Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік



I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II Негізгі бөлім
1. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік түсінігі мен ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
3. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
4. Қылмыстық жауапкершілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
5. Әкімшілік жауапкершілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Кіріспе

Қазіргі таңда өндірістің дамуымен қатар елімізде экологиялық жағдай да өршіп тұр. Оның себептері, біріншіден, өндірістік кәсіпорындарынан шығатын зиянды шығарындылардың көбеюі, олардың техникалық, экологиялық, санитарлық талаптарды орындамауы, экологиялық таза өнім шығаруда отандық кәсіпкерлеріміздің қызығушылығының болмауы, табиғи ресурстарды аямай пайдалану, адамдардың экологиялық сана сезімінің төмендігі, келешек ұрпақтың денсаулығын ойламау және т.б. «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 1.2 тармақшасында 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын әзiрлеудiң өзектiлiгi және басымдықтарының ішінде бiрiншi кезеңде (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеуі көрсетілген. Сонда да экологиялық жағдайдың әсерінен бала туу, балалардың өкпе, тері ауруларымен ауруының жиілеп кеткенін ескерсек, бұл кезеңнен өттік деп айту қиын. Әрине, экономикамызды көтереміз деп бар байлығымыз - шикізатты пайдалана берсек, оның сарқылу күні де туындайтынын ескеруіміз қажет. Сонымен қатар инвестиция тарту мақсатында бірнеше шетел өнеркәсіптері ашылып, олардың қазақстандық экологиялық заңнама талаптарына салғыртықпен қарауы да табиғатымыздың нашарлауына әкеліп соққанын жоққа шығара алмаймыз. Кезінде Совет өкіметінде «Барлығы - ортақ байлық» деген ұранды үлгі ету арқасында Арал өзенінің экологиялық қасіретке ұшырағанын білеміз, ал қазір шетел азаматарының, отандық өз басын ойлайтын ғана кәсіпкерлеріміздің жемі болып отырмыз. Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай екенін білеміз, алайда табиғи ресурстарды ала бермей, басқа елдерден жеткізілетін табиғи ресурстарды өңдеумен айналысу уақыты да келді. Сонымен қатар стратегияда қарастырылған табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын іске асыру қағидасы көзделген. Трансұлттық корпорациялар қызметі, әсіресе ТҰҚ аумағындағы қолданыстағы барлау және өндіру жұмыстары ерекше алаңдаушылық туғызады. Қаржы күшіне қарамастан, олардың қызметі бір жақты пайдалану немесе әуелі табиғат ресурстарын жұтып жіберуге бағыталған. Олардың қызметіне мемлекет тарапынан бақылау әлсіреуде. Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) табалдырығын әне-міне аттайын деп тұр. ДСҰ-ға кірген соң бізден өнімнің саны емес, сапасы талап етіледі, әлемдік нарықтағы бәсеке де сапаға бірінші басымдық береді. Қазіргі таңда шикізатпен айналысатын зауыттардың көбеюіне байланысты олардан шығатын қалдықтар да көбеюде.
Бүгінгі таңда ғылымның бір ағымы, қоғам талабы, адамзаттың күн көрісі үшін табиғат байлығын пайдалануды кеңейтуді қажет деп тапса, келесі бір ағым қоғам талабына, адамзат қажеттілігіне қарама-қарсы, яғни табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы қажеттігін айтады. Демек өндірістік дамудың зиянды жерін азайта отырып, табиғатқа ешбір залал келтірмей, оның өзін-өзі реттеп отыру белсенділігін сақтау деген сөз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.ҚР Экологиялық кодексі
2. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
3. ҚР Қылмыстық кодексі
4. Стамқұлұлы Ә . "ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
5. Сапарғалиев.Ғ. "Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж

Сулейман Демирел атындағы университеті

СОӨЖ
Тақырыбы: Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік

Орындаған:
Тексерген:аға оқытушы Адилханова А.Б.


Қаскелең , 2014 жыл
Жоспары:

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II Негізгі бөлім
1. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік түсінігі мен ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
3. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
4. Қылмыстық жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
5. Әкімшілік жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

Кіріспе

Қазіргі таңда өндірістің дамуымен қатар елімізде экологиялық жағдай да өршіп тұр. Оның себептері, біріншіден, өндірістік кәсіпорындарынан шығатын зиянды шығарындылардың көбеюі, олардың техникалық, экологиялық, санитарлық талаптарды орындамауы, экологиялық таза өнім шығаруда отандық кәсіпкерлеріміздің қызығушылығының болмауы, табиғи ресурстарды аямай пайдалану, адамдардың экологиялық сана сезімінің төмендігі, келешек ұрпақтың денсаулығын ойламау және т.б. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 1.2 тармақшасында 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын әзiрлеудiң өзектiлiгi және басымдықтарының ішінде бiрiншi кезеңде (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеуі көрсетілген. Сонда да экологиялық жағдайдың әсерінен бала туу, балалардың өкпе, тері ауруларымен ауруының жиілеп кеткенін ескерсек, бұл кезеңнен өттік деп айту қиын. Әрине, экономикамызды көтереміз деп бар байлығымыз - шикізатты пайдалана берсек, оның сарқылу күні де туындайтынын ескеруіміз қажет. Сонымен қатар инвестиция тарту мақсатында бірнеше шетел өнеркәсіптері ашылып, олардың қазақстандық экологиялық заңнама талаптарына салғыртықпен қарауы да табиғатымыздың нашарлауына әкеліп соққанын жоққа шығара алмаймыз. Кезінде Совет өкіметінде Барлығы - ортақ байлық деген ұранды үлгі ету арқасында Арал өзенінің экологиялық қасіретке ұшырағанын білеміз, ал қазір шетел азаматарының, отандық өз басын ойлайтын ғана кәсіпкерлеріміздің жемі болып отырмыз. Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай екенін білеміз, алайда табиғи ресурстарды ала бермей, басқа елдерден жеткізілетін табиғи ресурстарды өңдеумен айналысу уақыты да келді. Сонымен қатар стратегияда қарастырылған табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын іске асыру қағидасы көзделген. Трансұлттық корпорациялар қызметі, әсіресе ТҰҚ аумағындағы қолданыстағы барлау және өндіру жұмыстары ерекше алаңдаушылық туғызады. Қаржы күшіне қарамастан, олардың қызметі бір жақты пайдалану немесе әуелі табиғат ресурстарын жұтып жіберуге бағыталған. Олардың қызметіне мемлекет тарапынан бақылау әлсіреуде. Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) табалдырығын әне-міне аттайын деп тұр. ДСҰ-ға кірген соң бізден өнімнің саны емес, сапасы талап етіледі, әлемдік нарықтағы бәсеке де сапаға бірінші басымдық береді. Қазіргі таңда шикізатпен айналысатын зауыттардың көбеюіне байланысты олардан шығатын қалдықтар да көбеюде.
Бүгінгі таңда ғылымның бір ағымы, қоғам талабы, адамзаттың күн көрісі үшін табиғат байлығын пайдалануды кеңейтуді қажет деп тапса, келесі бір ағым қоғам талабына, адамзат қажеттілігіне қарама-қарсы, яғни табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы қажеттігін айтады. Демек өндірістік дамудың зиянды жерін азайта отырып, табиғатқа ешбір залал келтірмей, оның өзін-өзі реттеп отыру белсенділігін сақтау деген сөз.
Зерттеу жұмысында анықталғандай Қазақстанның бүкіл аумағының экологиялық жағдайы өте нашар. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтыры мен мүдделеріне нұқсан келтіреді Сондықтан да бүгін қоршаған ортаны, ондағы тіршілік иелерін оның залалынан қорғаудың мәселесі өткір тұр. Соған орай экология саласында құқықтық зерттеулерді жан-жақты жүргізу қажет.
Ата заңымыз негізінде азаматтардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүрі құқығы танылған. Қоршаған ортаның қолайсыздығынан келтірілген залалдың орнын толтыру құқығы да негізделген. Бірақ бұл өте күрделі теориялық та практикалық та маңызы зор мәселе.
Осы күрделі мәселені шешу көптеген ғылымдардың атсалысуын қажет етеді. Соның ішінде құқық ғылымының рөлі зор. Құқық - бұл саладағы туындаған қоғамдық қатынастарды реттеп, олардың дамуын қамтамасыз етеді.

1)Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік түсінігі мен ұғымы
Заңды тұлғалардың,сондай-ақ азаматтардың тарапынан экологиялық заңнаманы сақтаудың маңызды шарты табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны ұтымды пайдалану туралы нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктің мемлекеттік шараларын белгілеу болып табылады.Бұл салада заңсыз аң аулау мен су кәсіпшіліктерімен заңсыз айналысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің елеулі саны байқалады. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректері бойынша экологиялық заңды бұзғаны үшін жыл сайын кінәлі адамдардан экологиялық айыппұлдар мен төлемдер ретінде 600 млн.астам теңге алынады.Сонымен бірге, жауапкершілік шараларын қолдану тиімді болмай отыр. Адамды қоршаған табиғат ортасы өзінің құрамдас бөліктерін-жерді,суды,орманды,жер қойнауын,жануарлар дүниесі мен атмосфералық ауаны біріктіретін кешен болып табылады. Осыданда экологиялық жауапкершілік шараларын реттейтін нормалар да ерекше сипатқа ие болады.Табиғат объектісі туралы әрбір кодексте жер,су,орман, тау-кен заңнамалары және т.б. бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Экологиялық құқық бұзушылық субъективтік жағы кінәлі адам жасалған қылмысқа ,оның себептеріне,мүдделеріне қатысымен сипатталады. Экологилық жауапкершіліктің міндетті факторы бұзушының кінәсі болып табылады.Мұндай да қолданыстағы заңнама кінәнің екі нысанасы-жанама ниет және абайсыздықты көздейді. Егер кінәлі адам табиғатқа немесе табиғат пайдаланушыларға зиян келтіретін әрекет жасаған және ол мұны ұғынып,осыған ниет етсе,онда біз тікелей ниетті қарастырамыз. Егер кінәлі адам келеңсіз салдарлардың басталуына жол беретін болса,оның құқыққа қарсы әрекеттерін тергеуінде жанама ниет көрініс береді. Абайсыздық дегеніміз- кінәлі адам өзінің мінез-құлқының салдарларын алдын ала білуге тиім болған,бірақ бұған байыпсыз қараған кезде ұқыпсыз мінез-құлықты білдіреді. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасында түрлі жауаптылық қолданылатыны жайлы білу және оның ауырлығына қарай бөлінетіні ескерілуі қажет.Жауаптылық институты - біздің қоғамдық өміріміздің барлық аясынан өтеді. Экология мәселесі бойынша бұл - мемлекеттің, адамның, қоғамның болашақ ұрпақ және табиғи пайдаланушы алдындағы жауапкершілігі. Экологиялық жауаптылық - бұл кешенді әлеуметтік-экономикалық және құқықтық институт. Экономикалық жауаптылықтың жалпы түсінігінен басқа, алдағы уақытта, экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершіліктің ерекшеліктерін, экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктерін алып көрсетеміз. Экологиялық жауаптылықтың екі түрлі нысаны бар - экономикалық және заңды. Мұндай нысанға бөлу, оның қатынасының сипатымен реттеу әдістеріне байланысты. Экономикалық немесе эколого- экономикалық жауаптылық ластанушының материалдық мүддесінің құқықтық қызметіне негізделеді және экономикалық әдістермен реттелінеді. Ол қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың ластаушы-өтейді деген қағидасынан шығады. Заңды жауапкершілік құқыққа қайшы әрекеттерден туындайды және әкімшіліқ құқықтық әдістермен реттеледі. Бұл нысандар қосылып, жалпы экологиялық жауапкершілік институтын құрайды. Заңдылық жауапкершілік табиғатты құқықтық қорғаудағы маңызды құралы болып табылады, оның тағайындалуы табиғатты қорғауға байланысты заңдарды дұрыс орындауы қамтамасыз етуден тұрады. Құқықтық тәртіпті сақтаумен қатар заңды жауаптылық адамдарды табиғат ресустарына, жерді, суды, жер қойнауын, орманды, өсімдіктер әлемін, жануарлар дүниесін, ауаны қорғауға байланысты шаруашылық қатынасқа тәрбиелеуді мақсат тұтады. Заңдылық жауапкершілікті-құқықтық нормада көрсетілген негіздері бұзғанда пайда болатын қолайсыз салдар деп анықтауға болады. Табиғатты қорғауға байланысты заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық заңды жауапкершіліктің жалпы қағидаларына сүйенеді. Бұндай қағидаларға, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік үшін жауаптылық, кінәсі үшін жауаптылық, заңдылық, жауаптылықтан бас тарту принципі жатады.
2)Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлеріне:
А) ҚР экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке әкеп соғатын бұзушылық;
Ә) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
Б) экологиялық қылмыстар жатады.

Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері табиғат объектісіне қарай бөлінеді. Олар мыналар:
1. Жер құқық бұзушылығы;
2. Су құқық бұзушылығы;
3. Орман құқық бұзушылығы;
4. Тау - кен құқық бұзушылығы ;
5. Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану жөніндегі құқық бұзушылығы (фауналық құқық бұзушылықтары);
6. Ауаны қорғау құқық бұзушылығы болып бөлінеді.
Экологиялық құқық бұзушылық түрлерінің әрқайсынына жер,су,орман,және т.б. заңдарының үлкен тобы жатады,олардың тізбесі табиғаттың осы объектілері туралы кодекстерде келтіріледі.Бұл ретте,экологиялық құқық бұзушылықтың бір-бірінен өзгеше ерекшеліктері болады,олар туралы объектілердің құқық бұзушылықтарын талдау кезінде төменде айтылатын болады.Экология заңдарын бұзу дегеніміз - белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік айтамыз. Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісіне айналадағы табиғи ортаны қорғау және сақтаумен байланысты қоғамдық қатынастар жатады. Бұл қатынастар өзінің мазмұнына қарай табиғи ресурстарға меншік құқығын, табиғат пайдалану құқығы, айналадағы табиғи ортаны зиянды зардаптардан қорғау, экологиялық құқықты және адамдар мен азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және т.б болып табылады.Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектісіне заңды, жеке тұлғалар, соның ішінде ҚР-сының аумағындағы құқық бұзған ел азаматтары және заңды тұлғалары жатады.Экологиялық құқық бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік дегеніміз- мемлекет және оның органның заңның және заңдық тәртіптің сақталуы үшін, құқық бұзушыға қолданылатын мәжбүрлеу шараларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығын айтамыз.Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік-құқық бұзушылық туралы заңмен қарастырылған, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау болып табылады. Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 19 тарауында "қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық" берілген. Мұнда барлығы 67 құқық бұзушылықтың құрамы берілген.
Тәртіптік жауапкершілік жұмыскерге өндіріс, мекеме және ұйым әкімшіліктердің тәртіпті талап ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырады.Тәртіпті талап етудің негізгі түрлеріне, ескерту,сөгіс қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жатады.Тәртіптік жауапкершіліктің ерекше сипаты тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылатын құқық бұзған адамның ұйымға бағынуы. Азаматтық құқық жауапкершілік дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б. тиімсіз шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар.
Азаматтық-құқық жауапкершілік өтемелі сипатта болады, себебі ол несие берушінің бұзылған мүліктік құқығы мен мүддесін қайтадан жөндеуге бағытталған. Ол құқық бұзушымен келтірілген зиянды толығымен өтеу принципіне негізделген.
ҚР-ның Азаматтық Кодексі зиянды өтеудің 2 түрлі тәсілін қарастырған іс-жүзінде және ақшалай. Зиянды өтеудің іс-жүзіндегі түрі сирек қолданылады және оған кейде ұзақ уақыт керек. Мысалы: тал шыбықтарын отырғызу арқылы орманды қалпына келтіру.
Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану арқылы сипатталады.Ол қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде сот тәртібімен тағайындалады. Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың түрлеріне:
а) бас бостандығынан айыру;
в) айыппұл салу;
г) түзету жұмыстары және т.б. саналады.
Қоршаған ортаны қорғау мен пайдалану барысындағы барлық қылмыстардың құрамын объектісіне байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:
а) Табиғатты пайдалануға байланысты әрекет ететін ережелерді бұзу;
в) Негізгі табиғат компоненттердің бұзылуы;
г) Фаунаны қорғау аймағындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар;
д) Флораны қорғау аймағындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар;

3)Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды жауапкершіліктің түрлері
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңның 85 бабына сәйкес қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.Қоғамдық қауіптілік деңгейіне,субъектілер мен объектілерге ,басқа да белгілеріне қарай экологиялық заңды бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік түрлерге бөлінеді,ооларға сәйкес лауазымды адамдар мен азаматтар табиғат қорғау заңдарын бұзғаны және қоршаған ортаға зиян келтірілгені үшін заңмен белгіленген тәртіптік, материалдық,әкімшілік не оған нақты қауіп төндіргені үшін қылмыстық жауапты болады. Қоғамдық қауіптіліктің жоғарғы деңгейі бар аса ауыр экологиялық құқық бұзу деп экологиялық қылмыс танылады.Экологиялық қылмыс деп Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздініге,қоршаған табиғат ортасына немесе адамның денсаулығына елеулі нұқсан келтіріп жасалған қол сұғушылықтан көрінетін зиянкестікті ұғыну керек.
4)Қылмыстық жауапкершілік
Экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген қылмыстық жауапкершілікке жауапты болады. Экологиялық құқық бұзушылық орын алған жағдайларда осы ҚР Қылмыстық кодексінің баптары басшылыққа алынады. Экологиялық қылмыстар ҚР Қылмыстық кодексінің 11-тарауында, 18 бап негізінде орын алған. Жоғарыда аталған құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда, оларға көзделетін жауапкершілік түрлері белгіленген. Мысалы:

277-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын
экологиялық талаптардың бұзылуы
Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсiп, энергетика, көлiк пен байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану, қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу кезiнде, әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери және ғарыш қызметiне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшiн жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуiр ластануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

278-бап. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық,
радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру
мен пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың
бұзылуы
1. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың бұзылуы, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулi зиянкелтiру қаупiн төндiрсе -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, не өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсыздан адамдардың жаппай сырқаттануына немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

281-бап. Суларды ластау, бiтеу және сарқу
1. Жер бетi немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау, бiтеу, сарқу не олардың табиғи қасиеттерiн өзге де өзгерту, егер осы әрекеттер өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Адамның денсаулығына зиян келтiруге немесе өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктер
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасында жерді құқықтық қорғау және тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Жерді қорғаудың мақсаттары
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Экологиялық құқық бұзушылықтар салдарынан азаматтық жауапкершілікке тарту
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік туралы
Жалпы экологиялық объектіге - табиғи немесе қоршаған ортаны қорғау туралы қатынастар
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілік»
Пәндер