000 ж. Қазақстанда Солтүстік Каспий қайраңында iрi мұнай
кенiшi (Қашаған) ашылды. Бағалаудың алғашқы кезеңiнде кенiштiң жалпы
геологиялық қоры 38,4 млрд. баррель, ал өндiрiп алынатын қоры — 13 млрд.
баррельге жуық. Атырау облысындағы аса iрi кенiштер: жалпы қоры 800 млн. т-
дан астам, Теңiз кенiшi (оның бастапқы өндiрiп алынатын қоры 700 млн. т),
Королев кенiшi (бастапқы өндiрiп алынатын қоры 30,5 млн. т), Кенбай кенiшi
( 30,8 млн. т). Маңғыстау облысындағы аса iрi мұнай кенiштерi: Өзен,
Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы
Қарашығанақ пен Жаңажолдың мұнай мен газ өндiрiсiндегi келешегi зор.
Республикада мұнай-газ саласын 2002 ж. “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы
мен “Мұнай және газ тасымалы” ұлттық компаниясының бiрiгуi жолымен құрылған
“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы басқарады. Қазақстанда мұнай мен газ өндiру
iсi шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда (“Теңiзшевройл”
бiрлескен кәсiпорны, “Қазақойл-Ембi” АҚ, “Атырау мұнай компаниясы”,
“Қазақстанкаспийшельф”, “Каспий-мұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-дары, т.б.).
Мұнай-газ секторының өнiмi Еуразия құрлығының ондаған елдерiне
экспортқа шығарылады (аса iрi импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания,
Украина, Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында мұнай мен газ
конденсатының үлесi 2001 ж. 49,3% болды. Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң
жалпы көлемiнде түстi металлургияның үлесi 11%. Өндiрiс деңгейi бойынша
Қазақстан әлемде тазартылған мысты iрi көлемде өндiрушiлер мен экспортқа
шығарушылар қатарына жатады. Республиканың әлем бойынша мыс өндiрудегi
үлесi 2,3%. Қазақстан мысының негiзгi импортшылары: Италия (50%) мен
Германия (35%). Экспорт құрылымында мыс пен мыс қорытпалары 7%. Тазартылған
мыстың 90%-ын “Қазақмыс” корпорациясы өндiредi, ол Қазақстанның түрлi
аймақтарында бiрнеше зауыттарды, кенiштердi және энергия нысандарын
бiрiктiрiп отыр. Қазақстан темiр кентасының қоры жөнiнен әлемде 8-орында.
Оның әлемдiк қордағы үлесi 6%. Елде өндiрiлетiн темiр кентасының 70%-дан
астамы экспортқа шығарылады. Қазақстанның қара металлургиясы өнеркәсiп
өнiмi көлемiнiң 7%-ға жуығын өндiредi. Мұндағы аса iрi кәсiпорын –
Қарағандыдағы “ИспатКармет” металлургия комбинаты, ол шойын мен дайын қара
металдар қақтамасының 100%-ын және болаттың 90%-дан астамын өндiредi. Бұл
комбинат өнiмi ТМД елдерi мен алыс шет елдерге экспортқа шығарылады. Сондай-
ақ, “Жәйрем кен-байыту комбинаты” АҚ тотыққан марганец және темiр-марганец
кентастарынан жоғары сапалы марганец концентраттарын өндiредi. Қазақстанда
хромды кентастардың мол қоры бар, ферроқорытпа зауыттары жұмыс iстейдi.
1994 жылдан кен-металлургия кешенi кәсiпорындарының көбi шетелдiк және
отандық компаниялардың басқаруына берiлдi. 1996 — 1997 ж. кен байыту және
металлургия кәсiпорындарын бiрыңғай технологиялық тiзбекпен байланыстырған
iрi бiрлестiктер құрылды, олар: “Қазмырыш”, “Қазақмыс” корпорациясы,
“Қазақстан алюминийi”, “Испат-Қармет” ААҚ-дары, “Қазхром” Ұлттық
акционерлік компаниясы. Лондондағы Уран институтының есебiне қарағанда,
әлемде барланған уран қорының 25%-ы Қазақстанда. Полиметалл кенiштерi
негiзiнде Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл, Зырян қорғасын,
Шығыс Қазақстан мыс-химия, Ертiс полиметалл, Жезкент кен-байыту
комбинаттары жұмыс iстейдi. Кәсiпорындардың басқа бiр тобы — Өскемен титан-
магний, Белогор кен-байыту комбинаттары, Үлбi металлургия, Ертiс химия-
металлургия зауыттары сирек металдармен олардың қосылыстарын, т.б. шығаруға
мамандандырылуда. Республикада 3 мұнай айыру зауыты, сары фосфор алынатын
фосфориттi кентастарды өңдейтiн iрi кешен “Қазфосфат” ЖШС жұмыс iстейдi. Ол
“Қаратау” кен-химия комбинаты, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, Минералдық
тыңайтқыштар зауыты сияқты аса iрi кәсiпорындарды бiрiктiрiп отыр.
Республиканың машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы
көлемiнде 3%-ға жуық. Оңтүстік аймақта Станок жасау зауыты, Алматыда Ауыр
машина жасау зауыты жұмыс iстейдi, олар түрлi станоктар шығарады. Солтүстік
аймақта “Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-терi,
“ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “С.М. Киров атындағы зауыт”, Петропавл “Ауыр машина
жасау зауыты” АҚ-дары сияқты iрi машина жасау кәсiпорындары жұмыс iстейдi.
Олар ауыл шаруашылығы машиналары үшiн қосалқы бөлшектер, жабдықтар,
двигательдер, көшпелi электр станцияларын, тамақ өнеркәсiбi үшiн жабдықтар,
газ бен электр энергиясының шығынын есептейтiн есептеуiштер шығарады.
Қазақстан Еуроазия құрлығының ортасында орналасқандықтан транзиттiк
тасымал саласында айтарлықтай орын алды. Республиканың жер бетiндегi көлiк
магистралiнiң ұзындығы 106 мың км. Оның iшiнде 13,5 мың км — темір жол,
87,4 мың км — автомобиль жолы, 4 мың км — өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай
арасында Достық — Алашанькоу шекаралық темір жолы өткелi, Түрiкменстан мен
Иран арасында Серакс – Мешхед темір жолы өткелi салынған соң Ұлы жiбек жолы
бойында жаңа транзиттiк дәлiздер ашылды: Қытайдың Тынық мұқиттағы
Ляньюнган, Циньдао, Тяньцзин порттарынан Қазақстан, Қырғызия, Өзбекстан,
Түрiкменстан, Иран, Түркия, Жерорта теңізі мен Парсы шығанағының порттарына
қатынау мүмкiндiгi туды. Бұл жолмен жүк тасымалдануда. Автомобиль
жолдарының торабы Ресей Федерациясына, бұрынғы одақтық республикаларға,
сондай-ақ, Қытайға, Түркияға, Иранға, Қара т. бен Жерорта теңізінiң, Үндi
мұхитының порттарына шығуға мүмкiндiк бередi. Теңiз кеме қатынасы Каспий
теңізінде Ақтау порты арқылы өтедi, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен
Қара теңіз бен Балтық теңізіне шығады. “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе
компаниясы, басқа да жетекшi компаниялары жолаушылар тасымалын жүзеге
асыруда.

2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, орны

Егемендік алғаннан бері Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдарға мүше
болып енуде.
Халықаралық экономикалық ұйымдардың қалыптасуы мен дамуы мемлекеттердің
жақындасуы мен интеграциялануына негіз болып отыр. 1992 жылдың 2 наурызында
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді және осы бүкіләлемдік ұйымның 164 –
ұлттық мүшесі болды.
Сонымен бірге Қазақстан еуразиялық қауіпсіздікті нығайту саласында
мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр. Алматыда Азиядағы өзара
байланыс және сенімділік шаралары бойынша Кеңесті дайындау үшін арнайы
жұмысшы топтың екі мәжілісі болып өтті. Бұл мәжіліс жұмысына 20-ға жуық
Азия елдерінің сарапшылары қатысты. Қазақстан өкілдерінің БҰҰ – ның
көмекші органдарындағы жұмысы күн санап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы. Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді механизмі
Ашық экономика мәні
Қазақстанның экономикалық жүйесі: ерекшеліктері, өндірістік құрылымы
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар туралы
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Экономикалық қауіпсіздік - мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі
Экономикалық факторлар және мемлекеттің төлем балансы
Мемлекеттің экономикалық саясаты және оның белгілері
Нарықтық экономика теориясы
Пәндер