Сындық мағыналы фразеологизмдер
№ 64 мектеп-лицей ШЖҚ МКК
Ғылыми жоба
Б.МАЙЛИН ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Бағыты: Этнолингвистика
Жоба авторы: Бекен Әлем, 9-сынып оқушысы, Алматы ауданы
Ғылыми жетекші: Жусупбекова Динара Батыровна
№64 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Астана, 2023
Мазмұны
Кіріспе
1.1. Фразеологизмдердің стильдік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім
2.1. Шығарма тілінде қолданыс тапқан фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Б.Майлин әңгімелеріндегі фразеологизмдердің ерекшеліктері ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Аннотация
Ғылыми жобаның тақырыбы:
Б.Майлин әңгімелеріндегі фразеологизмдердің қолданысы
Зерттеудің өзектілігі. Б.Майлин шығармаларындағы тұрақты тіркестердің толық мағынасын ашу, үлгі-өнеге ету. Күнделікті өмірде тұрақты тіркестерді өз орнымен пайдалансақ - біздің сөзіміз сұлу, тіліміз көркем, ойымыз ұшқыр шығатыны сөзсіз. Бүгінгі жаһандану дәуірде адамды тілі бай көркемдікке, шешендікке, даналыққа баулитын халқымыздың осындай асыл қазынасын өмірде жарату. Сонда жалаң сөйлеу, таяз ойланудан аулақ болып, сыры терең сиқырлы сөздерден жүрегіне қуат алып, тілін сүйетін жаныңа жақын ұрпақтар өсіп жетілмек.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Бейімбет Майлин әңгімелері тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысын ашу.
Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:
oo Шығарма тіліндегі фразеологизмдердің ерекшеліктерін таба білу;
oo Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер, қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер, кітаби фразеологизмдер, соматикалық атаулар негізінде жасалған фразеологизмдерді анықтау, ерекшеліктерін талдау.
Ғылыми жобаның зерттеу объектісі - фразеологизмдер, шығу төркіні мен мәні, Б.Майлин әңгімелеріндегі фразеологизмдерді сараптау.
Жұмыстың нысаны - Бейімбет Майлин әңгімелері ( Шұғаның белгісі, Күлпаш, Айт күндері, Қырмызы, Талақ, Құла ат, Көшпелі махаббат, Шариғат бұйрығы, Жол кеңесі, Заман, Сахарда, Зейнештің серті, Түйебай, Әдет құшағында, Кәдір түнгі керемет)
Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмыстың жаңалығы:
Шығармада фразеологизмдердің көп қолданылуы.
Кіріспе
Аса көрнекті жазушы Бейімбет Майлин - поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Оның қаламынан туған жүздеген өлең, ондаған поэма, көптеген әңгімелер тақырыбы жөнінен халық өмірінің сан қилы саласын барлайды, қоғамдық құрылыстағы жаналық пен ескілік арасындағы бітімсіз тартыстың ішкі сыртын терең ашып көрсетеді, шебер бейнелейді.
Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Мысалы: Шұғаның белгісі, Күлпаш, Шариғат бұйрығы, Заман, Әдет құшағында және т.б. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол - көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.
Көркем тәсілдердің қолданылуына байланысты жазушы әңгімелерінің көркемдік, стильдік өзгешелігі келіп шығады. Жазушы кейіпкерлердің, оқиғалардың тереңдігін қайшылықтарын ашқанда оны жадағай қалпында бермей, перделеп қызым, саған айтам, келінім сен тыңда деген нақтылау жобасымен суреттеуге бейім. Б.Майлиннің әңгімелерінде әзіл-қалжың, юмор мен улы сықақ сабақтасып отырады. Ескерте кететін жағдай жазушы әңгімелерінде әзіл-қалжың мен сықақтарды сырттан әкеп телімдемейді, олар оқиғаның барысында өзінен-өзі туып өрбиді. Бірсыпыра әңгімелерін түгелдей сатиралық стильде Қадір түнгі керемет, Айт күндері т.б. жазған. Сөз қорын түрлі тәсілдермен мағынасын ауыстыра, әсерлілігін арттыра суреттеудің де көп мәні бар. Осы жағдайды ескерген жазушы фразеологиялық сөз тіркестерін шебер тәсілмен қолданады.
1.1. Фразеологизмдердің стильдік қызметі
Қазақ тіл білімінде, түркологияда, фразеологияның жалпы проблемалары бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ. Басқаша айтқанда сан алуан фразеологиялық тізбектер дербес зерттеу объектісі болудан гөрі, ілгері-кейінді жазылған сөздіктерде, мақалаларда иллюстрация материалы дәрежесінде ғана қолданылып келеді. Тіпті жалпы түркологияда елеулі орын алатын бұрынғы сөздіктерде де идиомдық және басқа тұрақты сөз тіркестері тым сирек кездеседі. [І. Кеңесбаев Қазақ тіл білімінің мәселелері; 299б]
Фразеология тіл білімінің жеке саласы ретінде 20 ғ.-дың 40-жылдары Кеңес тіл білімінде қалыптаса бастаған. Оның теориялық негіздері 19 ғ. Мен 20 ғ. басында орыс ғылымдары А.А. Потебня, И.И. Серезневский, А.А. Шахматов, Ф.Ф. Фортунатов т.б. Еңбектерінде салынған.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің арнайы зерттелуі 20 ғ.-дың 40-жылдарында І. Кеңесбаев еңбектерінен басталды. І. Кеңесбаев қазақ тіл білімінде фразеологияның негізін салды. 1977 ж. оның көпжылдық зерттеулерінің нәтижесі ретінде Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі атты көлемді еңбек жарық көрді, онда 10 мыңнан аса фразеологизм қамтылған.
1988 ж. Х. Қожахметова, Р. Е. Жайсақова, Ш. О. Қожахметова 2300-ден артық фразеологизмдерді қамтитын орысша-қазақша сөздік шығарды.
Фразеология термині (грек.phrasis сойлемше және logos сөз, ілім сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші, тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді білдіреді.
Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада қолданылады. 1990 ж. шыққан Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте фразеологизмге мынадай анықтама берілген: Фразеологизм дегеніміз формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ олардай жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық және лексика - грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер [Ғ. Қалиев, Ә. Болғанбаев Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы; 184б].
Фразеология деп, екі одан да көп сөздің тұтас бір меншікті мағынаға ие болып, бір бүтін единицаға айналуын айтамыз. Фразеологиялық тіркес құрамындағы сөздердің тұрақтылығы, мағыналық бірлігі басты белгі болып есептеледі. Мысалы: тайға таңба басқандай, ескі жараның аузын ашу деген фразеологиялық тіркестерді сиырға таңба басқандай, көне жараның аузын ашу деп айтуға болмайды.
Фразеологиялық тіркестер мағына жағынан жеке сөзге, құрамы жағынан синтаксистік (еркін) сөз тіркесіне жақын болып келеді. Сондықтан фразеологиялық тіркестердің басты белгілерін ажырату үшін сөз және еркін сөз тіркесімен салыстыру керек. Фразеологиялық тіркестер не одан көп сөздің еденица ретінде даяр күйінде қолданылады. Мысалы: қалаға бару, тапсырманы орындау, кітап алу сияқты еркін тіркестер сөйлеу, жазу кезінде сөздердің ойға лайық таңдалуынан барып тіркеседі. Ал, жүрегі елжіреді (аяды), жүрек жұтқан (батыл), жүрегіне ас батпады (сабырсызданды) сияқты тіркестер тұтас алынып, жеке сөз мағынасында даяр қолданылады. Бұл құбылыс фразеологизмдер де мағыналық бірліктің күштілігін көрсетеді. [А. Айғабылұлы Қазақ тілінің лексикологиясы; 45б]
Ғалым Гүлдархан Смағұлова өзінің Фразеологизмдердің варианттылығы еңбегінде фразеологизмдерді үш түрге болді:
1. Фразеологиялық тұтастық
2. Фразеологиялық бірлік
3. Фразеологиялық тізбек
Фразеологиялық тұтастық. Фразеологиялық тұлғалардың білдіретін жалпы ұғымымен беретін мағынасына ой жіберсек, оларды құрастырушы сөздердің бірде - бірінің лексика - семантикалық мән-мағынасына ешбір қатысы болмай, мүлде басқаша мағынаны білдіреді. Құрамындағы сөздердің мағыналық жігін ажыратуға болмайды. Мысалы: қас пен көздің арасында - лезде, тез, мұрнынан шаншылу - қолы тимеу дегенді түсінеміз.
Идиом термині қазіргі қазақ тілінде фразеологиялық түйдектер (І. Кеңесбаев), фразеологиялық тұтастықтар (К. Аханов, Ә. Болғанбаев т.б.) деп те аталынып жүр.
Фразеологиялық бірлік. Мұнда да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағына өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің бірі екіншісімен қалайда бір байланыста болатыны аңғарылады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан шығады. Мәселен, басын тауға да, тасқа да соғу дегеннен әлекке түсу, дағдару дегенді түсінеміз.
Фразеологиялық тізбекке еркін мағынадағы сөз фразеологиялық қалпында, екі сөздің тіркесуінен жасалып, өзгеріссіз тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: жанды сөз, көк етікті, қалың сор, тас бауыр, жау жүрек, суық қол, су мұрын т.б.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді қай сөз табына топтастыру туралы пікірлерді Ә. Қайдаров, Р. Жайсақова, мен Ә. Болғанбаевтың еңбектерінен ұшыратамыз. Ә. Қайдаров, Р. Жайсақова фразеологиялық тұлғаларды сөз табына:
1. Есімді фразеологизмдер
2. Етістікті фразеологизмдер
3. Одағай түрі
4. Адвербиальді түрі
5. Сөйлеу штампы түріндегі фразеологизмдер.
Ә. Болғанбаев - қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан төрт топқа бөледі.
1. Етістікті мағыналы фразеологизмдер.
2. Сындық мағыналы фразеологизмдер.
3. Заттық мағыналы фразеологизмдер.
4. Үстеу мағыналы фразеологизмдер.
Г. Смағұлова фразеологизмдерді семантикалық құрылымына қарай алты топқа бөледі.
1. Етістік мағыналы фразеологизмдер.
2. Есім мағыналы фразеологизмдер.
3. Үстеу мағыналы фразеологизмдер.
4. Одағай тұлғалы фразеологизмдер.
5. Әр тарапты (модаль) сөздерден жасалған фразеологизмдер.
6. Сөйлеу дағдысында (речевой штамп) қолданылатын фразеологизмдер.
1. Қазақ тілінде де, басқа түркі тілдердегі сияқты фразеологизмдердің сөз табына қатыстығы жағынан ең көбі етістік фразеологизмдер. Тұрақты етістікті сөз тіркестері озінің семантика грамматикалық табиғатында жалаң және күрделі деп бөленеді.
Жалаң етістікті: жан сауғалаубас сауғалау, кесір болу, кесір қылукесір тию; т.б.
Күрделі етістікті: шаңына ілесе алмаушаңына ере алмау; сөзінің соңын жеп қоюсөзінің соңын жұтып қою;т.б.
2. Есімді фразеологизмдер негізінен екі салаға бөлінеді:
1. Заттық мағыналы (субстантивтенген) фразеологизмдер.
2. Сындық мағыналы (адьективтенген) фразеологизмдер.
Заттық мағынада жұмсалатын фразеологизмдер - зат есімдердің ішінде затты немесе заттық ұғымды әдеттегіше атаумен қатар, сол аталған заттың сын сипат жағынан қандай екендігін қоса - қабат білдіре атайтын, олардың кейбір өзіндік сипатын нақтылай түсіп әсерлеу не бейнелеу жолмен сезім түрде эмоциалы - экспрессивті рең беретін тіркестер.
Мысалы: ата қоныс (ата мекен) ата жұрт; өн бойытұла бойы; ата жолыата салты.
Фразеологизмдер табиғатын құбылысқа, затқа ат қойып, айдар тағу қызметі жағынан бағаласақ, онда есім мағыналы фразеологизмдердің ішінен сындық мағыналы фразеологизмдер түрлері көп. Себебі мұнда айтушының (субъект) айналасына (объект) деген көз қарасында үнемі өзіндік бағалау мен сипаттау жағы басым.
Сындық фразеологизмдер екі қатарлы, үш қатарлы және төрт қатарлы болып бөлінеді.
Екі қатарлы сындық фразеологизмдер: тасбақа аяңтасбақа жүріс; ақ батаоң бата;
Үш қатарлы сындық фразеологизмдер: киімнің ішкі бауындайтонның ішкі бауындайішіктің ішкі бауындай;
Төрт қатарлы сындық фразеологизмдер: ай далажапан далаесіз далақу дала; көктен жасыл түскендейтөбеден жасыл түскендейкөктен жай түскендейтөбеден жай түскендей;
3. Үстеу мағыналы фразеологизмдер - заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй жайларын және сындық белгісін білдіреді.
Мысалы: қас қағым сәттеқас қағым уақыттақас қағым арасында; елден ерекшетоптан ерекше;
4. Тіліміздегі басқа сөз тараптарына қатысты фразеологиялық еденицалар ішінде жиі болмаса да, ауызекі тілде үнемі ұшырасатын фразеологиялық тіркестер бар. Олардың бір тобы одағайлы сөздермен қатар келіп, эмоциялы мағынаны үстеп тұратын тұрақты сөздер.
Мысалы: Апырай десеңші! Дариға қайран заман - ай! Қарай гөр!
5. Тілімізде субъективті - модальдық мағынада айтылатын фразеологизмдер де кездеседі. Мұндай мағынадағы фразеологиялық еденицалар интонация арқылы жасалады. Интонация тәсілі сұраулық, демеуліктермен ұштасып келіп, риторикалық сұрақпен айтылады, олар әр түрлі эмоцияларды білдіреді. Субъективті - модальдық мағынадағы фразеологизмдер эмоциялы - экспрессивті мәнді күшейтеді. Бұлардың қатарына:
1. Демеулік шылаулар арқылы жасалған фразеологизмдер. Мысалы: қай жарасына тұрады (не қажетін өтейді деген мағынада); қай атаңда көріп едің? (ел салтында болмаған оқиға туралы айтады);
2. Бар, Жоқ сөздері арқылы жасалған тіркестер. Мысалы: а) бар сөзімен: қолының жымысқысы барқолының сұғанақтығы бар; жоқ сөзімен: ине тастар жер жоқине шаншар орын жоқ.
3. Болымсыздықты білдіретін емес көмекші етістігімен жасалған фразеологизмдер. Мысалы: қол емес (лайықсыз), бұйым емес (сөз емес), бір емес, екі емес (қайта - қайта).
6. Дағдылы фразеологиялық тіркестер (речевые штампы) сөйлемде қыстырма сөздердің орнына жұмсалады, әрі ауыз екі сөйлеу тілінде, диалог үлгісінде жиі қолданылады. Мысалы: ұзын сөздің қысқасы, атап айтқанда, аузыңа май, бәрін айт та бірін айт, т.б. [Г. Смағұлова Фразеологизмдердің варианттылығы; 13 -- 32 бет].
Б.Майлин әңгімелеріндегі кездесетін фразеологизмдер
1.Беркімбайға арқа сүйеп, Есімбек сол Өгіз сойғанның ең шұрайлы жеріне қонушы еді. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 7 бет]
АРҚА СҮЙЕДІ [ТІРЕДІ; ТҰТТЫ] Сүйеніш қылды, тірек етті. (ҚТФС 29 бет)
2.Мал мен басы бірдей, құдай тілегін берген бір адам: ортан қолдай төрт ұлы болды-шетінен қасқыр. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 7 бет]
ОРТАН ҚОЛДАЙ. Мықты, жарамды. (ҚТФС 233 бет)
3.Кәрім ашып оқығанда төбесі көкке жеткендей болды. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 8 бет]
ТӨБЕСІ КӨККЕ ЖЕТТІ. Қатты қуанды, шаттанды, қуанышын тасытты. (ҚТФС 282 бет)
4.Уақытында талай мырзалар айттырды, бәріне де нәсіп болмады. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 8 бет]
НӘСІП ҚЫЛДЫ [БОЛДЫ; ЕТТІ] Бұйыртты. (ҚТФС 224 бет)
5.Бұрын әзілдесіп сөйлесе беруші едім, бұл жерде тілім байланды. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 9 бет]
ТІЛ БАЙЛАЙДЫ. 1. Қатты тебірену, таңғажайып сүйсіну мағынасында
2. Үндемей қалды. (ҚТФС 293 бет)
6.Төр алдында Қажыбай әңгімені көсілтіп отыр екен, бізді көрген соң жым болды. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 10 бет]
ЖЫМ [ЖЫМДАЙ]БОЛДЫ. Үні өшті, сөйлеп отырған сөзін қоя қойды. (ҚТФС 124 бет)
7.Ойдың болуы да мүмкін емес-Есімбек бай, мен кедей, келінін тартып алсам, ертеңгі күні шаңымды аспанға шығарады. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 12 бет]
ШАҢЫН ШЫҒАРДЫ. Жазасын берді, өшін алды. (ҚТФС 310 бет)
8.Орысша оқыған дінсіз неме, көптің сөзін аяқ асты қылды,- деп шалдар Есімбектің жағында болды. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 18 бет]
АЯҚ [ТАБАН]АСТЫ БОЛДЫ [ҚЫЛДЫ;ЕТТІ] 1.Қалай болса солай, берекесіз шашылып жатқан, керексіз болған нәрсе туралы айтылады. 2. Менсінбеу, қорлау мағынасында айтылады. (ҚТФС 45 бет)
9.Біреуі орыс секілді, менің жүрегім тас төбеме шықты. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 19 бет]
ЖҮРЕГІ ТАС ТӨБЕСІНЕ ШЫҚТЫ. Қатты үрейленді, шошып кетті, қорықты. (ҚТФС 121 бет)
10.Менің әжем Әбдірахман үшін ботадай боздап жылап жүргенде , айызы қанған адамша табалап насаттанып тұрғандары болды. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 20 бет]
АЙЫЗЫ ҚАНДЫ. 1.Көңілі жай тапты, құмары тарқады; құлақ құршы қанды, рақаттанды. 2.Ұнамсыз мағынада бәлем сол керек еді деп, кектене көңіл тұшытты. (ҚТФС 16 бет)
11.Төбем көкке тигендей болып қуандым. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 22 бет]

12.Ойбай, апа, баланың басы құрысын, әуелі өз қамыңды же, артынан алдыра жатарсың, -деді. [Б.Майлин Шұғаның белгісі 26 бет]
ҚАМ ЖЕДІ [ЖАСАДЫ; ҚЫЛДЫ; ЕТТІ ] Әзірлік қылды, қамданды; бітуін ойлады. (ҚТФС 172 бет)
13.-Қарағым-ау, әкеңнің қарасы батсын! [Б.Майлин Шұғаның белгісі 26 бет]
ҚАРАСЫ БАТТЫ [ҮЗІЛДІ]. Көз жазды, жоғалды. (ҚТФС 182 бет)
14.-Қой, мені әуре қылма... [Б.Майлин Шұғаның белгісі 31 бет]
ӘУРЕ ҚЫЛДЫ [ЖАСАДЫ] Әлекке салды, әлек қылды. (ҚТФС 50 бет)
15.Зейнеп оны сезсе де, сүйекке біткен қарыспалық еркін алып, бір табанға шейін бас имейтін. [Б.Майлин Талақ 36 бет]
БАС ИМЕДІ. Берілмеді, бой бермеді, бағынбады, тізе бүкпеді. (ҚТФС 56 бет)
16.Тентек болып жеңгелерімен ойнағанда: Қой, байыңа айтып ұрғызармын деген сөз жас күнінен-ақ жүрегіне әліпбидей сақталып, өзінің ұрылатындығына күн бұрын мойын ұсынып қойған. [Б.Майлин Талақ 41 бет]
МОЙЫН ҚОЙДЫ [ҰСЫНДЫ; СҰНДЫ] Ырқына жүрді, айтқанына көнді, бағынды. (ҚТФС 217 бет)
17.Біреуге қосу түгіл өзі жоқта үйіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz