Жарамсыз мәмілелердің ұғымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: «»

Тақырыбы: «»

Орындаған:

тобының студенті

Ғылыми жетекші:

аға оқытушы

Қарағанды 2023 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ

1. 1 Мәміленің ұғымы . . . 5

1. 2 Мәміленің түрлері мен жарамдылық шарттары . . . 9

2. МӘМІЛЕНІҢ НЫСАНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ.

2. 1 Мәміленің нысаны . . . 12

2. 2 Жарамсыз мәмілелердің ұғымы . . . 14

3. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР МӘМІЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ.

3. 1 Шарт ұғымы және оның маңызы . . . 24

3. 2 Азаматтық - құқықтық шарттардың түрлері . . . 25

3. 3 Шарттарды жасасу тәртібі . . . 34

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 39

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Тауарлық- ақшалық (мүліктік) және басқару қарым- қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек.

Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принциптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын қайтадан бағалау онша оңай шаруа емес.

Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше, маңызды екндігі сөзсіз.

Мәміле дегеніміз - азаматық құқықтар мен міндеттердің белгіленуіне, өзгеруіне және тоқтатылуына бағытталған әрекет.

Мәміленің, мейлінше, көп тараған түрі шарт (яни екі жақты немесе көп жақты мәміле) . Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады ( мысалы, өсиет) . Азаматтар мен заңды тұлғалардың, делінген АҚ - тің 147 бабында, азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады

Қазіргі уақытта кейбір шарттар үшін, мысалы, жеке меншік иелігіндегі құрылысты немесе басқа қозғалмайтын мүлікті құқығын беруге байланысты, нотариалдық куәландырудан басқа заң олардың тиісті мемлекеттік органдарда тіркелуін көздейді. Мұндай шарт тіркелген сәттен бастап жасалды деп саналады Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру әдісін міміленің нысаны деп атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша жасалған болып есептеледі.

Бір жақты жасалған мәміле тек бір тараптың ғана еркін білдіреді. Алайда, кейбір жекелеген жағдайларда бір жақты мәмілені екі немесе одан да көп адамдар жасайды. Мысалы, жалпы сенімхат беру, мұрадан бірнеше адамның бас таруты және т. б. Екі жақты мәміле, мейлінше, көп тараған, екі жақты келіскен, қарсы ерік білдірудің нәтижесінде жүзеге асады. Мәселен, дың, жалдаудың, мүліктік жалдаудың және т. б. шарттары.

Көп жақты мәмілеге үш және одан да көп тараптар қатысады.

Бұл курстық жұмыс азаматтық- құқықтық мәмілелерді, мәміле ұғымы және оның мәнін қарастырады.

Мәмілелерді оның субъектілері бойынша жіктеудің құндылығы қоғамның әлеуметтік - экономикалық ақиқатына сәйкес келуі тұрғысынан мәміленің нормативтік өкімін бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтық айналым әртүрлі субъектілер мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен жасатын мәмілелеріндегі ықтимал қиянаттарды заңдық жолмен шектеу қажет. Заңмен қандай да бір саладағы кәсіпкерліктің дамуына жеңілдіктер беру басқа саладағы әсіпкерлердің мүдделеріне қиянат әкелмеу керек. Сонымен тұтынушылардың құқықтық кепілдіктері кәсіпкерлер қиянатынан сақталуы күшейтілуі тиіс.

Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, бұл кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болмады.

Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын ролі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі - сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты. Мысалы, осы жерде айта кететін нәрсе, бұрын Кеңес одағы кезінде кәсіпорынды сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты болмаған, ал қазіргі нарықтық экономикада «жаппай жекешелендіру» бағыт-бағдарына сәйкес пайда болды.

Қоғамымыздың қазіргі сатыдағы дамуы азаматтық-шарттық қатынастардың кең түрде қанат жаюмен сипатталады, мұның өзі Қазақстан Республикасының әкімшілік басқару жүйесінен бас тартып нарықтық қатынастарды дамытуға бет бұрғандығының куәсі. Нарық субьектілерінің белсенді қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жеткіліксіздігі қаржы және өндіріс капиталының «көлеңкелі бизнеске» қарай ойысуына апаратын бірден-бір себеп болар еді.

Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Азаматтық қатынастардың дамуы барысында мәміле институтының элементтерінің маңызы зор. Осыған байланысты туындайтын қатынастардың ерекшеліктерін талдап, олардың маңызын айқындаудың мәні зор.

Жұмыстың объектісі. Мәмілеге негізделген азаматтық құқықтық қатынастар.

Азаматтық Кодексте мәмілелердің түрлерінің толық тізбесін көрсету мүмкін еместігі айтылған (мысалы, Азаматтық Кодекстің 7-бабы) .

Сондықтан кез-келген заңда көрсетілмеген мәмілені жасасуға болады, ең бастысы мұндай шартқа заңда тыйым салынбаған болуы керек.

1. МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ

1. 1 Мәміленің ұғымы

Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген. Мәмілеге мынадай белгілер тән:

тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіру;

рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;

қандай да бір заңды құқық жасауға бағытталған (азаматтық- құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы) ;

мәміле әрқашанда құқықтық салдарды туғызады.

Мәміленің маңызды жақтарының еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен тұрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекетіарқылы жазбаша (жай немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіріледі.

Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіруі әдісін мәміленің нысаны деп атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле орындалғанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар, чекі, затты сатып алғанын айғақтайтын құжат және т. б. ), сондай-ақ жетон, билет сияқты растайтын белгілер ұсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп-кетер ештеңе жоқ.

Конклюденттік әрекет (латынша concludere - жасау) - сол арқылытұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді.

Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады (АК-нің 151-бабының 4-тармағы) . Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де, жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзіміне қарамай- ақ пайдалана беруіне болады.

Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес мәміленің жазбаша түрі бұл орайда мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалуы тиіс.

Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды шарттарға мән бергенін айта кету керек. Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюы тиіс.

Мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.

Заңдармен немесе тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы талаптарды орындамау салдары көзделуге тиіс. Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қоюға құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайп-жазба, факс немесе субъектілерді және олардың еркін білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.

Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған ьсебептерін көрсете отырып, куәландыруға тиіс.

Мәміленің жазбаша жасалуда тиіс түрлері АК-тің 152-ші бабында көрсетілген. АК-тің 155-бабына сәйкес тиісті кейбір мәмілелер мемлекеттік ьтіркеуге жатады. Ол тиісінше тіркеуден өткеннен кейін ғана жасалған болып саналады.

Мәміленің басқа да мінез-құлық сипаттағы әрекеттерден айырмашылығы, оның қандай да бір құқықтық салдар туындауыда бағытталғандығында.

Мәміле - бұл Заңның аясына сәйкес келетін, заңмен рұқсат етілген құқыққа сай мінез. Мәміленің тағы бір ерекшелігі ол тиісті азаматтық құқық пен міндеттер туындатады. Құқыққа сай емес әрекеттер де азаматтық құқықтар мен міндеттер туындатқанымен, бұл қандай мәміленің емес құқыққа қайшы әрекеттің салдарынан туындайды.

Мәміле - саналы және ерікті түрде жасалған әрекет, оны саналы әрі ерікті түрде жасаған әрекетіне Заңдық сипат беріле алатын тұлға жасай алады.

Мәміледе азаматтық құқықтар мен міндеттер оны жасаған тараптарда пайда болса, ал әкімшілік актілерден азаматтық құқықтар мен міндеттер сол органда бағынышты тараптарда пайда болады.

Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.

Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар (АК-тің 152-бабы) . Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалды деп саналады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстің 157-бабының 3-тармағында көзделген салдармен мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады.

Азаматтық кодекстің 155-бабына сәйкес кейбір мәмілелер заң құжаттарында көрсетілуіне сәйкес мемлекеттік немесе өзге тіркелуге жатады. Бұл мәмілелер тек оларды тіркелгеннен кейін жасалды деп саналады. Тіркеу мүдделі тараптың тіркеуші органға табыс еткен немесе почта арқылы жолдаған арызы бойынша жүргізіледі. Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде рәсімделуге тиіс және заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасағанда ғана мүмкін болады. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте мәміле соттың шешіміне сәйкес тіркеледі. Тіркеуден бас тартқан жақ сот арқылы мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.

Мәмілелердің мынадай түрлері бар:

1) бір жақты және екі жақты немесе көп жақты (шарттар) ;

2) ақылы және ақысыз;

3) нақты және консенсуалды;

4) казуалды және абстрактылы;

5) шартпен жасалған;

6) биржалық.

Бір жақты мәміле дегеніміз, заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Бір жақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі - өсиет қалдыру. Әдетте, бір жақты мәмілелер тым көп бола бермейді. Азаматтық айналым көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасау үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ері білдіруі қажет.

Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады (мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады) . Ал, бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бірнәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.

Консенсуалды мәмілелер (латынша concensus - келісім) - келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша res - зат) келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.

Мәмілелерді азамат құқықтану ілімінде каузальдық (себепті ) және абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негізбен құқықтық мақсатты (causa) еншілейді. Бірақ та бір жағдайда мәміленің жарамдығы оның негізіне байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық) .

Абстракциялық мәмілелер өзінің негізінен қол үзгендей көрінеді (abstrahere - қол үзу, бөліну), (мысалы, вексельді тапсыру) .

Шартпен жасалған мәмілелер қандайда бір нәрсеге тәуекелді болып келеді (оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу - басталмауы белгісіз мән - жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі (АК - тің 150 - бабы 1-тармағы. Азаматтық кодекстің 150-бабының 2-тармағына сәйкес, егер тараптар құқықтар менміндеттемелердің тоқтатылуын басталу - басталмауы белгісіз мән - жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі.

Егер шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады, ал шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.

Азаматтық кодексте (156-бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты құқықтар мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады. Биржалық мәмілелер делдалдық жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада тіркелуге тиіс.

Биржалық мәмілелер жасауға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы биржа төрелігінде қаралады, оның шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін. Мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырмайды, бiрақ дау туған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлiк айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы. Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде тiкелей көрсетiлген реттерде мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады.

Сыртқы экономикалық мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау мәмiленiң жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады. Шартпен жасалған мәмілелер қандайда бір нәрсеге тәуекелді болып келеді (оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу - басталмауы белгісіз мән - жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі

Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiмен белгiленген реттерде жазбаша мәмiлелер оларды нотариат куәландырғаннан кейiн ғана жасалды деп саналады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық Кодекстiң 157- бабының 3-тармағында көзделген салдармен мәмiленiң жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады.

Мәмiленiң нысаны ол жасалған жердiң құқығына бағынады. Алайда шетелде жасалған мәмiленi, егер Қазақстан Республикасы құқығының талаптары сақталса, нысанның сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды. Қатысушыларының кем дегенде бiреуi Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын сыртқы экономикалық мәміле мәміленің жасалған жеріне қарамастан, жазбаша нысанда жасалады. Қозғалмайтын мүлiкке қатысты мәмiленiң нысаны - осы мүлік орналасқан жердегі елдің құқығына, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзілімге енгiзiлген қозғалмайтын мүлiкке қатысты болса, Қазақстан Республикасының құқығына бағынады.

Егер нотариаттың куәландыруын талап ететiн мәмiленi тараптар немесе тараптардың бiрi iс жүзiнде орындаған болса, ол өзiнiң мазмұны жағынан заңдарға қайшы келмесе және үшiншi жақтардың құқықтарын бұзбаса, сот мүдделi тараптың арызы бойынша мәмiленi жарамды деп тануға құқылы. Бұл ретте мәмiленi кейiннен нотариаттың куәландыруы талап етiлмейдi. Заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк немесе өзге де тiркелуге тиiс мәмiлелер, оның iшiнде өзгертетiн немесе тоқтататын мәмiлелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, олар тiркелгеннен кейiн жасалған болып есептеледi. Тiркеуден бас тартылу жазбаша түрде ресiмделуге тиiс және заң талаптарының бұзылуына сiлтеме жасалғанда ғана мүмкiн болады. Егер мемлекеттiк тiркеудi керек ететiн мәмiле тиiстi нысанда жасалса, бiрақ тараптардың бiрi оны тiркеуден жалтарса, сот екiншi тараптың талап етуiмен мәмiленi тiркеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Бұл ретте мәмiле соттың шешiмiне сәйкес тiркеледi.

1. 2 Мәміленің түрлері мен жарамдылық шарттары

Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің жарамды болуы шарттарына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдірудің сәйкестігі, мәмілелердің нысанын сақтау. Мәміле шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып табылады.

Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады.

Мәміленің жарамды болуы үшін еркі және ерік білдіру бір - бірімен сәйкес келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік мәмілені жарамсыз етіп көрсетеді.

Мәміле оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады, сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі көрінеді. Мәселен, оған мәмілені нотариалдық куәландыру (АК - тің 154-бабы) мен тіркеуді (АК - тің 155-бабы) айтуға болады. Мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Мәміле жарамды болуы үшін мынандай шарттар сақталуы тиіс;

1) мәміле мазмұнының заң талаптарына сәйкестігі;

2) мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамдардың әрекет қабілеттілігінің болуы;

3) қатысушылардың еркі мен ерік білдіру сәйкестігі;

4) мәмілелердің нысанының сақталуы.

Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті. Егер мәміле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екі тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі соттың шешімі немесе үкімі бойынша тәркіленеді. Тараптардың қайсібірі болсын мәмілені орындаған жағдайда да мәмілеге тиістінің бәрі тәркіленуге тиіс. Егер қылмыстық мақсатқа жету жөніндегі жымысқы ниет тараптардың бірінде ғана болған жағдайда, оның мәміле бойынша алғандарының бәрі екінші тарапқа қайтарылуы тиіс, ал соңғысының алғаны не оған мәміле бойынша тиесілісі тәркіленуге тиіс. Жасалатын мәміленің мазмұны заң талаптарына қайшы келмеуі тиіс.

Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне немесе адамгершілікке көрнеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле жарамсыз болады. Мұндай жағдайда мәміле мазмұнында қылмысқа итермелейтін немесе қылмыс жасауға бағытталған, заңның нақты талаптарын орындаудан жалтаратын, айналымнан алынған заттарды алу немесе сатуға байланысты сипаттар болуы мүмкін.

Заңмен тыйым салынған іс-әрекеттер негізінде мәміле жасалмауы тиіс. Заңға сәйкес келмейтін мәмілелерге жалпы құқықтық тәртіп негіздері мен адамгершілікке көрнеу қайшы келетін мақсаттармен жасалған мәмілелер де жатқызылады. Бұл қағиданың заңмен жетік реттелмеген қатынастарда қоғам мүддесін қорғау үшін маңызы зор. Мәселен, мемлекеттік кәсіпорын басшысы жеке кәсіпкермен кәсіпорын үшін тиімсіз, бірақ өзінің жақсы таныс кәсіпкер серігі үшін тиімді мәміле жасауы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәміленің жарамсыздығы
Мәміле туралы ақпарат
Мәміле ұғымы
Жазбаша мәмілелер
Мәміленің жарамдық шарттары
Мәміленің ұғымы
Мəмілелерді мемлекеттік тіркеу
Жарамсыз мәміленің түсінігі
Мәмілелер
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz