Вето құқығы - президенттің парламент қабылдаған заңдарын қабылдамау құқығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
[Название документа]
[Подзаголовок документа]ALIHAN AMANZHOL

Курстық жұмыс

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университет

Аманжол Әлихан Ермекұлы
00000000
Мемлекеттік билік түсінігі және оның белгілері
Ақтөбе қаласы 02.10.23ж

КІРІСПЕ
Мемлекеттік билік түсінігі және оның негізгі белгілері деген тақырып қызықты және өте маңызды болып келеді. Тақырып мені өте қатты қызықтырды. Біздің мемлекеттің билігін, құрылымын, функциясын, органдарын зерттейтін тақырып. Мемлекетіміз 1991 жылдан бастап тәуелсіздігін алғаннан бері дамып келе жатыр. 1995 жылы 30 тамызда Конституциямыз қабылданды. Қазақстан Республикасы егеменді, зайырлы, унитарлы, демократиялық және құқықтық мемлекет. Мемлекетіміз Президенттік Республикаға жатады. Осы тақырып бойынша мемлекетіміздің билігін, оның қалыптасуын, мемлекеттік белгілерін, биліктің қандай екенін білуге болады. Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекетіміз - біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет деп жазылған. Қазақстанның біртұтастығы - оның әкімшілік - аумақтық бөлшектерден құрылғаны және автономияға бөлінбеуі.
Билік - көп қырлы ұғым. Бұл қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік-табиғи айырмашылықтарға, субьективті - обьективті қарым-қатынастарға байланысты қалыптасады. Оның басты мақсаты - қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мазмұны - үстемдік пен бағыныштылықты қалыптастыру. Биліктің басты міндеті - қоғамның басқару стратегиясын орнатып, дамуға шаралар жасап, қоғамды басқаруы, және ең маңыздысы оның заңдылығы. Мемлекеттің дамуы тікелей билікке байланысты. Өйткені билік халық атынан сайланады. Сол билікке сайланған адамдар халық атынан сөйлейді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін, біздің мемлекет демократиялық даму жолына түсті. Еліміз Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында болғанда тоталитарлық жүйеде болды, Ол жүйе сәтсіз болғандықтан Қазақстан демократиялық жүйе таңдады. Демократиялық жүйеде халық жоғары билікті сайлау арқылы таңдайды. Сол арқылы билік қалыптасады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Мемлекет -- белгілі бір аумаққа иелік етіп, мемлекет ішіндегі халықтың еркін дамуын қамтамасыз ететін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді жасауға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде жасалған жүйесі, саяси билік ұйымы. Толық егемендігі бар және қоғамды басқаруды арнайы аппарат арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің негізгі институты. Мемлекеттің арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқарып және дамуын қамтамасыз етіп тұратын, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Алғашқы мемлекеттер б.з.б. 3000 жылдан бастап пайда бола бастады. Ол Тигр мен Евфрат өзендерінің бойында құрылып жатты. Сол Қосөзеннің аралығында шумер мен аккад тайпалары мекендеген. Осы екі топ Қосөзеннің оңтүстік жақ аймағындағы халықтың негізін құрды және адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірін негіздеді. Сол кезде алғашқы мемлекеттер пайда бола бастады. Ол мемлекеттерде өзінің басшысы, заңдары, салықтары және т.б. заттар пайда бола бастады. Осы ежелгі мемлекеттерден, біздің заманымыздағы мемлекеттер бастау алды.
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды. Бұл елдерде құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы және қоғамның тапқа бөлінгендіктен пайда болды. Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе өте күрделі болып келеді. Ол туралы ғалымдар көптеген жаңа мәліметтер береді. Мемлекеттің пайда болу туралы теорияның көптеген түрлері бар. Мысалы: теологиялық, патриархалды, шарттық, күштеу теориясы, психологиялық, органикалық, ирригациялық, материалистік.
Мемлекеттің міндеті - ол қоғамды басқару, қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ету, адамдардың құқығы мен бостандықтарын қорғау болып саналады. Ол міндеттер қоғамды дамытуға, демократия мен қауіпсіздікті сақтауға негізделеді. Әр мемлекет өз халқына мүмкіндік жасау керек. Халықтың еркін өмір сүруін қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Және мемлекет әділ және заңды болу керек.
Мемлекеттің функциясы - бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрінеді. Мемлекеттің функциялары онын міндеттерімен байланысты, олар мемлекеттің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары - ауыспалы сипаттағы категория болып есептеледі. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді. Мемлекеттің функциясы ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Мемлекеттің ішкі функциялары - алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі негізгі бағыт. Ішкі функцияларға: адам және азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтау және қорғау, құқықты тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, әлеуметтік қорғау функциясы, салық салу функциясы, экологиялық функция және мәдени функция. Мемлекетің сыртқы функциялары - оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты кызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тәртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттер мен одақтасу функциясы және т.б.

2.2 Мемлекеттік билік
Мемлекеттік билік - мемлекеттің жүргізетін немесе билікті өз атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өзінің көмектесуіменен басқа мекемеге, ұйым арқылы жүргізетін билік түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы болып табылады. Мемлекеттік билік өзінің қырын басқаларға көрсету үшін мәжбүрлеу күшін қолданады. Мемлекеттерде мәжбүрлеу күші болмаса, сол мемлекетте Мемлекеттік билік те болмайды. Мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай өзге мазмұнда, көптеген нысанда көрсетіледі. Мемлекеттік билік органдары біртұтас жүйені қалыптастырады. Ол билік әрбір мемлекеттердің маңызды бір бөлігі және мемлекеттік басқарудың негізі деп саналады. Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасы - президенттік басқару түріндегі унитарлы мемлекет. Елімізде мемлекеттік билік біртұтас және ол үш тармаққа бөлінеді. Олар:
Заң шығарушы
Атқарушы
Сот билігі

Билікті бөлу - билікті асыра пайдалануға жол бермейді. Ол демократиялық мемлекеттерге тән болады. Мемлекет өзінің өкілдігін тек қана бір органға жүктемеу керек. Егер барлық билік бір қолда болса, ол еркіндікті жойып бассыздықты тудырады. Билік тек қана құқықпен шегерілгенде, еркіндік пайда болады. Әр мемлекеттік орган өзі тиесілі билік түрінің шегінде ғана, басқалардың ықпалынсыз жұмысын атқаруы тиіс. Биліктің бөлінуі екі жүйемен тығыз байланысты. Олар тежемелік және тепе-теңдік. Бұл мемлекеттік билік тармақтарына қатысты қолданылатын құқықтық шектеулер құрамы болып табылады. Оларға вето құқығы, импичмент, сайлау, сенімсіздік таныту, соттардың тәуелсіздігі және мемлекеттік органдарды тағайындау институттары жатады.
Вето құқығы - президенттің парламент қабылдаған заңдарын қабылдамау құқығы. Егер президент парламенттің қабылдаған заңын асығыс немесе дұрыс емес деп оны жоюға немесе қайта қарастыруға құқығы бар. Вето - тыйым салынады деген мағынаны береді. Вето екіге бөлінеді. Олар:
-абсолютті вето - парламент қабылдаған заңды мүлдем қабылдамау құқығы.
-салыстырмалы вето - президенттің заңды санкциялаудан бас тартуы оның күшіне енуін жай ғана тоқтатады, парламентке жаңадан дауыс беру арқылы заңды қабылдау құқығы қайтадан беріледі.
Импичмент - жоғары лауазымды адамға сенімсіздік таныту, заңды түрде жауаптылыққа тарту және қызметінен босату. Импичмент әр мемлекетте сол елдің Конституциясына және заңдарына сай жүреді. Ерекше лауазымдық тұлғаларды өз елінің азаматтарымен бірге жауапқа тартпайды. Осыған байланысты оларға ерекше тәртіппен іс қозғалады. Импичменттің негізгі субьектісі - парламент болып саналады. Алғашқы импичмент Ұлыбританияда болған. Алғашқы импичмент 1876 жылы лорд Легмерге қарсы болды. Соңғы әрекеті 1904 жылы болды. Флоттағы жемқорлықты әшкерелеу үшін. Импичментті тоқтатуға Ұлыбритания королінің құқығы болмаған. Ал АҚШ-тарында импичментті конгресс бастай алады. Импичменттің соты Өкілдер палатасында жүргізіледі. Сотты Сенат орындайды. Егер импичмент жүзеге асырылса Президент қызметінен тайдырылып, үстінен қылмыстық іс қозғалып кетуі мүмкін. АҚШ тарихында бұған дейін тек екі президентке атап айтқанда - Билл Клинтон мен Ричард Никсонға импичмент жарияланған.
Сайлау - дауыс беру арқылы мемлекеттік лауазымға адам таңдау. Сайлау - демократиялық мемлекеттерге тән. Ол әрқашан заңды, тең, жалпыға бірдей болу керек. Сайлау - елдің егемендігін білдіреді. Кейбір адамдар және басқа елдегі азаматтары үшін сайлау саясатқа араласудың жалғыз жолы деп санайды. Әр адамның дауыс беруге құқығы бар. Сайлау жүйесінің 3 түрі бар. Олар:
-Мажоритарлы - сайлаушылардың көбісі дауыс берген кандидат жеңіске жетеді
-Пропорционалды - сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі
-Аралас - Депутаттық мандаттық бір бөлігі мажоритарлық жүйе, ал екіншісі пропорционалды жүйе қағидаттарына сәйкес бөлінеді.

Заң шығарушы билік -- демократиялық-құқықтық елдерде болатын мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі үш биліктің бір тармағы болып табылады. Заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі.
Заң шығарушы биліктің нормативтік актілері Конституциядан кейінгі ең жоғары заң күші бар деп есептелінеді. Заң шығарушы билік заң шығару құқығына толық иеленеді. Сонымен қатар заң шығарушы билік атқарушы биліктің үстінен қадағалап отырады. Және бюджет пен қаржы заңдарын қабылдау құқығы бар. Барлық демократиялық-құқықтық мемлекеттерде заң шығарушы билікті тек қана арнаулы заң шығарушы органдар емес, сонымен қатар референдум арқылы тікелей халықтың өзі, ал кейбір жағдайларда - өкілдік берілген немесе төтенше заң шығарушылық тәртіппен атқарушы билік органдары да жүзеге асыруы мүмкін. Парламенттік басқару пішімін қабылдаған елдерде парламент заң шығарушы билік органы болып саналады, атқарушы билік заң шығарушы биліктің алдында жауапкершілік арқалайды. Ал басқа да мемлекеттердің конституцияларында заң шығарушы билік парламент пен монархқа немесе парламент палаталарына және парламенттің құрамдас бөлігі ретіндегі мемлекет басшысына бірдей тиесілі. Абсолюттік монархия бекітілген мемлекеттерде заң шығарушы билік тікелей монархқа беріледі. Әр елдің заң шығарушы билігі әртүрлі болады. Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары орган ол - Қазақстан Республикасының Парламенті болып келеді. Бүкіл халықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституция 1995 жылы 30 тамызда Парламент екі рет сайланды. Қазақстан Республикасының Парламентінің мәртебесі ҚР Конституциясының IV бөлімінде бекітіліп тұр. Сол Конституция бойынша Парламент өз қызметін атқарады. Парламент екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Олар тұрақты қызмет атқарады. Сенат - жоғарғы палата, Мәжіліс - төменгі палата. Сенат - республикалық маңызы бар қалалардан, әр облыстардан және де Қазақстан республикасының астанасынан екі адам Сенаттың депутаттық өкіліне сайланады. Және Қазақстан Республикасының Президенті 15 депутатты сайлайды. Сенаттың сайлауы жасырын түрде дауыс беру арқылы өтеді. Ол депутаттардың жартысы әр 3 жыл сайын қайта сайланып отырады. Олардың өкілеттік мерзімі - 6 жыл. Сенаттың бірінші шақырылуы 1996 жылы 30 қаңтарда басталып, 1999 жылы 30 қарашада аяқталады. Сенат депутаты бола алатын жағдайлар:
-30 жасқа толған
-жоғары білімі бар
-еңбек өтілі 5 жылдан кем емес және сол облыстың аумағында болу қажет.
-республикалық маңызы бар қалаларда немесе Қазақстан Республикасының астанасы аумағында 3 жылдан кем емес уақыт өмір сүруі тиіс.
Мәжіліс - Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы. Мәжіліс барлығы 107 депутаттардан тұрады. 98 депутатты жасырын, тең дәрежедегі сайлау арқылы тағайындайды. Ал қалған 9 депутатты Қазақстан халқының Ассамблеясы сайлайды. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей қосыла алмайды. Олардың өкілеттілік мерзімі - 5 жыл болады. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы Парламенттің немесе Парламент мәжілісінің өкілеттілік мерзімі аяқталған соң, сол күннен бастап екі ай арасында өткізіледі. Қазақстан Республикасында алғашқы Мәжіліс депутаттарын сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда өтті. Мажоритарлық жүйе арқылы 67 депутат Мәжіліс депутаты ретінде сайланды. 1996 жылы 30 қаңтарда бірінші сессия ашылды. Мәжіліс депутаты болу үшін Парламенттің депутаттарына қойылатын талаптарға сәйкес болу және 25 жасқа толған тұлға болу.

Парламенттің әр кезекті сессиялары бір жылда бір рет қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен бастап, маусымның соңғы жұмыс күніне дейін жүреді. Парламент сессиясын Республика Президенті ашады және Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында жабылады. Және Республика Президенті Парламент сессияларының аралығында өз бастауымен палаталар төрағаларымен немесе Парламент депутаттарының барлығының санынан кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыруға құқығы бар. Ол сессияда тек қана шақыруға негіз болған мәселелер қарастырылады. Палаталардың бөлек және бірлескен отырыстары өткізілетін жағдай - тек қана әр палата депутаттарының жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда. Ол Палаталардың отырыстары ашық отырыс болып табылады. Кейбір кезде регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыс өткізілуі мүмкін болады. Ол отырыстарға Республика Президентінің, Премьер-Министрдің, Үкімет мүшелерінің, Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Ұлттық банк төрағасының қатысу және сөз сөйлеу құқығы бар.
Парламент тыңдаулары. Парламенттің палаталары өз құзыреті бойынша тыңдаулар өткізеді. Олар ашық және жабық түрде болады. Парламенттің тыңдаулары Палаталардың ортақ немесе бөлек отырыстарында өткізілмейді. Сенат пен Мәжілістің Палаталардың ортақ комиссиялары мен тұрақты комитеті жұмыс органы болып саналады. Ол Палаталардың тұрақты комитеті заң жобасының жұмысын, сұрақтардың дайындаумен алдын ала қаралаумен жүзеге асырады. Тұрақты комитет құрылғаннан соң олардың санын анықтайды. Содан соң комитеттер мүше сайлайды. Әр Палатада 7 адамнан аспауы қажет. Палаталардың ортақ жұмысы атқарылу үшін Сенат пен Мәжіліс ортақ комиссия құрады. Олардың мүшелік саны Палаталардың өзара келісі бойынша анықталады.
Парламенттің координациялық органы болып Сенат пен Мәжіліс Бюролары болады. Мәжіліс Бюросы Парламент Мәжілісінің негізгі үйлестіруші органы болып есептеледі. Олар Мәжіліс Төрағасы жанынан құралады. Бюроның құрамына Парламент Мәжілісінің Төрағасының орынбасары, Парламент Сенатының Төрағасының орынбасары, Мәжілістің тұрақты комитетінің Төрағалары, саяси партиялардың жетекшілері кіреді. Палаталардың комитеттері мен комиссияларының координациялық жұмысын жасайды:
Комитеттердің ортақ мәселесіне қатысты қызметіне ұйымдастыруда көмек береді;
Парламент пен оның Палаталарының өткізілілетін қарауына заң жобасын, басқа да шешімдерді дайындайды;
Палатаның басқа да ұйымдастырушылық қызметіне қатысты жұмысын жасайды;
Бюроның отырыстары Палата төрағасымен шақырылады. Төрағалар Парламент Палатасына басшылық етеді. Төрағаларды Сенат пен Мәжіліс депутаттар арасынан жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Және олардың орынбасарлары болады.
Атқарушы билік - мемлекеттік биліктің 2 тармағы болып саналады. Атқарушы билікті Үкімет жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық мәртебесі Конституцияның V бөлімінде көрсетілген. Үкімет Қазақстан Республикасының Президентінің алдында жауапты. Конституция бойынша Парламенттің алдында жауап береді. Атқарушы билікке заң шығарушы биліктің қабылдаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заң шығарушы
ҚР президентінің Парламент қабылдаған заңдарға қарсылық білдіру практикасы
Президенттің Конституциялық Кеңеске қатысты өкілеттігі
Қазақстан Республикасы президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері
Республикалық референдум ұғымының түсінігі
Парламент құзыреті және оны жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық нысандары
ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМІ
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру
ҚР Парламентінің заң шығару процесі
ПРЕЗИДЕНТ ҰҒЫМЫ
Пәндер