Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез - құлқын қалыптастырудың теориялық негіздіері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез- құлқын қалыптастырудың теориялық негіздіері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез құлқының ерекшеліктері ... ... 7
1.2 Мектепке дейінгі баланың жеке басының қалыптастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Бүгінгі ұлттық ойындардың мектепке дейінгі балалардың мінез- құлқын қалыптастыруда қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
II. Мектепке жасына дейінгі балалардың мінез-құлқын ойын арқылықалыптастырудың практикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқын қалыптастырудағы қолданатын оындар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .16
2.2 Балабақшадағы ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың отбасында ойналатын ойындар арқылы мінез-құлықты қалптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым - қатынас құралы ретінде жан - жақты қарастырылады.
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада - бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз - адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
- педагогикалық мағынада - бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік - мәдени (өмір және әрекет - қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл - күйге сәйкестігімен (көңіл - күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы - тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Мінез адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерінен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым- қатынасын айқындайды.
Мінез - баланың негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке баланы әр қырынан көрсететін қасиет. Балалардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- баланың мінез-құлық заңы. Осыған сәйкес мектепке дейінгі ұйымбалаларының мінез-құлқын қалыптастыруда бірнеше тәрбие әдістерін қолдану қажет. Балалар көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Жастардың ынтасын, белсенділігі оларды өз біліміне, өмір тәжірибесінде мінез-құлық ерекшеліктеріне сынмен қарауға тәрбиелейді.
Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Балалардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу басты мақсатқа бағытталған іс - әрекет.
Қазақстан Республикасының "Ұлттық энциклопедиясында" адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: " Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы". Халықтың дүниетанымында мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекетерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сену, ар-ұятты сақтау, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық т.б.
Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру және толғануды мінез-құлыққа бекіту керек. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы сезімдері мен мінез-құлықтың қарапайым белгілері қалыптасады. Балада қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста көзге түседі. Балаларда мінез-құлықтың, сана мен сезімнің жаңа түрлері одан әрі дамытылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Мінез - құлық әдістері - тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, мінез-құлықтың мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде балалардың қоғамдық мінез-құлқын қалыптастыру және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерін қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- тәрбие туралы жалпы түсінік беру.
- мінез туралы жалпы түсінік беру, мінездің құрылымы мен қасиеттерін қарастыру.
- мінез құлықпен іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін қолдану.
- ұлттық тәртіп пен мінездің ерекшеліктері және алатын орнын қарастыру.
- қиын балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі балалардың мінез-құлықын қалыптастыру және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерін қарастыру.
Зерттеу пәні: Психология
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік әдебиеттер, озат педагогикалық тәжірибелер, баспасөз материалдары, зерттеу тәжірибелері.
Зерттеу жұмысының практикалық қолданылымы: бұл еңбекті жоғары және арнаулы кәсіби білім беру педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, тәрбиешілерге қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқын ойын арқылы қалыптастырудың жоспарлық негіздері.
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқының ерекшеліктері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктері ерте заманнан келеді, ол әр баланың өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) балалардың ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің Этические характеры тракты арқылы ғылымға мінез (грек. сharacter - қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген
А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы - мінезнаманы жасады.
К.К.Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.
Мектеп жасына дейінгі әр жас кезеңнің баланың тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың "мені" қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасатын кезең. Белгілі психолог Л.С.Выготский жастағы кезеңде екі үлкен өзгеріс болады: ол ағзадағы жетілу және өзінің "Мен" мәдениетінің ашылуы, тұлғасының және дүниетанымының қалыптасуы. Кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде балалардың көпшілігі "балабақшаға бейімделе алмауымен" ерекшеленеді. Шарт бойынша "балабақшаға бейімделе алмау" мектеп жасына дейінгі балаларға олардың үлкендермен ашық жанжалға түсуімен, достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар тәртіпті бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды қоршаған үлкен адамдармен жанжалда болуымен көрініс береді [2]. Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек, мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлықты тән ортақ қылық - ол ата-аналар мен тәрбиешілерге қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға еліктеу тағы сол сияқты болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар жат қылықтарға әуестенуінің негізгі себебі: білімінің төмендігі, мәдениет деңгейінің жеткіліксіздігі, ең бастысы, қызығушылықтың шектеулілігі болуы. Екінші топқа жататындар балалар адамгершілік қадір-қасиеттерді төмендей бастаған, әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұл топқа тәртібі нашарлаған, жатады, - қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.Үшінші топқа өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тәрбиелеуге бейімділіктері жоқ шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдай алмайды. [4, 22 б].
Сонымен баланың алғашқы адами құндылықтары , әрине , отбасыда қалыптасады. Алайда, қанша дегенмен ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны анық. Егер, әртүрлі себептермен баласы жаман болған өзінде, ол ата-аналарды кінәләй бермей , бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, бұл біріншіден , ал, екіншіден ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек, "қиын" балаға айналу себептермен әртүрлі жолдармен анықтау, тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді. Ол үшін: "Менің отбасым ", -деген тақырыптарға, сурет салу, содан көп нәрсені білуге болады. Үшіншіден, істелген жұмыстың бәрі алдын-ала, терең , жан - жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен,олардың тәрбиесі қиын балаларымен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшіліктерін ескере отырып жоспарланған болуы керек.
А.Бен, Т.Рибо, И.Кант, М.Фуле, А.Е.Личко, К.Леонгард сынды ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың мінезді зерттеп, бірнеше түрге, типтерге бөліп қарастырды.
1.Гипертимді тип. Қозғалысқа бейім тип. Тым көп қозғалатыны әсерінен тәртіпсіздікке де бой беріп жатады. Шулы ортаны, көпшілік жиналған жерді жақсы көреді. Өзгелердің алдында артықшылықтарын көртесіп қалғысы кеп тұрады, сөзшең. Мақтауды жаны сүйеді, өзінің де мақтаншақтығы бар. Көп нәрсеге аса қызығушылық танытады. Мимикалары айқын, оптимист. Бойында күш-қуаты мол.
2. Циклоидті тип. Көп жағдайда бейжай күй танытады. Жалғыздықты жаны сүйеді. Кез келген жағдайды, сөзді жүрегіне жақын қабылдайды. Сондықтан өзгеле р ескерту жасағанын еш ұнатпайды.
3. Лабильді не дистимді тип. Көңіл күйі ауа райынан өткен құбылмалы. Өзіне өзгелердің көзқарасы қандай екенін бірден байқайды, оған тәуелді кездері де болады. Көңіл күйі нашарлаған кезінде жақындары жанынан табылып, қолдау көрсеткені абзал. Бұл типтегі жандар достарының қолдауын аса жоғары бағалайды. Көп сөйлей бермейді, баяу ойланады. Үйде, жалғыздықта болуды жаны қалайды. Ұрыс-керістен бойын аулақ салады. Әділ, байсалды, тиянақты.
4. Астено-невротикалық тип. Ақыл-ой жұмысынан тез жалығып, шаршайды. Көп жағдайда қалжыраған, көңілсіз күйде жүреді. Қырсықтық қасиеті де бар. Топпен жұмыс істей білмейді. Қақтығысқа бейім. Жай уақытта таза, ұқыпты, балаларды жақсы көреді. Ашуы келгенде дүниені төңкеріп тастауға бар.
5. Сензитивті не тежелгіш тип. Көпшілік жиналған жерді, үлкен компанияларды ұнатпайды. Ондай жерде өзін жайсыз сезінетіндіктен сырт көзге тұйық боп көрінеді. Бейтаныс ортаға бейімделуі қиын. Ал достарының арасында ашық жарқын, әзілқой. Жолдас таңдауда қателікке бой ұрмайды. Ірілік, ерлік мінезі бар. Құмар ойындарға жаны қас. Басқа балаларға қарағанад ата-анасына тым жақын келеді. Өзіне де, өзгелерге де жоғары талаптар қояды. Мойнына алған жұмыстан нәтиже шығармай қоймайды. Өзіне сенімді, сезімтал, қызғаншақ. Ар-намысты бәрінен жоғары қояды.
6. Психо-астеникалық не педантты тип. Өз-өзіне де, өзгелерге де баға беруге бейім. Жұмыста басқаларға зор талап қояды, ал лидерлікті кейде басқаларға береді, өзіне сенімді. Интеллектісі тез дамиды. Айналасындағы жағдайларды өзгелермен талқылап жүреді, сол арқылы кез келген жайдың дұрыс шешімдерін ойластырып қойды. Аздап салғырттығы, абайсыздығы бар. Жанжал туса да бейжай, сабырлы қалпында қала береді. Өзі соқтыққанды аямайды. Тез шешім қабылдайды. Жиі ой үстінде жүреді.
7. Шизоидті не уайымшыл тип. Тұйық, ұялшақ, адамдармен ашылысып сөйлесе бермейді. Өзгелерді ұнатып, жақтырмай отырғанын көзқарасымен бірден білдіреді. Ойларын сыртқа ашық айта бермейді, алайда алтын сандықтың кілтін тауып сөйлесе алған адам ішкі жаны терең қиялға толы екенін аңғарады. Өз қатарластарына қарағанда, үлкендермен әңгімелескенді, бірге болғанды жақсы көреді. Қалжың көтере біледі. Мақсатына жетпей қоймайды.
8. Эпилептоидті не эмотивті тип. Көп жағдайда көз жасыммен қорқытамын деген шешімге келеді, өзгелердің жиі мазасын алады. Өзін басқалардан жоғары санайды. Мансапта биікке көтерілу үшін бастықтардың алдында құрдай жорғалап, қолынан келгеннің бәрін жасайды. Өзін өте жақсы көреді. Жауапкершілігі бар, тым сезімтал.
9. Истероидті тип. Үнемі жұртшылық назарында болуды қалайды. Ол елеусіз қалып, басқаларды мақтап жатса, жақтырмайды. Қай-қай жерде де көшбасшы болғысы келеді. Өзіне тым сенімділігі өзгелерге ұнамайды. Басқаларға ұқсамайды, басқаша ойлайды. Эгоист, екі жүзді, жұмыстан қашады.
10. Тұрақсыз тип. Ерік-жігері төмен, өздігінен шешім қабылдай алмайды. Өлі балықтай өмір ағысымен қалқи береді. Жұмыссыздықты, той-думанды жақсы көреді. Кәсіби қызығушылығы жоқ, болашағына алаңдамайды. Айналасында барлық құбылысқа аузын ашып таңырқап жүреді.
11. Экстравертивті тип. Достары, таныстары өте көп. Ешкімнің сұрауын жауапсыз қалдырмайды. Сұхбаттасушысын зейін қойып тыңдайды. Достары мен жақындарына лидерлікті береді. Көп нәрсені ойланбай істейді. Әңгіме айтып отыруға құмар. Уақытты көңілді өткізуді қалайды.
12. Интравертивті тип. Тұйық, данышпандыққа бейім. Жалғыздықты сүйеді. Өміріне, жеке кеңістігіне біреу кірген кезде ғана шу шығарады. Ұстамды, белгілі ұстанымдармен өмір сүреді. Бірбеткей, идеяларын басқаларға мойындатқысы келеді. Ойы қате болса да, соңына дейін дәлелдеп бағады. Балалардын қарапайым мінез-құлқы туған күнінен бастап - ақ көрінеді. Бала есейген сайын мінез-құлқы біртіндеп өзгере түседі. Мектеп жасына дейінгі балалар екі жастан асқаннан кейін тәрбиенің және ойынның ықпалымен баланың тәжірибесі арта түседі , қиялдай бастайды, ойлау қабілеті көріне бастайды. Өзінің талап-тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап-тілектері әлі де болса саналы бола қоймайды, тек мінез-құлық сипатта ғана жүзеге асады. Екі жарым жасар бала қол - аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны ашып жылаған.
Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіні ұстап алайын деп тұрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт - бес жасар балаларда жоғары сезімдердің (моральдық, эстетикалық) элементтері кездеседі. Мәселен, осы жастағы баладан: біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма? десең, Сұраусыз алсаң, ұры атанып ұсталасың, жаза тартасың - деп жауап береді.Төрт жасқа аяқ басқан бала әкесінің жаңа костюм кигенін көріп: сен сұлусың, - дейді.
Бес жасар бала түрлі түстерден құралған суреттерді ұнатады; шешесіне: терезені жаппай тұра тұр, күн қандай сұлу, - деп оның батуың тамашалайды. Бала апанға қарап: мынау одан да әдемі! - дейді. Әрине, осы көріністерді бала өзінше ұнатады, ол нәрсенің сыртқы жағын ғана тамашалайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой - әрісі тайыз, өмір тәжірибесі жеткіліксіз, түрлі психикалық құбылыстары, әсіресе, ерік - жігері дамып жетілмеген. Мектеп жасына дейінгі балалар мінез-құлқы басты ерекшелігі - тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі.
Бес-алты жас балалар жоғарылап, есейген сайын жаман қылықтарынан арыла бастайды. Тәрбиешінің ерік - жігер тәрбиесін қосарластыра жүргізуі балаларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мәселен, біреу күлсе, ғана қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады.
Жеті жас балалар мінез-құлық сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу - бәрі де олардың қажеттерінің өтелу - өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайларда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бұл жай оқу процесін балалардың мінезіне, сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Балалар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен заттарға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл баланың даралығын көрсетеді. Мінез - даралықтың негізгі құраушы бөлігі.
Мектеп жасына дейінгі балалар мінез сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа балалармен қатынаса отырып әр бала өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді жақсы, жаман, ауыр, жеңіл деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: Мінезіміз келіспеді,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі баланың мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол баламен қатынасудың тиімді стильлін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
Мектеп жасына дейінгі балалар мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеленістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы даралық ерекшеліктер болып табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз баланың белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Мектеп жасына дейінгі бала өмірі қарым-қатынасқан балалармен, тәрбие алу жағдайларымен ерекшеленеді. Сонымен қатар даралық дамудың табиғи алғышарттары да әр түрлі. Сондықтан, әр бала тек өзіне ғана тән, қайталанбас мінез бітістері мен сапаларының бірлігі қалыптасады. Алайда, мінез даралық ерекшелік көрсеткіші болуымен қоса, басқа балалармен ортақ қырларымен танымал. Ұқсас жағдайларда, бір ортада өмір сүретін балалар үшін типтік мінез бітістері тән. Мәселен, бұрынырақта еліміздегі адамдарға нұсқаумен жүру, енжарлық, тәртіптілік тән болса, қазірде өзбетті, тәуелсіз, бастамашыл адамдар жиі кезігеді. Осыған қоса, қоғамның әр мүшесі басқа нақты бір топтың мүшесі болып табылады, ол: отбасы, оқу тобы,ұжымдық. Олардың әрқайсы баланың мінезінде өзіндік рең қалдырады. Мінездің мәні - даралық және типтік ерекшеліктердің бірлігінде. кез келген қатынас мінезқалыптастырушы болмайды, тек өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты, материалды және рухани қажеттіліктермен байланыстылары ғана. Ең алдымен бұл қоғамға, басқа балаларға, еңбекке, өзіне, заттарға қатынасы.
Балабақшада баланың мінез-құлқы жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, космонавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу - кез - келген баланың арманы.
Мұндай балалардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген; тіршілік үшін болған әрекет - қимылы тіке, бірбеткей.
Балалардын қарапайым мінез-құлқы туған күнінен бастап - ақ көрінеді. Бала есейген сайын мінез-құлқы біртіндеп өзгере түседі. Мектеп жасына дейінгі балалар екі жастан асқаннан кейін тәрбиенің және ойынның ықпалымен баланың тәжірибесі арта түседі , қиялдай бастайды, ойлау қабілеті көріне бастайды. Өзінің талап-тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап-тілектері әлі де болса саналы бола қоймайды, тек мінез-құлық сипатта ғана жүзеге асады. Екі жарым жасар бала қол - аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны ашып жылаған.

Мінез-құлық -- мектеп жасына дейінгі баланың тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі - тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Бала бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі - қылық. Мұнда әр баланың өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқа расы, мақсат-мұраты көрініс береді. Бала өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық баланың өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.

Қоғамға балаларға адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ізгіліктілік, шыншылдық, әділеттілік - адамгершілік дамудың жоғары сатысын сипаттайды. Өзімшілдік, қатігездік, жалғандық, керісінше, мінездегі адамгершіліктің таяздығына көрсеткіш. Басқа балалармен қатынаста коммуникативті қатынастар ерекше орын алады: мейірмандық, елгезектік, сезімталдық, ашықтық, шыншылдық, сыпайылық. Мұндай мінез сапаларының иегері түрліше жағдайларда тиімді қарым-қатынаста бола алады: отбасында, балабақшада , достарымен. Олар әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарға қатысты туындайтын психологиялық бөгеттерді, не қарым-қатынас барысында пайда болған негативті сезімдерді, мысалы, сенімсіздік, қызғаныш, жаратпаушылықты, оңай жеңеді.
Мектеп жасына дейінгі баланың өзіне деген қатынасы өзіндік таным құрылымында когнитивті, эмоциональді, бағалаушы компоненті ретінде қалыптасады. Ерте балалық шақтан бастап, бүкіл өмір бойы қоршаған адамдар баланың әрекет-қылықтарын бағалап өтеді. Бұл қатынас адамның өз-өзіне деген ішкі психологиялық қатынасына, мінез сапасына айналады. Балаға деген қатынас типінің басымдылығына қатысты мінезде қарапайымдылық не масаттанушылық, өзіндік сыншылдық не өз-өзіне сенімділік, намысшылдқ не бәсеңдік, өз-өзін бағалау немесе толымсыздық сезімі пайда болады. Баланың заттарға қатынасы да аса маңызды. Нәресте туғанынан басқа адамдардың еңбегімен жасалған заттарды қолданады. Жасы өскен сайын баланың заттарға деген қажеттіліктері арта түседі. Заттар дегеніміз - ойыншықтар, кітаптар, киімдер, ыдыстар, т.б. Бір бала ойыншығын сындырса, оған ұрысады, ал екіншісіне келесіні сатып әпереді. Бір бала жолдасына өз ойыншығын бермесе, келісі бірі өз ойыншықтарын таратып салады. Осыдан біртіндеп балада ұқыптылық, ашықтық не негативті қасиеттер жинақталады.

Мінез-құлықтың ықпалымен орындалатын әрекет қарапайым ерік әрекетіне жатады. Үлкендер балаға Барып кел, алып кел, үйдің суретін сал деген сияқты тапсырмалар береді. Бала үлкендердің айтқанын орындай жүріп, әр түрлі әрекеттерге жаттығады. Баланың еліктеген қылықтарының өзі қажыр мен қайраттылығын дамытады. Одардың мінез-құлықтары , еркі тұрақсыз болып, іс-әрекет үстінде туғызса, өз бойына лайық қажыр, қайрат, табандылық көрсетеді. Баланың еркінің дамуы ырықты қозғалыстар жасауға үйрете бастаудың, яғни өз қозғалысын денесін басқара алуынан басталады. Баланың еркі әліде дамып жетілмеген, олар бір нәрсені саналы түрде ұғып істеуден гөрі сол нәрсенің оларды көңіл-күйіне әсер еткен әсеріне бағынып істеуі басым болады. Бұл кезде бала әрекетті ақыл-ой таразысына салмай дұрыс-бұрыстығын ойламай істей береді, өйткені олар да өздерінің ісін сана - сезіміне бағындыру жеткіліксіз болады. Ұстамдылық қасиеті де дамымаған. Бұл кезде балалар да айтқанды ұғып, оған сенушілігі күшті болады. Ал жасы есейген сайын айтқанға сену кеміп отырады және айтқанды ұғып, оған сенушілікке байланысты бала еліктеуге де өте бейім болады. Ойнаған ойынында да кейіпкерлерге мінез-құлқына еліктейді. Ертедегі кейіпкерлерге ұқсап солардай болуға қатты асығады. Балалар еліктеуге құмар болғандықтан, өзінің жақын адамдарына тәрбиеші апайларға ұқсауға тырысады. Кім не айтса соның дұрыс бұрыстығын талғамай, тез орындауға әзір тұрады. Бала өзін-өзі басқара алмайтындықтан үлкендер дұрыс жолға салып, бағыт беріп отыруы қажет. Баланың ерік әрекетін тәрбиелеу жас кезеңнен басталды. Тілі шығып жүре бастағаннан кейін әр нәрсені өзі орындауға тырысады. Мектепке дейінгі кезеңде рольдік, қимылды, спорттық, құрылыс құрастыру ойындары арқылы баланың ерік-сапаларын қалыптастыруға болады. Ұжымдық өмір-ұжымдық еңбек ерік әрекетін дамытуға итермелейтін себепші құрал болып табылады.
:: Үйлесімді мінез типі - қоршаған ортаға икемделігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді балада ішкі қарама - қарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен істеген іс бір - біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді.
::Іштей қарама - қарсылықты,бірақсырттай келісімді мінезді бала. Бұл типті баланың ішкі ниеттері мен сырт әрекет - қылығы арасында келіспестік бола тұрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс-әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзін ерік билігінен бірде босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын іздестіруге дайын тұрады.
:: Икемі кем, қарама - қарсылықты мінез бала: көңіл - күй, ниеттері мен әлеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді. Бұл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет - қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты - тез өзгеріп тұратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жұмсамай - ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс.
:: Тиянақсыз мінезді бала - бағыт - бағдарының тұрақсыздығынан, принциптік бостығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке балалық деңгейі төмен. Тұрақты мінез-құлығы қаланбаған, осыдан барша іс-әрекетінде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас балаларына жағымпаздану бұл баланың бойына сіңген мінездік көрініс.
1.2. Мектепке дейінгі баланың жеке басының қалыптастыру ерекшеліктері
Сана-сезімнің, күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал қалыптасу дегеніміз аламның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. Сонымен бірге мектепке дейінгі шақтағыларға тұтасынан алғанда тән,олардың мінез-құлқына ең көп ықпал ететін мотивтердің кейбір түрлерін бөліп көрсетуге болады. Бұған алдымен балалардың ересектер дүниесіне қызығуымен, олардың ересектерше іс-әрекет жасауға тырысуымен байланысты пайда болатын мотивтер жатады.
Рөлді ойында ересектерге ұқсағысы келген тілек жетелейді.Мұндай тілек көбінесе күнделікті мінез-құлықта қандай да бір талапты балаға орындаттыратын тәсіл ретінде пайдалануы мүмкін (сен үлкенсің ғой, ал үлкендер өздері киінеді), дейді балаға оның дербестігіне түрткі сала отырып. Үлкендер жыламайды, деу баланың көз жасын тыйдыруға мәжбүр ететін күшті дәлел.
Балалардың мінез-құлқында үнемі байқалатын мотивтердің екінші маңызды тобы ойын үрдісінің өзіне деген ықыласпен байланысты ойын мотивтері. Бұл мотивтер ойын іс-әректін меңгеру барысында пайда болады және ересектерше көрінуге тырысумен ұштасып жатады. Ойын іс-әрекетінің шегінен шыққан соң олар баланың бүкіл мінез-құлқын әрлендіріп, мектепке дейінгі балалық шақтың өзіне тән қайталанбас ерекшеліктерін жасайды. Бала кез келген істі ойынға айналдыра алады. Кей уақытта және өте жиі ересектерге бала бір маңызды еңбекпен шұғылданған немесе бір нәрсені ден қойып үйреніп жатқан сияқты болып көрінеді, ал шындығында бір жағдайды елестетіп ойнап отырады. 5-6 жасар баланың мінез-құлқында ересектермен және өзге балалармен жақсы өзара қарым-қатынас орнату және сақтау мотивтерінің үлкен мәні бар. Балаға төңірегіндегілердің жақсы қарым-қатынасы қажет. Ересектердің еркелетуіне, құптауына, мақтануына лайық болу тілегі баланың мінез-құлқының негізгі тұтқаларының бірі болып саналады. Балалардың көптеген іс-әрекетін осы тілек арқылы түсіндіруге болады. Ересектермен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысу баланы олардың пікірімен және бағасымен санасуға, олар орнатқан мінез-құлық ережелерін орындауға итермелейді.
Құрдастарымен араласуды дамыту дәрежесіне қарай олардың қарым-қатынасы барған сайын маңыздырақ бола түседі.Бірлескен іс-әрекеттің дамуы және балалар қоғамының қалыптасуы құрдастарының жақсы бағасы мен сүйіспеншілігіне қол жеткізуге мінез-құлықтың мотивтерінің бірі болуға әкеліп соқтырады.Балалар әсіресе өздеріне ұнайтын топ ішінде танымалдылыққа ие болған құрдастарының сүйіспеншілігіне жетуге тырысады.
5-6 жаста намыс, өзін таныту мотивтері дамиды. Олардың шығар жолы- ерте сәбилік шақ пен мектепке дейінгі шақтың шегінде пайда болатын өзін өзге адамдардан бөлу, ересектерге мінез-құлық үлгісі ретінде қарау. Ересектер баланың көзімен қарағанда, жұмыстың құрметті түрімен ғана шұғылданып қоймай, өзара түрлі қарым-қатынастарға да түседі. Олар бұған қоса баланы тәрбиелейді, оған талап қояды және оны орындаттырады. Сүйтіп, бала өзгелердің өзін сыйлауын және тыңдауын оған назар аударуды, оның тілектерін орындауды талап ете бастайды. Өзін танытуға тырысу бегілерінің бірі - ойындарда басты рольдерді орындауға балалардың дәмеленуі. Әдетте, балалар ойында өздеріне балалардың ролін алуды ұнатпайтындығы,белгілі. Құрмет пен беделге ие болған ересек адамның рөлі әрдайым анағұрлым тартымдырақ.
Мектепке дейінгі кішкентайлар мен естиярлардың өзін танытуы олардың өздеріне белгілі барлық жақсы қасиеттерді өз бастарына таяп,олардың шындыққа тура келетіні-келмейтінінде жұмысы болмай, өзінің батылдығын, күшін т.б әсірелеп бағалайды. Күштісің бе деген сұраққа ол, әрине күштімін деп жауап қатады, оның күштілігі сонша бәрін, тіпті пілді де көтере алады. Өзін танытуға тырысу белгілі жағдайларда қыңырлық пен қасарушылық түріндегі жағымсыз қылықтардың пайда болуына әкеп соқтыруы да мүмкін.
Мектепке дейінгі балалардың қыңырлықтары үш жастағы дағдарыс кезеңінде көптеген балаларда байқалатын мойындамау белгілерін ықпал етудің,пайда болған жағымсыз өзара қарым-қатынас формаларын баянды етудің салдары да болып табылады. Бірақ қыңырлықтың психологиялық табиғаты бала өзінің дербестігін нығайтқысы келетін мінез-құлықтың дағдарыс түрлеріне айрықша тән келеді. Қыңырлық өзіне бүкіл жұрттың назарын аударудың ересектерден үстем болудың жолы. Өзін танытуға ұмтылуды басқа жолдармен, әсіресе құрдастарымен араласудан, қанағаттандыруға қолы жетпей қалжыраған,ынтасыз балалар әдетте қыңыр болып келеді.
5-6 жаста балалар іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты мотивтердің жаңа түрлері қалыптасады. Олар танымдық және жарыс мотивтері.
Бұл фактілерді көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларға тән әуестіктің көрсеткіші деп санайды. Әйтсе де шынына келгенде балалар сұрағы әрдайым ынтаны,қоршаған дүние туралы белгілі бір мәліметтерді алуға ұмтылғандықты көрсете бермейді. Мектепке дейінгі кішкентайлар мен естиярлар қоятын сұраулардың басым көпшілігі ересектің назарын аудару, оны қарым-қатынасқа тарту пайда болған толғаныстарын онымен бөлісу мақсатын көздейді.Балалар көбіне сөз сұрақтарына қайтарылатын жауапты күтпейді,ересек адамның сөзін бөліп, жаңа сұрақтарға көше береді.
Тек кейін баланы үйрететін және әр түрлі білімдер беретін (соның ішінде оның сұрақтарына түсінікті де негізделген жауаптар қайтарады,ересектердің ықпалы арқасында бала қоршаған дүниемен барған сайын көбірек шұғылдана бастайды,қандай да бір жаңа нәрсені білуге тырысады.
5-6 жаста ғана білімге деген ынта бала іс-әрекетінің дербес мотиві болып табылады,оның мінез-құлқын бағыттай бастайды.
Үш-төрт жастағы жетістіктерін құрдастарының жетістіктерімен салыстырмайды.Өзін танытуға тырысу және үлкендердің мақұлдауына ие болу тілегі оның бір нәрсені өзгелерден жақсырақ тындырғысы келгендігінен емес, жақсы қасиеттерді өз басына жай ғана таңа салғандығында немесе ересектердің жақсы бағасын алатын іс-әрекеттерді орындағандығында болып табылады. Құрдастарымен бірлескен іс-әрекеттің,әсіресе ережелі ойынның дамуы өзін танытуға тырысу негізінде жеңіп шығуға,бірінші болуға тырысу секілді мотивтердің жаңа түрлерінің қалыптасуына себепші болады. 5-6 жастағылырға ұсынылатын үстел үстінде ойналатын ойындардың бәрі дерлік және спорт ойындарының басым көпшілігі жарыспен байланысты. Ойынның кейбір түрлері осылай аталады да: Кім ептірек?, Кім жылдамырақ? , Кім бірінші? т.б. 5-6 жастағылар жарыс мотивтерін жарысқа кірмейтін іс-әрекет түрлеріне де енгізеді. Балалар өз табыстарын үнемі салыстырады, мақтауды ұнатады, ағаттықтары мен сәтсіздіктеріне қатты қайғырады.
Мінез-құлық мотивтерінің дамуында балалардың өзге адамдарға қарым-қатынасын көрсететін адамгершілік мотивтерінің ерекше мәні бар. Адамгершілік нормалары мен мінез-құлық ережелерін игеру мен түсіну өз қылықтарының басқа адамдар үшін мәнін түсінуге байланысты мектепке дейінгі балалық шақта өзгеріп және дамып отырады.
Бастапқыда жалпы қабылдаған мінез-құлық ережелерін орындау бала үшін тек қана ересектермен жақсы қарым-қатынастарда болудың жолы болып табылады. Бірақ жақсы мінез-құлқы болуы үшін баланың алатын мақұлдауы, еркелетуі, мақтауы оны ұнамды толғаныстарға бөлейді,біртіндеп осы ережелерді орындаудың өзі дұрыста міндетті жәйт ретінде қабылдана бастайды. Мектепке дейінгі кішкентайлар тек өздері сүйкімді көретін ересектер мен балаларға ғана адамгершілік нормаларына сәйкес іс істейді. Мектепке дейінгі ересектердің адамгершілік мінез-құлқы саламен тікелей байланысы жоқ көпшілік жұртқа тарай бастайды. Бұл балалардың адамгершілік нормалары мен ережелерін, олардың жалпыға міндеттілігін шынайы мәнін түсінісуімен байланысты.
5-6 жаста бала өзінің мінез-құлқындағы және өзі баға беретін әдеби кейіпкерлердің қылығындағы адамгершілік нормалардың орындалу мәнін түсінетін болады. Мінез-құлықтың адамгершілік мотивтерінен өзге адамдар үшін бірдеңе істеу, оларға пайда тигізу ниеті сияқты қоғамдық мотивтер барған сайын көбірек орын ала бастайды. Өзгелер үшін өз бастамасы бойынша жұмыс орындауды бес жаста басталады. Бұл кезеңде балалар өз қылықтары төңірегіндегілерге пайда келтіруі мүмкін екенін түсінеді.5-6 жастағылардан өзге адамдарға көмек көрсетумен байланысты адамгершілік нормаларын әбден саналы орындайтындарын бақылауға болады.
5-6 жаста мінез-құлық мотивтерінің өзгеруі олардың тек мазмұнының ауысқандығына ғана емес, мотивтердің жаңа түрлерінің пайда болуында. Мотивтердің әр түрлерінің арасында мотивтердің қатар бағынуы,сатылы бағынуы жасалады, бала үшін бұлардың біреуінің мәні өзгелерге қарағанда,басымырақ болады.
Мотивтерді қатар бағындыру бес жасар баланың жеке басының дамуындағы ең маңызды жаңа пайда болған түзілімдер болып табылады. Мотивтердің пайда болып келе жатқан сатылы бағынуы бүкіл мінез-құлыққа белгілі бір бағыттылық береді. Осы бағыттылықтың дамуына қарай баланың тек жеке қылықтарын ғана емес, тұтасынан алғанда,оның мінез-құлқына жақсы не жаман, деп баға беруге болады. Егер мінез-құлық мотивтерінің бастысы болып қоғамдық мотивтер, адамгершілік нормаларды сақтау болса, онда бала көбінесе осылардың ықпалымен іс-әрекет жасайды, мысалы,біреуді ренжіту немесе айту сияқты қылықтарға өзін итермелейтін жағымсыз түрткілердің әсеріне беріле қоймайды. Мотивтердің қатар бағынуы пайда болған соң баланың барлық жағдайда бір мотивті тапжылмастан жетекшілікке алу міндетті емес. Мұндай ересек адамдарда болмайды. Кез келген адамның мінез-құлқынан көптеген сан алуан мотивтер табылады.Бірақ қатарынан бағыну сан алуан мотивттердің тең құқығын жояды, оларды жүйеге келтіреді. Бала ересектер мақұлдаған мүмкіндікті жалықтырарлықтай іске бола өзі үшін маңызды болып саналатын тартымды ойынынан бас тарта алады. Егер бала өзі ұшін маңызды бір істе сәтсіздікке ұшыраса,оның орынын басқа жолмен алған ғанибет арқылы толтыруға болмайды. Мысалы, міндетін орындай алмаған балаға Жарайсың, жігітсің деген сөздер айтылды, басқа балалар сияқты ол да жақсы конфет алды. Әйтсе де ол конфетті ешбір ықылассыз қабылдады және оны жеуден бір жола бас тартты, оның налуы тіпті де басылмады: сәтсіздіктен соң алған конфетін ол ащы сезінді. Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz