Қоғамның құқықтық жүйесін талдау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

ҚAЗТҰТЫНУOДAҒЫ ҚAРAҒAНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: «»

Тaқырыбы: «»

Oрындaғaн:

тoбының студенті

Ғылыми жетекші:

aғa oқытушы

Қaрaғaнды 2023 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні және заң жүйесімен айырмашылығы

1. 1 Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні . . . 7

1. 2 Құқықтық жүйе түсінігі мен құрылым және заң жүйесімен айырмашылығы . . . 15

2. Қазақстан Республикасының құқықтың негізгі салалар жүйесі.

2. 1 Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы құқық саласының бір бөлігі ретінде . . . 17

2. 2 Әкімшілік құқықтың Қазақстан Республикасындағы құқық саласындағы орны . . . 22

2. 3 Азаматтық құқық - ғылым, құқықтың бір саласы ретінде . . . 24

2. 4 Қылмыстық құқық ұғымы, түсінігі және жүйесі . . . 29

2. 5 Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері . . . 33

2. 6 Қазақстан Республикасының қаржы құқығы ұлттық құқық саласы ретінде. . 37

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42

ПАЙДАЛНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 44

КІРІСПЕ

Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі - нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты (құқықтық институт) және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты - бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Мысалға, азаматтық құқықта - сыйға тарту, сатып алу-сату институты, конституциялық құқықта - азаматтық институты. Құқық саласы - бір-бірінен құқықтық реттеудің заты және әдісімен ерекшеленетін бірыңғай құқықтық қатынастарды реттеуші құқық нормаларының жиынтығы.

Қоғамның құқықтық жүйесі ұғымы оның өзіне тән сипатымен белгісіне байланысы анықталады. Құқықтық жүйе - қоғамдық қатынастарды реттейтін өзара байланысты, үйлесімді және өзара әрекеттілік құықтық құрал, әрі қандай да болмасын елдің құқықтық дамуының деңгейін сипаттайтын элементтер. Сондықтан қоғамның құқықтық жүйесі өзінің күрделі құрылымы мен белгілі бір орнымен ерекшеленеді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі салалық заң ғылымдарымен және жалпы құқық теориясымен зерттелуде. Құқықтық жүйе проблемалары - оның ұғым категория аппаратын құрылымдық ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын орнын, сондай - ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу әрдайым өзекті болады. Әсіресе, тоталитарлық режимді жеңіп құқықтық, демократиялық мемлекеттер ретінде қалыптасып жатқан, бостандық, теңдік пен келісім идеалдары негізінде азаматтық қоғам қалыптасып жатқан, кең көлемді құқықтық реформалар жүргізіп, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде қиындықтар мен қарама - қайшылықтарды басынан кешіп жатқан ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан жағдайында бұның өзектілігі арта түседі. Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігінің «сындарлы он жылын» артқа тастады. Аталған он жылдан астам уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өзі тәуелсіздігін баянды ету және мемлекеттің болашақтағы жылжитын негізгі бағыттарын айқындауға бар күшін жұмылдырған болатын. Жоғарда көрсетілген жағдайдың барлығы аталған тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік береді.

Тақырыптың зерттеу деңгейі. Қоғамның құқытық жүйесінің зерттеуінің тарихнамасы бірнеше ғасырлық дамуын басынан өткерді. Зерттеу жұмысын жазу барысында ізденуші заң ғылым саласындағы белгілі ғалымдар С. Өзбекұлы, Ғ. Сапарғалиев, С. Зиманов, Рене Давид, Камилла Жофре - Спинози, К. Цвайгерт, Х. Кетц және т. б. қоғамдағы құқықтық жүйелер туралы сөз еткен болатын. Олардың еңбектерде құқықтық жүйе ерекше құқық ретінде қарастырылған.

Зерттеу обьектісінде. Барлық қоғамның құқықтық жүйелерінің пайда болуы, қалыптасуы және дамуына байланысты туындаған әдеттік құқықтық қатынастар, олардың табиғаты, мәні мен мазмұны, негізгі өрбу кезеңдері мен ерекшеліктері құрайды.

Зерттеу пәні. Зерттеудің нақты пәнін қоғамның құқықтық жүйесі бойынша құқықтық жүйелердің тәсілдері, нысандары, оны пайдалану жолдары мен қоғам өмірінен жойылу және қазіргі таңдағы қоғамның кейбір мәселелерін құрайды.

Курстық жұмыстың негізгі және басты мақсаты. Қоғамның құқықтық өмірі саласында құқықтық жүйенің мүмкіндіктеріне кешенді талдау жасау. Құқықтық өмірдің мәдени астарының негізгі құрамдас бөліктерін жіктеу, олардың жеке - жеке орынын өзара байланысын қатынасын сарапқа салу. Аталған тақырып бойынша екі маңызды әлеуметтік міндетті тұжырымдауға болады. Біріншіден, құқықтық жүйе құқықты қолдануға байланысты барлық тәсілдерді толықтай біріктіреді. Екіншіден, құқықтық жүйе барлық құқықтық құбылыстардың жаңа деңгейде бірігуін білдіреді. Құқықтық жүйе құқықтық мемлекеттің бір белгісі болып табылады. Профессор Н. И. Матузовтың пікірі бойынша: «құқықтық жүйе ұғымының құндылығы қоғамның құқықтық жүйесін талдаумен байланысты болады». Сондықтан кез - келген заң құқықтық жүйенің иерархиялық құрылымына қайшы келмеуі керек. Құқықтық жүйенің қалыптасуы салыстырмалы ұзақ кезеңді алатын қиын іс болып табылады. Заңи әбедиеттерде құқықтық жүйе категориясын салыстырмалы түрде жаңартып отырады. Ол 80 - жылдардың аяғынан бастап енді. Бірақ та Батыс заңгерлері бұл ұғыммен бұрынғы кезден айналысуда. Құқықтық жүйе құқықтық материя құрылыммен жақын байланысты яғни, ол иерархиялық көп құрылымдық сияқты аспектілерден тұрады. Құқықтық жүйе динамикалық даму үстінде болады яғни, ол туралы ұғым үнемі өзгеріп отырады. Құқықтық жүйе басқа құқықтық терминдерден ауыстырмайды және өзгертпейді. Ол жеке ғылыми жүктемені яғни, барлық құқықтық құбылыстардың бірлігін білдіреді.

Заң әдебиеттерінде құқықтық жүйе ұғымына кейбір ғалымдар мынадай талдау береді: «Құқықтық жүйе қоғамдық қызмет ету саласы бойынша екі жақты бірлікті көрсетеді: нормативтік негіздердің қалыптасуын, нормативтік қызметтердің үлгісін». Бұл бірлікте құқықтық жүйенің функциясы ерекше орын алады.

Сондықтан құқықтық және мемлекеттік құрылыстарды олар тарихи дамуында және өзара байланыстарында қаралуы құқықтық жүйелерді талдауды қажет етеді. Құқықтың дамуы кез - келген мемлекетте қайшылықта және күрделі екені көпшілікке мәлім. Жалпы, құқықтық жүйелердің даму деңгейі қоғамда оның қоғамдық экономикалық дәрежесімен анықталады, басқа сөзбен айтқанда өркениеттің дамуы.

Құқықтық тенденциялар Ежелгі Грецияда және Римде сонымен қатар Ежелгі Шығыста пайда болған деп айтып кетуге болады.

Тарихи қалыптасқан нәрсе Қазақстанның құқықтық мәдениетінің құрылымына шығыстық дәстүрлер үлкен ықпал тигізген. Ежелгі Шығыстың құқықтық идеясы қоғамдық топтық - шектеулі сипаттары анық аңғарылады және қоғамдық топтардың класстық құқықтары мен бостандықтары қатаң бекітілуімен көрінеді. Осындай өте күрделі класстық және әлеуметтік құрылымдардың дамуы Ежелгі Шығыстық қоғамда құқықтың прогрессивті даму туралы ойландырады.

Құқықтық жүйенің тарихы жағынан қарағанда сол кездегі құқықтық актілер қазіргі адамдар құқықтар туралы түсініктердің қалыптасуына ықпалын тигізгенін айта кеткен жөн.

Бірақ та қазақ даласы Шығыс пен Батыс арасындағы орталықтан орын алып отырғанын ескеру керек. Сондықтан қазақтардың идеологиясына құқықтық мәдениетіде синтездің аталған екі әлемнің диолог ретінде көрінеді. Батыс дәстүрінің ықпалы Ресейлік құқық жүйесі арқылы іске асырылды. Бұл Қазақстанның Ресейге қосылуынан байланысты. Қазақстанның Ресейге қосылуы күрделі қарама - қайшылық процесстерге сәйкес келеді. 1917 жылғы Ұлы Казан төңкерілісінен кейін Кеңес Одағының құрамындағы Қазақстан социализм жағдайында өмір сүре бастайды.

1991 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады және құқықтық мемлекет негізінде жұмыс істей бастады.

Курстық жұмысытың белгіленген мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында төмендегі міндеттері болып мыналар табылады:

Қоғамның құқықтық жүйесі ұғыммен құрылымы жеке зерттеу;

Қоғамның құқықтық жүйесін талдау;

Қоғамның құқықтық жүйесі мәселері бойынша өзіндік тәсілдерді зерттеу;

Қоғамның құқықтық жүйесін зерттеуге байланысты ұсыныстар енгізу.

Қоғамның жүйесі мәселелері бойынша көптеген мақалалар, жинақтар, оқулықтар жарияланды. Аталған тақырып бойынша зерттеулер бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі көп жылдар қатарынан пікір талас туғызып келеді. Бұдан шығатын қортынды қоғамның құқықтық жүйесі тақырыбы мазмұнды болып табылады, сонымен қатар қызығушылықта тудырады.

Курстық жұмыс зерттеудің сипаты, алдына қойған проблемаларды қарастыру деңгейімен, жүргізілген зерттеудің логикалық байланысы мен мақсаттарына сай құрылған. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, тоғыз бөлімшеден, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Құқық жүйесі объективтік құбылыс. Ол қоғамның диалектикалық даму процесінің объективтік заңдылықтары арқылы өмірге келеді. Бір жағынан құқықтық нормалар субъективтік жолмен қалыптасады. Екінші жағынан, құқықтық нормалар қоғамның объективтік табиғи даму процесінің тілегіне сәйкес қалыптасып, елдегі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп-басқарып жатады. Сондықтан, мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды өз бетімен, қалай болса солай қабылдай салмайды. Қоғамның әлеуметтік карым-қатынастарының даму процесіне сәйкес құқықтық нормалар жан-жақты талқылапып, бекітіледі. Қоғамдық қатынастарды реттеп-басқару процесінде нормативтік актілер сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп құқық жүйесі қалыптасады.

Заң шығару жүйесінің өмірге келу жолы басқа. Бұл жүйе басым түрде субъективтік процесс арқылы қалыптасады. Қоғамдағы қарым-қатынастарды жақсы дамыту үшін нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, елді, мемлекетті дағдарыска ұшыратпай басқару керек. Міне, бұл мәселемен мемлекеттің заңды шығару бағытындағы аппараттары шұғылданады. Осылай қоғамда заңжүйесі қалыптасады.

Заң жүйесі дегеніміз - Парламент арқылы құқықты құрастыратын (қалыптастыратын) нормативтік актілердің жиынтығы (негіздері) . Нормативтік актілерсіз, заңсыз құқық болмайды. Заң жүйесі мен құқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты.

Заң шығару жүйесінің негізгі салалары;

1. Бір салалық қатынастарды реттейтін заң жүйесі. Заң жүйесінің бұл түрі құқық жүйелерімен ұқсас. Мысалы: азаматтық құқық, әкімшілік құқық т. б.

2. Саланың өз ішіндегі қатынастарды реттейтін заңдар. Мысалы: азаматтық құқықтың ішіндегі авторлық құқық; жер-су заңдарының ішіндегі тау-кен, экология туралы заңдар т. б.

3. Кешенді заңдар жүйесі (бірнеше салаларды қамтитын заңдар) . Мысалы: шаруашылық, транспорттық т. б. заңдар. Бұл заң жүйелері қоғамның бірнеше салаларының ұқсас қатынастарын реттеп отырады.

4. Қорғаныс - әскери заң жүйелері. Бұл жүйе құқық жүйесінің басым көпшілігін біріктіреді. Мысалы: мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, жер, қылмыстық т. б. құқық салаларын біріктіреді.

Әскери заң жүйесі арнаулы, ерекше заң саласы болғанмен қоғамдағы құқықтың негізгі қағидаларын қатаң сақтауға тиіс: азаматтардың теңдігін, бостандығын т. б.

Сонымен, заң жүйесі объективтік жолмен қалыптасқан нормативтік актілерді субъективтік тұрғыдан біріктіріп дамытып отырады. Құқықтың дамып қалыптасу кезеңдері:

1. Қоғамдағы қарым-қатынастардың өмірге келіп сала-салаға бөлінуі.

2. Қатынастарды реттеп-басқару үшін құқық жүйелерінің қалыптасуы.

3. Объективтік тұрғыдан қалыптасқан құқықтық нормаларды заң жүйесіне айналдыру. Сөйтіп құқықтың рөлін, маңызын күшейту, олардың қолдануын жеңілдету, нормативтік шегілердің орындалуын жақсарту.

І. Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні және заң жүйесімен айырмашылғы

1. 1 Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні

Әр елдің құқық жүйесі халықаралық құқықпен тығыз байланысты болады. Барлық мемлекеттер ол құқықты дұрыс орындауға міндетті. Өз нормативтік актілерін осы халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауға тиіс. Егер қайшылықтар болса, халықаралық құқықтың нормалары басым болады.

Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары - құқық пен заңның дамуы қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік реформаларға байланысты. Бұл процесте құқық пен заңның мазмұны да, сапасы да тереңдеп, жақсара түседі. Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары:

Қоғамдағы диалектикалық құбылыстардың құкық пен заңды объективтік тұрғыдан дамытуы; 2) Құқық жүйесінің дамуы; 3) Заң шығармашылық процестің сапасының жақсаруы.

Қоғамның диалектикалық даму процесінде адамдар мен құқықтың өзара байланысы жақсарып, шеңбері кеңейіп, адамдардың бостандығы мен құқықтары нормативтік актілердің негізгі қызметіне айналып, жеке тұлғалар құқығы қоғамдағы ең күрделі, ең маңызды құқық саласына айналуы объективтік процесс. Сөйтіп, келешекте мемлекет пен құқықтың міндеттері мен бостандығы бірте-бірте теңесуге тиісті. Бұл құқықтық мемлекет кезінде шындыққа айналады [10 б. ] .

Еркін адамды лауазымды тұлғаның қысым көрсетуінен қор-ғау мәселесі Ежелгі Грекия және Ежелгі Рим мемлекеттерінде пайда болған. Мұнда, субъективті құқық туралы мәселелер теориялық тұр-ғыда қарастырылмағанымен, тәжі-рибе түрінде тұлғаның бостандығы аса құнды дүние деп танылып, басқарушылардың озбыр әрекет-терінен қорғалып отырған.

Афины қаласында тұлға ер-кіндігіне қол сұқпау құқығы заң-мен қорғалған. Әрбір жоғарғы ла-уазымды тұлға қызметке алыну барысында сот үкімінсіз тұтқынға алмайтындығы туралы ант берген. Республикалық кезеңдегі Рим та-рихында апелляция жасау құқығы бекітілген, ол бойынша, консул, претор немесе басқа да лауазымды тұлғадан қысым көрген әрбір еркін рим азаматы оны қияндықтан қорғау үшін еркін жиналысқа (кейіннен - халық трибунасына) жүгіне алған. Тұтқынға алынған жағдайда да римдік азаматы апелляция жасауға құқылы болған, мұндай жағдайларда халық жина-лысы тұтқынға алынған адам-ның өтініштерін тыңдай отырып, оны тұтқынға алудың дұрыстығын не-месе босату қажеттігі жөнінде қаулылар шығарған. Мен - рим азаматымын деген айқындаманың мәні бойынша әрбір азамат билік тарапынан жасалатын қияндық-тардан қорғалғанын білдіреді. Яғ-ни, ежелгі Грекияның қала полис-терінің және республикалық Рим-нің заңнамасы лауазымды тұлға - азамат қатынастарын реттеп отырған.

Әкімшілік әділет элементтері орта ғасырда да кездеседі. Англияда ХІІ ғасырдың ортасында ірі жер иеленушілерден сайланатын судья, басқару және әкімшілік әділет функцияларын ұштастырып отыр-ған. Ағылшын судьялары ха-лықтың салық, полиция және басқа да мемлекеттік органдармен даула-рын шешіп отырған.

Франция, Германия, Италияда феодализм дәуірінде жеке тұлғалардың шағымын, шешім шығаратын жалпы соттар қарастырған. Орта ғасырлық Францияда, жоғарғы соттық-әкімшілік мекеме қызметін, мемлекеттің барлық провинцияларындағы қызметті атқаратын парламенттер іске асырған

Танымал құқықтанушы Ф. В. Тарановский осы мәселе бойынша былай деп жазады: «Парламентер жалпы соттық құзырдағы жария құқықтың даулы мәселелерін шешетін әкімшілік әділет органдары болып табылған».

Жоғарыда айтылып кеткендердің негізінде, профессор Б. Ж. Абдраимов, «азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған жағдайларда әкімшілік соттар пайда болады. Әкімшілік әділет ерекше құқықтық феномен ретінде билік және кәсіпкер арасындағы тепе-теңдікті сақтап, мемлекет тарапынан заңсыз қысым жасаудан қорғайды» деп қорытындылайды»[1] .

Жаңа кезең тарихында тек саяси жүйелер, конституциялар, қоғамдағы мемлекеттік құқықтар ғана өзгерістерге ұшырып қоймай, сонымен қатар барлық құқықтық жүйе, әсіресе жария құқық эволюцияға ұшырады.

ХХ ғасырдағы батыстың материалдық және іс жүргізу құқығының барлық салаларының түрі және мазмұны да өзгерді. Ол енді қоғам өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік алды. Бұл жаңарулар ең алдымен, постиндустриалды даму сатысына өткен қоғамның дамуына байланысты болды. Қазіргі заман кезеңіндегі құқық, ақпараттық және ғылыми-техникалық революцияға және жаңарған экономикаға байланысты жаңа қоғамдық міндеттерді, әлеуметтік шиеленістерді шешуде пайдаланылды.

Қазіргі заман жағдайындағы құқық, профессор О. А. Жидков пікірінше, тек әлеуметтік саяси құрылымды қорғауға ғана бағытталып қоймай, қоғамды және қалыптасқан демокртаиялық дәстүрлерді сақтай отыра, жаңа қоғамдық қажеттіктерге байланысты өзгертуге бағытталған [2] . Сондықтан да қазіргі заман тарихындағы батыс елдерінің құқығындағы өзгерістер тек таптық жағдайда ғана байқалып қоймай, құқықтың жалпы әлеуметтік және жалпы реттеу функцияларынан көрінеді. Дамыған елдердің жаңартылған құқығында (әсіресе ХХ ғ екінші жартысында-ХХІ ғ басында) әлеуметтік саясатқа деген ұмтылыс бар. Мұнда өз тәжірибелеріне және әлемдік өркениеттің жетістіктеріне, оның ішінде-ролі артып келе жатқан әкімшілік-құқықтық қатынастарды реттеу салаларында бейілділігін сақтауы байқалады.

Бұл негізінен, ХХ ғ нормативтік актілер есебінен құқық көздері құрылымының кеңейуіне байланысты болған. Шындығында, заңнаманың дамуына қарамастан, құқықтық материалдардың басым бөлігінде атқарушы билік актілерінің салмағы басым болған. Заң және заңға тәуелді актілерінің ара -қатынасындағы бұл өзгерістерге, парламенттің құқықтарын заңнамалық құқықпен шектеуге жағдай туғызған бірқатар елдер мен конституциялар әсер еткен (мысалы, 1958 ж Француз Конституциясының 34 бабы) . Көбінесе заңдардың өзін де парламент жалпы түрде қабылдайды және ол ары қарай нормативті нақтылауды қажет етеді.

Батыстың барлық мемлекеттеріндегі президенттік және үкіметтік декреттер, жарлықтар және министрліктер регламенттері, басқа да әкімшілік актілердің түрлері, ұдайы өзгерістегі қоғам жағдайына бейімделуші маңызды құралға айналған. Үкіметтік және басқа да әкімшілік актілердің (мамандандырылған комиссия, «тәуелсіз» агенттіктер ж. т. б. ) ролінің арту процесі, парламенттік жүйе әлсіреген, атқарушы аппараттың өкілдік органдардың бақылауынан шығуы жағдайында ұдайа түседі, бұл ең алдымен тоталитарлық және авторитарлық мемлекеттерге тән.

Үкіметтік норма шығармашылығы өкілеттілік берілген заңнама түрінде дамып, оны парламенттің санкциясымен және ресми бақылауымен қабылдаған. Профессор О. В. Жидков пікірінше, бірқатар елдерде үкіметтік биліктің және бюрократияның ролінің артуына байланысты нормативтік әкімшілік актілермен қатар әкімшілік тәжірибе де құқық шығармашылық сипатында болып отыр. Үкіметтік және басқа да атқарушы органдардың әкімшілік шешімі, бірқатар жағдайларда нормативтік күші бар әкімшілік прецеденттердің құрылуын тудырады.

ХХ ғасырда әкімшілік әділет, әкімшілік құқықтың және басқару теориясының құқықтық аспектілерінің дамуындағы маңызды мәселеге айналды. Шет ел құқық ғылымында әкімшілік әділет ретінде, «әкімшіліктің қызметін бақылау жүйесі, мемлекеттік басқару аумағындағы дауларды шешудің ерекше түрі» қарастырылады. Мұндай жағдайлардағы мүдделі тұлғалардың шағымдарын қарастырудың нәтижесінде заңсыз әкімшілік актілердің күші жойылады немесе қайта қарастырылады.

Әкімшілік әділеттің пайда болуын құқықтық мемлекеттің доктринасымен және биліктің бөлінуі теориясымен байланыстырады. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ буржуазия идеологтарының саяси іліміндегі қалыптасқан биліктің бөлінуі принципі, буржуазиялық заңдылықтың бекітілу процесінде тарихи маңызды, прогрессивті роль атқарды. Дегенмен, кейіннен оны өкілділігі жоқ органдардың қолында биліктің шоғырлануының дәйектілігіне негіз болып, басқа да органдардың, әсіресе соттардың араласуынан оғаштауға пайдаланылды. Сондықтан да арнайы әкімшілік әділетті құру француз мемлекет танушысы М. Ориу пікірінше, «әкімшіліктің сот билігінен бөлінуінің алғашқы салдары болды» [3] . Кеңес ғылымында осы бөліністің мағынасы кереғарлыққа ұшырады, А. Т. Боннердің пікірінше, «мұндай жүйе әкімшіліктің толық дербестігін сақтап, оның қызметін сот шешіміне тәуелсіз етуге жол бермеу керек. Қазіргі кездегі әкімшілік құқық ғылымы әкімшілік әділеттің «басқаруды қорғау» мақсатын толық мойындайды »

Әкімшілік сот төрелігі, шет ел құқықтық доктринасында әкімшілік, нақтырақ айтқанда жария құқықтың ерекше саласы ретінде қарастырылады. В. Г. Графский сипаттамасы бойынша, «жария құқық арқылы (сонымен қатар конституциялық) бюрократияға жол берілмейді»

Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде, басқа да конституциялық, азаматтық, қылмыстық процестер сияқты, заңдылық кедергіге ұшырауы мүмкін. Осы тұрғыда жергілікті немесе аймақтық билік мекемелерінің қызмет бабын теріс пайдаланғаны және лауазымды тұлғалардың қателіктері үшін жалпы және нақты жауапкершілігі бастау алады. Осы жерде қоғамның мүддесінің министрлік актілер және міндетті қаулылармен ара-қатынасы басталады. Қызметтің ерекше түрі, сот автономиясы аппаратының, мемлекеттік басқару жүйесіндегі алуан түрлі жартылай әкімшілік-жартылай соттық мекемелерді бақылауының, жария құқық принциптері мен талаптары бойынша бақылаудың жаңа міндеттеріне бейімделуіне байланысты.

Дегенмен, әкімшілік құқықтың оқшаулану тенденциясы кең тарамаған. Қоғамдық өмірге үкіметтің араласуының артуы әкімшілік құқықтың оқшаулануын және әкімшілік-іс жүргізу құқығының қалыптасуын тудырғанымен, құқықтық реттеудің, азаматтық-құқықтық (диспозитивті) және әкімшілік (императивті) әдістерінің тығыз байланысуы тенденциясы да байқалып отыр. Бұл әкімшілік және азаматтық құқықтың алшақтығын жояды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері туралы ақпарат
Мемлекеттік басқару теориясына түсінік берумен қатар басқарудың обьектілері мен субектілеріне тоқталу
Мемлекет және құқық теориясының әдістері
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Ресей Федерациясының Конституциясы орыс мемлекеттің негізгі заңы
Жеке құқықтық әдістер
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы мемлекеттік басқару органдардың құрылымын жаңарту жолдары
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz