Жарыстан шығару


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам

«ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Реферат

Дене шынықтыру пәні

Тақырып: Аударыспақ

Мамандығы: Ақпараттық қауіпсіздік

Орындаған: Қожабай Елнұр

Тобы: СИБк-23

Тексерген: Аға Ұстаз Дүйсенбаев А. К.

«» 2023__ж.

Алматы, 2023

Жоспар:

1. Аударыспақ 2

2. Ережесі 3

3. Жарыстан шығару 3

4. Таза жеңіс 4

5. Пайдаланылған әдебиеттер 4

1. Аударыспақ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ:АУДАРЫСПАҚ Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы ... | ВКонтакте

Аударыспақ - спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады) .

Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтың категорияны енгізудің мақсаты - қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттың сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасты. Ертеде кез келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де көбіне әлі де сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз.

Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рольді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке үласып жатуы шарт.

Аударыспақ - салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.

2. Ережесі

Ойын аға төрешінің ысқырығымен басталады және тоқтатылады. Тартыс бес минутқа созылады. Егер осы уақыт ішінде олар бір-бірін жеңе алмаса ұпай санына қарап бәйге беріледі.

Спортшы жарақаттанған немесе киімі қолайсыздық туғызған жағдайда ғана жекпе-жек әр спортшы үшін бес минутқа тоқтатылады. Егер бес минуттан асып кетсе немесе жалғастыра алмаса ол спортшыға жеңіліс жарияланады. Спортшы ойынды қайта-қайта тоқтата берсе оның тоқтатқан уақыты қосылып есептеледі, ол бес минуттан аспауы тиіс.

3. Жарыстан шығару
Жарысқа қатысқан спортшы бас төрешінің шешімі бойынша мынадай жағдайларда екі ескерту алғаннан кейін үшінші рет ескерту жасау керек болғанда, тыйым салынған әдістерді қайталап қолдануға әрекет еткенде, қарсыласына, төрешілерге, көрермендерге, т. б. тартқанда, екінші рет шақырылғаннан кейін 3 минут бойы шеңберге шықпағанда, қарсыласына жекпе-жекті одан әрі жүргізе алмайтындай етіп, тыйым салынған әдісті қолданғанда жарыстан шығарылады. Жарыстан шығарылған спортшы жеңілді деп есептеледі, оған 0 ұпай, ал оның қарсыласына 2 ұпай беріледі.

4. Таза жеңіс

Жекпе-жек барысында аттан сүйреп түсірген немесе аударып тастаған (егер оның денесінің бір мүшесі жерге тиген болса) спортшыға беріледі. Таза жеңіске 3 ұпай, жеңіліп қалған сайысшыға 0 ұпай есептеледі.

5. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл . -176 бет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ күресінің ережелері
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу құралы
Ұлттық спорт түрлерінің даму тарихы
Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары
Спорт жылқысын таңдау және дұрыс пайдалану
Қазақ күресі арқылы жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдіру амалдары
Ұлттық спорт түрлері бойынша Республикалық және халықаралық ұйымдар
Қазақша күрестің жаттығу методикасы
Жылқы спорты мен ат ойындары
Аяқтың ұшымен тұру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz