Арамшөптермен күрес шаралары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі күресу шараларыБиологиялық күресу шаралары
  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы зиянкестері - қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақымдайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасыз жануарлардан жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, жәндіктер, жалаңаш шырындар және ұлулар, ал омыртқалы жануарлардан - құстар мен сүт қоректілердің кейбір түрлері (кеміргіштер) жатады. Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байланысты монофагтар, олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді. Монофагтар өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе бір-біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай кенесі), олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен (орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоныздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, дәннің сұр көбелегі), полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді. Жәндіктер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын, тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, өсуі, қор жинауы тежеледі немесе солып қалады. Көптеген зиянкес жәндіктер өсімдік ауруларын таратады. Кенелер ауыл шаруашылығы дақылдарын сорып зақымдайды және қоймаларда астық, дән, ұн, кепкен жеміс, көкөніс өнімдерімен қоректенеді. Кенелердің кейбір түрлері індет таратады. Жұмыр құрттар, негізінен өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Солардың ішінде бүлдірген, қызылша, картоп нематодасы көп зиян келтіреді. Зиянкес кеміргіштер Қазақстанда өте көп таралған. Олар астық дақылдарын, көкөністер мен жеміс-жидектерді зақымдайды, қоймада сақталатын азық-түлік қорына шығын келтіреді, сондай-ақ жұқпалы аурулар таратады. Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынының 20%-ы зиянкес кеміргіштер кесірінен болады. Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу мәдени өсімдіктердің зиянкестерге төзімді сорттарын шығару, ауыспалы егісті қолдану, зиянкестерге қарсы биологиялық тәсілдерді (трихограмма, афелинус т. б. ), микробиологиялық препараттарды, химиялық заттарды (акарицидтер, инсектицидтер, зооцидтер т. б. ) қолдану арқылы жүргізіледі. [1] 2. Тура қанаттылар (orthoptera) отрядына жататын көп қоректі зянды жәндіктер Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі жәндіктердің түрлері Brachicera - қысқамұрттылар отряд тармағына, Acrididae - нағыз шегірткелер тұқымдасына, Dolichocera - ұзынмұрттылар отряд тармағына, Tettigoniidae - шекшек тұқымдасына, Gryllidae - шырылдауық шілділіктер тұқымдасына жатады. Зиянды шегірткелер.

Арамшөптер

Арамшөп - егіс танаптарында өсетін жабайы өсімдіктер. Оның Қазақстанда 300-ден астам түрі бар. Егістік, шалғынды, жайылымды жерлерде, өзен-көл жағалауларында өседі. Арамшөп тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты ылғалды, қоректік заттарды көп пайдаланады. Сондай-ақ ол егілген дақылды көлеңкелеп, фотосинтез процесінің жүруін нашарлатады, нәтижесінде егілген дақыл бойында органик. заттардың түзілуі нашарлайды, алынатын өнім төмендейді. Арамшөп - егіс зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың мекені әрі оларды тарататын ортасы. Кейбір Арамшөптің тұқымы, жемісі (меңдуана, үй бидайық, сарғалдақ) адамды, малды уландырады. Арамшөп қолдан егілген дақылдар сияқты бір мезгілде емес, шұбалаңқы өніп көктейді әрі топырақта тіршілік қабілетін ұзақ мерзім сақтай алады. Мұның үстіне көптеген Арамшөптер сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (суыққа, ыстыққа, құрғақшылыққа) төзімді келеді. Арамшөп негізінен паразитті Арамшөп және паразитті емес Арамшөп болып екі топқа бөлінеді. Паразитті Арамшөпке арамшырмауық, сұңғыла, т. б. жатады. Ең зияндысы - хлорофилі мен тамыры жоқ сұңғыла. Ол қасындағы дақылдың қоректік заттарын сорып алады. Паразитті емес Арамшөпке бір жылдық өсімдіктер (қара сұлы, итқонақ, қарабидай арпабасы, қара меңдуана, т. б. ) және көп жылдық өсімдіктерден (жатаған бидайық, ермен, шоңайна, кәдімгі түйетікен, т. б. ) болып бөлінеді. Арамшөпті жою үшін агротех. шараларды (себілетін тұқымды жақсы тазарту, көң шашу, Арамшөпті гүл жармас бұрын отау, ауыспалы егісті қолдану, топырақты сапалы өңдеу, дақылдардың қатар аралығын қопсыту, т. б. ) мұқият жүргізу, хим. гербицидтер (авадекс, илоксан, т. б. ) шашу және биол. әдістерді тиімді қолдану.

Агротехникалық күресу шаралары

Агротехникалық шаралар мәдени өсімдіктерге қолайлы жағдай жасап, ал зиянкес ағзаларға және ауру қоздырғыштарға қолайсыз жағдай туғызады. Өсімдіктерді қорғайтын шаралардың ішінде өте маңыздылары: ауыспалы егістер, топырақ өңдеу жүйесі, тыңайтқыштарды қалдану, арамшөптермен күресу, егінді себу және жинау тәсілімен мерзімі.

Ауыспалы егісте кейбір дақылдарды бірнеше жылдар бойы бір танапта егу арнаулы зиянкестердің және ауруларының көбеюіне әкеліп соқтырады. Мысалы, қатты бидайды қайталап бір танапта себу гүл кенесінің көбеіне мүмкіндік тудырады. . Тыңайтқыштарды қолдану - зиянкестер мен аурулармен тиімді үрес шараларының бірі. Мысалы, түйіршікті суперфосфатты шаш жалаңаш шырыштармен күресудің тиімді тәсілі. Осыған қоса тыңайтқыштар өсімдіктердің регенеративтік қабілетін арттырады. Топырақты өңдеу зиянкестерді тікелей құртуға немесе олардың сан мөлшері мен зиянды әрекетін төмендетуге мүмкіндік береді. Өңделмейтін жерлер шегірткенің көбйетін орны. Бидайды көктемде кешіктіріп себу сұр көбелектің жұлдызқұрттарын азайтады. Ерте көктемде шағатын крестгүлді бүргелердің қоңыздары крестгүлді арамшөптерде қоректеніп, содан соң мәдени дақылдарға зиян келтіреді. Сондықтан арамшөптермен күресті жүйелі жүргізу керек. Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестермен зақымдануына төзімді сорттары да бар. Мысалы, қатты бидайдың кейбір сорттарына гессен шыбынының личинкалары зиян келтірмейді.

Биологиялық күрес шаралары

Зиянкестер, аурулармен күресуде зиянкестердің табиғи жауларына: жыртқыш паразиттік тіршілік ететін насекомдар мен кенелер, нематодтар мен қарапайым жәндіктердің түрлері, сүтқоректілер мен құстар, ауру тудыратын бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар жатады. Биологиялық күресте зиянкестердің табиғи жауларын мынандай негізгі тәсілдері бар: интродукция және аклиматизация, ареал ішінде тарату, маусымды отарлау, жергілікті этномофагтарды қорғау және оларды пайдалану. . Генетикалық күрес шаралары. Өсімдік қорғаудың генетикалық немесе автоцидтік тәсілі зиянды ағза популяциясына сол түрдің тіршілікке қабілеттігі жоқ немесе бедеу особьтарының қатарына енгізуге бағытталған. Генетикалық шаралардың әр түрлді тәсілдері бар: химиялық заттармен және сәулемен залалсыздандыру, цитоплазмалық сыйыспаушылықты пайдалану, диапаузасы болмайтын популяцияларды алу. Химиялық күрес шаралары. Химиялық препараттардың тиімділігі жоғары, оларды инсектицидтер деп атайды. Химиялық жолдың артықшылығы көбейіп кеткен зиянкестерді жоюға болады. Химиялоық күрестің кемшіліктері де аз емес. ОЛАР ТЕК ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР ПАЙДАЛЫ АҒЗАЛАРҒА, ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМДАРҒА УЛЫ БОЛАДЫ.

Қорытынды

Механикалық күрес шаралары. Бұл күрес көп қол еңбегін қажет етеді. Қызылшаның бізтұмсығымен күресу үшін танаптардың шетіне ор қазады. Орға түскен зиянкестенді инсектицидтермен құртады. Алма жемісінің жұлдызқұрттарын ұстағыш белбеумен ұстайды. Физикалық күрес шаралары. Негізінен ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу кезінде қолданылады. Мысалы, қыстап шығатын дәнек қоңызын құрту үшін сақтау қоймадағы бұршақ тұқымын 10-11° С дейін салқындатады. Кейде дәнді тазарту үшін оны электр тогының жоғарғы жиілігімен немесе басқа тәсілмен қыздырады. Зиянкестерді құрту үшін астықты және одан жасалынған өнімдерді кептіреді. Өсімдік карантині. Өсімдік зиянкестерін біздің елге әкелуінен және еніп кетуінен қорғауға, ал карантиндік зиянкестер тарап кеткенде оларды жоюға бағытталған шаралар жүйесін іске асыру карантиндік міндетіне жатады. Карантин сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Интегралды күрес химиялық, биологиялық, агротехникалық физикалық және басқа шараларды үйлестіріп қолдануды көздейді. Өйткені қазіргі жағдайда жеке шаралар арқылы зиянкестермен күресу тиімсіз. Ауылшаруашылық дақылдарының күтіп баптап өсіруде және оны сақтауда зиянкестерден қорғаудың маңызы өте зор. Сондықтан олармен күресу шаралары әлі де болса жетілдіре түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көшеттіктерде гербицидтерді қолдану
Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары
Арамшөптер экологиясы
Ауылшаруашылық дақылдардың зиянкестері
Ауыспалы егісте арамшөптерге қарсы химиялық және биологиялық күрес шараларын ұйымдастыру
Ауыл шаруашылығында кездесетін арамшөптерді жіктеу
Арам шөптер және олармен күрес
Арамшөптердің зиянды шегі
Арамшөптерді биологиялық әдіспен жою
Арамшөптердің биологиялық ереекшеліктері, таралу және олардың тіршілік жағдайларына бейімделуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz