Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Экономика және құқық факультеті

Салық құқығы Жеке табыс салығы

Орындаған:
Қаржы ББ,3 курс
Қуанышов Нұрсын
Тексерген:Кельбетова.С.Ж

Мазмұны
Кіріспе
1 Жеке табыс салығының міндеттері
2. Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы
3. Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары
4. Жеке тұлғаларға салынатын салықтың объектісімен ставкалары
1. Жеке табыс салығының міндеттері
Көптеген елдерде жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықтың принциптері ортақ болып келеді. Негізгі принциптері мыналар: :: барлық салық төлеушілер резидент және резидент емес деп бөлінеді. Резиденттікті анықтаудың басты белгілері болып жеке тұлғаның нақты бір ел аумағында алты айдан астам мерзім аралығында болуы. Резидент салық төлеушілер ел ішінде және елден тысқары жерде алған барлық табыстарынан салық төлесе, резидент еместер тек ел ішінде алған табыстарынан салықты төлем көзінен төлейді, яғни олардың салық жауапкершілігі шектеулі;
:: салық салу барысында әр түрлі көздерден алған барлық табыстары негізінде жиынтық табысы анықталады; салық төлеушінің салық салу барысында өзіне, асырауындағы әрбір адамға салық салынбайтын минимум мөлшері беріледі;
:: салық салу кезінде медициналық шығындар, әлеуметтік сақтандыруға төлеген жарналар, кәсіби шығындар жиынтық табыстан шегеріледі;
:: салық сомасы үдемелі салық ставкасы негізінде анықталады;
:: жұмыс істейтін ерлі-зайыптылар салықты бірге немесе бөлек төлеуіне болады.
Салықтың есептелу немесе алыну тетіктерінде кейбір ерекшеліктері болмаса, салық салудың объектісі және төлеушілері ұқсас болып келеді, Жеке тұлғалар табыстарынан бөлек, салықты жеке өзі төлейді немесе жиынтық табыстан төленеді. Көптеген мемлекеттерде қандай әдіс негізінде салық төлейтінін салық төлеушінің өзі таңдайды, сонымен бірге асырауындағы адамдарға қатысты салық шегерімдерін ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана қолдануына болады.
Табыстардың негізгі құрамына: еңбекақы, сыйақы, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс, зейнетақы, алимент, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен табыс, бір жолғы жәрдемақы, жұмыссыздық және жұмысқа уақытша жарамсыздық (денсаулығына байланысты) бойынша төлемдер, дивиденд және рента түріндегі табыстардың барлық түрлерін жатқызуға болады.
Табыс салығы 12 айға тең болатын күнтізбелік немесе қаржы жылы ішінде алынған барлық табыстарынан алынады. Нақты бір кезеңдегі салықты есептеу барысында табыстан салық заңдылықтары бойынша бекітілген кейбір шегерімдер шегеріліп, жеңілдіктер қолданылады. Барлық елдерде салық салынбайтын минимум пайдаланылады. Ал салық салынбайтын минимум барлық салық төлеушілерге, олардың отбасы мүшелеріне, асырауындағы адамдарга беріледі. Сонымен бірге есепті кезең аралығында жасалған барлық нақты шығындар да салық салынатын табыстан шегерілiп тасталады. Нәтижесінде анықталған салық -- салық салынатын табысқа (АҚІП-та ол түзетілген салық салынатын табыс деп аталады) үдемелі шәкіл негізінде салық есептеліп салынады.
Жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықты есептеу барысында мемлекеттер арасында мынадай айырмашылықтарға назар аударуға болады. Атап айтқанда:
:: салық салу барысында қамтылатын табыстардың құрамы;
:: салықты азаматтардың жеке өзі немесе отбасы атынан төлеуі;
:: салық жеңілдіктерінің құрамы және қолдану ерекшеліктері;
:: салық салу шәкілі (шкала) әр елдерде әр түрлі болуы.
Салық жеңілдіктерін қолдану барысында назар аударатын тағы да бір ерекшелік -- салық жеңілдіктерінің салық несиесі немесе салық төмендетуі түрінде беріледі болмаса салық салынатын табысты анықтау барысында оған табыстың жекелеген түрлерін қоспайды.
Салық жеңілдіктері екі топқа бөлінеді:
:: стандартты;
:: стандартты емес.
Стандартты салық жеңілдіктеріне салық төлеушінің өзіне және асырауындағы адамдарға, сондай-ақ мүгедектерге, қарт адамдарға берілетін салық салынбайтын минимумды жатқызуға болады.
Жалпы стандартты салық жеңілдіктерінің мынадай түрлері бар:
:: негізгі, яғни салық төлеушінің табыс мөлшеріне тәуелсіз өзіне салық жеңілдігінің берілуі. Бұған салық салынбайтын минимумды жатқызуға болады;
:: отбасы жағдайына байланысты жеңілдіктердің берілуі, отбасылық төмендету деп аталады;
:: асырауындағы адамдарға берілетін салық төмендетулері. Кейбір мемлекеттерде жеңілдік балаларға берілетін салық төмендетулерінің орнына балаларға берілетін жәрдемақы сомасына қосылып беріледі.
Стандартты емес салық жеңілдіктерінің стандартты салық жеңілдіктерінен айырмашылығы -- оның салық төлеушінің нақты жұмсаған шығындарымен байланысты болуында.
Бельгия, Финляндия, Греция, Норвегия, Люксембург сияқты елдерде салық жеңілдігі сол елдердің заңы бойынша белгіленген төменгі табыс деңгейін салықтан босату арқылы беріледі Бұл нольдік ставкамен салық салу деп те аталады.
Жеке табыс салығы -- жеке тұлғалардың ең бірінші кезекте төлейтін салығы болып саналады. Себебі, тапқан табыстарынан немесе табыс көздерінің бір бөлігін салық ретінде аударып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында жеке табыс салығының ставкаларын төмендетіп, салық төлеу тәртібін оңтайлы етіп, белгілі бір жүйеге келтіруді атап өтті, яғни мұны жеке тұлғаларға халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына қосқан үлесі ретінде қарауға болады.
Жеке табыс салығы алғашқы салықтардың бірі.
Салық кодексі қабылданғанға дейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке табыс салығы жайлы
Заңды тұлғаларға салық салудың мәні мен мазмұны, қалыптасу кезеңдері және оның атқаратын қызметтері
Мемлекетке төленуі тиіс міндетті төлемдер мен түсімдердің теориялық негізі, оның ішінде корпоративтік табыс салығының алыну механизмі, осы салық түрін салудың ерекшелігі
Төлем көзінен салық салынатын біржолғы төлемдерден түскен табыс
Жеке табыс салығының міндеттері
Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың табысына салық салу мен өндіріп алу
Қазақстан Республикасында жеке табыс салығының қызмет ету механизмі
Жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы
Салық төлеушінің салық салынатын табысы
Салық салынатын табыс ставкаға салық сомасы
Пәндер