ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Желтоқсан оқиғасы
Тәуелсіз Қазақстан
Орындаған:Жиенкул Нургул
Тобы:Туризм-231
Жоспар
І. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а. Қайта құру кезеңіндегі саяси өзгерістер
ә. 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы
б. Тәуелсіз Қазақстан
III. Қорытынды
Кіріспе
Бұл жұмыста 1986 жылы желтоқсандағы қазақ жастарының Кеңістік биліктің өктемдігіне қарсы көтерілісін айтамыз.Жастар Кеңес Одағы Компартиясы І. Хатшысы Михаил Горбачевтың халықпен санаспастан Қазақстан Компартиясының жетекшісі Дінмұхаммед Қонаевті зейнетке шығарып оның орнына Ресей Федерациясынан Геннадий Колбинді тағайындауына ашық қасылық білдірген.Бұл оқиға тек Қазақстан ғана емес, сонымен қатар әлем тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі саналуы тиісті.Өйткені бұл оқиға Кеңес Одағы құлауының бастамасы еді.Енді бұл жұмыста қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысына тоқталмақпыз. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан арманы болған тәуелсіздікке 1991 жылы 16 желтоқсан күні қолы жетті. Бірақ бұл сырттай қарағанда Кеңес Одағының шаңырағы өздігінен опырылып құлауымен оп-оңай келген жеңіс сияқты көрінгенімен, мұның артында қазақ батырлары мен зиялыларының көзсіз ерліктерінің жатқаны ақиқат. Патшалық Ресей бодандығына қарсы алғашқы ірі көтерілістерді Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы және Кеңесары Қасымұлы ұйымдастырып, ұлт-азаттығы жолында құрбан болған еді. 1917 Ақпан төңкерісімен Патшалық Ресей құлап, қазақ халқы арманына жететіндей болды. Осы орайда Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат сынды қайраткерлер Алаш ұлттық қозғалысына жетекшілік етіп қазақ ұлттық мемлекеттігінің негізін қалауға күш жұмсады. Алайда Большевиктер бұған жол бермеді. Қазақ жерінде Кеңестік билік орнады. Бірақ қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы арманы толастаған жоқ. Жоғарыда айтылған ұлт-азаттық көтерілістерінің жалғасы, һәм қорытындысы ретінде 1986 жылы 17-18 күндері қазақ жастары демократиялық көтерілісін айта аламыз. Олар қазақ халқының хақ-құқықтарын қорғау мақсатымен алаңға шықты. Міне бұл сан ғасырлық тәуелсіздік арманының жүзеге асуының алғашқы қадамы ретінде тарих беттерінде орын алды. Желтоқсан оқиғалары 1986 жылы 17-18 желтоқсан күндері ғана болған екі күндік қимыл емес. Ол Кеңес Одағының күйреу себептерінен бірі болып, әлемдік тарихта терең із қалдырған күрделі процес. Біздің ойымызша, желтоқсан оқиғаларына қатысқандар ақталған және Кеңестік билік келмеске кеткен 1991 жылға дейінгі бес жылтық үрдісті қамтиды. Оған төрт кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең уақиғалардың пайда болуы, екінші кезең Мәскеудегі биліктің қазақ халқын "ұлтшылдықта" айыптап, Қазақстанда қазақтарға қарсы науқан жүргізуі, үшінші кезең қазақ зиялылары мен депутаттарының Мәскеудің қазақты құрту жөніндегі осы саясатына қарсы іс-қимылдары, төртінші кезең Горбачевтің қателігін мойындап, Колбинді қызметінен алып, орнына қазақ халқының табиғи жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевты тағайындауы, сөйтіп Қазақстанның қайта түлеуінің басталуы.
Қайта құру кезеңіндегі саяси өзгерістер
1985 жылғы сәуiр айында Кеңестер Одағы Коммунистiк партиясы Орталық Комитетiнiң пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетiнiң Бас хатшысы М. С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнiнде шешiм қабылданды. Бiрақ бұл шешiм тек сөз жүзiнде қалды. Iс жүзiнде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездеттi. Оны Қазақстанның партия, Кеңес органдары қызметiнен байқауға болады.Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты тоқырау жылдарында басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды iрiктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында сапалық өзгерістер аз болды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтеруге, болып жатқан істердің барлығын тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Міне, осымен байланысты 1986 жылғы ақпан айында болып өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында, ол кезде Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып істеген Н.Ә. Назарбаев және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар мұндай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің уақтылы шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, проблемалық мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып бердi.
1986 жылғы Алматыдағы 17-18 желтоқсан оқиғасы
1985 жылы республика бойынша ауылдан келген студенттердің төрттен үші ғана жатақханамен қамтамасыз етілді. Әсіресе, Алматыдағы жағдай мәз емес еді. Ондағы студенттердің 57,7 пайызы ғана жатақханаға орналаса алды. Желтоқсан оқиғасы қарсаңында еңбектен тыс табыс" дегенмен күрес пайда болып, соның салдарынан тек қана Алматыдағы пәтер жалдап оқып жүрген үш мыңдай студент баспанасыз қалды.
Ең бастысы, бір ғана ұлттың басым көпшілігінен тұратын одақтас елдердің билік органдарымен салыстырғанда біздің республика басшылығы көп ұлттан тұрды. 1920-1986 жылдар аралығында бірен-саран қазақ болмаса ел партия ұйымына орыс пен еврей, поляк пен грузин және армян, ұйғыр жетекшілік етті.1985 жылдың дерегі бойынша Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінде қазақтар үлесі - 36 пайыз, орыстар - 40,8 пайыз болды. Кеңес өкіметі жылдарында республиканың бірде-бір өкілін коммунистер мен халық сайлаған жоқ, оларды орталық тағайындап, іс-қимылын өздері бақылап отырды. Ақыры Қазақстанда шексіз билікке ие болған және орталық мүддесін қорғайтын Г.Колбиннің кезегі келгенде халықтың шыдамы түгесілгендей еді. Наразылық бұрқ ете түсіп, бітеу жараның аузы ашылды да кетті.Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының бiрінші хатшысы Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды.
Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек деген ұран бар еді. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С.М. Мұқашев, Н.Ә. Назарбаев, З.К. Камалиденов, О.С. Мирошхин, М.С. Меңдібаев, А.П. Рыбников, Л.Е. Даулетова, В.Н. Лобов, т. б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.Негізінде алаңға бейбіт жастар шықты. Жалпы күш көрсетеміз деген ой олардың санасында да жоқ еді. Бірақ наразылық білдірді. Көтерген үнқағаздары болды. Ленин идеясы жасасын! деген үнқағаз ұстағандардың өзі де жауапқа тартылды.Жастардың алаңға шығу себептері әртүрлі. Олардың, кейбіреулері мұнда талай жылдар бойғы шовинистік кеудемсоқтыққа өкпе-наразылығын білдіргілері келсе, басқалары ұлттық намысты қорғау" ұранына еліктей аттанды. Шеру саяси сипатта өтті және ол басқа халықтарға, соның ішінде орыстарға қарсы бағытталмады.17 желтоқсанның кешіне дейін шеруге қатысушылар шектен шықпады, ешбір заңды бұзбады. Осы арада ерекше айта кететін бір жәйт, алаңда қазақ жастары басым болғанымен, олардың қатарында орыс, украин, ұйғыр және басқа ұлттардың өкілдері де болды. Оны сол кездегі ішкі істер органдары тіркеген тізім де растайды.Оқиғаның ушығуына, оның тым ауыр сипат алуына деген басты кінәні саяси айтыстан қашқақтаған, нақты жағдайда біліксіздік танытқан партия мен үкімет органдарының шенеуніктеріне арту керек. Соның салдарынан құқық қорғау органдары мен милицияға қара күш қолдануға рұқсат берілді. Ақыры оқиға кезінде әр ұлттың өкілдерінен тұратын 2401 адам ұсталды. Бұлардың ішінде Алматының соттары 326 адамды әкімшілік жазаға кесті, қылмыстық тәртіп бойынша - 99 жас сотталды, екі адам ату жазасына тартылды. Тек қана Желтоқсан оқиғасына байланысты Қарағанды университетінен 25 студент комсомолдан шығарылып, 11-і университеттен қуылды.Алматы сәулет-құрылыс институтының бұрынғы студенті Қ.Рысқұлбеков түрмеде қаза тапты. Студент қыз Л.Асанова жұмбақ жағдайда көз жұмды. Мұндай қайғылы мысалдар аз емес.Билік басындағылар 1986 жылғы көтеріліс кезінде әдейі арандатушы топ құрып оларды жастарды ортасына жіберген. Олар әдейі күпәйке киіп: қашанға дейін осыған төзе береміз, орыстар қашанға дейін бізді басына береді деп өзеуреп, әскерлерге қарсы мұз лақтырып, бір жағы бұзақылық көрсетіп тұрған. Бұл қасақана ұйымдастырылған топ мүшелері Метель операциясына сай құрылып арнайы арандату арқылы ұлттардың арасына жік салу арқылы көтерілісті басу ісімен жүзеге асырылған зымиян жоспардан туындаған еді.Ал Метель операциясы 1986 жылғы желтоқсаннан бір жыл екі ай бұрын алдын ала ойластырылған еді. Бірақ ол операцияны жүзеге асыратындай жер болмаған соң ол босқа жатып қалған. Ал Алматыда бейбіт жастар шеруі жүріп жатқан кезде КСРО Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Чебриков М. Горбачевке жолығып Метель операциясын қолдануға ауызша рұқсат алған. Бұдан кейін бейбіт жастардың шеруі неге айналғанын қазір бәріміз білеміз. Ал сол күні Алматыға ұшып келген КСРО Қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бобков пен КСРО ішкі істер министрінің орынбасары Елисов Метель операциясын сынау үшін, Алматыда жаппай күш көрсетуге көшті.Алдын ала ойластырылған үлкен күш Желтоқсан көтерілісі кезінде жастарға қасақана жұмылдырылды. Күш қолдану үшін оған негіз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz