Жер рентасы


Л. Б. Ганчаров атындағы Қазақ автомобиль жол институты
БӨЖ
Тақырыбы: Жер рентасы
Мамандық:Экономика
Орындаған: Қырғызбай Перизат
Тексерген: Карипова Мақпал
Алматы 2023
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. 1Жер рентасы туралы ұғым
1. 2Жер ресурстар нарығының қазіргі жағдайы
1. 3 Жер нарығы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсіресе өндіріске қолайлы, құнарлы жерлер шектеулі. Сондықтан жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету әр түрлі қатынастарды тудырады. Біреулер жерге иелік ету арқасында байып отырса, екіншілері жері жоқтар кедейленді. Осы қатынастар және жердің шектеулілігі жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырды. Жер салығы жер иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді. Жер салығы жер иеленушілерді байытудан басқа жалпы экономикалық қызметтерді атқарады, олардың ең бастысы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру. Жер ресурстарын пайдалану төлемдерін де бірнеше түрге бөлуге болады. Бірақ іс жүзінде олардың барлығы жер салығына жинақталған.
1. 1. Жер рентасы туралы ұғым
Жер рентасы- жерден түсетін тұрақты табыс. Жер рентасы-бұл меншіктен түсетін табыстың бір түрі ретінде жер учаскесін уақытша пайдаланғаны үшін төлейтін төлем. Оның көлемі жерді жалға алу-жалға беру (Аренда) келісімінде анықталады. Бұл жерде жер рентасы жал төлемі ретінде қарастыралады. Жер рентасының дифференциалдық және абсолюттік түрлері бар. Дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты себебі - жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциалдық ІІ рента туындайды. Ол, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік Жер Рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін жерден де Жер рентасы алынады. Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Жер - бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес; жер учаскелері құнарлығы жағынан бір-біріне ұқсамайды, яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады. Жер салығы жер иеленушілерді байытудан басқа жалпы экономикалық қызметтерді атқарады, олардың ең бастысы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру. Жер ресурстарын пайдалану төлемдерін де бірнеше түрге бөлуге болады. Бірақ іс жүзінде олардың барлығы жер салығына жинақталған. Жер мәңгілік өндіріс қажеті, оны дұрыс пайдаланғанда өнімділігі сырқылмайды. Жерден өнімді жылда алуға болады. Былайша айтқанда, жер шексіз жылма -жыл ренталылық табыс береді. Жер мәңгі пайдалынылатын болғандықтан, осы жылдардағы жалпы табысты білу үшін жылдық табыстарды қосу керек. Сонда ғана жердің нақты құндылығын анықтаймыз. Жер және құралдардың басты салуларының негiзгi салалары бiрде қалуға жалғастырған болады. Ол сатып алуға, жалдауға сатып, беруге болады. Жердi нарықтық құн, ең алдымен, қазiргi нарықта оның тұрған орыны және сыртқы факторлардың ықпалы, сұраным және ұсынымнан тәуелдi болады. Егер жер төлiмiнде жылжымайтын мүлiктiң әр түрлi түрлерiнiң объекттерiнiң құрылысын жоспарланса, қазiргi желiлерге коммуникациялардың сандық және сапалы бар болу тұры және қосуды мүмкiндiк жердi баға. Жер учаскесiне құқық шектерi туралы айтып кетсек. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады. Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының топырақ қабаты астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. Кең тараған пайдалы қазбаларды өндiруге және жеке қажетке жер асты суларын алуға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау қойнауында кең тараған пайдалы қазбалар және жер асты сулары бар жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiне құқықтарын өз қалауынша жүзеге асырады. Жер учаскелерiне меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың жерге құқықтары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша шектелуi мүмкiн. Жер рентасы табиғи және ұдайы өндірілмейтін өндіріс факторын қолданудың нәтижесі болғандықтан, мұндай фактор болған барлық жерде туындайды: құрылыста, өнеркәсіптің өңдеуші салаларында т. с. с.
Жерде сатылады және сатып алынады. Негізінде, жердің өзі емес, ол алып келетін табыс сатып алынады. Осыдан шыға, жер бағасы келесі формуламен есептелінеді:
Rn
Vp = x 100%,
Банк, %
мұндағы -
Vp - жер бағасы;
Rn - жер рентасы.
Жер рентасы 2 түрге бөлінеді:
Абсолют жер рентасы
Дифференциялдық рента
●Абсолют жер рентасы- капитал жер рентасынын бір түрі; ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмысшылар жасайтын қосымша кұнның бір бөлігі. Жерге жеке меншік монополиясы болғандықтан, мұны жер иесі иемденеді.
●Дифференциялдық рента- монополияланған табиғи күші бар учаскелердегі индивидуалдык өндірістік баға мен нарықтағы қалыптасқан бағаның айырмасы болып табылады. Жер меншігі артык пара катынасы жок, бірақ ол онын жер рентасы нысанына алмасуының себебі болып табылады. Сондықтан рентаны еңбекпен келмеген табыс деп атайды.
1. 2. Жер ресурстар нарығының қазіргі жағдайы
Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан экономикасының жаңа бағыты мен қазіргі кезде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаның негізгі қорытындысы табиғатты пайдаланудың тегін түрінен төлемді түріне өту болып табылады. Қазіргі кезде бұл өтпелі жағдайға келудің өзі әкімшілдік әміршілдік әдістің экономиканы басқарудағы тегін табиғатты пайдалану теориясының табиғи ресурстарды тиімді пайдаланулы және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қанағаттандыра алмауы салдарынан болды.
Қаржы - экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тегін табиғи ресурстарды қорғау мен үнемдеу туралы ойдың керегі де жоқ болатын. Табиғат пайдаланушы табиғи ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалану өндірістік корлар сияқты төлемді қажет ететін өндірістік ресурстарды үнемдеуге қызығатын, яғни ең жақсы экономикалық жоспарлық есеп беру нәтижесіне тырысу мақсатымен тегін беріліп тұрған табиғи ресурстарды жұмыс күшін аз жұмсап шектеусіз түрде таңдай отырып пайдаланады. Орман шаруашылығы Кеспеағаш қорын игеру-2011 жылға бөлінген кеспеағаш қоры 14, 6 мың текше метр, дайын далғаны 4, 8 мың текше метр, немесе 32, 4 пайыз, екінші тоқсанның жоспары 129, 0% орындалды.
Экономикалық ресурстар - өндірісті қамтамасыз ету көздері, құралдары деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы. Олардың мынадай түрлері бар: табиғат (шикізат, геофизика), еңбек (адам капиталы), айналым құралдары (материалдар), ақпараттық, қаржы (ақша капиталы) ресурстары.
Өндіріс факторы дегеніміз - тауарларды немесе қызметтерді жасауға керек экономикалық ресурстар.
Жер - Рента
Еңбек - Жалақы
Капитал - Пайыз
Кәсіпкерлік қабілеті - Пайда
Ақпарат - Роялти
Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
Банк ресурстары - банктердің меншікті және сырттан тартылған қаражатының жиынтығы.
Еңбек ресурстары - халықтың еңбекке жарамды бөлігі
1. 3. Жер нарығы
ЖЕР УЧАСКЕЛЕРЕІНІҢ БАҒАСЫ: Нарықтық
Кадастрлық
НАРЫҚТЫҚ БАҒА- нарық жағдаятының, сұраныс пен ұсыныс заңдарының бәсекенің ықпалымен қалыптасатын еркін баға. Нарықтық құнының маңызды ерекшелігі, оның мәміле құру үшін салықтар мен қаржылық шығындары ескермей құрылуы болып табылады.
КАДАСТРЛЫҚ БАҒА- мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде колданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға тузету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны.
Кадастрлық құнын анықтау:
P = S* (Рп + Рс) * К,
S - жердің ауданы (м2) ;
РП - елді мекен инфраструктурасын ескеретін сызықтық фунция (тг/м2) ;
РС- мәміле параметрлерінің функциясы (тг/м2) ;
К - ауыспалы коэффициент.
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ БАҒАСЫН АНЫҚТАУ КЕЛЕСІ МАҚСАТТАРДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ:
-ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ҮШІН САЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ; -ЖЕРЛЕРДІ МҰРАҒА ҚАЛЛДЫРУ ҮШІН ҚАЙТА ТІРКЕУ; -МЕНШІКТІ ИПОТЕКАҒА НЕМЕСЕ ЖАЛҒА АЛУ; -БІРДЕЙ ЖЕРЛЕРДІҢ АЙЫРБАС ҚҰНЫН АНЫҚТАУ; -СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫ БОЙЫНША МҮЛІКТІ ҚАЙТА ТІРКЕУ
-Нарықтық құны неғұрлым объективті көрсеткіш, себебіол шынайы бағаға ең жақын;
-Кадастрлық бағада маусымдық сұраныс, нарықтық жағдай көрсетілмеген;
-Кадастрлық құны нарықтық құнға қарағанда кем икемді
-Нарықтық құны бәсекеге қабілеттілігін, балансысұраныс пен ұсыныс негізінде айқындалады алкадастрлық құны, материалдық анализ арқылы белгіленеді
-Кадастрлық құны механизмінің жетілмегендігінен тым көтеріліп кетуі мүмкін.
Өндіріс факторлары еңбек, капитал, жер, ал өндіріс факторларының табыс нысаны еңбек ақы, пайда мен пайыз, жер рентасы.
Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату- сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.
Еңбек нарығына тән қасиеттер:
1. жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы.
2. әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы.
3. еңбек нарығында бірде бір кәсіпорын және бірде бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;
4. жұмыс күшінің еңбек ақының мөлшерімен бағалануы.
Еңбектің шекті түсімділігінің қисығы (MRPL) - жеке фирманың еңбекке сұраныс қисығы болады.
• Кез келген жетілген бәсекелес фирма үшін еңбек ұсынысы өте икемді, ұсыныс қисығы айнымалы фактор (L) орналасқан координата осіне параллельді түзу сызық болады, әрі бұл түзу фирманың айнымалы факторының шекті шығын қисығы да болады, себебі: еңбектің әр бірлігіне бірдей мөлшермен ақы төленіп, ал осы еңбекақы жалданған жұмысшы-лар санына тәуелсіз болған.
КАПИТАЛ НАРЫҒЫ
Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол материалдық емес элементтерді де қамтиды, ол адамның қабілеті, білімі. Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі.
Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады:
1. өндіргіш капитал
2. ақшалай капитал
Капиталдың өсімі - пайызы деп аталады.
Капитал нарығындағы сұраныс бұл өздерінің - инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы.
ЖЕР НАРЫҒЫ
Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:
- Жер құнарлылығы;
• Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.
Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем.
- Жер рентасы - жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.
• Абсолюттік рента - бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz