Қалыпты агрессивті мінез - құлық
Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І . Агресиялық мінез-құлық табиғатына психологиялық талдау ... ... ... ...
1.1. Агрессия құбылысының теориялық зерттелу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Агрессивті мінез-құлықтың жас кезеңдік көрініс табуының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің агрессивтілігі және оның психологиялық ерекшеліктерінің көріну себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
ІІ Тарау. Балалар үйінде тәрбиеленуші агресивті жасөспірімдермен психокоррекциялық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Балалар үйінде тәрбиеленуші агресивті жасөспірімдермен психокоррекциялық жұмыс әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
III Тарау. Балалар үйінде тәрбиеленуші балалалар мен жасөспірімдердің агрессиялық деңгейлерін диагностикалау және агрессивті балалармен, жасөспірімдермен түзету жұмысын жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1. Балалар үйінде тәрбиеленуші балалармен жасөспірімдердің агресиялық деңгейлерін диагностикалау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2. Балалар үйінде тәрбиеленуші агрессивті балалар мен жасөспірімдермен түзету жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе.
Зерттеудің өзектілігі: Казіргі қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік дағдарыстық процесстер адамдар психологиясына кері әсерін тигізеді, мазасыздық, үрейлену, қатыгездік, ызалылық туындатуда. Тұрақсыз экономикалық жағдай ішкі конфликтіге, аморальды әрекеттің түрлі формаларының және қылмыстың өріс алуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Әсіресе бұл факторлардың әсеріне жасөспірімдер бейім келеді.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың мінез құлықтарындағы ауытқушылықтар алкоголизм, нашақорлық, қоғамдық тәртіп бұзу сияқты асоциалды әректеттерден көрінеді. Өткенгі жылдармен салыстырғанда қазіргі таңда қоғамымызда жасөспірімдер арасында ауыр қылмыс, конфликтілерге келу, агрессивті мінез құлық таныту фактілерінің саны өсіп отыр. Әлеуметтік қайшылықтар негізінде топ аралық және тұлғааралық конфликтілер пайда болады.
Осылардын көбісі балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдер ортасында агрессивті тенденцияның өріс алуы біздің қоғамымыздағы күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқшылықтарының табиғаты күрделі, көп факторлы болып табылады. Оның зерттеулуі біріншеден жағымсыз факторлардың өзара байланысы мен иерархиясын анықтайтын жүйелі бағыттың жүзеге асуын, екіншіден, салыстырмалы талдаудың қолданылуын, үшіншіден, пәнаралық байланыстың жүзеге асуын талап етеді. Жасөспірімдердің мінездемелік ерекшеліктеріне , тұлғалық өзгерістердің деңгейі мен түрлеріне деген психологтардың кәсіби қызығушылықтары жоғары, әрі көп жылдар бойы тұрақты. Бұған дәлел мәселеге қатысты еңбектер саны мен оған деген бағыттылық болып табылады. Бұл мәселеге Абрамова Г.С., Беличева С.А., Бехтерев В.М., Иванова Е.Л.,Кондрашенко В.Т.,Личко., Фельдштейн т.б. еңбектері арналған.
Зерттеудің мақсаты: Балалар үйінде тәрбиеленуші агрессивті мінез-құлықты жасөспірімдермен психологиялық жұмыс жүргізуде психокорекцияның мәні мен маңыздылығын анықтау, көрсету.
Зерттеудің міндеті:
- агрессивті мінез-құлықтың теорияляқ зерттелуін талдау;
- агрессивті мінез-құлыққа сепепші факторлары талдау;
- балалар үйінде тәрбиеленуші агрессивті жасөспірімдермен психологиялық жұмыс жүргізуде психокоррекцияның алатын орнын практика жүзінде дәлелдеу;
Зерттеу болжамы: Балалар үйінде тәрбиеленуші агрессивті мінез-құлықты жасөспірімдермен психологиялық жұмыста психокоррекциялық жүйенің қолдануылуы жасөспірімнің мінез құлқын түзетуде тиімді болар еді.
Зерттеу объектісі: 13-16 жас аралығандағы жасөспірімдер.
Зерттеу пәні: Балалар үйінде тәрбиеленуші агрессивті жасөспірімдермен психологиялық жұмыс жүргізудегі психокоррекцияның тиімділігі.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: Агрессияны қарастырудағы З.Фрейдтің Психоланалитикалық теориясы, К.Лоренцтің агрессиялық табиғатына деген этологиялық бағыты, Дж.Доллардтың жағдайлық теориясы, А.Бандураның әлеуметтік дағдылану теориясы, А.Басс, Э.Фромм т.б. теориялары.
Зерттеу әдістері: 1. Әлемде жоқ жануар әдісі
Басса-Дарки сауалнамасы
Р.Кеттел сауалнамасы (кіші мектеп жасындағыларға арналған)
Зерттеу базасы:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Бұл ғылыми зерттеу жұмысында балалар үйінде тәрбиеленуші агрессиялық мінез құлықты жасөспірімдермен психологиялық жұмыс жүргізуде психокорррекциялық бағыттың тиімділігі және оны жүйелі қолдану жолдары анықталады.
Зерттеудің практикалық маңызы: ғылыми зерттеу жұмысының нәтежиелерін мектеп психологтары тәжіриебелік жұмысында қолдана алады.
І.Бөлім. Агрессиялық мінез-құлық табиғатына психологиялық талдау
Агрессия құбылысының теорриялық зерттелу мәселесі
Зерттеушілер агрессияға түрлі анықтама беріп келді. Біріншіден, агрессия деп тұлғаның өзін-өзі дәлелдеуге деген талпыныс, күшті белсенділігі түсіндіріледі. Л.Бендер агрессияны қандайда бір объектіге жақындау немесе одан қашу тенденциясы ретінде түсіндірді.Ф.Аллан агрессияны адамға сыртқы күштерге қарсы тұруға мүмкіндік беретін ішкі күш ретінде сипаттады.
Агрессия бұл қарсыласу, шабуылдау, бұзу актілері, яғни адамға немесе объектіге зиян келтіретін әрекеттер Х.Дельгадоның тұжырымдауы бойынша "адам агрессиясы тұлға немесе қоғамға зиян келтіру әрекет күшінің көрінуімен сипатталынатын мінез-құлықтың реакциясы".
Сонымен қатар, көпшілік авторлар агрессия ұғымын мінез-құлықтың ерекше формасы ретінде және тұлғаның психикалық қасиеті ретінде ажыратады. Агрессия ерекше функциясы бар процесс ретінде және адамның күрделі құрылымды психикалық қасиеттер жүйесінің компоненті болып табылатын құрылым ретінде қарастырылады.
А.Басс агрессияны нәтежиесінде басқа ағза ауырсыну стимулын алатын реакция ретінде анықтайды. Уилсон агрессияны басқаның еркіндігін шектейтін физиологиялық қауіп төндіруші әрекет деп анықтады. Агрессияға жалпылама анықтама зиян келтіретін мінез-құлық болып табылады. Зиян тікелей (шабуыл) және жанама болуы мүмкін. Агрессия ұғымына синоним ретінде "деструктивтілік", "шабуыл", "күш көрсету", "қаталдық" ұғымдары қолданылады. "Агрессивтік" терминімен бұзақылық мінез-құлыққа жағдайлық немесе тұлғаның бейімділікті белгілейді. Н.Д. Левитов агрессиялық күйді адамның ашу-ызадан өзін-өзі басқаруын жоғалтуынан көрінетін стеникалық уайым ретінде сипаттайды
Формасы бойынша агрессия физикалық (соғу, зорлау, денеге зиян келтіру) және вербалды (қарым-қатынастан бас тарту, балағаттау, орынсыз сөздер айту); тікелей және жанама болып бөлінеді.
А.Басс қастандық және құралдық агрессия ұғымдарын енгізді. Қастандық немесе қасақана аггрессия негативті эмоция және зиян келтірумен мотивацияланады. Құралдық агрессия керсінше, зиян келтірумен байланысты емес мақсат көздейді , яғни агрессия тұлғаның алға басу немесе жетілудің құралына айналады.Құралдық агрессия жағдайында азап шегушінің уйым қайғылары субъектінің назарына түспейді, бұл теорияға сәйкес фрустрацияны бастан кешірген индивидте агрессияға деген түрткі пайда болады.Кейбір жағдайда агрессия қандай да бір сыртқы кедергілермен кездеседі немесе жазадан қорқу нәтежиесінде басылады. Дегенмен бұл жағдайда да түрткі қалады және агрессиялық әрекетке жетелейді, бірақ ол фрустраторға есем басқа объектігі бағытталуы мүмкін. Ауыспалы агрессия туралы бұл жалпылама тұжырымды осы феноменнің пайда болуын түсіндіретін жүйелі модельді ұсынған Н.Е. Миллер қайта қарастырып, кең түсінік берді. Автордың болжауы бойынша индивидумның агрессиясы фрустраторға емес, басқа адамдарға қатысты болуы белгілі бір деңгейде 3 факторға байланысты
1. Агресияға итермелеу күші
Бұл мінез-құлық тежейтін фактор күші
Әрбір потенциалды фрустрацияллаушы фактормен сәйкес келу немесе ұқсаса болу стимулы.
Агрессияның әлеуметтік үйрену теориясы
А. Бандураның пікірі бойынша агрессивті мінез-құлық ұзақ және жан- жақты үйренуді талап ететін дағдылардың күрделі жүйесі. Бұзушы әрекеттердің әдістерін меңгеру үшін адам оны сырттай бақылауы керек. Мадақтау және жазалау агрессивті мінез-құлықты реттеуші деструктивті тенденциялардың деңгейіне жауап береді.Бандура мадақтау мен жазалаудың төрт түрін бөлді.
Қоршағандарға өз мінез-құлық әрекетін жүктеу
өзіне деген қатынас
Басқа адамды жазалау мен мадақтауды бақылау
Үйрету теориясын агрессивті мінез-құлықты түзету және оның алдын алу бағдарламасының көпшілігі негізге алады.
Мінез-құлықтың бұл типінің негізінде жатырған эмоционалды және когнитивті процесстерді қарастыру орталығында когнитивті модельдер орналасқан. Бұл бағыттың теорияларына сәйкес индивидтің басқа біреудің қауіп төндіруші немесе провокациялық әрекеттерін талдауы және ұғынуының сипаты оның мінез-құлқы мен сезіміне айқындаушы әсер етеді. Өз кезегінде эмоцияналдық қозу деңгейі немесе негативті аффектация қауіп төндіруші қауіптің деңгейін анықтау үстіндегі индивидтің когнитивті процесстеріне әсер етеді. Агрессия түрлі форманы қабылдайды. Формальды сипаттамалар бойыша психологияда агрессивті әрекеттердің келесі формалары бөлінген:
Негативті-позитивті (деструктивті-конструктивті)
Ақиқат және латенті (сырттай бақыланатын-жасырын агрессия)
Вербалды - физикалық агрессия (сөзбен шабуыл жасау-физикалық шабуыл)
Тікелей-жанама (объектіге тікелей бағытталған- басқа объектіге ауысқан)
Қастандық-құралдық (зиян келтіру мақсатында-басқа мақсатпен)
Эго-синапты (тұлға қабылдайтын)-эго дистонды ("Мен" үшін жат)
Агресивті мінез-құлық әдеттегі көріністері болып есептеледі: жамандау, дауыс көтеру, аффектация (негативті эмоциялардың көрінуі), мәжбүрлеу, негативті бағалау, қорқыту, балағаттау, күш көрсету, қару қолдану.Агрессивті мінез-құлықтың жасырын формалары қарым-қатынастан қашудан, өз-өзіне келтіру, өз-өзіне қол жұмсау т.б.
Агрессия бағытталуы мүмкін:
Отбасынан тыс қоршаған адамдарға (мысалы: дәрігер, педагог немесе құрдастарына)
Тек жақын адамдарына
Жануарларға
Өзіне (мысалы шашын жұлмалау, өзін тырналау; тамақ ішуден бас тарту, қолдарын тістелеу)
Сыртқы объектілерге (заттарда бұзу, сындыру)
Символдық және фантазиялық объектілер (агрессиялық суреттер, агрессивті мазмұнды компьютерлік ойынға әуестік,қару жинау)
Қоғам үшін қауіптісі басқа адамдарға бағытталған агрессия болып табылады.А.Бандура мен Р.Уолтерс оны "асоциалды агрессия" деп атайды, "әлеуметтік деструктивті сипаттағы әректтермен байланыстырады. Агрессивті мінез-құлық жұмыс үшін ең маңыздысы агрессивті мінез-құлықтың барлық формаларын екі топқа дифференциялау болып табылады.
Агрессивті мінез-құлықтың әлеуметтенбеген формалары (қастандық сипатта емес, басқа адамға зиян келтіруді мақсат етпейді)
Агрессивті мінез-құлықтың әлеуметтенген формалары (басқаға зиян келтіруге бағытталады, қастандық сипатта болады)
Маманның жетекші міндеті-агрессивті мінез-құлқтың индивидуалды бағытын анықтау, басым мотивтерін анықтау. Бала немесе жасөспірім мотивті ұғынуы мүмкін көбінесе агрессивті мінез-құлыққа түрткі болатын бейсаналық тенденциялар.Агрессивті мінез-құлқтың жеке дара мотивациясын психологиялық мақсат немес функция ретінде қарастыруға болады.
Агрессияның психологиялық мақсаты зиян келтіру сонымен қатар агрессияның мақсатқа жету әдісі ретінде қолдау болып табылады. Психикалық бұзылыспен байланысты емес агрессивті мінез-құлықтың кең тараған мақсатты келесулер болуы мүмкін:
Біреуге ауыртпалық жасау
Кек алу
Нұқсан келтіру
Басымшылық көрсету
Материалдық жағдай алу мысалы : ақша
Аффективті күш шығару, ішкі конфликтіні шешу
Өзін-өзі көрсету
Ақиқат немесе қиялдағы қауіптен қорғану
Тәуелсіздік пен еркіндікке таласу
Құрдастар тобында авторитті жеңіп алу
Қажеттіліктерді қанағаттандыр жолындағы кедергілерді жою
Назар аудару
Нақты тұлғаның агрессивті мінез-құлық дифференциациаланады:
Тұлғалық құштарлық деңгейі бойынша
Жағдайлық агрессивті реакция нақты жағдайға байланысты қысқа мерзімді реакция формасында болады
Агрессивті күй посттравмалық бұзылыс, стресс, жас кезендік дағдарыс, дезадаптация салдары
Тұлғаның тұрақты агрессивті мінез-құлықы
Белсенділік деңгейі бойынша
енжар агрессивті мінез-құлық әрекетсіздік немесе бір нәрседен бастарту формасында
бедсенді агрессивті мінез-құлық бұзу, күш көрсету әрекеттері формаларында
Эффективтілігі бойынша
Конструктивті агрессивті мінез-құлық адаманың өзіне немесе қоршағандарына зиян келтіретін
Психопатологиялық құрамының көрінуіне қарай
Қалыпты агрессивті мінез-құлық
Мінез-құлық шеңберіндегі агрессивті әрекет тәуелділік
Тұлғалық бұзылыс шеңберіндегі агрессия
Психопатологиялық синдром және психикалық ауру шеңберіндегі агрессия
Мазмұндық жағынан агрессивті мінез-құлықтың жетекші белгілері: адамдарды басқаруға деген талпыныс, олдарды өз мақсатына пайдалану, бұзуға деген тенденция, қоршаған адамдарға зиян келтіруге бағыттылық, зорлап күш көрсетуге бейімділік.
Агрессивті-асоциалды міне-құлық кірістіреді: вербалды немесе физикалық әрекетті.Ол әдетте агресордың негативті эмоциалары фонында жүреді ашулы, ыза, садисттік қанағат, немқұрайлық.
Агрессивті мінез-құлық құрылымында бірнеше өзара байланысты деңгей бөлінген:
Мінез-құлықтық спрессивті іс-шаралар, мимика, әрекеттер
Аффективті жағымсыз эмоцианалды күй және сезім, мысалы ыза, ашу
Когнитивті адекватты емес түсінік , ұлттық ұстанымдар
Мотивациялық саналы мақсат немесе бейсаналы агрессивті талпыныс
Агрессивті мінез-құқлықты сыртқы көрсеткіштері бойынша сонымен қатар ішкі репрезентантары бойынша ажыратуға болады. Агрессивті мінез-құлықтың ішкі репрезентациялары идеялар, фантазиялар және аффектілер бола алады. Әдетте агрессивті мінез-құлық түрлі аффектілерден көрінеді: тітіркенгіштік, қызғаныш, жек көрушілік,зұлымдық,шыдамсыздық т.б. Агрессивті аффектілердің ішіндегі қарқынды және күрделісі жек көрушілік болып табылады. Жек көру сезімі белгіленген адамның басты мақсаты агрессияның объектісін жою болып табылады. Белгілі бір жағдайда жек көру мен кек алу күшейе түсуі мүмкін.Егер ол тұрақты мінез-құлқытың ұстанымға айналса оның психопатологиялық деңгейге жеткендігі жөнінде айтуға болады. Тұлғаның агрессивті мінез-құлықының қарқындылығының шкаласы.
0-ші деңгей- субқалыпты агрессия-өзін-өзі қорғау қажеттілігінің өзінде , агрессивті әрекеттің толық болмауы
1-ші деңгей - қалыпты агрессия-қауыпсыз жағдайларда агрессияның көрініс таппауы; өзін-өзі қорғау мақсатынд шынайы қауіпті жағдайда агрессияның бара-бара қолданылуы, деструктивтіліктің болмауы
2-ші деңгей қорғаныштық агрессия-қоршаған орта жағынан мүмкін болатын қауіпті күту жағдайында агрессияның аз мөлшерде көрінуі.
3-ші деңгей - гипертрофияланған агрессия-агрессивті реакциялардың жоғарғы жиелігі мен күшті болуы; деструкцияның жоғарғы деңгей-қоршаған ортаға қауіпті төндіру.
4-ші деңгей- бруталды агрессия-шектен тыс және өте күшті агрессиялық реакциялар, қоршаған ортаға күш көрсету, қоршаған орта адамдарынаың өміріне қауіп төндіру.
Бұл жағдайда агрессиялық мінез-құлық өзінің қарқындылығымен, күші және деструктивтілік деңгейімен бағаланады. Деструктивтілік біреуді немесе бір нәрсені жоюмен байланысты болады, мінез-құлықтық әрекеттің нәтежиесінің ауырлығымен бағаланады.
Осылайша ішкі және сыртқы факторладың жағымсыз әсерінен агрессивтілік қоғамдық қауіпті, тұрақты форма алуы мүмкін.
Бірақ агрессия үнемі жағымсыз нәтежиеге әкеліп соқтырмайды. Мысалы ол іс-әрекеттің бизнес, оқу, спорт, басшылық сияқты формаларымен басылуы мүмкін.
Агрессия қалыпты деңгейде қорғаныс сипатында болуы мүмкін. Сонымен қатар ол индивидтің белсенділігінің қайнар көзі ретінде де көрініс табады. Тұлға агрессияның түрлі көріністерін ажырата білуі, әлеуметтік қолайлы формада көрсете білуі керек. Агрессивті мінез-құлық-әрбір жеке адамның тұлғаның таңдауының ісі, ал өз агрессиясын игере, басқара білу- қиын психологиялық міндет болып табылады. Ер адамдар көпшілік жағдайда агрессия және физикалық күш көрсетуге биім болып келеді. Ер адамдардағы агрессивтіліктің жоғарғы деңгейі жыныс хромасомаларымен гормондардың ықпалы деп түсіндіріледі.
Тестостеронның антиқоғамдық мінез-құлықтың байланысы білім деңгейі төмен жас ер адамдарда көрініс табады. Бұл меңгерілген мінез-құлық мәдениетінің белгілі бір деңгейде күш көрсетуді төмендететінін көрсетеді.
Агрессияны басқарудың физиологияляқ негізі басышының қабығы және мембиялық жүйеменбайланысты. Негізгі эмоцияларды басқару мембиялық жүйенің нейромедиаторларының әрекетінің көмегімен жүзеге асады. Егер оның функциясы әлсізденсе адамға агрессивті реакцияларын ұстау қиын болады. Криминалдық агрессия сонымен қатар стресс физиолгиясымен байланысты.
Агрессивті мінез-құлық психологиялық қорғаныстық көрініс ретінде . Агрессивті мінез-құлық кейбір жағдайда қорғаныс механизмдерінің көрінісі ретінде болады. Психологиялық қорғаныс дегеніміз-конфликтіні ұғынумен байланысты мазасыздану сезімін жоюға бағытталған тұлға стабилизациясынынң арнайы реттеуші жүйесі. Психологиялық қорғаныстың қызыметі сана аймағын негативті , тұлғаға зақым келтірітін уайымдардан қорғау болып табылады. Сырттан келген ақпараттың адамның өзі , қоршаған ортасы туралы түсінігімен сәйкес келмеген жағдайда адам дикомфортты сезінеді . Қандайда бір сәйкессіздік туындаған жағдайда адамның алдында келесі мәселе тұрады; өзі туралы идеалды түсінікті өзгерту немесе ақпаратты өзгерту .Сонғы стратегияны таңдау кезінде психологиялық қорғаныс механизмі әрекет етеді. Психологиялық қорғаныс оқиғаның адам үшін субъективті мәнділігімен анықталады.Психологиялық қорғаныстың дәтүрлі түсінігінде оның негізгі қыры интротұлғаның локолизация болып табылады.С.Л. Рубенштейіннің айтуы бойынша сыртқы себебтер ішкі жағдайда арқалап әрекет етеді және сыртқы әсер субъектінің пихикалық күйі түріндегі психикалық эффект береді.
1.2. Агрессивті мінез-құлықтың жас кезендік көрініс табуының ерекшеліктері.
Агрессивті мінез-құлықтың спиаты көпшілік жағдайда жас кезендік ерекшеліктерімен анықталады. Әрбір жас кезеңінде дамудың ерекшелігі байқалады, ол тұлғаға белгілі бір талап қояды. Жас кезендік талаптарға бейімделуде түрлі агрессивті мінез-құлық формалары көрініс табуы мүмкін. Дағдарыстық, өтпелі кезеңдер тұлғаның өзіне-өзінің көңілі толмауы, басқаларға үнемі қарсы келуі, қырсығу, ұстамсыздық сияқты мінез-құлықпен сипаталады.
Жас кезендік дағдарыстарда байқалатын агрессиялық мінез-құлықтың жоғары деңгейі жаңа қажеттіліктердің пайда болуы және олардың қанағаттандырылмауымен байланысты болады. Психоаналитикалық зерттеулердің көрсетуі бойынша нәрестелерде ашу-ыза туындайды. Сонымен қатар кішкентай балалар анасының өзіне деген махаббатын сақтау мақсатында басқа балаларға (інісі немесе сіңілісі) қатысты агрессиялық мінез-құлық көрсету мүмкін. Мұндағы басты себеп- қызғаныш. Балабақша талаптарына бейімделу үстіндегі балалар бірін-бірі шымшып алуға, төбелесуге, тістеп алуға, тыйым салынған әрекеттерді істеуге бейім келеді. Бұл әрекеттер импульсивті, бейсаналық деңгейде және ашық формада жасалады. Бұл жас кезеңіндегі агрессивті мінез-құлықтың пассивті көрінісі негативизм, қырсығу, сойлеуден немесе тамақ ішуден бас тарту, тырнағын, ерінін тістелеу болады. Арнайы зерттеулердің көрсетуі бойынша балалардың агрессивтілік деңгейі мектеп алды жас кезеңінде төмендейді. Агрессивтілік шыңы 3 жасқа сәйкес келеді. Егер балада агрессивті әдет дағдылар қалыптасып қалса оларды 13 жастан кейін түзету қиын болады. Баланың мінез-құлқы әрекеттері отбасындағы психоэмоционалдық климатқа, әсіресе анасымен өзара қатынасына тәуелді болады. Көпшілік жағдайларда баланың анасымен қатынасы просоциалділік-агрессивтіліктің қалыптасуына әсер етеді. Ананың аналық міндетіне немқұрайлықпен, қаталдықпен қарауы болады ашу-ыза қалыптастырады және әлеуметтік бейімделуде қиындық туғызады. Криминалдық әрекетке бейім тұлғалар аналық депривацияны бастан кешірген немесе ерте балалық шағында анасы сенімді байланыс орнатуға тырыспағандығы анықталған [Г.А. Берулова., 2003]
Әдетте бала қамқорлық пен төзілімділік танытудың орнына жазалауды қолданатын және өз баласының дамуына аз көңіл бөлетін отбасыларында агрессивті болып дамиды. Отбасында бала әлеуметтенудің алғашқы этаптарынан өтеді .Қатаң жазалаудың агрессивті мінез-құлықтың жоғары деңгейіне алқараудың жеткіліксіздігі болуы асоциалдық бағыттылыққа негіз болатын ы анықталған. Жалпы айтқанда балалық шақтағы агрессивтілік қорғансыздықтың керісінше жағы болып табылады. Егер бала өзін қорғансыз сезінсе мысалы баланың қауіпсіздік ата-анасы, туыстарынң жағынан махаббат, қолдау сияқты қажеттіліктері қанаттандырылмаса онда балада көптеген қорқыныш сезімі туындайды.Өзінің қорқынышын жеңу мақсатында бала агрессивті-қорғаныс әрекеттерін қолданады. Қорқынышты жеңудің әдісі ретінде бала агрессиясын өзіне бағыттауы мүмкін.Аутоагрессия түрінде көрініс табуы мүмкін. Мысалы: өзін-өзі жою қиялы, өзін-өзі жазала идеясы т.б.
Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойыншығын сындыру, қолына түскен нәрсені лақтыру, жан- жануарларды қорлау, енжар-агрессиялық реакциялар қырсығу, бас тарту сияқты агрессия формалары тән болады.
Кіші мектеп жасында агрессия баланың өзіне қарағанда әлсіз оқушыға қатысты, келемеш ету, қысымшалық корсету, ұрысу, төбелесу т.б№ формаларда көрініс табады.
Жасөспірімдік кезеңдегі агрессиялық міне-құлықтың спецификалық ерекшелігі оның құрбылар тобына тәуелділігі болып табылады. Бұл жас кезеңінде агрессивті болу күшті болу немесе болып көрінуді білдіреді. Кез-келген жасөспірімдік топтың ұстанатын ритуалдары мен мифтері болады.Мысалы кең тараған ритуалдарының бірі топ мүшесіне қабылдау немесе жаңадан келгендерді сынау болып табылады.Ритуалдар топқа деген адалдық сезімін күшейтеді нәтежиесінде жасөспірім өзін қауыпсіз сезінеді, ал мифтер оның өмірлік маңызды іс-әрекетінің негізіне айналады.Күш көрсету жасөспірім өзінің күшін дәлелдеу, героизм, топқа адалдық деп түсінеді.
Кейбір жағдайларда агрессивті мінез-құқлықтық инициаторы аутсайдер-жасөспірім болуы мүмкін.Ол агрессияның көмегімен өзін-өзі дәлелдегісі, көрсеткісі келеді.
О.И. Шляхтин жасөспірімнің агрессиялық мінез-құлық оның топтағы статусымен анықталады деп көресетті. Агрессияның жоғарғы деңгейі лидерлерде және топтан шеттелгендерде байқалады.Лидерлер агрессиялық әрекеттің көмегімен өзінің біріншілігін нығайтады, ал топтан шеттелгендер өзінің топтағы орынына коңіл толмайтндығын көрсетеді.
Осылайша жасөспірімдік кезең жетілудің дағдарыстық кезеңі болып табылады.Егер ата-ана жасөспірімге өзбетінділік, тәуелсіздік беріп, онымен тепе-тең, келісімді қатынас орнатса жетілу дағдарысы жеңіл әрі тез өтеді. Жасөспірімнің алдында өмірге деген өзіндік қөзқарасын қалыптастыру міндеті тұрады, осы жағдайда ересек адамның ақыл-кеңесі қажет болады.
Педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалу түрақты мінез-құлық бұзылыстарына әкеліп соқтырады. Жасөспірімдік кезеңде балалар ұрлық, алдап-арбау, төбелес, вандализм сиқты әрекеттерге барады. Мұндай әрекеттерге әкесіз өсетін ер балалар көп жағдайда бейім болып келеді, өйткені балада ұқсап бағатын ер адам моделі болмайды. Статистикалық мәліметтер бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыстың жоғары пайызы үлкен қалаларда, әлеуметтік-экономикалық статусы төмен аудандарда байқалады. Дегенменде тұрмыстың төменгі деңгейі, жағымсыз отбасылық жағдай жасөспірімнің өмірге бейімделуге деген , карьера жасауға, толық отбасын құруға деген талпынысымен компенсациалануы мүмкін.
Агрессияның жас кезеңдік динамикасы 3-4 жастағы, 8-7 жастағы және пуберат кезеңіндегі жас кезендік дағдарыстарға сәйкес келеді.Пубераттық дағдарыстың маңызды өтпелі кезеңі 14-15 жас, бұл жаста жасөспірімдердің делинквенттілігі күрт өседі. Жасөспірімдер мен балалар үшін агрессивті мінез-құлық әдептегі құбылыс болып табылады. Жасөспірімнің әлеуметтенуі процессінде агрессивті мінез-құлық маңызды функциялар атқарады. Қалыпты деңгейінде ол қорқыныштан басталады, сыртқы қауіптен қорғайды, бейімделуге агрессия көрінісінің екі тұрін-зиянсыз-бейімдеуші және деструктивті-дезадаптивтік агрессияны бөлуге болады. Баланың немесе жасөспірімнің тұлғалық дамуы үшін агрессивті көріністің өзі қауіпті емес, оның нәтиежесі, қоршағандардың қате реакциялары қауіпті болып табылады.
Агрессивті мінез-құлықты 6-11 сынып оқушысының өмірлік мәнді концепциясы кедейшілігімен ерекшеленеді. Жоғары сыныптың агрессивті емес жасөспірімі кәсібі тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру құндылығын таңдаса, агрессивті жасөспірім-индивидуалды құндылықтары материалдық қамтамасыз етілген өмір, еркінділік, өз-өзіне сенімділік таңдайды.
Демек, тұлғаның өмірлік мәні құндылық бағдарларының даму деңгейін көтеру жасөспірімнің агрессивті мінез-құлқы деңгейін төмендетуге ықпал етеді.
Қазіргі заманғы психологияда өмірлік мәнді концепцияны балада дамыту екі аспектіден қарастырылады-когнитивтік және мотивациялық. Жасөспірімдік кезеңде морладық-этикалық тақырыпта диспут, лекциялар өткізу, профилактикалық және психокоррекциялық тренингтер өткізу маңызды.Агрессивті жасөспірімдердің тұлғалық мінездемелерінің кейбір қырлары ұқсас келеді. Ондай ұқсастыққа құндылық бағдарларының кедейлігін, қызығушылық-эмоционалды қаталдық, дөрекілік, ашу-ызалылық, жағымсыз өзін-өі бағалау тән. Мұндай жасөспірімдердің интеллектуалдық деңгей әдетте төмен болады, еліктегіш келеді, мазасыздық, кең әлеуметтік контактіден қорқыныш, эгоцентризм, қиын жағдайларда шешім таба алмау, мінез-құлық әрекетті реттеуші басқа механизімге қарағанда қорғаныс реакциясының басым болуы тән болады. Сонымен қатар интеллектуалдық және әлеуметтік дамуы жақсы болсада агрессивті жасөспірімдір болады. Олар үшін агрессия беделін көтеру, өзінің өзбетітілігі мен ересектігін дәлелдеу тәсілі ретінде болады.
1.3. Балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің агрессивтілігі және оның психологиялық ерекшеліктерінің көріну себептері.
Қазіргі заман жасөспірімдері әлеуметтендіру тенденциясы және мазмұны бойынша күрделі әлемде өмір сүреді. Бұл біріншіден, өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қоятын техникалық- технологиялық ашылымдар мен жаңалықтардың темпі мен ритімімен, екіншіден өмірлік позициясы әлі де нақты қалыптаса қоймаған жасөспірімде терең әсер қалдыратын, қоғамға шу туғызатын ақпараттың қанық сипаттамасымен байланысты. Үшіншіден бұл адамдарға ашушаңдық, қорғансыздық сезімін тузызатын экологиялық және эканомикалық дағдарыстармен байланысты. Осылардың ықпалының нәтижесінде жасөспірімде жиі санасыз түрде болатын қасарысу сезімі эгоизм дамиды. Басқа жас кезеңдеріндегі адамдарға қарағанда жасөспірімдерге елдегі моральдық , экономикалық және әлеуметтік тұрақсыздықтық ауыр ықпал етеді. Жасөспірім тұлғасы өзінен өзі емес, оны қоршаған ортада қалыптасады. Әсіресе кіші топтардың ролі маңызды. Девиантты мінез- құлықты зеріттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша жасөспірімдердің агрессивтілігінің негізгі себебі орта факторы болып табылады.Э.Дюркгеймнің айтуы бойынша қылмыс және мінез - құлықтың ауытқушылық формалары әлеуметтік дизорганизация жағдайында күшейеді. Р.Мертон спрессивтіліктің қайнар көзі білім, жұмыс сияқты қоғамдық құндылық жағдайлардың кейбір әлеуметтік топтар үшін қол жеткізерліксіз болуы деп есептеді. Демек , қылмыскер балалар ауру емес, әлеуметтіе жағдайдың құрбандары. Ресейлік психологияда потологиялық емес агрессияның негізгі себебі ретінде педагогикалық қараусыз қалу
есептеледі. Тәртіпсіз баланың дамуы үшін әлеуметтік фон ең алдымен бұл ата-ана жылулығын жетіспеуінен пайда болған жағымсыз әрекеттері болып табылады.Жағымсыз мінез- құлық әрекеттердің тұлғалық факторлары- өзін- өзі бағалаудың төменгі деңгейі, уайым - қайғы тағы басқа.
Патторсон бойынша антиәлеуметтік мінез-құлық пен агрессивтіліктің балада дамуы.
Орта балалық шақ
Жасөспірімдік, жастық шақ
Құрбылырының шеттетуі
Балаға бақылаудың кемшілігі отбасында тәртіптің әлсіздігі
Ерте балалық шақ
Құрбыларының девиантты
тобына
қосылуы
Мінез
құлықтық
мәселелер
Деликвентілік
Оқудағы сәтсіздіктер
Жасөспірімдердің әлеуметтенуі мен балалар үйіндегі жағдайының арасындағы өзара байланыс туралы айта отырып, баланың мінез құлығын анықтайтын үш негізгі ерекшелікті бөлуге болады: Оның тәуелді (интимдік- тұлғалық) қатынас орнатуға дайындығы, жауапкершілігінің даму деңгейі, сприссивтілікке мотивацияның күші. Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың нәтижелі әлеуметтенуі үшін барлық жағдай жасалуы керек.
Ол үшін басты маңызды шарт баланың қоршаған ортамен жағымды, жақындық қатынаста болу сиотивациясын стимулдау болып табылады.Екінші қажетті алғашқы әлеуметтендірудің қысымы, ол ретті талаптар мен шектеулер қою формасында жүзеге асады. Керсінше мінез - құлықтың жауластық формалары ата-ананың баласын жақын тартпауы, жазалау әдістерін үнеми қолдану, ата-ана жағынан талаптардың келісімсіздігі ,ата-аналардың спрессияны демонстрациялау нәтижесінде орнайды. Ассоциалды агрессия теориясына сәикес балада спрессивті мінез- құлықты ең алдымен ата-ана тарапынан жылулық пен жақындық қамқорлықтың жетіспеушілігі тудырады .
Кейбір авторлардың пікірінше балалық шағында шектен тыс қатал тәрбиеленген қыз балалар мінез - құлықтың мазохизтік паттернін дамытуға бейім келсе, ер балалар өзін спрессормен индентификациялап садисттік бағытта дамиды. Қоғамның балаға әсері келесі ішкі айнымалылармен байланысты:
қоғамда болып жатқан жағдайды баланың неготивті бағалауы (әділетті емес , қорқынышты, жаман )
баланың жасы( баланың жасы не ғұрлым кіші болса деструктивті қоғамдық фактордың ықпал ету мүмкіндігі соғұрлым жоғары)
биологиялық және конституционалдық алғы шарттар
қауіпсіздік аймағының болуы жағымсыз мінез - құлықтың қалыптасу ықтималдығын төмендетеді.
Қоғамда сприссивті мінез - құлық үш михонизм бойынша қалыптасады:
агрессорға еліктеу және идентификация .
балаға бағытталған спрессиялдық әрекеттен қорғануы.
негізгі қажеттіліктердің фрустрациясына қарсы келу реакциясы.
Әдетте, алғашында бала фрустрацияны бастан кеше отырып ауырлықты сезінеді, қолдаудың болмауынәтижесінде ол ашу- ызаға айналады. Агрессия балалар үйіндегі тәрбиешінің назарын аударады,бұл бала үшін маңызды болып табылады. Соныымен қатар кейбір балалар агрессияны қолдан отырып қоршаған ортаны басқаруға және мақсатына жетуге тырысады. Біртіндеп агрессия және ережелерді бұзу жағымдынәтижеге жетудің әдісі ретінде жүйелі қолданыла бастайды. Девиантты мінез-құлық бекінеді.
Баланың агрессивті мінез-құлық факторының типологиясы:
Тәрбиешінің тарапынан қамқорлықты баланың қажетсінуінің фрустрациясы балады травмалық уайым туғызады.
Баланың басқа негізгі қажеттіліктерінің фрустрациясы, оның қызығушылықтарының жоққа шығарылуы
Баламен шектен тыс қатал қатынас орнату мәжбүрлеу, жазалау, қорқыту , дөрекілік, аффектация, негативті бағалау, баланың қозғалыс белсенділігін шектеу
Балаға қатысты денелік және жыныстық күш көрсетілу
Агрессивтілікті демонстрациялау
Ауыр травма немесе жақын адамын жоғалту ауру, ата-анасының өлімі,ажырасу
Ата-ананың әлсіздігі қамқорсыз ана,қашқын әке Балаға қамқорлық таныта алмау
Әке ықпалының жетіспеуі Мысалы әкенің болмауы
Ана ықпалының жетіспеуі Мысалы анасының болмауы
Негативті әрекетттер ықпалы мысалы қабылдамау, қызғаныш
Талаптың жетіспеушілігі
Гиперпротекция-балаға шектен тыс қамқорлық таныту
Балаға деген шектен тыс стимуляция
Тәрбиеші тарапынан балаға қойылатын талаптардың келісілмеуі
шектен тыс шулы ортасы
Стимулдардың жетіспеуі іштің пысуы
Субқалыпты агрессия толықтай жоқ болуы
Алексеева Л.С. балада агрессивті мінез-құлықтың пайда болуына тікелей әсер ететін отбасылардың келесі түрлерін ажыратты:
Конфликтілі
Аморальды
Педагогикалық қараусыз қалу
Асоциалды
Г.П. Бочкарева келесідей түрлерін бөлді:
1. Жағымсыз эмоциальды атмосфера жайлаған отбасы, мұнда ата-ана баласына немқұрайлы қарайды, дөрекілік танытады
2. Отбасы мүшелерінің арқасында эмоционалды контактінің болмауы, баланың қызығушылықтарына немқұрайлы қарайтын отбасы.
3. Қалыпты емес құлықтың атмосфера тән отбасы, мұнда бала аморальды өмірге еліктіріледі.
З.В. Баерунас мінез-құлықтың ауытқуына себепші болуы мүмкін тәрбиелік ситуациалардың келесі түрлерін ажыратады.
1. Саналы тәрбиелік процесстік болмауы
2. Тәрбиеленудегі күш көрсетулік, қысымшылық жасау
3. Балада шектен тыс өзбетінділік қалыптастыру
4. Ата - ананың арасында келесімділіктің болмауының нәтежиесінде баланың тәрбиедегі ретсіздік.
Өзіндік сана-сезім мен өзіндік-өзі сынауды шектен тыс қарқымды дамытудың нәтежиесінде бала жасөспірімдік шағында қршаған ортадан ғана емес өзі туралы түсінігінен қарама-қайшылықты анықтайды.
Жасөспірімдік кезеңінің бірінші стадиясында бала өзіне қатысты сыни көзқарас қалыптастырады 10-11 жас
Фельдштейннің зертеулерінің көрсетуі бойынша бұл кезеңде жасөспірмдер өздеріне толықтай шағымсыз мінездеме береді.Бұл кезеңге физикалық және жанама агрессия тән. Вербальды агрессия мен негативизм дамудың бір кезеңінде болады.
Жасөспірімдік кезеңінің екінші стадиясында өзіне ситуативті жағымсыз қатынас 12-13 жас сақталады, бірақ оған ересектер мен құрбылардың көзқарастары, бағалары ықпал етеді. Бұл стадияда негативизм, физикалық және вербальды агрессия тән.
Жасөспірімдік кезеңнің үшінші стадиясына 14-15 жас жасөспірім өзінің тұлғалық ерекшеліктерін референттік топта қабылдаған белгілі нормалармен салыстырады .Вербальды агрессия басым болады.
Агрессивті мінез-құлық танытуға бейімділіктің биологиялық факторлары.
Агрессивті мінез-құлыққа биологиялық бейімділіктің индивидуалды ықтималдығының факторы ретінде келесілерді бөлуге болады.
Дүниеге келу кезінде травма алу, сонымен қатар пренатальдық дамудағы бұзылыс шектен тыс сезімталдық, эмоционалды аймақта тұрақсыздық, психикалық шаршау туғызады. Осылардың негізінде балада қоршаған ортасымен конфликт болып отырады, демек, агрессивті мінез-құлықтың көріну ықтималыдығыда жоғардайды.Тұқым қуалаушылықтағы бұзылыстар мысалы у-хромасомасының артық болуы агрессивті міне-құлыққа бейімділікті жоғарлатады. Тұқым қуалаушылық детерминанттарды ішінен гормондардың ықпалы да аталады тестостеронның көбеюі.
Травма және бас миының органикалық аурулары, мысалы, эпилепсия ми қабығына зақым келу, миддағы ісік т.б. Кейбір жағдайларда органикалық түр бойынша тұлғанық бұзылыс қалыптасады. Ол симптомдарыдың ішіннен - агрессия аяқ асты болатын агрессия, ашу-ыза сияқты эмоционалдық ауытпақшылықтарды атауға болады.
Сонымен қатар балаларда жүйке-жүйесінің типологиялық қасиеттері бойынша ерекшеліктер байқалады. Жүйке-жүйесінің қасиеттері адам темпераментік ,яғни психкалық өмірінің динамикасын анықтайды.
Бала өмірінің алғашқы айларындағы жетекші факторлар пренаталды жағдай және дүниеге келу кезіндегі ерекшіліктер.Динамикалық сферадағы генетикалық берілетін жеке даралық 9 айдан бастап көрініс табады. Мамандар қиын теаперамент синдромын ажыратқан, оның көрсеткіштері: негативті көңіл күй басымдылығы, ритмикалықтың төмендігі, ауыр бейімделгіштік, реакциялардың жоғары қарқындылығы.
Жасөспірімдердің агрессивті міне-құлықтарының индивидуалды-типологиялық сипттамалары.
Сезімталдықтың бұзылуы-сезитивтілік кез-келген сыртқы әсерге томен немесе жоғары сезімталдық
Жоғары эмоционалдылық, эмоционалды лабильдік
Жоғары белсенділік және қарқынды қимыл-қозғалыс
Көңіл-күйдің төмендігі
Импульсивтілік бақыланбайтын, тым тез реакциға бейімділік
Бейімделгіштіктің төмен деңгейде болуы.
Тұрақты міне-құлық стереотиптерді тез қалыптасуға бейімділік
Ригидтілік-тежеліске бейімділік
Алекитимия-тілдік регуляцияның әлсіздігі
Төменгі интеллект
Агрессия және девиантты мінез-құлық
Көптеген зерттеулердің көрсетулері бойынша тұлғаның девиантты міне-құлығы мен агрессиясы арасындағы байланыс бір жақты ғана емес.
Агрессивті мінез-құлық еліктеудің нәтежиесі болуы мүмкін.Еліктеу үшін үлгі ретінде жақын адамдары, құрбылары болуы мүмкін. Агрессивті мінез-құлықтың орынуында делинквитті субмәдениет ерекше роль атқарады. Асоциалды топтар, банда, бас бостандығынан айыру мекемелері - осы әлеуметтік институттардың барлығы тұрақты агрессивті мінез-құлық қалыптастырады.
Кейбір жағдайларда құққа қарсы агрессивті әрекеттің себебі невротикалық болуы мүмкін, мысалы егер ол күшті мазасыздық пен кінәлі сезінудегі санасыздық пен мотивациаланса. Заңға қайшы келетін әрекеттерге бейімділік тұлағының антиәлеуметтік яғни әлеуметке қарсы бағытталу жағдайында байқалады, ондай адам үшін басқа адасдарға қатысты жауластық қатынас өмір салты болып табылады. Агрессивті мінез-құлықтың келесі формасы жүйке-жүйесінің органикалық бұзылысымен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жасөспірімдер аффективтілік, уайымдарда тежелу, импульсивтілік немесе интеллектуалдық деңгейдің төмендігі нәтежиесінде күш көрсетуге бейім болады. Заң бұзушылардың жеке ауру күйлері аяқ асты, мотивациясы жоқ күтпеген агрессия мен сипатталады.
Жауапкершілік өлшемін және жаза түрін анықтау үшін агрессивті мінез-құлықтың патологиялық және патологиялық емес түрлерін ажыраты білу керек. Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлықтары жас кезеңдік реакция сипатында болып, оның қоршаға ортамен өзара әрекеттестігін бұзбауы мүмкін. Патологиялық агрессия керсінше психикалық іс-әректтің және оның динамикасының сапалық өзгеруімен байланысты. Патологиялық өзгерістердің көрсеткіштері: эмоционалдық сферадағы өзгерісті агрессивті мінез-құлық, және аффективті-ызалық реакцияның пайда болу; өшалу, жек көру, ашулану идеяларынан тұратын агрессиялық әрекеттер; садиттік агрессия.
ІІ Бөлім
2.1.
Агрессивті мінез- құлық құрылымында бірнеше өзара байланысты деңгейлер ажыратылады: агрессивті мінез - құлық немесе әрекетке итермелейді мотивация агрессивті мінез- құлықты көрсететін эмоционалды процесстер өзін-өзі реттеу процесстері ақпараттың коллективтік өңделуі сырттай бақыланатын көріністер мен әрекеттер.Агрессивті мінез - құлыққа бейім адамдарға психологиялық әсер етудің эффективті формаларының бірі ретінде көпшілік мамандар мінез - құлықтың коррекцияны бөледі. Мінез - құлықтық бағыттың тиімді жағы - әдістердің салыстырмалы қарапайымдалығы мен концептуалды нақтылығы. Сонымен қатар ол тікелей мінез - құлықтық өзгерістергеи бағытталған және анық практикалық сипатта. Психологиялық әсер бағыттануы мүмкін
агрессивті мінез- құлық деңгейін басуға немесе жоюға
агрессивті мінез - құлықты күшейтуге
адамның өз сезімдерін түсіну немесе ұғын қабілетін дамытуға.
Агрессивті мінез - құлық танытуда қатар жүретін эмоционалды реакцияларды азайтуға (мысалы мазасыздануды азайту)
Ашу ызыны қауіпсіз деңгейде көрсету дағдысын қалыптастыруға.
Тынығу қабілетін дамытуға
өзін-өзі дәлелдеу қабілетін дамытуға (мысалы, конфлектілерді конструктивті шешу)
Нақты бағыттағы позитивті мінез- құлықтың өзгерістерге жету агрессивті мінез-құлық коррекциясының мақсаты болып табылады. Психологиялық интервация кеңес беру, педагогикалық коррекция, психономиялық тренинг, психотерапия формасында жүзеге асады. Сонымен қатар ол индивидуалды немесе жеке, отбасылық немесе топтық жұмыс түрінде болуы мүмкін. Барлық жағдайда жұмыс формасы мен жағдайына тәуелсіз, мінез- құлықтың коррекцияның келесі принцптері сақталуыкерек:
Обьективтілік принципті. Сырттай көрінетін және өлшенетін айнымалыларға бағытталудақарастырады. Ол эмоционалдық реакциялар, жастар, физиологиялық өзгерістер ( жүрек соғысы, қызару, дірілдеу)қозалыс реакциялары, симптомдар, (бас айналу, бұлшықеттер спазмасы, қорқу) ойлар, нақты әрекет намесе қылықтар болуы мүмкін. Мінез- құлықтық көріністер максималды нақты (обьективті) және жүйелі бақыланып, тіркелуі керек.
Мінез -құлықтың баға принципі. Клиенттің мінез-құлығына функционалды талдау жүргізу қажеттілігін көрсетеді. Мінез- құлықтың баға- жұмыс эффективтілігін бағалау үшін немесе әсер ету тактикасын өзгерту мақсатында бірінші кездесуден бастап жүргізіледі.Ол үш бағаннан тұратын кестені толтыру формасында жүзеге асуы мүмкін, әр баған сәйкесінше келесі мазмұнда болады:
1. стимулдар мен ситуациялар агрессивті мінез құлыққа себепші болғандар
2. тұлғаның мінезқұлықтың реакциялары
3. тұлға реакцияларының нәтижелері мен сандары
Мінез құлықтың баға беруді клиентпен немесе оны жақсы танитын адамдармен интервью барысында өткізіледі. Мінез құлықтың талдау үшін клиенттің өзін өзі бақылау күнделігін қолдануға немесе клиентті тікелей бақылауға болады, басқа мамандардан ақпарат алуға болады, рөлдік ойындар ұйымдастыруға болады т.б. Бағалау үшін қажетті ақпараттардың қосымша қайнар көзі: медициналық ақпараттар, тест немесе анкета нәтижелері, эксперттік бағалар болуы мүмкін
Жүйелік принципі. Тұлға өмірі мен түрлі әлеуметтік жүйелердегі агрессивті мінез-құлықтың рөлін бағалауды қарастырады.Түрлі жағдайлардағы және жүйелердегі агрессивті мінез-құлықтың қандай функция атқаратынын ұғыну маңызды.Отбасында,құрбылар тобында,оқу-кәсіби топтарда Сонымен қатар қандай жүйелер дисфункционалды мінез-құлықты қолдайтындығын бағалау қажет. Алынған мәліметтер мәселенің мәнін,олардың қалай пайда болатын және олардың орнығуы үшін негіз болатынды анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда, одан адам психологиялық пайда алатын агрессивті мінез-құлықтың функционалдық мәнін бағалау маңызды мәселе. Мінез-құлықтың талдау нәтижесінде көмек көрсету міндеттері және оның эффективтілігін бақылау әдістері қалыптасады. Клиентте әдетте бірнеше проблемалық аймақ болатындықтан олардың әрбіреуінің қауіптілік деңгейін анықтау қажет, соған сәйкес жұмыстың бірізділігі жоспарланады.
Бірлесу принципі. Мінез-құлықтың коррекция маманның басқа адамның мінез-құлығын бақылауды қарастыратын жеткілікті деңгейдегі авторлары жүйе ретінде бағаланады. Мінез-құлықтың проблемасы бар тұлға үшін өзінің мінез-құлықтық әрекетіне деген жауапкершілігін маманға жүктеу қауіпі туындайды. Бірлесу принципіне ынта білдіріп ғана қоймай, коррекциялық жұмыстың мақсаты мен әдістерін таңдауға белсенді қатынасуы керек (нақты ішкі және сыртқы шарттарды есепке ала отырып). Жауапкершілікті болу бірлесе отырып әрекет етуге келісім шарт жасасу формасында жүреді. Тұлғаның өнімді белсендігін көтеруде терапиялық кездесулер арасындағы аралықта үй тапсырмасын орындауы бойынша клиенттің өзіндік жұмысы маңызды роль атқарады. Клиентті бірлесе отырып әрекет етуге итермелейтін басты фактор оны мен маман арасындағы сыйластық, қолдау, жауапкершілік және адалдыққа негізделетін тұлғаның қатыс болып табылады.
Агрессивті мінез-құлық әдетте ыза, мазасыздық, қорқыныш және әлсіздік сияқты негативті эмоциялармен қатар жүреді. Көбінесе адаптивтік емес мінез-құлық мазасызданумен анықталады. Дегенмен, жоғары баға беруден алшақ болған жөн. Мысалы, индивид кәсіби шешім қабылдау қажет болған жағдайда мазасыздықты сезінуі мүмкін, өйткені оның ол үшін қажет дағдысы болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда қажет дағдыны қалыптастыруға үйрете отырып мазасыздануды азайту керек. Жағымсыз эмоционалдық күйлер коррекциясының екі негізгі әдісі бар - олардың күшін азайту (мысалы, жүйелі десенсибилизация әдісі бойынша) және альтернативті реакцияларды өндіру (мысалы, релаксация тренингі немесе сенімділік формасында)
Осылайша, мінез-құлықтың талдау барысында клиентте ерекше мазасыздық немесе фобия анықталады,сондықтан жүйелі десенсиби-лизацияны қолдалған мақсатқа бағыттылы болып табылады.
Жүйелі десенсибилизация өзіне үш элементті кірістіреді
А) бұлшықет релаксациясын үйрету
Б) мазасыздық туғызатын стимулдар иерархиясын құру.
В) клиентке релакцасиясын күйде иерархия ішікен мазасыздық туғызатын объектілерді елестетуді үсыну.
Жумысты бастамас бұрын клиентке бұл әдістің мәнін қысқаша анықтап берген жоқ. Мазасыздық иерархиясы - бұл мазасыздық туғызатын стимулдар(жағдайлар) тізімі болып табылады.Әрбір жағдай үшін мазасыздық деңгейі анықталады. Әдетте мазасыздық туғызатын стимулдар потенуиалы келесі түрде бағаланады. 0 бағасы мазасыздық сезімінің толық болмауына сәйкес келеді, ал 100 бағасы сол стимул түрімен байланысты пайда болуы мүмкін мазасыздықтың максималды көрінісіне сәйкес келеді деп қабылданады. Осылайша стимулдар иерархиясы - мазасыздықтың субъектитвті шкаласы құрылады. Мазасыздық тудыратын жағдайлар тақырыптар бойынша топтастырылады: мысалы, сабаққа жауап беру, емтихан тапсыру, оқытушымен әңгімелесу, қарама-қарсы жыныс өкілімен қарым - қатынас жасау. Клиенттердің функциясын бұзатын тақырыптар мен стимулдарға көп көңіл аудару қажет. Жұмыс бірлесе отырып немесе өзбетінше орындалуы мүмкін. (үй тапсырмасын орындау кезінде)
Одан кейін десенсибилизация өткізу кезінде клиенттен босаңсып, мазасыздық жағдайымен байланысты оқиғаны шынайы елестету сұралады.Мысалы, кеңесші: Енді елестетіп көріңіз, емтихан туралы не ойлайсыз.Емтиханға дейін үш ай уақыт қалды,сіз оған дайындалып отырсыз деді мүмкін.Алдымен клиентке мазасыздық сезімін туғызатын елестету үсынылады(құрылған иерархияға сәйкес) және кезкелген мазасыздықты сезінген кезде сұқ саусағын көтеруді сұрайды. Егер клиент 5-10 секундтан кейін ешқандай мазасыздық сезінбесе клиенттен елестетуді тоқтатып,босаңсу сұралады. 30-50 секундтан кейін клиенттен жаңағы оқиғаны немесе жағдайды қайтадан елестету сұралады. Егер бұл жағдай мазасыздық сезімін туғызбаса кеңесші порцидураны белгілі бір мезгілге дейін тоқтатып , босаңсу процидурасын орындатады да ирархияның келесі бөліміне ауысады.
Егер клиент мазасыздықты сезініп сұқ саусағын көтерсе елестетуді дереу тоқтатып кеңесші клиенттен терең тыныс алып, босаңсып оқиғаны қайтадан бірнеше рет елестетуді сұрайды. Егер оқиғаны елестету кезінде клиент бірнеше рет мазасыздық сезінсе, иерархиялық пункттерін ұсынуға болады. Салыстырмалы әлсіз мазасыздық туғызатын оқиғаларды бірізге ұсына отырып біз оларға деген байыпты қатынасқа қол жеткіземіз. Осылайша басқада мазасыздық туғызатын оқиғаларға немесе жағдайларға сезімтелдық төмендейді- клиент десенсибилизацияланады..
Әдістің бір нұсқасы-контактілі десенсибилизация болып табылады, әдетте балалармен жұмыстануда қолданылады. Бұл жағдайда мәні бойынша ранжерленген жағдайлар тізімі жасалады. Бірақ жағдаяттар рет- ретімен модельденеді және мұндай проблемасы жоқ басқа адам шешеді. Одан кейін жағдаяттар баламен бірге өңделеді әдіс топпен де қолданылуы мүмкін.
Әдістің екінші нұсқасы-эмотивті қиял немесе елес. Мұнда баланың кумирлік немесе ол үшін мәнді адамның бейнесі қолданылады. Бұл бейнеде бала бірте- бірте жағдайлармен бетпе-бет кездесіп олардыжеңе біледі. Әдіс келесі кезеңдерден тұрады:
Мазасыздық туғызатын жағдаяттар немесе обьектілер иерархиясын құру.
Бала өзін идентификациялайтын мәнді адамын анықтау.
Кез- клген өмірлік жағдайды елестету ( көзін жұмып тұрып таңдаған бейнесімен бірге) мәнді адамның бейнесінде мазасыздандыратын жағдайды шешу.
Бала байсалды- сенімді мінез- құлық таныта бастаған кезде тізімдегі келесі жағдаятқа көшесіз. Баланы ақиқат өмірдің аналогиялық жағдайларында өзін сенімді ұстауға үйрету маңызды. Жүйелілік сенсибилизация жеке немесе топпен коррекциялық жұмыста қолданылуы мүмкін .Жүйелі десененбилизация сенімсіздк немесе фобия кезінде ғана емес , ыза, агрессивті уайымғақатысты да қолданылады. Релаксациядан басқа мазасыздықтың ингибаторлары (сәйкес келмейтін реакциялары) қолданылуы мүмкін. Бұл әзіл - ысқақ, қауіпсіз, қолдау қатынасы, сәтті уайымдау. Десенсибилизацияда алдымен психологиялық қиындықтар зеріттеледі, осының негізінде мазасыздық тудыратын жағдайлар иерархиясы құрылады. Одан кейін релаксацияға үйрету, оқыту жүреді. Үшінші кезеңде терең релаксациялық күйдегі адамда онда қорқыныш - ыза тудыратын жағдай туралы түсінік пайда болады, бірте-бірте мазасыздық төмендейді. Ақиқат өмірде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz