Орта жас кезеңі


“Семей қаласы Шәкәрім атындағы УНИВЕРСИТЕТІ” КеАҚ
Гуманитарлық-экономика факультеті
РЕФЕРАТ
Орта жастағы ақыл-ой дамуы
Орындаған:Сагнаева Жасмин
Тобы:ПиП-301
Тексерген: Жакпарова Гульнар Алдонгаровна
Жоспар
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
1. Орта жас кезеңі
2. Ой-өрістің дамуы
3. Ақыл-ой қабілеті
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер
Орта жас кезеңі - тұлға өмір жолының шырқау шыңы, әсіресе, адамның дені сау, күш-қуаты, сергектігі, білімі, тәжірибесі жетілген кезінде. Адам бұл уақытта кәсіби шеберліктің шыңына және қоғамда белгілі бір орынға қол жеткізеді. Оның пікірімен әріптестері де, басшылары да санасады. Қағида бойынша, бұдан бұрынғы жас кезеңдеріне қарағанда, оның күш-қуаты азая түседі, бірақ кәсіби міндеттерін ол мол тәжірибесінің, өз жұмысын ұйымдастыра және айналасына көмекшілер жинай білуінің есебінен табысты шешеді. Бұл жас кезеңінде кәсіби тәжірибе және адамдармен қарымқатынас тәжірибесі жинақталады. Тәжірибесін ары қарай беру қажеттілігі «шәкірт жасау», ізбасар арқылы іске асырылады. Орта жастағы адамдар қарттықтың жақындағанын және организмдегі өзгерістерді алғаш рет ұғына бастайды. Осы жастың қаржылық тұрақтылық, өзіне сенімділік, ой-өрісі кең және өмірді танып білу сияқты жағымды жақтары да бар. Адам өмірінің «орта жас» аталатын кезеңі - 40 жастан 65 жасқа дейінгі уақыт аралығы. Осы жасқа жеткен адамдар алғаш рет уақыт өте келе сыртқы әлпетіндегі немесе есте сақтау қабілетінде орын алатын сәл-пәл өзгерістерді сезіне бастайды.
Орта жастың хронологиялық жасы 40-тан 60-65 жасқа дейін. Хронологиялық жастың сәйкес келу, келмеуі үш түрлі жастық өлшемге байланысты.
1. Биологиялық жас адамның биологиялық даму денсаулығы.
2. Әлеуметтік жас-белгілі мәдениетке сай адамдардың дамуының сәкестігі.
3. Психологиялық жас-орта талабына адамдардың бейімделуі.
Ой-өрістің кеңеюі
Балалары бар әйелдер үшін орта жас өз ой-өрісін кеңейтуде тамаша кезең болуы мүмкін. Сәбиін тәрбиелеу үшін жұмысын тастауына тура келген аналар балалары өскен соң қалайда өз мансабын жалғастыруды немесе алдында тұрған жаңа мүмкіндіктер жөнінде ойлана бастайды. Кейде бұл ерлі-зайыптылар арасында реніштің туындауына әкеледі, өйткені әйелдерінің тәуелсіз болуына ер адамдардың барлығы бірдей бірден көне қоймайды. Бұл - балалар есейіп, өскен ұясынан бөлек кететін кезең. Ата-аналардың кейбіреуі олардың бөлек кетуін өкінішті оқиға ретінде қабылдайды, өздерін керексіз және ұмытылған жан ретінде сезінеді. Алайда ата-аналардың көпшілігі мұны өз балаларымыздың алдындағы міндетімізді өтедік деп есептеп, жағдайды шиеленістірмей, қалған өмірін өз мүдделеріне жұмылдырып, алаңсыз болуды ойлайды.
Орта жаста кездесетін ақыл-ой еңбектерінің 2 типі тұрақсыз және кристалданған интеллект. Олрадың арқасында жаңа нәрсе игеріледі. Оларға шапшаңдық, есте ұстаудың нәтежиесі, индуктивті талдау. Тұрақсыз интелектіге қабылдау, талдау жатады. Бұл интеллект типі жүке жүйесінің биологиялық мүмкіндіктерін көрсетеді., яғни оның тұтастығы және еңбек қабілеттілігі. Кристалданған интеллект-ұзақ уақыт аралығында білім қоры мәлімет жөнінде хабардар болуына сүйеніп, тәжірибе мен білім қабілетінің көрінуі. Адамдардың интеллектуалдық қабілетінің сақталуы өмірлік жолына байланысты өз өміріне қанағаттанатын отбасында бірлік бар және достары көп, өзінің мәдени ортасы мен жақын өзара әрекеттегі адамдарда интелектуалдық қабілеті ұзақ уақыт сақталады. Көпшілік орта жастағы адамдардың когнитивті дағдыларының дамуына үлес қосатын орта еңбек болып табылады. Олардың когнитивті қабілеттері оларға қоятын кәсіби талаптармен тығыз байланысты. Орта жасқа жасөспірімдік ұмтылушылық пен шындық арасындағы ымыра іздеу уақыты ретінде анықтама берген дұрыс болуы мүмкін. Құпия арманы мен үміті орындалмайтынын алғаш нақты түсінгенде, орта жасқа жеткен көптеген адамдар басынан кешетін сезімді нобельдік синдром деп атайды. Олар бәрінен бұрын уақытының өткенін және тіпті олардың бестселлер жазу, өз компаниясын құру немесе ойындағыдай өмірлік серігін табатын уақытын өткізіп алғанын мойындайды. Тіпті белгілі бір табысқа жеткен адамдардың өзі жасөспірімдік фантазиялары шарықтаған шыңға әрдайым жете бермейді. Осы жаста әлі де отбасылық қатынас құра алмаған әйелдер ана болу үмітінің көмескіленгенін мойындауға мәжбүр болады.
Ақыл-ой қабілеті
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz