Қайын жұрты


НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
Абдыгалиев Жандос
Қазақ халқындағы туыстық мәдени атаулар
Нұр-Сұлтан, 2023
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Қазақ тіліндегі туыстық атаулардың ғылыми негізі
I. 1. Туыстық атаулардың ұлттық психологияға қатысты белгілері мен ерекшеліктері
I. 2. Туыстық атаулардың лингвомәдени маңызы
II. Туыстық атаулардың семантикалық-құрылымдық ерекшеліктері
II. 1. Туыстық атаулардың лексикалық құрамы
II. 2. Туыстық атаулардың лексика-семантикалық топтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі: Туыстық атаулар - туыстық қарым-қатынасты білдіретін ұғымдар, халықтың рухани мәдениетін көрсететін лексика-семантикалық топ. Олар адамдардың туыстық карым-қатынасын білдіріп қана қоймай, халқымыздың тарихын, мәдениетін, тектік тамырын да танытады. Сол себепті туыстық атаулардың лексикалық құрамы мен адам қарым-қатынас процесіндегі қолданыстық ерекшелігін аңықтау қажет.
Мақсаты: Туыстақ атаулардың көлемін, лексикалық мағынасын, қолданыстық аясын бірнеше жағынан зерттеу, ерекшеліктерін анықтау.
Міндеті:
- Туыстық атаулардың ұлттық психологияға қатысты белгілерін көрсету;
- Туыстық атаулардың лексикалық құрамын анықтау;
- Туыстық қатысты білдіретін сөздердің мағыналық топтарын айқындау;
Негізгі бөлім.
I. Қазақ тіліндегі туыстық атаулардың ғылыми негізі
I. 1. Туыстық атаулардың ұлттық белгілері мен ерекшеліктері.
Ұлт - тіл, тарих, қандастық, мәдениет, мінез секілді ортақтықтар негізінде қалыптасқан адамдар қауымдастығы. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік хал-ахуалындағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің орталығы болып табылады.
Адамдардың отбасылық қарым-қатынасы ұлттық жан-күй ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Сол себепті, тіліміздегі туыстық атаулар ұлттық сана мен дәстүрін танытады.
Туыстық атаулардың пайда болуы халықтың қарым-қатынасынан бастау алады. Күнделікті тұрмыс жағдайында туыс жандар бір-біріне туыстық атауларды қолдануы адамның атын атауынан жиірек кездеседі. Сондықтан әр адамның қоғамдағы өз орны секілді жанұя мүшелерінің де өзіндік орны бар.
Халқымыздың жасы үлкендерге кішілердің ата, әже, баба, әке, шеше, аға, керісінше, жасы кішілерге үлкендердің балам, қызым, ұлым, қарындасым інім, сіңлім, бауырым деп атау дәстүрге айналған ұлттық психологиямызға сіңген қасиет. Осы дәстүр уақыт жалғасымен өз маңызын жойған жоқ.
Қазақ халқында әрбір жігіттің ағайын жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты болады. Осылай туыс адамдарды 3 жұртқа бөлінуі қазақ халқының ұлттық ерекшелігі болып табылады. Туыстық атаулар осы үш жұрттың өзіндік ерекшелігіне байланысты қалыптасқан.
Ағайын жұртқа әкесінің арғы аталарынан басталатын, яғни жеті атадан бері туыстары енеді. Бір отбасыда тұлғаның ата-анадан басқа ең жақын адамдары - аға-інілері және апа-қарындастар.
Жігіттің қайын жұрты - әйелінің туыстары. Оларға қайын ата, қайын ене, қайын бике, балдыз енеді. Қайын жұртқа тек қана әйелің отбасысы ғана енбей, қайын атаның барлық туыстары жатады. Мұндағы туыстық атаулар халқымыздың салт-дәстүрлеріне байланысты қалыптасқан. Жігіт қайын жұртты қастерлеп құрметтеуі керек.
Қазақ халқында қайнысы мен жеңгесі сияқты, балдыздар мен жезденің бір-бірін қатты сыйлайды. Әпкесінің күйеуі әйелінің іні-сіңлісінің атын атамай балдыз деп еркелетсе, әпкесінің күйеуін олар жезде деп құрметтеп атайды. Қазақ ұғымында балдыз, қайны, жезде үшеуі бір-біріне ең жанашыр адамдар болып есептеледі.
Нағашы жұрқа анасы жағынан туыстары жатады. Халық қыздан туған баланы «қыздан туғанның қиығы жоқ» деп «жиенді» бауырына тартады. Басқа ұлттарда кездеспейтін «жиен» деген ұғым тек қазақ қауымында ғана бар. Басқа ұлттарда ұлының да баласын, қызының да баласын «немере» деп атайды. Сол себепті, «жиен» деп атау ерекше көңіл бөлінген сый-құрметті білдіреді. Қазақ халқында жиенге байланысты “жиенқұрық” деген дәстүр бал. Осы дәстүрдің мәні - нағашысы жиенді ренжітпей, талабын қабыл алып, қалаған затын беретіні. Нағашы мен жиен арасындағы қатынас туыстық мәнін жоймайтын ерекше қатынастар.
«Ағайын жұрты - күншіл, қайын жұрты - міншіл, нағашы жұрты - сыншыл» деген сөз бар. Осы сөзінің мәні - жігіттің үш жұрттың алдындағы борыш-қарызын адал өтеуге уағыздайды.
Төменгі кестеде бұл бөлімнің қорытындысы жазылған.
I. 2. Туыстық атаулардың лингвомәдени маңызы.
Тіл халық мәдениетімен тығыз байланыста болады. Ол онда айқындалады және дамиды, ал мәдениет өз көрінісін тілден байқайды. «Тіл қарым-қатынастың құралы ғана емес, сонымен қатар мәдени білімнің аккумуляциясы. Ұлт болып қалыптасудың негізі бола отырып, тіл - ұлттық мәдениет пен оның көрінуінің негізгі формасы» [1] .
Біріншісі, тіл ұлттың мәдениетінен бөлінбейді. Ол осы ұлттың мәдениетінің бір үлесін болып табылады. Екіншісі, тіл де мәдениет сияқты уақыт элементтерге тәуелді. Мәдениетіміздегі өзгерістер болса, оларды тіл арқылы көре аламыз. Тілдік элементтер мәдениеттің комплексіне, тілдік топтар мәдениеттің кең аймағына қосылады.
Лингвомәдениеттану жағынан тілдегі әр халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, тарихынан көрініс алатын лексикалық құралдарды зерттеу маңызды орын алады. Лингвомәдениеттану сөздік қордағы ұлттық ерекшелігі бар, ұлттың мәдени болмысын сипаттайтын сөздерді қарастырады. Ал, ұлтымыздың тектік тамырын, әр түрлі дәрежедегі туыстық қатынасын білдіретін туыстық мағыналы сөздер - осы ұлттық ерекшеліктерді айқын көрсететін сөздер болып, лингвомәдени тұрғыда қарастыру қажет.
Туыстық атаулар бұрыннан-ақ терминология саласындағы ғалым-лингвистердің қызығушылығын танытты.
II. Туыстық атаулардың семантикалық-құрылымдық ерекшеліктері.
II. 1. Туыстық атаулардың лексикалық құрамы.
Қандас туысты және неке туыстығын білдіретін сөздер тек қана тілдің лексикалық қорына еніп қоймайды, одан да басқа маңызды функциялары да бар. Туыстық атаулар семантикалық тұрғыдан бөлінеді, грамматика жағынан өзгерістер мен сөзжасамдық мүмкіндіктерге ие. Яғни, өзінің сөздік ұясын жасай алады. Олардың өзіндік этимологиясы бар, сол себепті ежелгі қоғамдық-экономикалық қатынастардың, белгілі тілдің тарихы мен қалыптасуының мысалдары бола алады. Мұның өзі туыстық қатынасты білдіретін жалпы сөздер ішінен қарапайым және күрделі туынды түбірлерді тауып көрсетуге, түбір элементтерін реконструкциялауға мүмкіндік береді. Одан да басқа, туыстық атауларға тарихи, этимологиялық талдау жасауды, түбір морфемаларды анықтап қорытынды шығаруға бағыттайды.
Қазіргі қазақ тіліндегі туыстық лексикаларға тән диалектикалық тұрғыда әр түрлі белгілер мен ерекшеліктер бар:
- Туыстық атаулардың көпшілігі туынды түбірден жасалған. Осы түбірлер көбінесе түркі халықтарына ортақ болып табылады.
- Кішірейткіш -ша, -ше, -аш, -еш, -ш; реңк мәнін үстейтін -й, -тай, -жан формаларының қызметі көбінесе жас мөлшерін немесе жыныстық мағынаны білдіреді. Мысалы, ағай, құдаша, анажан және басқа мысалдар.
- Қазақ тіліндегі туыстық номенклатураны байытуда қазақ тіліндегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдер маңызды рөл атқарады. Олар әр түрлі жолмен жасалады.
Одан басқа, туыстық атаулар тағы бір қолданысы - жинақтық мағыналы антонимдік жұп жасайды. Осындай туыстық мағынаны білдіретін сөздері қолданысы айқын. Бірақ, көп тілде кездеспейтін ерекшелегі - антонимдік жұп құрауы.
Жоғарыда жазылғандай, туыстақ атаулардың өзіндік этимологиясы бар. Сонымен, туыстық атаулардың этимология жағынан үш топқа бөлуге болады:
- араб-парсы тілінен енген туыстық атаулар;
- монғол тілінен енген туыстық атаулар;
- түркі-монғол тілдеріне ортақ атаулар.
1. Араб-парсы тілінен енген туыстық атаулар.
Ә. Нұрмағанбетұлы тіліміздегі «әйел» сөзінің түп төркіні араб тілі екенін, ғ дыбысынан басталатын араб сөздері түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіліне көшкенде бастапқы дыбыстың түсірілу заңдылығы бар екенін мәлімдейді. Өзге түркі тілдерінде (өзбек, ұйғыр, әзірбайжан) «әйел» - «қатын» (көбінесе) түрінде қолданылады. «Слово кадын/хатун «жена», «женщина» имеет в современных тюркских языках различную степень активности употребления, оно термин родства, по-видимому является основным и почти не имеет синонимов» [2] . Көне ескерткіштер тіліне көз жүгіртсек, «қатун - ақсүйек әйел, текті тұқымнан шыққан әйел, билеушінің, атақты адамның әйелі» деген анықтама беріледі.
2. Монғол тілінен енген туыстық атаулар.
«Құда» - ер адамға қатысты айтылатын құдандалыққа атау.
Т. Жексенбаев «Қазақ тіліндегі құдандалық атаулар» деген еңбегінде «құда» сөзінің монғол тілінде «худал даа», «худал даа(и) », «сауда», «сауда істеу», «сауда ісімен шұғылдану» мағынасында қолданылатынына тоқталады. «Құда» сөзінің бірте-бірте сатушы мәнінен алыстап, туыстық мағынасына келген деген пікір айтады. «Әйел адамдарға қатысты қолданылатын «құдағи», «құдаша» атауларының негізі - құда сөзі» - дейді [7] .
Л. А. Покровская келіннің не күйеудің әкелері немесе құдаласқан екі жақтың жасы үлкен адам деген мағынадағы «құда» сөзінің этимологиясы туралы солай жазады: «Следует вообще отметить, что корневое слово куда, несомненно монгольского происхождения, дало в тюркских языках много разнообразных именных и глагольных образований» - дейді [2] .
«Құда» түбіріне -ғый/-гай, -жа/-а/-ша жұрнақтары жалғану арқылы әйелдер атаулары жасалады. Мысалдар: құдаша, құдағи.
3. Ендігі кезекте түркі-монғол тілдеріне ортақ туыстық атауларға салыстырмалы-тарихи, этимологиялық талдау жасап көрелік.
І. Кеңесбаев: «Ажа» сөзі монғол тілінде әке деген мағынада қолданылатынын Ибн-Мұхаңның сөздігінен кездестіреміз» - деп дәлелдейді [3] .
Ә. Нұрмағанбетұлы «Осыған ұқсас монғол-бурят тілінің Цонголь говорында, «ба» сөзімен тіркескен «аваэ», «биваэ» тұрақты тіркесінің «үлкен апа» ұғымын ұшыратамыз» - дейді [4] .
II. 2. Туыстық атаулардың лексика - семантикалық топтары
Күнделікті тұрмыста кең қолданылатын туыстық атаулар ерекше бір лексикалық қор құрайды. Туыстық парадигманың қатынастарын бір-бірінен ажыратып, тілдің негізгі сөздік қорының қомақты бір бөлігін қамтитын туыстық атауларды топтастыруға болады. Лексика-семантикалық топтар сөздердің мағыналық жуықтығына, бір ерекше семаға қарай топтастырылады.
Туыстық атауларды бұдан ары қарай бөлсек, оларды ішкі тармақтарға жіктеген сайын мүшелері арасындағы байланыс күшейе түсетінін айтады. Осыған байланысты оларды қандық және некелік туысқандық деп екіге бөледі.
Қандық туыстыққа: ата, ана, әке, баба, перзент, бала, ұл, қыз, іні, аға, сіңлі, қарындас, немере, шөбере, шөпшек, жиен, нағашы, бөле, көке, әке сияқты сөздер енеді. Олардың өзін екіге: тікелей қандық туыстық және сатылай қандық туысқандық деп екіге бөледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz