Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы ролі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Экономика, басқару және құқық факультеті. Халықаралық қатынастар кафедрасы.
Реферат
Тақырыбы: Қытайдың Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы алар орны.
Орындаған: ЗХҚ 312 тобының студенті Койкен Н.
Қабылдаған: Аға оқытушы PhD. Доктор Тажибаев Р.
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І- Тарау
Шанхай ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы және құрылымы ...5
ІІ- Тарау
Ұйымның атқаратын негізгі міндеттері мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ..7
ІІІ-Тарау
Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы ролі ... ... ... ... ... ... ..10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Кіріспе.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдары (ШЫҰ) 1996 жылы Шанхай қаласында Шанхай бестігі деген атаумен құрылған ұйым. Ұйым құрамында Қазақтан, Қытай, Ресей , Тәжікстан және Қырғызстан мүшелік еткен . 2001 жылдың маусым айынан бастап Өзбекстан мемлекетінің ұйымға қосылуымен ұйым ресми түрде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) атауымен аталып , тұрақты түрде жұмыс істейтін үкіметаралық ұйым болып құрылды. 1996жылы және 1997 жылдар ұйым мүшелік еткен мемлекеттердің басшылары Мәскеу қаласында кездесіп , шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту келісіміне қол қойды. Осы келісімнен кейін ұйымның қарастыратын мәселелері де кеңейіп, мүше мемлекеттердің тарапынан ілгері қарай өрби бастады. Мемлекеттер арасында саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне дейін көтерілді. 2000жылы Өзбекстан президенті Душанбеде өткен халықаралық саммитке қатысты, бұл Өзбекстан елінің қатысқан алғашқы кездесуі еді. 2001 жылы маусым айында Шанхай қаласында өткен кездесуді Шанхай бестігі деп атаған еді, ендігі кезекте бұл тізімге Өзбекстан да енді. Ұйымның Шанхай бестігі деп аталу себебі Қытайдың Шанхай қаласында өткенддігінде еді. Осы кезде ШЫҰ-ны құру туралы декларация жарияланды. Құжатта мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және қателіктерге бірге қарсы тұру, әріптестіктің дәрежесін көтеру үшін Шанхай бестігінің негізі қаланғандығы айтылады, Осы Декларацияға сәйкес ұйымның негізгі мақсаттары мыналар:
Мүше мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, татулық пен көршілес қарымқатынастарды нығайту ;
Саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру сынды тағы да басқа салаларда әріптестікті нығайту;
Ортақ күш салып бейбіт өмірді, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету әрі демократиялық әділ және ұтымды саяси-экономикалық тәртіп орнатуға жағдай жасау.
ШЫҰ мынадай негізгі қағидаттарды ұсынады:
БҰҰ-ның мақсаттары мен принциптерін ұстану,
Тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты ұстану ;
Бір-бірінің ішікі істеріне араласпау;
Өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқаңлоқы көрсетпеу;
Барлық мүшелерде тең құқықтың болуы;
Барлық мәселелерді өзара кеңесу арқылы шешу;
Әріптестікке ашықтық және дайын болуы;
ШЫҰ -ның органдары :
Мемлекет Басшыларының кеңесі
Үкімет басшыларының кеңесі
Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі
Министрліктер немесе ведомстволар басшыларының кеңесі
Ұлттық үйлестірушілердің Кеңесі
Хатшылық
Өңірлік терроризмге қарсы құрылым (ӨТҚҚ)
ӨТҚҚ кеңесі
ШЫҰ - қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.[1]
І-Тарау. Шанхай Ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы және құрылымы.
Шанхай Ынтымақтастық ұйымының құрылуы және даму барысы жалпы халықаралық аренада және халықаралық дипломатияда ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты ұйым ретінде 2001 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылды. Оған мүше елдердің жер аумағы Еуразия кеңістігінің бестен үш бөлігін құрайды. Халқының саны- 1 миллиард 455 миллион адам. Яғни, жер шарын мекендеген адамзат қауымының төрттен бір бөлігін қамтиды.
Ұйым құрамында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше екі бірдей алып мемелекеттің, яғни Қытай мен Ресейдің болуы оның халықаралық деңгейде үлкен саяси беделге ие болуына және өңірдегі осы державалар мен АҚШ мүдделерін теңестіре ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ қызметі ешбір елге қарсы бағытталмаған , ашық жағдайда жұмыс істеуге бағытталған.
ШЫҰ өзін әлемдік қауымдастықта алдына қойылған міндетін сәтті жүзеге асырушы мығым да болашағы бар ұйым ретінде дәлелдеуде. Күрделі геосаяси кеңістікте салмағын арттырып, тиімді халықаралық байланыстар аясын кеңейтіп келеді. ШЫҰ беделінің өскендігі оның БҰҰ Бас Ассамблеясының қасындағы байқаушы мәртебесін алғандығынан, АСЕАН мен ТМД хатшылықтарымен әріптестік байланыстар орнатқандығынан танылады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына көп уақыт өтпеген болсада, бұл ұйымның құрылуының алғы шарттары мен қызметіне, ұйым қабылдаған ресми құжаттарға, оларды талдауға байланысты көптеген саясатшылар мен тарихшылардың, публицистердің мақалалары мен еңбектері жарық көруде. [2]
2001 жылы 14-15 маусымда Шанхайда алты мемлекет , яғни Қытай, Ресей, Қазақстан,Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан басшыларының кездесуі болып, онда қатысушы мемлекеттер арасында өзара сенімді , достық пен тату көршілікті нығайтуды; саяси сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастықты ынталандыруды өз мақсаттары ретінде мәлімдеді. [3]
Жаңа ұйымда бұрын бірде бір блокқа, бірде-бір ұйымға кірмеген Қытай басшылық рөлді өзіне алғаны атап айтар жәйт. 70 - жылдары Қытайдың халықаралық лексикасында ешқандайда себеппен, қандай да бір халықаралық ұйымға кірмеу деген мағына беретін бу цземэн деген термин болатын. Бірақ геосаяси ақиқаттың өзгеруімен Пекин айтарлықтай икемділік танытып, іс жүзінде Орталық - Азия сияқты маңызды аймаққа өз ықпалын жүргізу ниетін аңғартты.
Ұйымның тарихы алғаш рет Өзбекстаннан өзге мүше бес мемлекет: Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Кырғызстан басшылары 1996 жылғы сәуірде қол қойған Шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісімнен бастау алды, ал келесі 1997 жылы Шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы екінші келісімге қол қойылды. Бұл екі құжаттың алғашқысына бес мемлекет басшылары Қытайдың Шанхай қаласында кездесіп қол қойған соң-ақ, көп ұзамай Шанхай бестігі аталған термин саяси айналымға түсті. Шанхай бестігінің пайда болуы Қытай Халық Республикасымен бұрынғы кеңестік төрт республика арасындағы қарым-қатынастардың жаңа парағын ашты. Мемлекеттердің бір ұйым астына бірігуіне аймақтың қауіпсізлігі мен тұрақтылығына, байыпты дамуына төнетін сыртқы қауіп-қатерлердің, әсіресе терроризм мен экстремизм бейнесінде бой көрсетуі, сондай-ақ жаханданудың қайшылықты процестерін бастан кешіп жатқан қазіргі әлемнің экономикалық сипаттағы проблемалары шешуші ықпал еткені мәлім. [4]
ІІ- Тарау
Ұйымның атқаратын негізгі міндеттері мен мақсаты.
ШЫҰ-ның негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi мыналар болып табылады:
-мүше мемлекеттер арасындағы өзара сенiм артуды, достық пен тату көршiлiктi нығайту;
-аймақта бейбiтшiлiктi, қауiпсiздiк пен тұралаулылықты сақтау және нығайту, жаңа демократиялық, әдiлеттi ұтымды саяси және экономикалық халықаралық тәртiп орнатуға жәрдемдесу мақсатында көп бейiндi ынтымақтастықты дамыту;
- терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге, олардың барлық көрiнiстерiнде бiрлесе қарсы тұру, есiрткi мен қару-жарақтың заңсыз айналымына, трансұлттық қылмыстық әрекеттердiң өзге дe түрлерiне, coндай-ақ заңсыз көшi-қонға қарсы күрес;
-ортақ мүдде бiлдiрiлетiн саяси, сауда-экономикалық, қорғаныс, құқық қорғау, табиғат қорғау, мәдени, ғылыми-техникалық, бiлiм беру, энергетика, көлiк, кредит-қаржы және басқа салалардағы тиiмдi аймақтық ынтымақтастықты ынталандыру;
- мүше мемлекеттер халықтарының тұрмыс деңгейiн үздіксiз арттырып, жағдайларын жақсарту мақсатында тең құқылы әрiптестік негiзiнде бiрлескен iс-қимыл арқылы аймақтағы жан-жақты және теңдестiрiлген экономикалық өсуге, әлеуметтiк және мәдени дамуға жәрдемдесу;
- әлемдiк экономикаға интеграциялану жағдайында көзқарастарды үйлестiру;
- мүше мемлекеттердiң халықаралық мiндеттемелерiне және олардың ұлттық заңнамаларына сәйкес адамның құқықтары мен негізгі еркiндiктерiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарды қолдау және дамыту;
-халықаралық жанжалдарға жол бермеуде және оларды бейбiт реттеуде өзара ықпалдасу;
-XXI ғасырда туындайтын проблемалардың шешiмiн бiрлесiп iздестiру.[5]
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мынадай принциптердi ұстанады:
-мемлекеттердiң егемендiгiн, тәуелсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және мемлекеттiк шекаралардың мызғымастығын өзара құрметтеу, шабуыл жасамау, iшкi iстерге араласпау, халықаралық қатынастарда күш қолданбау немесе қауіп төндiре күш жұмсамау, шектес аудандарда бiржақты әскери басымдықтан бас тарту;
-барлық мүше мемлекеттердiң тең құқылығы, өзара түсiнiстiк және олардың әрқайсысының пiкiрлерiн құрметтеу негiзiнде бiрлескен көзқарастарды iздестiру;
-ортақ мүдделер саласында бiрлескен iс-қимылдарды кезең-кезеңмен жүзеге асыру;
-мүше мемлекеттер арасындағы келiспеушiлiктердi бейбiт жолмен шешу;
ШЫҰ-ның басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталмаушылығы;
-ШЫҰ мүдделерiне қарсы бағытталған кез келген заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу;
-осы Хартиядан және ШЫҰ аясында қабылданған басқа да құжаттардан туындайтын мiндеттемелердi адал ниетпен орындау. [6]
ШЫҰ органдарында шешiм дауыс берудi өткiзбестен келiсу жолымен қабылданады, "консенсус минус мүдделi мүше мемлекеттiң бiр дауысы" принципi бойынша қабылданатын мүшелiктi тоқтата тұру немесе Ұйымнан шығару туралы шешiмдердi қоспағанда, келiсу процесiнде бiрде-бiр мүше мемлекет шешiмге қарсы болмаса консенсус, ол қабылданды деп саналады.
Кез келген мүше мемлекет қабылданатын шешiмдердiң жекелеген жәйттерi жәненемесе нақты мәселелерi бойынша өз көзқарасын баяндай алады, мұның өзi тұтастай алғанда шешiмдi қабылдау үшiн тосқауыл болып табылмайды. Бұл көзқарас мәжiлiс хаттамасына жазылады.
Бiр немесе бiрнеше мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттер үшiн мүдделiлiк туғызатын жекелеген ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруға мүдделi болмаған жағдайларда аталған мүше мемлекеттердiң оларға қатыспауы мүдделi мүше мемлекеттердiң мұндай ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруына кедергі бола алмайды және мүше мемлекеттердiң бұдан кейiн ондай жобаларды жүзеге асыруға қосылуына да кедергi болмайды. Органдарының шешiмдерiн мүше мемлекеттер өздерiнiң ұлттық заңнамасында анықталған рәсiмдерге сәйкес орындайды.
Мүше мемлекеттердiң осы Хартияны, ШЫҰ аясында жұмыс iстейтiн оның органдарының басқа да шарттары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz