Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тарту негіздері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
1.1 Азаматтық құқықтық жауапкершілігінің түсінігі ... ... ... ... ... .. ... ..
1.2 Азамматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлері және формалары ... ...
1.3 Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тарту негіздері ... ... ... ... ..
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ШАРТЫ ЖӘНЕ ТАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тарту негіздері ... ... ... ... ..
2.2 Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері ... ... ...
2.3 Азаматтық құқықтық міндеттемені тоқтату және оның түсінігі ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынстарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы). Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапкершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы салдары жауапкершілікті туындатқан азаматтардың және заңды тұлғалардың құқығын қорғау азаматтық - құқықтық жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері болып есептеледі. Ондай негіздерге ең алдымен заңда немесе шартта көрсетілген құқықтарды бұзу жатады. Мысалы, міндеттеме шартында көрсетіле тұрса да тұлғаның оны орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, әлдекімге мүліктік залал келтіруі тәрізді жағдайларды айтуға болады. Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінің бірі пайда болған кезде оны белгілі бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Ол үшін азаматтық-құқықтық бұзушылыққа сәйкес келетін жалпы, типтік болып табылатын белгілі бір жағдайларды айқындап алу қажет. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мұндай жалпы негіздеріне жататындар:
1) тұлғаның кұкыққа қайшы қылығы (іс-әрекеті не әрекетсіздігі);
2) жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
3) құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
4) құқық бұзушының кінәсі.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық - құқықтық жауапкершілік дегеніміз, заңмен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқық катынасының субъектісіне қолданылатын мүлікті өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған кұқыққа орай уәкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Отандық заңгер Ғ.Төлеуғалиевтің пікірінше, азаматтық-құқықтық жауапкершілік - Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі деп есептейді [3, 336 б.].
Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздері, субъектілері, құқық бұзушыға қолданылатын шара мен оның сипаты бойынша айыруға болады.
Негіздері бойынша жауапкершілік шартты және шарттан тыс деп бөлінеді, яғни ол шарт арқылы немесе онсыз да жүзеге асады. Бірінші жағдайда әр жақтың өзара шартынан, сондай-ақ басқа да әрекеттерінен туындайтын құқықтық қатынастарға байланысты көрінеді. Жақтардың мақсаты қоғамдық-пайдалы нәтижелерге қол жеткізу болып табылады, бірақ заң мен шарт олардың мүмкін болатын құқық бұзушылығына орай міндеттері мен жауапкершіліктерін қарастырады. Сондықтан, мұндай қатынастар бойынша жауапкершілік осы құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқыққа сай келетін іс-әрекеттерін сол нормалармен реттейді. Әдетте екі жаққа да бірдей әрі мейлінше қатал талаптар қойылады.
Алайда әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып, әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы жауапкершілік түсінігіне ұқсастыруға тырысады. В.А Тархованың пікірі бойынша: өзінің істеген әрекетіне жауап бере отырып міндеттеменің реттелу құқығы- юридистикалық жауапкершілік, - дейді [4, 177 б.]. Юридистикалық жауапкершіліктің осындай түсінігі жауапкершілік түсінігін шектен тыс үлкейтіп, оның тәжірибелік мағынасынан айырады.
С.Н. Братусь жауапкершілік деп мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбүрлеу шараларын, сонымен қатар борышқордың өзіне жүктелген міндеттемені орындауын түсіндіреді [5, 125 б.].
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының басты мақсаты - ҚР азаматтық құқығы және азаматтық кодексіндегі белгіленген заңдар бойынша азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің түсінігін, азаматтық - құқықтық жауапкерлілікке тарту негіздері мен түрлерін толық зерттеу арқылы тақырыптық мәнін ашу.Жұмыстың алға қойған мақсатын орындау үшін мынадай міндеттерді шешуге тура келеді:
- Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігін қарастыру;
- Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрлері және формаларына тоқталу;
- Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен босату негіздерін анықтау;
- Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздерін анықтау;
- Азаматтық - құқықтық міндеттемені тоқтату және оның түсінігіне тоқталу;
- Кәмелетке толмағандардың азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің мәнін ашып көрсету.
Міне, осы аталған мәселелерді шешу арқылы тақырыптық мәні мен мазмұнын ашу - диплом жұмысының басты мақсаты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі
1.1 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз - заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субьектілері болып табылатынтараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;
Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді);
Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан ( мысалы, міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру ), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
Біздің құқықтық жүйеміздің қазіргі реформалары ең алдымен оны орнықтыру тәсілдерін жаңғыртуды көздейді. Бұл жерде ең басты гуманизм әділеттілік бастауларын нығайту адамдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, олардың заң алдындағы құқықтары мен бостандығын, теңдіктерін қатаң сақтау, әркімнің өз әрекеті үшін жауапкершілігінің заңдылығын мойындау.
Сонымен, заңдық жауапкершілік міндеттерді орындалмағаны үшін санкцияларды, айып салуды, жазалауды күшейту жолымен емес, адамдардың келісім-шарт міндеттері мен заңдылықты қатаң сақтаудағы позитивті жауапкершілігін, салалы қатынастарын күшейту жолымен жүргізген жөн. Бұл жауапкершілікті өркен жайдыратын нақты тарихи даму жолы.
Бірден-ақ ашығын айтайық жауапкершілік ұғымы күштеу мен және жазалаумен сәйкес келмейді. Сонымен бірге, цивилистердің өзі азаматтық құқықтың жауапкершілікті құқық бұзушылықтың және санкцияны іске асырудың салдары немесе мемлекеттік күшпен қорқыту ретінде түсінбегені жөн. Біздің социологиялық зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай респонденттердің 21 проценті жауапкершілікті тар ауқымды ретроспективті деңгейге түсінеді. Бір қызығы сол, респонденттердің арасында қылмыстыры үшін бас бостандықтарынан айрылғандыр және еңбек пен түзеу мекемелерінің қызметкерлері болады. Сонымен бірге қазірге дейін цивилистердің өзі азаматтық құқықтың жауапкершіліктің белгіленуі деп жазалауды, құқық бұзушылыққа жол бергені үшін сотқа тартылуды таниды және оны санкциялармен, адамдардың мүдделеріне нұсқан келтіру мен тығыз байланыстырады. Олардың пікірі бойынша тәрбиелік ықпалын ерекшеліктерді құқықтық тәртіп бұзуға мемлекет пен қоғамның айыптауын адамдарға сезіндіру болып табылады. Кейбіреулер азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік оргондар құқық бұзушыға қолданатын құқықтық нормаларды сақтауға мәжбүрлеу шаралары ретінде бағалайды. Мәжбүрлеу жауапкершіліктің маңызды белгісі.
Әрине, мәжбүрлеудің мүмкіндігі заңдық жауапкершіліктен міндетті түрде тыс тұрады (сондықтан бұл категориялар бір-біріне сәйкес келмейді), мәжбүрлеу жауапкершіліксіз де бола алады (мысалы реквизация), жауапкершіліктің мәжбүрлеусіз де жүзеге асуы мүмкін.
Қазіргі жағдайда міндетті белгілеу мен жазаны нақты орындаумен байланысы жоқ қылмыстық жауапкершіліктің сондай формаларын кең қолдануға айқын перспектива ашылып отыр. Қылмыстық жазаны, қоғамдық ықпал ету шараларымен ақырында ауыстырудың жаза қолдану аясын тарылтудың диалектикалық процесі қылмыстық жауапкершілік ақтау кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.
П.А. Варул мен И.Н. Грязин заңдық жауапкершілік тұрғысынан келгенде жауапкершілікті арттыру қажеттігі өз міндеттерін түбегейлі орындамаған немесе орындамаған кінәлі адамдарды қатаң жазалау қажеттігін білдіреді. Мұндай жаза, ақтық нәтижеде қоғамның әрбір мүшесінің өз міндеттерін жақсы орындауда мемлекеттік масштабта қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен, әңгіме жауапкершіліктің тиімділігі жөнінде болып отыр.Мұндай қорытынды тарихи практикамен әрдайым сәйкес келе бермейді.
Мысалы, еңбек тәртібін нығайту жөніндегі 1940 жылғы заңдарды, нақты айтқанда 1940 жылғы 26 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңес президиумының Сегіз сағаттық жұмыс күнімен, жеті күндік жұмыс аптасына көшу туралы жұмысшылармен қызметкерлердің кәсіпорындар мен мекемелерден өз беттерінше кетуіне тиым салу туралы жарлығын қолдану тәжірибиесі қатаң жазалау жүйесінің еңбекшілердің инициативасы мен дербестігінің тиімді жұмыс істеуін әлсірететін жауапсыздыққа әкеліп соғатын, жазаланғандардың өшігі түсетінін, бұрынғыдан да үлкен тәртіпсіздіктерге жол берілетіндігін көрсетті. Кәсіпорындар басшылары өздеріне артық жауапкершілік алмауы үшін мәселерді өз бетінше шешуден қашқақтайды.
Көріп отырғанымыздай адамдардың жеке бостандықтарына нұсқан келтірген жазалау жауапсыздыққа әкеліп соғады. Азаматтардың жауапкершілігі олдардың еркін мінез-құлықтан тыс жауапкершілік те жоқ.
Осыған байланысты Е.В.Черныхтың адамдардың жауапкершілігі мен жауапсыздығы соңынан келетін зардаптардан емес, олардың іс-әрекеттерінен көрінеді деген пікірмен толық келісуге болады. Іс-әрекеті сипаты қандай болса, оның зардаптары да сондай. Егер адамның мінез-құлқы қалыпты болса, жазалау жөнінде мәселе қойылмайды, себебі ол жауапты әрі жағымды мағынаға ие. Позитивті жауапкершіліктің салдары жазалауға ұшырайды. Жауапкершіліктің теріс аспектісі тәртіптің бұзылуынан көрінеді.
Бұл жерде оның салдарынан жазалау, жауапкершілікке тарту, тәртіп бұзушыға шара қолдану болып табылады. Заң шығарушының бірінші орынға жазалауды жауапкершілік ктегориясын қоятыны сондықтан.
Жауапкершілік пен жазалаудың арақатынасы жөніндегі мәселені қорытындылай келе қызіргі жағдайда жауапкершіліктің заңдылық идеясына көңіл аудару қажет. Жауапкершіліктің заңдылығы жөніндегі ереже жалпы құқықтық сипатқа ие және заңдылықтың маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Жауапкершіліктің заңдылығы бірде-бір құқық бұзушылықтың табылмай қалуғы тиіс емес екендігін және олардың әрқайсысы үшін жауапты адамдардан есеп талап етілетіндігі білдіреді. Мұндай есептің нәтижесінде жауапты адамның мінез-құлқы айыпталу мен жазалауға, жауапкершілік шараларын қолдануға лайықтылығы көрінеді.
Оның үстіне өз іс-әрекуеттеріне есеп беру міндеттілігі кейбір жағдайда тікелей заңда қарастырылады.(Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,272 бап),кейбір ретте құқықтық негізгі принциптерінен туындайды.
Сонымен, заңдық жауаптылық- өз іс-әрекеттеріне есеп беру құқықтық реттелетін міндеттілік.Респонденттердің 59 пайызы осындай қорытындыға келеді.
О.Э. Лейст жауапшылықтың мұндай ұғымымен келіспейтіндігін білдіреді.Ол міндеттілігі арқылы жауап беру, есептеу мүліктік жауапкершіліктің мазмұнын аша алмайды, себебі келісім-шарт міндеттемелерін бұзушы немесе мүлікті ұғым зиян келтіруші жәбірлеуші алдында жасаған зиянды әрекеттері үщін есеп беріп қана қоймай шығынның орнын толтыруға, айып төлеуге заң алдында жауапты.Істің шын мәнінде келгенде негізделген айып тағылып отырғанда келісім-шарт бұзушының немесе зиян келтірушінің жәбірленушіге жауап ретінде өзінің қызыметі, жеткен жетістіктері, қиыншылықтары, кемшіліктері жіберілгендігі, құқық бұзушылықтың жай күйі жөнінде құлаш-құлаш есеп беріп отырып, ал жәбірленушінің шығынды қайтарып алу үшін сотқа немесе арбитражға берудің орнына қарсы жақты есебін оқып, отырумен шектеліп қалуы дұрыс па?-дейді.
О.Э. Лейст жауаптылық жөніндегі біздің ұғымызды түбірімен әжуалдауға тырысады: есеп жазылды жауапкершілікті мойындадың, сонымен іс бітті. Бұл жөнінде не деуге болады.
Алайда, біріншіден біз кең ауқымды жауапкершілікті теріске шығармаймыз, олай етсек кең ауқымды жауапкершіліктің ғана барлығы жөнінде ұғым қалыптасады.Жауапкершілікті проблемасындағы негізгі кемшілік оның құқық бұзушыларға қолданылытын іс-әрекет шаралары болып табылады.
Айталық шығын мен айыпты өндіру азаматтық құқықтық жауапкершілік шарасы. Ықпал ету шарасын қолдану көп жағдайда жауапкердің іс-әрекетіне есеп беруіне тікелей байланысты әрі міндетті. Үшіншіден, жауапкершіліктің тәрбиелік-ескертпелік маңызы жөнінде ұмытпау керек.
Жауапкершіліктің тәрбиелік мүмкіндіктерін адамның есеп беру отыру мүмкіндігі туғызылған жағдайда ғана нақты пайдалануға болады.
Есепті талап-жауапкершіліктің негізгі белгісі әрі маңызды. Есеп берілгеннен кейін жазалау немесе айыптау жүргізіле ме, жоқ па бұл басқа мәселе. Біздің қызметіміздегі басты кемшілік сол, есеп беріп отырудың жиі талап етілмейтіндігі. Бұл жауапсыздыққа әкеліп соғады.
Осы ретте кімге есеп беру керек деген мәселе төңірегінде ойланып көрейік. Бұған жауап ретінде әрбір саналы азамат ең алдымен мінез-құлқы туралы өз-өзіне есеп беріп отыруы тиіс деген В.А. Тарховтың тұжырымымен толық келісеміз. Бұл жеке адамдардың іске жауапкершілік қатынастарының даму процесін таңдау кезінде принципті маңызды мәнге ие болады.
Бұл жерде жауапкершіліктің екі түрін назарда ұстаймыз: қоғам (мемлекет) алдындағы жауапкершілік және үлкен рухани құндылыққа ие адамның өз-өзіне жуапкершілігі.
Бірінші жағдайда жауапкершіліктің мақсаттары, реформалары мен шаралары мемлекетпен бекітіліп қолданылады (сырттай бақылау). Екіншіден, жауапкершілік жеке адамның өз-өзін ұстап жүру қабілетіне, өзінің өмірдегі орны мен ролін терең сезінуіне, нақтылап айтқанда индивидтің өзінің мінез-құлқын іштей реттеп отыру механизміне тікелей байланысты. Жауапкершіліктің көрсетілген түрлері бір қатар жағдайда дербес болса да өзара диалектикалық тығыз бірлікте.
Оның үстіне ішкі бақылауы жақсы дамыған адамдар қазіргі жағдайда бейімділігін танытады. Олар, белсенді, конструктивті мінез-құлқы тұрақты. Керісінше, сыртқы бақылауға бейімделгіш адамдарда құқықтық белсенділік пен жауапкершіліктің төменгі дәрежесі, азаматтық позициясының солқылдақтығы аңғарылады. Міне, сондықтан құқықтық тәрбие қызметінде азаматтардың мінез-құлқының жауапкершілігін қалыптастыру мәселесін шеше отырып, ішкі бақылауды күшейтуге қол жеткізу қажет.Соңғысы өзіне есеп беруді нығайтусыз жеке адамдардың бірінші кезекте өзіне, өз-әрекеттеріне есеп беру міндеттерін орындап отыруынсыз мүмкін емес.
Баршаға мәлім, кез-келген заңдық міндет қандай да бір болмасын өзге объектінің (азаматтың, органның, мемлекеттің) құқығымен тікелей байланысты. Оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz