Мектепке дейінгі балалардың геометриялық түсініктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мұpын жыpау Ceңгipбeкұлы атындағы Маңғыcтау жоғаpы пeдагогикалық коллeджi МКҚК

КУPCТЫҚ ЖҰМЫC

Тақыpыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларға заттың пішінін, мөлшерін, сандық қатынастарын және кеңістік пен уақытты бағдарлау ұғымдарын қалыптастыру.

Тобы: МДБ 20-1
Пәні: Қаpапайым матeматикалық ұғымдаpды қалыптаcтыpу әдicтeмeci

Дайындаған: Базарбай Г.С.
Жeтeкшici:Келдібаева А.Қ.

Бағасы: ____________________
Күні: ____ _________2024ж

Ақтау 2024
МAЗМҰНЫ

I.КIPICПE ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1.1. Қаpапайым матeматикалық түciнiктepдi ұйымдастыру түрлерінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда заттың пішінін, мөлшерін, сандық қатынастарын меңгеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3.Мектеп жасына дейінгі балаларға кеңістік пен уақытты бағдарлау ұғымдарын қалыптастырудың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

III.ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

IV. ҚОPЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДEБИEТТEP ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КIPICПE
Қазіргі таңда, білім беру саласында болып жатқан өзгерістер мектеп жасына дейінгі тәрбиеге ерекше мән беруді талап етіп отыр. Болашақ мамандарға мектеп жасына дейінгі балалардың Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері мен әдістемесін менгертуде аталған пәннің манызы өте зор. Осыған байланысты, Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні мамандыққа байланысты негізгі пән болып табылады. Бағдарлама талаптарына сай әр түрлі жас топтарда оқытудың мазмұны мен формалары балалардың математикалық даму ережесін көрсете білу, осыған байланысты өз жұмысын жоспарлай білу, болашақ тәрбиеші үшін ең манызды мәселенің бірі болып табылады.
Пәнi: Қаpапайым матeматикалық ұғымдаpын қалыптаcтыpу әдicтeмeci
Куpcтық жұмыcтың мaқcaты: Қаpапайым матeматикалық түciнiктepдi қалыптаcтыpу пәнін оқыту, оқушылардың сандарды, пішіндерді, уақытты, кеңістікті бағдарлауды үйрету болып табылады.
Куpcтық жұмыcтың мiндeттepi:
1. Мeктeпке дeйiнгi балалаpдың матeматикалық танымын дамыту;
2. Мeктeпке дeйiнгi балалаpдың матeматикаға зейінін қабылдау, қиялын, ойлау вариативтілігін қалыптастыру;
3. Балалардың ақыл-ой іс әрекетінің тәсілдерін үйрету;
4. Сандық ұғымдарды қалыптастыра отырып, балаларды санауға үйрету;
5. Пішіндердің көлемін, кеңістікті, уақытты және салмақты бағдарлауды үйрету.
Куpcтық жұмыcтың құpылымы: кipicпeден, негізгі және практикалық бөлiмнeн, қоpытынды жәнe пaйдaлaнылғaн әдeбиeттepден тұpaды.

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

1.1. Қаpапайым матeматикалық түciнiктepдi ұйымдастыру түрлерінің жалпы сипаттамасы
Сабақ құрылымының - көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сəйкес жоспарланады жəне үйретіледі. Материалдармен жұмыс жасаудың 3 түрі бар:
біріншіден - тәрбиеші сабақ барысын көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгілерді көрсетеді, математикалық объектіні негіз етіп алады.
екіншіден - балалар тәрбиешінің іс-əрекетін бақылайды, айтқан нұсқауларын тыңдайды, қойылған сұрақтарына жауап береді.
үшіншіден - ақыл-ойды тəрбиелеуде жəне ой өрісін, психикасын дамытуда математика негіздері аса маңызды рөл атқарады.
Мектепке дейінгі балалардың барлық кезеңдерінде сабақтарға арналған ойын əдістеріне аса мəн беріледі.
Математикалық оқыту барысында қолданылатын əдістер ережеге сəйкес болуы тиіс, оқытудың әртүрлі əдістері мен тəсілдерін пайдалану, оларды жоғары деңгейде үйлестіру қажет. Сонда сабақтар балаларға қызықты, әрі пайдалы болады.
Математика сабақтарында дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Қызықты жаттығулар, шығармашылық тапсырмалармен логикалық есептер т.б.
Əртүрлі қызықты көрнекіліктерді қолдану тәрбиешілік үрдістің тиімділігін арттырады, сондай-ақ, олар баланың ақыл - ойының дамуына үлкен ықпал ете отырып, балалардың ойлауына, ой-өрісінің дамуына, есте сақтау қабылетін арттыруға үлкен ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлауын дамыту. Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қалай болса, ол өскенде де, жұмыста да сондай адам болады- деп А.С. Макаренко айтқандай мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мəселелерге назар аударылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын - мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.
Логикалық ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал болып табылады. Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала жадының, зейінінің қалыптасуына, ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына үлкен əсер етеді. Ойлау шығармашылық жəне таным əрекетінің негізі болып табылады.
Логикалық ойлау - адамның интеллектуалдық қабілеттерінің негізін құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады. Сол себептен балаларға логикалық ойындарды кеңінен жəне жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше зор.
Балабақшада қойылатын басты міндеттердің бірі тәрбиеленушілердің ой - өрісін, іс - қимылын, ақыл-ойын, психикасын жан - жақты дамыту. Математиканы оқытуда есептің алатын орны ерекше зор. Математика негіздерін оқытудың басты мақсаты - математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу. Əдістемесін тәрбиеленушілерге игерту. Есепті шешу - оқытудың мақсаты ғана емес, сондай - ақ құралы да болып табылады. Оның қатарына пəнді оқытуда қарастырылатын əр түрлі жаттығулар, мысалдар, логикалық тапсырмалар, яғни кез-келген математикалық мазмұнды тапсырманы жатқызуға болады. Есепті шешу кезінде оның шартына немесе салдарына математикалық жалпы қағидаларды қолданудың реті анықталады.
А.М.Леушина мектепке дейінгі балаға математиканы оқыту туралы мәлімет.
Математиканы оқыту арқылы бала дамиды, жалпы математика дамудың қайнар көзі.
Оқыту процесінде балаға ерте жастан бастап тек қана дайын білім беріп қоймай, баланың ақ-ойын, ой-өрісін, психикасын дамытудың маңызы аса зор. Содан кейін талдау, синтездеу, жалпылау, жіктеу, салыстыру, абстракциялау, және тағы да басқа сияқты ойлау операцияларын қалыптастыруға және танымдық ынтаны бақылауды, сөздік қорды дамытуға мүмкіндік беретін, оқытудың дамып келе жатырған әдестерін қолдану керектігі жөнінде қорытынды шығады.
Ойлау білім алу негізінде ғана жемісті жетілетінін ұмытпау керек. Совет психологы былай деп жазды: Егер де соңғылары да қажетті мөлшерде пісіп жетіле алмайды.
Дайын білімді бала терең ой жүгірткізбей, есіне сақтап, меңгеріп алатыны белгілі. Совет педагогикасы мен психологиясында оларды жете түсініп, меңгеруі тиіс.
Е.Н.Тихеева мектепке дейінгі балаға математиканы оқыту туралы мәлімет.
Е.Н.Тихеева балаларды өмірде кездесетін, қысқа-ұзын, артық-кем, биік-аласа, қымбат-арзан, кең-тар, қалың-жұқа, ауыр-жеңіл, ірі-ұсақ ұғымдарын балаларға таныстырады. Е.Н.Тихеева балаларға сандарды таныстыру қажет деп есептейді.Ол үшін бііншісіне сан, екіншісіне сандық фигура жазылған қос, картинкалы ойынды енгізіп, берілген санға немесе сандық фигураға сәйкес ұсақ заттарды салып қоятын есептеу жәшігін пайдалануды, сандарды бөлменің әр жеріне қойылған ойыншықтар тобына, қойып шығуды ұсынды. Е.Н.Тихеева балаларды қосу, алу амалдарымен және де сандар мен белгілер жазылған дайын карточкалар арқылы оның жазылуымен таныстырады.
Ф.Н.Блехер балабақшада балаларға математикалық білім беру әдісін жасауда аса үлкен рөл атқарды. Ф.Н.Блехер Балалар бақшасы мен нешінші топтағы математика-(1934) деген кітабы есеп бойынша советтік балалар бақшасына арналғалған бірінші оқу құралы және программа болды Ол жазған методикалық жазбалар (1988,1943,1945) сол жылдары балалар бақшасы үшін басшылық документ арқылы қызмет етті. Естиярлар тобында (5-6ж) балалар онға дейінгі сандарды анықтай алады және жұп ұғымын меңгерді (2 қолғап,2 галош және т.б) Ол ересектер тобының күнделікті қолдануына 1-ден 5-ке дейінгі цифрлардыда енгізуді ұсынады.

1.2. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда заттың пішінін, мөлшерін, сандық қатынастарын меңгеу
Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту барысында пайдаланатын құралдар: жабдықтар, көрнекіліктер, оқулықтар, тапсырмалар (жаттығулар). Сабақ үстінде тəрбиешілерге қойылатын талаптар 1-6 жас аралығындағы балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Балаларға сандық ұғымдарды қалыптастыруды жəне санауға үйрету:
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау ерекшеліктері жəне заттарды қайта жаңғырту жолдары. Мөлшер жəне санау. Мектеп жасына дейінгі балаларда сандық ұғымды қалыптастырудың міндеттері.
- 2-3 жаста айналадағы заттар туралы сезім əрекетін қалыптастыру əдістемесі.
- 3-4 жастағы балалардың үш көлеміндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру, сандарды ауызша санай білуге, сан, сана көп, аз деген ұғымдарды үйрету əдістемесі.
- 4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура жəне кері санауға үйрету, санның натурал қатары туралы түсініктерін қалыптастыру əдістемесі.
Ересек топтағыларға он көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге үйрету, көп, артық, аз, кем, ұғымдарын қолдануға жəне сандардың peт қатарын жаңылмай айтып, топтастыра білуге машықтандыру əдістемесі.
6-7 жаста жиырмаға дейінгі сандарды тура жəне кері санау, 10 көлеміндегі сандарды ауызша есептеп шығаруға үйрету əдістемесі.
Есептеу жəне есеп туралы ұғымын қалыптастыру əдістемесі: Есептеу, өлшеу барысында балалардың сандардың қатары туралы ұғымдарының даму ерекшеліктері. Есептеу іс-əрекеттерінің даму кезеңдері. Əр жас топтарында балаларды есептеуге үйретудің міндеттері. Жиын мен пішінді салыстырғанда пайда болатын санның шығуы. Реттік жəне сандық есептеу. Есептеудің ережесі. Берілген санды қайта санау (санап aлy). Есептеу, есептеудің заттық сапалық белгілері, не кеңістікте орналасуына қатыссыз болуы. Есептегенде əр анализатордың қатысуы.
Балаларды 10 көлемінде санатып үйрету.10 көлеміндегі заттарды үлгі және берілген сан бойынша санап ала білу шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру және бекіту. Әр түрлі заттар топтарынан саны жөнінен тең заттарды таба білу,санау және жиындарды салыстыру негізінде жиындарды санмен дұрыс жинақтай білу. Бес көлеміндегі санның құрамындағы бірліктер санын нақтылап материалдан білу(бес дегеніміз-бір,тағы бір,тағы бір,тағы бір және тағыда бір). Балаларды 10 көлеміндегі реттік санауға үйрету; қандай, қайсысы, қанша деген сұрақтардың мәнін айыра білу және оларға дұрыс жауап бере алу.
Берілген нақты құралмен, сандық құрамның бірліктен тұратынын үйрету əдістемесі. Ауызша санау жəне арифметикалық есептерді кұрастыру жəне шығару. Цифрлармен таныстыру, көп, аз, тең ұғымдарының шартты белгілерін үйрету жолдары. Топтарды есептеу. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуге үйрету əдістемесі.
Арифметикалық есептер:
Балалардың арифметикалық есептерді түсіну ерекшеліктері. Есептермен жұмыс кезіндегі əдістемелік тəсілдер мен жүйелік +, -, , , = белгілерді қолдану əдістемесі.
Заттардың көлемі жəне өлшеу тəсілдері. Өлшемнің көлемі мен сан арасындағы функциональды байланыс.
Балалардың заттардың көлемі мен оларды өлшеу туралы ұғымдярын қалыптастыру:
Көлем мен өлшем туралы жалпы түсінік. Көлемнің негізгі қасиеттері; Мектеп жасына дейінгі балалардың заттың көлемін қабылдау ерекшеліктері. Заттардың өлшеміне қарай өсуі. Заттардың көлемін салыстыру мен қабылдауда сөздің рөлі. Айналадағы заттардың ұзындығын, биіктігін, енін шартты өлшеуішпен (условный прибор) өлшеуге үйрету əдістемесі.
Мектеп жасына деиінгі балаларға заттың ені, ұзындығы, биіктігі бойынша салыстыру мен зерттеу тəсілдерін үйрету жолдары. Заттардың көлемі, өлшеміне қарай өсуі бойынша реттеу тəсілдері. Көзбен өлшеуін үйрету əдістемесі. Заттардың кеңістікте орналасу жағдайына тəуелсіз өлшемін көру қабілетінің ерекшеліктері.
Берілген өлшемнің көмегімен əртүрлі көлемдегі өлшемдерді өлшеу туралы түсініктері. Санмен өлшем арасындағы байланыстық қызмет. Сұйық жəне сусымалы денелердің көлемін шартты өлшеуішпен анықтау жолдары. Заттың салмағы (масса) туралы түсінік қалыптастыру əдістемесі. Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптастыру:
Кішкентай кезінен бастап баланың санасында бірдей және әртүрлі заттардан тұратын жиынтықтар туралы ұғым қалыптаса бастайды. Заттар жиынтығының санын анықтау жолдарын біледі. Заттар мен құбылыстар жиынтығының дұрыс қабылдануына қоршаған орта (көптеген адамдар, таныстар мен таныс емес жандар, көз алдында қозғалып жататын заттар, біркелкі қайталанатын дыбыстар) көмектеседі. Заттар мен құбылыстардың көптігін бала есту, көру және кинестетика және тағы да басқалар арқылы қабылдайды. Мөлшер және есептеу жөніндегі ұғымдары санға дейінгі мөлшерлік қатынасты қалыптастырудан басталады: заттардың шамасы бойынша теңдік, теңсіздік; құрамына кіретін заттардың саны бойынша теңдік, теңсіздік. Бала артық, кем, тең деген математикалық қатынастарды түсіне бастайды. Содан кейін оны санауға үйретуге болады, он көлеміндегі сандар туралы, сандар тізбегі арасындағы байланыстар, жекелеген бірліктер мен екі аз санның сандық құрамы туралы түсінік береміз. Ересектер тобында сандардың жасалуы туралы ұғым қалыптастырылады. Мұны екі заттар жиынтығын сәйкестендіру арқылы көрсетуге болады. Балалар келесі санның алдыңғыдан, алдыңғы санның келесі саннан қалай шыққанын алу принципін ұғынуы тиіс. Ол үшін 2 жаңа сан, мысалы 5 пен 6 сандарын аламыз. Әрбір келесі санның қалай жасалатынын көрсету үшін алдыңғы санның қалай алынғанын қайталау қажет. Санау мен салыстырылатын екі жиын элементтерін бір-бірлеп санау тәсілдерінің (өзара бірмәнді сәйкестік, яғни, А заттар жиынының әрбір элементіне В заттар жиынынан сәйкесінше бір сан сәйкес келеді) мәнін түсіну үшін тең, артық, кем байланысын анықтаған кезде заттарды санап, содан соң оларды санына қарай салыстыру қажет немесе 2 топтағы заттарды салыстырудың түрлі тәсілдерін (бір-біріне қойып салыстыру, эквиваленттер пайдалану) пайдалана отырып, бір-бірімен салыстырған жөн. А жиынының әрбір элементіне В жиынынан сәйкесінше бір сан сәйкес келеді. Бұл балалардың топтардың бірінде бір заттың артық қалғанын көруге, яғни оның көптігін байқауға көмектеседі (екіншісінде керісінше, бір зат жетпейді, яғни ол аз). Балалар көрнекілікке сүйене отырып сандарды салыстырады. Топтарды теңестіру принципін балалар тәжірибе арқылы меңгереді. Яғни бір затты саны жағынан аз топқа қосу немесе саны жағынан көп заттан бір затты алып тастау арқылы үйренеді. Балалар әр санның қалай алынғанын (яғни қандай санға қандай сан қосқанда немесе қандай саннан қандай санды алып тастағанда пайда болғанын) әңгімелей біледі. Егер олар жауап беруге қиналып жатса, Нешеу болды? Нешеуін қостыңдар (алдыңдар)? Енді нешеу болды? деген сұрақтар қою қажет. Балалардың білімін пысықтау үшін ұжымдық жұмысты үлестірмелі материалмен жасалатын өзіндік жұмыстармен кезектестіріп отырған абзал.
Мектепке дейінгі балалардың геометриялық түсініктері. Қарапайым геометриялық пішін туралы түсініктер қалыптастыру əдістемесі.
Геометриялық пішін - заттың формасын қабылдаудағы эталон. Зат формасымен геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері.
Зерттеу əрекеті жəне оның форманы тандаудағы рөлі. Форма туралы түсініктерді қалыптастырудағы жəне қабылдаудағы сөздің орны. Əртүрлі белгілерге байланысты геометриялық пішіндерді топтастыру əдістемесі, геометриялық пішіндерді бұрыш, қабырға сандарына байланысты салыстыру əдістері. геометриялық пішіндерді трансфигурациялау бейнелеу, таяқшалардан кұрастыру əдістемесі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны:дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға;
балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге, қолдың ұсақ моторикасын, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға;
тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуге;
өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасауға;
тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ескере отырып, сабақтастық пен үздіксіздік қағидаларын қамтамасыз етуге;
бастауыш білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беруге бағытталған.
Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сенсорика ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
Мақсаты балалардың танымдық қабілеттерін, білуге құштарлығын, қиялын, зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын дамыту болып табылады.
Міндеттері: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру; түрлі сенсорлық әсерлермен байыту; қоршаған ортада бірлесіп әрекет етуді дамыту;түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту;заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу.
Күтілетін нәтижелер:үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды; қимылдарды, қолдың ұсақ моторикасын үйлестіру дағдыларын меңгерген;ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табады; түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі қасиеттері бойынша салыстырады; қарапайым көру-қимыл үйлесімділігін меңгерген; көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастырады;заттардың көлемін, түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінеді; заттардың санын ажыратады (біреу-көп); түсі, көлемі, пішіні бойынша заттарды өз бетінше зерттейді және салыстырады.

1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларға кеңістік пен уақытты бағдарлау ұғымдарын қалыптастырудың жалпы сипаттамасы
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады. Мақсаты балалардың қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, коммуникативтік-танымдық қабілеттерді, математикалық және логикалық ойлауды дамыту болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада математиканы оқытуды ұйымдастыру төмендегідей бөлімдерден тұруы тиіс:
Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Оқытудың дидактикалық принциптері.
Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту мен бастауыш мектепте математиканы оқытудың сабақтастығы.
Қарапайым математикалық түсініктерді дамытуда қолданылатын əдістер, ұйымдастыру түрлерінің жалпы сипаттамасы.
Балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыру əдістемесі:
Кеңістікті бағдарлау туралы түсінік. Балалардың кеңістіктегі бағдарлау генезисі. Кеңістікті бағдарлаудың сезімдік негіздері. Кеңістікті бағдарлау жəне қабылдаудағы сөздің рөлі. Кеңістікті бағдарлауды қалыптастыру міндеттері.
Статистика мен қозғалыста өзінен негізгі бағытты ажырату ерекшеліктері.
Қоршаған ортада өзінен жəне заттардан бағдарлана білуі, заттардың
бір-бірінен қатынастағы орнын анықтау. Балалардың қоршаған кеңістікті бағдарлауды меңгеруі. Көру жəне өлшеу арқылы арақашықтықты анықтау əдістемесі. Кеңістікте бағдарлауды дамытуға арналған дидактикалық ойындар.
Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру:
Уақыт жəне оның өлшемі. Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдауы. Балаларды уакыггы бағдарлауға оқытудың міндеттері.
Балалардың уақыт сезімін қалыптастыру əдістемесі. Тəулік бөліктерін ажырату, олардың кезектесуін анықтау ерекшеліктері.
Тəулік ұғымы:
Уақыт кезеңдерінің алмасу кезектігін түсіну жəне кеше, бүгін, ертең сөздерінің мағынасын түсінуі. Ересектер тобындағы балалардың уақытты сөзінуін дамыту жолдары. Екі өлшемді кеңістікте бағдарлауға үйрету əдістемесі. Кеңістікті бағдарлауды дамыту үшін қолданылатын дидактикалық ойындар. Балаларға уақытты бағдарлауды үйретудің міндеттері. Уақытты сағатпен анықтауға үйрету əдістемесі.
Кеңістікте бағдарлау.
Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.
Балабақшаның жоғарғы тобында тәрбиеленуші үшін уақытты бағдарлаудың маңызы өте зор. Себебі ол - заттардың шамасын, пішінін, орналасқан орнын анықтаумен тығыз байланысты дүние. Балалар оң және сол қолын ажыратып, заттардың орналасқан бағытын (жоғарыда, төменде, алдында, артында, сол жақта, оң жақта) анықтау қабілетіне ие болады. Бұл топтағы балалар заттардың өзінің қай жағында тұрғанын анықтап қана қоймай, оларды сол бағытта орналастырып шығуға қабілетті.Балалар алдымен өзін заттың орнына ойша қойып көруі тиіс. Иллюстрациялық материалдар ретінде ойыншықтар мен айналадағы заттарды да қолдана беруге болады. Ол үшін заттың бағытын анықтап алуы тиіс. Содан соң балалар бір-бірінің оң жағы мен сол жағын табуды үйренеді. Мысалы: оң қолы мен сол қолы қайда, содан соң қуыршақ пен қоянның кеудесі қайсы және т.б. анықтайды.
Басты міндет - балалардың бойында заттың өзге заттың қай жағында орналасқанын анықтай алу қабілетін дамыту. Мысалы: үстелдің оң жағында, ал тақтаның сол жағында және т.б.
Мектепке дейінгі топтардағы балалардың кеңістікте бағдарлау қабілетін дамыту үшін педагог мынадай жаттығуларды пайдалана алады: :: дидактикалық суреттерді қарап шығу және ондағы заттардың орналасу орнын сипаттап беру;
:: әртүрлі орналасқан, бірақ біртектес заттары бар картиналарды жұптастыру;
:: дене шынықтыруға арналған жаттығулар; балалар бұл жаттығулар кезінде белгілі бір белгі бойынша қозғалыс бағытын өзгертуді, өзінің белгілі бір заттың қай жағында тұрғанын суреттеп беруді үйренеді.
Сөйлеуде белгілі бір заттың өзіне немесе басқа затқа қатысты орнын көрсете білуге үйрету. Берілген бағытта, оны белгі бойынша өзгерте отырып, бағдарлауын қалыптастыру. Қағаз парағын бағдарлай білуді бекіту.
Кез келген заттың баланың өзіне қатысты алғандағы орнын сөзбен анықтай білу шеберлігін бекіту; екінші балаға қатысты анықтай білу. Қозғалыс кезінде кеңістікте бағдар жасай білуге жаттықтыру ,жүргенде, жүгіргенде, жаттығулар жасау кезінде қозғалыс бағытын өзгертуге үйрету.
Уақыт жөнінен бағдарлау.
Уақыт - абстрактілі ұғым. Сондықтан оны балалардың меңгеруі қиындық тудырады. Уақыт ұғымдарын балалар өз іс-әрекеті, үлкендердің белгілі бір уақытқа қатысты іс- қимылдары, объективті көрсеткіштерге (күн, жарық, табиғат құбылыстары) баға беру арқылы ұғынады. Уақыттың таңертең, күндіз, кеш, түн сияқты мезгілдері туралы ұғымын нығайтамыз. Олар уақыт сырына өз іс-әрекеттері (таңертең - бала-бақшаға бару, түсте - түскі ас ішу, т.б.) арқылы ғана емес, күрделі уақыт көрсеткіштері - табиғат құбылыстары (таңертең күн шығады, уақыт өткен сайын жарық бола түседі, т.б.) арқылы қаныға түседі. Уақыт мезгілдері туралы түсінікті нығайтуға Біздің бір күніміз, Бірінші қайсысы? Кейін қайсысы?, Қайсысы ерте? Қайсысы кейін? деген дидактикалық ойындар көмектеседі. Кейін балаларды апта күндерімен таныстыруға болады. Балалар алдымен ересектер күндіз деп атайтын тәуліктер бірінің орнына екіншісі келіп ауысып жататынын білді. Осындай жеті күн немесе жеті тәулік бір аптаны құрайды. Аптаның әр күнінің өз атауы бар. Аптадағы күндер де үнемі белгілі бір рет бойынша жүреді. Мысалы: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Аптадағы күндердің атауларын балалардың белгілі бір әрекеттерімен байланыстыруға болады. Мысалы, бейсенбі сайын сендерде дене шынықтыру, жұмада музыка сабағы болады, т.б. Педагог күн сайын Бүгін қандай күн? деп сұрайды. Содан соң кеше аптаның қай күні болғанын, ертең қандай күн болатынын түсіндіреді. Жиі-жиі апта күндерін ретпен атап беруді сұрап отырады. Белгілі бір күнді атап, соның алдында немесе содан кейін қандай күн тұрғанын сұрайды. Аптадағы күндердің ауысу барысын қадағалау арқылы балалар уақыттың бір орында тұрмайтынын түсінеді, оның қалай қозғалатынын ұғады: күн артынан күн, апта артынан апта өтеді. Балалар уақыттың тоқтамайтынын, жылдың айналып тұратынын айта бастайды: күз болып еді, өтіп кетті, енді тағы да айналып күз келді. Өткен аптада дүйсенбі болып еді, жеті күннен кейін дүйсенбі тағы қайтып оралды. Балалардың уақыт терминдерін жиі пайдалануына ауызша дидактикалық ойындар мен ойын түріндегі жаттығулар көмектеседі. Мысалы, Әрі қарай жалғастыр! ойынын алайық. Бұл жаттығуды доп ойыны түрінде өткізуге болады. Балалар шеңберге тұрады. Педагог қысқа сөз тіркесін айтып допты лақтырады. Доп тиген бала соған сәйкес келетін уақытты атауы тиіс. Мысалы, педагог допты лақтырғанда: Сурет оқу қызметі... десе, балалардың бірі: ... ертең болады деуі керек және т.б.
Әртүрлі оқиғалардың, апта күндерінің, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызықты математикалық ойын-жаттығулар арқылы балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтау
Мектеп жасына дейінгі баланың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің теориялық негізі
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық түсініктерін қалыптастыру
Сан және санау әрекетін балабақшада оқытудың әдістемелік негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы
Мектепке даярлық тобындағы балалардың ойлау қабілетін қарапайым математикалық түсініктер арқылы жетілдірудің теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балаларға математика элементтерін оқыту ерекшеліктері. Балаларды оқыту және дамыту және оның ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларда өлшеу әдістері туралы идеяларды қалыптастыру
Пәндер