Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындығы қазақ-түрік Халықаралық университеті

Факультеті: Филология

Тобы: ФҚӘ 313 f

БӨЖ

Тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

Қабылдаған: Алимбекова Забираш

Орындаған: Слан Назерке

Түркістан-2024

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Кенесары Қасымұлы . . . 3

Балалық шағы . . . 4

Көтерілістің шығу себептері, мақсаты, ауқымдылы . . . 5

Көтерілісті қолдап қатысқандар . . . 9

Ақмола бекінісіне шабуыл . . . 10

Кенесарының хан көтерілуі . . . 12

Кенесарыға қарсы келген отрядының жеңілісі . . . 18

Кенесарының қырғыз еліне жорығы . . . 24

Қорытынды . . . 25

Қайталау сұрақтары . . . 25

Қолданылған әдебиеттер . . . 26

Кіріспе бөлім

Қазақстан тарихында 19 ғасырдың соңындағы жедел әлеуметтік-саяси өзгерістерді көрсететін елеулі оқиғалардың бірі ретінде Кенесары Қасымұлы көтерілісі ерекше орын алады. Көрнекті ұлт көсемі басқарған бұл көтеріліс отарлық езгі кезеңіндегі қарсыласу мен бостандыққа ұмтылудың символына айналды. Осы зерттеу аясында біз бұл көтерілістің пайда болуы мен дамуына себепші болған тарихи жағдайларды, сонымен қатар оның аймақтағы кейінгі тарихи оқиғаларға ықпалын терең талдауға тырысамыз.

Бұл зерттеудің мақсаты - Кенесары Қасымұлы көтерілісінің себептерін, сипаты мен салдарын, сондай-ақ оның Қазақстан тарихындағы орны мен маңызын қарастыру. Біз бұл оқиғаның әртүрлі аспектілерін, соның ішінде сол кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды, саяси ортаны, үкіметтің әрекетін және көтерілістің соңғы нәтижелерін зерттейміз. Бұл көзқарас Кенесары Қасымұлы көтерілісінің мәні мен маңызын Қазақстан мен оның халқының тарихы тұрғысынан тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Кіріспе:

Кенесары Қасымұлы көтерілісі ұлттың ұжымдық жадында елеулі із қалдырған Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болып табылады. Бұл эпизод заманның күрделі әлеуметтік, экономикалық және саяси шындығын бейнелеп қана қоймай, әділеттілік, бостандық және азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мәселелерін көрсетеді. Көтеріліс халықтың ерік-жігері мен қоғамдағы өзгерістерге деген ұмтылысының көрінісі болды, сонымен бірге елдің болашақ дамуы үшін мұқият талдау мен кейінгі тағылымдардың қажеттілігін тудырды. Бұл зерттеуде біз Кенесары Қасымұлы көтерілісінің себептерін, оқиғаларының барысы мен салдарын, сонымен қатар оның қазіргі Қазақстан үшін маңызы мен ұлттық тарихтың динамикасын жалпы түсінуді қарастырамыз.

Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері

Қазақтардың XVIII-XIX ғасырларда болған барлық басқа ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысты. Олар күреске бірден, жұмыла қосылмағанымен, жекелеген обылыстар қозғалысқа тартылған кезде өзге аудандардағы қозғалыс басылып қалып, отырғанымен Кенесары көтерілісі алғашқы жылдардың өзінде-ақ ғаламат кең құлаш жайып, бүкіл халық көтерілген қозғалысқа айналды. Қозғалыстың бүкіл халықтылығы, кең қанат жаюы, айқын көрінген саяси сипаты Кенесары көтерілісінің өзіне тән ерекшелігі еді деу керек. Кенесарының көтерілісіне қазақтың басты руларының бәрі қатысты. Оны ресми архив деректерінен алынса да, әлі де болса, толық емес. Көтеріліске қатысушы рулардың саны 1843-1845 жылдары көбейе түсті. Өйткені, бұл кезде көтеріліс өзінің шырқау шегіне жетті. Дәл осы кезде қозғалыс Қазақстанның қазіргі жерінің едәуір бөлігін қамтыған еді. Кенесарыны анағұрлым қолдағандар:Қыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Шөмекей, Бағаналы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын рулары және басқа да кейбір рулар. Аталған рулардың барлығы бірдей патшалы Ресейге қарсы күрескен жоқ.

Қазақ рулары және олардың көшіп-қонған жерлері туралы келтірілген мәліметтерімізден Кенесары көтерілісінің өте кең тарағандығы байқалады. Қазақстанның бар аймағын қамтыған Кенесары көтерілісі, жергіліктегі жерлердегі кезек-кезек бұрқ еткен көтеріліс ошақтарының жиынтығы болды. Кенесары бастаған көтерілістің осал тұсы-барлық рулардың көтеріліске бір мезгілде кіріспегендігі.

Кейбір қашқын орыс солдаттары қатардағы жауынгер ретінде Кенесарының әртүрлі әскери жорықтарына қатысқан. Жаппастықтардан зекет жинау барысында Наурызбай бастаған 200 жігіттің ішінде Николай Губин деген де болған. Кенесары қолға түскен орыс тұтқындарды қалуға үгіттеп, жақсы қалыңдық беруге уәде еткен. Кенесары өзіне қашып келген өзге халықтардың өкілдерін құшақ жая қарсы алып, оларға білімі мен тәжірибесіне қарай түрлі қызметтерді сеніп тапсырған.

Кенесары көтеріліске қатысқандарға тек жер емес, сонымен қатар, ауқатты, бай өмір сүресіңдер деген көрінеді. Бұны хан Кененің жақтастарының жауаптарынан байқауға болады. Орынбор Шекара Комиссиясындағылар олардан «неге Кенесарыға қосылдыңдар» деп сұрағанда, олардың көпшілігінің жауабы біреу болды: «Кенесары бізді байлыққа жеткізбекші болып уәде берді». Кенесарының тартып алынған қазақ жерлерін қайтаруды және салынған бекіністерді жоюды, алым жинау мен әртүрлі салық салуды тоқтатуды патша үкіметінен талап етуі және оның бұрын қазақтарға тиесілі болған жерлерді қайтару үшін Қоқан мен Хиуа хандықтарымен күресуі-қазақ халқының өмірлік мүдделеріне сай еді. Қасым сұлтан мен оның балаларының қаза табуы, бой корсетулердің алдынғы кезеңі стихиялы, ұйымдаспаған сипатта болғанына карамастан, орта жүзде әкімшілік-саяси жаналыктардың катаң енгізілуі жағдайында отаршылдыққа қарсы күрестің жалғастыруына тың тыныс қосты, қазақ жерлерін біріктіруші Абылай хан ұрпақтарының тар өрісті рулық, әулеттік мүдделерін екінші қатарға ығыстырып, қозғалысқа неғұрлым айқын көрінген халық-азаттық сипатын берді. Бұл күресті енді Абылай немерелерінін бірі - сұлтан, кейін хан тағына отырған Кенесары Қасымов (1802-1847) баскарды.

Кенесары Қасымов тарихи аренаға Қазакстанның 1822, 1824 жылдардағы сібір жене орынбор қазақтары туралы Жарғылардын қабылданғанына қарамастан саяси оқшаулығын сақтауды жалғастырған аудандарының тәуелсіздігіне патша әскерлерінің жаппай аттаныстары салдарынан қатер төнген жағдайда Абылай ханның ісін жалғастырушы ретінде келді. Сондықтан да көтеріліс жасаған сұлтанның басты мақсаты Абылай хан кезіндегі Қазакстанның аумактық шектерінің тұтастығын қалпына келтіру, «дуандарды» (ХХ ғасырдын 20-30-жылдарында Қазакстанда құрылған округтер) тарату, Ресей құрамына әлі кірмеген жерлердін толык дербестігін сақтап калу болды. «Бүлікшіл сұлтан» күресінің негізі талаптары оның император ІНиколайға, орынбор губернаторлары В. А. Перовскийге, В. А. Обручевке, сібір губернаторы кінәз В. Д. Горчаковқа, Орынбор шекаралык комиссиясының төрағасы А. Ф. Генске және басқаларға жолдаған көптеген хаттарында айқын анықталған. Fұбайдолла сұлтан да, атақты ағасы Саржан да Кенесары Қасымовпен бір қатарға тұра алмайды, М. Красовскийдін пікірінше, ол «ақылы жөнінен атасынан кем түскенімен, одан да, әкесінен де мінезінің өрлігімен асып кетіп, бүкіл далаға әйгілі болды».

«Айлакер, ерекше сипатты саясатшы» ретінде Кенесары Қасымов сұлтан кұдіретті Ресей державасымен күрес қазақтын үш жүзінін күштерін біріктіруді, едәуір кұрбандықты, әскери ғана емес, дипломатиялык та күш-жігер жұмсауды талап ететінін жаксы білді. Ол халық қозғалысынан бөлініп қалған жекелеген сұлтандардың, старшындардың, билердің бетімен кетушілігін аяусыз басып, Ресей саясатын қолдағандарды катаң жазалағанымен, бәрі бір патша үкіметімен түсініспеушіліктерді, негізінен алғанда, бейбіт жолмен шешуді жақтаушы болып қала берді. Соғыс тұткындарына, соның ішінде орыстарға да төзімділікпен қарады, олардың кейбіреулері оған қызмет етті, Ресей елшілерін сыпайылыкпен қабылдады, қырғыздармен тайталас кезеңінде мінез танытқаны болмаса өз әрекеттеріне қатігездікке жиі жол бермеді. Дегенмен, көтеріліс мүдделерін сатып кеткендер, әскери тәртіпті бұзғандар оның қаһарына ұшырап отыруы жиі болып тұрды. Атап айтқанда мұны «Кенесары-Наурызбай» дастаны дәлелдейді, оның авторы ақын әрі жауынгер Нысанбай атақты «қазақ Шәмілінің» барлық іс-әрекеттеріне белсене қатысқан. Айтпақшы Кенесарыға еріксіз тұткын болгған барон У-р (Услар) суреттеген ханның сөзбен сипатталған портретін келтіре кету артық болмас: «Кенесарының бойы биік емес, ашаң, оның бет әлпетінде қалмақ сипатты бітім бар және онын шыққан тегін еске салады. Айта кетелік, онын қысынңқы көздері мысқыл араласқан ақыл нұрын шашып тұрады, ал оның кескінінен әсте де қаталдық байқалмайды, алайда ол көптеген жағдайларда қаталдық көрсеткен». Ақылды саясатшы Кенесары сұлтан Ресейге қарсы ұзаққа созылып, титықтататын қарулы күрестің бүкіл қиындығын ұғынып, Сібір жене Орынбор әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізу арқылы үздік дипломатиялық қасиеттерін көрсетті. Орынбор генерал-губернаторы В. А. Перовскийдін атына жазған алғашқы хатында-ақ ол Қазақстан аумағында бекіністер салуды, қазақ жерлерін басып алуды 35 жылға тоқтата тұруды ұсынған. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатында қазақ жерлерін басып алуды кеңейткен және Ресей ықпалы шегінен тыс қалған аудандарда жаңа округтер құрған патша үкіметімен алауыздықтарды қазақ ханының бейбіт жолмен шешуге ұмтылыстарын дәлелдейтін қызықты құжаттар сақталған. Омбы қала бастығына Үшбұлак округтік приказының 1838 жылы 26 желтоқсандағы хабарламасында ханның жеке өкілдері -Көкшетау, Ақмола және Баянауыл округтерінін бес қазағы (Тобылды Токтин, Жусіп Жанкүшіков, Мәмберді Қонысбаев, Тайтоқа Дөненов және Қосымбай Қазанғапов) ұсталғаны туралы хабарланған, оларға хан Ресей императоры мен Батыс Сібір генерал-губернаторына арналған екі хатты жеткізуді тапсырған. Е. Бекмахановтың кітабында Кенесары сенім білдірген бес адамның екеуі аталады. Кенесары үш жүздің дәстүрлі топтарын, рулық бөлімшелерін біріктіруге барлық амалдарды қолданды, дегенмен бұл мақсатқа азаттық күрестің 1844-45 жылдардағы ең шырқау биігіне көтерілген кезеңінің өзінде де қолы жетпеді. Көтерілістің ең басынан-ақ қазақ шонжарлары қарама-қарсы екі лагерге бөлінді: олардың үкімет қолдаған бір бөлігі отаршылдық әкімшіліктің қолдануына сүйеніп, омбы жене орынбор әкімшіліктерінен әр түрлі пұрсаттылықтар алуға тырыса отырып, өздерінің саяси дұшпандарын күйретуге ұмтылды. Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин Кенесарының ымырасыз жауы болды, Кіші жуздің билеуші-сұлтандары Ахмет жене Мұхаммед Жантөриндер, Айшуаков сұлтандар көтерілісшілерге қарсы өршеленген күрес жүргізді. Кенесары Жетісуға барғаннан кейін азаттық күресі жетекшісінің өз туыстары, Абылай ханның балалары Әли, Сүйік, Әділдер көтерілістершілер жөнінде ымырасыз көзқарас ұстанды. Кейіннен қару кезеніп тұрғанда Ресей үкіметіне көтерілісшілердің келгенін «хабарлау» туралы міндеттемеге қол қойған 27 би мен сұлтанның көпшілік бөлігі сол кезде Жетісудағы көптеген ру бөлімшелерін басқарған Абылай ұрпактары болатын. Старшындардың, билердің, сұлтандардың бір бөлігі, соның ішінде Орта жүзде де қарсы руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре білді. Бір кездерде Кенесары әскерінің саны 20, 000 адамға дейін жетті. Көтерілісшілердің ұйытқысы Орта жүздің қатардағы көшпелілері болды. Омбы облыстық басқармасының сот-жазалау мекемелері жинаған деректер бойынша, Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы және Баянауыл округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам сұлтандар, билер, старшындар қолдаған. Саржан бастаған азаттық қозғалысына 23 жасынан бастап белсене қатысып, Қоқандықтардың ағалары мен әкесінің қаза табуына соқтырған екіжүзді көзқарасына көз жеткізген Кенесары өзін ара-тұра оқ-дәрімен, мылтықпен жабдықтап отырған. Бухара әмірімен достық қатынаста болғанымен, Сырдарияның төменгі ағысының қазақтарына қысым көрсеткен Қоқан құсбегімен келіссөздерден бас тартты. Қазақтар көтерілісі әуел бастан-ақ бұқаралык сипат алды. Тегінде XVIII ғасырдың аяғындағы және XIX ғасырдағы азаттық қозғалыстары тарихында бұл - қазақ рулары қоныстанған негізгі аудандарды камтыған бірден-бір көтеріліс: оған Орта жүздің ру бірлестіктеріне қоса, Кіші жүздің шекті, жағалбайлы, табын, алшын, шөмекей, жаппас және басқа рулары, Ұлы жүздің үйсін, дулат жене басқа рулары қатысты. Кенесарыны үш жүздің ханы деп танудың мұрағат деректері арқылы расталатын фактісі оның ұлт мүдделерін бірден-бір, жоғары дәрежеде білдіретін, бүкіл халық сайлаған билеуші ретіндегі өкілеттігінің заңдылығын дәлелдейді. Көтерілістің қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Мемлекеттілікті калпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да тартылды. Қазақ жерлерін әскери отарлауға, Қоқан бектерінің зорлык-зомбылықтарына қарсы жалпыта бірдей күрес көтеріліске азаттық сипат берді. Өкінішке қарай, Кенесарыны қолдау жөнінен билердің, старшындардың, сұлтандардың бәрі бірдей дәйекті болмай шыкты: негізгі куштердің басқа аудандарға шоғырландырылуы мен үнемі жылжып отыруына қарай рулық белгілері бойынша жинақталған жекелеген топтар негізгі ұйытқыдан бөлініп қалып отырды. Топ жетекшілерінің арасында атакты халык батырлары: Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтын атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жәуке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай және басқалар болды. Қатысушылар құрамы түрлі ұлт өкілдерінен: қазақтар, орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктар жене басқалардан құралды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Кенесары Қасымұлының дипломатиясына зерттеулер
Кенесары хан
Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері
Кенесары көтерілісі
Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс
ХІХ ғасырдың 20-50 жж. Қазақ - Ресей қатынастарының тарихнамасы
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
Көтерілістің қозғаушы күштері - қазақ шаруалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz