Математика құрылыс саласында



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Мектебі: И.Панфилов атындағы № 39 мектеп-гимназиясы
Авторы: Меирбек Айғаным Ерболқызы
Сыныбы: 7 Ә сынып оқушысы
Тақырыбы: Адам өміріндегі математика
Жетекші: математика пәні мұғалімі Серікқызы Әсел

Зерттеу жұмысының мақсаты
Математика адам өмірінде қандай салада маңызы бар екенін анықтау, яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтынын, оны қалай оқып білу керек екені мен математиканың адам өміріне қаншалықты қажет екенін дәлелдейтін мәліметтер іздестіру, математиканы өмірде қолдануға үйрету, математиканың басқа салалардағы орны ерекше. Математикасыз өмір сүру мүмкін емес. Уақытты алтынға балап, әр сағатын санап жүретін адам, математика амалдарына жүгінбей қоймайды. Сағатпен еңбек етіп, уақытпен демалып, тамақты өлшеп пісіреміз, есептеп сауда жасаймыз. Математика ғылымы күнделікті өмірмен тығыз байланысты қиын және өте қызық пән екендігі туралы зерттеу. Осы мақсатты жүзеге асыра отырып, төмендегі міндеттерді басшылыққа аламыз:
1. Математиканың шығу тарихы
2. Математиканың адам өміріндегі рөлі
3. Математиканың басқа салалардағы алатын орны
Міндеті:
* Өмір мен математика пәнінің байланысын қарастыру;
* Математикасыз өмір сүру мүмкін емес екенін дәлелдеу.
Зерттеу болжамы:
Егер математика өмірде ешкімге қажет емес ғылым болса, онда кез-келген адамға оның заңдылықтарын білу міндетті емес деп болжаймын.
Зерттеу әдістері:
Іздену, анықтау,сұхбаттасу, дәлелдеу, қорытындылау, тұжырымдау.
Жұмыстың өзектілігі
Математика пәнін оқу тек есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез - келген мәселені шеше білу, басқа түрлі салалар бойынша математиканың алар орны ерекше екендігі туралу ұғыну. Математиканы тұрмыста және түрлі салаларда аса қажет екенін дәлелдеу.Оқушылар математика ғылымын тек мектеп бағдарламасынан біледі, математиканы тереңірек оқуға қызығушылықтары төмендеп бара жатыр. Сондықтан, сол қызығушылықты ояту және дамыту үшін Күнделікті өмірдегі математика атты ғылыми жобаны бастап отырмын.
Мазмұны:

І.Кіріспе
1
ІІ.Негізгі бөлім
2
2.1. Математиканың шығу тарихы
3
2.2. Математиканың өмірдегі рөлі
4
2.3. Математиканың асханадағы маңызы
8
2.4.Математика құрылыс саласында
9
2.5. Бизнестегі (саудадағы) математика
10
2.6. Математика құранда
10
ІІІ.Қорытынды
13
Пайдаланылған әдебиеттер
15

І. Кіріспе
Математика - барлық дәл ғылымдар сөйлейтін тіл Н.Лобачевский Математика пәнінен ғылыми жұмыс жасау тапсырылғанда, тақырып таңдау қиын боды. Себебі, математика ғылымы өмірмен тығыз байланысты екенін білеміз. Қай салада болсада сандармен кездесеміз. Мысалы: сабақ кестесінде де кездестіруге болады, асхана, дүкен, аялдама ... , барлық жерде кездестіруге болатыны анық. Математика ғылымының өмірде орасан зор орын алатыны сондай, тіпті оны оқып-білу бізге соншалықты қиын соғады, әрі қол жетпестей болып көрінетіні анық, бірақ математиканы тереңірек оқыған сайын ол бізге жақындай беретінін және оның қызықтыра беретінін, әрі жұмбағы мол әлем екенін байқаймыз. Сондықтан да мен Күнделікті өмірдегі математика тақырыбын таңдадым. Математика пәнінен ғылыми жұмыс тақырыбын таңдағаннан кейін алдымен Математиканың біздің өміріміздегі маңызы қандай? деген сұрақ туындады , сол арқылы зерттеу жұмысты бастадым. Математиканың алғашқа мағлұматтары барлық халықтарда болғаны анық. Календарь жасауда, құрылыста, жер суаруда, жер және әр түрлі ыдыс көлемін өлшеуде, теңізде жүзу, жан жақты байланыс жасау ісі математикалық білім-дағдылардың дамуын талап етті, оның бастапқы қарапайым ережелері дәлелдеусіз қалыптасты. Бір айнымалысы бар теңдеулер, сондай-ақ қарапайым арифметикалық және геометриялық прогрессияларға келтірілеген есептер шығару тәжірибесі кездеседі. Египеттіктер төртбұрыштың, трапецияның, үшбұрыштың ауданын, параллепипед пен табаны квадрат пирамиданың көлемін дәл есептей алған, дөңгелек ауданын жуықтап таба алған. Математикалық анализ бен математикалық физика дамуының геометрия мен алгебрадағы жаңа идеялармен түйіндесуі нәтижесінде математика мен оның қолдануында ерекше маңыздықызмет атқарып отырған математиканың үлкен бір жаңасаласы- функционалдық анализ жасалды. Статистикалық физика мен әр түрлі мәселелерді зерттеуге статистикалық әдістерді кең қолдану әрекеті ықтималдықтар теориясының алдына көптеген жаңа міндеттер қойды. Осы негізде бұл теория 19-20 ғасырларда күшті қарқынмен дамытылды. 19-20 ғасырлар бойы математиканың көне салаларыда жаңа идеялармен,нәтижелермен толығып, дамып отырды. Көп еңбек тілейтін есептеуді қажет ететін мәселелерді шешуді жеңілдету, жеделдету ісі әуелі механика-математикалық машиналар мен аспаптарды, ал 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап тез әрекетті электрондық есептеуіш машиналарды талап етті. Есептеу техникасының кең қолданылуына байланысты программалау теориясы пайда болды. Математиканың осылай қауырт дамуына жаратылыс тану ғылымдары мен техниканың математика алдына қойып отырғанталаптары түрткі болды. Мысалы: Математикадағы екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін инженер электрик тізбектегі актив кедергісі бар токтың теңдеуі деп ұғады.Инженер құрылысшы бұл теңдеуді қандай да бір конструкцияның күші мен деформациясын байланыстыратын теңдеу деп ұғады.Ал инженер механик рычагтың теңдігінің шарты деп айтар еді.Компьютердің жыл сайын жаңа түрлері ойлап табылуда немесе өзі жүретінмашина, роботтар неге тек Жапониядан бастау алады.Неге ол біздің Қазақстаннан жасалып, шығарылмайды.Ал оны шығаратын болашақтағы маман - біздер. Сондықтан экономикамыз қарыштап дамысын десек, Қазақстанымыз гүлденсін десек, жаңа технологияны дамыту үшін, өнертапқыштыққа жету үшін математикалық терең білім қажетті.Өмірде математиканы терең білмей орнын тауып жүрген адамдар көп. Әйтсе де математиканы жақсы білген адам көп болса, нұр үстіне нұр болар еді, яғни Қазақстанның болашағы нұрлы, жоспарлы жан-жақты білімді болар еді.[1.102б]
II.Негізгі бөлім.
Тақырыпты таңдау себебім:
Математика пәні жер шарындағы ең қызықты пәндер мен ғылымдардың бірі. Бұл пән ерте ғасырдан бастау алады және оның көптеген танымал ғалымдары бар. Өздеріңіз білетіндей, біздің елімізіздің ертеңі білімді азаматтың қолында. Бүгінгі білімді оқушы-ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат. Бұл азаматтың талантын, тапқырлығын қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Математика нақты ғылым болғандықтан, ол барлық ғылымдармен байланысты. Сонымен, " математика біздің өмірімізге қалай әсер етеді?"осылайша мен өзімнің зерттеу жұмысын бастадым . Яғни, мен өмірдің өзі математикасыз, санаусыз болмайтйындығын және оны қалай үйренуге болатындығы, оқушылардың қызығушылығын қалай арттыруға болатындығы туралы ақпарат жинадым. Мен оқушыларға математиканың адам өміріне қаншалықты қажет екенін түсіндіру үшін көп жұмыс жасадым.
2.1. Математиканың шығу тарихы
Математика грек тілінен қазақ тіліне аударғанда" білім, ғылым"дегенді білдіреді. Гректер ғылым тарауларын "математика" деп атады, сондықтан математика термині 1564-1642 жылдары өмір сүрген Галилео" әлем математика тілімен ұсынылған"деген пікір айтты. Қазақ математигі Орынбек Жәутіков айтқандай, "Сан-математика ғылымның іргетасы", бізді барлық жағынан сандар қоршап тұр, олар бізге барлық жерде қажет. Математиканың пайда болуы мен даму барысы ұзаққа созылды. Арифметиканың өзі тәуелсіз ғылым ретінде қалыптасқанымен, оның негізгі ұғымы санау қажеттілігі туындаған тарихқа дейінгі кезеңдерде өте ерте пайда болды. Геометрияның бастапқы қарапайым ұғымдары табиғатты бақылау эксперименттерінен, тікелей практикалық өлшемдерден алынған.
Ежелгі Египет математикасы
Ежелгі Египет-әлемдегі ең байырғы мәдени ошақтардың бірі. Ніл өзенінің екі жағалауында орналасқан бұл ел біздің эрамызға дейінгі 3200 жылдары біртұтас мемлекетке біріктірілді. Ніл өзені жыл сайын төгіліп, жағалаудағы ауыл шаруашылық жерлерін жуады, тасымалдау маусымы аяқталғаннан кейін тұрғындардың жерлерін өлшеуге тура келді, жерді өлшеудің көп жылдық тәжірибесінің арқасында геометрия туралы ғылым пайда болды (геометрия - грек сөзі, гео -- жер, метро -- өлшеу).
Мысалы, пирамиданың негізі мен бүйір бетінің ауданы мен негіздегі бұрыштар арасындағы қатынасты атауға болады.
Сол кітапта ("Мәскеу папирусы"), сонымен қатар шеңбердің ауданын есептеуді көрсетті: диаметрін алып тастағаннан кейін квадраттады.
Араб математикасы
Ол Орта ғасырлардағы Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Испания сияқты мұсылман мемлекеттерінде араб жазуымен жазылған математикалық шығармалар туралы айтады. Араб математикасының дамуына арабтар ғана емес, парсылар, суриялықтар және басқалар да үлес қосты. Бұл шығармалар бүгінгі күнге дейін қолжазба түрінде келді, олар бүкіл әлемнің кітапханаларында сақтаулы.
Біріншіден, Евклид" Геометрияның басталуы", содан кейін үнді математигі Брахмагуптаның жұмысы араб тіліне аударылған. Осы дәуірдің әйгілі математигі Әл-Хорезми болды.
IX ғасырдың ортасынан XIII ғасырға дейін араб математикасының өркендеу дәуірі деп санауға болады. Араб математикасының негізгі жетістіктерінен арифметика жағында: ондық санау жүйесі, жазбаша есеп, дәрежеге көтерілу, бірнеше қатардың қосындысын табу формуласын зерттеу. Араб математикасы әлемдік математика тарихында басты орын алады.
Орта ғасырлардағы Математика
Математика ғылымының бастауы, тұсауы кесілген жері ертедегі шығыс (Қытай, Үнді). Одан кейін ол Вавилон мен Египетке, Грецияға көшті. Грек математиктері математиканы дедукциялық ғылымға айналдырды, ол логикалық тұжырым арқылы өз нәтижелері мен түпкілікті принциптерін шығарады. Гректер барлық мәселелерді, әсіресе бастапқы геометрияға қатысты мәселелерді зерттеді деп айтуға болады.
Қытай математикасы
ХІІІ ғасырға қарай Шығыс Қытай , Батыс Орта Азия, Таяу және Таяу Шығыс елдері мангол билеушілерінің қолына өтті. Сонымен қатар, Юань патшалығы кезеңінде мұсылмандар манголдардан мұсылмандарға дейінгі техника орындарында әр аймақта ерекше жағдайларға ие болады. Мұсылман елдерінен келген көптеген астроном-математиктер хан ордасына келіп, жылнаманы (күнтізбені) құрастыруға кірісті.[2.77-78бет]
2.2. Математиканың өмірдегі рөлі
Гаусс айтқандай, "Математика-барлық ғылымдардың патшасы", математиканы адамды сүю және адамды түсіну сияқты түсіну керек. Бұл ғылым өте терең дағдылар мен үлкен қызығушылықты қажет етеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика күнделікті өмірде
Құрылысшы мамандар даярлау негізінде студенттердің таңдау курсы ретінде ұсынылатын «Қатпарлы серпімді бет теңдеуінің математикалық моделін жасау» технологиясы мен пайдалану әдістемесін жасау
Жаңа заман мәдениеті
Геометриялық есептерді шешудің ғылыми
Евклид емес геометрия
Ағартушылық ғасырының мәдениеті
Рационализм ғасырының мәдениеті
ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА 3DS MAX БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектеп жасына дейінгі балаларда геометриялық пішіндер жайлы ұғымдарды қалыптастыру ерекшеліктері жұмысының мазмұны
Эйлерлік графтың кейбір есептерінің теориясы
Пәндер