Өсімдіктерді бактериоздардан қорғау


ЖАЛПЫ ФИТОПАТОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ ДӘРІСТЕРІ
1 -Дәріс КІРІСПЕ ДӘРІС
1 Жалпы фитопатологияның мақсаты мен міндеттері, маңызы
2 Өсімдік аурулары және олар туралы түсінік
3 Фитопатология ғылымының қалыптасуы
Әдебиеттер:
- Карбозова Р. Д., Туленгутова Фитопатология: Оқулық. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2014ж.
- Қойшыбаев М., Жанарбекова А. Б. Жалпы фитопатология. - Алматы, 2012 3 Тулеева А. К., Габдулов М. А., Сейтжанова Ш. Б., Сағатбек С. Д. Жалпы фитопатология ПРАКТИКУМЫ. - Астана: С. Сейфуллин ат. КАТУ, 2018
4 Тулеева А. К. Жалпы фитопатология пәнінен оқу-әдістемелік кешен. - Нҧр - Султан, 2020
Қосымша әдебиеттер
- Попкова К. В. Общая фитопатология. - М. :2005
- ТулееваА. К., Сейтжанова Ш. Б., Сағатбек С. Д. ПРАКТИКУМ по общей фитопатологии. - Астана, 2018
Фитопатология- өсімдік аурулары туралы ғылым. Жалпы фитопатология пәннің негізгі мақсаты:
- өсімдік аурулары туралы ғылымның негіздері;
- жұқпалы және инфекциялық емес аурулардың себептері;
- олардың дамуы мен таралуын теориялық білім және практикалық тәлім қалыптастыру.
Жалпы фитопатологияның негізгі міндеттері:
- Өсімдік ауруларының негізгі түрлері менбелгілерін;
- патологиялық өзгерістердің жалпысипаттамасын;
- саңырауқұлақтар мен бактериялар, микоплазмалар, вирустар мен вироидтар, паразиттік ;
- олардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Жалпы фитопатологияның әдістемелік және теоретикалық негіздерін қалыптастыру;
- ауруларды анықтау және олардан қорғауәдістерін;
- ауру себептерін, ауру қоздырғыштарының жүйелік орнын, ерекшеліктерін, даму циклдерін, инфекция қоры мен ошақтарын, табиғатта сақталуынзерттеу.
- фитопатологияда ауруларға қарсы бағытталған кешенді жүйені қалыптастыру және жетілдіру.
2 Өсімдік аурулары және олар туралы түсінік
Өсімдік ауруы - өте күрделі динамикалық құбылыс, оның басталуы, дамуы және аяқталуы бар үрдіс. Патологиялық үрдісте өсімдік клеткалары мен ұлпаларының физиологиялық реакциялары, құрылымдары өзгеріп өнім азаяды.
Өсімдік ауруы - биотикалық немесе абиотикалық факторлардан туындайтын жасушалар мен ұлпалар, өсімдік мүшелерінде байқалатын морфо-анатомиялық және физиологиялық өзгерістер.
Өсімдіктерде кездесетін патологиялық өзгерістердің себептері екі үлкен топқа бөлінеді.
Этиологиялық классификация бойынша барлық өсімдік аурулары туындау себептеріне байланысты бөлінеді: жұқпалы (инфекциялы) ; жұқпайтын.
Инфекциялық аурулардың жалпы белгiсі - олардың басқа өсiмдiктерге таралу қабiлеттiлiгi. Қоздырғыштары ретінде фитопатогендi саңырауқұлақтар, саңырауқұлақтәріздес ағзалар, бактериялар, микоплазмалар, вирустар, вироидтар, паразиттік өсімдіктер болады. Инфекциялық : микоздар; бактериоздар; актиномикоздар; вироидоздар; фитоплазмоздарболады.
Инфекциялық емес (жұқпайтын) аурулар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлардан пайда болады. Өсіп өну кезеңінде өciмдiктен өсiмдiкке берiлмейді, таралмайды.
Инфекциялық емес аурулардың себептері:
- қоректік заттардың жетіспеуі
- немесе мөлшерден артықболуы;
- қолайсыз климаттың жағдайы;
- химизациялау;
- қолайсыз топырақтық жағдай;
- механикалық жарақаттартуғызады.
Сонымен қатар, сәулелік, хромосомды ауруларды жатқызады.
Мәдени дақылдар көптеген аурулармен залалданып, олардан алынатын өнімнің саны мен сапасы төмендейді. Аурулар шаруашылыққа едәуір зиянын тигізеді. БҰҰ (ФАО) пікірі бойынша бүкiл әлемде жалпы зиянды ағзалар салдарынан ең маңызды ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі 30-42% мауысым кезеңінде және 10-15% сақтау кезінде төмендейді, олардың ішінде аурулардан 13, 3%.
Қазақстан Республика бойынша аурудың салдарынан жыл сайын алынатын өнім 20-30 % кеміп, ал кейбір дақылдардың өнімі кеселдің дамуына қолайлы жылдары 50-70% дейінтөмендейді.
Аурулар келтіретін шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Фитосанитарлық жағдайды басқару және зиянды ағзалар кешенін шаруашылық тұрғыдан зияны сезілмейтіндей деңгейде реттеп отыру дегеніміз өсімдіктерді интегралды қорғау деп аталады. Интегралды қорғау жүйесіне келесі әдістер кіреді:
- карантиндік;
- агротехникалық;
- физикалық;
- механикалық;
- биологиялық;
- селекциялық жәнебиотехнологиялық;
- химиялық
3 Фитопатология ғылымының қалыптасуы
19 ғасырдың бірінші жартысындаағайынды Тюландардың, неміс микологы Антон де Бари (1831-1888 жж. ) және орыс ғалымы М. С. Воронин (1838-1903жж. ) ашқан жаңалықтары фитопатология ғылымның қалыптасуына негіз болды.
Берилл (1882-1953 жж. ), Эрвин Смит (1854-1927 жж. ) бактериология саласының қалыптасып, дамуына үлкен үлес қосты.
Д. И. Ивановский (1892 ж. ) , У. Стэнли ( 1935 ж. ) ғалымдарының ғылыми зерттеулері негізінде вирусологияның қалыптасуы басталды.
Ресейде А. А. Ячевский (1863-1932 жж. ) 20- ғ. бас кезінде Санкт-Петерборда фитопатология зертханасын ашып, «Өсімдік аурулары туралы мәліметтер» атты ғылыми еңбектер жинағын жыл сайын шығарып тұрды.
В. А. Траншель , Н. А. Наумов , А. С. Бондарцев , Т. Д. Страхов, А. И. Боргардт және т. б. фитопатологияның қалыптасуына көп еңбек сіңірді.
Қазақстанда басында Республикалық өсімдіктер қорғау стансасында дақылдар ауруларын зерттеуде қолданбалы мақсатқа көбірек көңіл бөлінді.
1958 жылы Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ құрылды (Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ) . Оның ұйымдастырушысы, директор, фитопатолог Ж. Т. Жиенбаев өсімдіктер қорғау саласындағы ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Бүкіл одақтық астық шаруашылығы ҒЗИ-да (Республикалық астық шаруашылығы ҒӨО), аймақтық ҒЗМ ғалымдары өндіріске кеңінен ендіріле бастаған топырақты жел эрозиясынан қорғау жүйесіне фитосанитарлық тұрғыдан баға берді. Қостанай облысында ВИЗР тіреу пункті ашылып, беделді ғалымдар зерттеулер жүргізді.
2 тақырып ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІС ЖӘНЕ АУРУ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫНЫҢ ПАРАЗИТТІКҚАСИЕТТЕРІ
- Патологиялық үрдістің кезеңдері
- Ауру өсімдіктердің патология-биохимиялық өзгерістері
- Фитопатогендердің типтері
- Ауру қоздырғыштардың патогендік қәсиеттері
- Паразиттік бейімделу түрлері, өзгергіштігі
Әдебиеттер:
- Карбозова Р. Д., Туленгутова Фитопатология: Оқулық. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2014ж.
- Қойшыбаев М., Жанарбекова А. Б. Жалпы фитопатология. - Алматы, 2012 3 Тулеева А. К., Габдулов М. А., Сейтжанова Ш. Б., Сағатбек С. Д. Жалпы фитопатология ПРАКТИКУМЫ. - Астана: С. Сейфуллин ат. КАТУ, 2018
4 Тулеева А. К. Жалпы фитопатология пәнінен оқу-әдістемелік кешен. - Нҧр - Султан, 2020
Қосымша әдебиеттер
- Попкова К. В. Общая фитопатология. - М. :2005
- ТулееваА. К., Сейтжанова Ш. Б., Сағатбек С. Д. ПРАКТИКУМ по общей фитопатологии. - Астана, 2018
- Патологиялық үрдістің кезеңдері
Өсімдікте таралуына байланысты аурулар жергілікті (локалды) және жалпы емес жүйелі (диффузды) деп бөлінеді. Патологиялық үрдіс негізінен үш кезеңнен тұрады:
1 фитопатогеннің өсімдікке жұғуы, 2 инкубациялық мерзім,
3 ауру белгілерінің толықтай байқалуы.
Патогендердің өсімдік ұлпаларына енуі олардың түрлеріне байланысты.
Бактерия механикалық жарақаттар, табиғи саңылаушалар мен тамыр түйктері және гүл аналығы арқылы енеді.
Вирустар, микоплазмалар көбінесе бунақденелілермен тасымалданады, жұмыс құралдарымен және өсімдіктер бір-бірімен түйіскен кезде жұғады, тұқыммен таралуы мүмкін.
Фитопатогенді саңырауқұлақтардың енуі:
- кутикула арқылы споралары өніп, мицелий береді және ол өсімдік ұлпасынаенеді;
- тыныс жолдары және су саңылаушаларыарқылы;
- ферменттері арқылы өсімдік кутикуласын ерітіп ішкі ұлпағаөту.
2 кезең - Аурудың даму мерзімі қоздырғыштың өсімдік ұлпасына еніп, онда біраз тіршілік етіп, жаңа ұрпақ түзу аралығын қамтиды.
Өсімдіктердің инфекциямен заладануынан бастап, аурудың сырт белгілері байқалғанға дейінгі уақыт инкубациялық мерзім депаталады.
Инкубациялық кезеңi патогеннің дамуы үшiн оңтайлы жағдай болганда қысқарады, қолайсыз - тиiсiнше артады
Аурулар мен ауру қоздырғыштары өсімдіктер ұлпасындағы, жасушаларындағы қалыпты құрылымына, дамуына әсер етіп келесі процесстер тудырады:
- гипертрофия, гиперплазия, гипоплазия,
- некроз, дегенерация, мацерация,
- склеротизация, эпидермистің жарылуы
- Ауру өсімдіктердің патология - биохимиялық өзгерістері
Ауру қоздырғыштарының әсерінен өсімдіктің мүшелерінде неше түрлі патологиялық өзгерістер туындайды:
- өсімдіктердің тыныс алуының өзгеруі;
- өсімдік мүшелерінің қоректік заттармен қамтамасыз етілуініңбұзылуы;
- су режимінің бұзылуы;
- фотосинтез қарқынының төмендеуі;
- көмірсу және ақуыз айналымының өзгеруі;
- ферменттер қызметтiнің бұзылуы;
- өсу заттары түзілуінің бұзылуы.
- Фитопатогендердің типтері
Факультативті сапротрофтар тіршілігінің басым бөлігінде тірі ұлпаларда тіршілік етеді, кейін сапротрофтар сияқті өлі органикалық заттармен қоректене алады.
Факультативті паразиттер тіршілігінің басым бөлігінде өлі органикалық заттармен қоректенеді, кейін олар паразиттік тіршілікке ие- өсімдік үшін қолайсыз жағдай туғанда әлсіреген ұлпаларға ғана көшеді және алғашында өлген учаскілерді мекендейді.
Облигатты немесе биотрофты паразиттер. Бұлар тек тірі ағзада ғана тіршілік ете алады, жасушасындағы дайын органикалық заттармен қоректенеді. Көбінесе, жақсы күтіп бапталған өімдіктерді таңдайды. Олардың ферменттері ие-өсімдіктің жасушыларын бүлдірмей, соңғылары ұзақ мерзімге дейін өзіне тән қызметтерін істей береді.
- Ауру қоздырғыштардың патогендік қәсиеттері Фитопатогенді ағзаларға тән қасиеттері:
Хемотропизм -ие өсімдіктер бөліп шығаратын заттарға патогенді еліктіру үрдіс;
Патогенділік - ағзаның ие-өсімдікті ауруға шалдықтыру, оған зиян келтіру қабілеттілігі. Патогенділік - вируленттілік пен агрессивтілігінің жиынтығы.
Вируленттілік патогенділіктің сапалық белгісі. Патогеннің белгілі ие- өсімдіктің, сорттарының ұлпасына еніп, оның жасушаларында тіршілік ету қабілеттілігі.
Агрессивтілік патогенділіктің сандық белгісі. Келесі көрсеткіштер арқылы сипатталады: инфекциялық жүктеме (инфекционная нагрузка; паразиттік қарым-қатынастардың орнатылу жылдамдығы; инкубациялық кезеңінің ұзақтығы; бір уақыт мерзімінде залалданған өсімдіктер саны.
- Паразиттік бейімделу түрлері, өзгергіштігі
Филогенетикалық мамандануы: патогендердің белгілі өсімдіктер сортына, түріне, туыс пен тұқымдасына бейімделу. Полифагтар әр түрлі
ботаникалық алшақ туыстарының өсімдіктерінде паразитті тіршілік ете алады.
Маманданған фитопатогендер немесе монофагтар өсімдіктің бір түрінде немесе туысында ғана паразитті тіршілік ете алады.
Олигофагтар белгілі бір тұқымдасқа немесе бір неше туыстыққа жататын өсімдіктерде паразиттік тіршілік ете алады.
Фитопатогендердің өзгергіштігін көрсету үшін келесі терминдер пайдаланылады:
Биотип - генетикалық ұқсас формалардың популяциясы.
Физиологиялық расалар - бұл өсімдік-иесі түрінің тек белгілі бір сортына бейімделу ретінде ерекшеленетін биотиптер.
Патологиялық нұсқа (патовариант - p. v. ) - бактерия биотиптердің белгілі бір өсімдік-иесі түрлерін залалдау қабілеттілігінің айырмашылығын білдіреді.
Вирустарда штамм деген термин пайдаланылады.
Маманданған формалар ( f. sp. ) - морфологилық ұқсас биотиптер, айырмашылығы - өсімдіктердің бірнеше түрін немесі бірнеше туыстың түрлерін залалдау қабілеттілігі. Puccinia graminis f. sp. secalis
2 -Дәріс Өсімдік иммунитетінің жалпы заңдылықтары және жіктелуі. Активті және пассивті иммунитет факторлары. Зиянкестермен ауруларға қарсы өсімдік иммунитетінің механизмдері.
Эволюциялық үрдісте өсімдік пен зиянды ағза арасында белгілі бір әсерлесу қалыптасады, нәтижесінде өсімдік немесе өледі, немесе тоғышарға қарсы тұраалатын қасиетке (иммунитетке) ие болады. Өсімдіктерде иммунитеттің негізгі екі түрін ажыратады: туа біткен, немесе жаратылысты (табиғи) және жаңа қалыптасқан немесе индуцирленген (жасанды) .
Туа біткен , немесе жаратылысты (табиғи) иммунитет - бұл өсімдіктің ауруға (зянкеспен) шалдықпау (зақымдалмау) қасиеті. Туа біткен иммунитет ұрпақтан ұрпаққа өтеді.
Туа біткен өз кезегінде пассивті және белсенді (активті) иммунитет деп бөлінеді. Бірақта көптеген зертеулердің нәтижесі өсімдіктер иммунитетін пассивті және белсенді деп бөлу шартты деп қортынды жасауға болмайтындығын көрсетті. Осы жағдайды кезінде Н. И. Вавилов (1935) дәлелдеген болатын.
Пассивті иммунитет деп ие-өсімдіктің ұлпасына патогеннің еніп және дамуына өсімдіктің кедергі жасау қасиетін атаймыз. Оның болуы тоғышардың бар жоқтығына байланысты емес.
Белсенді (активті) иммунитет деп тоғышардың өсімдікке енуіне қарсы өсімдіктің белсенді жауап беру қасиетін атайды.
Сыртқы факторлар ықпалымен қалыптасатын және геномдарын өзгеріске әкелмейтін өсімдік төзімділігінің көтерілуін жаңа қалыптасқан немесе индуцирленген ( жасанды) иммунитет деп атайды. Тұқымға немесе өсімдікке әсер ету арқылы өсімдіктің төзімділігін жоғарылататын факторларды индукторлар деп атайды.
Жаңа қалыптасқан немесе индуцирленген ( жасанды) иммунитет дегеніміз өсімдік ауырып жазылуына немесе сыртқы әсерлер ықпалына, әсіресе өсімдіктерді өсіру жағдайына байланысты өсімдіктің ауруларға шалдықпау (зиянкестермен зақымдалмау) қасиеттері.
Өсімдіктер төзімділігін әртүрлі тәсілдер қолдану арқылы жоғарылатуға болады: микротыңайтқыштар қолдану, себу (егу) мерзімдерін өзгерту, себу (егу) тереңдігін реттеу т. б. . Төзімділікке ие болу әдістері биотикалық немесе абиотикалық қасиетке ие индукторлар түрлеріне тәуелді. Ауылшаруашылық тәжірибеде төзімділікті жаңадан қалыптастыруға себебін тигізетін тәсілдер кеңінен пайдаланылады. Мысалы, астық дақылдарының тамыр шірікке төзімділігін жоғарылату үшін жаздық астықтарды қолайлы ерте мерзімде, ал күздік астықтарды қолайлы кеш мерзімде себу арқылы, сонымен қатар бидайды тұқымнан өніп шыққан кезінде залалдайтын қатты қара күйеге төзімділігін қолайлы себу мерзімін қадағалай отырып жетуге болады.
Өсімдіктер иммунитеті өсімдіктің осы түрін қоздырғыштың залалдай алмайтындығына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, астық дақылдарын картоптың фитофторозы мен таз қотыры, қырыққабатты - күйе аурулары, картопты - астық дақылдарының тат аурулары залалдамайды т. б. . Бұл жағдайда иммунитет толық өсімдік түрімен анықталады. Өсімдіктің белгілі бір түрін залалдай алмайтын қоздырғыштың қасиеті арнай емес (неспецифическим) иммунитет деп аталады.
Табиғи арнайы емес иммунитет эволюция үрдісі кезінде өсімдіктің осы түрін залалдауды қамтамасыз ете алмаған көптеген сапротрофты түрлерден қорғай алады.
Кейбір жағдайларда иммунитет жалпы өсімдік түрімен емес, тек қана осы түр ішіндегі бөлек сұрыппен анықталуы мүмкін. Осыған байланысты бір сұрыптар иммунды да аурумен залалданбайды, ал басқалары - ауруды қабылдағыш болып келедіде, аурумен қатты залалданады. Мысалы, картоп ісігінің қоздырғышы Synchytrium endobioticum Solanum түрін залалдайды, бірақ оның ішінде осы аурумен залалданбайтын сұрыптары (Камераз, Стойловый 19 және т. б. ) бар. Мұндай иммунитетті сұрыптық (сортовым) арнай (специфическим) деп атайд. Ол ауылшаруашылық дақылдарының төзімді сұрыптарын шығаруда өте маңызды.
Бір қатар жағдайларда өсімдік әртүрлі аурулардың қоздырғыштарына төзімді болуы мүмкін. Мысалы, күздік бидайдың сұрыбы ақ ұнтақ пен сабақ қоңыр татына иммунды олуы мүмкін. Сұрыптың немесе өсімдік түрінің бірнеше ауру қоздырғыштарына төзімділігі кешенді немесе топтық(групповым) иммунитет деп аталады. Кешенді иммунитетті сұрыптар шығару - ауылшаруашылық дақылдарының өнімдерін аурулар әсерінен сақтау ең қалаулы жол болып табылады. Мысалы, бидай Triticum timopheevi күйеге, татқа, ақ ұнтаққа қарсы иммунитетке ие. Темекі әлепастығы (мозаика) вирусына және жалған ақ ұнтаққа төзімді темекі сұрыптары белгілі. Осындай сұрыптарды өндірісте пайдалану, дақылдарды негізгі аурулардан қорғау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. .
2. 1. Пассивті иммунитет факторлары
Өсімдіктер төзімділігі әртүрлі факторлардың кешенді әсеріне байланысты. Төзімділіктің механизмдерін немесе факторларын екі топқа бөлуге болады:
- залалдауға дейін әсер ететін факторлар ( жұғудың алдындағы-прединфекционные) ;
- залалдаудан кеін әсер ететін факторлар (жұқаннан кейінгі-постинфекционные) .
Төзімділіктің бірінші топ факторлары (механизмдері) залалдануға байланысты емес өсімдікте қалыптасқан, ал екіншілері - қоздырғыштармен жаңа қалыптасады (индуцирленеді) (бұл топқа гендердің белсенділігінің өзгеруі жатады) . Залалдануға дейінгі әсер етуші факторларға анатомо-морфологиялық, физикалық және химиялықтарды жатқызуға болады.
Өсімдіктер габитусы. Көпшілік жағдайда аурудың басталу кезеңі (споралардың өнуі) өсімдік үстінде тамшылы-сұйық ылғалдың болуын талап етеді. Споралардың өнуіне ауаның жоғары ылғалдылығы қолайлы болады. Осыған байланысты өсімдік габитусы залалдануға қолайлы жағдай тудыруы мүмкін, егерде ол қоршаған ауаның жоғары ылғалдылығын сақтауға және ылғал тамшыларын өсімдіктің жер үсті мүшелерінде тұрақтануына мүмкіндік туғызса. Мысалы, сирек сабақты картоп, тығыз сабақтыларына қарағанда фитофторозбен аздау залалданады, бірақта жапырақтарды жасанды залалдау барысында сабақтар габитусы мен залалдану арасында байланыс анықталмаған. Өзгерістің болмағаны, өсімдіктің жер үсті мүшелерін залалдау мерзімі тығыз сабақтыларға қарағанда сирек сабақтыларда қысқа болуымен түсіндіріледі.
Жапырақтардың түктілігі (опушенность) . Жапырақтары қатты түктенген картоп сұрыптары, жапырақтары аз түктенгендерге қарағанда вирусты аурулармен аз залалданады. Бұл вирус тасымалдаушы бітелердің қоректенуіне түкті өсімдіктерде қолайсыз жағдай болғандығына байланысты.
Қалың кутикулярлық қабат. Кутикулярлық қабаттың қалыңдығы (1 сурет) әртүрлі аурулармен өсімдіктердің залалдануына кедергі болатын фактор болып есептеледі.
Мысалы, ақ ұнтаққа төзімді крыжовник сұрыптарының кутикулясының қалыңдығы 1, 05 . . . 1, 26 мкм, ал залалданғыштарынікі (қабылдағыштарынікі) - 0, 51 . . . 0, 64 мкм құрай-ды. Татқа төзімсіз қарақат сұрыптарының кутикулярлық қабатымен эпидермис қалыңды-ғы 0, 82 мкм, төзімді сұрыптарында - 1, 75 мкм құрайды. Өсімдіктің эпидермалды қабат-тарының қатайуына себепші болатын субстанциялар, мысалы, лигнин, кремний қышқылы, кальций және т. б., ұлпалардың қарсыласуын күшейтіп, саңрауқұлақтардың енуіне кедергі жасайды. Жер үсті эпидермалдық ұлпаларға қарағанда, ризодермис көптеген саңрауқұл-ақтардың тамырға енуіне жеңіл кедергі болып табылады.
Саңылау (устьица) мен жасымықтардың (чечевица) құрылыстары мен орналасуы. Өсімдіктің кейбір патогендермен залалдану мүмкіндігі саңлаулар мен жасымықтардың санына тәуелді. Жабық саңлаулар мен жасымықтар патогеннің өсімдіктерді залалдауын кешіктіреді.
Жапырақтарында саңлаулары сирек орналасқан өсімдік түрлері мен сұрыптары саңрауқұлақтық және бактериалдық инфекциялармен аз залалданады. Бактериялар жасушалары бар ылғал тамшыларын саңлауасты тесігіне енуге кедергі жасайтын саңлаудың сыртқы қабырғасында дөңесі бар мандарин грейпфрутқа қарағанда Xanthomonas citri бактериалдық ісік қоздырғышына төзімді. Грейпфрутың залалданғыш сұрыптарында мұндай дөңестер жоқ ( 2 сурет) .
2 сурет. Мандариннің (а) және грейпфруттың (б) саңлаулары
Xanthomonas citri қоздырғышына төзімділік факторы ретінде
Балауыз қабаты. Осы қабаттың болғаны өсімдіктер ағзасының сыртында гидрофобты қасиет қалыптастырады, сондықтан оның ылғалдануын қиындатады және споралардың өнуіне кедергі жасайды. Балауыз қабаты өсімдік мүшесінің үстінде қоздырғыштың өнуіне мүмкіндік туғызатын қоректік заттарды пайдалануын тежейді. Бидай жапырағының ылғалды ұстап тұру қасиетін жапырақтың қоңыр татына төзімділік көрсеткішінің бірі ретінде жиі пайдаланады.
Гүл құрылысының ерекшеліктері. Тозаңдатқыштың ұзындығы, гүлдеу сипаты (ашық немесе жабық), оның ұзақтығы және т. б. гүлдеу кезеңінде өсімдікті залалдайтын патогендерге қарсы төзімділікте белгілі роль атқарады (мысалы, бидай, қара бидай, арпа т. б. тозаңды қара күйесінің қоздырғыштарына) .
Ішкі ұлпалардың анатомиялық ерекшеліктері өсімдік төзімділігіне белгілі ықпал жасайды. Мысалы, сабақ татын қабылдағыш бидай сұрыптарының эпидермис астында кеңінен орналасқан хлоренхимасы жақсы дамыған, ал төзімді сұрыптарда бұл ұлпа бөлек бөлек орналасқан, соның арқасында патоген колонизациясына жол бермейді (3 сурет) . Тамырдың ағаштанған эндодермасы, әсіресе біржылдықтарда, көптеген саңрауқұлақ түрлерінің, мысалы, Fusarium туыстығының, өсімдікке енуіне физикалық кедергі болып табылады.
Тығындық (пробковый) қабат. Бұл қабат патогеннің өсімдікке ену кезеңінде маңызды төзімділік ролін атқарады. Мысалы, Fusarium, Phytophthora infestans туыстықтары және кейбір бактериялар тығындық қабаты жақсы дамығын картоп түбірін аз залалдайды.
Өсімдіктердің химиялық құрамы пассивті иммунитеттің маңызды факторы болып есептеледі. Кейбір кездерде патогеннің қоректенуіне қажетті заттардың өсімдік ұлпасында болмауы немесе төмен концентрациялы болуы төзімділіктілікті қалыптастырады. Өсімдік ұлпасындағы кейбір химиялық құрамдар патогеннің дамуын жиі басып тастайды. өптеген арнайы патотоксиндердің іс-әрекеті ие-өсімдіктің жасушаларында табиғи рецепторлардың бар болғанымен корреляциялық байланыста екені анықталған. Осындай патотоксиндерге төзімділік осы рецепторлардың ие-өсімдікте болмауымен жиі түсіндір-іледі. Өсімдіктерде антибиотикалық заттардың, мысалы, фенолдар, флавондар, сапониндер, лактондар, таниндер т. б. болуымен саңрауқұлақ ауруларының қоздыр-ғыштарына қарсы төзімділікті байланыстырады. Мысалы, сапониндер өздерінің мембраналарында стериндері бар фитопатогендік саңрауқұлақтарға улылық әсер етеді. Бидай офиоболезі (Ophiobolus graminis var. tritici) қоздырғышымен сұлы өсімдігі залалданған жағдайда, оның тамырындағы сапонин авенацин белсендіріледі де саңрауқұлақ жойылады. Егер де сұлыны залалдаған офиоболезде (Op. graminis var. avena) сапонинді инактивация жасай алатын (белсенділігін төмендететін) ферментер болған жағдайда, инфекция сақталады, өсімдіктің ауруға шалдығуы және аурудың дамуы әбден мүмкін болады.
Патоген қалыптастырып, ие-өсімдікке ену және даму үшін пайдаланатын ферментердің өсімдіктер құрамындағы заттарымен белсенділігі жиі төмендетіліп, ауру қоздыр-ғыштарының патогенділігі азайады. Осы заттар мысалы ретінде бүлдіргеннің піспеген жемістерін залалдаған сұр шірік (Botrytis cinerea) қоздырғышының патологиялық ферментерінің белсенділігін төмендететін, өсімдік ұлпасында кеңінен тараған проантоцианидтер мен протеаз ингибиторларын атауға болады.
3- ДӘРІС Вирустар, вироидтар - өсімдіктің ауру қоздырғыштары. Фитопатогенді вирустардың негізгі физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттері, вирустардың жіктелуі. Вирустардың табиғатта сақталуы. Вироздардың негізгі типтері. Қорғау шаралары.
1 Фитопатогенды вирустар мен вироидтар келтіретін зиян 2 Вирустардың, вироидтардың ерекшеліктері
3 Вирустардың, вироидтардың кобейюі, патогенез ерекшеліктері 4 Номенклатурасы
5 Таралуы және табиғатта сақталуы 7 Қорғау шаралары
Әдебиеттер:
- Карбозова Р. Д., Туленгутова Фитопатология: Оқулық. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2014ж.
- Қойшыбаев М., Жанарбекова А. Б. Жалпы фитопатология. - Алматы, 2012 3 Тулеева А. К., Габдулов М. А., Сейтжанова Ш. Б., Сағатбек С. Д. Жалпы фитопатология ПРАКТИКУМЫ. - Астана: С. Сейфуллин ат. КАТУ, 2018
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz