Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі


ДИСЦИПЛИНА
“Мемлекеттік басқару теориясы”
АНАЛИТИКАЛЫҚ ЭССЕ-ТАҚЫРЫБЫ
“Жемқорлыққа жол жоқ”
Орындаған:“Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығының
1-курс студенті Шандалинов Бақытнұр Ерболатұлы
e-mail: bakytnur. shandaliov@narxoz. kz
Тексерген:Жанбырбаева Ардактыгуль Н.
Алматы қаласы
2023 жылы
КІРІСПЕ
Жемқорлық - бұл мемлекеттік қызметкердің немесе белгілі бір лауазымдағы адамның ақша үшін сатылуы немесе өзінің жеке басының пайдасы үшін белгілі бір мөлшерде екінші бір адамнан үлкен суммада ақша алуы болып табылады. Жемқорлықтың жалпы түрлері көп, сыбайлас жемқорлық, белгілі бір кәсіп иелерінің жемқорлығы, лауазымдылық жемқорлық, қызмет көрсету жемқорлығы, айта берсек түрлері көп. Жемқорлық дегеніміз өзінің аты айтып тұрғандай белгілі бір мүлікті немесе қаражатты жымқыру және соңында сол қылмыстың кесіренен қорлық көру. Біздің елімізде жемқорлық үшін жазалар қарастырылған және де ол жайлы еліміздің заңында таңбадай қойылып нақты жазылған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі таңда елімізде өзекті мәселелердің бірі ол - сыбайлас жемқорлық. Осы бір індет тек қана қоғамға ғана емес сонымен қатар еліміздің болашағы мен болашақ жастарға тигізер зияны өте жоғары. Бұл індетпен күресу тек қана қауіпсіздік органдарының ғана емес халқымыздың өзіде бұл індетке жол бермеуі керек. Қоғамның өзі осы бір әрекетпен күресіп оған қарсы тұратын болса, сонда ғана біздің қоғам жемқорлыққа басқа көзқараспен қарайтын болады. Сыбайлас жемқорлық арқылы біз өзіміздің экономикамыздың құлдырауына және де еліміздің дамуына кері әсерімізді тигіземіз. Сыбайлас жемқорлық арқылы қазіргі заманда адамдар белгілі бір мекемеде белгілі бір лауазымға ие бола алады, және белгілілі бір жерлерді заңсыз сатып алып, ол жерлермен халыққа кері әсерін туғызатын бір кәсіпорындарды нормаларға сай емес етіп салып жатады.
Біздің елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң 2 шілде 1998 жылы қабылданған. Аталған Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу жəне ашу, олардың зардаптарын жою жəне кiнəлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды жəне басқа да адамдардың жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн айқындап тиісті жазаны қолданады. [1]
Отбасы - бұл барлық бастамалардың бастауы. Бала отбасыда қандай тәлім - тәрбие көрсе соны өзіне сіңіріп алады. Сол себептен ата - ана балаға тәрбиені жастайынан жақсылап беріп, кішкентай кезінен бастап балаға ненің дұрыс ненің бұрыс екенін түсіндіріп өтуі қажет. Ата - бабаларымыз кезінде өз балаларына соның бәрін түсіндіріп «біреудің ала жібін аттамау» керек екенін айтып өткен. Қазақстанның дамуы, халықаралық аренадағы деңгейге шығуы жас ұрпаққа байланысты. Жастар жан - жақты, білімді, тілдерді жетік меңгерген және де жемқорлыққа қарсы тұратын болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жас ұрпақты рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу - отбасының негізгі жауапкершілігі.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Қазақстан 2050» стратегиясы қабылданған болатын. Ол стратегиядағы басты мақсаттардың бірі жемқорлықты жою және жемқорлықпен күресті күшейту. Қазір елімізде жемқорлық жайлы хабарлаған адамға сыйақы берілетін болған. 2023 жылғы 29 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы қабылданған болатын. Жемқорларды ұстап бергендерге төленетін сыйақы пара мөлшері 1 000 АЕК-тен аз болса (2023 жылға 3, 45 млн теңге), сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар мынадай сыйақы ала алады:
- Cыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 АЕК немесе 103 500 теңге;
- Онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 40 АЕК немесе 138 000 теңге;
- Ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 50 АЕК немесе 172 500 теңге;
- Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК немесе 241 500 теңге;
- Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 100 АЕК немесе 345 000 теңге. [2]
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz