Математика сабағында ойын технологиясын қолдану


... жалғасыБастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Туганбаева Диляра Бакытовна
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, №15 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кіріспе
Негізгі бөлім:
І. Математика сабақтарында ойындарды қолданудың әдіснамалық негіздері
1. 1. Теориялық білім
1. 2. Ойынның түрлері
1. 3. Математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
1. 4. Математика сабағында қолданылатын ұлттық ойындардың түрлері
ІІ. Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
2. 1. Математика сабағында ойын технологиясын қолдану
2. 2. Математика сабағында ойын технологиясын пайдаланудың ерекшеліктері
2. 3. Математика сабағында ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әр сабақ - мұғалім ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі. Өйткені, ойын - оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процесстерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабілеті дамиды.
Бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. «Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді. Атап айтсақ, «Ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды»- деп В. А. Сухомлинский айтса, «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген», - деген пікір айтады.
Математика сабағында ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойынды сабақтың ортасында қолданса, онда оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанды ұмыттырып, ерік-жігерін дамыту мақсатын көздейді. Ойын сабақтың соңында болса, тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы. Сондықтан да бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Яғни, алты жасар балалармен ойналатын ойынның мазмұны жеңіл болады, ал сыныбы жоғарылаған сайын, яғни екінші, үшінші, төртінші сыныптарда бұл ойынның мазмұны күшейеді. Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлерінің:
Ойын -саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып керсетіледі, қарапайым жұмбақ арқылы қиындық - оңай жолмен қажеттілер - қызық жолмен беріледі.
Ойын-тапсырмалар. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді
Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді . . . ?», Мен не істер едім егер деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
Мысалы, 1-сыныпта 1-10 дейінгі сандарды қосып-алу кезінде «Қағып ал»,
«Белгісіз сан», «Аңдарды қоректендір» ойындары, заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Зат неге ұқсайды?»ойындарын сабақтың әр кезеңінде түрлендіре қолданылды.
Сонымен қатар, халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы. Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. «Сақина салу», «Ақсүйек», «Бәйге», «Ханталапай» ойындарын ойнату арқылы ұлттық кодымызды дәріптей түсеміз. Ал, сабақта математикалық эстафеталар, викториналар, кроссвордтар, ребустар, жұмбақтарды АКТ құралдарын, платформаларды қолдану балалардың қызығушылығын арттырады. Олар, «nearpod. com», «wordwall», «learningapps. org» бағдарламалары топтық жұмыс жасауда өте тиімді.
Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға, өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz