Жамбыл облысына тарихи тұрғыдан сипаттама


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

1 Жамбыл облысына тарихи тұрғыдан сипаттама

1. 1 Аймақтың құрылу тарихы

1. 2 Жамбыл облысындағы тарихи орындар

1. 3 Аймақтағы киелі жерлер тарихы

2 Жамбыл облысына кешенді географиялық баға беру

2. 1 Аймақтың географиялық орны, кешенді сипаттама

2. 2 Ауданның әлеуметтік жағдайларын бағалау

2. 3 Халқының саны, құрамы және табиғи өсім

3 Жамбыл облысының экономикалық-географиялық және экологиялық баға беру.
3 Жамбыл облысының экономикалық-географиялық және экологиялық баға беру.: 3. 1 Ауыл шаруашылығы және экономикалық даму мүмкіндіктерін сараптау.
:
3 Жамбыл облысының экономикалық-географиялық және экологиялық баға беру.: 3. 2 Ауданның экологиялық жағдайына баға беру
:
3 Жамбыл облысының экономикалық-географиялық және экологиялық баға беру.: 3. 3 Жамбыл облысында туризмді дамыту мүмкіндіктері
:

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Туризмді құрумаңыздылығының басты себебі бәсекеге қабілеттілігі, туристер үшін тартымды нысандардың болуымен қатар, туристер санының ұлғаюы, көлік, мәдениет, сауда, қонақ үйбизнесі мен экономиканың басқа салаларының дамуынаықпал жасау мүмкіндігімен айқындалады. Елімізде туризм негізінде дамытуға барлық алғышарттар қалыптасқан, яғнибұл тарихи және архитектуралық ескерткіштердің, емдеусауықтыру орындарының, қорықтар мен қаржы, білім беру, мәдени орталықтар ретінде дамыған қалалардың туристергетартымды болуымен ерекшеленеді. Мұндай келіс іріинвестициялық жобалар жүзеге асырылатын саласы ретінде есептелінетін, туризм жәнеспорттың дамуына қатысты. Туризмдік даму ретінде капитал көлемін ұлғайтып құрылыс, көлік, көңіл көтеру индустриясын дамуына ықпал жасайды. Сонымен бірге, туризм қазіргі уақытта аса назарғаалынбаған әлуетті туристік ресуртарға ие Қазақстанаймақтарының бір қалыпты дамуына мүмкіндік жасайды. Туризмнің дамуын қолдау мемлекеттік және жекесектордың кешенді іс-әрекеттеріне, атап айтсақ, өңірдідамытудың қалыпты және серпінді әлеуметтік-экономикалық деңгейіне жету мақсатында бәсекегеқабілетті туристік индустрия құрудың басымдылығынтүсінуге негізделеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Жамбыл облысында туризмді дамытудың теориялық және практикалықнегіздерін зерттеу мен құру бойынша нақты ұсыныстардыжасау.

Зерттеу мақсатына байланысты туындайтын негізгіміндеттер:

-​туристік салада саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарын көрсету;

-​Жамбыл облысына қазіргі заманға сай кластерді құрумүмкіндіктерін негіздеу;

-​туризмнің бәсекеге қабілеттілігін анықтау.

Зерттеудің пәні - туризмді дамыту мен облыстың туристікәлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін негізгі бағыттардыанықтау және даму перспективаларын бағалау.

Зерттеудің нысаны - Облыстың туризм , туризм қатысушыларының қызметі мен осы салаға тиесілі инфрақұрылым жағдайы негізінде саланыңбәсекеге қабілеттігінің деңгейі.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелікнегіздері . Зерттеу барысындағы қарастырылып отырғанмәселелер төңірегіндегі шетелдік және отандықғалымдардың еңбектері жұмыстың теориялық жәнеәдістемелік негіздері болып табылады. Зерттеуматериалдарын өңдеуде логикалық, жүйелік, статистикалықжәне салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық негізі ретіндеБүкіләлемдік Туристік Ұйымның, Қазақстан Республикасытуризм және спорт Агенттігінің, Қазақстан Агенттігінің мәліметтері пайдаланылды.

1 Жамбыл облысына тарихи тұрғыдан сипаттама

  1. Аймақтың құрылу тарих

Аудан 1928 жылы Әули еата ауданы атымен (шамамен 956-992 ж. өмір сүрген Қарахан әулетінен Әулие ата атанған екінші ханның мекені болған) Сырдария өлкесіні құрамында өмірге келген. Аудан орталығы Әулие ата қаласында болған. Бұл Кеңестер Одағының жер жерде коллективтендіру науқанын жүргізе бастаған шағы. Аудан алғаш құрылғанда 18 ауыл шаруашылық артелі жұмыс істеген. 1932 жылдың 20 ақпанында Сырдария өлкесі, Қызылорда Түркістан облысы болып екіге бөлініп Әулие ата ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қалды. Ал, 1926 жылдың 10 қаңтарында Әулие ата ауданы сол кездегі Қазақстанның басшысы Мирзоянның есімімен аталды. Қазақтар «Мырзажан» немесе «Мырза бала» атаған. Мирзоян 1928 жылы халық жауы болып ұсталып кеткен соң, ауданға осы жылдың 3 шілдесінде қазақ халқының Гомері атанған ұлы Жамбылдың есімі беріледі.

«Ұлы жұт» - ашаршылықтан кейінгі 1935 жылы аудандағы колхоздардың саны 60қа жетті. Алайда ауыл шаруашылығы өндірісін жетік білетін маман кадрлар, құрал сайман жетіспеді. «Жүк ауырын нар көтереді» деген, осы тұста елдің белін көтеріп, колхоз қабырғасын өруге Құлманбаев, Б. Кейкиев, Б. Тайшап, А. Байзақ, Үкібаев сияқты арда азаматтар келіп, қыруар шаруаның қыл шылбырын есті, үлкен ұйымдастырушылық іс жүргізді.

1937 жылдың наурызында Жамбыл ауданының құрамынан Свердлов, Луговой аудандары бөлініп шықты. Сол кезде ауданда 7 селолық совет, 40 колхоз, 5 совхоз, 3 МТС болды. Колхоздар мен МТС-терді ұйымдық жағынан нығайту, олардың материалдық-техникалық базасын күшейту нәтижесінде егіс көлемі, мал саны едәуір көбейді, ауыл шаруашылығы өнімі арта түсті.

1938 жылдың 14 қазанында Жамбыл облысы Оңтүстік Қазақ стан облысынан бөлініп шығып, өз алдына облыс болып құрылды. Жамбыл ауданы осы облыстың құрамында қалды. Орталығы да Жамбыл қаласының өзінде болды. Осы жылы ауданның құрамында Ақбүлім, Ақжар, Ақкөл, Аса, Беріксары, Алтыағаш, Билекөл, Головачевка, Градекова, Есентөбе, Қаратөбе, Қараөзек, Қостөбе, Болатқосшы сияқты 14 ауылдық кеңес жұмыс істеді.

50ші жылдары экономикасы әлсіз колхоздар ірілендіріліп, 1957 жылы техникамен жарақтанған қуатты 14 колхоз аудан әлеуетін дамыту мақсатына түсті. Ал жетпісінші жылы ауданда даму жолынан өткен 6 колхоз, 12 совхоз болды. Шаруашылықтардың барлығы қуаттана түсті. Мысалы «Ақкөл» колхозының өзінде 35-дан астам трактор, 20 комбайн, 42 авто машинасы мен басқа техникасы жыл сайын қыруар пайда табуға мүмкіндік берді.

Киелі топырақ ұлылық туғызбай қоймайды. Ауданды әр уақытта қазақтың озық ойлы, зиялылары басқарып, ауданның экономикасының көтерілуіне үлестерін қосты. Х. Баймуханбет - аудандық партия комитетінің алғашқы бірінші хатшысы. Одан кейінгі аудан тізгінін ұстаған Күләш Әскей кейін облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары және басқа да басшы қызметте болды. Өткен ғасырымыздың 50ші жылдарының соңына қарай аудан тізгігін ұстаған Т. Ақбозов, одан кейін аудандық партия комитетінің 1ші хатшысы болған Ш. Қалдыбаевты аудан халқы үнемі еске алып, олардың жақсы істері жайлы әлі күнге әңгімелеп отырады.

60шы жылдардың басында Жамбыл ауданы таратылып, Жуалы, Байзақ (ол кезде Звердлов) аудандарының құрамына берілді. Арада 2 жыл өткеннен кейін 1966 жылдың қысында Жамбыл ауданы қайта құрылды. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Н. Ыбырай, аудандық Кеңес атқару комитетінің төр ағасы болып Ә. Сандыбай тағайындалды. Жаңадан құрылған ауданды бұлар қысқа мерзім ішінде аяғына қойып, облыстағы алдыңғы қатарлы аудандарының санатынан көрінді. А. Аширов, В. И. Костенко, А. Л. Костянкин сияқты білікті азаматтар өздеріне сеніп тапсырған ұжым шаралардың дәулетін шалқытып, бай шаруашылықтар қатарына жеткізді. Әнуарбек Сандыбай аудан тізгігін он жылдай ұстады. Ол кісі тынымсыз еңбек етіп, ауданның әлеуметтік жағдайын көтерді. Әнекеңнен кейін ауданды С. Қожақан, Т. Б. Мүсірали, Зайцев, Ю. Н. Морозов, В. И. Синельник, Д. Тоқберген, Ә. Әсілбек, М. Байгедиевтер басқарды. Халықтың ажары осындай халық бағбаны атанған зиялы азаматтармен ашық екен. Бұлардың қай-қайсысы болмасын өздеріне тапсырылған жұмыстарды мінсіз атқарып, аудан жұртшылығының есінде қалды. Қазіргі таңда ауданды Жуалы ауданының перзенті М. А. Дүйсембаев басқаруда. Бұлардың қай-қайсысы болмасын аудан экономикасын көтеріп, халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге күш салды.

Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы құйынды да дүрмекті күндерді, дүние тамұқтың отына оранған зұл мат кезеңді, аудан халқының бастан кешіргені белгілі. Ел енді-енді еңсесін көтеріп, жағдайы түзеле бастағанда батыстан соққан қара дауыл талай кеудедегі көктемнің қызғалдағын жұлып кетті. 1942 жылдың 23 маусымы күні басталған қанқасап соғыстың салған лаңын күні бүгінге дейін кәрі де, жас та ұмытқан жоқ. 1419 күн мен түнге ұласқан, өмір мен өлім айқасқан, бораған оқ ішінде жүріп, сол соғыстан елге аман оралған ардагерлеріміздің қатары да жылдан жылға сиреп келеді.

Сол сұрапыл жылдары ерен ерлік үлгісін көрсетіп, есімі бүкіл одаққа тараған аудан азаматтары да болды. Құралайды көзбен атқан мерген Ыбырайым Сүлейменов Қазақстанда жасалған 103 бригада құрамында соғысып, Новель қаласының түбінде ерлікпен қаза тапты. Бір өзі 283 немістің көзін жойды. Қайтыс болғаннан кейін оны Кеңестер Одағының Батыры атағын беруге ұсынды. Қазір батыр атында Таразда үлкен көше бар.

Ыбырайым Сүлейменов соғысқа дейін Жамбыл МТА-де тракторшы болып жұмыс істеген. Жыл сайын жазда егін орағына қатысып, тындырылымдығымен, өжеттілігімен ұжымшар басшылары мен колхозшылардың көңілінен шығып отырған екен. Оны көзі көргендер күні бүгінге дейін жыр етіп әңгімелейді.

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін ел еңсесі көтеріліп еңбекке деген құлшынысы артты. 1950 жылға дейін 16 адамға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, 57 еңбеккер Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 21 адамның омырауында Ленин ордені жарқырады. 103 адам «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері атанды. Бәйгелді Кейкиев басқарған «Кеңес төбе» колхозының өзінен 9 Социалистік Еңбек Ерінің шығуы ауылдың даңқын аспандатып тастады. Олар: Науат Егембердиева, Міртай Бейсали, Рысқұлбек Тұрғынбай, Шынтас Тілеубай, Күртібай Жанбосын, Тастемір Дәуренбек, Поштабай Қырбас. Осы кезеңде ауданның басқа ұжымдарынан да одақтағы ең құрметті атақты иеленгендер аз болған жоқ. Солардың қатарында Күлімжан Күтімова, Сейдуалы Есімов, Әзімбек Ысмайылов, Мариям Мырзахметова, Түйте Пірімқұлов, Ысқақ Сүлейменов, Серафима Васильевна Таркаева, Әжібай Тілеубердиев, Патыш Юнусова, Жәнібек Жанталиев, Ақын Жақсылықов, Мария Тимофеевна Енькова (Радченко), Сәрсен Қазанғапов, Әбден Батыров сынды қиын шақта ел байлығын еселеген абзал азаматтар бар.

Жібек жолының бойына орналасқан Жамбыл ауданының соғыстан соң ел экономикасын көтеруге, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бір жола көшті. Ұсақ шаруашылықтар біріктіріліп, ірілендірілді. Аудан орталығы Аса ауылына көшіріліп әкелініп, енді жұмыс істей бастаған шақта, 1965 жылы Қазақ КСР Кеңес Президиумының Жарлығымен аудан таратылды. Ауданның Аса, Алтыжылдық, Биліөзен, Головачев, Ерназар, Есентөб, Сарытөбе және Көлқайнар селолық кеңестері Жуалы ауданына, Бес ағаш, Гродеково, Қостөбе, Болатқосшы селолық кеңестері Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданының құрамына берілді.

1967 жылдың 30 қаңтарында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Жамбыл ауданы қайта құрылып, орталығы Жамбыл қаласы болып белгіленді. Ауданның құрамына Аса, Головачевка, Ерназар, Қаракемер, Сарытөбе селолық кеңестері Жуалы ауданынан, Жетіағаш, Гродеково, Жамбыл, Қайнар, Пионер және Болатқосшы селолық кеңестері Байзақ ауданынан қайтарылып берілді. Аудандық партия комитетінің 1-хатшысы болып бұған дейін облыстық тәжірибе стансасының директоры болған Нұртаза Ыбырай сайланды. Аудандық атқару комитетінің төрағасы болып бұрын Жуалы аудандық партия комитетінің, кейіннен ауатком төрағасының бірінші орынбасары болған Ә. Сандыбаев аудан экономикасын жақсарту жұмысын білікті маман кадрлар дайындаудан бастады. 1973 жылдан Аса ауылы аудан орталығы.

Ауданда 7 ұжым шар, 12 кең шар және 3 тәжірибе стансасы жұмыс істеді. Іргелі шаруашылықтардың бірі - Крупская атындағы ұжымшарды Бейсенбек Тайшап 26 жыл басқарды. Ол ауданда бірінші болып Өрнек ауылы орталығына жаңа мектеп ғимаратын салғызды. Қазір сол мектепке екі дүркін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған Тайшаповтың есімі берілген. Табыстың тай қазанын қайнатуға ХХІІ партсъез атындағы ұжымшардың тізгінін ұстаған Арнольд Лазарев Костянкин, «Октябрь» ұжымшарын отыз жылдай басқарған Махмуд Искакұлы Аширов, «Сарыкөл» ұжымшарындағы қожырап кеткен жұмысты жолға қойған Виктор Илларенович Костенко, «Жас өркен» кеңшарын біліктілікпен басқарып, қазіргі Қызылқайнар ауылын гүлдендірген Әзімбек Жанболат, «Қызыл Октябрь» ұжымшарына абырой әперген С. Дауылбай, Амангелді атындағы ұжымшарға ырыс әкелген Б. Шахан қомақты үлес қосты. Жыл сайын аудан жас кадрлармен толықтырылып тұрды. Ауданды Т. Б. Мүсірали басқарған кезеңде Е. Жатқанбаев, М. Сыздық, С. Мұсабек, Н. Тілеген, М. Байгелді, С. Садық сияқты мамандар шаруашылықтарды басқаруға жіберілді. Қатардағы еңбек адамдары арасынан да республикаға танымал болғандары аз емес. Олардың қатарында Айша бибі ауылының тұрғыны, КОКП ХХV сьезінің делегаты, екі дүркін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Бегай Кабаш бағалы техникалық дақыл өсіруден биік көрсеткішке қол жеткізгені үшін Еңбек Қызыл Туы, Октябрь Революциясы ның ордендерімен марапатталса, ауданымыздың құрметті азаматының бірі, сүт бұлағын ағызған балды бармақ сауыншы Валентина Ивановна Ивановаа Еңбек Даңқы орденінің толық иегері атанды. «Октябрь» кеңшарының сауыншысы өзі еңбек еткен 26 жыл ішінде ерен еңбектің үлгісін көрсетті

. 1. 2 Жамбыл облысындағы тарихи орындар

Жамбыл жері тарихи ескерткіштерге бай өңірлердің бірі. Осы облысқа кіретін Талас жәнеде Шу өзендерінің аралығында Қазақ хандығының іргесі қаланған. Керей мен Жәнібек құрған мемлекет бүгінгі біздің егемен елдің алғашқы іргетасы болғандықтан, сол жерде биіктігі 35 метрге жететін монумент тұрғызылған. Сол сияқты Тараз қаласында «Көне Тараз» археологиялық саябағы бар. Ол Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойына орай, 2015 жылы Тараздың орталық базарының орнына салынып, «Көне Тараз» деген атауға ие болды. Оны салудағы мақсат - аймақтық жәнеде халық аралық туризмді дамыту үшін археология нысаны ретінде көпшілікке таныстыру, аспан астындағы мұражайға айналдыру. Саябақ аумағында басқа да тарихымыздан сыр шертетін ескерткіштер ашылып, сән беріп тұр. Жалпы, Жамбыл облысында көптеген кесенелер, мешіт пен қалашықтар бар.

Діни сәулет ескерткіші ХІ - ХІІІ ғасырларға жатқызылады. Кесене Жамбыл ауданында қарасты, Айша бибі ауылында орын тепкен. Бұл облысқа саяхаттап бара қаласаңыз, міндетті түрде «Айша бибі» кесенесіне баруыңыз керек . Бірнеше ғасырларды артқа тастаған кесенеден тек батысындағы қабырғамен, жап сарлас қабырға қалдықтары ғана қалған еді. Ғимаратты толық жөндеу жұмыстары 2001 мен 2004 жылдар арасында жүргізіліп, баяғы көз тарталық кейпіне келді. Кесененің қабырғалары қолдан ойылып жасалған оюлар мен 62- ден аса түрлері бар террадот қыш тақтайларымен өрнектелген. Мұндағы өрнектердің әр қилылығы, түрлі-түрлі гүлдердің пішіні және де геометриялық ерекшеліктері көзге ұрып тұрады. Айша бибі кесенесі толығымен ою-өрнекпен көмкерілген еліміздегі бірден-бір ескерткіш болып табылады. Бұл тарихи нысан қазақ ұлтының көнеден келе жатқан ою-өрнегін бүгінгі күнге жеткізуші мұражайдай көрінеді. Кесене қабырғаларында жебе секілді иіндермен өрнектелген тереңдеу қуыстар кездеседі. Ал колонналардың жоғарғы тұсы ваза іспетті салынған. Бұрыштық коллон налардың төбесіндегі сүйірленіп келген белдеушелеріндегі гүлденген өрнектердің қыш тақталардың он сегізіншісінде арабтық куфа алфавиттерімен терілген тылсымға толы ерекше сөздерді (күз, бұлт, таңғажайып) көруге болады. Ескерткішке жер сілкінісі және тағы басқа табиғи апаттарға шыдас беру үшін арша ағашы арнайы қолданған.

Жамбыл облысы бойынша Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі

N
Ескерткіштің атауы
Ескерткіштің түрі
Ескерткіштің орналасқан жері
N: 1
Ескерткіштің атауы: Тараз қалашығы 1-18 ғғ
Ескерткіштің түрі: археология
Ескерткіштің орналасқан жері: тараз қаласы
N: 2
Ескерткіштің атауы: Талас өзені арқылы өтетін көпір 13 ғ
Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері: Тараз қаласы, қаланың оңтүстік-шығыс шеті, Самарқант және Жангелдин көшелерінің Талас өзенінен шығар жерде, Тектұрмас кешенінің жәнінде.
N: 3
Ескерткіштің атауы: Қал моншасы ХІХ -XX ғғ.
Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері: Тараз қаласы
N: 4
Ескерткіштің атауы: Қарахан ХІІ ғ.
Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері: Тараз қаласы.
N: 5
Ескерткіштің атауы: Тектұрмас кесенесі ХІVғ.
Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері: Тараз қаласы,
N: 6
Ескерткіштің атауы: Шомансур (Дәуітбек) кесенесі, ХІІІ ғ.
Ескерткіштің түрі: қалақұрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері: Тараз қаласы
N: 7
Ескерткіштің атауы: Әбдіқадыр медресесі ХІХ ғ.
Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері: Тараз қаласы
N: 8
Ескерткіштің атауы: Қали Жүніс (Әулие ата) мешіті 1906 ж.
Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері: Тараз қаласы
N: 9
Ескерткіштің атауы: Нәметбай мешіті XX ғ.
Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері: Тараз қаласы,
N: 10
Ескерткіштің атауы: Ж. Жабаевтың ескерткіші 1961 ж.
Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері: Тараз қаласы
N: 11
Ескерткіштің атауы: Төменгі барысхан ХҮ-ХІХ ғғ.
Ескерткіштің түрі: археология
Ескерткіштің орналасқан жері: Байзақ ауданы, Талас ауылы
N: 12
Ескерткіштің атауы: Түймекент VI-ХІІ ғғ.
Ескерткіштің түрі: археология
Ескерткіштің орналасқан жері: Байзақ ауданы, Түймекент ауылы
N: 13
Ескерткіштің атауы: Оххум VI-ХІІ ғғ.
Ескерткіштің түрі: археология
Ескерткіштің орналасқан жері: Байзақ ауданы, Шахан ауылы
N: 14
Ескерткіштің атауы: Айша бибі ХІ-ХІІ ғғ.
Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері:

Жамбыл ауданы, Айша-бибі ауылы

.

N: 15
Ескерткіштің атауы: Бабаджа хатун Х-ХІ ғғ.
Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Айша-бибі ауылы
N: 16
Ескерткіштің атауы: Ақыртас қаласы VІІІ - ІХ ғғ.
Ескерткіштің түрі: археология
Ескерткіштің орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Тараз.
N: 17
Ескерткіштің атауы: ЖалпақтөбеVІІ-ХІІ ғғ.
Ескерткіштің түрі: археология
Ескерткіштің орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе (б. Дунгановка)
N: 18
Ескерткіштің атауы: Берікқара обалары Б. д. д ІІ-ІҮ ғғ.
Ескерткіштің түрі: археология
Ескерткіштің орналасқан жері: Жуалы ауданы, Қарабастау ауылы
N: 19
Ескерткіштің атауы: Меркі VІІІ-ХІІІ ғғ.
Ескерткіштің түрі: археология
Ескерткіштің орналасқан жері: Меркі ауданы, Меркі.
N: 20
Ескерткіштің атауы: Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Қуанышбаевтың ескерткіші
Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері: Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылы
N: 21
Ескерткіштің атауы: Шоқай дотқа мазары ХІХ ғ.
Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері: Сарысу ауданы, Саудакент
N: 22
Ескерткіштің атауы: Ақкөл шелль-ашелль
Ескерткіштің түрі: археология
Ескерткіштің орналасқан жері: Талас ауданы, Ақкөл ауылы, .
N: 23
Ескерткіштің атауы: Беріқазған шелль-ашелль
Ескерткіштің түрі: археология
Ескерткіштің орналасқан жері: Талас ауданы, Қызылаут ауылы
N: 24
Ескерткіштің атауы: Тәңірқазған шелль-ашелль
Ескерткіштің түрі: археология
Ескерткіштің орналасқан жері: Талас ауданы, Қызылаут.
N: 25
Ескерткіштің атауы: Қарақож мешіті 1907 ж.
Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері: Талас ауданы, Сейілбек ауылының шетінде орналасқан.
N: 26
Ескерткіштің атауы: Абдолла иман мешіті XX ғ-дың басы
Ескерткіштің түрі: қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің орналасқан жері: Талас ауданы, Үшарал ауылы, Ештайбек көшесі 7
N: 27
Ескерткіштің атауы: Құлан қалашығы VІ-ХІІІ ғғ.
Ескерткіштің түрі: археология
Ескерткіштің орналасқан жері: Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының территориясында және оның маңында шоғырланған әр уақыт ескерткіштерінің кешені.
N: 28
Ескерткіштің атауы: Баласағұн VІІ -ХІІІ ғғ.
Ескерткіштің түрі: археология
Ескерткіштің орналасқан жері: Шу ауданы, Ақсу ауылының оңтүстік-шығысынан 3 шақырым, Ақсу өзенінің қос жағалауында орналасқан.
N:
Ескерткіштің атауы:
Ескерткіштің түрі:
Ескерткіштің орналасқан жері:

.

1. 3 Аймақтағы киелі жерлер тарихы

Айша бибі кесенесі

Кесене аңыз бойынша бізге жеткен Айша бибінің басына арнайы салынғандығы айтылады. Ол Тараздың ханы Қараханмен көрісу үшін алыс сапарға аттанады. Бірақ, діттеген жеріне жетпей, жылан шағып о дүниелік болып кетеді. Сүйікті сінен қапыда айырылған Қарахан оның басына осындай сәулетті ескерткіш тұрғызыпты. Бұл кесене мәңгілік махаббаттың, пәктіктің символы болған қасиетті орын ретінде көпке танымал.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)
Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау
Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастыруы
Жергілікті жердегі диалект сөздер
Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы туралы
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы
Көші-қон мәселесі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz