Қазақ елінің әдет - ғұрып құқығындағы қылмыстық жазалар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1. Бөлім. Қазақ елінің әдет-ғұрып құқығындағы қылмыстық-құқықтық ережелері

1.1.Әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс түсінігі және түрлері ... ... ... ..10
1.2.Жеке басқа қатысты қылмыстар және жеке бастың ар-намысы
мен қадір-қасиетін қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
1.3.Мүліктік және дінге қарсы қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... . .28

2. Бөлім. Қазақ елінің әдет-ғұрып құқығындағы қылмыстық жазалар

2.1. Әдет-ғұрып құқығындағы жаза түсінігі және түрлері ... ... ... ... ...37
2.2. Денеге зақым келтіру және масқаралайтын жазалар ... ... ... ... ... ..50
2.3.Құн төлеу, айып тартқызу,айыпкерді құлдыққа беру жазалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Қолданылған әдебиеттердің тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .. 66

К І Р І С П Е

Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - Мәңгілік Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.[1] Елбасымыздың жолдауында атап өткен бұл жол барлық отандастарымыздың отансүйгіштік шабытына қуат, беріп ата-бабаларымыздын аңсап өткен арман мұратына жеткендей көңіл күй қалдырады. Ия, сондықтан да тарихымызды ақтарып оқып үйренуден бастап, кеткен, жіберіп алған жерлерімізді қайта зерделеп боймызға сіңіретін уақыт жеткендей.
Тарихпен қатар өріліп жатқан дәстүрлі құқықтын, аясы кең. Оның ел билеудегі мемлекет пен қоғам үшін атқарар қызметі, көтерер жүгі әрқашан да жеңіл болмаған. Жер шарындағы барлық мемлекеттің мыңдаған жылдарға созылып жатқан тарихнамасына көз жіберіп көрсеңіз, сол мемлекеттердің қауым болып қалыптасуына, ұлт болып ұйысуына ең алғаш осы -- дәстүрлі құқықтың белгі нысандары әсер еткен, оны түсінік-пайымына қарай, тіршіліктегі қоғамдық тәртіпте заң ретінде қолдана білген. Бұл құқықтық этаптан бүгінде өркениеттің шыңына шыққан барлык, мемлекеттер сатылап өткеніне ешкім дау тудырмас. Олардың қазіргі кезде қолданып жүрген заң ережелерінің түпкі негізі, сол дәстүрлі құқықтан басталады.
Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,...[2] - деп бастау алатын Ата заңымыздың өз осы сөзіміздің негізгі тиегі десек қателеспейміз.
Бүгінгі күнге дейін дәстүрлі құқық туралы аз жазылған жоқ. Кеңестік дәуірде бұл тақырыпқа қалам тартқан ғалымдар біршама ғылыми ізденістің нәтижесіне жетті. Т.М. Күлтелеев, Ғ.Б. Шақаев, М.Г. Масевич, С.З. Зиманов, С. Сартаев, Қ. Жиреншин, 3. Кенжеғалиев, өзге де заңгер ғалымдардың Қазақстанның мемлекеттік саяси құқықтық тарихына байланысты ғылыми еңбектері жарық көрді. Дегенмен де ежелден келе жатқан дәстүрлі қүқықтың құндылығына жете мән бермеген тоталитарлық жүйе, оған ескінің қалдығы ретінде қарап, Қазақ елінің ғасырлар бойы әлеуметтік-тұрмыстық саяси-этникалық бірлігіне, қоғамдық құрылысына, оның тәртіп ережесіне қызмет көрсеткен әдет-ғүрып, салт-сана, жол-жорасынан жинақталған дәстүрлі құқықтың нормасы ретінде қалыптасқан заңнамалық ерекшелігін терең тұрғыдан зерттеуге тиісінше еркіндік бере қоймады.
Ежелден келе жатқан іргелі елдердің және қазақ патриархалдық қоғамнан бергі өркендеуіндегі құқықтық норманың қалыптасуындағы үш сара жолдың орны бөлек. Бұл -- құқықтық әдеттердің заң ретінде қолданылатын ережелері және сот істерінің үлгілері. Қазіргі сала-салаға бөлініп жүрген құқықтық заң кодексінің түпнұсқасы, осы айтылған үш нормада жатыр десек,[3] ежелгі Қазақ мемлекетінің қоғамдық жүйесіне қызмет істеген азаматтық, қылмыстық құқық түрлері, соған лайықты қолданылған шешімдер мен үкімдер, жаза шарттары заң актілерінің бастау көзі болып табылады.
Дипломдық жұмысымыздың тақырыбыда бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі ретінде қабылдауымызға дау тудырмайды.
Қазақ елінің дәстүрлі құқығында қылмыс пен жаза құбылыстары ерекше маңызға ие болған және сондықтан да, олардын маңайында өрбейтін қатынастарды реттеуге айрықша көңіл бөлінген. Қылмыс және жаза институттары қазақ елінің дәстүрлі құқығындағы барлық қылмыстық-құқықтық қатынастардың ғана емес, сонымен қоса, қазақ қоғамында туындаған барлық қоғамдық қатынастардың жалпы бағыт-бағдарын, сипатын айқындап отырған.
Дипломдық жұмысымыздың мақсаты барлық еліміздің тарихында өткен мемлекет қалыптастыруы мен нығаюына, мемлекетті басқарып хан аттанған, халықтың бір мемлекетке бірігуіне өзіндік үлес қосқан, ұлы елдің басшыларының тарихта қалдырған озық ойлы асыл сөздері мен идеяларынан қорытынды жасап оның бай тәжірибесін бүгінгі күннің күн тәртібінде мәселелерді шешуде пайдалануға сара жолу салу.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы - жазылмаған құқық, ол жетекші материалдық және процессуалдық нормативтepi бар оңай жатталатын және сонымен бiрге өткip айтылатын негiзгi нормативтiк институттар мен көптеген қысқа ережелердiң жүйесiне негiзделген. Соңғы - лары, әдетте, нақты өмiрдегi жағдайларға пара-пар келетiн нақты нормаларды ыкшамдау, талқылау арқылы шығаруға жетекшi бастамалар болып табылады. Дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаттарынан мынадай міндеттер туындайды:
қазақ құқығының бастаулары және қайнар көздеріне шолу жасау;
қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза ұғымдарын саралау;
қазақ әдет-ғұрып құқығындағы жаза институтының ерекшеліктерін қарастыру;
тарих сабақтарынан қортындылар жасап оның бай тәжірибесін бүгінгі күнде пайдалануға икемдеу.
Әдет-ғұрып құқығының нормалары тура, сөзбе-сөз пайдаланып, атқаруға apналмаған. Олар тәртiптiлiктiң классикалық үлгiсi (эталоны) болып танылған. Әдет-ғұрып құқығы нормаларындағы бастысы - бұл олардың ішкі мазмұны, олардың негізінде жатқан қағидаттар. Басты мақсаты-мазмұны мен мәнін бұрмаламастан, қағидаттарды іскe асыру. Мысалы, қылмыс пен жаза саласында - бұл қанды кек пен құн төлеу қағидаттары; неке және отбасы қатынастарда - жетi буынға дейiнгi экзогамдық тыйым; сот төрелiгi саласында әдiлдiлiк, ашықтылық және тiл байлығы. Әдет-ғұрып құқығының нормалары осыларға қызмет етті және осы мақсатта кебiнесе формальдық жақтарын құрбандыққа бердi. Қағидаттарын iскe асыру үшiн әдет-ғұрып құқығының нормалары қолданылу аясының әралуан жағдайларына икемделе отырып, варияцияланған болатын. Бұл жағдай адамдардың наным-сенiмдерi мен пiкiрлерiне, олардың көзқарастары мен ой-талғамдары - на көп еркiндiк берiлгенiн бiлдiредi. Осыдан салт-дәстүрлер мен рәсiмдерге толықтай сүйенген және сол себептi өте формальданған құқықтық процедуралар туындап отырды.
Қалай десекте, Қазақ елінің дәстүрлі құқығына, ұлтымыз ұстанған этнографиялық ерекшеліктерге қатты қызыққан орыс халқының зиялы азаматтары мен Батыс Еуропаның оқымысты ғалымдары қазактардың тұрмыс-салттарын, ұстанған әдет-ғұрыптарын, қолданылған заң ережелерін зерделеп, хатқа түсіруге ынтызар болғаны тарихтан белгілі. Алтын Орда дәуірінен бұрынғы кезеңде-ақ Ресей мемлекетімен жақсы қарым-қатынаста болған Дешті Қыпшақ хандығы, сол хандықтан бөлініп шыққан Қазақ хандығы туралы хатқа түскен жазба мұраларды зерттеуге зейін қойды. Қазақтардың ХVІІ-ХІХ ғасырлар арасындағы қоғамдық құрылысын, мемлекеттілігін зерттеуді назарға алған империя, қазақтың құқықтық әдет-ғұрып жазбаларын, соның негізінде жасалған заң жарғыларын жинап бастырды. Қазақ елінің дәстүрлі құқығына қатысты сол мұралар заң ғылымында әлі толық өз дәрежесінде зерттеліп бітті дей алмаймыз.
Дипломдық жұмысымыздың теоретикалық методологиялық негізі. Біз енді ғана тәуелсіз, егеменді еліміздің шаңырағын кетеріп, уығын байладық. Ғасырлар бойы тарихтың қалтарысында қалған мұралардың көмбесін енді ғана ашып, зерделей бастадық. Әсіресе, Қазақ елінің дәстүрлі құқығы, тарихы туралы көп еңбек қалдырған XVII-XIX ғасырларда өмір сүрген: А.Е. Алектров, А. Григорьев, И.А. Левшин, М.П. Вяткин, А.А. Леонтьев, Д. Андре, Л.А. Баллюзек, Н.И. Гродеков, Н.И. Максимов, И.А, Козлов, Н. Израцов, А. Загряжский, П.Е. Маковецский т.б. ғалымдар жазып қалдырған дәстүрлі құқыққа қатысты жазба мұралардың заңнамалық ерекшелігін бақайшығына дейін шағып, толыққанды зерттеу мәресіне жете алмай келеміз. Сол жазба мұралардың басын біріктірген Ғылым академиясы танымдық дүние ретінде алғаш 1948 жылы, кейін 1998 жылы екі мәрте басып шығарған дерек көздерін місе тұтып жүрміз. Егер осы айтылған авторлардан қалған құқықтық мұраларды терең зерттесек, Қазақ елінің өзіндік ерекшелігі бар дәстүрлі құқығының мәнін, заңдылық өлшемін, әлемнің құқық тарихындағы алар орнын терең тұрғыдан танып білер едік.
Мәселен, азаматтық және қылмыстық құқық қатынастарынан туындайтын мән-жайларды саралаудағы теориялық зерттеулерді әлі де арттыра беру нұр үстіне нұр болар еді.
Дәстүрлі әдет-ғұрыптағы қылмыстық құқықтан туындайтын құқықтық қатынастар мен оның нысаны, белгілері, санаттары (категориялары), жауаптылық пен міндеттердің ара-қатынастарын дәстүрлі құқықтағы заң нормаларына сай реттеудегі ерекшеліктер -- өз дәрежесінде зерттеліп бітті деп айту да әлі ерте. Осыған байланысты ұлы даланың данышпан ойшылдарының ұлағатты идеялары мен ел үшін жасаған еңбектері бүгінгі мемлекеттік билік жүргізу, басқару, құқықтық реформа жасау жүйесінде тиімді пайдалану - тарихтан сабақ алудың айқын үлгісі екені ақиқат, сондықтан да дипломдық жұмысымыздың тақырыбы қазіргі кезең үшін де болашақ үшін де өзінің маңыздылығын жоғалтпайды.
Дипломдық жұмысымыздың жаңалығы. Еңбектің маңыздылығы мен өзектілігіне мән бере отырып ел тарихын тереңірек оқып үйрену ғана емес, оны түсінудің өзінеде үлкен мән берілуі қажет деп ойлаймын. Сондықтанда осы тақырыпты тарихтың әр кезеңіне тән өзгешеліктер мен танымдарды жан-жақты ғалымдардың берген зерттеулері мен архивтік материалдарына сүйене отырып қортындылар жасауға, қоғам игілігіне тиер деген ниетпен осы аталған мәселені қарастырып, үлес қосу.
Ежелден қалыптасқан Қазақ мемлекетінің қай кездегі қоғамын алсаңызда билер институты билік саласының екі функциясын атқарған. Оның бірі -- таза сот істеріне үкім айту болса, екіншісі -- елді әкімшілік жағынан басқарудағы мемлекеттік билікке араласуы.

1. Қазақ елінің әдет-ғұрып құқығындағы қылмыстық -құқықтық ережелер

Әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс түсінігі және түрлері

Ежелгі дәуір дегенде біз жалпы жер әлемі мен адамзат баласының жаралғанынан бергі тіршілік болмыстың қалыптасуына қарай қанат жайған жер бетіндегі адамдар ғұмырының саналығына тоқталмай кете алмаймыз. Алдымен он жеті мың ғалам жаратылып, адамзат сол ғаламда өз нәсібін теріп жеп күнелткен есте жоқ ескі заманда-ақ, біздің айтуымызша қоғамдық формацияның ең алғашқы сатысы -- алғашқы қауымдық құрылыстағы мифологиялық сана адамдардың түйсігінде қандай рөл атқарғанына ғылыми тұрғыдан баға берген жөн. Өйткені, бұл қоғамдық формация адамдардың ой-санасының жетіліп қалыптасуында біздің дәуірге дейінгі 2,6 млн. жылдан 35-30 мың жылға дейінгі аралықты алып жатыр. Яғни, осындай ұзаққа созылған адамзат тіршілігінің қалыптасуы сана-сезімнің, өмірлік тәжірибенің жинақталып тұжырымдалуына әкеп соқты. Соған лайықты түйсік-пайымның алғашқы жөн-жобасы шыға бастады. Осы ретпен алып қарағанда ұлан-ғайыр Азия құрлығының аумақты жерін алып жатқан топырақта өсіп-өнген адамдар санасына енген мифологиялық сана - дәстүрлі ғұрыптың қайнар көзі болып табылады. Өйткені осы құрлықта жаратылып, апайтөс далада көшпелі қоғамды таңдаған ежелгі бабаларымыздың мифологиялық сенім-нанымдары, салт-санасы сол кезде-ақ қалыптасқан еді.[4]
Осы мифологиялық түсінік туралы тарихта жазба мұраларымен тым ертеректен танылған ежелгі шығыс пен батыс мемлекеттерінің құқықтық ой толғамдарын мысалға алып қарасақ, египеттік пен римдік, үнділік пен қытайлық, еврей мен грек, вавилондық пен парсылардың ой-санасында қалыптасқан мифтік ұғым мен түйсік адамдардың ғаламдағы алар орнын, адам мен құдайдың арасындағы байланысты, бүткіл ғаламшарга әмірін жүргізіп тұрған құдайдың құдіреттілігі, тірі пендеге жасар жақсылығы мен күнәсі үшін жіберер зауалы шексіз екені құқықтық өлшем тұрғысынан баяндалған. Құдай алдында қылмыс пен күнәға батпау үшін нені істеп, нені істемеу керектігі мифологиялық сана арқылы реттеліп отырған. Әлем кеңістігіндегі адамның ақыл-ойынан тысқары жатқан жаратылыс тек құдай тағаланың әмірімен ғана орындалатыны, табиғат құбылыстарының жеке-жеке құдайлары бар екенін гректердің мифтік аңыздарында көптеп кездесетінін тарихи әфсаналардан жақсы білеміз.
Мифтік аңыз әфсаналар ежелгі көшпелі қоғамдағы адамдар санасынан да мықтап орын алғанын қазақтардың көне дәуірдегі тұрмыс-тіршілігінен анық байқауға болады. Әсіресе, жер-суға, аспан көкке, оның жаратушысы -- Тәңіріге табынған бабаларымыз құдай тағаланың әмірімен жүріп-тұруды заң деп білген. Алла өз құдіретімен алты күнде жаратқан он жеті мың ғаламдағы барлық тіршілік иесі екеніне, оның күш-қуатына шек келтіруге болмайтыны ежелден көле жатқан мифтік әфсаналарда нақты айтылған. Оны қазақтың ырым жорамалынан, тыйым сөздерінен, діни сенімдерінен көруге болады. Айталық, мәтел ретінде қалыптасып кеткен Құдайсыз қурай да сынбайды немесе істеген жаманшылығына қарай Құдай жазасын берсін деген имандылық өлшемдері мемлекет және құқық құдайдың құдіретімен пайда болады деген теологиялық теориямен ұштастырудағы тыйым салу қызметінің функциясын атқарып түр емес пе. Тыйым салу қызметі қай заманда болсын зиянды іс-әрекеттердің алдын алып отырған, одан сақтандырған. Құдайдың ұйғаруымен жіберілген құқықтық нормалардың қағидаларын бұзбау -- жер үстіндегі пенделерге ортақ міндет саналған.[5]
Көшпелі елдердің көнеден келе жатқан наным-сенімдерін бізге жеткізген тарихи оқиғалар мен әфсаналарға зер салып қарасаңыз, аспан көкті жаратушы құдайға табынып, одан келер пәрменді заң деп білген ең ежелгі жазба мұралар да, бір ғана жаратушы ие Құдай мен адамзат арасындағы құқықтық байланыс -- ең сенімді тірек, қорғаушы екенін түсіндіреді. Адамзаттың бұдан отыз бес мың жылғы тарихынан дерек беретін Зараштураның діни уағыздары ғасырлар бойы көшпелі өмірден қол үзбеген қазақтар үшін ең қымбат әрі ең жақын әдет-ғүрып салтындағы дәстүрлі құқықтың нормалары болмақ.
Қазақтардың ежелгі дәстүрлі құқықтарының пайда болуын сөз еткенде біздің жыл санауымызға дейінгі дәуірдегі патриархалдық қоғамдағы қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, заң тәртібі ретінде қолданылған жол-жора, үкім-кесімдердің құқықтық өлшемдерін айтпай кетуге болмайды. Өйткені кез келген қоғам өзінің дамуындағы бастапқы кезеңдегі адамдардың түсінік-пайымынан туындаған әдет-ғұрып заңдары қоғамдық құрылыстағы құқықтың негізін жасауға ұйытқы болған. Мемлекеттің саяси басқаруындағы құқықтық ұғым, қоғам сферасындағы мән-жайлардың ерекшеліктерін танып білуге қосар үлесі мол. Ол мемлекеттік және әкімшілік басқарудағы әлеуметтік реттеудің нормаларын қалыптастырады.[6]
Қазақ мемлекетіндегі әдет-ғұрып ретінде қалыптасқан құқықтың үш жолы бар екені теориялық тұрғыдан танылған. Бұған өзіміз сөз етіп отырған заң орнына жүрген құқықтық әдет-ғұрыптарды, соған лайықты қолданылған нормативтік актілерді, сот ісіндегі үлгі (прецедент) болған билер шешімін айтар едік.
Өмір сүрудегі материалдық жағдайлар, адамдар арасындағы адамгершілікке, ар-ұят, әдепке негізделген имандылық өлшемдері, құқық саласына белінген нормативтік актілерді реттеп отыратын, оны қоғамға лайықтап қалыптастыратын мемлекеттік билік өзара тұтаса келе, әр түрлі методологияға негізделген қызметтерді атқарады. Бұл арада осы айтылған құқық нормаларын жасауға халық тікелей қатынасатынын ескерсек, адамгершілікке арқау болған имандылық әр халықтың туабітті қалыптасатын сана-сезіміне, әдет-ғұрпына, ар-ұяттан туындайтын жұртшылық (рулас және тайпаластарының) пікірлеріне сай келіп, шарт талаптарынан шыға білсе, беделі зор болған. Әрбір қауымдастықтағы халықтың ұжымдық пікірі жаман қылықтарды жасамауға тыйым салып отырған. Имандылық елшемінен шығып кеткендерге, теріс қылық танытқандарға, зорлық-зомбылық істегендерге, жауыздық ұрлық-қарлық жасаған адамдарға жазалау шарасын белгілеген. Мұндай маңызды іске билік айту, әрине, мемлекет құзырына тиесілі екені айдай анық нәрсе.
Қазақ әдет-ғұрып құқығына Моңғол заңдарының ықпалы туралы да айта кетуге болады.
Қазақ ұлты ерте заманның көптеген ұлттардың рулардың кіруінен қалып-тасқан. VI -- XII ғасырға дейін ертедегі қазақ рулары түрік қағандығы түркеш қағандығы, қимақ қағандығы, қара қайналар әулеті және Лео патшалығы үстемдік еткен дәуірлерді, сонан кейін XII -- XV ғасырға дейін Моңғол хандығы, Юань патшалығы, сондай-ақ Алтын Орда хандығы, Ақ орда хандығы билеген дәуірлерді бастан кешірді. XV ғасырдың орта шені мен XIX ғасырдың бастапқы кезіне дейін қазақ хандығы дәуірі болды. Бірақ сонда да Жоңғар билеушілері, Чин патшалығы, сондай-ақ Шар Ресей қатарлы күштердің ықпалына шыдап отырды, сол себепті қазақ заңдары қазақ ұлтының ұзақ уақыттың, қоғамдық өмір аманаты барысында қалыптасқан болады, ол әрі қазақ үстем таптары еркінің бейнеленуі, халықты ғұрып-әдеттің жиынтығы, әрі саяси жағдайдың дамуының, сондай-ақ айналадағы көптеген ұлттар заңының ықпалына ұшыраған. Сондықтан қазақ заңының қайнары көп негізді. Басқа көшпенді ұлттар сияқты қазақ заңдарының біртіндеп қалыптасу барысы да ғұрып-әдет заңынан жазба заңға өту ісінде даму кезеңін басынан кешірген. Оның таптық дамбасы едәуір айқын болғанмен, алайда оның ғұрып-әдет төркінінің бейнесін балбалдан тануға болады. Бұл оның қоғамдық негізімен тығыз байланысты. Қоғамның материалдық тұрмыстық шарт жағдайы заң жөнінде бастан аяқ тежеп салу және белгілеуші рөл атқарған.
Негізгі төркіні ұзақ уақыттық қоғамдық негізі де қалыптасқан ғұрып-әдет. Қазақ тілінде заң әдетте жарғы деп аталады. Сондықтан қазақтар: Әділ би қара қылды қақ жарады[7] деп атаған, әрі әділқазы -- алтын таразың -- деген тәсіл таралған. Мұның өзі заң қазақтар назарында бұл әділ үкім дегеннен дерек беретіндігін түсіндіреді. Ең алғашқы заң ұзақ уақыттық өмірде біртіндеп қалыптасқан және қорланған. Қазақ заңдарының ең басты теркіні ғасырлар бойы жалғасып таралған ғұрып-әдет заңы. Мысалы, аталық құқықтағы рулық түзім, басқа рулармен некелену, түсірген келінге қалыңмал беру, көп жұбайлыққа жол беру, аға өлсе жеңгені ініге қарату жөнінде орын бастыру некесі, тұрақты мүліктің кеңшіл болуы, жеке заң тұрмысындағы өркендеу, сондай-ақ малды жеке иемдену құбылысы мен жайылымды ортақ иемденудің ежелгі қаңқасы қатар жасау қатарлылар сақтасады.
Бұл ғұрып-әдет заңдары жазалау жүйесінде де бейнеленеді. Ең көрнектісі -- барымта салтымен құн алу Тәукенің Жеті Жарғысының жиырма тоғызыншы белігінде: Өкім етілуші қазының үкімін атқармаса немесе ауыл ақсақалы дело қарауынан әдейі тайсақтауы арқылы қылмыскерді қолдаса, талапкер мынандай құқыққа ие болады: өз ауыл ақсақалының -- мақұлдауын алғаннан кейін туы-сын немесе кершісін ертіп, айыпкердің ауылынан астыртын малын талап әкелу, бірақ ауылына келгеннен кейін бұл істі ауыл ақсақалына жеткізу, әрі ақымен ар-шағым қаражатының жалпы саны тең болуға кепілдік ету.[8] Заң ережелердің -- тармағында егер кімде-кім бейуаз біреуден барымта алса, алғанын сөзсіз қайтарады. Егер кімде-кім жылу үшін деп алуға тиісті саннан көп мал алса, артығы қайтарылуға тиіс[9] -- деп белгіленген. Бұл салт рулық кек алудың, сар-қыиы және жалғауы. Ең алғашында қазының немесе ауыл ақсақалының үкім шығаруына негізделіп, қылмыскер талапкерді разы етуден батыл бас тартса, барымта алуға болады. Кейін дами келе қатты қорлық көргендер, бұланғандар немесе ыңғылға разы болмағандар азамат жинап жау жақтың ауылына шабуыл жасайды, әрі олардың табындағы малын айдап алады, сондай-ақ шабындыға туысқандар да алымын тауып кек алады, өстіп қайталана бергендіктен, қатын-алушылардың саны үздіксіз көбейіп, келемі барған сайын ұлғайып, екінің бірін-де, тайпа, рулар ара сайгелді сайысымдар тудырып отырған, күн айыбына келсек, оның ерекшелігі де мол. Мұнан басқа атпен бастыру жазасы, суға қатырып өлтіру жазасы қатарлыларды қамтыған.
Қылмыс әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін келеңсіз құбылыс болғандықтан, оған қарсы үздіксіз күрес жүргізіліп келе жатыр. Сондықтан да қылмысқа қарсы күрестің негізгі механизмін ата-баба құқықтарынан, құқықтық мәдениетімізден іздегеніміз абзал. Қоғам үшін құқықтық сананы қалыптастырып, қылмыстың күнә, теріс әрекет екендігін бесіктегі баладан бастап бойына сіңіре білсек, болашақ қоғам үшін жағымды бетбұрыс жасау деп түсінеміз. Осы айтылғандарға байланысты мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығының зерделенуі мен оның маңыздылығын жете түсіну әлеуметтік-құқықтық мәнділікке ие екендігі айқын бола түседі. Тарихымыздың қай кезеңі болса да, дін әрқашан адамдардың өзін-өзі қорғау жаман қылықтардан арылып, жақсылыққа шақыру құралы болған. Әрбір жанұяға, жеке адамға, қоғамға бір сөзбен айтқанда барлық халыққа жақсы жол көрсететін амалдар қарастырылған. Өте ауыр сынақтардан өтуге, жарық күнге ұмтылып өмір сүруге шақырған, сендірген және өз кезегінде адамдарға күш-қуат сыйлайтын, жігерін арттыратын, бір-біріне мейірбандылығын асыратын игі идея іске асырылған. Сондықтан да болар қылмыс пен жаза мәселесі мұсылман құқығы және қазақ әдет-ғұрып құқығы негізінде еш үйретілмеген деу әділеттік емес. Жоғарыда айтылып өткенге қатысты мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза ұғымдары, олардың қазақ әдет-ғұрып құқығындағы негізгі қылмыстық-құқықтық категориялардың дамуына әсері, мұсылман және әдет-ғұрып құқықтарындағы қылмыс пен жаза ұғымдарының арақатынасында ажырата білген жөн. Мұсылман құқығында қылмыс пен жаза түсініктері діни көзқарасқа негізделген. Шариғатта жасауға тиым салынған іс-әрекеттер негізінен қылмыс болып саналған. Ал қылмыстың қауіптілік дәрежесі Алла алдында жасалған іс-әрекеттің ауыр және жеңіл күнә болуына байланысты болған. Жаза белгіленген дәрежеде күнәдан арылу үшін қолданылған.
Қылмыс әлеуметтік құбылыс болып саналады. Заңгер ғалымдар қылмыстың ұғымына қатысты әртүрлі пікірлер айтады. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстың түсінігі өзіндік ерекшеліктерге де ие.
Орта ғасырлардағы мұсылман құқықтанушылары мен қазіргі заман зерттеушілері құқық бұзушылықтың бірнеше қағидаларын қарастырған. Олардың көзқарастарын талдау мұсылман қылмыстық құқығын тағы да терең зерттеуге әсер етті. Шариғатта қылмыс сөзі адамның жанына немесе ағзаларына зиян келтіру мағынасын білдіреді. Қазақтың әдет-ғұрпындағы қылмыс ұғымы ежелгі дәуірдің құқық мұрағаттарындағы қылмыстың түсінігіне жақын келеді.Қазақтың әдет-ғұрпында қылмыстың табиғи нысаны қоғамның тұрмыстық, рулық құрылымының күрделігімен байланысты болды. Соған байланысты қылмыс деп жәбірленушіге немесе оның туысына келтірілген материалдық және моральдық шығынды атаған.
Жаза тағайындау институтын оқып үйрену барысындағы жүйелеу жоспарын саралау, ең алдымен, әдет-ғұрып заңдарынан бастаудың да өзіндік алғышарттары бар заңды құбылыс. Қылмыстық жазаның пайда болу тарихы терең екендігі біздерге әуелден белгілі. Қандай да болмасын мемлекеттің өзіндік даму сипаты болды және олар сол қоғамдағы қылмыстар үшін өздеріне оңтайлы жазаларды қолданған. Қазақтың әдет-ғұрыпында немесе мұсылман құқығының тыйым салушы талаптары жазамен тікелей байланысты болып келді.
Жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқығын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, аумақтық бүтіндікті, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты нысаны және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығында заңға бой ұсыну, оны құрметтеу, заң бұзушыны жазалау, кінәні шын жүректен мойындау, қылмыскерді жазасыз қалдырмау, қылмысты мойындау, шын өкінгенді кешіру сияқты қылмыс пен жазаға байланысты маңызды қағидалар тұжырымдалып, ол ережелер ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа тараған. Заңды білуге ұмтылу, оны мойындау және сотты құрметтеу, өз құқықтарын қорғау сол бойынша арыздану - халқымыздың үйреншікті дәстүрі. Демек, мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жазаны зерттеудің үлкен маңыздылығы айқын болады.
Сонымен, мұсылман құқығы мен әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза ұғымдарын жан-жақты талдап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына көңіл аудара отырып қарастыру көптеген көкейде жүрген сұрақтарға жауап қарастыруда тапқан ақыл болары анық.
Мұсылман құқығындағы қылмыс пен жаза мәселелеріне мұсылман мемлекеттері болып саналатын елдерде баса назар аударылған. Бұл елдерде шариғаттың құқықтық ролі тұрақты түрде зерттелуде. Абдель Кадер Ауды, Ал Абдер-Кадыр әл-Кахваджи, Ахмед Махмуд аш-Шафии, Мухаммед Субхи Наджма сынды авторлардың еңбектері негізге ала отырып, мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза мәселелерінің әр түрлі қырлары Л.Р. Сюкияйнен, П.Л. Карасевич, С. Махмасани, Н. Торнау, Л. Массе, Е.Т. Смирнов, Н.И. Гродеков, Г. Загряжский, В. Тронов, Н. Изразцов, М. Готовицкий, М.А. Ражабова, А.Л. Ременсон, Н. Максимов, Р. Шарл сынды Кеңес және ТМД елдерінің зерттеушілерінің, сондай-ақ Н. Өсерұлы, М.А. Сарсембаев, Н.Д. Нуртазина, Ш. Уалиханов, Т.М. Культелеев, С. Зиманов, Ж.О. Артықбаев, С. Өзбекұлы, Н. Қазыбеков, С.М. Рахметов, Ғ.С. Сапарғалиев, З. Кенжалиев сынды қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылады. Сонымен қоса, дінтануға, яғни ислам дінін танып білуге Х. Алтай, М. Бұлұтай, Д. Нұртази сияқты зерттеушіредің қосқан үлесі зор. Ислам мен шариғаттың құқықтық қырларын зерттеуге жоғарыда аталған қазақстандық зерттеушілердің сіңірген еңбектері қомақты. Аталған зерттеушілердің мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрпына байланысты айтқан ойлары дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу кезінде негізге алынып, жұмысты орындауда қолданыс тапты. Ал, мұсылман құқығының қылмыстық-құқықтық нормаларына қатысты мәселелер аз көлемде зерттелген. Осыған орай Т.М. Күлтелеевтің еңбектерін ерекше атап өтуге болады және тақырыптың зерттелуі осы автордың еңбектерін негізге ала отырып жүргізілді.
Басқа, мысалы, ауылдың және әулеттің өз құрамдастарына жауапкершілігі; ата-анасы өз балаларын, екіқабат әйел өз күйеуін, қожасы өз малайын өлтіру қатарлы жазадан кетірілу; жатырына шабу, аға-інісін немесе әпке-қарындасын өлтіру, әке-шешесінің немесе өз күйеуінің нәрсесін ұрлау ісінде әулет оны соттауға құқықты болу; белгілі жағдайда ағайыны кек алса, қанды қолды зиян кестікке ұшыраушының туысына тапсырып беру қатарлы салттардың бәрі де ру-тайпа әдеттерінің сипатын алады. Ал осы ғұрып-әдет заңдары -- қазақтың әрбір руларының ұзақ уақыт қоғамдық өмірде қорланудың, сонымен бірге үйсін, түрік қатарлы ертедегі ұлттар ғұрып-әдет заңдарымен тоғысуының нәтижесі. Мысалы, түріктің қылмысты істер заңында: сатқындық жасағандар, адам өлтіргендер, және біреудің әйеліне басқыншылық жасағандар, үйірімен жылқы ұрлағандар түгелдей өлтіріледі, зинақорлар масқараланады, әрі-берлі опырылады; біреудің қызына басқыншылық жасағандарға қымбат бағалы бұйым айып тарттырылады, сол қызды әйелдікке алады. Жанжалдасып жаралаушы ауыр жеңілдігіне қарай зат төлейді, көзді зақымдаушылар бір қыз айып тартады, қызы болмаса, бір қыздың құнын береді, қол аяқты сындырғандар ат айып төлейді, жылқы ұрлағандар, сондай-ақ ұсақ-түйек зат ұрлағандар әрқайсысына он еседен артық айып тартылады деп белгіленген. Біз қазақ заңдарынан ертегі Түрік заңдарының кейбір елестерін көре аламыз. 2.). Бұйрық (заң шығару) тармақтары қазақ заңдарының кейбір тармақтары бұйрықтардан да құралғанын көруге болады. Тәукенің Жеті Жарғысының отызыншы бөлігінен отыз үшінші белігіне дейінгісі Тәукенің нұсқаулары. Мысалы, отызыншы бөлігінде: Хан және барлық сұлтандар, ауыл ақсақалдары, әкімшілік саласындағылар әр жылы күзде сөзсіз жайлаудың белгілі жерінде бас қосып, халық ісін талқылайды деп бұйырған. 31-тармағында Қырғыздар атпен қалың жиналысына барғанда, қаруын ала жүрсін, қаруы жоқтардың дауыс беру құқығы жоқ олардың төменгілері де оларға орын бермесін[10] деген бұйрық бар т.б. бұйрықты солтүстіктегі көшпенділер ара-сында таңсықты іс емес. Мысалы 1677 -- 1678 жылдардағы ойрат моңғолдары Галден хан жарлығының заң нысанында шықты екі толықтыру жарлығы -- міне оның типологиясы.
Қазақ руларын едәуір ұзақ уақыт Қыпшақ ұлысының немесе Алтын Орда хандығының үстемдігінде болды да, Шыңғыс ханның ірі өкіметтің өзіне ықпалы болмай қалады. Мысалы, өлім жазасының лайықты қолданылу көлемі -- кісі өлтіру, ұрлау, ұрлық істеу, біреудің әйелін алдап алу, басқыншылық жасау, талғамсыз неке, зинақорлық қатарларға қаралады.
Ертедегі моңғолдар арасында жылқы ұрлаушылар өлім жазасына тартылған, кейін тоғыз есе айып тарттыруға өзгертілмесі, ежелгі қазақ заңдарында да ұрыларға өлім жазасы бұйырылған немесе ұрланған мүліктің құнына үш тоғыз айып тарттырған. Ұрлағаны бір аттың құнына жетпеген ұрыға тоғыз тұяқ мал айып тартылған. Мұндағы ортақтық жазада ғана -- өлім жазасы мен төлем арқылы қайтаруда, оның үстіне төлем саны тоғыз сиыр болатын есептеу амалында да жатыр. Он алтыншы ғасырдың соңғы жарымында жасалған Алдан хан заңнамасы да, орта ғасырда жасалған Ойрат заңнамасы да, XVIII ғасырда жасалған Халха заңнамасы да түгелдей тоғызды айып тарттыру өлшем бірлігі еткен. Қазақтың мал-мүлік жөніндегі жазасының негізгі бірлік орны құн, бір күн немесе жарым күн және негізгі жазаға қолданылған. Ал тоғыз айып тартты-ру жазасы қосымша жаза болып, жаза айыбында мал саны 27-ден аспаған кезде дәл келеді. Қазақтар арасында тоғыз айып жөніндегі белгілеме құн төлеу белгілемесінен кейін қолданылған. Бұл моңғол заңдарының ықпалынан болуы мүмкін. Ең-таңба туралы белгілемелерге келсек, оның төркіні әрі солтүстіктегі көшпенді ұлттар ескі салты, әрі моңғол заңдарының ықпалы болуы мүмкін. Тарихнамаларда жазылғанша, V ғасырдағы тайпалардың малында ең-таңба болып, далада иен тегін жүрсе де, ешкім айдап әкете алмаған. VI ғасырға дейінгі түрік тайпала-рында ең-таңба болған. XII -- XIV ғасырға дейінгі моңғолдардың патшаларының немесе бұқарасының малдарына, мысалы, жылқы, түйе, сиыр, сондай-ақ басқа ірі қараларында ең-таңба болып, далаға бағусыз иен қоя берген. Бәрінің малы аралас жайылса да, ең-таңба болғандықтан, өрістен қайтқанда иесі танып алады. Қалқа заңнамасында ең-таңбалы түйе мен жылқыны ешкімге беруге болмайды. Егер істеуші не арбакеш әдейі істесе де, бұрынғы заң бойынша басқарылады деп көрсетілген. Қазақ заңдарымен ертедегі моңғол заңдарының ұқсастық орындары ата-ана өз баласын өлтірген күннің өзінде де жазалан-бау қатарлы жақтардан да бейнеленеді. Қысқасы қазақ заңдарында ірі өкімет өнімділігінен моңғол ежелгі заңдарынын қаталдығы жалғастырылған, бірақ, XVI -- ХҮІІ-ғасырға дейінгі моңғол заңдарының бірте-бірте кеңшілік ету ауқымының ықпалына ұшырмады.
Мемлекеттің ең жоғарғы билік сатысы құрылтай құзырына, құқықтық заңдарды қарап, сот үкіміне билік ететін билер кеңесіне, аристократиялық хан-сұлтандар кеңесіне, әскери жорық мәселесін шешетін батырлар кеңесіне незгізделгені, кешегі Әз Тәуке мен Абылай хан билік құрған заманға дейін сақталғанын ескерсек, Қазақ мемлекетінің құрылымы, соған лайықталған билік жүйесі ежелден-ақ қалыптасқанын білеміз.
Бұл тұрғыдан алғанда Қазақ мемлекетінің құрылымына арқау болған дәстүрлі құқықтардағы заң нормалары патриархалдық-феодалдық базиске негізделгеніне көз жеткіземіз. Мұның астарында феодалдық базиске қызмет көрсету, феодалдық қоғамдағы меншік түрлерін және бай-шонжарлардың мүддесін қорғаудағы заңдылықтар, содан туындайтын дау-шараларды нығайтудағы ереже үлгілердің негіздері жатыр. Егер Қазақ мемлекетінің қоғамдық дамуындағы дәстүрлі құқықтың құрамына зер салар болсақ, құрылымы мен сипаты жағынан біртекті болмай, сан алуан болып келген. Бастау көзін әдет-ғұрыптық қағидалардан алған әр түрлі заң нормалары мен құқықтық институттың атрибуттары қоғамға қатар қызмет етіп, бір-бірін толықтырып отырғаны белгілі.
Осы бір дәйекке қарағанда, Қазақ мемлекетінің тым ертеден келе жатқан билік саласындағы дәстүрлі Құқықтың ең көнедегі нормалары мен бертіндегі заң ережелерін ажыратып алу қиынға соғады. Мұның өзі Қазақ мемлекетіндегі билік саласы мен сол биліктің өміршеңдігіне қолданылған заңдардың мыңдаған жылдар бойы мызғымағанын айғақтап тұр.
Қазiргi замандағы қазақ әдет-ғұрып құқығының тарихын iзденген ipi ғалымдардың бiрi академик С.З.Зиманов бұл жайлы былай жазады: Қазақ құқығының оның өзiнiң бастапқы ежелгi нысанында Қазақстанның кең байтақ даласында орын алған бүкiл өзгерiстер мен төңкерістерге қарамастан, өміршеңдік көрсетуі оның негізінде және құрылымының өзінде, оның нормативтік жүйесiнде халықтық пен адамның ерiктiлiгi, табиғи бостандығы жатқанымен, яғни адам мен адамзаттың күллі ұмтылыстарына пара-пар келетін өнегелік идеалдар мен қағидаттар жатқанымен түсiндiруге болады.[11] Miнe, осы қазақ құқығының узурпаторлардың семсерлерi мен олардың режимдерiнен асып түсуінің басты себептepінің бiрi болды.
Бан Гудың Ханнамасы мен Таңнамасында және Еуразия тарихының тамаша білгірі Лев Гумилевтың Көне Түріктер деген еңбегіндегі көрсетілген деректер, бұдан екі, екі жарым мың жылдар бұрын қалыптасқан құқықтық заңдар XIX ғасырдағы билік құрған Ресей империясы кезіндегі билер ережесінен орын алғаны, қазақтың дәстүрлі құқығы өте ұзақ жылдар бойы дами отырып, үзілмей жеткені, оның бір қалыпты түрде қалыптасқанын байқатады.
Сондықтан да Қазақ өлкесілдегі сонау патриархалдық-феодалдық қоғамдағы саяси қарым-қатынас арқылы іріктеліп шыққан, соған лайықты ұлттық түйсік арқылы қалыптасқан, кешегіге дейін шырқын бұзбай келген дәстүрлі құқық нормалары мен заң ережелерінің қоғамдық құрылысты нығайтудағы ерекшелігін зерттеп білу, дәстүрлі құқықтың даму тетігін жан-жақты ашып көрсету бүгінгі тәуелсіз еліміздегі жас заңгерлерге қажет нәрсе. Өйткені жетпіс жыл бойы тоталитарлық шектеудің салдарынан қазақ ұлтына тән дәстүрлі құқық нормаларын, заң ережелерін терең тұрғыдан оқымағандықтан, қазақ мемлекетінің өзіндік құқық жүйесі, сот билігі соған бейімделген үкім-кесімдері болғанын білмей өткен заңгерлер де баршылық. Сондықтан да толыққанды мемлекет болған жерде құқықтың пайда болып дамуы және өзі құрған қоғамға қызмет атқаратын заңдардың принциптеріне, мәні мен құрылымдарына алғашқы қоғамдық құрылыстан бастап әрбір халықтың дәстүрлі құқығы қызмет жасайтынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп беруіміз керек. Өйткені жер бетіндегі әрбір халықтың көнеден келе жатқан әдет-ғұрпы, ұлттық сана-сезім мен мемлекеттік мүддені қалыптастырған, сөйтіп, соған лайыкталған заң нормалары мен оны қолданған билік саласының өркен жаюына ықпал еткен.
Қазақтың сонау ежелден қалыптасқан дәстүрлі құқығын сала-салаға бөліп қарайтын болсақ, оның құрамдас бөліктері жалпы заң ережелерінің жиынтығы болып табылады. Айталық, қоғамның болмысына қарай қалыптасқан салт-дәстүр, жол-жора, салт-сана, үкім-кесімдер, осыған лайықты түзілген ереже баптар нормативтік маңызға ие болған. Оны қүқықтық жүйеге салып сараласақ, кешеден бүгінгіге дейін жетіп, кемелденген қоғамдағы қолданыста жүрген заң кодекстерінің сол дәуірдегі тұғыры екеніне көз жеткіземіз.
Және дәстүрлі құқықтың қайнар көзі ерекшеліктерінің өзіндік сипатын танып білуге болады. Мұның өзі патриархалдық және феодалдық қоғамдағы Қазақ мемлекетіне қатысты құқықтық жүйенің қалыптасуына негіз болған. Бұл тұрғыдан алып қарағанда қазақтың дәстүрлі құқығы -- дүниежүзін мекендеген ұлттар мен ұлыстардың қоғамдық қалыптасу тарихындағы ажырамас бөлігі болып табылады. Егер қазақтардың Шығыс Азия мен Таяу Шығыс, Орта Азия халықтары, өзге де дүниежүзі халықтары арасындағы құқық дамуы заңдылықтарында ерекше ұқсастықтарға назар аударсақ, бұл ойымыз одан сайын растала түседі.
Ежелден келе жатқан іргелі елдердің және қазақ патриархалдық қоғамнан бергі өркендеуіндегі құқықтық норманың қалыптасуындағы үш сара жолдың орны бөлек. Бұл -- құқықтық әдеттердің заң ретінде қолданылатын ережелері және сот істерінің үлгілері. Қазіргі сала-салаға бөлініп жүрген құқықтық заң кодексінің түпнұсқасы, осы айтылған үш нормада жатыр десек, ежелгі Қазақ мемлекетінің қоғамдық жүйесіне қызмет істеген азаматтық, қылмыстық құқық түрлері, соған лайықты қолданылған шешімдер мен үкімдер, жаза шарттары заң актілерінің бастау көзі болып табылады.
Қазақ әдет-ғұрып құқығының құрылымында мүлiктiк жауаптылық мәселелерi басымдылық жағдайына ие болды. Танылған қоғамдық нормалардан, оның iшiндe адамгершiлiк нормаларынан да ауытқушы мiнез-құлықтың кез келген нысаны, егер ол моральдық және материалдық залал келтiретiн болса, онда мүлiктiк жауаптылықтың туындаитындығымен байланыстырылған болатын. Соңғысының көптеген нұсқалары мен нысандары белгiлi болды (айып, тоғыз, құн - бұлар жауаптылықтың тұтастай институттары).
Қазақ әдет-ғұрып құқығындa құқықбұзушылықтарды азаматтық деликттер мен қылмыстарға ажырату болған емес. Оған ортағасырлық шығыс елдерiнде кең тараған және сословиелi-өкiлдiк және абсолюттiк монархиялар үшiн тән болатын жазалаудың қатал шаралары да - бас бостандықтарынан айыру, түрмеге, зiнданға тастау, мүшелеу, өртке салу, тiрiлей көму және т.с.с. - белгiлi болған жоқ. Қазақ әдет-ғұрып құқығындa ұжымдылықты, құқықтарының ортақтылығын қолдаған нормалар аз болған жоқ, қоғамдық қатынастардың басым көпшiлiгiне тараған - шаруашьшық, ауылдың ішкi, тұрмыстық, отбасылық және саяси қатынастарына тараған демократиялық бастамалар, нысандар мен институттар сақталған болатын.
Көшпелі қоғамдағы қазақтың дәстүрлі құқықтарындағы мемлекеттік негізде қолданылған заңнамалардың ендігі бір саласына қылмыстық құқықты құрайтын әдет-ғұрыптар жатады. Қылмысқа қатысты қазақтың дәстүр-салтына енетін құқықтық нормалар аз емес. Ал, оның құрамы жеке адамның өз бетімен істеген қылмыстан бастап, жоғары мемлекеттік дәрежеде жасалған қылмысқа дейінгі аралықты қамтыған. Соған лайықты үкім шығарудың билік институты мен жаза тағайындаудың мемлекеттік тәртіп аясындағы әділ жолын қалыптастырып, дамытып отырған. Көшпелі қазақ қоғамындағы бізге жеткен жалпы құқықтық ережелерді сараптап көрсек, оның ішінде қылмыстық құқыққа қатысты заңдардың да мемлекет мүддесіне қажетінше қызмет жасағанын аңғарамыз.
Сонау көне заманнан тамыр тартып келе жатқан дәстүрлі құқықтардың қылмысқа қатысты ережелеріне зер салып қарасақ, көшпелі қоғамның өзіне тән қылмыс құрамы (сипаты) соған лайықталып шығарылатын үкім-кесімдері мен жаза түрлері болған. Қалай алып қарасаңызда көшпелі қоғамның мемлекеттік құрылымы мыңдаған жылдар бойы бірсыдырғы, көп өзгерістерге түспей ілгерілеп отырғандықтан дәстүрлі құқықтарға қатысты заң ережелері тұрақты болып, халық санасына берік орныққан. Сондықтан да, дәстүрлі құқықтағы әдет-ғұрыптың беріктігінің арасында әрбір жеке адам мемлекет пен қоғамға тікелей бағынышты сипатта болып, мемлекет жүзеге асырып отырған құқықтың ерекше тәсілдерін құрметтей білген. Көшпелі қоғамда заң ретінде белгіленген құқықтық өлшемдердің жиынтығы былайша сараланған, тыйым салынған нормалардан аттап өтпеу, жаман қылықтан бой тасалау, істің мән-жайларын заңи негіздермен анықтап білу кірген. Ежелден қалыптасқан әдет-ғұрыпқа қатысты әдет-ғұрыптағы құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдап, үкім шығаруда және жаза тағайындаудың бірнеше институтын өмірге әкелген. Атап айтқанда аса ауыр қылмыс түрлерінің құрамы:
кісі өлтіру;
әйел зорлау;
ықтиярсыз әйел алып қашу;
жеті атаға толмай некелесу;
ел шабу;
мал талау;
шектен тыс ұрлық-қарлық;
құдайға тіл тигізу;
хан-сұлтандар мен ақсүйек тұқымдарын балағаттау болып келеді.
Көшпелі қоғамның ең маңызды міндеттері -- ішкі әлеуметтік тартыстағы жеке адам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, тыйым салуда ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі құқық нормаларының бұзылмауын қамтамасыз ету және белгіленген құқық нормаларын бұзып, кінәлі болған адамдарға мемлекеттік заңмен мәжбүрлеу шарасын қолдану. Бұл тұғыдан алып қарағанда қылмыстық құқықтағы әдет-ғұрып жүктеген міндеттерді орындамай, дәстүрлі құқықтағы тыйым салынған заңи міндетті аттап өту, қолданылатын заң шараларын ауырлатады. Дәстүрлі құқықты бұлайша бұзу -- теориялық тұрғыдан алып қарағанда қылмыс және теріс қылық деп екіге бөлінеді. Сонымен қылмыс -- дәстүрлі құқықты бұзудың ең ауыр түрі де, ал теріс қылық -- қоғам қалыптастырған салт-дәстүрді құрметтемеудегі (әкімшілік) жауапкершілік болып саналады.
Дәстүрлі құқық негізінде әрбір жеке адам өзінің бас бостандығын қорғауда мемлекеттің заң ретінде белгілеген мүмкіндіктерін толық пайдаланып, өзінің бас бостандығын арашалауға кең түрде жол берілген.
Қазақтың ежелден бергі дәстүрлі құқығындағы қылмыстық ұғымның сипаты әлемдегі көнеден келе жатқан өзге де халықтардың әдеттік ғұрып заңдарымен деңгейлес дамығаны тарихи жазба мұрағаттарда біршама сақталған. Ол үшін қазіргі таңда бүкіл әлемде іргелі мемлекет құрып отырған көптеген елдердің заңдарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза түсінігі
Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы
Мұсылмандық құқық және оның бастаулары
Құқықтық әдет, оның құқықтың бастау көзі ретіндегі орны
Қылмыстық құқықтағы айыппұл
Қазақтың әдет заңындағы қылмыстық істер, оны жазалау
Қазақ әдет ғұрып құқығындағы жазаның жалпы ұғымы
Өлім жазасын тағайындау және оны орындаудың тарихи даму кезеңдері
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
Қазақ сахарасындағы әдет-ғұрып құқығы
Пәндер