АЛҒАШҚЫ ГАЗЕТТЕР ТІЛІНДЕГІ БҰЙРЫҚ РАЙЫ


Қазақстан Халықтар Достығы университеті
ӘОК 81 367 625-512. 122 18/19 Қолжазба құқында
Насирдинов Бауыржан Патшаханұлы
XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ басылымдарының когнитивті-прагматикалық аспектісі (Түркістан уалаяты, Дала уалаяты газеттері бойынша)
6М011700- Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Рефераты
Ғылыми жетекшісі:
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент
Ақкөзов Ә. Ә.
ШЫМКЕНТ 2014
Мазмұны
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
I Тарау
Қазақтың алғашқы мерзімді баспасөзіндегі дүниенің тілдік бейнесі
1. 1. Түркістан және дала уалаяты газеттерін тіл білімінің қазіргі
кездегі жаңа бағыттарымен сабақтастыра зерттеу.
1. 2. Дүниенің тілдік бейнесін танытудағы дискурс пен мәтіннің рөлі.
1. 3. Алғашқы медиа-мәтіндегі ғаламның тілдік бейнесі.
2. Түркістан және дала уалаяты газеттерінің тілдік дүниесінің деңгейлік құрылымы
2. 1. Алғашқы медиа-мәтіннің вербальды-семантикалық деңгейі
2. 2. Алғашқы медиа-мәтіннің лингвокогнитивтік деңгейі.
2. 3. Алғашқы медиа-мәтіннің прагматикалық деңгейі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қазақ елі XIX ғасырдың II жартысында Ресей патшалығының толық отарына айналуының аяқталуымен сәйкес келді. Патша үкіметі қазақ еліндегі ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан ел басқару ісін қоғам өмірінен біртіндеп ығыстырып, өздеріне тиімді әкімшілік жүйесін қалыптастырды. Толық отарына айналған елді басқарып, өз игілігіне толық пайдалану үшін, патша үкіметі қолынан келген барлық мүмкіндікі пайдалануға тырысты. Осының негізінде қазақ жерінде патша үкіметінің жергілікті әкімшілік органдарының ресми басылмы ретінде қазақтың ұлт тіліндегі алғашқы мерзімді баспасөзі(«Түркістан уалаятының газеті» 1870-1883, «Дала уалаятының газеті» 1888-1902) дүниеге келді. “Түркiстан уалаятының газетi” 1870 жылы 28 сәуiрде сол кездегi Түркiстан генерал губернаторлығының орталығы болған Ташкент қаласында дүниеге келдi. Алғашқыда бұл басылым сол кезде орысша жарық көрiп тұрған “Туркестанские ведомости” газетiне қосымша ретiнде айына төрт рет екi саны қазақша, екi саны өзбекше болып жарыққа шыққан[1, 8] . Газет негiзiнен қазақ жерiнiң оңтүстiк өлкелерiне, Семей, Омбы, Ақмола, Орал секiлдi қалаларына таралып тұрған. Бiрақ, газет тиражы 250 данадан аспаған[1, 9] .
“Түркiстан уалаятының газетi” ең алдымен сол кездегi Түркiстан генерал губернаторлығы тарапынан, әскери губернаторлықтардың тарапынан және өзге де әкiмшiлiк басқарма иелерiнiң тарапынан жергiлiктi халыққа қатысты әр түрлi бұйрықтары, сот орындарының шешiмдерi, сауда хабарлары, сондай-ақ қазақ халқының тарихына, мәдениетiне, әдебиетiне қатысты материалдар, орыс халқының бай әдебиетi мен ғылым жолындағы iзденiстерi, алыс- жақын шет мемлекеттерде болып жатқан түрлi уақиғалармен қалың көпшiлiк қауымды хабардар етiп отырды. Газет өз кезегiнде сол кезеңге дейiн ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ауыз әдебиетi үлгiлерiн, сонымен қатар түрлi салаға қатысты мақалаларды жариялай отырып, бiрiншiден, қатынас тiлiн қолданып қана қоймай, оның дамуына үлес қосса, екiншiден, әдеби тiлiмiздiң лексикалық, грамматикалық жағынан нормалануында белгiлi қызмет атқарды[2, 10] . Қазiргi таңда “Түркiстан уалаятының газетiнiң” түпнұсқасы түгелдей Санкт-Петербургтағы М. Е. Салтыков-Щедрин атындағы мемлекеттiк кiтапханада, Пленкаға түсiрiлген көшiрмесi ҚРҰҒА кiтапханасының сирек қолжазбалар бөлiмiнде[10, 85], Ташкент қаласындағы “Әлiшер Науайы” атындағы өзбек ұлттық кiтапханасының сирек кiтаптар бөлiмiнде 1874, 1875, 1876 жылдардағы сандары[42 саны] өзбек тiлiнде шыққан осы газеттiң тiгiндiлерiмен бiрге түптеліп, сақталған.
“Түркiстан уалаятының газетi”-нен кейiн 1888 жылдың 1 қаңтарынан бастап сол кездегi Дала генерал губернаторлығының орталығы болған Омбы қаласында “Дала уалаятының газетi” деген атпен екiншi қазақ тiлiндегi басылым дүниеге келдi. Газет орыс тiлiнде шығатын “Акмолинские областные ведомости” газетiне қосымша ретiнде екi тiлде орысшасы “Особое прибавление к Акмолинским областным ведомости” деген атпен шықты. Ал 1884 жылы газет құрылымы қайта өзгертiлiп, қазақшасы “Дала уалаятының газетi” деген атпен, орысшасы “Киргизская степная газета” деген атпен шыға бастады. Газет 1902 жылдың алғашқы үш айына дейiн аптасына бiр мәрте шығарылды. Басылым жергiлiктi әкiмшiлiк орнының ресми басылымы болғандықтан, оны қаржыландыру да, басшылық жасау да генерал губернатордың қадағалауында болды[3, 5] . “Дала уалаятының газетi” патша үкiметiнiң ресми органының ресми құралы болғанымен, өзiнен сәл бұрын шыққан “Түркiстан уалаятының газетi” -не қарағанда таралымы жағынан болсын, көтерген саяси-әлеуметтiк мәселелерi жағынан болсын анағұрлым озық болды. Газеттің жалпы таралымы жөнінде Б. Әбілқасымов «Басылымның барлық тиражы бiзге мәлiм емес, бiрақ бiр мәлiметтерде газетке “мiндеттi жазылушылар” дегеннiң (болыстық, ауылдық қызмет адамдары) саны 1332 адам екенi көрсетiлген»-деп көрсеткен[1, 13] .
Басылым патша үкiметiнiң жергiлiктi әкiмшiлiктiң жетегiнде болғанымен, газет төңiрегiне қазақтың оқыған, көзi ашық азаматтары топтасты. Сонымен қатар газеттiң халықтың мұң-мұқтажын, қоғамдық саяси мәселелерiн көтеруде бағыт-бағдар берiп, жөн сiлтеуде патша үкiметiнiң саясатына қарсы шыққан, бостандықты көксеген Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев, Л. К. Чермак секiлдi орыс азаматтарының көмегi ерекше болған[4, 10] . Газет беттерiнде жергiлiктi ұлт өкiлдерiн отырықшылдыққа, егiншiлiкке, өнер-бiлiмге, мәдениетке үндеген көптеген мақалалармен қатар, қазақ және орыс елiнiң ауыз әдебиетi үлгiлерi, ағартушы тұлғалардың шығармалары, шығыс елдерiнiң әдебиет нұсқалары секiлдi материалдарды көптеп кездестiремiз. Бұдан басқа да газет беттерiнде медициналық, ветеринарлық кеңестерi, жаратылыс құбылыстары туралы қызықты мәлiметтер, ауыз әдебиет үлгiлерi, ертегiлер, аңыздар т. б. көптеген құнды материалдарды кездестiремiз.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы ”Түркістан уалаят газеті” және ”Дала уаляты газеті” жазба әдеби тiлiмiздiң қалыптасып, дамуында ерекше маңызды рөл атқарғандығын көремiз. Ең алдымен бұл басылымдар жергiлiктi әкiмшiлiк орындарының отаршылдық саясатында негiзгi құралы бола тұра, қазақтың мерзiмдi баспасөзiнiң көш басы ретiнде аталатындығы ақиқат. Екiншiден, бұл басылымдар қазақ тiлiнде бұрын болмаған қоғамдық-публицистикалық және ресми iс-қағаздары стильдерiн қалыптастырды. Бұл басылымдардың алдыңғысы үш тiлде, кейiнгiсi екi тiлде жарық көргендiктен аударма iсiнiң де алғашқы қадамдары жасалғандығын көремiз.
Жазба жәдігерлер дүниеге келген дәуірінен хабар беріп қана қоймай, сол кезеңдегінің халықтың тұрмыс- тіршілігінен, тілінен, мәдениетінен, қоғамдағы болып жатқан түрлі өзгерістер мен құбылыстарға сай өзіндік пікірлеріне мол мағұлмат береді. Өткен тарихымыздағы баспа бетін көрген түрлі тарихи жәдігерлерді бүгінгі ғылым салаларымен байланыстыра зерттеу, құнды дүниелерді келешек ұрпақтың керегіне жарату, бүгінгі зерттеушілеріміздің еншісінде екендігі ақиқат.
Ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасуы мен дамуында өзіндік орны бар жоғарыда аталған қазақтың алғашқы мерзімді баспасөз құралдары бүгінгі күнге дейін зерттелмей қалған жоқ. Алғашқы мерзімді баспасөз құралдары ғылымның әр саласы бойынша біршама ғалымдарымыздың зерттеу нысаналарына айналып, жарыққа шыққан еңбектері қалың көпшілік қауымның шынайы ықыласына бөленді. Б. Кенжебаев, Х. Бекхожин, Ү. Субханбердина, Б. Әбiлқасымов, С. Исаев, Қ. Атабаев, Ө. Әбдiманов Б. Момынова, Қайрат Сақ, Қ. Есенова, Ф. Жақсыбаева, Б. Райымбекова, Р. Омарова секілді ғалымдарымыздың және осы ғалымдарымыздың ізімен келе жатқан өзге де зерттеушілерде атауға болады.
Біздің зерттеу жұмысымыз жоғарыда аталған, бүгінгі күндегі қазақтың ұлт тіліндегі мерзімді баспасөз құралдарының көшбасы, қазіргі кездегі қазақ елінің сан мыңдаған бұқаралық ақпарат құралдарының алғашқы қарлығаштары ретінде тарих төрінен өз орнын алған «Түркістан уалаятының газеті» және «Дала уалаятының газеті» жөнінде болмақ. Зерттеу жұмысымыз тілі білімінің қазіргі кездегі жаңа бағыттарынан саналатын когнитивті лингвистика және прагматикалық лингвистика шеңберінде жүргізіледі. Яғни, қазақ тіліндегі алғашқы медиа-мәтінді когнитивті-прагматика аясында қарастырамыз.
Зерттеудің өзектілігі. Қай кезеңде болмасын дүниеге келген қолжазба болсын немесе баспа бетін көрген басылымдар болсын өз заманының өмір сүріп отырған көпшілік қауымына түсінікті болуын ескеретіндігі анық. Ал, тіл уақыт көшімен ілесе отырып, дамитындығын ескерсек, біз сөз еткелі отырған алғашқы газеттердің тілдік бейнесі, ондағы жарияланған материалдардағы тілдік дүниенің берілуі, лингвомәдени бірліктердің қолдану деңгейі антропоцентристік тұрғыдан талдау жасау жұмысымыздың өзектілігі болып саналады.
Зерттеудің нысаны. «Түркістан уалаяты» және «Дала уалаяты» газеттерінде жарияланған мәтіндердегі дүниенің тілдік бейнесінің концептілік аясы және лингвомәдени бірліктердің қолданысы, тілдік бірліктерді қолданудағы прагматикалық ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келген қазақтың алғашқы мерзімді басылымдарының сол кездегі қоғам өмірінде болып жатқан түрлі өзгерістерді суреттеудегі тілдік бірліктерді пайдалану ерекшелігі, прагматикасы анықталып көрсетіледі.
Осының негізінде мынадай міндеттер белгіленді:
- Түркістан және дала уалаяты газеттеріндегі дүниенің тілдік бейнесі;
- Алғашқы медиа-мәтіннің вербальды-семантикалық деңгейі;
-Алғашқы медиа-мәтіннің лингво-когнитивтік деңгейі, концептілер өрісі когнитивті-прагматикалық тұрғыда анықтау;
-Алғашқы медиа-мәтіннің прагматикалық деңгейі;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақтың алғашқы мерзімді басылымдарының
Зерттеу әдістері. Жұмыстың зерттеу нышанының ерекшеліктеріне сәйкес сипаттау, талдау, тарихи-салыстырмалы, баяндау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Диссертациялық жұмыстың негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдары жоғарғы оқу орындарында оқытылатын «Когнитивті лингвистика», «Прагмалингвистика», «Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәндеріне пайдалануға, Сондай-ақ, мерзімді баспасөз құралдарының тілін зерттеушілірге көмегі бар.
Қорғауға ұсынылып отырған негізгі тұжырымдар. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақтың тұңғыш мерзімді баспасөз құралдары «Түркістан уалаятының», «Дала уалаятының » газеттері біріншіден, сол кезеңдегі қоғам өмірінде болып жатқан түрлі саяси өзгерістерді көпшілікке таратып отырды. Екіншіден, қазіргі қазақ жазба әдеби тілін қалыптастырушы ретінде еңбегі кемел. Себебі, алғашқы газеттер қазақ халқының сан ғасырлар ұрпақтан ұрпаққа ауызша тарап келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілерін хатқа түсіріп, әдеби тіліміздің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жағынан нормалануында да ерекше қызмет атқарды.
Жұмыстың әдістанымдық негізі. Зерттеуімізде қазақтың көрнекті ғалымдары және тақырыпқа қатысы бар ғылым кандидаттарының авторефераттарын пайдаландық. Жалпы, теориялық мәселелерде М. Оразов, Қ. Есенова, У. Нұргелді, Б. Момынова, Нұрдаулетова Б. И. С. Жиренов секілді ғалымдардың еңбектерін негізге алдық және пайдаландық.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақтың алғашқы мерзімді баспасөзіндегі дүниенің тілдік бейнесі
Түркістан және дала уалаяты газеттерін тіл білімінің қазіргі
кездегі жаңа бағыттарымен сабақтастыра зерттеу.
Адам баласы көне дәуірден бастап-ақ өзінің ғұмырында айналасындағы болып жатқан түрлі табиғаттың тылсым құбылыстарына және өзге де қоғам өмірінде болып жатқан өзгешеліктерге өз қызығушылығы шегінде өмірге, қоғамға деген түрлі пікірлерін қалаптастырды. Осының негізінде қоғамда түрлі ғылым салалары қалыптасты. Адамзатпен бірге жасасып келе жатқан ғылым салалары уақыт өткен сайын дамып, жетіліп, өзінің зерттеу аясын кеңейтіп отырды. Ғылым салалары дамыған сайын бір ғылым салалары жаңа заңдылықтарды өмірге келтіріп жатса, енді бір ғылым салаларынан өзге жаңа бір ғылым салалары бөлініп шығып жататындығы заңды құбылыс. Қазіргі күндегі тіл білімі төңірегіндегі зерттеулерді қарайтын болсақ осы жағдайдан айналып өтпегендігін көреміз. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап лингвистикада жаңа ғылым салалары қалыптасып, ғылыми зерттеу еңбектер дүниеге келе бастады. Әлемдік және отандық лингвистикада сол кезге дейін қалыптасып келген ішкі жүйелік зеттеулермен қатар, антропоцентристік бағыттағы тіл біліміндегі жаңа ғылым салаларына байланысты зерттеулер жарыққа шыға бастады. Яғни, тіл білімінде психолингвистика, паралингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, әлеуметтік лингвистика, когнитивті лингвистика секілді ғылым салалары қалаптасты. Бүгінгі күнде осы аталған ғылым салаларының теориялық тұжырымдары бағытында, ұлттың өткен тарихи кезеңдерінен хабар беретін жазба жәдігерлерін, жеке тұлғалардың шығармашылығында тілдік бірліктерді пайдалану ерекшеліктері жөніндегі көптеген ғылыми дүниелер жарыққа шықты. Өткен дәуірлердегі халықтың тұрмыс тіршілігінен хабар беретін жазба дүниелерін зерттеп, зерделеп, бүгінгі тіл біліміндегі қалыптасқан жаңа бағыттарымен сабақтастыра қарап, келешек ұрпақтың керегіне жарату, қазақ тіл біліміндегі негізгі мәселелердің бірі.
Тіл біліміндегі жаңа ғылым салалары адамзаттың тілмен және тілдің адамзатпен байланысы аясында зерттеулерін жүргізе бастады. Осының негізінде тілді өз зерттеулерінің нысанасы етіп алған ғалымдар тіл туралы түрлі өзіндік пікірлерін қалыптастыра отырып, зерттеу еңбектерін жариялады. Т. Р. Қордабаев тілге берілген анықтамаларды үш мәселенің аясында топтастыруға болады дейді. Ғалым “Біріншісі-тілдің экспрессивтік қызметін негізгі критерий етіп берілген анықтамалар”-деп, оған “Тіл-ойды туғызатын орган” (В. Гумбольдт), “Тіл-ойдың дыбыстық көрінісі” (А. Шлейхер), “Тіл-ойдың формасы” (А. Потебня), “Тіл-теориялық ой-сананың сыртқы көрсеткіші”(Гегель) секілді ғалымдардың тілге берілген анықтамаларын келтірсе, “Екіншісі-тілдің коммуникативтік қызметін негізгі критерий етіп берілген анықтамалар”-деп, бұл топтағы зерттеушілердің пікірі тіл-қоғам мүшелерінің, яғни, адамзаттың бір-бірімен өз ара түсінісуі үшін жаралған деген пікірдегілер дейді, “Үшінші- тілдің құрылымдық, жүйелік сипатын басшылыққа алудан, соны критерий етуден туған анықтамалар”- деп, оған “Тіл-идеяны білдіретін таңбалар(знак) жүйесі”(Ф. де Соссюр), “Тіл-шартты таңбалар жүйесі”(Г. Эббингхаус), “Тіл дегеніміз-дыбыстық құрылым” (Ф. Кайнц), “Тіл-таза қатынастардың құрылымы” (Л. Ельмслев), “Тіл-семиотикалық жүйе”(С. К. Шаумян) деген секілді пікірлерді келтіре отырып, оларды саралай келе “Шынында да, тіл атқаратын қызметі жағынан алғанда, қатынас құралы, ойды қалыптастырушы, болып табылады да, өзіндік сипаты, құрылымдық белгісі жағынан алғанда, таңбалар жүйесі, семиотикалық жүйе. Осы айтылған екі түрлі қасиетін, яғни, қызметі мен құрылымдық белгісін қоса алғанда, тіл- коммуникативтік, экспрессивтік қызметін атқарушы таңбалардың тарихи қалыптасқан жүйесі”-деген тоқтамға келген[5, 81-82] . Кез-келген халықтың тілі өзінің қарым-қатынастық негізгі қызметін атқара отырып, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, уақыт өткен сайын сөздік қорын молайтып, сол ұлттың ұлттық болмысынан хабар беретін негізгі дүниесі.
Қазақ тілінің алғашқы грамматикасын жазған, ұлт тілінің реформаторы А. Байтұрсынов “Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі”-деп анықтама береді[6, 141] С. М. Қарымбаева “Тіл- адам баласының қарым-қатынас және танымдық қызмет атқаратын механизм ғана емес, ақиқат әлем туралы ақпарат беретін саналы құбылыс. Тіл-ұлт қазынасы, халық тілі- сол халықтың шынайы болмысының айнасы”[7, 175] . “Тіл қарым-қатынас құралы ғана емес, ол-мәдениеттің, тұтас адамзатттың даму тарихының бір тұтас формасы. Ол өндірістік құралдар мен өндіргіш күштердің жетілуі жене күшеюінен байқалмай, адамдардың ақыл-ойының әрі оның бейнелеу қабілетінің өткірлігі, жүйелілігі, икемділігінен де байқалады”[8, 120] . Ә, Қайдаров “Бүгінгі таңда еркін дамып, толыға да, молыға түскен қазақ тілінің сөз байлығын, оның сан алуан сыры мен сипатын жан-жақты зерттеу, оның табиғатына үңіле, өзіндік ерекшелігін анықтай беру- сол тілдің қадір-құрметін біле-білген жанкүйер қауымның, зерделі де, зейінді сөз зергерлерінің, әсіресе, тамырынан тап басып, табиғатын танитын тіл мамандарының алдында тұрған жауапты да, ардақты міндеттердің бірі”-деп көрсетеді[9, 62] .
Антропроцентристік бағыттағы тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі-когнитивтік лингвистика. Қазақ тіл білімі саласында өткен ғасырдың екінші жартысында зерттеле бастаған ғылым саласы. Бұл ғылым саласы адам тілінің танымдық қызметі тұрғысынан қарастырады. Яғни, дүниенің бейнесі бірінші адам санасында орын алса, одан соң ол тіл арқылы беріледі. В. Г. Гак былай деп көрсетеді, “Все идет от действительности через мысль в язык, и все от языка возвращается через мысль в действительность” - деп көрсетеді [9. 22] .
Қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистика бүгінгі күнге дейі біршама ғалымдарымыздың зерттеу нысаналарына айналып, түрлі деңгейдегі еңбектері жарық көре бастады. Қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистика бағытындағы алғашқы пікірлер А. Байтұрсынов[10], Қ. Жұбанов[11], С. Аманжолов[12] секілді ғалымдардың еңбектерінен көреміз. Бұл еңбектерде когнитивті лингвистика ғылымына арнайы тоқталмағанымен, тілдің танымдық қасиеті мен адамның сөйлеу әрекеттері, тіл мен ойлау жөнінде өз пікірлерін білдірген. А. Байтұрсынов “Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1. Ақылға. 2. Қиялға. 3. Көңілге. Ақыл ісі-аңдау, яғни, нәрселердің жайын ұғу. тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі-меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына бейнесіне ұқсату, бейнелеу суреттеп ойлау, көңіл ісі-түю, талғау. Тілдің міндеті-ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау”[10, 10] .
Когнитивті лингвистика төңірегіндегі пікірлерге саралай келе, Б. Қалиұлы когнитивті лингвистикаға берілген анықтамаларды талдай келе, “Когнитивтік тіл білімі - таным (когниция) мен тілдің арасындағы байланысты, қарым-қатынасты, сәйкестікті білдіретін ғылым”[13. 150] .
Когнитивті ғылым ақпарат теориясынан ақпарат ұғымы, білім құрылымы, ақпаратты өңдеу, оны жадыда сақтау, одан қажетті мәліметтерді алу, тілдік формалар мен адам санасындағы ақпараттарды таратып түсіндіру (репрезентация) туралы мәселелерді иемденеді және адам санасы қалай ұйымдастырылған, адам дүниені қалай таниды, дүние туралы қандай мәліметтер білімге жатады, ментальды кеңістік қалай жасалады деген сұрақтарға жауап табуға ұмтылады» [14. 9] .
«Когнитивтік лингвисика (лат. сognition - білім, түсінік, көзқарас) -тіл біліміндегі бағыт. Тілді игеру, табиғи тіл механизмін түсіндіру үшін білім жинау, қолдану және оны түсіну моделін құру тұрғысынан зерттеледі. Когнитивтік лингвистика бұл модельді тек бүкіл когнитивті ғылымдар шеңберінде ғана жасай алады. Ол ғылым білімнің әр түрлі типтерін, олардың ұйымдастырылу және өзара әрекеттесу тәсілдерін зерттейді. Екінші жағынан, бүгінгі тілдерді зерттеу интенция, ес, семантикалық қорытынды, есте сақтау, түсіну, жоспарлау, дискурсты басқару сияқты когнитивтік категориялардың қатысуынсыз мүмкін емес. Оларда тілдік, сенсорлық, моторлық және басқа информациялар қамтылады. Когнитивтік лингвистика - тіл көмегімен информацияларды беру, сақтау құрылымдары мен тәсілдері туралы көзқарастарды тереңдетуге арналған» [15, 181б] .
А. Е. Карлинский когнитивтік лингвистикаға байланысты зерттеулерге шолу жасай отырып, “Нами была предпринята робкая попытка определить предмет когнитивной лингвистики как особого раздела науки о языке с трех позиций: отношения “сознание и язык”, “мышление иречь” и связь между ними (коммуникация) ” - дей келе, бұл айтылған үш мәселені төмендегідей саралап көрсетеді.
1) “Проблема связи языка и сознания выдвигает на первюе место исследование возникновения языковых категорий (лексических и грамматических) на основе человеческого опыта, накопленного в процессе преобразовательной и познаваельной деятельности. Иначе говоря, речь идет в данном случае о вопросе филогенеза «языковой картины мира».
2) Вторая задача когнитивной лингвистики - изучить отношение “реч-мышление” в процессе речемыслительной деятельности идеального индивида.
3) Третья задача когнитивной лингвистики заключается в исследовании реальной коммуникации (двустороннего дискурса) . С точки зрения соотношения языка - сознания и речи - мышления в процесса обмена мыслями между конкретными собеседниками в конкретной ситуации общения” [16, 85] . В. А. Маслова когнитивті лингвистикаға байланысты, “В когнитивистике главное внимание уделяется человеческой когниции, исследуются не просто наблюдаемые действия, а их ментальные ”[17, 10] .
“”“”[] “”[]
“”“”[] “”“”[] “”“”[]
1. АЛҒАШҚЫ ГАЗЕТТЕР ТІЛІНДЕГІ БҰЙРЫҚ РАЙЫ
1. 1. Алғашқы газеттер тіліндегі I жақ бұйрық рай, тұлғасы мен мағынасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz