Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

«ДИАНА» Жоғары медицина колледжі

ДИПЛОМ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Туберкулез ауруының алдын алу

Орындаған: Абдиганиева Қазна Абдирасулқызы

Ғылыми жетекші:

Жаркент қаласы, 2023ж

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

АНЫҚТАМАЛАР

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Кіріспе
Тыныс алу жүйесінің анатомо. физиологиялық ерекшеліктері
Негізгі бөлім

І. Туберкулездің анықтамасы, жіктемесі
ІІ Адамда туберкулездің дамуына әсер етуші факторлар:
ІІІ. клиникалық белгілердің ерекшелігі
ІV. Диагностикасы
V. Туберкулез ауыратын науқастарды ауруды бақылауда ұстауға үйрету

ҚОРЫТЫНДЫ

ТҰЖЫРЫМ

ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

  1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
  2. Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.
  3. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 994 бұйрығы «Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы».
  4. Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық - эпидемияға қарсы, санитариялық - профилактикалық іс - шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығы.
  5. Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2 ақпан 2016 жылғы № 77 бұйрығы «Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы»
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м. а. 2014 жылғы 22 тамыздағы № 19 бұйрығы «Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулығы».
  7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 597 қаулысы «Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрес жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары»

АНЫҚТАМАЛАР

Денсаулық сақтау жүйесі

БЦЖ

Манту сынамасы

Салауатты өмір салты

Сырқаттанушылық

  • азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы
  • шет тілінен аударғанда BCG Bacillus Calmette, яғни Кальмет-Герен бациласы дегенді білдіреді. Бұл туберкулезге қарсы вакцина, ол тірі, бірақ әлсіретілген сиырдың туберкулезді таяқшасынан жасалады.
  • терішілік, туберкулез бацилласының сығындысы туберкулин енгізуге негізделген, туберкулез ауруын анықтауда қолданылатын аллергиялық сынама.
  • бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет.
  • Бұл белгілі бір аумақта тұратын халық арасында күнтізбелік жылы бірінші рет тіркелген аурулардың санын анықтайтын медициналық -статистикалық көрсеткіш.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

БҰҰ

ДДҰ

АИТВ

КДТ

ҚР

ТМБ

КТЖС

АХК

ДСМ

ЭШЖ

ЭД

КТ

СЭС

ҮЕҰ

АМСК

ОӘМК

ТҚП

  • Біріккен Ұлттар Ұйымы
  • Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы
  • Адамның иммун тапшылығы вирусы
  • Көптеген дәрілерге төзімділік
  • Қазақстан Республикасы
  • Туберкулез микобактериялары
  • Кешіктірілген типтегі жоғары сезімталдық
  • Аурудың халықаралық классификациясы
  • Денсаулық сақтау министрлігі
  • Эритроциттердің шөгу жылдамдығы
  • Эквивалентті доза
  • Компьютерлік томография
  • Санитарлық эпидемиологиялық станция
  • Үкіметтік емес ұйымдар
  • Алғашқы медициналық- санитарлық комиссия
  • Орталық әскери медициналық комиссия
  • Туберкулезге қарсы препарат

Кіріспе

Туберкулез - ежелгі жұқпалы аурулардың бірі. Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын ашты және бұл жұқпалы ауру екенін дәлелдеді. XX ғасырға дейін туберкулез іс жүзінде емделмейтін болған. Туберкулез әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі. Микроскоп астындағы туберкулез микробы қатты ұлғайған кезде кішкентай таяқша тәріздес болып көрінеді, сондықтан туберкулез таяқшасы деп аталды.

Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының - сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.

Жұқтырудың негізгі көзі - туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.

Зерттеудің өзектілігі

Бұл тақырыпты таңдаған себебім- қазіргі таңда әлемдік статистика бойынша дүние жүзінде туберкулез ауруының алдын алу қажет. Неліктен туберкулез ауруымен ауыратындығын зерттеу мақсатында осы тақырып таңдалды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жер шарының әрбір үшінші тұрғыны туберкулез микобактериясы инфекциясын жұқтырады. Жыл сайын әлемде 8 миллион 400 мың адам туберкулезбен ауырып, 2 млн. адам өмірімен қоштасады екен. Ем қабылдамайтын әpбip науқас 10 адамнан 15 адамға дейін ауруын жұқтырып үлгереді десек, дүниежүзінде әрбір минут сайын 1 адам осы кеселдің құрығына ілігіп жатады. Бірақ инфекцияны жұқтырғандардың 5-10 пайызының ағзасында ғана туберкулез бактериялары дамуы мүмкін. Республика медицинасын туберкулезге шалдыққандардың 75 пайызы 20 мен 40 жас аралығындағы адамдар құрайтыны алаңдатып отыр. ( http://www. aktobegazeti. kz/?p=19205)

Дүние жүзі бойынша 2019 жылы 1, 5 млн әлемдегі туберкулез ауру 9 миллион адам қаза тапты

Зерттеу пәні: туберкулез ауруының алдын алу үшін бар пациенттерге күтім жасау кезіндегі мейіргердің кәсіби құзыреттілігі.

Зерттеу объектісі : туберкулез ауруы бар пациенттер.

II. Зерттеудің мақсаты

Қазіргі таңда «Туберкулез -әлемдік проблема» екендігін, өкпе ауруының пайда болуы, аурудың алғашқы белгілері, тарау жолдары мен сақтану жолдары туралы түсінік бере отырып, алдын алу, жеке бас гигиенасын сақтауға денсаулықты түзетуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

III. Зерттеудің міндеті

1. Зерттеу тақырыбы бойынша әдеби дереккөздерді зерттеу.

2. Туберкулез ауруының алдын алу кезінде салауатты өмір салтына тұрақты көзқарасты қалыптастыруға мейіргер іс-әрекетінің әсер етуін зерттеу.

3. ШЖҚ Панфилов аудандық орталық ауруханасында туберкулез ауруы тұрғысынан білімдерін анықтау мақсатында пациенттерге сауалнама жүргізу.

Зерттеудің әдістері :

1. ақпараттық-аналитикалық

2. әлеуметтік : сауалнама жүргізу

3. статистикалық: ақпараттық материалды өңдеу.

Практикалық маңыздылығы: осы жұмыстың негізгі нәтижелері мен қорытындыларын әлеуметтік даму бағдарламаларын әзірлеу кезінде, ақпараттық қамтамасыз ету ретінде пайдалана алады, бұл туберкулездің алдын алуға және азайтуға бағытталған шаралардың негізділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу базасы: ШЖҚ Панфилов аудандық орталық ауруханасында

Зерттеу уақыты: қыркүйек-желтоқсан 2023ж.

Тыныс алу жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

Тыныс алу жүйесі (systema respiratorium) өте маңызды газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл энергия организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады. Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі. Қан мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді.

Қараған кезде тері жамылғылары және кілегей қабаттары бозғылт екені анықтала

Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м 2 . Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді өкпесі ересектерде сияқты сегментарлы құрылымы бар, бірақ ацинус жеткіліксіз. Туған кезде өкпеде 60 млн-ға жуық алвеолалар болады, олардың көлемі алғашқы 2 жылда ұлғаяды. Одан кейін өсуі ақырындайды және 8-12 жаста альвеолалардың көлемі 375 млн-ға жуық болады, бұл ересектердің альвеолаларымен бірдей. Кішкентай жастағы балалардың өкпесі қосымша тіндерге бай, үлкен мөлшерде қан айналымы бар, эластикалық тіні әлсіз. Кішкентай баланың өкпесі ересектерге қарағанда ауалы және қанға толы. Бұл факторлар ателектаздың дамуы мен обструкциясына әкелуі мүмкін. Сурфактанттың аз болуы мен оның лецитинінің аз болуыда, ателектаздын дамуына себебші болады. Сурфактант жеткіліксіздігі- шала туылған балаларда өкпенің жазылуына мүмкүндік бермейді. Оң өкпенің үш бөлігі бар (жоғары, ортанғы және төменгі), сол жақта - екі бөлік (жоғары және төмен) . Өкпе бөлік аралық шекаралары келесідегідей: алдынан сол жағында жоғарғы, оң жақта - жоғарғы және төменгі бөліктері ( олардың арасындағы шекара IV қабырғамен өтеді ) ; оң жақ қырынан 3 бөлігін ажыратады, сол жақтан- 2 бөлігін; артынан екі жақтан да жоғарғы және төменгі бөліктері орналасқан; олардың арасындағы шекара spina scapulae линиясы бойынша өтеді, ол омыртқамен шекараласқан.

Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды.

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.

Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минуттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде - 220 см 3 , 6 жаста 168 см 3 , 14 жасқа таман 128 см 3 , ал ересек адамда 96 см 3 , дем алу көлемі жаңа туған сәбиде - 25 см 3 , 1 жаста - 80 см-ге дейіи артады, 2 жаста - 140 см 3 , ересек адамда - 400 см 1 . Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде - 50 см 3 , 1 жаста - 210 см 3 , 13 жаста - 707 см 3 , 20-25 жаста - 1680 см 3 , ал 30-40 жаста орта шмамамен 1788 см 3 .

Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0, 2 мм, ал жаңа туған сәбиде - 0, 07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада - 1, 617 см 3 , ал ересек адамда -67, 7 см 3 . Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4, 10 s тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде - 6 м 2 , ересек адамда - 50 м 2 , яғни 8 есе артық.

Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда - 4 см, 10 жаста - 7 см, ересек адамда - 10-12 см.

Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) . Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1, 5-2 литрдей ауаны сіміруге болады. Мұны қ о с ы м ш а а у а деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1 -1, 5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл - қ о р д а ғ ы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық көп болады.

Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы

Бала: Бала
Жасы: Жасы
Бала:
Жасы: 6
7
10
12
15
17
Бала: Ер бала
Жасы: 1200
1400
1630
1975
2600
3520
Бала: Қыз бала
Жасы: 1100
1200
1460
1905
2530
2760

Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымд ылығын құрады.

Тыныс алу жиілігінің адамның жасына сай өзгеруі

2-кесте

Жасы: Жасы
1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет: 1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет
Жасы:

1

5

15-20

20-25

25-30

30-35

1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет:

44

26

20

18

16

18

Ересек адам 1 минөтте өкпесінсн 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Мысалы, ұзын бойлы адамда бұл мөлшер 1 минутте 8 л болса, аласа бойлы кісіде 4, 5 л.

Бірақ бұл заңдылықты балаға аударуға болмайды, ауа балаға ересек адамнан көбірек қажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция (лат. гипер+ вентиляция - желдету) баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты балалардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір қышқылыпыцң сыртқа айдалуы байқалады.

Ересек кісіде тыныштық кезінде 3-4 % көмір қышқыл газы айдалатын болса, балаларда пайыздық мөлшері соғұрлым аз, мысалы, 5 жастағы балада - 1, 7%. Дененің көрсеткіштері кеміген сайын сыртқа айдалатын көмір қышқыл газының мөлшері төмендейді. Бұл балалардағы гипервентиляцияға байланысты. Ал денеден айдалатын көмір қышқыл газының жалпы мөлшері, дененің 1 кг салмағына шаққанда, балаларда ересек адамға қарағанда көп болады.

3. Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады.

Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.

Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газның тыныс орталығына әсері екі түрлі жолмен іске асады: а) нейрондарды қоректендіретін қанның құрамының тікелей әсері; б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.

Бұлардан басқа да рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен. Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бұзылса, дем алу тоқталып, тіршлік те жойылады.

Туберкулез - Бұл ауа-тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамиды. Ең алдымен өкпе, кейде басқа органдарды да зақымдайды.
Жұқтыру көзі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады. микобактериялармен шақырылған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулез ауру ерте заманнан белгілі. Осы ауруға қарсы арнайы егу жұмыстары жүргізілмеген кезде, оның қоздырғышы анықталмаған кезде, аурудың балалардың арасында көп таралуымен қатар одан өлім де көп болатын. Туберкулезді әлеуметтік аурулар қатарына жатқызады, өйткені ол үй- тұрмыстық жағдайлары нашар, көп балалы отбасындағы балаларда, жалпы экономикасы төмен, нашар дамыған елдерде жиі кездеседі. Кейінгі жылдардағы еліміздегі экономикалық дағдарыстармен байланысты туберкулез ауруы «күшіне еніп отыр».

Ауру қоздырғышы -. Кох бацилласы. Оны 1882 жылы ашқан Роберт Кох деген ғалымның құрметіне аталады. Жоғарғы қауіп топтары: туберкулезбен ауыратын пациенттері- бұл ТБ / АИТВ бар пациенттер, инекциялық есірткілерді тұтынушылар, аз қамтылған адамдар, белгілі тұрағы жоқ адамдар, бас бостандығынан айыру орындарында қамауда отырғандар және босап шыққандар.

Туберкулез эпидемиологиясы

Инфекция көзі ауру адам, жануарлар.

Жұғу жолдары - экзогенді (ауа тамшы, ауа шан), тұрмыстық қарым қатынас, алиментарлы, жынысты жолмен, эндогенді - қан және лимфа арқылы. Туберкулез - созылмалы қалғымалы инфекция. Туберкулездің біріншілік және екіншілік түрлері болады.

Патогенезі. Қоздырғыш тыныс жолдары, шырышты қабықшалар және терідегі жаралар арқылы енеді. Бірінші ошағы - өкпе немесе ішек жолдарының лимфа бездері. Осы жерде гранулематозды қабыну пайда болады, туберкула деген томпешік пайда болады. Төмпешік эпителоидты, лимфоидты, плазматикалық жазушалардан, макрофагтардан, алып көпядролы Лангханс жазушалырынан тұрады және ортасында некроз байқалады. Осы гранулеманы - Гон ошағы деп атайды. Гранулема, лимфоангит, лимфоаденит бүл біріншілік туберкулезды ошақ пневмонияға акеледі. Осы ошақтан қоздырғыш гематогенды және лимфогенды жолмен басқа мүшелерге тарайды. Егер иммунитет жоғары болса- гранулема дәнекер капсуласына оралады, осы ошақта туберкулез таяқшасы анабиозға ұшырайды, сақталады. Алиментарлы жолмен жұққанда туберкулез таяқшасы ішек лимфа бездерін зақымдайды. туберкулез қазақша Клинкалық көрніс бойынша басты 3 түрі бар: Балалардың және жасөспіпмдердің бірінші (алғашқы) туберкулездік интоксикациясы Тыныс органдарының туберкулезі Жүйелермен органдардың туберкулезі Микробиологиялық диагностика Бактериоскопиялық әдіс - Цил- Нилсен бойынша бояйды. Бактериологиялық әдіс - Левенштейн -Йенсен ортасында өсіреді, таза дақылды бөліп алады, биосынама жүргізеді M. hominis, bovis түрлерін ажыратады. Туберкулез таяқшасын зертелетін затта көбейту үшін флотация жүргізеді( қышқыл қосады және сілтілі) . Ниацин сынамасы. Ниацинды барлық микобактериялар тузеді және рибонуклеатидке айналдыратын фермент тузеді, бірақ туберкулез таяқшасы осы ферментті тузбейді. Туберкулез таяқшасы ниацин қөрек ортасында жинақтайды. Сондықтан ортада ниацин анықтау керек. Қөрек ортанын устінен 4%спирт және 10 % цианоген бромид қосамыз, ортада ниацин болса сары түс пайда болады. Аллергиялық әдіс. Манту сынамасы - вакцинаны еккенде, бір ай дан кейін жүргізеді. Тері астына туберкулин егеді, 42 сағ. кейін инфилтратты өлшейді. Осы сынама вакцинаның әсерінен түзелетін иммунитетті теқсереді. Экспресс-әдіс -Прайс микродақылдар әдісі. Туберкулездің микробиологиялық диагноз қою тәсілдері. Зерттеу заттары: қақырық, зәр, нәжіс, қан сарсуы т. б. Зерттеу тәсілдері: микроскопиялық (қарапайым, люминисценттік) микробиологиялық (таза дақыл бөліп алу) биологиялық серологиялық (сирек қолданылады) аллергологиялық ( Манту, Пирке сынақтары) Экспресс (шұғыл) диагностика - ИФР (РИФ) . ПТР (ПЦР)

АУРУДЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР:

Іске қосатын фактор - иммунитеттің әлсіреуі. Толыққанды, үйлесімді тамақтанбау.

- ауыр аурулардың қатар жүруі (АҚТҚ, қант диабеті, ойық жара аурулары және басқалары) ;

- суық тигізу;

- зиянды әдеттер;

- созылмалы күйзелісті жағдайлар. Туберкулез түрлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы фармакология
Препараттың химиялық құрылысы
Туберкулезге қарсы ұйымдарда көптеген және кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды режіммен тексеру жөніндегі нұсқаулық
Препараттың физикалық қасиеттері
Туберкулез ауруының түрлері
Мәселелік дәрілер туралы түсініктеме. Қазіргі фармакотерапияның дамуындағы дәлелді медицинаның рөлі
Туберкулез ауруының алдын алу
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулық
Туберкулезді емдеу шаралары туралы
Өкпе туберкулезінің диагностикасы және емі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz