Диалектілік лексика
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Сөйлеу тілінің басқа элементтерінен (диалектизм, жаргон, арго сияқтылар) айырмашылықтары
Қабылдаған: Мағжан Сәуле
Орындағандар: Батыр Фариза, Әмірхан Алуа, Дүйсенбай Жаңыл; Арын Нұрайлы
Мамандық: 6В02336 - Қазақ филологиясы
Тобы:ФҚФ-211
Түркістан -2024
Жоспары:
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
1) Диалектілік лексика
2) Диалектологиялық сөздіктер
3) Тіліміздегі паразит - жаргон сөздер
4) Арго сөздер
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Сөйлеу тілі лексикасын - әдеби сөйлеу тіліндегі сөздерге, қарапайым сөздерге, диалектілік сөздерге, жаргон, арго сөздерге, кәсіби сөздерге, дөрекі сөздерге, т.б. сөз түрлеріне бөліп қараушылық бар. Оның қалыптасқан әдеби нормаға байланысты екендігі белгілі.[ 1, 139 б]
Бүгінгі жұмысымызда сөйлеу тілі лексикасының құрамына кіретін: диалектілік лексика, жаргон, арго сөздер туралы айтатын боламыз. Бұл сөздердің қолданылу аясы, сөйлеу тілінен ерекшеліктерін тұжырымдап көрсететін боламыз.
Диалект (гр.dialektos - говор, сөйленіс) - белгілі бір аймақ , облыс тұрғындары қолданатын тіл ерекшеліктері бар халық тілінің бөлігі. Д. Халық тілінің құрамына кіре отырып, өзіне тән лексикалық, дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктерге ие болады. Ұлттардың қалыптасу кезеңінде ұлт тілдерінің негізіне жатуы мүмкін. [2, 90 б] Қазақ диалектологиясының пайда болып тіл білімінінің бір саласы болып қалыптаса бастауы Қазан революциясынан кейін болды. Н. И. Ильминский, А. Старчевский, П. М. Мелиоранский, В. Катаринский, т. б. ғалымдардың зерттеу жұмыстарында диалект сөздердің фонетикалық, аймақтық ерекшеліктері жағынан талданған. Ал, қазақ ғалымдарының ішінде проф. С. Аманжолов осы тақырыпта кандидаттық диссертация жазған, Ж. Досқараев пен Н. Сауранбаев диалектизмдерді екі түрге бөліп қарастырған. Сонымен қатар, Ә. Болғанбаев, М. Балақаев, Ғ. Қалиев, т .б. ғалымдарымыз диалектизмдер жайлы өз еңбектерінде атап көрсеткен. Диалектологиялық сөздіктер құрастырған.[10, 127, 128, 136, 142 б]
Жаргон(франц. iargon) - шағын әлеуметтік топ қолданатын, ешқандай жеке тілдік дербестігі жоқ жалпыхалықтық тілдің тармағы. Ұрылардың жаргоны. Дворяндық жаргон. Мектеп жаргоны. Солдаттар жаргоны т.б. түрінде кездеседі. Ж. - ның жалпыхалықтық тілден айырмашылығы оның лексикасы мен фразеологиясында. [2, 130 б] Мәулен Балақаев Қазақ тіл білімінің мәселелері атты еңбегінде, Ғабдолла Қалиев те өзінің Қазақ диалектологиясының мәселесі еңбегінде, Жазушы Әлжаппар Әбішев те жаргон сөздер туралы зерттеулер жұмыстарын жасаған.
Арго (франц. argot) - адамдардың белгілі бір әлеуметтік және кәсіби шағын топтарына ғана түсінікті тіл. Мәселен, ұрылар мен саудагерлердің, оқушылар мен спортшылардың, әскерлер мен дәрігерлердің, т.б. жасанды тілі. А. халықтың сөйлеу тілінен ерекше сөз және сөз орамдарымен ерекшеленеді; өзіне тән фонетикалық жүй есі, грамматикалық құрылысы болмайды; өзіндік сөз және сөз орамдарының жалпы халық тілінде баламасы болады. А. кейде жаргонға синоним ретінде қолданылады. [2, 32 б] Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев А. Сөздерге қатысты зерттеу жұмыстарын өз еңбектерінде көрсеткен.
1) Диалектілік лексика Орындаған: Батыр Фариза
Диалектілік ( гр. dialektos - сөйлеу ерекшелігі) лексикаға белгілі бір жердегі (аймақ, облыс я аудан ) жергілікті тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер жатады. Диалектілік сөздер бүкілұлттық лексиканың құрамына кіреді, бірақ олар жалпыхалықтық болып есептелмейді, өйткені олардың басым көпшілігінің жалпыхалықтық тілде баршаға түсінікті баламалары бар.
Диалектілік сөздер тілдің әр түрлі деңгейіне қатысты болып келеді:
Фонетикалық ерекшеліктер түрінде кездеседі: үгей - өгей, күміскі - көмескі, құрытынды - қорытынды, дұмалау - домалау, маңлай - маңдай, тыңла - тыңда, полат - болат, тоғару - доғару, малчы - малшы, бұяқ - бұл жақ, шаңғырақ - шаңырақ, құдағай - құдағи, т.б.
Морфологиялық ерекшеліктер түрінде: малдаршылық - мал шаруашылығы, кішірт - кішірейт, әшкерт - әшкереле, пойызбынан - пойызбен, атпан - атпен, барулы - барды, барған, келулі - келді, келген, алажақ - алашақ, бережақ - берешек, келелі - келейік, баралы - барайық, барғым бар - барғым келеді, айтқым жоқ - айтқым келмейді, барың - бар, келің - кел т.б.
Лексикалық ерекшеліктер түрінде: ақыр - оттық, бойлай - үнемі, жамбарласу - жарамсақтану, көдек - икемсіз, ебедейсіз, бейсәубет - бет алды, жар - қабырға, жарын - келер жыл, сой - тұқым, тек, шалт - жылдам, рабайда - анда- санда, кейінжі - кенже, күн баю - күн бату, баз кешу - күдер үзу, жуалдыз - тебен ине, кеуірт - күкірт, таға - нағашы, етмал - ықтимал, бақуат - қуатты, ашық - машық - топса, әтешкер - қысқаш, үскі біз - жуан біз, бігіз - біз, чербек - үлкен ара, жаян - үлкен, дәу, борми - бұршақ, жүгері, ақзон - ақ шыт, айылдап келу - ауылшылау т.б.
Диалектілік лексика өзінің құрамы жағынан өзара бірыңғай емес. Олар нағыз лексикалық, этнографиялық және лексика - семантикалық диалектизмдер түрінде кездеседі.
Нағыз лексикалық диалектизмдер - мағынасы жағынан әдеби сөздермен сәйкес келетін, бірақ дыбысталуы (айтылуы) одан басқа сөздер. Сол себепті олар әдеби сөздермен синонимдік қатынаста болып келеді, яғни бір зат ұғымы Қазақстанның әр жерінде әр түрлі аталады. Әдеби баламалары болғандықтан, нағыз лексикалық диалектизмдер әдеби тілге енбейді. Мысалы: әдеби кебек сөзі - диалектілер мен говорларда ұрпақ, буызы, күрпі; әд. сіріңке - диал.кеуірт, кәуірт, оттық, шырпы, шақпақ, спешке; әд. үлкен, зор - диал. дырау, нән, нәнбай, дығал, әйдік, жоян, чоңшоң т.б. түрінде айтылады.
Лексика - семантикалық диалектизмдер - дыбысталуы әдеби сөздермен бірдей, бірақ мағынасында ерекшелік бар сөздер. Ондай сөздер өздерінің әдеби түрлерімен омонимдік қатынаста болып келеді. Мысалы; әдеби тәртіп сөзі - Оралда нұсқау, бұйрық; әд. шалбар - Алматы облысында сым; әд. долы (ашулы, ызақор)- Шымкент облысында бұршақ аралас нөсер жауын; әд. құлақ - Шымкентте мақтаның қауашағы, кішкене арық т.б. мәнінде айтылады. Лексика - семантикалық диалектизмдер де әдеби тілге енбейді.
Этнографиялық диалектизмдерге белгілі бір жерге тән заттар мен құбылыстарды білдіретін сөздер жатады. Ондай сөздерді әдеби тілде баламалары болмағандықтан, мағыналары сөздіктерде тек түсіндіріліп беріледі. Мысалы: жозы(Алматы облысы) - аласа дөңгелек үстел; шырыш (Жамбыл облысы) - үй төбесін жапқанда арқалықтың үстіне салынатын жіңішке ағаштар, Семей жақта оны салдау ағаш деп те атайды. Қасқарша (Қызылорда) - мойны ұзын жезқұман, әттік (Каспийде) - қармақтың тілі, т.б. [3, 159-161 б ]
Сарыбаев пен О. Нақысбековтың айтуынша, қазақ тілінің аймақтық лексикасында вариант немесе дублеттер қатарына жатқызылатын сөздер: фонетикалық, лексикалық және грамматикалық болып үшке бөлінеді.
Фонетикалық дублеттер қатарына: залым - зәлім, құдағи - құдағай, мәлімет - мағлұмат, сүйінші - шүйінші т.б. жатады. Бұл дублеттердің әрбір сыңары бір - бірінен жеке дыбыстарының түрліше дыбысталып айтылуы арқылы бөлектенеді.
Лексикалық дублеттер әрбір сыңарының дыбысталу жағынан бір - біріне ұқсамайтын болып келуі: әтеш - қораз, атауыз - тістеуік, су ағаш - иін ағаш т.б.
Грамматикалық дублеттерге бір - бірінен қосымша арқылы ерекшеленетін сыңарлар жатады: барасыз - барасыңыз, жатқан - жатырған т.б. Бұл топқа күрделі компоненттерінің бір сыңары бір - біріне ұқсап, екінші компоненті арқылы ерекшеленетін күрделі тіркестер жатады: барғым жоқ - барғым келмейді, баратын шығармын - барам шығар т.б.
Бұл келтірілген мысалдардан мынандай жәйтті аңғаруға болады: варианттық қатарға еніп отырған компоненттердің бірі - әдеби тіл сөзі, екіншісі диалектизм болуы мүмкін. Немесе екеуі де әдеби тілде қолданылып, екеуі де диалектілік сөз болуы ықтимал, бір сыңары қарапайым сөз тобына жатуы мүмкін. [4, 117 - 118 б]
Қорытындылай келе, диалект сөздер - ауызекі сөйлеу тілінің негізгі элементтері. Ал сөйлеу тілі - әдеби тілдің қайнар көзі. Сөйлеу тілінен ерекшелігі: қолданылатын аумағы шектеулі, жалпыхалықтық сөздердей кең таралмаған. Диалектизмдер тек белгілі бір аймаққа ғана түсінікті сөздер болғанымен, жалпыхалықтық тілде баршаға түсінікті баламалары бар. Сонымен қатар, диалект сөздер, әр аумақтың өмір сүру салтына, сол елді мекендегі құбылыстарға байланысты болып келеді. Сол аймаққа көршілес отырған өзге мемлекеттердің тілі де әсер ететіні сөзсіз. Себебі, көрші отырған халық тілі де диалектизмдер туғызады. Және сол аймақта өзге ұлт өкілдерінің болуы да ықпал етеді. Мәселен, әдеби тілдегі қияр сөзін - менің туған жерімде (Түлкібас ауданы) диал. огурцы деп айтады,сол сияқты әд.самаурын - диал. самовар, әд. сіріңке - диал. спичка деп айтады. Себебі, біздің өңірде қаншама жылдар бойы орыс халқының қоныстануы тілімізге әсер еткені сөзсіз.
Әйтсе де, бұл себептердің барлығы тіліміздің тазалығын сақтап қалуға кедергі тудырмайды. Жоғары атап өткендей диалект сөздер жалпыұлттық лексиканың бір саласы. Диалектизмдердің көп болғаны, халықтардың бір - бірін түсінуіне еш кедергі емес. Тек диалектизмдерді тілдік нормаларды сақтай отырып, жүйелі түрде қолдануымыз керек.
2)Диалектологиялық сөздік Орындаған: Әмірхан Алуа
Қазақ халқының ауыз екі сөйлеу тілінде қыруар жергілікті ерекшеліктер бар. Бұлардың көпшілігі фонетика мен грамматикадан гөрі лексика саласында жиірек ұшырасады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының барлық түрінде жергілікті ерекшеліктер табылады. Әсіресе, зат есім, етістік, сын есім диалектілік сөздерге өте - мөте бай. Ауызекі тілдегі сөз айырмашылықтарын жинап - теріп, жеке сөздік етіп шығару жалпы халық тілінің сөз байлығын жете білуге үлкен жәрдем етеді, тіл тарихын салыстырып зерттеуге себін тигізеді. Ара - тұра әдеби тілдің сөз қорын көбейтуге де белгілі мөлшерде қолғабыс жасайтындығы даусыз. Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктер негізінен ескі көне тайпа тілдерінің қалдықтары болса, екінші жағынан, басқа тілдерден ауысқан кірме элементтер екендігі дәлелденген. 1937 жылдан бастап, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау қолға алынды. Сол экспедициялық материалдардың негізінде Ж. Досқараевтың Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері атты тұңғыш сөздігі 1955 жылы басылып шықты. Сөздіктің алға қойған мақсаты: Жұртшылықты халық тіліндегі лексикалық ерекшеліктермен таныстыру, олардың әр алуан мағыналарын түсіндіру, ол ерекшеліктердің әдеби тілмен, кейбір басқа тілдермен қатынасын тіл фактілері бойынша салыстырып көрсету еді. Кітапқа 1521 қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері ендірілген. Сөздікте әр сөздің мағыналары бірде әдеби тілдегі баламаларымен, бірде сипаттама түрде түсіндіріліп, сол мағыналардың әрқайсысына тиісті мысалдар келтірілген. Мүмкіндігіне қарай әрбір жергілікті диалектизмнің өзге түркі тілдеріндегі, атап айтқанда: қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар және моңғол тілдерінің ескілі - жаңалы материалдарымен салыстырылып көрсетілуі еңбектің ғылыми құндылығын едәуір арттыра түскен. Кітапқа жеке сөздермен қатар жергілікті халықтың ауызекі тіліндегі бірқыдыру сөз тіркестері де қамтылып, оларға да тиісті түсініктер берілген. Мысалы: жамбар тарту, ауыздап жіберу, бала құшақтау, бір шек болу, еркектеп кету, марқау кету, орам болу, сұрам беру, тоқ ету, қайырма беріс т.б. Сонымен бірге жалпы халыққа өте - мөте танымал белгілі сөздердің де орынсыз еніп кеткендігі де байқалады. Мысалы, аламан, ауу (егін туралы), бейбас, дарбаза, долы (қатты дауыл), жасауыл, желек, зығыр, кездік, кесел, миластыру, сіміру т.б. Жеке сөздердің шығу төркінін әр түрлі жолмен анықтап, оларды құжаттауда бірізділік жөнді сақталмаған, біреуі толық, енді біреуі соншалықты қысқа түсіндірілгендері бар.
Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін екінші рет профессор С. Аманжолов 1959 жылы шығарды. Бұған 4000 - нан астам жергілікті тіл ерекшеліктері енген. Автор қазақ тіл мамандарының әр жылдардағы жазып алған экспедициялық материалдарын молынан пайдаланған, сонымен қоса аудандық және облыстық газеттерді, халықтық ауыз әдебиеті мұралары мен көрнекті ақын - жазушылардың шығармаларынан бай материалдар жинаған.
Мұнда әрбір реестрге алынған сөзге екі тілде (қазақша - орысша) толық түсінік беріліп отырған. Мүмкіндігіне қарай алынған диалектілік сөз Қазақстанның қай жерінде кездесетіндігі және қандай әдебиеттен алынғандығы көрсетілген. С. Аманжоловтың бұл еңбегін тұңғыш рет жазылған екі тілді (аударма) диалектологиялық сөздік деп атауға болады.
Ж. Досқараев пен С. Аманжоловтың сөздіктерінің біреуінде кездескен сөз екіншісінен де табылып отырады. Алайда, қайталаған сөздерге берілген түсінік көп ретте бірін - бірі толықтырып отырғанымен, кей жағдайда өзара алалықтар да тудырып отыратындығы аңғарылады. Мәселен, албар деген сөз Досқараевтың сөздігінде қора (ашық қора) деп түсіндірілсе, Аманжоловтың сөзідігінде ат қора (конюшня) делінген. Зерен Досқараевта - зерлі аяқ, Аманжоловта - көздей, тостағанның ең кішкенесі. Сарамдасу - танысу, білісу, жөн сұрасу (Д); шұрқырасу (А). Сүгіт - сөгіс, ұрыс, сөгу, ұрысу (Д); өсек, ғайбат (А) т.б. Бірлі - жарым ұсақ - түйек кемшіліктері болғанымен, түптеп келгенде, бұл екі сөздік қазақ диалектологиясын дамытуға үлес қосты. Онан кейін де жылма - жыл диалектологиялық экспедициялар ұйымдастырылып, қыруар материалдар жиналды. 1969 жылы Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі жарық көрді. Мұнда бұрын - соңды жиналып - терілген ауызекі сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді іріктеп екшей отырып, 6000 - ға жуық сөз қамтылған. Сөздікте С. Аманжолов пен Ж. Досқараевтың сөздіктерінің материалдары да пайдаланылған. Сөздіктің жалпы құрылысы - реестрге алынған сөздерді түсіндіру принципі мен мысалдарды беру тәртібі жағынан Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жақын. Бұл сөздікте негізінен өз республикамыздағы тіл ерекшеліктерімен бірге Түрікмен, Орынбор, Қошағаш қазақтарының тіл ерекшеліктері де қамтылған.
Ал өзге елдерде тұратын қазақтардың тіл ерекшеліктері ол кезде жөнді зерттелінбегендіктен, аталған сөздіктен тиісті орын ала алмаған. Еңбекте ана тіліміздегі жергілікті сөз айырмашылықтарының басын қосып, салыстырып зерттеу арқылы сөздерге талдау жасалған. Соынмен қатар, кейбір олқылықтары да жоқ емес. Сөздікті жасаушылар сөздікте тек қана диалектизмдерге жататын сөздерді таңдап алудың орнына кей ретте таза әдеби тілдің сөздерін талғаусыз ендіре бергендігі байқалады. Мысалы: астау, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz