Заңды тұлғаның құқық субъектілігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: «»

Тақырыбы: «»

Орындаған:

тобының студенті

Ғылыми жетекші:

аға оқытушы

Қарағанды 2023 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері

1. 1 Заңды тұлға түсінігіне жалпы сипаттама . . . 6

1. 2 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер . . . 10

1. 3 Заңды тұлғаның құқық субъектілігі

2. Заңды тұлғалардың құрылуы, қайта құрылуы және тоқтатылуы . . . 13

2. 1 Заңды тұлғаның құрылуы . . . 15

2. 2 Заңды тұлғаларды қайта құру нысандары . . . 19

2. 3 Заңды тұлғаларды тоқтату . . . 21

3. Заңды тұлға түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға көшу мүліктік қатынастардағы азаматтардың құқықтық мәртебелерінің өзгеруіне әкеліп соғып, шаруашылық өмірдің дамуы азаматтық құқық субъектілерінің бірі - жеке тұлғалардың құқықтық реттелуіне ғана әсерін тигізіп қоймай, өзгерістер заңды тұлғалардың қызметіне, жүйесіне, айналымдағы мәртебелері мен ішкі құрылымына да барынша ықпал етті.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Заңды тұлға қазіргі нарықты қозғаушы негізгі күш. Сол себепті оны зерттеу біздің ойымызша ешқашанда өз маңыздылығын жоймайтындығына кәміл сенеміз. Қазіргі күрделі интеграция, халықаралық байланыстың күннен - күнге ұдайы дамуы, осы кәсіпкерлік қатынастардың санатына көптеген өзгерістер әкеле отырып, оны реттеуші жағдайлар мен құқықтық нормалардың санқырлы өзгерістерге ұшырауы аса қатты алаңдатушылық туғызуда. Себебі мемлекеттің тұрақтылығы негізінен осы кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастырушы тұлғалардың қолына беріліп отыр. Ал олай болса осы қарастырғалы отырған жұмысымыздың қазіргі таңдағы маңыздылығының орны ерекше екенін ескерер болсақ, жұмыстыңда маңызды мәселелердің біріне жазылып отырғанын байқауға болады.

Заңды тұлғалар жөніндегі отандық заңнама дамуының бүгінгі күнге деңгейі теоретик және практиктер жағынан әрекет етуші құқықтық конструкциялардың нысаналы ұғынуымен және құқықтық нормалардың детализация және саралануының жоғары дәріжесімен ерекшеленеді. Осы мағынада соңғы уақытта әрекет етуші заңды түлғалар туралы заңнама жүйесінің сынды талдауына арналған, оның жеке ұйымдық-құқықтық нысандарын қарастыратын жариялымдардың жиі шығуы көрсетімді. Бұл саладағы құқықтық сананың екпінді дамуы құқықтың қолдауына ғана әсер етіп қоймай, заңнаманың әрі қарай жетілдірілуіне, жаңа құқықтық конструкциялардың ізденісі мен бекітілуіне ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 33-бабына сәйкес заңды тұлғалар меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым ретінде бекітілген.

Заңды тұлға конструкциясының құрылымдық талдауы оның даму жолын анықтау үшін маңызды. Дегенмен, заңды тұлға мәселесін оның кұқық субъектілігінің мазмұнын ашпай терең түсіну мүмкін емес. Жаңа құқықтар беруіне кейбіреулерін алу жолымен жиі өзгерістерге ұшырағыш құқық субъектілік ұйымдардың әр қилы жақтарын сипаттайды. Заңды тұлға сан алуан қоғамдық қатынастардың қатысушысы, құқық жүйесінің әр қилы салаларының субъектісі болғандықтан, оның құқық субъектілігіне көп салалы сипат тән болып келеді. Заңды тұлға мәртебесі арқылы ұйым әкімшілік, еңбек, азаматтық және өзге де құқық субъектілігінің ұстаушысы болуы мүмкін. Заңды тұлғаның мақсаттары мен жүзеге асыратын қызметтері арқылы оның құқық субъектілігін білуге болады. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда және көптеген ТМД елдерінің заңды тұлғаларында арнайы құқыққабілеттілікті иеленген. Бұл заңды тұлғалардың тауарлардың өзгеріп тұрған бағаларына елеу мүмкіндігін төмендетті. Нарықтық экономикаға көшу барысында заңды тұлғаның мұндай қатаң құқыққабілеттіліктің (регламентациясы) тәртібі жаңа шаруашылық механизміне сәйкес келмейді. Сондықтан да ҚР Азаматтық кодексі заңды тұлғаның кез келген заңға және құрылтай құжаттарына қайшы келмейтін әрекетпен айналысуға құқығын бекітеді. Сонда да заңды тұлғаның жалпы тәртібі негізінде арнайы құқыққабілеттіліктің сақталуы заңды тұлғаның құқықтық табиғаты мен мәнінен туындайды. Заңды тұлғаның пайда болуы жеке тұлғаға қарағанда оның құрылтайшыларының қандай да бір мақсаттарымен сипатталады. Мемлекет унитарлы кәсіпорынның мүмкіндігін бекіте отырып, оны заңды тұлғаның жарғысында белгіленген белгілі бір мақсатта қолдануын көздейді. Заңды тұлғаның құқықсубъектілігі туралы айтқан кезде, оның арнайы не универсалды құқыққабілеттілігіне қарамастан, Азаматтық кодекс бірқатар шектеулер қояды. Бұл ең алдымен оның белгілі бір қызметпен айлалысуына байланысты уәкілетті органмен берілетін лицензиясының болуымен сипатталады.

Қазақстан Республикасы егемендігін алып, оның аумағында жаңадан бірте-бірте қоғамның әрқилы салаларында сан алуан заңды тұлғалар құрыла, қайта құрыла бастады.

Курстық жұмысының мақсаты - заңды тұлға түсінігінің мәнін ашып, оны құру, қайта құру және тарату бойынша тереңірек ақпарат беріп, заңды тұлғалар түрлері мен оның жеке-жеке ұйымдық-құқықтық нысандарына сипаттама жасау. Сондай-ақ, бұл жұмыста заңды тұлғаларға қатысты негізгі түсініктер мен терминдер, нормативтік-құқықтық актілер мен негізгі әдебиеттер тізімі ұсынылып отыр.

Кез келген мемлекеттің келешегі өзінің ұлттық тілін сақтап қалудан басталады. Шоқтығы биік қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты оның қолданыс аясы кеңейіп, қазақ тілінде жазылып жатқан еңбектер жылдан-жылға көбеюде.

Курстық жұмысты орындаудың негізгі міндеттері:

заңды тұлғалардың түсінігін беру;

заңды тұлғалардың түрлерін көрсете отырып, олардың құқықтық мәртебесін көрсету;

заңды тұлғалардың құрылу және тоқтатылу негіздерін көрсету болып табылады.

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Курстық жұмысымызда қарастырылған негізгі ережелер яғни кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ұйымдық-құқықтың нысанын қайсы бірімен құрылып нарыққа шықпас бұрын заң талаптарын сақтай отырып тіркелуі керектігін анықтайды.

Курстық зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының объектісі болып азаматтық құқық саласында нарықтық экономикадағы заңды тұлғаларға қатысты туындаған мәселелер танылады.

Зерттеудің нормативті-құқықтық базасы болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан республикасының заңнамалық актілері мен заңды тұлғалардың сондай-ақ кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін заңнамалық актілері танылады.

Курстық жұмыстың теоретикалық негізі. Жұмыстың теоретикалық негізін кеңестік ғалымдардың, ТМД елдері мен шетелдік авторлардың зерттеліп отырған мәселеге қатысты еңбектері және жүйелік басылымдардағы мақалалары құрайды. Курстық жұмыстың қорытындысы Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтық актілерге негізделеді.

Методогиялық негіз ретінде құқықтық зерттеу әдістері тарихи-құқықтық, ресми құқықтық, салыстырмалы құқықтық және заң құбылыстарын талдау жүйесі әдістері басшылыққа алынып зерттелінді, сондай -ақ дидукциялық пен талдау әдістері ұштастырды.

Курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Курстықжұмыстың негізгі қорытындылары құқық қорғау органдарының қызметі барысында сондай-ақ заңгерлерді дайындау барысында, азаматтық құқық курсын оқытуда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылуы мүмкін.

1. Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері

1. 1 Заңды тұлға түсінігіне жалпы сипаттама

Азаматтық құқықтың негізгі субъектілірінің бірі заңды тұлғалар болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 33-бабына сәйкес заңды тұлғалар меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым ретінде бекітілген [1] . 2002 жылы 12 желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодексте берілген түсініктен, заңды тұлға анықтамасының алдыңғы азаматтық заңнамаларда берілген түсініктерге қарағанда өзгермегенін байқаймыз [2; 25] .

ҚР АК-тің 33-бабы субъектісі ретінде заңды тұлғаның келесі белгілерін бекітеді:

ұйымдықбірлік;

оқшау мүлік;

дербес мүліктік жауаптылық;

азаматтық айналымға өз атынан түсуі.

Азаматтық кодекс (әрі қарай ҚР АК) заңды тұлға ретінде коммерциялық не коммерциялық емес ұйымды бекітеді, Ұйым ретінде белгілі бір ережелерге бағынышты азаматтар ұжымы, тобы танылады. Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрамның бір ерікті білдірумен азаматтық айналымда біртұтас күйде қатысуын айтамыз. Бұрын қолданыста болған заң актілері бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның құрылуына жол бермейтін. Қазіргі Азаматтық кодекс бір қатысушысы ғана бар заңды тұлғаның қызмет етуіне мүмкіндік береді. Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрініс табады.

Оқшау мүлік-заңды тұлғаның негізгі белгісі және ол мүлікке заттық құқықтың болуымен айқындалады: меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы. Заңды тұлғаның мүлкі оның дербес балансында көрсетіледі.

Дербес мүліктік жауаптылық оқшау мүлікпен негізделіп, заңды тұлғаның өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі мүлікае жауап беретіндігінен байқалады. Аталған мүлікпен жауап беру үшін заңды тұлғаның мүлкі құрылтайшылар мүлкінен оқшауланған.

Жалпы тәртіпте сәйкес дербес мүліктік жауаптылық заңды тұлғаның борышы бойынша құрылтайшылардың жауаптылығын қарастырмайды. Сол сияқты заңды тұлға оның құрылтайшылары және қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бірақ, заң актілерімен және заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшылар мен қатысушылардың жауаптылығы көзделуі мүмкін.

Заңды тұлғаның нақты осы белгісі АК-тің 44-бабында көрсетілген. Жалпы тәртіп бойынша заңды тұлға өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді, сонымен бірге мекеме, қазыналық кәсіпорын жоғарыда аталған бапқа сәйкес міндеттемелер бойынша өз билігіндегі ақшаларымен жауап береді.

Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы, қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша ҚР-ның Үкіметі немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік субсидиярлық жауаптылықты болады.

Азаматтық айналымға өз атынан түсуі заңды тұлғаның сотта талапкер және жауапкер болуға, өз атынан шарттар, бір жақты мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. АК-тің 33-бабының 2-тармағына сәйкес заңды тұлғаның өз атауы жазылғын мөрі болуы тиіс.

Жоғарыда аталып өткен белгіге сәйкес заңды тұлғалар азаматтық айналымға, мүліктік қатынастарға өз атынан қатысады. Яки, кез келген заңды тұлғаның заңға сай өз атауы болуы керек. Заңды тұлға атауы мен тұрған жері оны басқа ұйымдар тобынан жеке дараландырады.

Заңды тұлға белгілі бір фирмалық атауымен заңды тұлғалардын бірыңғай мемлекеттік тізіміне енгізіледі. Қазақстан Республикасында фитмалық атауды тіркеудын жеке процедурасы қарастырылмаған, сондықтан заңды тұлға әділет органдарында тіркеуген өткен сәтте, оның фирмалық атауы да қоса тіркеледі.

Жалпы заңды тұлғаның фирмалыұ атауында, оның ұйымдық-құқықтық нысаны (серіктестік, акционерлік қоғам, тағы басқалар), меншік нысаны (жеке, мемлекеттік), қызмет бағыты (сауда-саттық, ғылыми-зерттеулік және тағы басқалар) көрсетіледі.

Заңды тұлғаның барлық атауларына заң белгілі бір талаптар қояды. Фирмадық атауда заң талаптарына немесе қоғамдық өнеге нормаларына өайшы сөздер (мысалы, қазақ немесе орыс тіліне аударғанда балағаттаушы естілетін шет тіліндегі сөздер) ; жеке адамдардын есімдері қаттысушылардын есімдеріне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардын есімін пайдалануға олардан рұқсат алмаса, олардын есімдерін пайдалануға жол берілмейді [2; 27] .

Азаматтық кодекстің 38-бабында көрсетілгендей, заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар. Бөгде тұлғалардың фирмалық атауды пайдалануына тек фирмалық атаудың құқық иесінің рұқсаты бойынша ақы төлеу арқылы жол беріледі. Бұл ретте кешенді кәсіпкерлік лицензия (фрачайзинг) шарты қолданылады. Осы шарт негізінде кешенді лицензияр кешенді лицензятқа сыйақыға фирмалық атауын, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін беруге міндеттенеді (АК-тің 896-бабының 1-тармағы) [3] .

Фирмалық атауды бөтен адамдардын пайдалануы заңсыз болған жағдайда, фирмалық атаудын құқық иесі атауды пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдын орның өтеуді талап етуге құқылы болып келеді.

Заңды тұлғалар атауларына заңды тұлғалардын ұйымдық-құқықтық нысандарында арналған тақырыпта толығырақ тоқталып өтеніз. Заңды тұлғаны басқа заңды тұлғалардан айыруға фирмалық атауымен қатар, тауар және қызмет көрсету танбалары мүмкіндік береді.

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының 1-бабында көрсетілгендей, тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы бұл тауар таңбалары туралы Заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (қызметін) босқа заңды немесе жеке тұлғаның бір тектес тауарларынан ажырату үшін қызмет ететіні белгілі. [4]

Тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, әріп, цифр, көлем белгілері және өзге де белгілер немесе бір тұлғалардың тауарлары мен қызметтерін басқа тұлғалардың біртектес тауарларынан немесе қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін олардың аралас үлгілері тіркелуі мүмкін.

Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесімінде тіркелуі мүмкін («Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының 5-бабы) . Мысалы, бір жол бойында бір-біріне тіркесе отырып орналасқан төрт шеңбер «Ауди» маркалы автомобиль көлігінің тауар таңбасы ретінде қолданылады[3, 89б. ]

Негізгі қызметі болып қызмет көрсету танылатын ұйымдар, тауар таңбасына теңестірілетін қызмет көрсету таңбасын тіркеуден өткізіп пайдалана алады.

Тәжірибе жүзінде тауар не қызмет көрсету таңбаларына фирмалық атауларына басқа тұлғаларды шатастыруға әкелетін сөздердің енгізілуі, не жеке дараландыратын белгілері мен атаулары ұқсас болып келетін заңды тұлғалар кездесуі мүмкін. Шын мәнінде бұл жосықсыз бәсеке.

«Тауар таңбалары туралы» Заңға сәйкес тауар таңбасын тіркеу нәтижесі бойынша өтінуші он жыл бойы әрекет етуші тауар таңбасын тіркегендігі туралы куәлікке ие болады[4] . Тауар таңбаларын қорғаудың ерекшелігі куәліктің шектеусіз он жылға ұзарту құқылығында болып тұр. Қазіргі уақытта бірен-саран мемлекеттерде біршама ғасырлардан бері келе жатқан тауар таңбалары бар. Сондай-ақ, біраз жылдар бойы бір тауарды шығарумен айналысқан заңды тұлғалардың тауар таңбалары кезең-кезеңімен өзгеріп отыратындығы да тарихқа белгілі.

Заңды және жеке тұлғалар өздерінінң фирмалық атауларында, тауар және қызмет көрсету таңбаларында «Қазақстан», «Республика», «Ұлттық» деген сөздерді пайланған жағдайда, олар салық заңдарында көрсетілген тәртіп пен мөлшерге сәйкес алым -салық төлеуге міндетті. Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдар салықтың осы түрінен босатылады.

Заңды тұлға тұрған жері, оның құрылу және әрекет етуінің басты жағдайларын белгілегендіктен айрықша маңызға ие (тіркеуші органды таңдауда, азаматтық істер соттылығында) . Азаматтық кодекстің 39-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады.

Заңды тұлғаның тұрған жерінің тәжірибе жүзіндегі тағы бір маңыздылығы заңды тұлға атына жіберілген іскерлік жіне ресми хат-хабарларды жеткізу орнында болып тұр. Сол себептен, заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында, тіркеу және т. б. құжаттарында жазылып көрсетілуі тиіс.

Заңды тұлға филиалдары мен өкілдіктері-аумақтық тұрғыда оқшауланған заңды тұлғаның құрылымдық бөліктері. Негізінен, филиал мен өкілдердің атқаратын қызметтері ұқсасырақ, сондай-ақ оларды заңды тұлғаның ұйымдық-құрылым элементтерінен (цех, бөлім, т. б. ) айыру қиынырақ болып келеді. Басты айырмашалығы-екеуі де заңды тұлға тұрған жерінен тыс орналасады.

Филиал өзін құрған заңды тұлғаның атынан жұмыс істейді және әдетте, заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс жерде орналасқанымен, оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін орындайды. Филиалдардын қызмет аясы кеңірек болып келеді, мысалы, заңды тұлға жүзеге асыратын өндірістік және шарушылық қызметті тек филиал жүргізуге құқылы.

Өкілдік болып заңды тұлға тұрған жерінен тыс орналасқан және онын мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, онын атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі танылады. Солай, мысалы, өкілдік шарттарға отыра, олардын атқарылуына бақылау жүргізеді.

Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкілдектері міндетті түрде оларға заңды тұлға құқығы берілмей есептік тіркеуге жатады. Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу үшін тіркеуші органға ұсынылатын құжаттар тізімі ҚР Әділет министірінің 1999 жылғы 15 қантардағы №3 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстандық филиал мен өкілдіктер сияқты, республика аумағында құрылған шетелдік филиал мен өкілдіктер тіркеуден өтуге міндетті. Шетел заңды тұлғаларының құжаттары мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотарияттық расталған аудармамен ұсынылады. [5, 151б. ]

Заңды тұлғаның меншік құқығы дегеніміз заңды тұлғаның өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және билік ету жөніндегі заң құжаттарында танылған және қорғалатын құқығы. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншік құқығы, азаматтардың жеке меншіктерімен қатар, жеке меншік түрі болып табылады. Көбіне азаматтық-құқықтық мәміле мен құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымы заңды тұлғалардың меншік құқығының туындауына негіз болады. Бірақ меншік құқығы басқадай заңды негіздер бойынша да туындауы мүмкін. Мысалы, өрндіру, құқық мирасқорлық, мерзім көнелігі, олжа табу нәтижесінде. Заңды тұлғаның меншік құқығы оны тіркеген кезден (тіркеу туралы куәлік алғаннан) бастап туындайды және заңды тұлға тарап, мемлекетік тіркеуден шығарылған кезден кешіктірілмей тоқтайды. заңды тұлғаның меншік құқығының объектілері оның дербес балансында көрініс табады. Сондықтан да, мүліктің балнста болуы оның меншік құқығында баланс иесіне тиесілі екендігін білдіреді. меншіктің туындауының әрбір тәсілі ерекше процедурамен ресімделеді. Мысалы, заңды тұлғалар қосылғанда, біріккенде және қайта құрылғанда мүлік (құқық және міндеттер) меншікке өткізу актісінің негізінде меншікке өтеді.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар меншік құқығының субъектілері болып табылады. Мемлекеттік заңды тұлғалар меншік иелері бола алмайды. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мүліктің меншік иесі - мемлекет. Мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін. Мемлекеттік емес мекемелер де мүліктің меншік иесі бола алмайды. Оларды меншік иесі (меншік иелері) қаржыландырады, олар мүлікке оралымда басқару құқы арқылы ие. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар коммерциялық (өз қызметінің басты мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін) және коммерциялық емес (қызметінің басты мақсаты ретінде табыс табуды көздемейтін және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін) болып бөлнеді. Коммерциялық заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар және өндірістік кооперативтер жатады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар тізбесі толықтай аяқталған емес. Оларға жататында: қоғамдық және діни бірестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар және тек заң құжаттарында анқталуы мүмкін басқа ұйымдар.

Шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, кооперативте, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер және заңды тұлғалардың бірлестіктері (қауымдасты, одақ) өз мүлкінің меншік иесі болып табылады. Мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар мүлікті шектеулі заттық құқықтар - оралымды басқару және шаруашлық жүргізу. негізнде иемденеді. Шаруашылық серіктестігінің меншік құқығы. Құрылтайшылардың (қатсушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойнша серіктестікке тиесілі болады. Шаруашылық серіктестігінің жарғы капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде интеллектуалыдқ қызмет нәтижесіне құқық, және басқа мүлік болуы мүмкін. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғы капиталына заттай формадағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісіміммен немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша ақша түрінде бағаланады.

1. 2 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық қатынасы субъектілері заңды тұлғалар
Азаматтық құқыққа қатысатын тұлғалар
Азаматтық.құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері туралы ақпарат
Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар — азаматтық құқық субъектілері
Жеке тұлғаларадың халықаралық құқықтық субектілері
Заңды тұлғалардың теориялары
Азаматтық құқық субъектілігі мен сабақтас құқықтық санаттардың пікірталас мәселелері
Еңбек шартының тараптары
Халықаралық құқық субъектісі
Заңды тұлғалар құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz