Экономика негіздері қызметтері


ДӘРІСТІК КЕШЕН
ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ.
МАҚСАТЫ: экономика негіздері ғылымының зерттеу пәнін, аясын, объектісі мен субъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдістерін, құрылымын, атқаратын қызметтерін және Экономика негіздерінің ғылым ретінде қалыптасуын жан-жақты қарастыру.
ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР:
1. Экономикалық ғылым дамуының негізгі кезеңдері
2. Экономика негіздері пәніжәне зерттеу әдістері
3. Экономика негіздері қызметтері
4. Экономика негіздері және оның категориялары
ЖАҢА ТЕРМИНДЕР МЕН ҰҒЫМДАР: экономия, саяси экономия, меркантилизм, физиократизм, классикалық саяси экономия, марксизм, неоклассика- лық теория, маржинализм, кейнсиандық мектеп, монетаризм, институционализм, қоғамдық таңдау теориясы, экономикс, эконо- микалық теория, экономикалық теорияның зерттеу пәні, экономикалық теорияның зерттеу аясы, экономикалық теорияның зерттеу объектісі мен субъектісі, экономикалық заңдар, экономикалық категориялар, экономикалық теорияның әдістері, экономикалық саясат, позитивті талдау, нормативті талдау, т. б.
1. Саяси экономия гректің “политейя”-қоғамдық құрылыс, “ойкос”-үй, шаруашылық, “номос”- заңдар деген 3 сөзінен шыққан. Экономикалық ой-пікір алғашқы рет Азияда, Қытай мемлекетінде дамиды. Экономика ұғымын ғылымға енгізген грек философы Аристотель болған.
Экономика дегеніміз - адам өміріне қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Экономикалық ғылымның дамуын 5 кезеңге бөлуге болады:
- Меркантелистік кезең (Антуан де Монкретьен) ;
- Физиократтық кезең (ф. Кенэ, А. Тюрго) ;
- Ағылшын классикалық буржуазиялық саяси экономия кезеңі (А. Смит, Д. Рикардо, У. . Петти) ;
- Маркстік саяси экономия кезеңі (К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин) ;
- Қазіргі экономикалық ой-пікір (К. Менгер, Дж. Кларк, А. Маршалл, Дж. Мейнард Кейнс) .
Меркантелизм итальянның “мерканте”-сауда, көпес деген сөздерінен шыққан. Олар экономиканың сауда саласына көп мән беріп, қоғамдық байлықты ақша, бағалы металдарды жинау арқылы жасауға болады деп тұжырымдаған.
Физиократтар “Қоғамдық байлық- ауыл шаруашылығы” деп есептеп, алғашқы рет “Экономиалық кестені ” жасап шығарды.
Ағылшын классиктері өндірістің барлық салаларын дамыту арқылы ғана қоғамдық байлықты көбейтуге болатынын дәлелдеді. Олар “Еңбек-құн теориясын” жазып, ең алғаш рет экономикалық категорияларға анықтама берді.
Маркстік саяси экономия мектебінің өкілдері еңбек құн теориясын дамыта келе қосымша құн теориясын жан-жақты талдады. Бұл теория ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасып, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Бұл теория жұмысшы табының мүддесін қорғайтын экономикалық теория.
Қазіргі экономикалық ой-пікір ХХ ғасырдың басынан бастап қазіргі уақыт аралығын көрсетеді. Бұл мектептің өкілдері шектілік теорияларын, шектелген өнімділік пен өндіріс факторларының кему заңдылықтарын тұжырымдайды.
2. Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, кейбір материалдық әдістер қолданылады. Ғылымда да, оқу пәнінде де методология бірдей.
Методология дегеніміз- ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Диалектикалық әдістің негізін салушы неміс философы Гегель. Ғылыми танудың формалары мен әдістері көп. Ол объектіні бақылаумен жинақталған материалдарды талдау және синтездеу, индукция және дедукция, жүйелік қарау, гипотезалар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық формаларда үлгілер жасау.
Экономикалық зерттеудің маңызды әдісі- ғылыми абстракция.
Ғылыми абстракция дегеніміз- зерттеу пәнін жеке, әсіресе кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу.
Өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ. Олар өзара байланысты ғылымның іздегені- шындық әрқашанда жүйе формасында болады. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция мен дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.
Индукция дегеніміз- жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарылады. Дедукция дегеніміз- керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшкліктері сипатталады.
Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген елеулі бағыттың негізін қалаушылар: М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс. Қазіргі көрнекті өкілдері: В. Леонтьев, Шаталин, Макаров.
Экономика негіздері пәні дегеніміз - шектелген ресурстар әлемі мен оларды басқару кезіндегі өндірістік игілік жасау процесіндегі адамдардың тигізетін әсері.
Оның мақсаты: пайда табу негізінде адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру.
Экономика негіздері пәнін 2 ірі бөлімге бөліп оқиды:
- микроэкономика;
- макроэкономика.
3. Экономика негіздері қызметтері. Тауар мен қызмет көрсету өндірісін дамыту барлық ғылымдарда қарастырмай болмайды. Соның ішінде экономикалық ғылымдарда да. Оның бастысы- күнделікті бақылау, интуиция. Одан кейін- ғылыми білім. Осыдан барып теориялық ғылым туады. Көптеген ғылыми жұмыстарға сүйене отырып, Экономика негіздерітаным мен қайта құруда үлкен роль атқарады. Осыған байланысты Экономика негіздерінің бірнеше қызметтерін қарастырамыз:
- методологиялық
- сынаушылық
- танымдылық
- прагматикалық(тәжірибелік)
- болжам жасау
- идеологиялық
Экономика негіздерінің бастапқы 5 қызметі нарық экономикасына сәйкес келеді, ал соңғы 6-шы қызметі әкімшілік-әміршілік жүйеге сәйкес келеді.
4. Экономикалық категориялар дегеніміз- адамдардың қоғамдық-өндірістік қатынастарының нақты орын алуын теориялық тұрғыдан анықтау. Экономикалық ғылымның міндеті экономикалық құбылыстар мен процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасау, сөйтіп өндірістік қатынастардың мәнін ашу, басқалай көмекші жайлардан тазалау. Осындай талдаудың нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады. Экономиалық категориялар тарихи сипатта болады, яғни қоғамдық формацияның қалыптасуын, даму процесін анықтайды.
Экономикалық заңдар- адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіріс, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.
Экономикалық заңдардың 2 түрі бар:
- жалпылама заңдар;
- ерекше заңдар
Жалпылама заңдар - бүкіл адам тарихында немесе бірнеше ғасыр бойы күшіне енген заңдар (еңбек өнімділігін жоғарлату заңы, керексіну заңы) .
Ерекше заңдар- жеке қоғамдық өндіріс түрлерінің ерекшеліктері мен оларға сәйкес әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізін көрсететін заңдар.
Адамдардың арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастар 2-ге бөлінеді:
- ұйымды-экономикалық қатынастар;
- әлеуметті-экономикалық қатынастар.
5. Адам қоғамы өзінің дамуында әртүрлі экономикалық жүйелерді қолданады. Олардың негізгі экономикалық мәселелерді шешуде өз әдістері бар. Экономикалық жүйелердің 4 формасы бар:
1. Дәстүрлік жүйе. Нашар дамыған елдерде әлі күнге шейін дәстүрлік, салттық экономикалық жүйеде дамып отыр. Бұл жүйеде техникалық прогресс енгізу өте қиын.
2. Әкімшілік-әміршілік немесе командалық жүйе. Негізгі экономикалық мәселелерді мемлект шешеді. Барлық ресурстар мемлекет меншігінде болады. Орталық экономикалық жоспарлау барлық деңгейді үй шаруашылығынан мемлекетке дейін қамтиды.
3. Нарықтық экономика. Онда барлық экономикалық сұрақтарды нарық, баға, сұраныс және ұсыныс, пайда мен шығын анықтайды.
4. Аралас экономика.
ҚАЙТАЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
- «Экономия», «саяси экономия», «экономикс», «экономикалық теория» ұғымдарының айырмашылықтарын көрсетіңіз?
- Экономика негіздерінің зерттеу пәні болып не табылады?
- Экономика негіздерінің зерттеу объектісі мен субъектісі болып не табылады?
- Экономика негіздерінің зерттеу әдістеріне не жатады?
- Позитивті және нормативті экономикалық талдауға анықтама беріңіз?
- Экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларға сипаттама беріңіз?
- Экономика негіздерінің экономикалық ғылымдар жүйесіндегі алар орны қандай?
- Экономика негіздерінің атқаратын қызметтері қандай?
- Экономика негіздерінің ғылым болып қалыптасуындағы экономикалық мектептердің рөлі қандай?
- Экономика негіздерінің қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері қандай?
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ:
1) Саяси экономия ұғымын ғылыми айналымға тұңғыш енгізді:
A) Франсуа Кенэ;
B) Жан Батист Кольбер;
C) Антуан де Монкретьен;
D) Буагильбер;
E) К. Маркс.
2) Экономика негіздерінің пәні, ол:
A) шектелмеген тұтынушылықты оқыту;
B) шектелген ресурстарды оқыту;
C) өндіріс, бөлу, айырбас және материалдық игілікті тұтыну;
D) шектелмеген тұтынушылықты қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды пайдалану;
E) экономикалық агенттердің қызметтерін оқыту.
3) Аталған қатынастардың әлеуметтік-экономикалық түрі, ол:
A) экономиканы ұйымдастыру қатынастары;
B) адамның табиғатқа қатынасы;
C) меншік қатынастары;
D) еңбектің бөлінісі мен кооперациясы;
Е) техника, технология қондыру қатынастары.
4) Жекеден жалпыға қорытынды шығаруға негізделген тану әдісі:
A) экстраполяция;
B) индукция;
C) абстракция;
D) дедукция;
E) логика.
5) Экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты қайталанатын байланыстар:
A) Экономика негіздерінің пәні;
B) экономикалық заң;
C) экономикалық категория;
D) экономикалық саясат;
E) экономикалық ойлау.
6) Табиғат пен қоғам заңдылықтарының ұқсастығы:
A) объективті қасиетке ие;
B) адам қызметіне тәуелді емес;
C) адамдардың экономикалық қызметі арқылы анықталады;
D) тарихи өтпелі қасиетке ие;
E) мәңгілік болып табылады.
7) Егер экономика өндірістік мүмкіндіктер шекарасының ішінде әрекеттенсе:
A) барлық ресурстар толық пайдаланылады;
B) қазір өнім шығару максималдыға жеткен;
C) жартылай жұмыс бастылық және жұмыссыздықтың болуы;
D) экономиканың әміршілік болуы;
E) бағаның еркін болуы.
8) Өндіріс тиімділігі дегеніміз:
A) өндірістің түпкі нәтижесінің оның шығындарына қатынасы;
B) еңбек құралдарының, техниканың тиімділігі;
C) қоғамның тұтынуын қанағаттандыру дәрежесі;
D) шығындар құндылығының нәтижеге қатынасы;
E) пайданың айналмалы қорларға қатынасы.
ТАҚЫРЫП 2. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
МАҚСАТЫ: қоғамдық өндірістің экономикалық мәнін түсіну, Экономика негіздерінің негізгі базалық түсініктері: қажеттіліктер, ресурстар және игіліктер ұғымдарын кеңінен қарастыра отырып, экономикалық таңдау мәселесін шешу.
ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР:
- Жалпы экономикалық түсініктер
- Қоғамдық өндірістің мәні мен құрылымы
- Өндірістің негізгі факторлары және олардың өзара әрекеті
- Қоғамдық өнім: мәні, құрылымы
Негізгі ұғымдар: экономиканың негізгі үш мәселесі, өндіріс, қоғамдық өндіріс, өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну, қажеттіліктер, Маслоу пирамидасы, ресурстар, технология, игіліктер, шектеулілік, экономикалық таңдау, балама шығындар, өндірістік мүмкіндіктер қисығы, т. б.
- Қоғам алдындағы негізгі экономикалық мәселелер 2 экономикалық аксиома арқылы көрсетіледі:
1) Адам қажеттілігі шексіз және толығымен қанағаттандыру мүмкін емес;
2) Қажеттікті қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті ресурстар шектеулі және сирек кездеседі.
Осыған байланысты жаңа экономикалық түсініктер пайда болады:
Қажеттілік - бұл жеке адам мен қоғамның дамуына қажетті заттарға деген мұқтаждығы. Оның 2 түрі болады: жеке және өндірістік. Жеке қажеттіліктің өзі 3-ке бөлінеді:
- Материалдық
- рухани немесе мәдени
- әлеуметтік
Қажеттілікті қанағаттандыру үшін керекті заттарды игілік деп атайды. Оның өзі шектелген және шектелмеген болып бөлінеді.
Шектелген игіліктер экономикалық игіліктерді көрсетеді. Сондықтанда оларды өндіру үшін факторлар қажет.
Экономикалық игіліктерді өндіру үшін қажетті факторларды ресурс деп атаймыз. Ресурстардың 5 түрі болады:
- материалдық
- табиғи
- қаржы
- еңбек
- ақпараттық. Қоғамдық өндіріс мәселесі Экономика негіздерінің негізгі мәселесін құрайды. Қоғамдық өндіріс- адамзат баласының тіршілігінің негізін құрайтын материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерін қамтиды. Қоғамдық өндірістің құрылымын 2-ге бөледі:
- Материалдық өндіріс
1. 1 материалдық игіліктерді өндіретін салалар (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы) ;
1. 2 материалдық қызмет көрсету салалары (көлік, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, киім тігу, тазалау, жөндеу)
- Материалдық емес өндіріс
2. 1 материалдық емес игіліктер өндіру(мәдени және ағарту салалары, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым) ;
2. 2 материалдық емес қызмет көрсету салалары (кеңестер беру, өнер) .
Материалдық өндіріс дегеніміз- өндіру саласы мен материалдық қызмет көрсету кәсіпорындары ның жиынтығы.
Материалдық емес өндіріс дегеніміз - өндірістен тыс игіліктер өндіретін және материалдық емес рухани қызметтер көрсететін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы.
Өндіріс дегеніміз - адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету процесі.
- Материалдық игіліктерді өндіру тәсілі - өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Ал, оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Ол факторларға мыналар жатады:а) субьективті, жеке факторлар немесе жұмыс күші; б) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдықтары. Осы арада еңбек туралы түсінік бере кетейік. Еңбек дегеніміз- мақсаттқа сай қызмет ету, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процесі немесе өнім өндіруге адамның жұмсайтын ой және дене қабілеттілігі.
Жұмыс күші дегеніміз - адамның еңбек ету қабілеттілігі.
Ал, заттық факторлар туралы әңгімені еңбек заттары мен құралдарынан бастаймыз.
Еңбек заттары дегеніміз - өнделетін материалдар, яғни адамның күш-қуаты, еңбек құралдары арқылы өнделетін заттар. Оның 2 түрі бар: а) табиғи- руда, көмір, мұнай, балық және т. б. ; ә) белгілі бір табиғи процестен, өндеуден өткен- шикізат, материал.
Еңбек құралдары дегеніміз - адамның өзі мен еңбек заттары арасында тұратын және оның осы затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы. Ол бірнеше түрге бөлінеді: а) аспаптар, машиналар, механизмдер; б) қаптау және таралық материалдар; в) өндірістік объектілер (өндірістік үйлер, ғимараттар, жолдар) ; г) жер; д) электр қуаты, бу, химиялық, ядролық реакциялар.
Материалдық игіліктерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Олардың жұмыс күшінен айырмашылығы өндірістің материалдық-заттық факторына жататындығы.
Технология өндірістің негізгі факторларының өзара әректін белгілейді, адамдардың еңбек заттарына ықпалының өндіріс факторларының қасиеттеріне негізделгенін көрсетеді.
- Қоғамдық өндірістің түпкі нәтижесі - оның өнімі. Ол-қоғамдық сипатта, қоғамдық еңбек бөлінісіне сай оны өндіруге өзара байланысты көптеген адамдар қатысады.
Қоғамдық өнімге әрқилы материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтер көрсету кіреді.
Қоғамдық жиынтық өнім- бұл қоғамның белгілі бір уақыт ішінде өндірген барлық материалдық игіліктердің жиынтығы. Ол материалдық өндіріс саласындағы қызметкерлер еңбегімен өндіріледі. Егер, қоғамдық жиынтық өнімнен өткен жылдардың заталған еңбек шығындарын шегеріп тастаса, таза өнім қалады. Ол негізінен тұтыну заттарынан және өндірісті ұлғайтуға пайдаланатын құрал-жабдықтардан тұрады. Таза өнімді саяси экономия мен қазіргі есептеу жүйесінде ұлттық табыс депте атайды. Таза өнім 2-ге бөлінеді: а) қажетті өнім- материалдық өндірісті өндіру саласындағы қызметкерлердің күнелту үшін, өзіне және жанұясына, осы қызметкерді оқыту, үйрету үшін жұмсалатын таза өнімнің бір бөлігі; ә) қосымша өнім- бұл материалдық игіліктерді өндіру саласындағы жұмысшылардың жұмыс күшін толықтыруға жұмсалған кейін артылып қалған таза өнімнің бір бөлігі.
Қоғамдық өнім белгілі бір нысанда өндіріс дәрежесін немесе оның тиімділігін сипаттайды. Оны мына формуламен анықтайды:
өндіріс нәтижесі (өнім)
Өт (тиімділік) =
Өндіріс факторларының шығындары(жанды және затталған еңбек)
ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Экономиканың негізгі үш мәселесі қалай шешіледі?
3. Қоғамдық өндірістің түрлері мен тұрпаттары қандай?
4. Қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары қандай?
5. Ресурстар мен өндіріс факторларының түрлері қандай?
6. Ресурстардың шектеулілігі мәселесі дегеніміз не?
7. Экономикалық таңдау мәселесі қалай туындайды?
8. Экономикалық субъектілер экономикалық ұтымдылықққа қалай ұмтылады?
9. Экономикалық тиімділік дегеніміз не?
10. Өндірістік мүмкіндіктер қисығының экономикалық мәні неде?
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДЕРІН БАҚЫЛАУ ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ:
1. Материалдық емес өндіріс саласын көрсетіңіз:
А) Құрылыс
В) Ауыл шаруашылығы
С) Өнеркәсіп
D) Денсаулық сақтау
Е) Материалдық-техникалық жабдықтау
2. Барлық экономикалық ресурстарды төмендегі категориялардың қайсысына жатқызуға болады?
А) Тұтыну, жинақтау және салықтар
В) Жалақы, рента, пайыз, пайда
С) Капитал мен кәсіпкерлік
D) Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет
Е) Шексіз энергия мен білім
3. Қоғамдық өнім деп:
А) Халық тұтынатын тауарларды айтамыз
В) Ұлттық өнімді сатудан түскен табысты айтамыз
С) Қоғамда белгілі бір уақыт ішінде өндірілетін материалдық игіліктерді атайды
D) Мемлекетімізге қажетті өнімді атайды
Е) Бөлшек саудамен қоғамдық тамақтану саласындағы тауарларды айтады
4. Ұдайы өндіріс - бұл:
А) Халыққа қажетті өнімдер өндірісі
В) Үнемі қайталанып және жанғырып отыратын өндіріс
С) Алдағы уақытта өндірілетін өндіріс
D) Жыл сайын өндіріліп отыратын өнімдер тобы
Е) Еңбек және өнім айырбастау қатынастары
5. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нені көрсетеді:
А) Шаруашылықтың өндіруі тиіс екі тауарының нақты мөлшерін
В) Екі тауардың мүмкін комбинацияларының ең жақсысын
С) Қолда бар ресурстардың нақты мөлшеріне сәйкес тауарлардың балама комбинацияларын
D) Өндіріс факторлары өнімділігінің төмендеу заңы жүзеге асқан уақытты
Е) Аталғандардың ешқайсысын көрсетпейді
6. Мыналардың қайсысы жеке тұтынуға жатады:
А) Саябақтар
В) Университеттер
С) Тұрғын үйлер
D) Бала-бақшалар
Е) Кинотеатрлар
7. Экономикалық таңдау мәселесі қандай сұрақтарды шешедi?
А) Не, қашан және қалай
B) Қанша, қандай түсте және қандай көлемде
C) Қашан, не және қалай
D) Не, қалай және кiм үшін
E) Кiмге, қайда және қанша
ТАҚЫРЫП 3. МЕНШІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ
МАҚСАТЫ: әртүрлі өлшемдеріне байланысты экономикалық жүйелердің типтеріне тоқталу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталу, меншік қатынастарын зерттеу және Қазақстанның өтпелі экономика жағдайындағы ерекшеліктеріне тоқталу.
ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР:
- Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны
- Меншік түрлері мен формалары
- Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру:этаптары, формалары, әдістері
- Экономикалық жүйе және оның элементтері.
- Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі.
- Аралас экономикалық жүйе.
НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР: экономикалық жүйе, дәстүрлі экономикалық жүйе, жоспарлы экономикалық жүйе, нарықтық экономикалық жүйе, аралас экономикалық жүйе, постиндустриалдық қоғам, меншік, меншік құқығы, меншік нысандары, меншік субъектісі, жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу, т. б.
1. Меншік- күрделі де көпжақты құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады. Меншікті қарастырудың 2 тәсілдемесін ажырату керек:
1-ші, меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастыру. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысынан қатынастар.
2-ші, меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.
Меншіктік қатынастардың келесідей түрлері болады:
а) иемдену қатынастары;
ә) мүлікті шаруашылық пайдалану қатынастары;
б) меншікті экономикалық өткізу қатынастары.
Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:
а) екі жұп категорияларының өзара байланыстары: иемдеу-жатсыну;
ә) жекелену -қоғамдану сияқты категориялардың өзара байланысы;
б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
в) табыстарды үйлестіру тәсілдері;
г) суъектілік-объектілік талдау.
Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдікрермен сипатталады. Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасқан санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.
Меншік құқықтарын жүзеге асыру үшін меншік құқықтарының айрықшалануы өте маңызды. Меншік құқықтарының айрықшалануы-бұл мншіктің объектісін, субъектісін және меншікке өкілдіктерін анықтау.
Меншік субъектісінің 3 негізгі құқықтары бар:
А) иелік ету ә) пайдалану; б) билік ету.
- Меншік- тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр.
Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айырмашылықтары бар болғандықтан, түрлі иемдену нысандары немесе меншік нысандары ажыратылады. Олар: жеке иемдену нысандары; ұжымдық иемдену нысандары; қоғамдық иемдену нысандары.
Меншік түрлері мен формалары:
- Жеке меншік: а) еңбекке негізделген жеке меншік; ә) еңбекке негізделмеген жеке меншік.
- Ұжымдық меншік: а) серіктестіктер; ә) кооперативтік; б) акционерлік; в) біріккен.
- Қоғамдық меншік: а) жалпы мемлекеттік; ә) муниципалдық болып бөлінеді.
3. Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет иелігіне алу, жекешелендіру процестерімен байланысты.
Мемлекет иелігінен алу-мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шарралар жиынтығы. Жекешелендіру-мемлекет қарамағындағы кәсіпорындарды жеке меншік компанияларға айналдыру. Жекешелендіру формалары:
а) мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жалға беру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz