Жетім балалар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

6В01801 - Әлеуметтік педагогика мамандығының
2 курс студентті Шыныбек Жансая

Алматы 2023


Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Отбасындағы қарым-қатынастың баланың жеке тұлғалық қасиетін
қалыптастырудағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Балалардың ата-анасының камкорлығынсыз қалу себептері ... ... ... ... ...7
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

Кіріспе

Көкейтестілігі. Елбасының дәстүрлі халыққа жолдауында: Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - Мәңгілік Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деп айтты. Ал, алып мемлекет әрбір отбасынан басталатынын ескерсек әрбір қазақстандық отбасына аса көңіл 1бөлінуі керек екендігін түсінеміз[1]. ҚР Заңы Неке және отбасы туралы Заңында Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ, оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Әсіресе, тұрақты дамитын және бәсекелесуге қабілетті мемлекет құра отырып, Қазақстан Республикасында балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар үнемі жүргізу міндеті тұр. Балалыққа қатысты саясаттың тиімділігін арттыру мақсатымен соңғы жылдары Қазақстан Республикасы балалар құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдармен қызметтестік тәртіпте жұмыс атқарып жатыр[2].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 388 қаулысымен бекітілген Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы құжатқа қол қойылып, қолдануға енгізілді [3].
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар жағдайын жасау отбасының рухани негiзi мен оның болашақ ұрпақ тәрбиесiндегi рөлiн зерттеуде, сондай-ақ отбасы тәрбиесiн жетiлдiру мемлекетіміздің ең өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Жылдан жылға баладан бас тарту, оны отбасынан және отбасы тәрбиесінен бөлу - қазіргі таңдағы Қазақстандағы маңызды мәселеге айналып барады.
Баланың отбасында өмір сүруі мен тәрбие алу құқығы, оның қалыпты дамуын қамтамасыз ететін отбасының болуы Қазақстан Республикасында тұрмыстық деңгейден нормативтік - құқықтық деңгейге дейін ажырамас болып қабылданған.
Қазіргі таңда 75 000 астам балалар мемлекеттiк мекемелерде тұрады және өздерін жақсы көретiн отбасылық орталарда өсу құқығынан айрылған. Бұл БҰҰ ішіндегі әр адамға шаққандады ең үлкен сандық көрсеткіш болып табылады. Жыл сайын 2000 астам бала ата-ана қамқорлығынан айрылып, мемлекеттiк мекемелерге орналастырылады. Олардың көпшiлiгінен мүгедектігінің бар болуына байланысты бас тартылған және мұндай балалар психоневрологиялық диспансерлерде немесе балалар психиатриясында орналастырылады. Негізінен ата - аналар отбасындағы кедейлiк салдарынан, әлеуметтiк мiнез-құлықтың сәйкес болмауынан, отбасында бiр ғана ата-ананың бар болуы немесе отбасыға көмек көрсететін әлеуметтiк қызмет түрлерiнiң жоқтығына байланысты өз балаларынан бас тартады деген түсінік қалыптастан.[4]
Балалар мен аналарды әлеуметтік қолдау жүйесін талдау мақсатында Қазақстанға келуші шетелдік эксперттердің айтуынша Қазақстандағы баланы әлеуметтік қорғау жүйесі 1991 жылға дейін ССРО болған жүйе моделін қайталайды. Яғни ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы мемлекеттік жабық мекемеге орналастырады, сондай-ақ отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету жүйесі дамымаған. Халықаралық зерттеу мен тәжірибе мемлекеттік мекемеде тұратын балалар жағдайы алаңдатушылық танытады; институционализация - жақсы ниетпен жасалса да, баланың адамгершілік, эмоциональдық, әлеуметтік, физикалық дамуына бөгет туғызады.
Қазақстандағы әлеуметтік мекемелерге орналастырылған көптеген балалар туыстарымен байланыс үзе отырып, өздерінің нәрестелік, балалық, жастық шағын өткізеді. 18 жасқа келгенде мемлекеттік мекемеден шыққан балалар жұмысқа тұра алмай, кедейшілікте өмір сүреді, заңға қайшы әрекеттер жасайды және балалар саудасы және жыныстық күштеу сияқты қанаушылықтарға тап болатын қауіп тобына ілігеді,
Отбасындағы қарым-қатынастың баланың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырудағы маңызы

Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Қоғамдағы отбасының рөлін басқа әлеуметтік институттармен салыстыруға келмейді. Себебі отбасында адам дамып, әлеуметтік рөлдерді игереді, тұлғасы қалыптасады. Отбасы адамның өмір бойына азық беретін алғашқы тәрбие институты. Халқымыз "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң" деген мақал арқылы отбасының бала тәрбиесiндегi рөлi ерекше екендiгiне мән берген. Ал, ұлы педагог А.С.Макаренко: Отбасы - адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын ... адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны деп баға берген [5]. Бұл пікірге біз де қосыламыз. Себебі дәл отбасында адамның адамгершілік қасиеттері жинақталып, мінез-құлық нормалары қалыптасады, ішкі жан-дүниесі ашылып, тұлғаның жеке қасиеттері дамиды. Отбасы адамның тұлға болып қалыптасуына ғана себепші емес, ол оның өзін-өзі жетілдіруіне ықпал етеді, оның әлеуметтік шығармашылық белсенділігін шыңдатуға шабыт беріп, жеке қабілеттерін ашады.
Отбасының бірнеше анықтамасы бар. Біріншіден, отбасы - некеге немесе қандас туыстыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысаны, яғни тұрмысының ортақтығымен және өзара моральдық жауапкершілік, көмекпен байланысқан адамдардың бірлесуі [6].
Екіншіден, отбасы - өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты даярлау, яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт берумен айналысатын әлеуметтік институт [7].
Бүгінгі күнде нарық жүйесіне көшу отбасына әлеуметтік институт ретінде қатты әсер еткенін статистика көрсетіп отыр. Демографтар баланың туылуы азайғандығын тіркесе, әлеуметтанушылар өмір сүру деңгейінің төмендегенін, отбасы тәрбиесінің нашарлағанын айтады.
Ғасырлар бойы отбасы өз балаларын тәрбиелеуде қолдау күткен. Мәселен, бұрын адамдар үлкен отбасы болып өмір сүргенде отбасылық өмірге ұрпақтан-ұрпаққа қажетті білім мен дағды шынайы әрі күнделікті берілуін қадағалап отырғандығы жөнінде тарихи мағұлматтар куә бола алады. Қазіргі индустриялық қоғамда отбасындағы бұрыннан келе жатқан байланыс бұзылғанда, отбасында балаларды тәрбиелеуге қажетті білімді қалыптастыру қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Отбасы тәрбиесін қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi - үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.
"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде
Өнерiмен қуантады түбiнде
Бала ненi бiлсе жастан, ұядан
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер - бiлiм берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала - солардан", - деп [9], ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше.
Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi. Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана - бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi "ананың әлдиiнен" басталады емес пе?!
Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, " адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған" деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады [8]. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: "Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi - бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, "ол немене", "ол неге үйтедi", " бұл неге бүйтедi" деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, "бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" дегенi [9].
Қатыгез, зұлым адамдар да ақ сүт берген Ана алдында бас иген. Осы орайда Домалақ Ананың (Нұриланың) "Диһнат мама" атану тарихы да қызық. Бұлақ басында қара лашықта қалған қарапайым әйел тапқырлық танытып, қарақшылардың терiс қылығына тосқауыл қояды. Бұл эпизодтар бүгiнгi ұрпақты ұлы әжемiздiң адамгершiлiк өнегесiн қастерлеуге, тәлiм алып, оны көкiрегiне орнықтыруға үндейдi. Әсiресе, Домалақ Ананың мейiрiмдiлiкке шақыруы Ана алдында бас игiзедi. Ұлы Жамбыл Домалақ ененiң қадiр-қасиетiн, әулиелiгiн терең түсiнiп, үлкен жүрекпен жырлайды. Өзi де ұлы анасына тағзым ете тiл қатады. Шерхан Мұртазаның сөзiмен айтқанда: Ұлы анамыздың артында, батыстан шығысқа, шығыстан батысқа созылып жатқан қыруар ұрпақ бар. Олардың iшiнде ержүрек мықтысы да, осалы да жетiп жатыр" [10].
Бала тәрбиесi - бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр ғылым иесi болуды тiлейтiн өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшiн өз тәжiрибесi жетпейдi. Басқа адамдардың тәжiрибесiмен танысу керек. Бала аурулы, зағип болса, баладан емес, тәрбиешiден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кiнәлi емес, тәрбиешi кiнәлi; бала сұлулықтан ләззат ала бiлмейтiн мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиешi жазалы. "Бала iстеген жауыздықтың жазасын тәрбиешi көтерсiн" деген иран елiнiң мәтелi шын, дұрыс мәтел" деп М.Жұмабаев бала тәрбиесiне ерекше тоқталған [11].

2. Балалардың ата-анасының камкорлығынсыз қалу себептері

Бүгінгі таңда күнделікті қолданып жүрген және теориялық зерттеулерде кең тараған екі ұғым қалыптасқан, олар: жетімдік және әлеуметтік жетімдік ұғымдары.
Жетім- ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала.
Жетімдік - баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі [12].
Жетімдік-әлеуметтік құбылыс ретінде адамзат қоғамы пайда болғаннан бар. Сан жылдық соғыстар, эпидемиялар, уайым-қайғы және т.б. бірнеше себептердің нәтижелері, балаларды ата-аналарынан айырып, жетімдер қатарына әкеп қосып отырған.
Қазіргі кездегі негізгі себебі болып біріншіден, ата-аналардың баласынан бас тартуы, екіншіден ата-аналық құқығынан шектелуі, үшіншіден әлеуметтік соққылардың нәтижесінде балалардың ата-ана қамқорынсыз қалуы, төртіншіден, ата-ананың тілеуінсіз туған нәрестелердің тууы саналады.
Отандық заңда-жетім балаларды екі категорияға бөліп қарастырады:
1. Жетім балалар
2. Қамқорсыз қалған балалар.
Жетім балалар қатарына бір не екі бірдей ата-анасынан айрылған балалар жатады.
Қамқорсыз қалған балалар қатарына-ата-анасы бар, бірақ, олармен әртүрлі жағдайдың нәтижесінде байланыстары үзілген балалар жатады.
Жетімдіктің түрлері:
әлеуметтік жетім- ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата -ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу.
тұл жетім- ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Жетім балалар құқығы және журналистика
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
«Жетім балалар туралы» арнайы заң керек
Қазақстан Республикасындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалардың әлеуметтік мәселелері
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДА АУЫТҚУШЫЛЫҚ (ДЕВИАНТТЫҚ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетудегі өзекті мәселелер
Баланы асырап алу тәртібі
Жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау - әлеуметтену құралы ретінде
Пәндер