Пәннің және тілдің кіріктіліген оқытуы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті»
КЕАҚ
Жаратылыстану жоғары мектебі
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
7М01551 Биология білім беру бағдарламасы
«Биология сабақтарында CLIL технологиясының элементтерін енгізу»
Магистрант Байдаулетова Ж. К. «» 20 ж
/қолы/ /Т. А. Ж. /
Ғылыми жетекші Тулиндинова Г. К. «» 20 ж
/қолы/ /Т. А. Ж. /
Қорғауға жіберілді:
ББ жетекшісі Тулиндинова Г. К. «» 2024 ж
/қолы/ /Т. А. Ж. /
Норма бақылаушы Шакенева Д. К. -К «» 2024 ж
/қолы/ /Т. А. Ж. /
Павлодар, 2024
Резюме
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА CLIL ХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕНГІЗУ.
Бұл зерттеу жұмысы 2023ж Павлодар қаласы Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияда жүргізілді. CLIL элементтерін енгізіп сабақ өткізуде биология пәнінен білім сапасы 92, 3% болды. 9 сыныпта өткен "Жасуша құлылымы", "Сеll structure", ``Жасушаның ұлғаюын сызықтық есептеу``, ``Linear calculation of cell magnification``, "Бөлімге жиынтық бағалау жұмысы" алынды. Сабақ барысында мақсат анықталып, жаңа ұғымдармен, түйін сөздермен жұмыс, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар ұсынылды. Кіріктірілген сабақ болғандықтан оқушыларға тақырыптың мазмұнын түсінуге, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, өздік жұмыстарына көп көңіл бөлуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға бағытталған тапсырмалар ұсынылды. Бұл тапсырмаға келесі әдістерді қолдану арқылы қол жеткізілді:"мәтінмен жұмыс" "сұрақ-жауап", "артық сөзді алып тастау", "сәйкестендіру әдісі" т. б. Сонымен қатар 9 сынып оқушыларының бөлім бойынша бағалау тапсырмаларын орындау арқылы білімдерін тұжырымдау және алған білімдерн өз бетінше жинақтау дағдылары қалыптасты.
ВНЕДРЕНИЕ ЭЛЕМЕНТОВ ТЕХНОЛОГИИ CLIL НА УРОКАХ БИОЛОГИИ
Данная исследовательская работа проводилась в 2023 году в Павлодарской гимназии для одаренных детей имени Абая. Качество образования по предмету «Биология» составило 92, 3% при проведении занятий с внедрением элементов CLIL. «Клеточная структура», «Линейный расчет увеличения клеток», «Линейный расчет увеличения клеток», «Итоговая оценочная работа по кафедре» проходили в 9 классе. В ходе занятия определялась цель, предлагалась работа с новыми понятиями, ключевыми словами, заданиями разного уровня. Поскольку урок был интегрированным, учащимся предлагались задания, направленные на понимание содержания темы, повышение интереса учащихся к предмету, уделение большего внимания собственной работе, участие в научных исследованиях. Поскольку урок был интегрированным, учащимся предлагались задания, направленные на понимание содержания темы, повышение интереса учащихся к предмету, уделение большего внимания собственной работе, участие в научных исследованиях. Данная задача была решена за счет использования следующих методов: «работа с текстом», «вопрос-ответ», «удаление лишних слов», «метод сопоставления» и др. При этом у учащихся 9 класса развивались навыки обобщения своих знаний и самостоятельного накопления полученных знаний путем выполнения оценочных заданий по разделом.
INTRODUCTION OF ELEMENTS OF CLIL TECHNOLOGY IN BIOLOGY LESSONS
This research work was carried out in 2023 at the Pavlodar gymnasium for gifted children named after Abay. The quality of education in the subject “Biology” was 92. 3% when conducting classes with the introduction of CLIL elements. “Cellular structure”, “Linear calculation of cell enlargement”, “Linear calculation of cell increase”, “Final assessment work for the department” were taken in the 9th grade. During the lesson, the goal was determined and work with new concepts, keywords, and tasks of different levels was proposed. Since the lesson was integrated, students were offered tasks aimed at understanding the content of the topic, increasing students’ interest in the subject, paying more attention to their own work, and participating in scientific research. Since the lesson was integrated, students were offered tasks aimed at understanding the content of the topic, increasing students’ interest in the subject, paying more attention to their own work, and participating in scientific research. This problem was solved through the use of the following methods: “working with text”, “question-answer”, “removing unnecessary words”, “comparison method”, etc. At the same time, 9th grade students developed the skills of summarizing their knowledge and independently accumulating what they have gained knowledge by completing assessment tasks for the section
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
- Негізгі бөлім . . . 5
1. 1 Жаратылыстану пәндерінде CLIL технологиясының элементтерін енгізудің ерекшеліктері 5
1. 2 CLIL технологияны қолдану саласындағы табысты тәжірибелер 10
- Зерттеу бөлімі
2. 1 «Биология сабақтарында CLIL технологиясының элементтерін енгізу» -
зерттеу жұмыстары . . . 12
Материалдары мен әдістері . . . 12
Зерттеу нәтижелері және талдау . . . 12
Қорытынды . . . 57
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 59
Кіріспе. Еліміздің білім беру жүйесі ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру мақсатында стратегиялық жаңғырту кезеңін өтуде. Қазіргі таңда оқушылардың тілдік дағдылары мен біліктерін арттыру, яғни үйренген тілдік білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту білім беру үрдісінің негізі болып табылады [1, 2, 3] .
Жүктеме тек оқушыларға ғана емес, мұғалiмге де түсiп отыр. Баланы осындай күнделiкті келіп отырған ақпараттарды талдауға қалай көмектесуге болады? Оқу материалын меңгеруге қандай көмек қажет? Қазiргі оқушылардың ынтасын қалай көтеруге болады? Оқу процесiне оқушыларды қалай жұмылдыруға болады? Қалай оқуға үйретуге болады? - деген бiршама сұрақтар мазалайды. Әрбiр мұғалiм сабақтарын қызықты етiп, материалды жаттанды етпей, әлемдi өзi танып бiлуге көмегi болатындай етiп өткiзу керегi анық. Сондықтан мұндай мәселелердi дәстүрлi сабақтар арқылы шешу мүмкін емес, оқытудың әдіс-тәсілдерін өзгерту уақыты келді. Осындай жылдам көп ақпараттардың легінде оқушы білімін өздігінен толықтыра алу дағдыларын қалыптастыру қажет [4] . Қазір білімді алу үшін дәстүрлі емес жолдарын табуды талап етеді. Мұғалім оқушының білімді ғылыми негiзде қалай алуға болады деген ұстанымды ұстау қажет. Оқушының білімді өздігінен алуына дағдыланғаны дұрыс. Сонда оқушы алдына мақсат қою арқылы, өзінiң әрекетiн бағалауға, әрі қарай әрекеттерiн дамытуды болжай алуға үйренеді.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі білім алушылардың тілдік дағдыларын неғұрлым тиімді оқытуға және дамытуға ықпал ететін инновациялық тәсілдерді талап етеді. Мақала биология сабақтарында CLIL (Content and Language Integrated Learning) технологиясының элементтерін енгізуді зерттеуге және олардың білім беру процесіне әсерін бағалауға арналған.
Жалпы білім беретін мектепте тілдерді оқыту үдерісіне үш тіл енгізілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдері . Үш тілде білім беру ұғымы нені қамтиды?
Үш тілді білім беру - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту пәні ретінде және оқыту құралы ретінде оқыту арқылы қатар меңгерудің үздіксіз процесі (бірінші жағдайда - бұл мектеп тілдік пәндері, екінші жағдайда-қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі жекелеген тілдік емес пәндерді зерделеу) . Сонымен, мақалада біз 9-сыныпта "Биология " қосымша сабақтарында үштілділікті енгізу барысында CLIL әдістемесін қолданудың маңыздылығы туралы айтамыз.
Біз CLIL туралы не білеміз ? Ағылшын тілінен аударғанда CLIL ұғымы: "Сontent and Language Integrated Learning" - пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту) . Бұл әдіс бізге сабақ өткізуге мүмкіндік берді. Team-teaching ( (топтық оқыту), биология және ағылшын тілі пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру, ұғымдарды қазақ тілінде де енгізу. Неліктен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімдері тілді де, пәндік мазмұнды да оқуды қолдауы керек? Ағылшын тілі тек ағылшын тілі сабақтарында оқытылады, ал мазмұн тек пәндік сабақтарда оқытылады. CLIL әдісін қолдану пәндік және тілдік мақсаттарға бір уақытта қол жеткізуге ықпал етеді. Әдістеменің тағы қандай артықшылықтарын көреміз? Translanguaging (тілдерді ауыстыру немесе тілді ауыстыру) . Оқушылар ақпаратты (INPUT) (мысалы, оқу және тыңдау) бір тілде алады, ал басқа тілде ойнайды (OUTPUT) (мысалы, сөйлеу және жазу) . Support vocabulary (қолдау сөздігі) . The 4C framework - 4С құрылысы.
Communication / Байланыс: тілді қолдануға және тілді үйренуге үйрету.
Cognition / Таным: ұғымдарды (дерексіз және нақты), түсініктер мен тілді байланыстыратын ойлау дағдыларын дамыту.
Culture // Мәдениет: баламалы перспективаларға ұшырау және басқалар мен өздері туралы хабардарлықты тереңдететін түсінікпен бөлісу.
Content / тақырып, мазмұн.
"Биология" ағылшын тілінде қосымша оқыту мақсаты оқушылардың тілдік құзыреттілігін кеңейту бағытында перспективалы бағыттардың бірі ретінде зерттелетін пәннің жаратылыстану-ғылыми бейінін таңдауға оң уәждемені қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу мақсаты CLIL элементтерін пайдалана отырып, 9-сыныпқа арналған биология сабақтарының топтамасын әзірлеу және осы технологияның тиімділігін тәжірибеде тексеру болды.
Зерттеу міндеттері:
- «CLIL технологиясы» ұғымына түсiнік беру және сабақтарда жобалау іс-әрекетінің психологиялық- педагогикалық негіздерін айқындау;
- жобалау іс-әрекеті арқылы 9 сынып окушыларының биология сабағындағы тілді меңгеру дағдыларын зерттеу;
- биология сабақтарында оқушылардың CLIL технологиясының элеметтері енгізілген сабақтардың әдістемелік жүйесін құрастыру және оның тиімділігін анықтау үшін сынақтан өткізу.
Зерттеу нысаны: оқыту процесіндегі 9 сынып оқушыларының CLIL технологиясының элеметтері енгізілген сабақтардағы білімді меңгеру дағылары мен біліктері.
Зерттеу пәні: биология сабақтарында CLIL технологиясының элеметтері енгізу іс-әрекеті арқылы оқушылардың тілдік деңгейлерін арттыру.
Гипотезасы: Егер биология сабақтарында оқушылардың кіріктірілген іс-әрекеттерін қалыптастыру: зерттеу жұмыстарын жүргізу, эксперименттер алаңын жасау, табиғат құбылыстарын, фактілерді, оқиғаларды ағылшын тілінде түсіндіре алу қабілеттерін дамытатын тиімді әдістер қолданыста болған жағдайда, 9 сынып оқушыларының шет тілін білудегі жан-жақты қолдана алу қабілеті артады.
Зерттеу әдістері:
- теориялық (тақырып бойынша әдістемелік әдебиеттерді талдау) ;
- эмпирикалық (бақылау, оқушылардың жаратылыстану сауаттылықтарын анықтауға арналған 10 сұрақтан құралған сауалнама алу, педагогикалық эксперимент, тізбектелген сабақтар өткізу, бөлім және тоқсан бойынша оқушылардың жетістіктерін анықтауға жиынтық бағалау жұмыстарын алу) ;
- математикалық (алынған мәліметтерді тіркеу, эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеуден өткізу әдістері) .
Зерттеу орны: эксперимент 2022-2024 ж., Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия КММ өткізілді.
- Жаратылыстану пәндерінде CLIL технологиясының элементтерін енгізудің ерекшеліктері
Қазақстанның қазіргі даму процестері білім беру саласына бірқатар жаңа талаптар мен міндеттерді алға тартуда. Осындай міндеттердің бірі Қазақстан Республикасының жалпы білім беру деңгейін қазіргі заманғы әлеуметтік - экономикалық орта жағдайлары талап ететін біліктілік деңгейіне көтеру. Үш тілде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру заңнамалық актілер мен даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасының бір бағыты болып жаратылыстану-математикалық бағытының «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология», «Жаратылыстану» пәндерін ағылшын тілінде оқыту болып табылады, ол дәстүрлі әдістер мен оқыту әдістерінен өзгешелерді талап етеді[2] . Әлемдік тәжірибеде сәтті жүзеге асырылған осындай тәсілдердің бірі CLIL деп аталатын пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту деп аталады. CLIL-технологияны пайдалану білім беру проблемаларының айтарлықтай ауқымын шешуге мүмкіндік береді. Ана тілі емес (шетел) тілді және тілдік емес пәндерді бір мезгілде оқыту күтілетін оқыту мақсаттарына жетудің және кең ауқымды дағдыларды қалыптастырудың тиімді құралы болып табылады. CLILды орта білім беру тәжірибесіне енгізу кезінде ықтимал қауіптерді болдырмау үшін мұғалімдер осы әдістемені меңгеруі тиіс. Практикалық қызметінде пән мұғалімдері мен тілдік пәндер мұғалімдері жаңа білім беру жағдайына байланысты бірқатар қиындықтарға тап болады, олар заман талаптарына сәйкес жаңа білім жағдайымен, тәрбиелеу мен білім берудің белгіленген әдістері және тәсілдерін өзгертуге, оқытудың коммуникативтік әдісі мен ағылшын тілін білудің жеткіліксіз деңгейіне деңгейіне байланысты. Бұл әдістемелік ұсыныстар CLIL-технология негізінде ағылшын тілін және жаратылыстану бағытының пәндерін (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) интеграцияланған оқыту әдіснамасының негізгі ережелерін сипаттау мен түсіндіруге бағытталған.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қарастырылған:
- CLIL-технологиясының мақсаты мен бағыттарын нақтылау;
- CLIL-технологиясын қолданудағы табысты тәжірибелердің үлгілері;
- CLIL мәнмәтіненде тілдік және тілдік емес пәндердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар;
- CLIL мәнмәтінінде білім алушылардың тілдік және пәндік құзыреттіліктерін бағалау ерекшеліктерін сипаттау.
Оқытудағы кіріктірілген пәндік-тілдік тәсіл (ары қарай - CLIL) - кең түсінік, ол пәнді шет тілдері арқылы меңгерудің оқыту әдісін сипаттау үшін қолданылады, оның негізгі мақсаты - пәнді меңгеру және шет тілі бойынша тілдік дағдыларды жетілдіру. CLIL материалдық мазмұн мен тіл үйрену арасындағы теңгерімді талап етеді, онда тіл мазмұнды оқыту құралы ретінде пайдаланылады, ал мазмұн, өз кезегінде, тіл үйрену үшін ресурс ретінде қолданылады. CLIL терминін (Content and Language Integrated Learning) Д. Марш енгізді, оның келесі анықтамасы берілді: «Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту кез-келген екі пәндік білім мәнмәтініне бағытталған, онда оқыту тілі ретінде қолданылатын қосымша тіл, яғни негізгі емес/шет тілінде оқытудың курсы жүргізіледі» [3, 2-б. ] .
CLIL терминін (Content and Language Integrated Learning) Д. Марш енгізді, оның келесі анықтамасы берілді: «Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту кез-келген екі пәндік білім мәнмәтініне бағытталған, онда оқыту тілі ретінде қолданылатын қосымша тіл, яғни негізгі емес/шет тілінде оқытудың курсы жүргізіледі» [3, 2-б. ] . CLIL оқыту әдіснамасы бойынша келесі қағидат негіз болып табылады, ол бойынша білім алушылар үшін пәндер ана тілі болмайтын тілде оқытылады.
Мақсаты тіл оқу материалын меңгерудің құралы болып табылады. Шетел ғалымдары CLIL технологиясының негізгі ұғымдарының арасында оның міндетті компоненттерін «4С» деп атайды: - пәнді оқытудың кең спектрінің негізгі пәндік-мазмұндық компонентін (Content), шет тілі арқылы арнайы терминологиялық базамен одан ары қарай кәсіптік қызметке дайындығын қамтамасыз ету; - әлеуметтік-тілдік компонент (Communication), коммуникативтік дағдыларды дамытуға жағдай жасау, шет тілін тереңірек меңгеру және пайда болған құзыреттіліктерді қолданбалы мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі; танымдық-оқыту компоненті (Cognition), білім алушылардың мотивациялық құрамдас бөлігінің өсуіне, әртүрлі оқыту стратегияларын, оқу қызметінің нысандары мен түрлерін меңгеріп қолдануға себепші болады;
- мәдени компонент (Culture), мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуды, басқа елдер мен халықтардың мәдениетінің ерекшеліктерін білу мен түсінуді білдіреді. Пәннің және тілдің кіріктіліген оқытуы
CLIL-ді әзірлеген әдіснама мамандарының қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады [4] :
1) көп жақты фокус:
- тілдің оқытуы пән мен тіл арқылы қамтамасыз етіледі;
- сабақтың мазмұны тілдік сабақтарда жетіледі;
- пәндердің кірігуі жүзеге асырылады;
- жаттығулардың көрінісі пәндердің кірігуі арқылы жүзеге асады; - оқытудың рефлексиясы өткізіледі;
2) қауіпсіз оқу ортасы:
- әдеттегі іс-әрекеттер мен тілдік модельдер қолданылады;
- оқытылатын тақырыптық және тілдік құрылымдар көрнекі түрде көрсетіледі;
- тіл қателіктері түзетілмейді, бірақ мұғалім тіл құрылымын дұрыс пайдаланудың үлгісін көрсетеді;
- тілдік білімді білу үшін түпнұсқалық (түпнұсқа) оқыту материалдары қолданылады; 3) түпнұсқаға және дереккөзге жақын болуы:
- білім алушы ауызша және жазбаша дағдылары арқылы сөйлеуге, жазуға, сонымен қатар жетілу мүмкіндігін қолдана алады;
- білім алушы өзінің қызығушылығын ескере алады;
- оқу материалы білім алушының күнделікті өмірімен байланысты;
- бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа көздердің нақты материалы пайдаланылады; 4) белсенді оқыту:
- мұғалімнен гөрі оқушылар сабақта көбірек сөйлейді;
- білім алушылар өздерінің тілдік және білімді меңгеру дағдыларын дамыту және пәндік мазмұнды меңгеру үшін өздерінің мақсаттары мен міндеттерін қалыптастырады;
- оқушылар оқу нәтижелерін және оларға жету жолдарын сипаттайды;
- сабақта екі және одан да көп жұппен жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін жағдай жасалады; - білім алушы мен мұғалім әңгіме құру және түрлі тапсырмаларды орындау арқылы тақырып пен тілдік материалдардың мағынасын түсінуге қол жеткізеді;
- мұғалімнің рөлі - сыныпта үш үдерістің мүмкіндіктерін құру және басқару, атап айтқанда: оқу процесіне, топтағы қарым-қатынастарды дамыту үдерісіне, өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ жеке даму үдерісіне;
5) негізгі құрылым: Оқу үрдісінде мұғалім білім алушылардың тәжірибесіне, білімдеріне, дағдыларына, көзқарасына, нанымдарына, мүдделеріне сүйенеді;
6 Сабақты жоспарлау және өткізу кезінде білім алушылардың оқу стилі ескеріледі; Шығармашылық және сыни ойлауды дамытуға назар аударылады;
- білім алушыға күрделі жағдайда болу мүмкіндігі жасалады, сонымен қатар оған эмоциялық жағынан оны жеңуге көмек беріледі; 6) ынтымақтастық:
- оқытушылар педагогикалық қарым-қатынас пен ынтымақтастық үдерісінде пәндік сабақтарды, тілдік сабақтарды және тақырыптарды бірлесе жоспарлайды;
CLIL-дің оқушыларға беретін мүмкіндігі. Тілді тек қана тіл ретінде емес, таным құралы ретінде қолдану:
Сын тұрғысынан ойлау;
Тілдерді жоғары деңгейде меңгеру жіне қызметтің барлық салаларында қолдана білу;
Өз мәдениетін бағалау;
Басқа да мәдениеттерді түсініп құрметтеу;
Азаматтық жауапкершілік;
Функционалдық сауаттылық;
Өмір бойы білім алу.
Еуропаның әр елінде CLIL әдістемелік тәсілінің негізгі сипатын айқындағанда бес негізгі аспект ерекшеленеді, ол мәдениет, әлеуметтік және тілдік ортаны қамтиды және мынадай пәндік пен білім беру міндеттерін шешуге бағытталған:
1. Мәдениеттік аспекті
− басқа елдердің мәдениетін зерделеу және түсіну;
− мәдениетаралық қарым-қатынас дағдысын дамыту;
− көрші елдердің, өңірлер мен аз ұлттардың ерекшеліктерін зерделеу;
− мәдени өзара қарым-қатынасты кеңінен түсіну.
2. Әлеуметтік аспекті
− интеграциялануға әзірлік;
− халықаралық үлгідегі сертификатты алуға емтихан тапсыру мүмкіндігі;
− мектеп бағдарламасы шеңберінде білім беру деңгейін арттыру.
3. Тілдік аспекті
− тілдік құзыреттіліктің жалпы деңгейін арттыру;
− коммуникативтік дағдыны дамыту; − ана тілімен қатар шет тілін терең түсіну;
− ана тілімен қатар шет тіліне қызығушылықты дамыту;
− қолданбалы мақсаттар үшін шет тілдерін пайдалану.
4. Пәндік аспекті
− пәнді жан-жақты оқыту мүмкіндігі;
− шет тілі арқылы арнайы пәндік терминологияға қол жеткізу;
− одан әрі оқытуға немесе жұмысқа әзірлік.
5. Оқыту аспекті
− әр түрлі оқыту стратегияларды қолдану мүмкіндігі;
− сынып жұмысының әр түрлі тәсілдері мен формасын қолдану;
− білім алушылардың мотивациясын арттыру.
Бес аспектінің әрқайсысы білім алушылардың жасына, ортасына және CLIL меңгеру дәрежесіне байланысты әртүрлі іске асырылады. CLIL оқыту міндетті оқыту бағдарламасымен қатар бейресми қызметте де қолданылады. Ол бір сабақтан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Оқыту тәсілі ретінде CLIL оқыту икемдігі, алдымен, уақыт санының өзгеруімен білінеді, ол мақсатты тіл арқылы сабақ беру мен оқытуға арналады.
CLIL - технологиясын пайдаланған жағдайда мақсатты тілде оқыту қарқындылығы өте өзгешеленуі мүмкін. Ғаламдық, мемлекеттік және жергілікті тілдік қажеттілікті назарға алып, оны қарқындылығы аз және қысқа мерзімді ретінде, сондай-ақ, үдемелі және ұзақ оқытуды ұйымдастыру мақсатында қолдануға болады.
CLIL-технологияның үш моделі белгілі:
− soft (жұмсақ) CLIL, language-led деп аталатын, онда арнайы мәнмәтіннің лингвистикалық ерекшеліктеріне назар аударылады;
− hard (қатты) CLIL, немесе subject-led, онда пәндердің 50% шет тілінде оқытылады;
− үшінші модель аталған модельдердің арасында орта дәрежені иеленеді және кейбір пәндер шет тілінде оқытылғанда қолданылады (partial immersion) .
Зерттеушілер CLIL технологиясы негізінде оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі нұсқасы мүмкін екенін атап өтеді: тілдік меңгеру, «тілдік душ», тілдік лагерь, екі жақты білім беру, отбасында оқыту, көптілді білім беру (мысалы, Еуропалық мектеп, үштілді оқыту бағдарламасы), қарқынды оқыту бағдарламасы, эмигранттарды тілге оқыту (оқушылар мен ересектер), халықаралық мектеп.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz