Заң шығарушы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
[Название документа]
[Подзаголовок документа]ALIHAN AMANZHOL

Курстық жұмыс

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университет

Аманжол Әлихан Ермекұлы
00000000
Мемлекеттік билік түсінігі және оның белгілері
Ақтөбе қаласы 02.10.23ж

КІРІСПЕ
Мемлекеттік билік түсінігі және оның негізгі белгілері деген тақырып қызықты және өте маңызды болып келеді. Тақырып мені өте қатты қызықтырды. Біздің мемлекеттің билігін, құрылымын, функциясын, органдарын зерттейтін тақырып. Мемлекетіміз 1991 жылдан бастап тәуелсіздігін алғаннан бері дамып келе жатыр. 1995 жылы 30 тамызда Конституциямыз қабылданды. Қазақстан Республикасы егеменді, зайырлы, унитарлы, демократиялық және құқықтық мемлекет. Мемлекетіміз Президенттік Республикаға жатады. Осы тақырып бойынша мемлекетіміздің билігін, оның қалыптасуын, мемлекеттік белгілерін, биліктің қандай екенін білуге болады. Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекетіміз - біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет деп жазылған. Қазақстанның біртұтастығы - оның әкімшілік - аумақтық бөлшектерден құрылғаны және автономияға бөлінбеуі.
Билік - көп қырлы ұғым. Бұл қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік-табиғи айырмашылықтарға, субьективті - обьективті қарым-қатынастарға байланысты қалыптасады. Оның басты мақсаты - қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мазмұны - үстемдік пен бағыныштылықты қалыптастыру. Биліктің басты міндеті - қоғамның басқару стратегиясын орнатып, дамуға шаралар жасап, қоғамды басқаруы, және ең маңыздысы оның заңдылығы. Мемлекеттің дамуы тікелей билікке байланысты. Өйткені билік халық атынан сайланады. Сол билікке сайланған адамдар халық атынан сөйлейді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін, біздің мемлекет демократиялық даму жолына түсті. Еліміз Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында болғанда тоталитарлық жүйеде болды, Ол жүйе сәтсіз болғандықтан Қазақстан демократиялық жүйе таңдады. Демократиялық жүйеде халық жоғары билікті сайлау арқылы таңдайды. Сол арқылы билік қалыптасады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Мемлекет -- белгілі бір аумаққа иелік етіп, мемлекет ішіндегі халықтың еркін дамуын қамтамасыз ететін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді жасауға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде жасалған жүйесі, саяси билік ұйымы. Толық егемендігі бар және қоғамды басқаруды арнайы аппарат арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің негізгі институты. Мемлекеттің арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқарып және дамуын қамтамасыз етіп тұратын, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Алғашқы мемлекеттер б.з.б. 3000 жылдан бастап пайда бола бастады. Ол Тигр мен Евфрат өзендерінің бойында құрылып жатты. Сол Қосөзеннің аралығында шумер мен аккад тайпалары мекендеген. Осы екі топ Қосөзеннің оңтүстік жақ аймағындағы халықтың негізін құрды және адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірін негіздеді. Сол кезде алғашқы мемлекеттер пайда бола бастады. Ол мемлекеттерде өзінің басшысы, заңдары, салықтары және т.б. заттар пайда бола бастады. Осы ежелгі мемлекеттерден, біздің заманымыздағы мемлекеттер бастау алды.
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды. Бұл елдерде құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы және қоғамның тапқа бөлінгендіктен пайда болды. Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе өте күрделі болып келеді. Ол туралы ғалымдар көптеген жаңа мәліметтер береді. Мемлекеттің пайда болу туралы теорияның көптеген түрлері бар. Мысалы: теологиялық, патриархалды, шарттық, күштеу теориясы, психологиялық, органикалық, ирригациялық, материалистік.
Мемлекеттің міндеті - ол қоғамды басқару, қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ету, адамдардың құқығы мен бостандықтарын қорғау болып саналады. Ол міндеттер қоғамды дамытуға, демократия мен қауіпсіздікті сақтауға негізделеді. Әр мемлекет өз халқына мүмкіндік жасау керек. Халықтың еркін өмір сүруін қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Және мемлекет әділ және заңды болу керек.
Мемлекеттің функциясы - бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрінеді. Мемлекеттің функциялары онын міндеттерімен байланысты, олар мемлекеттің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары - ауыспалы сипаттағы категория болып есептеледі. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді. Мемлекеттің функциясы ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Мемлекеттің ішкі функциялары - алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі негізгі бағыт. Ішкі функцияларға: адам және азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтау және қорғау, құқықты тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, әлеуметтік қорғау функциясы, салық салу функциясы, экологиялық функция және мәдени функция. Мемлекетің сыртқы функциялары - оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты кызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зан шығарушы билік
Парламент палаталары депутаттары
Заң шығарушы билік органдары
«Қазақстан Республикасының заң шығару билігі»
Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі Парламент институты
Заң шығарушы органдар
Мемлекеттік органдардың ұғымы және түсінігі
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ, БИЛІК ЖҮЙЕСІ
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі заң шығарушы және атқарушы биліктің ролі
Пәндер