Балалар дауысының ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Балалар дауысы, оның ерекшеліктері,даму кезеңдері
Орындаған: Жеңіс Торғын Жеңісқызы
"Музыкалық білім" мамандығының 3-курс студенті
Тексерген: Есмаганбетова Шынар Кауатаевна

20222023 ож

Мазмұны
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
2.1 Ән-эстетикалық тәрбие құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2.2 Балалар дауысының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Дыбыстауға қатысатын мүшелердің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

2.1Ән-эстетикалық тәрбие құралы
Тіршілік әлемінде ең жоғарғы ақыл иесі - адам. Сондықтан музыканың адам жанына беретін әсерінде шек болмауы керек. Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Музыка сан алуан жанрларға бөлінеді. Сол жанрлардың ішінде әннің алатын орны тым жоғары. Өйткені, ән-адам баласының жүрек сезімін үн, дауыс және өз арқылы жеткізе білетін күшті құрал. Табиғаттың адам баласына тарту еткен тамаша сыйы - ән. Ән миллиондардың жүрегін біріктіреді деп Бетховен айтқандай, оның эмоциялық ықпалы өте күшті. Ән өзінің көркемдігі және маңыздылығымен балалар жанын баурап,олардың ақыл-ой, сана-сезімініңкеңейіп, жақсы мінез - құлықтарының бірітіндеп қалыптасуына септігін тигізеді.
Мүмкіндігіне қарай баланы музыкаға жастайынан баулыған жөн. Өйткені ән ана сүтіней баланың бойына ерте сіңсе, онда ол балаға ауа мен су тәрізді күнделікті қажеттілігіне айналады. Ал мұндай қажеттілік, бала бойына туа біткен дарын дәннің ерте көктеп, гүлденіп жеміс беруіне себебін тигізеді. Композитор Моцарт жеті жасар кезінде - ақ кез келген қашықтықтан жеке немесе көп аккордты дыбыстарды дәлме-дәл табатын,сонымен қатар қоңырау,шыны,ыдыс-аяқ және сағаттардың дыбыстарын да қай тонға жататынын айнытпай айтып беретін болған. Сол сияқты белгілі орыс композиторы Римский - Кораков Менің музыкалық өмірімнің шежірелері деген кітабында: ...ноталардың атын білген кезіме басқа бөлмеде тұрып фортепианоның кезкелген дыбыстарын (нота аттарын) жеке - жеке, дәлме - дәл айтып бере алушы едім,-деп жазған. Сол кезде ол алты жаста ғана болатын. Ал белгілі пианист әрі композитор Майкапар өзінің Оқу жылдары деген еңбегінде мынадай бір жайды баяндайды: Сергей Иванович Танеев (орыстың белгілі композиторы) музыканың бірінші сабағында-ақ өзіне рояльдан берілген дыбыстарды есту арқылы дәл және анық етіп берді. Бұл кезде ол небәрі бес жаста ған еді.
Балаларға эстетиалық тәрбие беруді қазақ халқы,сонау ертеден,көшпелі тұрмыс кезінде-ақ бастағандығын мына мысалдан байқауға болады.Қазақтың байырғы тарихын зерттеушілердің бірі ғалым Вольфсон өзінің Қазақтар (Киргизы) деген еңбегінде қазақ халқының әнге құмарлығын айта келі: Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызын басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады.Алдымен жеке дыбыстарды әндетіп,соңынан толық бір сөзді әнмен айтады,-деп жазды.Ал Ал Түркістанда он екі жыл тұрып, қазақ музыкасын зерттеген этнограф П.П.Тихов Музыка және өмір журналының 1911 жылғы 3-санында: Қазақтарға тән әнге құмарлық қасиет ана сүтімен бірге бітеді. Қазақтар балаларына жаңадан қаз-қаз тұра бастаған кезде-ақ ән үйрете бастайды...-деп жазды.
Міне, осындай ғылыми дәлелдер тұрғысынан қарағанда балаға саналы эстетикалық тәрбиенің,оның ішінде арнайы музыкалық тәрбие берудің қамын неғұрлым ертерек қарастырудың қажеттілігін айтпасақ та өзінен-өзі түсінікті.
Біз жоғарыда балалардың эстетикалық тәрбиесінде әннің маңызды рөлі жөнінде айттық.Ән өзінің күшті эмоциялық ықпалымен тек тыңдаушының жанын баурамастан,айтушысын да балқытып толғандырады.
Менің ойымша мектептерде жас ұрпақтарды әсемдікке баулудың негізгі құралы-ән музыка сабағы.Сабақта балалар дауысын тәрбиелеп,олардың музыкалық есту қабілетін дамытып отыру әнші-педагогтың міндеті.Сондықтан да ән адамзат тіршілігіндегі рухани жемістердің жоғарғы түрі және ол күрделі қасиеттерге ие.Мәселен, ән айту адамның физиологиялық,анатомиялық,психологи ялық және педагогикалық қасиеттерін қамтумен бірге, техникалық жаттығуды да қажет етеді.
Ұлы орыс физиолгі,академик И.П.Павлов ән педагоикасы туралы ілімінде,оқушыға музыкалық саналы тәрбие беруде оның мінез-құлқын,бойында бар дарын мөлшерін есепке алып,ең таңдаулы өнегені біртірндеп бала бойына сіңіруге,сонымен оны шартты рефлекске (дағдыға) айналдыруға болатындығын дәлелдеп берді.
Сол сияқты фониатор-дәрігер И.Алмазов та өз еңбегінде ән өнерімен үзбей шұғылдану,айтушы мен тыңдаушыға ғана рухани нәр беріп қоймай, онымен шұғылданушы адамның ден саулығына жағымды ықпал жасайтындығы және тыныс алу гимнастикасымен ұдайы шұғыдану ісі халық ішіне кең тараған Жапонияда инфарк миокарда (жүрек қабыну) науқасы некен-сақ кездесетіндігі туралы жазады.
2.2.Балалар дауысының ерекшеліктері
Ән педагогика саласындағы ғылыми теорияларға негізделе отырып, балаларды жастайынан ән өнеріне баулу, олардың дауыс аппараттарының ерекшеліктерін қадағалау, бала организмінің жалпы өсуіне кедергі келтірмейтіндей етіп тәрбиелеу-ата-ана мен мектептің міндеті. Балалардың дауыс аппараты (дыбыс шымылдығы) ересек адамдарға қарағанда өте кішкене әрі нәзік болады және үнемі өсіп, өзгеріп отырады. Мектептерде ән сабағын өткенде осы ерекшеліктерді ерскермеу балардың дыбыс аппаратының ерте бүлінуіне әкеліп соғады.
Әдетте ересек адамдар даусын көлемінде(диапазон), тембріне қарап айыру онша қиынға түспейді. Ал балалар даусы әлі тұрақсыз болғандықтан дәл айту адамдарға қарағанда, әлдеқайда қиын болады. Әсіресе төменгі сынып оқушыларының дауыс көлемі тым шағын, не бәрі бірінгші октаваның дыбысынан аспайды. Сондықтан балалар дауысын онша анықтап бөлуге асықпаған жөн. Алдымен балаларды жеке ән айтқызып тыңдап, олардың есту қабілетін, музыкалық дарынын үнемі бақылаумен қатар отбасындағы музыкалық тәрбиесінің қандай дәрежеде екеніне назар аударған жөн.
Балалар даусы жыл сайын өзгеріп отырады. Ән оқытушысы олардың даусындағы осы өзгерістерді мұқият қадағалай отырып белгілегенде, олардың дауысын дұрыс айыруға болады. Бастауыш сыныптардың өзінде-ақ кейбір балалар әнді жоғарырақ, ащы дауыспен айтуға бейім болса, кейбіреулері төменірек, қоңыр дауыспен айтуды жеңіл көреді. Жалпы сынып бойынша бір дауысты ән айтқанда оқытушы балалар дауысына жеңіл келетін ортақ тон таба білуі керек. Ол үшін берілген әннің тональдігін кез келген баланың дауысына ыңғайлы тональдікке қолма-қол өзгерте алатын болуы қажет. Жуан дауысқа бейімделген балалардың төменгі дыбыстары қоюланып, тұрақтала бастайды да, жіңішке дауысқа бейімделе бастаған балалардың дыбыстары күшейе түседі. Сол себепті, егер бала дауысы бірінші октаваның си,си бемоль, до, до-диез немесе одан да жоғары болса, онда мұндай дауысты баланы жоғары дауысты деп, ал, кіші октаваның ля,ля-бемоль дыбысынан бал дауысы төмен болса, бұл дауысты төмен дауыс қатарына жатқызуға болады.
Енді дыбыстауға қатысатын мүшелердің қызметі жайында тоқталсақ.
2.3.Дыбыстауға қатысатын мүшелердің қызметі
Адамның дыбыстауға қатысатын мүшелері: тіл,жақ,ерін,жұтқыншақ,жұмсақ таңдай және сол мүшелерді әрекетке келтіріп тұратын ауыз ішіндегі бұлшық еттер болып есептеледі. Адам өз ойын осы мүшелердің көмегімен сөз арқылы басқаларға жеткізеді. Осы мүшелердің біреуінің зақымдалуы немесе баланың жастайынан дұрыс сөйлеуге дағдыланбауы сөзді дұрыс айтуға үлкен кесірін тигізеді.
Тіл-адамзат тіршілігінің ғасырлардан бері қалыптасып, дамып келе жатқан еңбегінің жемісі.Сондықтан әлі буыны бекіп,бұғанасы қатпаған жас балалардың өз ана тілін дұрыс сөйлеуге,оны қадірлей білуге баулу - әрбір ата - ана мен тәрбиешілердің адамгершілік борышы.
Қазақ тілі байырғы тіл,өзіндік фонетикалық ерекшелігі мол тіл. Ән сағанда артикулация мүшелерінің көмегімен ғана фонетикалық ерекшеліктерді дұрыс меңгеру, әннің мазмұнын,өзекті мәселесін тыңдаушыға дұрыс жеткізе алады. Ән сөзінде дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын мұқият қадағалау жөн. Қазақ тіліндегі а,ә,о,ө,ұ,у,ү,и,ы,і,е сияқты дауысты дыбыстар өз орынында дұрыс айтылмаса, сөз тыңдаушының құлағына түрпідей тиеді,әннен нә алудың орынына адамның көңіліндереніш пайда болады. Мысалы, Дариға деудің орынына дәриға, сәлем деудің орынына салем,әлем деудің орынына алем деп айту,әрине, тілдің фонетикалық заңдылығын ескермеу болып табылады. Сонымен қай тілде болса да дауысты дыбыстарың өзіндік фонетикалық ерешеліктері болады.
Ән салғанда дауысты дыбыстарды дұрыс айтуда артикуляциялық мүшелер: шықшыт, ерін және жұмсақ таңдайдың атқаратын ролі аса маңызы. Дыбыстардың өзгеруіне қарай шықшытты төмен түсіру, жұмсақ таңдайды көтере түсу, ал ерінді шамадан тыс жайып жібермей табиғи қалыпта ұстау, дауысты дыбыстардың сыңғырлап әдемі әрі дұрыс естілуінің басты шарты. Ән салғанда қатаң және ұяң дыбыстардың өзіндік айтылу ерекшеліктері бар. Сондықтан әндеткенде ауызды шамадан тыс кере ашу,Европа халықтарының ән дәстүріне сай келегенімен, біздің фонетикалық тіл ерекшелігімізге үйлеспейді. Сол себепті дауысты дыбыстарды айтқанда шықшытты жай ғана түсіріп,ауыздың табиғи ашылу қалпын сақтау дұрыс.
Тыңдау қабілеті
Бала дүниеге кегеннен кейін өзін қоршаған ортасынан естіген дыбыстары оның миына әсер етіп, көкейінде терең із қалдырады. Отбасында үнемі айқай-шу мен жағымсыз тілдерге жастайынан құлағы үйір болған бала өсе келе сезімі басқаша, өзін қоршаған айналаға парықсыз қарайтын, талғамсыз, нашар әдеттерге дағдыланады. Музыка тыңдай білмейтін құлақ болмайды,-деп Маркс айтқандай тыңдау сезімі нашар балалардың әнге талғамы да нашар болады. Сондықан бал тәрбиесінде жағымсыз дөрекі дыбыстардың нәресте құлағына шалынбауына мұқият болумен қатар, бала тек мейір мен махаббатқа толы, байсалды сөздерді ғана естіп өсетін болса, оның болашақта снс-сезімінің, адамгершілік қасиеттерінің гармониялық қалыптасуында үлкен мәні болады. Балалрды музыканы тыңдай білуге,яғни жақсы жаманын, дұрыс қатесін ажырата білуге баулу, олардың эстетикалық сезімдерін жетілдіреді, музыкалық мәдениетін жоғарылата,көтере түседі. Балаларға халық әндерін тыңдап, оны айтқызып үйретудің балар санасында өзінің туып өскен еліне махаббат сезімін оятып, патриоттыққа баулуда үлкен мәні бар. Бұл жөнінде ескеретін бір жай, балалрға тыңдататын немесе үйрететін әндер олардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек. Олай болмағанда үйретілген ән жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін. Балалар тыңдайтын, үйренетін әндер көркемдік дәрежесі жоғары және бала санасына қонымды болса, оны елжірей тыңдап,құлшына үйренеді.
Балаларға жүйелі музыкалық тәрбие беруде балалар бсқшасы мен мектп-интернаттарда жақсы мүмкіндіктер бар. Балалар онда күнделікті ән салып, би билеп, музыка тыңдаумен шұғылданады. Балалар бақшасында жас бөбектердің музыкалық тәрбиесі олардың әдеттегі ойындарымен жалғастырылады. Музыка тыңдап оның ырғағына ілесіп би билейді,ән салады. Бөбктерге тән бір мінез; олар тәрбиешінің қасы-қабағына қарап, ол не істесе, соны қайталап еліктеуді ұнатады. Тәрбиешілер-болашақ адам тәрбиесінің ірге тасын қалаушылар. Сондықтан балалар бақшасының тәрбиешілері балаларды жанындай сүйетін мейірбан, білімді,байсалды, музыкалық білімі бар адам болуға тиіс. Балалардың тыңдау қабілетін дамыту олардың музыкалық тәрбиесіне ғана жағымды әсерін тигізіп қоймай, жалпы дыбыс қырағылығы немесе есту қырағылығының жетілуіне де үлкен ықпал жасайды. Қорыта айтқанда, ұлы орыс ғалымы И.П. Павлов адмның есту қабілетіне анализатор (талдағыш) музыкалық тәрбиеде жалықпай еңбек ету қажет.
Әдетте қай сыныпта болмасын, әнді нашар айтатын, ән айтқанда гүрілдеп бір ғана нотамен (тонмен) айтатын музыкалық тыңдау қабілеті нашар балалар кездеседі. Мұндай балалар ән сабағында онша көңілді болмай, оның орынына басқа нәрсемен шұғылданғанды тәуір көреді. Сондықтан оларды музыкамен шұғылданбасада болады деп қарау қате көзқарас. Қайта, осындай балаларды ән оқытушылары шетке қақпайне елеусіз қалдырмай, оларға сабақтан тыс арнайы 1-15 минут уақыт бөліп, қатарға қосудың әдіс-амалын қарастырулары керек. Ән педагогтарының көпшілігінің бұл жөніндегі пікірі мынадай: егер мұндай балаларға қосымша сабақ өткізу арқылы нақтылы көмек берілсе, онда олардың тыңдау қабілеті дамып музыкаға деген ынтасы артады.
Адамның негізгі дыбыс, үн шығаратын органы-көмей. Негізгі атқаратын қызметі тыныс алу, қорғану, жұтыну, дыбыс шығару міндеттерін біздің еркімізден тыс, шартсыз рефлекстер (табиғи рефлекстер) бойынша автоматты түрде атқарады. Осы функциялардың біреуін, мысалы, тыныс құбылысын саналы түрде ән техникасының ережелеріне сай дағдымен дамытып қалыптастырсақ, оның бала үшін үлкен маңызы бар. Мысалы, фортепианода, скрипкада жастайынан ойнап дағдыланған баланың қолының ерекше икемділігі сияқты, баланы ерте бастан әнге баулу да олардың дыбыс аппараттарын жетік меңгеруге дағдыландырады.
Көмей, адам организміндегі аса маңызды, әрі нәзік мүшенің бірі болумен бірге, профессор Заседателевтің Дауыс тәрбиесінің ғылыми негіздері деген еңбегінде ол белгілі мөлшерде жыныс органы екендігін жазады. Оны мынадай тәжірибелермен дәлелдейді: Егер әлі балиғатқа толмаған жас баланы жыныс бездерін операция жасап алып тастаса, баланың көмейі өсуін мүлде тоқтатып, өмір бойы дауысы өзгермей, балалық нәзік дауысы сақталып қалады.
Дауыс аппаратының ең күрделі әрі маңызды бөлігі көмей мен дыбыс шымылдығы. Адам көмейі-ғажайып музыкалық аспап. Көмей қуысының беті кілегей қабықпен астарланған. Көмей қуысының ең тар жеріндегі бүйір қабығындағы екі қатпардың аралығындағы дауыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хор ұжымын ұйымдастыру және оның балаларды музыкалық тәрбиелеудегі рөлі
Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысының ерекшеліктері
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
Дауыс бұзылуының себептері туралы
OҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ВОКАЛ ЖӘНЕ ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
«Вокалдық-хор тәрбиелеу» пәнінен дәрістің қысқаша конспектісі
Балалар дауыстарының теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
Музыка сабағындағы әртүрлі іс-әрекеттердің түрлері
Пәндер