Музыкалық тәрбие эстетикалық тәрбиенің ерекше саласы


НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. Қазақстан Республикасы /ҚР БМЖБМС 2. 003-2002 / жалпы орта білім берудің бастауыш сыныптарға арналған мемлекеттік стандарты. Негізгі ережелер. Алматы, 2002.
2. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдама.
АНЫҚТАМАЛАР
Тәрбие - қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері (достастық) .
Тәрбиелік үдеріс - ол өзіндік даму, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі іске асыруға бағыттау мақсатында. Педагогтар мен балалардың өзара іс-әрекеттері.
Тәрбие жұмысы - ол анағұрлым толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету мақсатында ересектер мен балалардың бірлескен тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет.
Тәрбиелік жүйе - 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын (мақсаттар, субъектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен оның психологиялық жағдайы қамтылған тұтас әлеуметтік организм; 2) өзінің басты қызметі - тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе.
Қосымша білім беру - білім алушылардың білім алу үдерісінде сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие және оқу үдерісі Қосымша білім беруді ұйымдастыру тұлғаның жеке дамуына, кәсіби шеберлігін анықтауына, балалардың шығармашылық еңбекке бейімделуіне, олардың қабілеттерін көрсете білуіне, қоғамдық өмірге бейімделуіне, азаматтық өзіндік санасын қалыптастыруына барлық жағдайды жасайды.
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. «Шығармашылық» саласында музыка оқу әрекетінің басты мақсаттары-балалардың эстетикалық талғамын қалаптастыру, музыкалық шығармашылық іс-әрекеттер арқылы эмоциялық қатынасын білдіруге баулу, әдемілік пен сұлулыққа тәрбиелеу.
Балаларға қоршаған ортаның кейбір құбылыстарын бейнелейтін музыкалық шығармаларды таныстыру, олардың түрлері мен мәнерлілігі туралы түсініктерінің қалыптасуына әсер ету, музыканың дыбысын естіп, түсінуге, адамгершілік-эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу-осы саланың негізгі міндеттері болып табылады.
Жас ерекшеліктеріне, қабілеттеріне байланысты әрбір бала музыканы қызығушылықпен қабылдайды. Баланың есту қабілеті музыканың дыбыс биіктігін, сипатын, ырғағын, тембрін ажыратып, түсінуіне әсер етеді.
Дидактикалық ойындар музыка жетекшілерінің оқу іс-әрекетін түрлендіріп, мазмұнын байыта, көркемдей түседі. Ойындар балалардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығы мен құмарлығын оятады, балалық қиялдарын қозғап, түсініктерін кеңейте түседі. Балалардың шығармашылық қабілетерін дамытып, оларды әдемілікке, музыкалық үндестікке баулиды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Көп ұлтты жастардың өздерін Қазақстан тарихына, өткен буынның маңызды өмірлік құндылықтарымен сәйкестендіруіне үйрету керек, жастарға нақты өмірлік бағыт беру керек» деген. Бұл сөз бізге тікелей қатысты деп білеміз. Иә, халқымыздың барлық топтарының әлеуметтік жағдайлары және қажеттіліктері өзгеріп жатқан шақтарда жастарды музыка өнеріне тәрбиелеуге ден қойып, болашақ еліміздің өнер майталмандары етіп тәрбиелеу, ойлаған асыл армандарына жеткізу - ол біздің тікелей міндетіміз. Осы арада жастар өз ұлтының патриоты болуы, халқының мәдениеті мен тарихына жанашыр бола отырып, үздік оқу басты арманға айналуы керектігін ұмытпауы қажет. Сондықтанда мектеп қабырғасында бүгінгі таңда өнерге деген тәрбиені қай бағытта жүзеге асыру керектігі бұрынғыдан да маңызды мәселе болуы тиіс. Өнер арқылы адам өзінің шын мәніндегі өз ішкі көңіл-күйін білдіреді. Олай болса, қазіргі таңда оқу орындарында өнердің басты бір мақсаты - ол адам баласының барлық әрекетіндегі өнер арқылы патриоттық сезімталдыққа жастарды тәрбиелеу. Әуенді сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен қабылдайды. Өйткені «музыка-жүрек тілі», яғни сезім, қобалжу, көңіл-күйдің тілі деп ұққан жөн. Мектепке дейінгі мекемелерде жалпы тәрбиенің нәрімен сусындататын тәрбие салаларының бірі - музыкалық тәрбие. Балалардың өнерге құштарлығы мен қаблетін дамытуда музыкалық тәрбиенің жүйелі жолға қойылып, дұрыс ұйымдастыруынының маңызы айырықша. Өнерде тәрбие құралдары (музыка-дыбыс, суретте-бояу, әдебиетте-сөз) жасалған көркем бейне арқылы оқушылардың кеңейтіп, өмір шындығын, әсемдікті сезіне білу қаблетін дамытуға жағдай жасайды. Музыка пәнінің негізгі мақсаты балаға ұлттық өнердің құндылығын таныту. Балаларды музыкалық- эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу оларды көркем шығармашылық, әлеуметтік маңызды және қоршаған әлемді игеруге, тануға бағытталған істерге тарту арқылы өткізу керек. Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық қарым-қатынас тәжірибесін ашады, қорытындылайды. Бұл музыка-эстетикалық тәрбие беруде ешнәрсемен алмастыруға болмайды. Өнердің эстетикалық тәрбие беруге қатысуы, оның міндетті қызметтерінің бірі болып табылады. Әр халықтың эстетикалық дүние танымы, көркемдік өзіне тән өнер туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиесінде, туған халқымыздың ұлттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын ұғындыру мектепке дейінгі тәрбиеде баланы әсемдікті сүйсіне білуге баулу құралы екені сөзсіз. Сондықтан, өнерге деген қызығушылықты қалыптасты-руда халық өнері мен мәдениетінің сан-алуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру көзделеді. Бүгінгі таңда, жас ұрпаққа көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет, музыка өнері, бейнелеу өнері, ұлттық қолөнер сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы оның ішінде, халықтық дәстүрлі өнерін игерте отырып, бала бойындағы әсемдікті қабылдау, сезіну, өнер шығармаларын әсемдік заңдылықтарына сәйкес бағалай білу қаблеттерін, көркемдік талғам деңгейінде қалыптастыру қажеттігі маңызды мәселенің бірі. Музыкалық тәрбие өмірдегі, табиғат пен өнердің әсемдікті қабылдап, бағалауға және түсінуге қаблетті адамды пәрменді түрде қалыптастырудың нысаналы жүйесі. Әл - Фараби өзінің «Музыка туралы үлкен трактатында» музыка ғылымының мәселелерін зерттейді (музыкалық дыбыстардың құрылысынан музыка мен поэзияның байланысына дейін) . Музыканың жақсы жақтары мен оның тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсетеді. Музыканың әр түрлі жанрын жетілдіруде пайда болатын адам дарындылығының дәрежелерін талдайды. Әлеуметтік өмірдің шындығына тән кереметтілік тұрмыстық құбылыстардың шындығын көрсете білуде екенін дәлелдейді. Қазақстан мәдениетінің бірінші өзіне тән ерекшілігі халықтың қолданбалы өнерде, той-думандарда, қолөнер кәсіпшілігіне және т. б. өз көрінісін тапты. Музыкалық тәрбие - эстетикалық тәрбие көзі. Музыка-адамның өмір бойы серігі. Музыканы жат көретін адамдарда бола қоймас, ол әркімге де керек дүние. Музыка тіліне әрбір тыңдаушы қанығады. Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге музыкалы-эстетикалық тәрбие беруде, сонымен қатар олардың музыкалық қаблетін арттыруда ән айту мен оны ұйымдастыру жұмысын дұрыс жолға қоя білу аса маңызды. Мектепке дейінгі ұйымдарда музыкалық тәрбие берудің басты міндеті - балаларды музыканы дұрыс тыңдап, түсінуге және оны әсерлі орындай білуге баулу. Орындаушылық шеберлікті шыңдау ән-хор дағдыларын жүйелі түрде жолға қоя білумен тығыз байланысты. Сабақта ән салу дағдыларын негізінен жаттығулар айтқандай үйренеміз де, ал ән үйрену кезінде оларды пысықтап қайталау арқылы есте қалдыруды көздейміз. Мектепке дейінгі ұйымдарда барлық пәндер сияқты, музыка пәні де тәрбиеленушілерді азаматтық рухта тәрбиелеп, олардың дүниетанымын дамытып, ой-өрісін кеңейтуді, сонымен қатар музыка саласында білімін жетілдіруді мақсат етеді. Алайда музыка жай пән емес, өнер пәні болғандықтан оның өзіндік ерекшеліктері және атқаратын міндеттері өте көп. Атап айтқанда балалардың дүниетанымы, өмірге деген көз қарасы, музыкалық шығармаларды тыңдау немесе орындау кезінде алған әсерлену сезімі деген ұғым әр сабақтың ең өзекті мәселесі болып отыруы шарт. Олай болса, тәрбиеленушінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде қолданылған барлық әдістері осы түйінді мәселені ашуға бағытталуы тиіс. Ал ән айту, музыка тыңдаву дағдыларын үйрену музыканың сұлулығын, әсем сазын терең түсініп, одан эстетикалық әсер, нәр алу жолдарын жеңілдетеді. Қазіргі кезде жалпы білім беретін оқулықтарының тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына, салт- дәстүріне, рухани қазынасына, саяси- әлеуметтік, экономикалық ерекшеліктеріне ыңғайланып жасалуда. Бұны біз ұрпақтарымызға, қасиеттерімізді сіңірудің қажеттілігінен туындаған жағдай деп түсінуіміз керек. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тәрбие беру қажет. М. Жұмабаев бұл мәселе жөнінде былай деп ой түйеді: «Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жылдары бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп қолданылып келе жатқан болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеленетін баланы сол ұлттық тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті». Қазақ мәдениетіндегі маңызды салаларының бірі- музыка. Музыка-ой мен сезім бірлігі арқылы әлемнің тұтастай көрінісін жасайтын адам әрекетінің бір түрі. Халық өз салты мен дәстүрін, мәдениетін қазірге дейін жеткізе білген. Осы ғасырлар бойы жиған-тергенін асыл рухани қазыныларын, жас ұрпақтың бойына сіңіріп, дүниетанымын қалыптастыруда музыкалық өнер арқылы тәрбиелеу өзекті мәселелрдің бірі. Музыканы сүйген қауым адам баласына тән ізгі қасиетті, шынайы достық пен махабатты, әсем мінез-қылықты қастерлейді. Қазақтың әні мен күйін естіп өскен адамды биік мұраттарға жетелейді. Оның көп жақты сырын игеру, түсіну, қабылдау тым ерте, яғни сәби шағынан басталуы тиіс. Сонау Эллада дәуірінде ақылмен Аристотель адамның жан-жақты мәдени және рухани дамуына ерекше мән беріп, әсіресе, өнер, соның ішінде музыка адамдарды тәрбиелеудің негізгі құралы деп таныған. «Біз қазір музыка саласында өзіміздің халқымыздың дәстүрінен, дүниежүзілік классикалық үлгіден айырылмай, ілгерілей беруіміз қажет, -дейді ғалымдар Ә. Нысанбаев пен Т. Әбжановтар, - өйткені музыка халқымыздың адамгершілік пен парасаттылық қасиетке жетудің жолы дейді». Өте тура да әділ айтылған пікір. Ендеше осы халқымыздың дәстүріндегі әсем ән мен тәтті күйіміз, бізді адамгершілік пен парасаттылыққа жетелейтін жол. Осы бір аса бай рухани қазыналардың бүгінгі таңда жастарға тәрбие берудегі ролі де айырықша. Сол үшін де өнер сүйген қауым тәтті ізгі қасиетті қастерлейді. Әл-Фараби бабамыз музыканың адам психологиясына әсері жөнінде-«Музыка денені шынықтыратын гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді. Алдымен ләззатқа бөлейді, одан соң құмарлықты оятады, қиялға жетелейді», - деп пікір айтқан. Ал ұлы грек ойшылы Платон: «Музыка-адам жан дүниесін еріксіз еліктіріп, тұрмыс-тіршіліктің қандайда болсын мұң-заласын ұмыттыратын қасиетті күш», -деп, ой түйіндеген. Халқымыздың бірнеше ғасырлар көлемінде жинақталып қалыптасқан бай музыкалық фольклоры бар. Атап айтар болсақ: тарихи әуендер, эпикалық жырлар, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық әндер т. б. Міне, осы фольклорымызбен-ақ ұлттық-тәрбиемізді, болмысымызды қалыптастыратын тәлім-тәрбие беріп отырған тарихи шындық. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің білім, тәрбие беру ісіндегі басты мақсат-рухани жан дүниесі биік, жеке тұлға қалыптастыру. Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз-ол баланың бойында белгілі бір қызығушылықты ояту, қажетті құндылық бағдарын, соның ішінде пайдалы іс-әрекеттерді қалыптастыру, дарындылық көзін ашу деген сөз.
Педагогикалық-психологиялық еңбектерді оқып-үйрену, мұғалімдердің іс-тәжірибесімен танысу және талдау оқыту үрдісінде білімнің сапасын қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдарда музыка сабағын тәрбиелік құрал ретінде пайдалану қажеттігі бізге дипломдық жұмыстың тақырыбын «Музыка сабағының тәрбиелік мәні» деп таңдап алуға себепші болды.
Зерттеу мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балаларға әнді дұрыс ырғақпен айтуға үйрету және музыкалық қабылдау ерекшеліктерімен таныстыру және теориялық-әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балалар өміріндегі музыканың алатын орнын анықтау;
- Мектеп жасына дейінгі балаларды ән салуға үйретудің тәрбиелік маңызын негіздеу;
- Мектепке дейінгі музыкалық тәрбиеде инновациялық технологияларды қарастыру;
- Дидактикалық ойындарды музыка сабағында қолданудың әдіс-тәсілдерін зерделеу;
- Музыка сабағының тәрбиелік маңызы туралы тәжірибелік зерттеу жұмыстарын өткізу;
- Музыка сабағының тәрбиелік маңызы туралы тәжірибелік зерттеу жұмысының нәтижесін талдау.
Дипломдық зерттеудің теориялық қолданылуы: Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының сенсорлық-дидактикалық ойындар арқылы танымдық қабілттерін дамыту жолдарын анықтау. Ойын технологиясын қолдану баланың танымдық қабылдауын қалыптастыру.
Дипломдық зерттеудің практикалық қолданылуы: Зерттеу жұмысының нәтижелері мектеп жасына дейінгі балаларға музыка сабағы барысында эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін жасайды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі музыка әдістемесі.
Зерттеу тақырыбның зерттелу деңгейі: Бұл жұмыста іс-тәжірибе, әдебиеттер жинау, оларды талдау-жинақтау, салыстыру әдістері пайдала-нылды. Білім беруде белсенді оқу әдістерінің көмегімен оқушыда оқуға ынтасын тудыру жолдарын көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі балалардың музыка сабағында эстетикалық тәрбие беру қабілттерін дамыту жолдарын тиімді меңгеру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу жаңалығы: Мектеп жасына дейінгі балаларға музыка сабағында эстетикалық тәрбие беру қабілттерін дамыту жолдарын тиімді қолдану.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты: мақсаты, міндеттері, обьектісі мен пәні, зерттеу әдістері, зерттеу базасы анықталады.
1-тарауда ғылыми педагогикалық, психологиялық әдебиттерге сүйене отырып, музыка сабағының тәрбиелік пәнінің теориялық негізі, мазмұны мен мәні, негізгі тиімді жолдары мен ерекшеліктері қарастырылады.
2-тарауда музыка сабағын тәрбиелік құрал ретінде пайдалану бойынша озат мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне талдау жасап, оқу тәрбие үрдісінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға, ықпалын анықтауға байланысты жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілген.
Қорытындыда музыка сабағында қолданылатын әдістерді пайдалануға байланысты ой қорытындылары мен ұсыныстар қатары берілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І МУЗЫКА САБАҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалар өміріндегі музыканың алатын орны
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz