Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Курстық жұмысының қорытынды бөлімі

0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының

0101013 − «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі

бойынша

«Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі»

пәнінен курстық жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқаулығы

Мазмұны

Тақырыптар атауы
беті
№: 1
Тақырыптар атауы: Кіріспе
беті:
№: 2
Тақырыптар атауы: Курстық жұмыстың тақырыптары
беті:
№: 3
Тақырыптар атауы: Курстық жұмыстың үлгі жоспары
беті:
№: 4
Тақырыптар атауы: Курстық жұмыстың бөлімдері
беті:
№: 5
Тақырыптар атауы: Қурстық жұмысты әзірлеуге қойылатын талаптар
беті:

Кіріспе

Курстық жұмыс - студенттің жыл бойына орындайтын оқу жұмысының міндетті түрі.

Курстық жұмыс студенттің өзбетіндік зерттеу жұмысы боп табылады және «Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі» саласындағы бір мәселенің мәтін және тәжірибе түрінде рәсімделіп, логикалық аяқталған ғылыми зерттеу түрін қамтиды.

Студентте ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларын қалыптастыру, оның кәсіптік (теориялық, практикалық) дайындық деңгейін көтеру, «Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі» пәнін терең меңгеру, ғылыми және анықтама әдебиеттермен өзбетімен жұмыстану білігі мен қызығушылығы дамыту мақсатында жүргізіледі.

Курстық жұмысқа дайындық кезінде студенттің алдында «Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі» бойынша оқыту әдістемелері саласындағы жаңа ғылыми жетістіктерді ашу міндеті қойылмайды. Студентке тақырыпты баяндау үрдісінде әдебиетті ғылыми пайдалану, баяндалған материалдың әдіснамасын түсіну, мәліметтерді жүйелей білу, жүйелеу мен қорытынды шығару, теория мен практиканы қазіргі өмірмен байланыстыру қабілеттерін көрсету керек.

Курстық жұмысты орындау студенттерден тек қана педагогикалық және арнайы білімдерін жетілдіру ғана емес, жекелеген педагогтардың, білім беру ұйымының т. б. практикалық жұмыс тәжірибесімен танысу, тәжірибелік-практикалық немесе тәжірибелік - эксперименттік жұмыстар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерін тиімді шешу тәсілдерін жасақтау және сынақтан өткізуді талап етеді.

Курстық жұмыс студенттің оқу сабақтары мен оқу жұмысының бақылау формасының негізгі түрін көрсетеді, бұнда студенттердің теориялық білімдері және оларды қолданудың практикалық дағдылары, олардың ғылыми бейімділігі мен қызығушылығының деңгейі анықталады.

Курстық жұмыстың тақырыптары

Курстық жұмыстың тақырыптары өзекті, ТжКББ жүйесін дамытудың қазіргі жай-күйі мен дамыту перспективаларына сай, арнайы пәндік бірлестіктің және колледждің ғылыми зерттеу мәселелерімен сәйкес келеді.

Курстық жұмыстың тақырыптары оның мазмұнын нақты тұжырымдайды.

Курстық жұмыс тақырыптары арнайы пәндік бірлестіктің отырысында қаралып бекітілді.

Курстық жұмыстардың тақырыптары, оларға қойылатын талаптар және оларды орындау туралы нұсқаулар студенттердің назарына 1-кестеге сәйкес 7-ші семестрдің басында беріледі. Курстық жұмыстың тақырыптары студенттердің таңдауына беріледі.

Студент бірлестік ұсынған тақырыптарының бірін немесе өзінің таңдаған тақырыбын негіздеп ұсынуға құқы бар. Студент өзі қызығатын, білімін тереңдетін тақырыптарды ала алады.

1-кесте

Кезең атауы
Орындау мерзімі
№: 1
Кезең атауы:

Тақырыпты, курстық жұмыс құрылымын

анықтау. Әдебиеттерді таңдау және зерттеу. Жетекшімен бірлесіп жоспар құру және келісу

Орындау мерзімі: 7 - семестрдің басы
№: 2
Кезең атауы: Курстық жұмыстың жекелеген бөлімдері мен тақырыптарымен жұмыс, оларды жетекшілерімен талқылау. Әдебиеттер тізімін даярлау
Орындау мерзімі: 7 - семестрдің басы
№: 3
Кезең атауы: Жетекшіге курстық жұмыстың алғашқы нұсқасын тапсыру. Курстық жұмысты жетекшінің зерттеуі
Орындау мерзімі: 7 - семестрдің аяғы мен 8 - семестрдің басы
№:
Кезең атауы: Жетекшінің ескетулерін жою. Курстық жұмысты безендіру
Орындау мерзімі: 8 - семестрдің басы
№:
Кезең атауы: Жетекшіге курстық жұмыстың соңғы нұсқасын тапсыру
Орындау мерзімі: 8 - семестрдің басы
№:
Кезең атауы: Курстық жұмысты қорғау
Орындау мерзімі: 8 - семестрдің соңы

«Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі» пәні

бойынша курстық жұмыстардың тақырыптары:

1. Балаларды туған жердің табиғатын сүюге және қорғауға тәрбиелеу (ересектер тобы)

2. Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдермен таныстыру (екі жыл мезгілін)

3. Тәрбиешілердің балаларды өсімдіктермен таныстыру үрдісіндегі жұмыстары (естияр, ересек топтар)

4. Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшадағы жер учаскесі және табиғат бұрышындағы жануарларға деген жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

5. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат бұрышында жүргізілетін еңбек дағдыларының үрдісіне тәрбиелеу.

6. Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру.

7. Ересек балалар тобында учаскеде өсімдіктерді өсірудегі тәрбие жұмыстары.

8. Ересек топтардағы балаларды ауыл шаруашылық жұмыстарындағы жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

9. Ересек топтағы балаларды саяхат және серуен кезінде табиғатпен таныстыру құралы ретінде туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

10. Ересек балалар тобында өсімдіктермен таныстыру үрдісінде дидактикалық ойындарды қолдану .

«Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі» пәнінен курстық жұмыстың үлгі жоспары

Курстық жоба тақырыбы: Балаларды табиғатпен таныстырудың теориясы және ұйымдастыру формалары.

Берілген тапсырма (шарттары) :

Тапсырылуын қажет етеді:

Кіріспе

І -Тарау.

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы

сипаттамасы

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатқа қарым-қатынасы

1. 2 Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс түрлері

II-Тарау.

2. Балаларды табиғатпен таныстыруды ұйымдастырудың

негізгі формалары

2. 1 Балаларды табиғатпен таныстырудағы бақылау әдісі

2. 2 Экскурсия - балаларды табиғатпен таныстыру формасы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

КІРІСПЕ

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ . Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі бойынша осы бөлімде төмендегі мәселелер бойынша назар аударған жөн.

Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдалануды. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапарларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсіндіру.

Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында байқағау: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайтындығын. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппайтынын. Сондай-ақ соляр шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай, т. б. бейнелеуге де жете көңіл бөлінбейтіні туралы. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен таным нысаны қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жататынын, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет болатындығын түсіндіру.

1. 1 - Тарауда

«Тіршілік иелерінің өміріне қажеттілік туғызу және қолдау әдісі» балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрін түсіндіру барысын енгізу. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған бірден -бір әрекет екенін жазу. Табиғатты қорғау арқылы жақсы нәтижеге жету - осы әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізудегі іс әрекет екнін нақты дәлелдеуді пайдалану. Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс екенін кірістіру.

1. 2 - Тарауда

Мектепке дейінгі жастағы балаларды қоршаған табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейірімділікпен қарауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеуге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында тұрған міндеттердің зор екенін дәлелдеу. Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттыруға, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. сондықтан табиғаттағы, ауа-райындағы, жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға талпындыру арқылы эстетикалық талғам қалыптастырудағы жүргізілетін шаралар туралы жазу.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

«Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі» пәнінен орындалатын курстық жұмыстың бөлімдері

Курстық жұмыс негізінен Кіріспе, Негізгі және Қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде орындалып отырған курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі баяндалады.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қоршаған ортаны сақтауда әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы адамның тұрмыс-тіршілігіне, жан-жануарлар дүниесіне, олардың өмір сүруіне қажетті тіршілік әлеміне тығыз сабақтас табиғат дүниесін аялауға, оны қолдан жасауға, көркейтуге, өсімдіктерді, жан-жануарлар дүниесін баптап күтуге, өсімдіктерді сындырмауға, өзен-көл суларын ластамауға, айналадағы қоршаған ортада тазалық сақтау сияқты адамға байланысты экологиялық адамгершілік әрекеттердің қалыптасуы балалық шақтан оның ой-санасына орнықтырып, күнделікті іс-әрекетінде орындауға тиісті міндеттердің бірі болуы керек екенін көрсету.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологияны, қоршаған ортамен таныстырудың әдіс-тәсілдері арқылы табиғатты қорғау туралы көзқарастарының дұрыс қалыптасуына бағыт - бағдар беруге тәрбиелеу екенін дәлелдеу.

Курстық жұмыстың міндеті: балабақшада білім беру әдістерін тиімді қолдану, мектеп жасына дейінгі балаларды әдіс-тәсілдер арқылы табиғатты тануға деген қызығушылықтарын арттыру, қоршаған ортаны аялап, қорғауға тәрбиелеу.

Студенттер курстық жұмысты орындай отырып, осы мақсаттары мен міндеттерін шешудің жолдарын - курстық жұмыстың негізгі бөлімінде баяндауы керек.

Кіріспе - компьютермен жазылған 2 - 3 парақтан тұрады.

Негізгі бөлім курстық жұмыс тақырыбының жоспары бойынша баяндалады. Бұл бөлім бірнеше тақырыпшалардан құрылады, онда жұмыста қолданылған әдістер мен материалдар, шешілген проблемалық сұрақтар, ғылыми-теориялық және тәжірибелік-теориялық нәтижелер енгізіледі.

Негізгі бөлімнің бірінші тарауында студенттер балалардың табиғатты тікелей қабылдауын және дағдыларды белсенді меңгеруін қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдердің, яғни бақылаудың, эксперименттің, еңбектің, ойындардың тиімді жақтарын пайдалану жолдарын қарастыруы тиіс.

Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу бағдарламаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің айналасындағы табиғатқа, бақылау орны мен объектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты қолданылатынын ескеруі керек.

Табиғатпен таныстыру барысында балабақшаның материалдық жағдайы - табиғат бұрышы, бау-бақша гулзарлардың, табиғаттағы ойын мен еңбекке қажетті құралдардың, білім берудегі техникалық құралдардың сипаттамалары берілуі керек.

Курстық жұмыстың негізгі бөлімінің екінші тарауында өндірістік тәжірибеден өту кезінде өткізген табиғатпен таныстыру сабақтарының түрлерін, мақсаттарын, қолданылған құрал-жабдықтарын, басқа пәндермен байланысын баяндай отырып, бір сабақтың толық жоспары мен мазмұны беруі керек.

Сонымен, негізгі бөлім - компьютермен жазылған 12 - 18 парақтан тұрады.

Қорытынды бөлімде таңдап алған әдістері мен тәсілдерінің, тәжірибе жүзінде өткен сабақтарының (пәннің бағдарламасына) тақырыбына және балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қол жеткізген жетістігін, нәтижесін, жасаған жұмысының маңызын толық баяндауы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің негізгі сипаттамасы
Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс - тәсілдер
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы
Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі әдістері
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың әдістері
Ересек топтағы балаларды өсімдіктермен таныстыру негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz