Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері


Атырау облысы Білім беру басқармасының "Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі" коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны
Курстық жұмыстың тақырыбы:
Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
Орындаған: Бекболатова Дильназ Ерланқызы
Қабылдаған:
Тобы: МДТ 4-9 ЖА
Пәні: Мектепке дейінгі педагогика
Бөлімі: "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту"
Мазмұны
Кіріспе . . . 3 I Адамгершілік тәрбиенің ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Адамгершілік және адамгершілік тәрбие туралы жалпы түсінік . . . 5
1. 2 Мектеп жасына дейінгі бала мен оның адамгершілік тәрбиесі . . . 9
II Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің мазмұны
2. 1 Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері . . . 16
2. 2 Ата-аналар және балалармен жұмыс өткізу . . . 25 Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиет тізімі . . . 35
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі : Елімізде білім берудің бүгінгі жайы қоғамдық өмірдің барлық салаларына түбегейлі өзгертуде маңызды мәнге және оның дамуы жалпы мемлекеттік саясаттың басты буыны ретінде қарастырылып отыр. Өйткені экономикалық қоғамдық жаңарудың қазіргі аяқ алысында білім беру жүйесінің алдында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруге негізгі тірек болатын білімді азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл үшін білім беру саласы халықаралық деңгейдегі сатыға көтерілуі тиіс. Міне, осы талап тұрғысынан қарасақ бала тәрбиесі отбасынан басталады. Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызы айқын екенін көрсетеді.
XXI ғасыр білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру үдерісі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениетке кірігуі заңды құбылыс. Бүгінгі тәрбиенің басты міндеті адамзат мәдениетінің сан ғасырлық өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани-мәдени байлықарын саралай отырып меңгерту, сөйтіп, балаларды өмірге икемделген, жан-жақты жетілген, қабілетті, кез келген тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Ал адамгершілік - адамның қалыпты өмірінің маңызды қасиеттерінің бірі. Бірде-бір қоғам өз мүшелерінің мінез-құлқын реттемей тұра алмады. Адамды тек ақылға қонымды адам (homo sapiens) ретінде ғана емес, моральдық адам (homo moralis) ретінде де анықтауға болады. Бұл моральдің үлкен мәні, ол адамның өз еркімен, ішкі ниетпен, басқа адамдардың, қоғамның игілігі үшін іс-қимыл жасауға мәжбүрлемей-ақ, өз еркімен әрекет ете алатындығымен түсіндіріледі. Бұл қабілет болмаса, адам өмірі өзінің әдеттегі формаларында мүмкін болмас еді, адамдар бұл сөздің толық мағынасында адам болмас еді.
Бүгінгі таңда біздің қоғамымызға қауіп төңдіріп отырған экономиканың құлдырауы емес, саяси жүйенің ауысуы емес - жеке тұлғаның бұзылуынан. Материалдық құндылықтар рухани құндылықтарға басым болғандықтан, жас ұрпақтың қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, әділеттілікке, азаматтыққа және отансүйгіштікке көзқарасы бұрмаланған. Бүгінгі күні көше мен бұқаралық ақпарат құралдарының балаға кері әсері туралы көп айтылса да, әлеуметтік зерттеулер отбасының ықпалы басқа факторлардың ықпалынан гөрі күшті екенін көрсетеді. Адамгершілік дамудың міндеті отбасылық тәрбиенің басты міндеті болып табылады. Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбы отбасындағы адамгершілік тәрбиесі жайында болмақ.
Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі балалардың отбасындағы адамгершілік тәрбиесінің теориялық негізін анықтау.
Зерттеу міндеті :
- Адамгершілік және адамгершілік тәрбие туралы ғылыми-педагогикалық әдебиетке талдау жасау;
- «Адамгершілік», «адамгершілік тәрбие» түсініктеріне анықтама беру;
- Мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершілік тәрбиесін отбасында жүзеге асыру әдістерін іріктеу;
- Мектепке дейінгі жастағы балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу.
Зерттеу болжамы: Егер отбасындағы адамгершілік тәрбиенің теориялық негізі анықталса, онда мектеп жасына дейінгі балаларды отбасында адамгершілікке тәрбиелеу нәтижелі жүзеге асады, өйткені отбасында адамгершілік тәрбиені жүзеге асыратын әдістер жүйеленеді.
Зерттеу жаңалығы:
- Адамгершілік және адамершілік тәрбие туралы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалды;
- Адамгершілік және адамгершілік тәрбие ұғымдарына түсініктеме берілді;
- Мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершілік тәрбиесін отбасында жүзеге асыру әдістері іріктелінді;
- Мектепке дейінгі жастағы балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізіліп, нәтижесі талданды.
Теориялық маңызы: «адамгершілік», «адамгершілік тәрбиесі» ұғымдарына анықтама берілді.
Тәжірибелік маңызы: іріктелген әдістер тәрбиешілер мен ата-аналарға ұсыныстар ретінде қолданысқа таратылды, эксперимент барысында ата-аналарға тренинг және семинар өткізілді.
Зерттеу нысаны: балабақша тәрбиеленушілерінің отбасындағы тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: балабақша тәрбиеленушілерінің отбасында адамгершілік тәрбиені жүзеге асыратын әдістері.
Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық еңбектерді, білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттарды, әдістемелік кешендерді талдау, бақылау, сауалнама, әңгіме, синтездеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсат, міндеттері, пәні, болжамы, жетекші идеясы, әдістері, ғылыми жаңалығы баяндалған.
I Адамгершілік тәрбиенің ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Адамгершілік және адамгершілік тәрбие туралы жалпы түсінік
Адамгершілік тек адамға тән асыл қасиет. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрып, дәстүрінде. Адамгершілік - адамның шынайы болмысының мәні, мағынасы. Нағыз адамшылыққа лайық адам өзінің барлық мінез-қылығымен, сипатымен өзгелерді өзін сыйлатуға, құрметтеуге, қолдауға, жақсы көруге мәжбүр етеді. Адамгершілік және оның нормалары кез келген қоғамның адамилығының және өркениетінің негізі. Адамгершілік және оның негіздері құлдырағанда - қоғам да құлдырайды, нәтижесінде адам адами қасиетінен айрылады. Оны адамның руханилығының көрсеткіші десек те артық емес. Адамгершілік негізі - жақсы мен жаманды айыра білуде. Атап айтқанда, қазіргі заманда жақсы мен жаманды айыра білмеу, ажырата білмеу салдарынан адамдар қателікке бойұрып, адамгершілік сипатына қауіп төндіруде. Ұрпаққа рухани азық - адамгершілік тәрбие беру, жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына, яғни тек өзінің ғана емес, айналасындағылардың да сәнді де, мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
Адамгершілік екі тығыз өзара байланысты формада болады - қоғамдық және жеке, тұлғаның мінез-құлқы нормаларының жүйесі және олардың санасына әсер ету тәсілдері ретінде, және жеке тұлғаның моральдық санасы ретінде, яғни қажеттіліктер мен қабілеттердің, идеалдар мен әдеттердің, сезімдер мен көзқарастар, білім мен нанымдардың, адамның мінез-құлқын белгілі бір әлеуметтік ортақтықтың мүддесімен келісу қажеттілігін білдіретін мінез-құлық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы нақты әлеуметтік идеяға сәйкес келетін адамгершілік тұлға адамгершілік тәрбиенің тікелей мақсаты болып табылады. Ал белгілі бір жолмен тәрбиеленуші тұлға адамгершілік моральдың басқа түріне - қоғамдық - және адамдардың бүкіл өмір салтына әсер етеді. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен тәрбиешілердің, ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский: «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала сондай бола алады» дейді. Демек, балаға жан-жақты терең білім беріп қана қоймай, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Адамгершілікті адамның өзінің еркіндігін, жекебас құқығын шектеуі деген қате түсінік те ішінара кездесіп қалатындығы жасырын емес. Адамгершілік қасиеттерге ие, адам атына лайық адамды қалыптастыру сияқты аса маңызды тәрбие мәселелерімен мемлекет айналысуы дұрыс болып табылады. Ол тәрбие балалық шақтан басталуы тиіс. Сонда ғана адамгершілік тамырын тереңге жаяды. Адамгершілік тәрбиесінің адам бойында болуы, отбасына, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата-ана мен тәрбиешіге жүктелген міндет. Білім беріп, бірақ тәрбие бермейтін сабақты балаға пайдасы жоқ сабақ деп түсінген жөн. Мұғалім өзінің пәні бойынша берген сабақтары арқылы тек білім ғана емес басқа тәрбие түрлерімен қатар адамгершілік тәрбиесін де береді. Орыстың ұлы ғалымы Д. И. Менделеевтің «Тәрбиесіз берілген білім, ессіздің қолына найза ұстатқанмен пара-пар» деуі ақиқат сөз. Тәрбиені бірінші орынға қоюдың сыры осында. Даналарымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш блғанда оны түзете алмайсың», деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік, рухани құндылық қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие - екіжақты үдеріс. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, бойына адамгершілік қасиетті дарытқан ұрпақ тәрбиелеу.
Адамгершілік - ол адамның іс-әрекетін, талап-тілектерін, ойлау бейнесін анықтайтын ішкі рухани құндылығы. Адамның ар-ұяты дегеніміз өзінің ішкі құндылықтарын жасау және өмірде соларды ұстану, басшылыққа алу дегенді білдіреді. Демек, адамгершілік пен ар-ұят тығыз байланысты ұғымдар. Абайдың адамгершілік тәрбиесі мен парасаттылық туралы ойын алып қарайтын болсақ, адамгершілік - бұл сөздік қорымыздағы сөлі ерекше, мәні мәңгілік айқын, салмағы пара-парсыз парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиетін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес тіршіліктің мәнін, дүниенің тәнін төрт тағандап ұстап тұрған ұлы принцип. Адамгершілікке негізделген жерде ғана не нәрсеге де құдірет тұратындығы мәлім. Осы ұлы күш - адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның да қордалы байлығы. Ал, оның белгілі бір адамдар бойындағы аздығынан айналасындағы адамдарға ғана емес, қоғамға да тиетін кесірі көл-көсір. Демек, адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен, адамгершілік сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың жолы. Абай ақыл, адамгершілік, жоғары саналылық, еңбек тәрбиесіне негізделуін өзінің өлең-жырларының ғақлималарының арқауы етті. Мысалы, «Ақыл бітпесе дәулетке, дәулет бітпес келбетке жан-жақты болып жетілу тіреледі еңбекке» - деп жырлауы соның айғағы.
Ыбырай Алтынсарин еңбектеріндегі адамгершілік тәрбиесі жайындағы ойы: жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа, әдептілікке тәрбелеуде мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, нақыл сөздер, әдеби мұралар ұлттық сана-сезімінің қайнар бұлағы. Ол барлық еңбектерінде жеке адамның жоғары қасиеттерін қалптастыруда еңбек, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің ерекше орын алатынын атап көрсетті. Ыбырай адамгершілікке жеткізетін қарапайымдылық, ұрлықтан аулақтық, мейірімділік, әділдік секілді қасиеттерді қазақтың өмірінен жазған шағын әңгімелерінде жүйелі түрде қазақ балаларының бойына сіңіруге тырысты.
Ұлы ойшыл Я. А. Коменский адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінің бірі - эгоизмнен арылу, көпшілік ісінің сәттілігі және әділеттілік үшін әрекет ету деп есептейді. Коменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кішіпейілдік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Коменский мектеп тәртібі жөнінен жаңа пікірлер айтқан. Оның үлкен еңбегі сонда, ол - орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, баламен гуманды қатынас орнатуды жақтады, сонымен бірге мұғалім оқушыларынан тиісті мектеп тәртібін талап ете білу керек деді. Бұл туралы оның мынандай пікірі бар «Егер егістікті отамайтын болса, егіске қауіп төндіретін арамшөп өседі. Егер ағаш бұтақтары кесіліп, отырылмаса, жабайыланады». Коменский адамгершілік қасиеттерді дамытудың 16 ережесін ұсынған болатын, оны В қосымшадан көруге болады. Бұл пікірден мектепте ұрып-соғу, жазалау орын алсын демеген, мұғалімдер де, оқушылар да сергек және бірін-бірі қадірлеп отыратын болсын, тәртіптің үлгісін мұғалімнің өзі көрсетіп отырсын дегені анық. Коменскийдің балаларға қандай гуманистік және оптимистік көзқараспен қарағанын оның мына сөздерінен айқын көрінеді: «Балалардың қандай болып туары ешкімгі де байланысты емес, бірақ дұрыс тәрбие беру арқылы олардың жақсы болып шығуы - біздің қолымыздағы нәрсе».
Әбунасыр әл-Фараби мұраларында ізгілік идеясына өте үлкен мән берілген. Ұлы ғұлама өзінің еңбегінде «Тәрбие дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерді дарыту» деп өзіндік тұрғыдан пайымдаған. Ал «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» атты шығармасында ізгілікке «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде бұлар адамшылық қасиеттері болып табылады. Қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығында және жетілгендігінде деген мағынада. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз және осы екеуінің арасында біз ізгілік қасиеті мол, игілікті және қайырымды адам боламыз» деп анықтама береді. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда «Адамгершілік екінші бір адамға жақсылық жасап, көмек көрсетуден тұрады» деген ұғым қалыптасқан. Ал Әбунасыр әл-Фараби жоғары айтылған ойларында адамгершілік адамның өз басынан, өзіне деген өзіндік ізгі көзқарасынан бастау алу керектігін айтқан.
Сонымен, ағартушы-ғалымдардың адамгершілік жайында сөздеріне сүйене отырып, адамгершілік - деген сөзге анықтама беретін болсақ, белгілі бір рухани ұстанымдарды: ар-ұят, әділеттілік, махаббат және мейірімділік, қайырымдылық ұстанымдарын ұстану, оларды өз өмірімізде басшалаққа ала отырып, өмір сүру.
Ал, адамгершілік тәрбиесі - жеке тұлға бойында мінез-құлықтың, белгілі бір сипаттардың, олардың бір-біріне, отбасына, өзге адамдарға, мемлекетке, Отанға қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту үшін тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі. Адамгершілікке тәрбиелеу адамның дүниеге, адамдарға көзқарасын анықтайды, педагогикалық ықпал негізінде мінез-құлқын, сезімдерін қалыптастырады. адамгершілік - адам-ардың бір-біріне, қоғамға қатынасын қамтитын мінез-құлық ұстанымдары мен ережелерінің жиынтығы. Оның мәні түрлі қоғамдық қатынастар барысында жеке тұлғаның өзара қатынасына арқау боларлық міне-құлық әрекеттерімен анықталады. Біріншіден, адамгершілік тәрбиесі халықтық мұра ретінде қарастырылады; екіншіден, жалпы адамзаттық құндылықтармен бірлікте айқындалады; үшіншіден, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, рухани заңдылықтарымен түсіндіріледі. Адамгершіліктің ерекшелігі - өзімшілдіктен, өз басын ғана ойлаудан арылу, көпшілікке қызмет ту, халықтық істің сәттілігі, мемлекеттік игілік, әділеттілік үшін әрекет ету болып есептеледі. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың бойында белгілі бір мінез - құлықтардың сипаттарын қалытастыру, өзіне және өзге адамдарға, отбасы мүшелеріне, туған жеріне, табиғат пен қоғамға, мемлекет пен Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез-құлық, тәртіп нормалары мен ережелерін дарыту мақсатын жүзеге асыру бағытындағы ересек адамдардың, тәрбиеші, мұғалімдердің қызметі. Абай «Адамның адамшылығы, адамгершілігі ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан» деген. Адамгершілік тәрбиесі - меңгерген идея, қоғамдық мораль нормалары мен ұстанымдары, іс-тәжірибелік әрекетке қатысу негізінде тұрақты моральді сапаны, адамгершілік қажеттілікті, сенімді және сезімді, қасиетті, дағдыны және мінез-құлық әдетін, әдепті қалыптастыру үдерісі. Жеке адамның үйлесімді дамуының, рухани ізгілікнегізінде қалыптасуының жетекші жағы. Адамгершілік адам жанының қабылдап алған рухани сапасы. Адамның жақсы қасиеті оның табиғатынан тыс болуы мүмкін емес. Табиғат адамға игіліктерді, адамдық қадір-қасиетті түсінуіне, қабылдауына мүмкіндіктер береді. Бұл мүмкіндіктер бара-бара шын мәніндегі адам жанының жақсы сапаларының біріне айналады.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбие жүйесі әр елде алуан түрлі даму деңгейінде болып отыр. Оның басы себептері: мектепке дейінгі тәрбиеге мемлекет пен қоғамның қатынасына, қоғамдағы әлеуметтік экономикалық жағдайларға, әр елдің салт-дәстүрі мен мәдениетіне, аймақтық ерекшелігіне де байланысты болмақ.
1. 2 Мектеп жасына дейінгі бала мен оның адамгершілік тәрбиесі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz