Упанишадтың басты тезисі брахман туралы


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Теология» факультеті
«Философия» кафедрасы
БӨЖ
Тақырып:
Топ: ЖГА-311
Орындаған: Сұлтанбек Е.
Қабылдаған: Шадинова Г.
Түркістан - 2024
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 2
1 Ежелгі заманның негізі болған Үнді философиясына жалпы сипаттама . . . 3
1. 1 Үнді мәдениетінің таптық қоғамы мен мәдени ескерткіштері . . . 3
1. 2 Ежелгі Үнді философиясындағы веда мәселесі . . . 4
2 Үнді философиясында веда негізінде пайда болған ілімдер мен мектептер . . . 6
2. 1 Ведалардың негізінде қалыптасқан ортодоксалды емес мектептер . . . 6
2. 2 Ведалық дәстүрді қолдайтын ортодоксалды 6 даршан . . . 10
Қорытынды . . . 18
Будданың нақыл сөздері . . . 19
Қайталауға арналған тест тапсырмалары . . . 20
Глоссарий . . . 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 24
Кіріспе
Ежелгі замандағы Үнді философиясы әлем тарихында ерекше әрі айқын рөл алады. Ежелгі заманда әрбір халық өзінің дүниеге келу жолдарында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды әрі оған сенді. Ол заманда адамдар табиғаттың әр-алуан күштеріне қарсы тұра алмай, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіліктерін өтеу жолындағы табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі деп сол мифологиялық түсініктермен өмір сүрді. Осы заманда Үнді мәдениеті аясындағы философия ерекше көзге түсті әрі мол ақпаратты келешекке қалдыра білді. Философия туралы пікірлер көне дәуірде туындаған және әр сақта таралған. Философиялық әңгімелер тарихтың терең түбірінен нәр алады, әр заманда өз жалғасы мен түйінін тапты. Тылсым дүние мен өмірге деген жалпы әуесқойлық барысында философиялық әңгімелер жалпылама сипат алды және ұдайы жаңарып отырды. Философиялық толғаныстар қашанда болмасын мәңгі, өзекті және өтімді деген қағидалар қамтыды. Дүниедегі өзінің орны туралы, жеке және қоғамдық өмірдің мақсат-мүдделері туралы, өзінің өмірлік ұстанымы мен іс-әрекеті туралы ойлана отырып адам белгілі бір философиялық көзқарастар қалыптастырады. Жалпы философия өте ертедегі көне дүние Үндістанда, Қытайда, Орта Азияда туды, ал Грецияда тұңғыш рет біркелкі жүйеге түсірілді. Философияның одан әрі дамуы, философиялық түсініктер мен ұғымдардың көбейе түсуі, тереңдеуі, баюы әр түрлі философиялық теориялар мен бағыттардың пайда болуына негіз қалады. Үнді философиясының адамзат тарихында алатын орны мен үнді жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген үнді философиясы мен сол замандағы үнді халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды. Осы философиялық ойлардың және қоғамдық сананың белгілері Үндінің тарихи дамуының ерекшеліктері мен оған тән өмірлік салтын бейнеледі. Басқаша айтқанда, қайсысы болсын философиялық жүйені талдағанда нақты-тарихи тәсіл қажет.
- Ежелгі заманның негізі болған Үнді философиясына жалпы сипаттамаҮнді мәдениетінің таптық қоғамы мен мифологиясыЕжелгі Үнді философиясы - қазіргі Үнді жерінде осыдан екі мың жылдай бұрын басталып, содан бері үздіксіз дамып келе жатқан, философияның бастапқы тарихы деп айтуға болатындай және көптеген бағыттар бойынша өркендеген философиялық және діни бағдардағы ой-пікірлер жүйесі. Үндң елінің ғажап ерекшелігі - оның әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны варна, я болмаса каста дейді. Негізінен алғанда, Үндістан қоғамында 4 каста тарихи пайда болды. Олар:- Брахмандар (ақтар) ; айналысатын істері - ой еңбегі, негізінен, діни қызметкерлер, ел басқарушылар. - Кшатрийлер (қызылдар) ; айналысатын істері - жауынгерлік әскери істер, сардарлар мен қолбасшылар. - Вайшьилер (сарылар) ; еңбек ететін адамдар, негізінен айналысатын істері - егін егу, мал бағу, қолөнермен айналысу және саудагерлік. - Шудралар (қаралар) ; ең ауыр, кір әрі қара жұмыстармен айналысатындар. Тарихи алдыңғы үш каста - б. з. б 1500 жылдары Үнді еліне басқа жақтан келген арий тайпалары. Шудралар - жергілікті сол жерде пайда болған аборигендер болып есептеледі ( aborigine - латын сөзі, басынан бастап) . Әрбір кастаның өзінің әдет-ғұрыптары және басқа касталармен қандай қатынаста болу керек жөніндегі ережелері бар. Үлкен касталардың өзі іштей әртүрлі топтарға бөлінеді. Басқа жақтан келген адамдар бірде-бір кастаның ішіне кіре алмағаннан кейін, өзінше дербес каста болып қалыптаса бастайды. Касталық қоғам қалай пайда болғаны, оған әкелген қандай себептердің болғаны белгісіз болса да, оның негізінде жатқан үш принципті көрсетуге болады. Олар:- Әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі; - Касталық қоғамның пирамидальдық құрылымы. Әр каста өзінен төмен жатқан топтарға жоғарыдан қарап, өзінің қадірлігін сезінуге мүмкіндік алады. - Реинкарнация, яғни адамның жан дүниесінің келесі өмірде ауысып кету мүмкіндігі. Әрбір адамның негізгі құндылығы сол өзі туып өскен каста болғаннан кейін, индустар қоғамның саяси өміріне, жерге, бтлікке онша көп мән бермеген. Үнді еліне жер ауып кедген басқа халықтар ерекше каста болып, өзінің әдет-ғұрыптарын, тілін сақтауға жақсы мүмкіндік алып, сол қоғамның ерекше құрамдас бөлігі ретінде жеңіл сіңісіп кетеді. Үнді халқының тағы бір орасан зор ерекшелігі - оның өте бай мифологиясында. Үнді философиясындағы мифология өзіндік ерекшелігімен әрі басқаша түсіндірмелерімен философия және мифология сахнасында ерекше көзге түседі. Жер бетіндегі бірде-бір халықтың аңыздарын үнді аңыздарымен салыстыруға болмайды. Үндң халқы табиғат құбылыстары мен олардың арасындағы өзгерістерді сиқырлы, беймәлім күштердің құдыретінен деп ұғып, адамға ұқсас құдай бейнесін жасау - абстракциялы ойлау процесінің жетілгендігін көрсетіп, дүниетанымдық көзқараста философияның жеке бағыт болып қалыптасуына қажетті алғашқы шарт болды. Осы әрекеттердің нәтижесінде, кезінде жоғары деңгейдегі мәдениеттің арқасында әлемге әйгілі болған дүниеге деген мифологиялық көзқарас қалыптасты. Және Үнді елі осы көзқарастың алғашқы ошақтарының бірі болып табылады. Үнді аңыздарында 3 мыңнан артық Құдай кейіптері суреттелген. Олар да адамдар сияқты сүйінеді, күйінеді, туады, қартаяды, соғысады, бір-біріне көмектеседі т. с. с. Үнді мифологиясындағы негізгі Құдайлар мен негізгі ұғымдар; Индра - найзағайдың, күн күркіреудің Құдайы; Митра - Күн Құдайы; Варуна - аспан Құдайы; Агни - от Құдайы; Яма - өлім Құдайы; Тапас - дене іңкәрі, жылулық; Рита - ғарыштағы тәртіп; Пуруша - ғарыш адамы, рух, жан; Карма - адамның тағдырын құрайтын жан-дүние; Сансара - ғарыштағы қысылған, күйзелген жан-дүние әлемі; Мокша - бұл дүниедегі азаптан құтылып, дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу; Дхарма - заң мен әділет Құдайы; Үнді мифологиясындағы негізгі кітаптар:Ригведа, Упанишада, Махабхарата, Бхагавадгита т. с. с. Үнді космогониясына (Дүниенің пайда болуы) келер болсақ, онда ол Пуруша - ғарыш адамымен байланыстырылады. Құдайлар оны құрбандыққа шалып, оның денесінен бүкіл Дүние пайда болады. “Пуруша неше бөлікке бөлінді? Оның аузы мен бөксесі, қолы мен аяғы не нәрсеге айналды? Оның аузы - Брахманға, қолы - кшатрийге, бөксесі - вайшьиге, аяғы - шудраға айналды. Ай - ойынан, Күн - көзінен, кіндігінен - кеңістік, тынысынан жел, басынан аспан, аяғынан - жер. Осылай Дүние пайда болды”, - дейді Ригведа. Ал Упанишадаға келер болсақ, Дүниені жаратқан Брахман болып саналады. “Брахман - ең бірінші Құдай, бәрін жаратқан, бәрін сақтайды. Ол - Дүниенің ең басы, себебі байланыстырушы”. Оны қалай танып білуге болады? - деген сұраққа, “нети-нети” (ол емес, ол емес) деген жауап береді. “Ол танылмайды, бұзылмайды, байланбайды, ауыспайды” . . . Үнді мифологиясында адам - табиғаттың өсімдіктер мен жануарлар сияқты ажырамас бөлігі ретінде қаралады. Адам дене мен жаннан тұрады. Адам Дүниеге келгеңде оның бойына жан келіп кіреді және ол сол адамның кармасын анықтайды. Мысалы, егер сәбидің денесіне қылмыскердің жан-дүниесі ұяласа, онда ол өсе келе қылмысқа баруы мүмкін. Бірақ ол өзін дұрыс ұстап, әрқашанда өзінің рухани тазалығын сақтаса, мокшаға (құтылу) - сансарадан құтылу дәрежесіне көтеріліп, бұрынғы кармасынан айырылып, аспандағы рухқа қосылып, мәңгілікке жетуі мүмкін. Мифологиядағы моральды мәселелерге келер болсақ, онда Дүниеге байланбау, кемдерге көмектесу, еш нәрсені зәбірлемеу, өтірік айтпау сияқты талаптарға көп көңіл бөлінген. “Адам байлыққа қуанбауы керек: біз байлыққа ие бола аламыз ба, егер сені көрсек - Яма!” (Яма - өлім Құдайы. ) “Менің білетінім - байлықта тұрақтылық жоқ, өйткені мәңгілікке уақытшамен жетуге болмайды” деген дана сөздерді Үнді мифологиясынан табуға болады. Үнді мифологиясының негізгі қағидалары соңынан пайда болған философиялық көзқарастарға өзінің зор әсерін тигізді. Ежелгі Үнді философиясындағы веда мәселесіЕжелгі Үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен, Үнді мәдениетінің ескерткіштері Ведаларда (веда б. д. д. ) жинақталды. Ведалар төрт бөлімнен тұрады, олар:
- Самхит - құдайларға арналған гимндер, әуендер жинағы;
- Брахман - самхитті түсіндіретін әртүрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар т. б;
- Араньякта (Орман кітабы) - брахманға тән ритуалдың орнына Құдайларды іштей сыйлап құрметтеу, олар туралы ойланып толғану сияқты көзқарас;
- Ведалардың соңғы сатысы “Упанишадта” - дәстүрлі варналарды бір-біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады; Негізінен веда арнайы кітаптар жинағы болып табылады. Оларды төрт жинаққа бөліп қарайды:
- Самхит жинақтары. Самхит жинақтарының өзі төрт топқа бөлінеді:
- Ригведа (гимндер ілімі) ;
- Сама-веда (жырлар, өлеңдер ілімі) ;
- Атхарва-веда (дұға, сүрелер ілімі) ;
- Яджур-веда (Құрбан шалу формулалары жайындағы ілім) ; II. Брахмандар (веда мәтіндеріне түсіндірмелер) . III. Араньяк кітаптары жинағы. Араньяк жинақтары - сопылық жолын ұстап, елден бөлек өмір сүруге бел байлаған, монахтың аскеттік өмір жолын ұстанған адамдарға арналған тексттер. IV. Упанишадалар (философия тұрғысынан маңызды кітаптар жинағы) . Упанишадтың басты тезисі брахман туралы. Ғарыштың негізінде мәңгі мәнділік - брахман жатыр. Ал одан барлық заттар дамып өскен. Олай болса, Брахман - бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы жэне олардіщ соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады жоне ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жалқы. Кейбір жағдайларды брахманмен қатар синоним ретіндеатманұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты, бір жағынан, дене сияқты болса, екінші жағынан, рух сияқты. Рухты атман тіршіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы жэне соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол - саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. Брахман және атманмен қатар тұрған үғымдардың бірі - пуруша жэне «мен». Пуруша(еркек) - ол элем, адам түріндегі әлем. Сондықтан атман бастапқыда пуруша түрінде болып, «мен әлемді жаратамын» деп: аспан суын, сәуленің бөлшектерін, өлімді, суды жаратты. Осыдан біз атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта «менді» брахманмен, атманмен тең деп түсінгенде ғана адам өзін Құдаймен, бүкіл әлеммен теңмін деп есептейді. Ал «мен» бір бөлек, брахман, атман бір бөлек деп түсінетін болсақ, ол білімділікке жатпайды. Ал егер атманды танып-білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей қүрбандық шалу туралы білім өте құндырақ. Өмірдің ең басты мақсаты - тірі кезінде атман-брахманмен қосылып бірігу. Өмір қиыншылығынан, құмарлығынан, үмітінен, қызғаншақтықган тыныштық тауып, алдап-арбаусыз ой кешіп, атманды түсіне білген адам нағыз брахман болып, Құдайға, әлемдік қүрылымға айналады. Упанишадта жанның көшіп-қону идеясы - ең басты идеялардың бірі. Қайта-қайта айналып келетін жанның сансар тырнағынан құтылу үшін аскеттік өмір сүріп, ең жоғары білім алуы басты шарт болып саналады. Біздің жыл санауымыздан мың жыл бұрын жазылған бұл бөлімде әлемнің жаратылысы, ондағы адамның алатын орны туралы діни философиялық пайымдаулар алғаш рет хатқа түсті. Ведалық мәтіндер тоғыз ғасыр бойы жасақталған, яғни біздің жыл санауымыздан бұрынғы XV ғасыр мен VI ғасыр аралығын қамтиды. Ведалардың жазылып аяқталу кезеңі “веданта” деп аталады. Бұл мәтіндерде тұжырымдалған негізгі қағида - ғарыштық тәртіп. Оған адамдар түгілі Құдайларда бағынады. Жаратылыс сумен байланыстырылады, ал тіршіліктің пайда болуы дем алу процесіне теңестіріледі. “Упанишаданың” түпкі мағынасы “тізе түйістіру” екен. Оның құрамына кіретін үш жұзге жуық мәтіндер біздің заманға келіп жетіпті. Алайда, бұл мәтіндерде дүниетанымның белгілі бір жүйеге түсірілмегендігі кейін қалыптасқан әр қилы ағымдарға негіз болғанға ұқсайды. “Упанишада” ілімінің өзегін болмыс біртұтастығы хақындағы қағида құрайды. Мұның бір тармағына “адамның демі таусылғанда оның жаны басқа денелерге көшіп қонады” деген ұйғарымға саятын ілім жатады. Ғұмырын ахлақ талаптарына сай өткізген адам брахман, кшатрий, вайшьй кейпінде қайта туылады, ал керісінше былапыт ғұмыр кешкендер шудраға немесе жануарлар мен өсімдіктерге айналады. Демек, әр фәниде адам неғұрлым дұрыс құмыр кешсе, болашақ өмірде сан алуан жақсылықтардан үміткер бола алады. Мұндай өмір айналымы(циклы) мәңгілік сипатта болады және ол “Карма заңдылығы” деп аталады. Отқа өртелген марқұмның мәні (атман) денеден бөлініп, Карма заңдылығы негізінде сансыз рет басқа тіршілік иелеріне қонып отырады, мұны “бабалар жолымен” жүру деп те атайды. Ал таным иесі брахма мен атманның біртұтас сипатта екеніне көз жеткізген жағдайда, ол Карма заңдылығынан шығып, оның жолы брахмаға барып сіңісіп кетеді. Мұны “Құдайлар жолымен” жүру деп атаған. “Упанишада” негізінен идеалистік ілім болып табылады, алайда оның мазмұнына тән материалистік сарын да баршылық. “Уддалака” ілімі сондай ағымға жатқанымен жүйелі материалистік дүниетаным деңгейіне көтеріле алмаған. Дегенмен мұнда табиғат жаратушы күш ретінде қарастырылады да, барлық құбылыстар дүниесі жылудан, судан және жер нәрінен бастау алады делінеді.
- Үнді философиясында веда негізінде пайда болған ілімдер мен мектептер. 2. 1. Ведалардың негізінде қалыптасқан ортодоксалды емес мектептер. Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол ведалардың беделін мойындау-мойындамауына байланысты әртүрлі бағыттарға бөлінеді: жайнизм, буддизм, даршандар, чарвактар- локаяттар, санкхья т. б. Настика (ортодоксалды емес) - ведалардың беделін мойындамаған немесе брахманизмді сынға алған мектептер. Олар:
Жайнизм ("жина" - жеңімпаз) . Жайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары "сиддханта" деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б. д. д. ІII ғ. ) . Жайнизм сансарға (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі), кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жайнизмнің басты мақсаты - қасірет деп түсінген өмірден азат болу. Жайнизмнің ілімінше, карма заңын құдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан құтылу қажет. Жайнизімдіктер әлемді тіршілігі бар және тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) әлем атомдардан (ану) тұратын материядан (пудгала) құралады. Олар бір-бірімен қосыла, бөліне алады. Оларға, сонымен қатар, кеңістік (акаша), уакыт (кала), орта және қозғалыс жатады.
Тіршіліктің жаны бар. Керек десеніз, жердің де жаны бар. Жанның өзі әртүрлі болады. Егер ауа, су, жер, от, өсімдіктер тек қана сезіне алса, құстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері аркылы түйсіну тән. Жалпы алғанда, тіршілік мәңгі, бірак ол материалдық денелер түрін қабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денеден екінші денеге ауысып отырады.
Жайнизмде мокша тіршілік пен тіршілігі жоқтардың арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді, сөйтіп, мәңгі әлемдік процесс жүріп жатады. Карманың өзі көп түрлі болады. Онын бірі денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген жанұямызды айқындаса, екіншісі өмірдің ұзақтығын, үшіншісі - тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктіруді негізі болып есептелетін құштарлыкка, ләззаттануға қатынасты айқындайды.
Ал сансардан азат болу үшін "үш қазынаны" сақтау керек. Олар: дұрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім. Дұрыс сенім - тиртханкалар деп аталатын 24 әулиенің іс-әрекетіне сену болса, дұрыс қылық - тазалықты, шындықты, сабырлықты, өзіне қаталдықты, салмақтылықты т. б. сақтау. Ал шынайы білім - жаннын сезім мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып-білу процесінде жан қарастырып отырған заттармен тікелей байланысады. Ал түйсіктер, ақыл-ой болса мұндай байланысқа кедергі жасайды. Танымның үшінші түрі өз тарапынан үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысында - жан алшақтығы және ұзақ заттарды түйсінеді, екінші сатысында - өз бойындағы адамдарға деген қызғанышты, жек көрушілікті жеңген жан адамдардын қазіргі және өткен кездегі ойларын тікелей білуге мүмкіндік алады, ал үшінші сатысында - азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дариды. Жайндардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынандай төрт тыйым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса - тірі мақұлықтардың ешқайсысының өміріне зиян келтірмеу; астейя - ұрлық жасамау; сатья - шыншылдық; апариграха - үйірсектікке тыйым салу. Махавира бұл тыйымдарға бесіншісін - брахмачаръя - некеден бас тартуды қосты. Жайн монахтары ұстанулары тиіс осы тыйым салулар екі жарым мың жыл бойы қатаң сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс болар.
Жайнизмдіктердің пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп кабаттан тұрады. Төменгі екі қабатында әзәзіл (перілер), ортаншы қабатта жер, келесі қабатта кұдайлар, ал ең жоғарғы қабатта кұдайларға ұқсас джиндар орналасқан. Шыңдап келгенде, жайнизмдіктердің пікірінше, құдай жок, оның бар екендігі туралы келтіріп жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз, қате, сондықтан да құдайға емес, 24 тиртханкараға (әулиелер) және джиндарға сену керек. Уақыт өте келе Махавира Джинаның жолын ұстанушылар екі бағытқа бөлініп кетті: дигамбаралар (“ауа киінгендер”) және шветамбаралар (“ақ кигендер”) . Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты субстанцияны бөліп көрсетті:
- джива - тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп;
- зат;
- кеңістік;
- қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен адхарма;
- уақытЖайндардың пікірінше, субстанциялар мәңгі және өзгермейді, өзгеретін тек олардың көріністері ғана, заттан басқа субстанциялар бөлінбейді және формалары жоқ, яғни олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді және денесіз. “Тірі” болып есептелетін дживадан басқа субстанциялар “тірі емеске” жатады. Бұл субстанцияларды қысқаша сипаттасақ, барлық субстанциялар оларды өзіне сыйғызатын кеңістікте өмір сүреді. Кеңістік үздіксіз, бірак адам оны көз алдына елестете алуы үшін жайндар оны сансыз көп идеалдык бірліктерге - прадешаларға бөлінеді деп түсіндіреді. Жайндар шексіз кеңістікті екіге бөледі: көрінетін әлем кеністігі - «дүние» (лока) және «дүние емес» (а-лока), соңғысына көрінетін кеңістік пен прадешалардың шексіз саны кіреді. Зат, жайндардың түсінігінде, ұсақ және бөлінбейтін бөліктер атомдардан тұратын, бірігетін және ыдырайтын, сезілетін, формасы бар, белсенді, әртүрлі касиеттерге ие, козғалыста болып отыратын субстанция. Оның бес күйі бар:
- стхула-стхула «өте дөрекі», яғни катты заттар, стхула «дөрекі», мысалы, сұйыктар;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz