Мал азықтарының топтары


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімМал азықтарыМал азықтарының негізгі топтарыАралас шөп топтарының өсімдіктері
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Шалғындық және шалғынтану ғылымы табиғи өсімдіктерді, олардың калыптасуын, дамуын, сыртқы ортамен қатынасын зерттейді. Табиғи өсімдік қауымдастықтары 7 топқа бөлінеді: ағаштар, бұталар, бұташықтар, көпжылдық шөптер, біржылдық шөптер, мүктер, қыналар.
Республика аймақтарындағы ауа райы ерекшеліктеріне (1°С ылғал, жарық т. б. ) байланысты табиғи өсімдіктер қауымы қалыптасқан және де өсімдік түзіп өсіп-дамуына топырақ микробтары, жәндіктері, жабайы аңдар, құстар әсер етеді. Мал азықтық өсімдіктер өздерінін жем-шөптік сапасы және басқадай шаруашылық маңызы бойынша төрт шаруашылық ботаникалық топтарға бөлінеді:
Астық тұқымдастар (қоңырбас тұқымдас) . Қазақстанда жемшөптік құндылығы жағынан алдыңғы қатарда тұр. Орманды-далалық, далалық және таулы аймақтарда өсімдік қауымының негізгі үлесін құрайды. (50-70%) ;
Бұршақ тұқымдастар, табиғи өсімдік қауымында 5-6% ғана кездеседі. Бірақта, бұл өсімдіктер ете жоғары қоректілігімен, жаксы желінуімен және корытылатын протеин мөлшерінің жоғары көрсеткішімен ерекшөлеңеді;
Қияқ тұқымдастар (өлең, майман тұқымдастар) табиғи өсімдік қауымында көп кездеспейді, жем-шөптік сапасы төмен болады;
Аралас шөптер - қалған барлық өсімдік ұқымдастары (негізінен күрделігүлділер, алабота, қарақұмық, айкышгүлділер, қырыққабат тұқымдастар және т. б. ) . Бұл топқа жататын өсімдіктер Казақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Шөл және шөлейт аймақтардың өсімдік қауымының 70-80% кұрады.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдарға баға бергенде ондағы өсімдіктер топтары мен олардың арақатынасының мәні жоғары, Жемшөптік өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктерімен таныса отырып, қазақша, орысша және латынша атауларын білумен қатар, олардын биологиялық ерекшеліктері, таралған жерлері, экологиялық белгілерді пайдаланудың қолайлы әдістері және шаруашылыктық құндылығы жөнінде түсініктер болуға тиісті.
Өсімдіктердің шаруашылық бағалылығы:
а) морфологиялық құрылымымен; 6) шөптің қандай жағдайда кездесетіндігімен, бітік өсіп-даму ерекшелігімен, в) жемшөптік құндылығымен анықталады. Ал жемшөптік құндылығы өсімдіктің қоректілігіне, қорытылуына, малдың сіңіріп жеуіне байланысты. Өсімдіктер: а) мал жейтін шөптер; б) арам шептер (мал жемейтін шөптер) ; в) улы шөптер болып бөлінеді, .
Қазақстанда табиғи шалғындықтардың (шабындықтар мен жайылымдар) облыстар бойынша бөлінуі
(жер ресурстары мәліметі, 2007 ж. )
Мал азықтық өсімдіктер ылғалға және өсу ортасына байланысты негізгі төрт топтарға бөлінеді.
Мезофиттер (яғни, шалғындық өсімдіктер) даму кезеңдерінде орташа ылғалдану жағдайында өсетін өсімдіктер. Су жайылғанда су астында 5-15 күнге дейін шыдайды. Көпшілік мезофиттер сапалы мал азықтық өсімдіктер, өнімдері жоғары.
Шалғындықтарда және суармалы жерлерде өседі. Оларға жататындар: астық тұқымдастардан - шалғындық, бетеге, субетеге, шалғындық атқонақ, жима тарғак, бидайық, көпжылдық үйбидайық, кылтықсыз арпабас (шалғындық түршесі) және басқалары; бұршақтұқымдастардан - жоңышқа, беде, шығыстың ешкішөбі, мүйізбас шөп т. б.
Гигрофиттер - ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктер. Су жайылғанда оның астында 35-50 күнге дейін шыдайды. Өзен алқаптарының шалғындарында, көлтабанды шалғындарда, су көп тұрып қалатын ойпат жерлерде өседі. Оларға жататындар; астық тұқымдастардан - кәдімгі бекмания, жатаған бидайық, т. б.
Гидрофиттер - суда өсетін өсімдіктер. Бұлар вегетативтік жолмен, тамыр кесінділерімен көбейеді. Оларға жататындар - киыршығыстық көпжылдық күріш т. б.
Ксерофиттер - ылғалы жетіспейтін жерлерде өсетін өсімдіктер. Ауа және топырақ құрғақшылығына жақсы шыдайды. Олар көбінесе кұрғақ далалық, шөл және шөлейт аймақтарда тараған. Ксерофиттер күшті дамыған тамыр жүйелерімен ерекшөлеңеді және олардың жапырақтары аз ылғал жоғалтуға бейімделген келеді (жіңішке, ақ ұнтақты, түкті) . Олар көбінесе көктемгі ылғалды жақсы пайдаланады. Жазда құрғақшылық кезеңінде өсуін тежейді.
Ксерофиттер екі топқа бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер . Суккуленттердің сабағы мен жапырақтары шырышты қалың келеді. Олар сонда су қорын жинап құрғақшылық кезеңде оны үнемдеп пайдаланады (кактус, алоэ, сораңдар) . Склерофиттер су қорын жинауға бейімделмеген (жусандар, сексеул, т. б. ), олардың сабағы қатты және құрғақ болады.
Ксерофттерге жататындар: астық тұқымдастардан - еркек шөп, тарлау, айыр кияқ, сібір тарлауы, қылтықсыз арпабас (далалық түрі) . Бұршақ тұқымдасттардан - сары түйежоңышқа, сарбас жоңышқа (далалық түрі) . Қияқ гұқымдастардан кияқ өлең (шөл аймақта) . Аралас шөптерден -ақ жусандар, изен, қараматау, сексеуіл, чогон, теріскен т. б. Негізгі топтардан басқа мезофиттерден ксерофитгерге және гигрофиттерге ауысып отыратын өсімдік топтары болады (мезоксерофиттер, мезогигрофиттер) . Бұлар сыртқы көрінісі бойынша мезофиттерге ұқсас, ал биологиялық, экологиялық жағынан ксерофиттерге немесе гигрофиттерге жақын. Мезоксерофиттерге: еркек шөп, сарбас жоңышқа, таулық беде, эспарцет және эфемерлер мен эфемероидтар жатады. Мезогигрофиттерге субидайық, шалғындық түлкі кұйрық, батпақтық қоңырбас, кәдімгі бекмания, батпақты ноғатық жатады.
Эфемерлер және эфемероидтар. Бұл өсімдіктер өздерінің өсіп-даму кезеңдерін ерте көктемде бастап, жаз шыкқанша тұқым шашып үлгереді. Эфемерлер біржылдықтар (қызғалдақтар, раң), эфемероидтар көпжылдықтар (шығыстық мортық, жабайы арпа) .
Мал азықтық өсімдіктерді сабақтарына, еркендері мен түптенуіне және жапырақтарының орналасуына қарай 3 топқа бөледі:
Жапырақтары жоғары орналасқандар (шабындық немесе шабындық жайылымдық өсімдіктер) : жапырақтары сабақтың бүкіл ұзына бойынша бірсыдырғы тегіс бөлінген. Түпте ұзын вегетативтік және генеративтік сабақ жапырактар басым келеді. Оларға жататындар: барлық мезофильдік, гигро және гидрофильдік, мезогигрофильдік астық тұқымдастар және бұршақтұқымдастар (жапырақтары төмен орналасқандардан басқасы) .
Жапырақтары төмен орналасқандар (яғни, жайылымдық шөптер) . Жапырақтардың басым бөлігі сабақ жапырақтардың түпкі жағында (60-70) орналасқан. Түпте қысқа вегетативтік сабақ - жапырақтар басым. Оларға жатқызатындар:
Астықтұқымдастардан - шалғындық коңырбас, тарлау кияқ; бұршақтұқымдастардан - ақбас беде;
түрлі шөптердев - қарабас шөп, изен, қараматау, теріскен, күйреуік. Жапырақтары аласа орналасқандар - көпжылдық үйбидайық, тарғақ шөп, еркек шөптер, қылтықсыз арпабас, тік арпабас.
Өркен жаюы және тамыр жүйесі бойынша өсімдіктер әр түрлі топқа бөлінеді.
В. Р. Вильямс бойынша көпжылдық шөптер 9 топқа бөлінеді:
1) Тамыр-сабақтылар, 2) тығызтүптілер, 3) сирекгүптілер,
4) тамырсабақты-сиректүптілер, 5) кіндіктамырлылар,
6) тамыр өркенділер, 7) шашақтамырлылар, 8) жатаған өсетіндер,
9) баданалы және түйнектамырлылар.
Мал азықтық өсімдік қауымын кластарға жер бедері мен топырақ шарттары арқылы топтарға шартгы түрде бөледі. Батпақты шалғындарды өсімдік құрамы арқылы анықтайды. Бұл жерде өсімдік кұрамында қияқ (өлең, майман) тұқымдастары басым болуы шарт.
Шабындықтар мен жайылымдарды түгендеу жөніндегі жұмыстар жазғы практика кезінде жүргізіледі.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды класқа бөлу дегеніміз -неғұрлым ірі табиғи мал азықтық жерлерді, табиғи аймақтар бойынша кластарға және класс тармақтарына бөлу.
Мал азыктық жерлерді тиімді пайдалану, оларды жақсарту жөнінде шаралар жоспарлауды, жерге орналастыруды, әр учаскені және жер кадастрын мемлекеттік есепке алуды камтамасыз ету мақсатымен аудандар, облыстар бойынша шабындық пен жайылымдарды геоботаникалық тұрғыдан тексеру матариалдарын жинақтап қорыту үшін класқа бөлу принципі қажет.
Класқа бөлу үшін Қазақстан аумағын табиғи аймақтардын екі тобына және таулы белдеулер бойынша үш тобына бөлу ұсынылады:
Орманды-далалық және далалық аймақ.
Шөлейт және шөл аймақтар.
Белдеулердің таулы топтары:
а) шоқылар (аласа таулар) ;
б) тау етегі;
в) орташа немесе биік таулы жерлер.
Класқа бөлудің жүйелік өлшемі мынадай төмендеген бағытта болуы керек: класс, класс тармағы типтер тобы, тип түр өзгерушіліктері. Әрбір табиғи аймақта жазықтық, ойпат жер, қысқа мерзімде су жайылатын алаңдар және батпақты табиғи мал азықтық жерлер кластары болып бөлінеді.
Таулы облыстарда таулы белдеулік (аймақтық) белгілері бойынша сазды және өзен алқаптарына су жайылатын жерлер кластарына бөлінеді.
Класқа бөлудің мынадай индекстері қабылданған (аймақтар мен тік белдеулерді бас әріптерімен белгілейді) : Д - орманды-далалық және далалық; Ш - шөлейт және шөл; А - аласа шоқылар мен тау бөктерлері; Т - таулы (орташа таулы) ; Б - биік таулы.
Табиғи мал азықтық жерлердің типі - класқа бөлудің бірсыдырғы ұсақ жүйелік өлшемі. Бұл экологиялық жағдайлардын біртектілігімен; топырақ түзу мен ылғалданудың су-тұз режимінің бір дейлігімен және пайдалану, мелиорациялау ерешеліктеріне бірдей әсерленетін өсімдіктер -индикаторлардын ұқсастығымен сипатталады.
Типтер топтары және түр өзгерісін бөлу ісі мал азықтық жерлерді нақтылы кең көлемде геобоганикалық тексеру негізінде ғана жүргізілуі тиіс.
Жалпы республикада мынадай табиғи аймақтар бөлінген: орманды-далалық, далалық, құрғақ далалық, шөлейт, шөл, таулы аймақтар. Барлық айнақтарда өзен алқаптары, тау бөктерлері кездеседі. Және де көктемгі сулармен уақытша суарылатын жерлер (лимандар) кездеседі.
Қазақстан жері топырақ құрамы, ауа райы, өсімдік түрлерінің өзгешеліктеріне қарай алты табиғи аймаққа бөлінеді:
1. Орманды далалы аймаққа Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау облыстарының солтүстік аудандары жатады. Бұл- республиканың ең жауын- шашыны көп аймағы. Мұнда астық тұқымдас шөптер мен боз, бетеге аралас өседі, шабындық шөптерден бидайық, қылтықсыз арпабас, далалық атқонақ, беде, қозықұлақ, эспарцет, сиыржоңышқа, жалбыз т. б. төбелі биік болып өседі, гектарынан 6-10 ц пішен жиналады. Бұл жайылымда ірі қара көктемнен күзге дейін жайылады. Ол онтүстігі құрғату бозды болып келеді. Көктемнен күзге дейін ірі қара, жылқы, қой жайылады.
2. Далалық аймақ- Павлодар, Ақмола облыстарының көп жері, Қостанайдың орталық аудандары, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Семей облыстарының солтүстігі. Далалық аймақ республиканың 9, 0% көлемін алын жатыр. Өсімдігі көбіне боз, бетеге, еркекшөп, боз бетеге, ақ жусан, қара жусан, көкпек т. б. өседі, әр гектарынан 2-4 ц пішен шабылады.
3. Шөлейт аймақ- Ақтөбе, Орал, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Семей облыстарының 13, 8% көлемін алып жатыр. Негізгі өсімдік құрамы-боз, бетеге, селеулі боз, кермек. Қара жусанды жайылымдарына қой жайылады. Ылғал мол жылдары гектарынан 4-5 ц пішен алынады. Құм төбелі жайылымдарда теріскен, қияқ, ебелек, изен, жүзген, жыңғыл.
4. Шөл аймағы- Қазақстанның барлық оңтүстік аудандары және республиканың 41% көлемін алып жатыр. Ең құрғақшылық аудандары- Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жезқазған облыстары. Шөл аймағының жайылымы 280-300 күн пайдаланылады, сондықтан бұнда төрт түлік мал түгел өсіріледі. Шөл аймағының үштен бірі құм жайылымы. Құм жайылымының солтүстігінде жусан, әсіресе көк жусан, бұйрығын, баялғыш, көкпек, изен, шағыр, еркешөп өседі. Бұл ауданда жусанды жайылымның көлемі 32 млн. га. Ол күзде, қыста пайдаланылады. Әр гектардан 1-3 ц көк балауса шөп орылады. Мұнда сексеуіл, дүзгін, қара жусан секілді бұталар да кездеседі.
5. Таулы аймақ- Батыс Тянь- Шань, Қаратау, Іле алатауы, Шу - Іле таулары (Шымкент, Жамбыл, Алматы, Талдықорған) . Қазақстанның 0, 4% көлемін алып жатыр. Тау жайылымдарында бидайық, қылтықсыз арпабас, итмұрын, қазтабан, түйе жоңышқа, доңызсырт, жусан т. б. өседі. Әр гектарынан 20 центнерден көк балауса алынады. Бұлжайылымға мал жаз бойы 2-3 рет қайталап жайылады. Тау жайылымдарының орта деңгейінде әр түрлі астық тұқымдас көпжылдық шөптер өседі, тау бөктерінен пішенге шөп шабылады.
6. Алтай аймағы- барлық- Шығыс Қазақстан облысын қамтиды. Таулы Алтай аймағының ауа райы, өсетін ағаш, өсімдіктері мен жан жануарлар дүниесі де басқаша. Бұл өзгерістер тау етегінен жоғары көтерілген сайын анық білініп, көзге түседі. Таулы өлкелер географиялық жағынан алып қарағанда бір қалыпты орналасқанмен жоғары қарай өрмелеген сайын табиғатының климат өзгешелігі байқала береді.
Алтай аймағының тау етегінен жоғары көтерілген сайын өзгеруін академик Н. В Павлов төрт сатылы топқа бөледі. Біріншісі- бозды бетегелі дала, екіншісі- боз аралас шөпті дала, үшіншісі - орманды алқап, төртіншісі альпілік шалғын.
Альпілік шалғын аймағы орналасқан жердің теңіз деңгейінен биіктігі 1700 м және одан да жоғары. Бұның төменгі етегінде өсетін астық тұқымдас шөптер және аралас альпілік шөптер- альпілік атқонақ, қияқөлең, астралар және басқалар. Ең төбесінде қыналар басып тұрады.
Қазақстанда соншалықты мол да, түрлі жайылымдары бола тұра, республикада мал шаруашылығының қазіргі жайы мүмкіндіктен көп төмен екенің мойындауымыз керке. Дегенмен және шөлейт жайылымдардың өнімін арттыру жайында арнайы ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынып, ол жерлерді суландыру, топырақты эрозиядан қорғау, сусымалы құмдарды тосқауылдау сияқты шаралар жемісті жүзеге асырылуда.
Тығыз түпті көпжылдық шөптердің тамырсабақтары өте кысқа да онда бүршіктер болады. Жер бетіне жакын немесе бетіңде орналасады (0, 1-0, 3 см) . Мұндай өсімдіктерге жататындар: бетеге, аққылтан, селдірек шөп, коңырбас, бөз шөптер т. б. (көбінесе, табиғи жайылымдық өсімдіктер) .
Сурет 1. Өсімдіктер түптенуі (В. Р. Вильямс бойынша) 1-тамырсабақтылар, 2-сиректүптілер, 3-тығызтүптілер
Астық тұқымдас шөптердің табиғи өсімдік қауымында алатын орны ерекше, Бұл өсімдіктердің жер шарында 5 мыңға жуық түрі кездеседі, өте көп тараған тұқымдастар тобына жатады. Әсіресе, ыдалалық аймақтық өсімдік құрамында 70% кездеседі. Солтүстікте орманды-далалық және оңтүстікте шөл және шөлейт аймақтардың өсімдік қауымында астықтұқымдастардың үлесі азая бастайды. Астық тұқымдастар екі топқа бөлінеді: 1) масақты; 2) шашақты дақылдар. Астық тұқымдас шөптердің өнімі және ұзақ өмір сүруі, түптенуіне байланысты болып келеді. Олар мынадай түптену типтеріне бөлінеді:
- тамырсабақтылар - түптену буыны топырақ бетінің 5-20 см терендігінде орналасады және түптену буынынан көлденең өркендер (тамырсабақтар) тарайды да сонда түзілген бүршіктерден жаңа өркендер өсіп шығады;
- сиректүптілер - өсімдіктің түптену буыны 2-5 см тереңдікте орналасады да сол жерден өркендер өсіп тарайды;
- тамырсабақты - сиректүптілер - бірнеше сиректүпті бірімен-бірі қысқа көгентамырымен жалғасып жатқан өсімдік топтарын құрады;
- тығыз түптілер - өсімдіктің түптену буыны топырақ бетінде (1-2 см) орналасады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz