Катиондардың сульфидтік әдіспен жүйелі сапалық талдауы және жіктелуі


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімКатиондары сульфидтік әдіспен топтауКатиондарды сульфидтік әдіспен жүйелі түрде талдау
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Бейорганикалық заттардың сапалық анализін жүргізу үшін, оны ерітіндіге айналдырады содан соң катиондар мен аниондар анықталады.

Егер анализденетін ерітіндінің құрамы белгісіз әрі күрделі болса, онда катиондар мен аниондарды зерттеу үшін жүйелі анализ әдісі қолданылады.

Егер ерітіндінің құрамы қарапайым болса, анализді бөлшектеу әдісімен жүргізуге болады.

Анализдің бөлшектеу әдісі Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіне сүйенеді. Барлық катиондар үш топқа бөлінеді, оған s, p, d- элементтері де кіреді. Бөлшектеу анализінде басқа иондар қатысында зерттелетін ерітіндінің жеке ионын анықтауға тән реакциялар мен реактивтер қолданылады.

Жүйелі анализді орындағанда операциялардың жасалуының бірізділігін сақтайды, алдымен заттарды топтарға бөледі, содан соң әрбір затты топ ішінен бөліп, анықтайды. Ол үшін қосылыстар немесе иондар қасиетінің ұқсастығына негізделген бөлу реакцияларын пайдаланады. Заттарды топтарға бөлу топтық реагенттермен әсер етіп жасалады.

Анализдің жүйелі әдісінің аталуы топтық реагентпен анықталады.

Әрбір жүйелі әдістер өзінің аналитикалық топтардың катиондарына жіктеледі. Әрбір катиондардың тобында, сол топтың барлық катиондармен әрекеттесетін, ұсынылған топтың катиондарын айқын бөліп алатын және оның құрамына кіретін катиондарды анықтайтын өзінің топтық реактиві болады.

Анықталуға тиісті затты ерітіндіге көшіргенде көп жағдайда олар сұйық бойында катион және анион түрлерінде ұшырасады.

Ерітіндіге көшкен катиондарды топ-топқа бөліп анықтау үшін, олардың бойына тән, ұқсас жалпы ортақ қасиеттер негізге алынады. Әрбір топқа ортақ реагенттер, белгілі жағдайлар сақталғанда ғана тиісті қасиетті көрсетеді.

Жалпы ктиондарды күкіртсутекті әдіске топтау H 2 S-пен тұздардың әрекеттесу кезінде сульфидтердің түзілуіне негізделген. Және де катиондарды күкіртсутекті әдіске топтауға негіз болған себеп сульфидтердің рН көрсеткішіне қарай әртүрлі ерігіштік мәнге ие болуы.

Катиондардың қышқылдық-негіздік Сульфидтік жіктеу бойынша барлық катиондар бес топқа бөлінеді. Сульфидтік жіктеу бойынша жүйелік әдіспен сапалық талдау жасағанда катиондардың аммоний сульфидімен және күкіртті сутекпен әрекеттесуі қолданылады. . Яғни (1-кесте)

1-кесте. Катиондары сульфидтік әдіспен топтау

Катион тобы
Катион түрі
Ортақ реагенті
Тұнба құрамы
Қосылыстар ерігіштігі
Катион тобы: I
Катион түрі: Li + , Na + , K + , NH + 4
Ортақ реагенті: -
Тұнба құрамы: -
Қосылыстар ерігіштігі: Қосылыстары суда ерімтал
Катион тобы: II
Катион түрі: Ba 2+ , Sr 2+ , Ca 2+ Mg 2+
Ортақ реагенті: (NH 4 ) 2 CO 3 , (NH 3 + NH 4 Cl, pH = 9, 25)
Тұнба құрамы: BaCO 3 , SrCO 3 , CaCO 3
Қосылыстар ерігіштігі: Карбонаттары суда ерімтал
Катион тобы: III
Катион түрі: Al 3+ , Cr 3+ , Fe 3+ , Fr 2+ , Zn 2+ , Co 2+ , Mn 2+ , Ni 2+ , Be 2+
Ортақ реагенті: (NH 4 ) 2 S, (NH 3 + NH 4 Cl, pH = 9, 25)
Тұнба құрамы: Al(OH) 3 , Cr(OH) 3 , Fe 2 S 3, FeS, ZnS, CoS, MnS, NiS, Be(OH) 2
Қосылыстар ерігіштігі: Сульфидтері сұйытылған қышқылдарда ерімтал
Катион тобы: IV а
Катион түрі: Cu 2+ , Cd 2+ , Hg 2+ , Bi 3+ , Pd 2+
Ортақ реагенті: H 2 S (HCl, pH = 0, 5)
Тұнба құрамы: CuS, CdS, HgS, Bi 2 S 3 , PdS
Қосылыстар ерігіштігі: Сульфидтері сұйытылған қышқылдарда ерімейді, бірақ (NH 4 ) 2 S, Na 2 S ерімтал
Катион тобы: IV ә
Катион түрі: Sn 2+ , Sn (IV), Sb (III), Sb (V)
Ортақ реагенті: Na 2 S немесе (NH 4 ) 2 S (NH 3 + NH 4 Cl, pH = 9, 25)
Тұнба құрамы: SnS ерітіндіде Na 3 SbS 3 , Na 3 SbS 4 , Na 2 SnS 3
Катион тобы: V
Катион түрі: Ag 2+ , Pb 2+ , Hg 2 2+
Ортақ реагенті: HCl
Тұнба құрамы: AgCl, PbCl 2 , Hg 2 Cl 2
Қосылыстар ерігіштігі: Хлооридтері суда және сұйытылған қышқылдарда ерімейді

Бірінші аналитикалық топты Li + , Na + , K + , NH + 4 катиондары құрайды. Бұл топ катиондарының топтық реагенті жоқ. Оларды ерітіндіден бөлшектеп анықтайды.

Екінші аналитикалық топқа Ba 2+ , Sr 2+ , Ca 2+ Mg 2+ жатады. Топтық реагенті (NH 4 ) 2 CO 3 ерітіндісі аммоний карбонаты гидролизденеді. Сондықтан оның гидролизін баяулату үшін ерітіндіге NH 4 ОН қосады. Топтық реагенттің әсерінен ақ түсті карбонаттар тұнбаға түседі (BaCO 3 , SrCO 3 , CaCO 3 , MgCO 3 ) .

Үшінші аналитикалық топты Al 3+ , Cr 3+ , Fe 3+ , Fr 2+ , Zn 2+ , Co 2+ , Mn 2+ , Ni 2+ , Be 2+ катиондары құрайды. Топтық реагенті - аммоний сульфиді. Топтық реагентінің әсерінен қара түсті сульфидтер түзіледі: Fe 2 S 3, FeS, ZnS, CoS, MnS сұйытылған HCl, H 2 SO 4 ерітнділерінде ериді.

Төртінші аналитикалық топқа Cu 2+ , Cd 2+ , Hg 2+ , Bi 3+ , Pd 2+ , Sn 2+ , Sn (IV), Sb (III), Sb (V) катиондары жатады, топтық реагенті H 2 S тұз қышқылы ерітіндісі қатысында (рН ≤ 0, 5) .

Бұл топ катиондары екі топқа бөлінеді:

  1. Мыс топшасы: (Cu2+, Cd2+, Hg2+, Bi3+, Pd2+)
  2. Мышьяк топшасы: (As (III), As(V), Sn(II), Sn (IV), Sb (III), Sb (V) .

Мыс топшасындағы Cu 2+ , Bi 3+ , Hg 2+ катиондары қара түсті тұнбалар түзеді (CuS, HgS, Bi 2 S 3 ), ал Cd 2+ катиондары ашық сары тұнба түзеді (CdS) . Олар сұйытылған қышқылдарда ерімейді (HCl, H 2 4 ), ал бірақ тотықтырғыш қышқылдарда ериді, мысалы сұйытылған HNO 3 - ерітіндісінде.

Бесінші аналитикалық топқа Ag 2+ , Pb 2+ , Hg 2 2+ катиондары жатады, топтық реагенті сұйытылған тұз қышқылы ерітіндісі Ag 2+ , Pb 2+ , Hg 2 2+ катиондарымен суда нашар еритін ақ түсті тұнба түзеді.

Катиондардың топ-топқа біріктірілуі де шартты дүниелік екндігі естен шықпаған жөн!

Катиондарды жүйелі түрде анықтау барысында қышқылдық-сілтілік, аммиакты-фосфаттық сияқты талдаулар түрлері де жиі ұшырасады. Талдау барысында пайдаланылатын реактивтердің тазалық деңгейі, сапалық бағамы ескерілу тиіс. Мысалы сапалық бағамы «химиялық таза» реактивті өте таза заттар алу технологиясының шарттарын қанағаттандырмауы мүмкін. Сонымен қатар талдау барысында сұйық ерітінділер жиі қолданылатын болғандықтан олардың концентрациясы көрсетілуі тиіс.

Катиондарды сульфидтік әдіспен жүйелі түрде талдау әдісі 2-кестеде көрсетілген.

Зат құрамын анықтау барысында ерітінділер концентрациясы көп жағдайда 1-6 моль/л аралығын құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қышқылды-негіздік әдісі бойынша V аналитикалық топтағы катиондардың жіктелуі мен сапалық реакциялары
Сапалық химиялық анализ: катиондар мен аниондардың қышқылдық-негіздік әдісі бойынша жіктелуі және жүйелі-бөлшектеу әдістері
Бейорганикалық заттардың сапалық талдауы: бөлшектеу мен жүйелі әдістер, катиондар мен аниондардың аналитикалық реакциялары
Катиондардың жүйелік сапалық талдауы: I-III аналитикалық топтардың реакциялары мен зертханалық әдістері
Жүйелі сапалық талдаудағы IV аналитикалық топ катиондары (Al3+, Sn(II,IV), Cr3+, Zn2+, As(III,V)): қасиеттері және топтық реактивтері
Катиондардың анықтамасы мен жіктелуі: қышқылды-негіздік әдіс және I аналитикалық топ (Li+, Na+, K+, NH4+) реактивтері мен қасиеттері
Белгісіз заттың сапалық химиялық талдауы: катиондар мен аниондарды жүйелік және бөлшектік әдістермен анықтау
Қышқылды-негіздік әдіс бойынша VI аналитикалық топ катиондарының жіктелуі мен сапалық реакциялары
Өлшеулердегі жүйелі қателіктер: жіктелуі, анықтау және жою әдістері
Катиондар: түсінік, қышқылды-негіздік әдіс бойынша жіктелуі және сапалық талдау реакциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz