Экономикалық белсенді халық



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастарға көшу мен экономикалық реформалауға байланысты жаңа тәуелсіз елдерде жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық мәселелері пайда болады. Еліміздегі нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық және экономикалық тұтқалардың нарықтық инфрақұрылымның жетілдіруі көптеген әлеуметтік мәселелерді, әсіресе еңбек және жұмыспен қамтылу саласындағы мәселелерді өте маңызды ете түсті.
Еңбек нарығын реттеу (Labour market regulation) - бұл еңбек сұранысы мен ұсынысына әсер ету шараларының жүйесі, мұнда осы реттеудің объектілері жалақы, әлеуметтік кепілдіктер, жұмыс ауысымы мен аптаның ұзақтығы, демалыс тәртібі және т. б. экономикалық теорияға сәйкес, еңбек нарығында еңбек нарығын реттеуге ықпал ететін бәсекелестіктен тыс факторлар бар деп санау керек.
Жұмыспен қамту орталығының негізгі міндеті-жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге бір-бірін табуға көмектесу. Еңбек биржасының басқа да функциялары бар:
еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдау
мамандық туралы шешім қабылдауға және жұмыс табуға көмектесетін іс-шараларды ұйымдастыру
оқудан өткен үміткерлерге стипендия төлеу
жұмыссыздарды есепке алу
жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу
Жұмыссыздық ресми мойындалған талассыз құбылыс ретінде тоқсаныншы жылдардың басында нарыққа өту кезеңінде өндірістің құлдырауына, басқару жүйесін қайта құруға, қорғаныс кешенін конверсиялауға және басқа да себептерге байланысты пайда болады. Тұрақсыз өтпелі экономикалы жағдайында тұрғындардың материалдық жағдайы күрт төмендеп кетті. Бұл жаңа қалыптаса бастаған еңбек рыногында жұмыс күші ұсынысын өсуіне әкеп соқты, ол жерге бұрын еш жерде жұмыс істемеген, алғаш рет жұмыс істеуге құлық көрсеткен адамдар келді. Олар негізінен жұмыссыз әйелдер мен жастар болады. Оларды алдымен кәсіби білім бермей жұмысқа алу мүмкін емес еді, бұл еңбек рыногындағы онсызда ауыр жағдайда қиындатып жіберді[1].
Жоғарыда жазып өткендей еңбек нарығыдағы басты мәселелер халықты жұмыспен қамту,жұмыссыздықпен күресу болып табылады.Бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің Халыққа жолдауында да нақты айтылған.Онда халықтың тұрмыс деңгейі көтеру мәселесі қаралғанда халықты жұмыспен қамту да,жұмыскерлердің жалақысын көтеру туралы және т.бтмаңызды мәселелер қаралды. Онда былай делінген:
"Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс органдарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады"-, дей келе Елбасымыз "Нұр Отан" партясының бес жылға арналған сайлауалды тұғырнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту,жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралар, жұмысшылар жалақысын, зейнетақысын, жәрдемақысын көтеру жөніндегі мәселелер жөнінде де атап көрсетті. Осылар жөнінде Елбасымыз жаңа үшжылдық бюджетті ұсынды. Экономикалық қатынастар жүйесінде еңбек нарығы маңызды орын алады. Бұл нарықта мемлекеттік, муниципалдық, қоғамдық және жеке ұйымдар болып табылатын еңбекке қабілетті адамдар мен жұмыс берушілердің мүдделері кездеседі. Еңбек нарығында қалыптасқан қатынастар айқын әлеуметтік-экономикалық сипатқа ие. Олар ел халқының көпшілігінің шұғыл қажеттіліктеріне әсер етеді. Еңбек нарығының тетігі арқылы халықты жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу деңгейлері белгіленеді. Еңбек нарығында болып жатқан процестердің маңызды салдары жұмыссыздық болып табылады - жалпы алғанда, қоғамдық өмірдің жағымсыз, бірақ сөзсіз құбылысы.
Еңбек нарығы-бұл ұлттық әл-ауқатты, тұрақтылықты, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің бірі. Қалыптасып келе жатқан көп қабатты экономика және оның құрылымдық қайта құрылуы жұмыс күшінің сапасына, оның кәсіби-біліктілік құрамына және дайындық деңгейіне жаңа талаптар қояды, қызметкерлер арасындағы бәсекелестікті күшейтеді. Осылайша, еңбек нарығындағы процестерді қалыптастыратын факторлардың әсерін нақтылау, оның даму заңдылықтарын, тенденциялары мен перспективаларын бағалау міндеттері өзектендіріледі. Халықтың жұмыспен қамтылуы оны молайту үшін қажетті шарт болып табылады, өйткені оған адамдардың өмір сүру деңгейі, қоғамның кадрларды іріктеу, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, оларды жұмысқа орналастыру, жұмысынан айырылған адамдарды материалдық қолдау шығындары байланысты. Сондықтан халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздық, жұмыс күшінің бәсекеге қабілеттілігі және жалпы еңбек нарығы сияқты проблемалар ел экономикасы үшін өзекті және қарастыру үшін өзекті болып табылады. Бұл курстық жұмыстың мақсаты еңбек нарығы мен жұмыспен қамту қызметінің қазіргі жағдайын зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері Еңбек нарығының теориялық аспектілерін зерттеу, еңбек нарығының қазіргі жағдайын талдау, осы проблемалардың пайда болу себептерін анықтай отырып, оның проблемалық орындарын анықтау; Қарағанды облысының еңбек нарығы динамикасының негізгі көрсеткіштерін есептеу; Қарағанды облысында еңбек нарығын дамытудың мүмкін жолдарын ұсыну.
Бұл курстық жұмыстағы зерттеу объектісі еңбек нарығының қазіргі жағдайы болады[2].

Нарық экономикасында еңбек нарығынның экономикалық рөлі
Еңбек нарығы: мәні, мағынасы және құрылымы

Нарық экономиканың қалыптасуы мен дамуында жетекші ролді еңбек нарығы атқарады. Еңбек нарығы арқылы өте манызды ұлттық ресурс - еңбек аймақтар, салалар және фирмалар бойынша бөлінеді. Дәл осы жерде оның бағасы анықталады.
Еңбек нарығы - жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыс күшінің мүдделерін үлесімді қоғамдық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығының қызмет етуінде бір қатар принципиалды жағдайларды белгілеу керек. Біріншіден, еңбек нарығындағы еңбек күшіне деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы. Екіншіден, түрлі экономикалық және әлеуметтік мүдделер мен қызметтердің қиылысу орны. Үшіншіден, кәсіпорындар көзқарасынан - оның қызметкерлерінің қарым-қатынастар алаңы, яғни потенциалды немесе нақты жұмысшылар, бірақ фирма ішінде жаңа жұмыс орнына өтуді көздейтін тұлға.
Еңбек нарығының мәні мен құрылымын қарастыру үшін, нарықта не сатылатынын және не сатып алынатынын анықтау қажет. Ол еңбек күші мен еңбек.
Еңбек - материалды және мәдени құндылықтарды жасауға бағытталған адамдардың мақсатты әрекеті. Еңбек адамдардың өмір сүруінің негізі мен алғы шарты. Қоршаған ортаға ықпал ету, өзгерту және оны өз қажеттіліктеріне бейімдеу арқылы адамдар өзінің өмір сүруімен қатар қоғамның дамуы мен прогресіне жағдай жасайды[3].
Еңбек процесі - күрделі және көп аспектілі құбылыс. Оны іске асыру формалары ретінде адам энергиясын пайдалануы, жұмысшының өндіріс құралдарымен байланысы (еңбек заттар мен еңбек құралдары), жұмысшылардың өндірістік өзара байланысы (горизонталды - жалпы еңбек процессіне қатысу, вертикалды - бастық пен қызметкер байланысы) қарастырылады. Қоғам мен адамның дамуында еңбектің ролі тек қана адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған рухани және материалды байлықтарды өндіруде емес, сонымен қатар жұмысшылардың білімін жетілдірумен, қабілеттерін дамытумен, тәжірибені жинаумен анықталатын жұмысшылардың өздерін дамытады. Еңбектің шығармашылық сипаты қажеттіліктердің дамуына әкелетін энергия, материалдар, өнімнің жаңа түрлері, жетілген және жоғары өндіріс еңбек құралдары, прогрессивті технология, жаңа идеялармен анықталады.
Сонымен, еңбек процесінің нәтижесінде тек қана өнімдер өндіріліп, қызметтер көрсетіліп мәдени құндылықтар жасалмайды, сонымен бірге болашақта қанағаттандырылатын жаңа қажеттіліктер де қалыптасады (сурет1).

ЕҢБЕК

Адамның, оның физикалық және рухани қасиеттерінің дамуы
Материалды және мәдени игіліктер өндірісі

ПрпррпрпооҚоғам мен адамның материалды және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру
Ғылыми - - техникалық прогресс
Халықтың ұдайы өндірісі
Еңбек өнімділігінің өсуі
Еңбектің жаңа сипаты

Сурет 1. Қоғам мен адамның дамуындағы еңбектің рөлі.

Қоғамның дамуы мен жағдайы негізінен халықтың саны және құрылымымен анықталады. Халық дегеніміз белгілі территорияда , ауданда, қалада, аймақта, елде тұратын адамдар жиынтығы.
Еңбек күші материалды игіліктер өндіруге немесе қызметтер көрсетуге бағытталған еңбек әрекетіне физикалық және интеллектуалды қабілеті бар халықтың еңбекке жарамды бөлігі, яғни еңбек күшіне, бір жағынан экономикада жұмыс істейтін, басқа жағынан жұмыс істемейтін, бірақ еңбекке жарамды адамдар жатады. Сонымен, еңбек күші нақты және потенциалды жұмысшылардан тұрады.
Қажетті физикалық және интеллектуалды қабілеттер адамдардың жас шамасына байланысты. Жастар мен ерексектерде олар енді қалыптасып көбейеді, ал қарттарда жоғала бастайды. Адамның жас шамасы жалпы халықтың ішінен еңбек күшіне жататындарды анықтауға көмек ететін критерий ретінде қарастырылады.
Еңбек ресурстарын зерттеудің түрлі бағыттардың негізгі түсініктерін қарастыру алдында, халықтың саны мен құрылымын, сан өзгерісін анықтау қажет[4].
Еңбек күшінің жас шама шегі мен әлеуметтік-демографиялық құрылымы мемлекеттік заңдылықтар мен актілер жүйесімен анықталады. Қазақстан Республикасында еңбекке қабілетті жас шамасы ерлер үшін 18 жастан 63 жасқа дейін, әйелдер үшін 18 жастан 58 жасқа дейін анықталады.
1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы халық құрылымының анықтауда халықаралық жіктеу жүйесін пайдаланады. Бұл жіктеуге сәйкес еңбек күшінің құрылымы сурет 2 көрселген.

Еңбек ресурстары
Экономикалық белсенді халық
Экономикалық белсенді емес халық
Жұмысбастылар
Жұмыссыздар
Зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер, әскери жауынгерлер

Сурет 2. Еңбек күшінің жіктеуі

Экономикалық белсенді халық- тауарлар мен қызметтер өндірісін жұмыс күшімен қамтамасыз ететін халықтың бір бөлігі. Экономикалық белсенді санын есеп мерзіміндегі жұмысбастылар мен жұмыссыздар санымен анықталады. Экономикалық белсенді халықты анықтау үшін оның деңгейін қарастырады:
Дэб= ҮэбСх (1)
Мұнда, Дэб-экономикалық белсенді халықтың деңгейі,
Үэб- экономикалық белсенді халық санының үлесі,
Cх- халықтың жалпы саны
Экономикалық белсенді емес халық - экономикалық белсенді халықты анықтауға жас шамасына кірмейтін және жұмыс күшіне жатпайтын халық жатады. Экономикалық белсенді емес халықтың көлемі зерттеліп жатқан мерзімге сәйкес анықталады және оған төмендегі категориядағылар кіреді:
Кіндізгі бөлім студенттері мен оқушылар, курсанттар мен курс тыңдаушылар (күндізгі бөлім аспиранттар мен доктаранттар);
Зейнеткерлік және мүгедектік бойынша зейнет ақы мен басқа түрдегі жәрдем ақы алатын тұлғалар;
1,2,3 топ мүгедектігі бойынша зейнет ақы алатын тұлғалар;
Ауруға қарайтын, үй шаруашылығымен айналысатын тұлғалар;
Жұмыс орнын іздеуден үміт үзген, жұмысқа жарамды тұлғалар;
Жұмыс істеуді қажет етпейтін тұлғалар.
Еңбек ресурстарының құрылымы көп түрлі. Оған еңбек ресурсының барлық жақтарын сипаттайтын компаненттер кіреді (сурет 3)

Еңбек ресурстары

Жынысы
Жас шамасы
Жұмысбастылық ортасы (саласы)
Тұрғын орны
Қоғамдық тобы
Ұлты мен тілі
Білімі
Діні
Мамандығы

Сурет 3. Еңбек ресурстарының құрылымы

Жоғарыда анықталған жұмыс күші немесе еңбек сатыла ма немесе осымен байланысты бір қатар теориялар бар. Марксистік нарық қатынастар теориясын қолдаушылары еңбек нарығында еңбек күші, яғни жұмыс беруші пайдаланатын, еңбекке деген қабілет сатылады. Қазіргі заманның экономикалық теориясы еңбек нарығында сатылатын және сатып алынатын еңбек деп дәлелдейді және жалақы сол еңбектің төлем ақысы. Үшінші теорияны жақтаушылар еңбек нарығын ресурс нарығы ретінде қарастырады. Сауда саттықтың негізгі субъектісі ретінде жұмыс беруші - еңбекті сатып алушы, сондай-ақ заңды тұрғыдан ерікті және қорғалған меншік иесі - еңбек ресурсты сатушысы. Соңғысы еңбек күшінің, яғни еңбек әрекетінің белгілі түріне өзінің қабілеттер жиынтығының иесі және оның өзі болып табылады. Бұл еңбек нарығындағы сауда-саттық объектісінің сипатын анықтайтын меншік иесінің физикалық бөлінбеуімен ерекшеленетін айрықша ресурс. Мұнда нарықтық келісім-шарт объектісі белгіленген уақыт мерзімде белгіленген жағдайда нақты сипаты бар еңбек ресурсының құқығы.
Еңбек нарығында еңбек бағасы жұмыс беруші мен жалдамалы жұмысшылар арасында жасалатын келісім-шартта белгіленетін жалақы ставкасы. Бұның негізінде еңбек ресурсының бірлігінің нарықтық бағасы еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс қатынасымен анықталады. Нәтижесінде еңбек бағасы жалақының тепе-тең ставкасы анықталады[5].
Еңбек нарығының бір қатар ерекшеліктері оның қызмет етуін қамтамасыз етеді:
Тауар мен оның иесінің мүліктік құқығының бірлігі. Еңбек жұмыс күшінің жұмсау процесі, оның сауда-саттық процесінде ерекше қатынастар пайда болады.
Сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынастардың ұзақтығы. Еңбек нарығында жасалатын келісім-шарттар сатушы мен сатып алушы арасында ұзақ мерзімді қатынастардың басталуын талап етеді.
Келісім-шарттың ақшасыз әрекеттілігі. Бұл ең алдымен еңбек шарттары, ұжымдағы микроклимат, қызмет бойынша болашағы мен кәсіби дәрежесінің артуы.
Ерекше түрлі институционалды құрылымдардың көп саны болуы. Оларға: еңбек заңдылығының жүйесі, жұмысбастылыұты реттеу қызметтері мен түрлі ұйымдар, еңбек және жұмысбастылық саласындағы мемлекеттік бағдарламалары.
Келісім-шарттарының жоғары деңгейінің жекелестілігі. Олар көп түрге бөлінеді, себебі әр бір жұмысшы ерекше болады, ал әр бір жұмыс орны бір бірінен ерекшеленеді және талапкерлерге өзінің арнайы талаптарын қояды.

1.2. Жұмыссыздық: мазмұны, формалары және қалыптасу жағдайлары

Нарық экономиканың қалыптасуы мен дамуында жетекші ролді еңбек нарығы атқарады. Еңбек нарығы арқылы өте манызды ұлттық ресурс - еңбек аймақтар, салалар және фирмалар бойынша бөлінеді. Дәл осы жерде оның бағасы анықталады.
Еңбек нарығында жұмыс күші жалдамалы еңбек ретінде қарастырылады. Жалдамалы жұмысшылар жұмысбастылардың басымды бөлігін құрайды, оның ішінде менеджерлер мен басқарушыларды да атап кетуге болады. Басқа жұмысбастыларды өзін жұмыспен қамтығандар - меншік иелері, кәсіпкерлер, яғни түрлі меншік формасында қызмет ететін категория болып табылады.
Әдетте халықты белсенді және белсенді емес халыққа бөледі. Халықаралық Еңбек Ұйымының құжаттарында жұмыс істей алатын және істегісі келетін, белсенді түрде жұмыс іздеумен айналысқан, бірақ оны жұмыс орындарының жоқ болуына немесе кәсіби дайындығының жоқтығына байланысты таба алмаған адам жұмыссыз болып есептеледі.
Экономикалық белсенді халыққа белгілі себептерге байланысты жұмыс істемейтін немесе жұмысқа жалданудан үміт үзгендер жатады. Бұл категорияға күндізгі бөлім оқушылары жатады.
Қазақстандық еңбек нарығындағы жағдайды еңбек молшылығымен сипатталады, еңбек ұсынысы сұраныстан артқанда байқалады. Нарықтық жүйеде сұраныс пен ұсыныстың теңділігіне жету өте қиын, себебі бір жағынан келісім-шарттар мен қарым-қатынастар өте көп, екінші жағынан нарық жүйесін ұйымдастыру принциптері мен ерекшеліктеріне байланысты. Сұраныс пен ұсыныстың теңсіздігінің нәтижесінде жұмыссыздық пайда болады.
Жұмыссыздық - нарық процессінің табиғи құбылысы, еңбек нарығының дамуы мен қызмет етуінің объективті салдары болып табылады. Жұмыссыздық - ол экономикалық белсенді халықтың белгілі бөлігінің тауарлар мен қызметтер өндірісіне қатыспағандағы, әлеуметтік- экономикалық құбылыс. Экономикалық жағынан жұмыссыздық жұмыс күшіне деген салыстырмалы жоғары ұсынысы мен салыстырмалы төмен сұранысының сәйкессіздігін анықтайды[6].
Экономикалық теорияда жұмыссыздықты түсіндіретін үш негізгі бағыт анықталған:
1. Жоғары жалақы дәрежесі.
Кәсіподақтардың талаптарын қанағаттандыру нәтижесінен жалақы дәрежесі теңділік дәрежесінен жоғары дәрежеде белгіленуі мүмкін. Оның нәтижесінде бұл еңбек нарығындағы еңбек күшіне деген сұраныс төмендейді, ал ұсыныс жоғарлайды. Сұраныс пен ұсыныстың айырмашылығы жұмыссыздық көлемін анықтайды. Экономистер бұл жағдайдан шығу жолы ретінде жалақыны қысқартуды ұсынады.
2. Тиімсіз сұраныс.
Дж. Кейнс және оның жалғастырушылары мәжбүрлі жұмыссыздықтың себептеріне өнімді тиімді өткізуді қамтамасыз етпейтін тауарларға сұраныстың аз болуын жатқызады. Өнімге деген тімді сұраныстың төмен болуы еңбек сұранысының төмендеуіне әкеледі. Оның нәтижесінде еңбек күшін сатушылар оны төмен баға бойынша да сата алмайды және олар жұмыссыздарға айналады. Экономикалық тепе-теңдікті орнату үшін ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеу концепциясы ұсынылады (икемді ақша-несе саясаты, салық саясаты, нвестицияларды ұлғайту, мемлекеттік шығындарды кеңейту және т.б.).
3. Еңбек нарығының икемді болмауы.
Неоконсерваторлар мен монетаристер жұмыссыздықты еңбек сатушыларының мерзімді және басқа қысқа уақытты ауытқулар әсерінен нарықтың талаптарына өте жәй бейімделуінің нәтижесі болып есептейді.
Институционалды бағыттың өкілдері жұмыссыздықты нарықтың институцияларымен түсіндіреді, яғни сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін саяси, моральды, нормативті, психологиялық факторлармен түсіндіреді. Бұл мәселелер еңбек нарығында икемді саясат жүргізу жолымен шешілуі мүмкін (еңбек биржасының белсенді жұмысы, әлеуметтік бақылауды күшейту,ұжымдық келісім-шарттарды жасау тәжиребесін жетілдіру және т.б.)
Жұмысбастылыққа мемлекеттік әсерлер түрлері:
- пассивті - еңбек ұсынысын, сұранысын ынталандыру, еңбек сұранысы мен ұсынысы үлесімділігінің шаралары (ақпарат, кеңес беру қызметтері, кәсіби кеңес, жұмысбастылық бағдарламаларын жасау), аймақтық көмек көрсету шаралары т.б..
Сонымен қатар мемлекеттік емес дәрежеде халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру саласында коммерциялық құрылымның басқа да формалары бар. 1996 жылдың соңына Қазақстанда 150ге жұық, республиканың түрлі қалаларында , әсіресе олардың басым бөлігі Алматы, Астана қалаларында орналасқан мемлекеттік емес жұмыспен қамту құрылымдары қызмет атқаруда.
Жұмысбастылық саясаты - қоғам оның жеке мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына деген тікелей және жанама әсер ететін шаралар жиынтығы Ол бірнеше деңгейден турады: жалпы мемлекеттік, аймақтық және локалды. Қазіргі уақытта дамыған мемлекеттердің қолданатын жұмысбастылық саясаттарының үш үлгісін белгілейді.
Еуропалық үлгі бойынша еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмысбастылар санын қысқарту көзделеді, нәтижесінде жұмысшылардың табыстары өседі. Мұндай саясат өте көп жұмысшыларға жәрдем ақы төлеу жүйесін қамтамасыз ету керек.
Скандинавиялық үлгі мемлекеттік секторда орташа еңбек ақысы жұмыс орындарын ашу жолымен барлық жұмысшыларды жұмыспен қамтуға негізделеді. Мұндай саясат мемлекеттің қаражат есебінен жүргізіледі, олардың тапшылығы жағдайында өндірістің төмендеуі байқалады, нәтижесінде жұмыссыздық көбееді.
Американдық үлгі жоғары өнімділікті талап ететін жұмыс орындарын ашуға бағытталған, ол экономикалық белсенді халықтың басымды бөлігіне пайдаланады. Мұнда формалды түрде жұмыссыздық төмендейді, бірақ табыстары төмен адамдар саны көбейеді.
Жұмысбастылық саясатының құралдарын таңдауға пассивті және активті варианттары бар. Екі вариант та экономикалық көзқарас жағынан ағымдық мемлекеттік шығындар жағынан тиімді болып келеді[7].

1.3 ҚР - да жұмыспен қамтамасыз етуді құқықтық реттеу

Халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру мəселелеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңдары салыстырмалы түрде жақында - жұмыссыздық проблемасының туындауымен ден қойды. Дəл осы кезден бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында халықты жұмыспен қамту туралы бірқатар құқық нормалары пайда болды. Қазіргі кезде халықты жұмыспен қамту қатынастары мыналармен реттеледі:
- жұмыссыздықтан қорғау құқығын көздейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларымен;
- қызметкерлердің жұмыстан босау кезіндегі кепілдіктерін бекіткен, жұмыссыздықтан қорғауға жəне еңбекке қатысты конституциялық құқықтың маңызды кепілдігі болып табылатын ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Халықты жұмыспен қамту туралы туралы заңымен;
- халықты жұмыспен қамтудың жəне жұмысқа орналастырудың негізгі міндеттері мен функцияларын нақтылаған халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік органдар туралы ережелермен;
- ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 Əлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу үшін ұйымдарда жұмыс орындарының ең төменгі санын ( квотасын) белгілеу мəселелері туралы қаулысымен; өз қызметкерлері үшін халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықтан қорғау шараларын көздейтін, еңбек құқығының шарттық нормалары ретіндегі ұжымдық шарттар мен əлеуметтік-əріптестік келісімдерінің нормативтік бөліктерімен;
- Чернобыль апатынан жапа шеккендер, қолайсыз табиғат жағдайларында жұмыс істейтіндер, мемлекеттік қызметшілер жəне т.б. үшін жеңілдіктер туралы, осы қызметкерлер санаттары үшін олардың еңбекке құқығына кепілдіктерін қамтамасыз ететін нормалардан тұратын бірқатар жарлықтармен жəне арнайы нормативтік құқықтық актілермен;
- ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңының қолданылуына түсіндірме жасаған халықты жұмыспен қамту органдарының актілерімен.
Бұл нормативтік құқықтық актілердің мəні мыналардан көрініс табады:
1) олардың негізінде халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік органдар құрылған жəне қызмет етеді;
2) жұмыссыздық, жұмыспен қамтылғандар, лайықты жұмыс жəне т.б. осы сияқты жаңа түсініктерді бекітті;
3) жұмыссыз тұлғаның мəртебесін бекітті;
4) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары мен бағыттарын анықтады;
5) ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 5-бабында халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер бекітілді;
6) азаматтардың халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтарын анықтады;
7) халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органның жұмысын ұйымдастыруды ресми түрде бекітті;
8) жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, соның ішінде, өз қызметкерлерін өндіріс ішінде оқыту жəне кəсіби дайындығы жүйесін дамытуға жəне қоғамдық жұмыстарды өз қаражаты есебінен қаржыландыруға қатысуын көздеді;
9) əлеуметтік жағдайы нашар азаматтардың қатарындағы жұмыссыздарға мақсатты əлеуметтік көмек көрсетудің тəртібін анықтады[8].
Сонымен, халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру саласындағы заңдарда жарияланғандай, мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтарға мыналарды кепілдейді:
- еңбекке жəне кəсіп түрін таңдаудағы еркіндік құқығын;
- қызметінен негізсіз босатылған жағдайда құқықтық қорғануды;
- тиісті жұмысты таңдауда жəне жұмысқа орналасуда халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органның тегін көмегін алуды;
- жаңа кəсіпке немесе мамандыққа тегін үйренуді жəне біліктілігін тегін көтеруді;
- кəсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға берілген тапсырыстарға сəйкес тиісті мамандарды тауып беруді.
Жоғарыдан байқағанымыздай, халықты жұмыспен қамту саласындағы нормативтік құқықтық актілер жұмыссыздар үшін де, жұмыс берушілер үшін де ерекше мəнге ие, себебі, олар жұмыссыздардың құқықтарын қорғайды, ал жұмыс берушілер үшін қажетті мамандарды таңдауға септігін тигізеді. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру саласындағы бұл құқық нормалары азаматтар мен жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру жөніндегі уəкілеттік органмен қарым-қатынасын реттейді.

2 Есептеу бөлімі

2.1 Жұмыс күнiнiң фотосуретiн талдау

Жұмыс күнінің фотосуреті-бұл жұмыс уақытының барлық шығындарын үздіксіз бақылау және өлшеу арқылы жұмыс уақытын пайдалануды зерттеу әдісі. Жұмыс күнінің фотосуреті арқылы жұмыс уақытын есепке алу еңбек өнімділігін арттырудың резервтерін анықтау мақсатында жүргізіледі[9].
1-кесте. Жұмыс күнінің фотосуретін бақылаушы парақ

Жұмыс уақытындығы шығын атауы
Ағымдағы уақыт
Уақытты шығындау
Индекс
1
2
3
4
5
Ауысымның басталуы
7.00
1
Технологиялық карта мен тапсырма алу
7.05
5
ПЗ
2
Дайындамаларды алу
7.13
8
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімді болашағын анықтайтын маңызды жәйті еңбек ресурстарын пайдалану
Халықтың көші - қон ағымдарын талдау
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ СТАТИСТИКАСЫ
Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту және жұмыссыздықты бағалау модельдері
Қазақстандағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары
Жұмыспен қамту деңгейі
Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту
Дағдарыс жағдайындағы халықты жұмыспен қамтуды реттеу
Жұмыссыздық түсінігі және түрлері
Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтамасыз ету
Пәндер