Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыс

Жаратылыстану сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары

Мамандық атауы:

Пәні:

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі: п. ғ. м.

Дипломдық жұмысты қорғаған бағасы

Кафедра меңгерушісі п. ғ. м.

Хаттама № 2024__ ж.

2024 оқу жылы

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
3
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: АНЫҚТАМАЛАР
3: 4
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ҚЫСҚАРТУЛАР
3: 6
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: КІРІСПЕ
3: 7
: I
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Жаңартылған білім беру жүйесінде жаратылыстану пәнін оқыту ерекшеліктері
3: 9
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Бастауыш сыныптарда жаратылыстану пәнінің оқыту мақсаттары мен міндеттері
3: 12
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдемелер
3: 18
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Жаратылыстануды оқытуда АКТ қолдану
3: 22
: II
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Жаратылыстану сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
3: 27
: 2. 1.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Баланың шығармашылық, зерттеушілік қажеттіліктерін дамытудың жолдары
3: 33
: 2. 2.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
3: 41
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 49
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 50
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ҚОСЫМША
3: 52

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:

  1. Қазақстан Республикасының білім беру заңы. //27 шілде, 2007 ж.
  2. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. // Білімдегі жаңалықтар, №1, 2010, 11-20б.

3. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы

4. ҚР-ң Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы

АНЫҚТАМАЛАР

Педагог - тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік

білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе)

тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе

білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіби қызметін жүзеге

асыратын тұлға;

Педагогтердің білімін бағалау - білім беру саласындағы уәкілетті

орган әзірлеген тест бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін

айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;

Педагогтің цифрлық профилі - Ұлттық білім беру деректер қоры

ақпараттық жүйесіне жүктелген педагогтің электронды деректері.

Педагог портфолиосы - педагогтің білім беру қызметіндегі жеке

және кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және

дамуының нәтижелері, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім

беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы (электронды

парақша)

Макро - грек тілінен аударғанда «ұзын, үлкен» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз күрделі ғылыми терминнің бір бөлігі ретінде жиі қолданылады. Табиғаттағы үлкен құбылыс пен үдерістерді, сондай-ақ адамдарды да макродүниеге жатқызамыз.

Микро- «өте ұсақ, майда» деген мағынаны білдіреді. Микродүние -макродүниенің негізі. Оны үйге немесе құрылыс ғимаратына ұқсатуға болады. Ғимарат тек бір заттан тұрмайды. оны қалау үшін цемент ерітіндісі мен кірпіш, т. б нәрселер қолданылады. Микродүниені микроскоп көмегімен көре аламыз. Қазіргі уақытта ғылымдар микродүниеден де ұсақ денелердің бар екеніне көз жеткізді. Мұндай «микромикродүниеге» жаңадан «нанодүние» деген атау берді.

Мега - грек тілінен аударғанда «үлкен» деген ұғымды білдіреді. Оған Жер шары, Ғарыштық кеңістік жатады. «Макро», «мега» т. б. тәрізді ғылымда өзіндік атауы бар сөздер термин ретінде қабылданған.

Жаратылыстану - Жаратылыстану-табиғи объектілер, құбылыстар мен процестер туралы білім жиынтығы.

Жаратылыстану ғылымдары - бұл табиғат пен барлық тіршілік иелерін зерттейтін пәндер.

Интеграция - бұл ішкі және пәнаралық байланыстарды орнату, әртүрлі білім беру бағдарламалары арасындағы өзара әрекеттесу арқылы білім беру мазмұнының тұтастығына қол жеткізу процесі және нәтижесі. Интеграциялық өзара іс - қимыл-ғылымдарды олардың ерекшеліктерімен қатар жақындастыруға және байланыстыруға бағытталған жалпы әрекеттер.

Интегралды тапсырмалар -әртүрлі пәнішілік ұғымдар бір-бірімен тығыз байланысты (біріктірілген), жалпы заңдар мен теорияларды қолдану қажет (органикалық және бейорганикалық химия үшін химия жағдайында) немесе бұл себеп-салдар байланысын орнатуға және әлемнің біртұтас жаратылыстану бейнесін қалыптастыруға арналған пәнаралық тапсырмалар.

Интеграцияланған курс (элективті, таңдау бойынша курстар, қосымша оқу пәндері және т. б. ) - әр түрлі пәндердің элементтерін қамтитын, бірақ кешенде және сапалы басқа деңгейде өзіндік ерекше оқу пәні бар дербес ғылыми пән.

Кіріктірілген сабақ - бір тұжырымдаманы, тақырыпты немесе құбылысты зерттеу кезінде бір уақытта бірнеше пәндер бойынша оқытуды біріктіретін сабақтың ерекше түрі.

ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан Республикасы;

ПББ - педагогтердің білімін бағалау;

РОӘК - Республикалық оқу-әдістемелік кеңес;

ОӘК - оқу-әдістемелік кешендер;

ОӘҚ - оқу-әдістемелік құралдар;

Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Ғылымдардың "кірігуі" (интеграциясы), жаратылыстануда жаңа шектес пәндердің пайда болуы - осының бәрі ғылымның дамуының қазіргі кезеңінің белгілерін көрсетеді. Адамзат (ғылым тарихы тұрғысынан қарағанда) өзінің Табиғатты танып білу барысында барлығы үш сатыдан өтіп, төртіншісіне кіріп отыр. Бірінші сатысында (VII-V ғғ. б. э. д. ) қоршаған дүниенің бүтін, біртұтас нәрсе екені туралы жалпы түсініктер қалыптасты. Идеялар мен болжамдардан тұратын натурфилософия деген ілім пайда болды. Бұл саты XV ғасырға дейін созылып, жаратылыстану ғылымдарының алғашқы негіздерін жасады.

XV-XVI ғасырлардан талдау (аналитикалық) сатысы басталды, басқаша айтқанда жаратылыстанудағы қол жеткен жетістіктерді бөлшектеу және ерекшеліктерді бөлу - бұлар ақырында физиканың химия мен биологияның, сонымен қатар басқада жеке жаратылыстық ғылымдардың пайда болуына (ғылымның дифференцияциялану процесі), оның ары қарай дамуына әкелді. Осы сатының екінші бір ерекшелігі-эмпирикалық (тәжірибелік) жолмен алынған білімнің теориялық білімдерден көбірек болуы. Талдау сатысының тағы да бір ерекшелігі Табиғаттың жеке заттарын зерттеудің оның табиғи құбылыстарын зерттеуге қарағанда өте көп болуы. Бұл ерекшеліктер кейінірек адамзат үшінші синтетикалық сатыға көтерілген кезде де сақталып, ары қарай даму жолында болды.

Ақырында, қазіргі кезде барлық жаратылыстанудың принципті тұтастығын дәлелдеп, неге тек физика, химия, биология мен психология Табиғат туралы ғылымның негізгі және өзінше дербес болімдері болып отыр деген сұраққа жауап беру әрекеттері жасалуда. Жаратылыстануды уақыт дамуына қарай зерттей отырып меңгеру оңайырақ болады. Сонымен ғылымның өткен өміріне сапар шегіп керелік. Қазіргі жаратылыстану жүйесіне Табиғат туралы жаңа ғылымдармен қатар ежелгі грек натурфилософиясы, орта ғасырлардағы жаратылыстану, Жаңа уақыт ғылымы және XX ғасырдың басына дейінгі классикалық жаратылыстану сияқты білімнің тарихи салалары да кіреді. Бұл адамзаттың біздің ғаламшарымыздағы өз ғұмырында ұзақ жылдар бойы жинаған барлық білімдерінің нағыз түпсіз қазынасы. Осы салаларды біз арнайы ғылымдардағы табиғаттың фундаментальдық идеялардың ашылуымен, ал революцияларды - белгілі парадигмалар мен көзқарастардың өзгеруімен байланыстыра отырып қарастырамыз (парадигма - осы күнгі типтік немесе базалық схема, мәселелерді қоя білу мен шешу үлгісі) . "Ғылыми революциялар" ішінен "физикадағы ғылыми революцияларды" жеке бөліп қарастыруға болады, себебі олар жаратылыстанудағы кардиналды өзгерістердің негізгі себептері болды.
Бір этаптан басқа этапқа өту және бір революциядан басқаға өту адам ойының триумфальды түрдегі аяқ алысына мүлдем ұқсаған жоқ. Ғылымның магистральды бағытта дамуы көптеген "айналмалы жолдар", "кейін шегіну", "бір орында тұрып қалу" сияқты кезендер арқылы жүріп отырды.

Зертеу жұмысының мақсаты:

- Жаратылыстану сабақтарында оқушылардың ынтасын зерттеу;

-Жаратылыстану пәнің зерттеу;

-Оқушылармен жаратылыстану пәні арқылы байланысу.

Зерттеудің міндеттері:

−Жаратылыстану ұғымын ашу;

-Жаратылыстану пәнің зерттеу.

Зерттеу объектісі: Қазіргі жаратылыстануда қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу пәні:

Зерттеу әдістері: Оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылар жетістігін бағалауға бағытталған.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Жаратылыстану сауаттылығы - нақты жағдайларда ғылыми әдіс көмегімен шешілетін және зерттелінетін проблемаларды анықтау, тәжірибе мен бақылау негізінде қорытындыға қол жеткізу үшін жаратылыстану білімін қолдану қабілеті.

Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Жаңартылған білім беру жүйесінде жаратылыстану пәнін оқыту ерекшеліктері: Жаңартылған бағдарламаның мәні - баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011) . Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың оқуды алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуын көздейтін тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Яғни, оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Осы орайда бастауыш сыныптарда жаңартылған білім мазмұнымен бірге енгізілген жаратылыстану пәнінің алатын орны ерекше. Жаратылыстану пәні бағдарламасыныңнегізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Пән бойынша берілетін білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады. Пән оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын, сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бастауыш сыныпта оқушылар пәнді меңгеру барысында дәстүрлі емес ойлау формаларына үйренеді. Ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын табуға, сұрақтар қоюға, ғылыми-зерттеу тәсілдерін түсініп, ойлауға және бақылауғадағдыланады. Жаратылыстану пәнінің мақсатыбастауыш сынып оқушыларын әрі қарай жаратылыстану ғылымы пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге дайындау, күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғатта) көрген, бақылаған құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. «Жаратылыстану» пәні оқушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл пәннің артықшылығы баланың тапсырманы өздігінен ізденіп орындауы және дұрыс тұжырым жасауына бағытталуы, сондай-ақ баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын арттыру. Баланы бастауыш сыныптан бастап мамандыққа бейімдеу - осы жаратылыстану пәнін дұрыс жүргізуден басталады. Мектептегі жоғарғы сыныптарда мамандыққа бейімдеу бойынша жаратылыстану - математика бағытында математика физика, география, биология, химия, информатика және технология пәндері оқытылады. Ал бастауыш сыныпта оқытылатын жаратылыстану пәні осы пәндерге баланы бағыттау, бейімдеу болып табылады Енді осы жаратылыстану пәнін оқытуға тоқтала кетейік. Жаратылыстану пәнінің құзіреттілігін арттыруда қандай әдіс-тәсілдерді қолдану тиімді деген сұрақ туындайды. Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнін оқытуда әр түрлі жаңа технология элементтерін сабақтың мазмұнына байланысты жоспарлап қолдану өз нәтижесін жақсы береді. Баланың қабылдау ерекшелігі де ескерілу керек. Бұл факторларды еске алмай білім берілсе ол нәтижесіз болады. Бұл жерде мұғалім шеберлігі басты роль атқарады. Негізі тірек сызба нұсқалары балаға берілетін білімді жеңілдетеді. Есте сақтау қабілеті төмен баланың ойында өткен тақырып тез сақталады Сызба арқылы білім шашыранқы түрде емеснақты беріледі. Үйренген нәрсесін сызба арқылы беруге дағдыланады. Кестелер сабақты ғылыми тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді. Баланың шығармашылық қабілеті артып өз бетінше сызбалар құрастыруға талпынады. Жаратылыстану пәнінде қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаратылыстану пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады. Оқушылардың білім деңгейін арттыру дегеніміз- оқушылардың білім сапасының арттыруы. Демек, білім сапасы дегеніміз не? Оны қалай көтеруге болады? Елбасының халыққа жолдауында айтылғандай, білім сапасында да үлкен бәсекелестік керек. Ол үшін баланы таңнан кешке дейін оқыту міндет емес. Біліммен бірге тәлім берілуі қажет. Міне, осы қос ұғым бірінің жігін бірі басқарғанда ғана сапалы білім болатынын естен шығармау керек. Педагогика ғылымында «білім сапасы» ұғымына әр түрлі анықтамалар берілген. Білім сапасы -оқу, тәрбиелік, әлеуметтік, психикалық және дене қабілеттерінің аспектілерінде тұлғаның әлеуметтік қажеттерін қанағаттындыратын қасиеттер жиынтығы деген анықтама береді. Қарапайым тілмен айтқанда, сапа- бұл мұғаліммен баланың білім саласындағы үйлесімі. «Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет- оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, зерттеу тану, зерделеу, дәлелдеу, ой- өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту. Жеке тұлғаға бағдарланған сабақтар жүйесі білім мазмұнының негізгі өзегі- қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, жеке басының, сондай -ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту. Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді модернизациялау жүзеге асырылып жатканы белгілі. Осыған байланысты әр түрлі педагогикалық технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Тәжірибенің жаңашылдығы: компьютерлік технологияны колдану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, оқушының зерделі дамуына ақпарат алуға, ізденуіне өте тиімді екені айтпасақ та түсінікті.

Осы идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларына қана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негізгі құндылық - оқушы және оның жеке тұлғасы. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін - өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

1. 1. Бастауыш сыныптарда жаратылыстану пәнінің оқыту мақсаттары мен міндеттері: https//www. ilo. org/wcmsp5/groups/public/---europe/---ro-geneva/---sro-moscow/documents/publication/wcms_492746. pdfБастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған. Оқулық «Мен-зерттеушімін», «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам», «Күш пен қозғалыс», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы», «Жарық» және «Дыбыс» сияқты оқу бөлімдерін қамтиды. Осы бөлімдер бастауыш оқу кезеңінің әрбір сыныбында « жеңілден күрделіге» қағидатына негізделеді. Әр жаңа тақырыпты толық меңгеру үшін оқулықтың бас кейіпкерлеріНегеш пен Эврика көмектеседі. Негеш пен Эврика оқушыларды ғылым әлеміне бағыттап, болжам жасауға, тәжірибе немесе зерттеу жүргізуге, табиғи құбылыстарды ашуға ынталандырады. Жаратылыстану сабақтарын келесі түрлерге бөледі: жаңа материалды үйрену сабағы; білімді тәжірибеде қолдану сабағы; оқу материалын бекіту және қайталау сабағы; білімді бақылау және есепке алу сабағы; құрамдастырылған сабақ. Сабақтың түрін таңдау сабақтың дидактикалық мақсатына байланысты жүзеге асырылады. Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс сабақтың барлық түрлеріне ортақ нысан болып табылады. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы жаратылыстану пәнін оқытуда оқушылардың зерттеу қабілетін дамытады және табиғатты ғылыми тұрғыдан танудың әдістерін ашады. Жаратылыстану пәнін оқытуда оқушылардың зерттеу әдістерін қолдану тәсілі арқылы мұғалім шектеулі уақытты тиімді пайдаланып, сапалы әрі көлемі жағынан көп жұмыс жасап, оқушылардың жаңа оқу материалдарын меңгеруге дайындығын және қандай мәселеге көбірек көңіл бөлу керектігін анықтайды. Сонымен қатар, оқушылардың табиғи білім құмарлығының дамуына, әлем жайлы ой - өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсініудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі. Қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай - ақ табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын зерделейді. Өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үдерістердің себептерін ашады. Жаратылыстану ғылымы бойынша білімнің адамның көптеген іс - әрекет түрлері үшін маңыздылығын біледі.

Бұл пәнді оқу қоршаған ортаның түрлі құбылыстары мен нысандары

жайлы білімнің жинақталуына және күнделікті өмірде алуан түрлі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану пәнінен дәріс кешені
Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми әрекетін қалыптастыру жолдары
Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру
Тұмандық теориясы
Бастауыш мектепте қоршаған орта пәнін оқытудың әдістемесі
Жалпы бастауыш сыныпта математиканы оқытуға арналған құралдар
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz