Ертегілер жайлы түсінік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
БҚО ББӘ Сырым аудандық БББ
Көгеріс негізгі білім беретін мектебі КММ

ЖАН-ЖАНУАРЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ СЕБЕП-САЛДАРЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаушы: Қосыбек Айназ Сәрсенғалиқызы, 6-сынып оқушысы, Көгеріс негізгі білім беретін мектебі, Сырым ауданы, БҚО.
Жұмыстың жетекшісі: Мендигалиева Гулим Сагидуллиевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

2023 жыл
Мазмұны

Кіріспе ___________________________________ ________________ 2-4-б.

1. Ертегілер жайында түсінік _____________________________ 4-б.

2. Жан-жануарлар жайындағы себеп-салдарлық ертегілердің ерекшелігі_________________________ ___________________4-5-б.
2.1. Жан-жануарлар жайындағы ертегілердің мифке жақын болуы______________________________ __________________5-6-б.
2.2. Жан-жануарлар жайындағы ертегілердің себеп-салдарлық сипат______________________________ __________________6-12-б.
3. Қорытынды__________________________ __________________ 12-13-б.
4. Қосымшалар_________________________ __________________ 14-б.
5. Пайдаланылған әлебиеттер тізімі ________________________ 15-б.

Аннотация
Адамзат баласы - табиғаттың ажырамас бөлшегі. Жер бетіндегі тіршілік иелерінің жаратылысы, шығу тегі адам баласын қызықтырмай қоймайды. Ендеше тіршілік иелерінің жаратылысы туралы таным-түсініктерді ежелгі аңыздар мен мифтерде, ертегілерде кездестіруге болады. Бұл жобада ертегілер жөнінде жалпы түсінік беріп, себеп-салдарлық ертегілердің ерекшелігін негізге алдым. Себеп-салдарлық ертегілердің негізінде бірқатар жануарлардың белгілі бір қасиеті, шығу тегінің себептері туралы түсініктерді талдап, өзара салыстырып, тұжырым жасадым. Ертегілерді екі топқа бөліп қарастырдым: жан-жануарлардың атауы, дене бітімі, өмір сүру ерекшелігін түсіндіретін ертегілер және жан-жануарлар мінезі арқылы адам мінезін бейнелейтін ертегілер. Қазақ жан-жануарлардың атауларына, өмір сүру ерекшелігіне, мінезіне байланысты ертегілерді зерделеп, оларды өзара ұқсастықтары бойынша іріктеп, ертегілерді зерттеуші әдебиетші ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алып жұмыстандым.
Кіріспе
Жұмыстың мақсаты: ертегілер арқылы адам баласының ежелгі таным-түсініктерін зерделеу, ертегілердегі жан-жануарлардың шығу тегінің, дене мүшелерінің, мінез ерекшелігінің пайда болу тарихымен танысу және оларды өзара салыстыра талдау.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер белгіленді:
oo Қазақ әдебиетіндегі ертегілердегі жан-жануар ерекшелігі, шығу тегі туралы танымдық, экнциклопедиялық әдебиеттерді зерделеу;
oo Ертегілердегі жан-жануар бейнесін, шығу тегін, олардың пайда болу себептерін анықтау, жіктеу;
oo Жан -жануар сырт бітімі, шығу тегіне байланысты ертегілердегі өзара салыстыру;
oo Әдебиеттанушы ғалымдардың пікірлерін зерделеу;
oo Жұмыс бойынша қорытынды тұжырым жасау, ертегілерді адамзат санасы дамуының көрсеткіштері тұрғысынан қарастыру.
Тақырыптың өзектілігі:
Бірде шығарма жазу үшін қажетті ақпарат іздей отырып, Олжас Сүлейменовтің Қазақтардың моральдік кодексін олардың мақал-мәтелдері мен аңыз-әпсаналарынан іздеңіз деген керемет сөзін оқыдым. Сол кезде менде қазақ халқын тану үшін оның өткен тарихын, әдебиетін, таным-түсінігін білуге деген қызығушылық пайда болды.
Ертегілер мен аңыздар - қияли негізге құрылған оқиғалы көркем шығармалар. Олардан халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танудағы түсінігі мен көзқарасы көрініп отырады. Сол себепті де халқымның өткенін, таным түсінігін танып білуде мен таңдап отырған тақырып өзекті деп білемін.
Зерттеу сұрақтары (гипотеза);
Жан-жануарлардың атаулары қалай пайда болған? Олардың дене бітіміндегі ерекшеліктер қалай пайда болған? Ертегілер мен аңыздарға сүйенсек, жан-жануарлардың атаулары мен дене бітіміндегі ерекшеліктер олардың өмір сүру салтына, мінезіне, халықтың таным-түсінігіне орай туындаған деп болжауға әбден болады.
Зерттеу әдістері: Ерегілерді, аңыздарды, ғылыми зерттеу еңбектерін оқу, өзара салыстыру, оларды сипаттаy, жіктеу, қорыту әдістерін қолдандым.
Әдебиетке шолу:
Жұмысқа кіріспес бұрын әдебиеттанушы ғалымдардың еңбектеріне және ертегілер жинақтарын шолу жасадым. Қазақ халық әдебиеті: Ертегілер жинағы, Е.Жанпейісовтің Төрт түлік төңірегінде мақаласымен, Не үлкен? Танымдық және мысал ертегілер жинағымен, Бозінген: Хайуанаттар жайлы ертегілермен таныстым.
Әдебиеттанушы ғалымдар ертегіге келесідей анықтама береді: ертегі - ауыз әдебиетінің ең көне жанры. Ертегілерде оқиғасы өмірде сирек кездесетін не болмаса адамның қиялынан туған, өмірде мүлдем кездеспейтін оқиғалар баяндалады.
Жұмыстың құрылымы: Жобалау жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Ертегілер жайлы түсінік
Ертегілер - халықтың өмірін баяндайтын, қиялға құрылған туындылар. Ертегіде табиғаттың адам баласына беймәлім болып келген құбылыстары бейнеленеді, арман мен қиялға жетелейді. Ертегіден халықтың тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ой-арманы, әлемді, қоршаған ортаны танудағы түсінігі мен көзқарасы байқалады[1,19-б].
Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, наным-сенімдерін әңгімелеп айтатын болған. Осылайша ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған.
Қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай шартты түрде хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып туралы, тұрмыс-салт туралы деп үш түрге бөлеміз.
Жануарлар, хайуанаттар туралы ертегілер - ертегінің көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі[2.48-б].
2. Жан-жануарлар жайындағы себеп-салдарлық ертегілердің ерекшелігі
Жануарлар туралы ертегілер, негізінен, үш топқа бөлінеді: этиологиялық жануарлар туралы ертегілер, классикалық жануарлар туралы ертегілер және мысал ертегілер. Этиологиялық жануарлар туралы ертегілер - өзінің шығу мерзімі жағынан мұндай ертегілердің ең көнесі. Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі, оның солай болу себебі жайында баяндалады.
Бұл топтағы ертегілердің басты ерекшелігі -- этиологиялық мифке жақын болуы және оқиғаны себеп-салдарлы сипатта баяндауы.
2.1. Жан-жануарлар жайындағы ертегілердің мифке жақын болуы
Жан-жануарлардың атауының, дене бітіміндегі ерекшеліктердің пайда болуы жайындағы этилогиялық ертегілердің жанрлық ерекшелігі, мұнда көзбен көріп, қолмен ұстап алатын жанрлық белгілер жоқ. Этиология - шығу, пайда болу тарихын зерттейтін ілім. Этиологиялық ертегілердің көпшілігі аң-құстардың белгілі бір дене мүшесінің не болмаса өмір сүру ерекшелігінің себебін, шығу тарихын түсіндіруге, себебін табуға бағытталады. Бұларды даралап тұратын нәрсе - себепті- - салдарлық баяндау. Бірақ соған қарамастан мұнда тұрақты композициялық құрылым жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда бұл ертегілер этиологиялық миф - ке жақындайды. Ал жануарларды суреттеу мен олардың мінез - -құлқын бағалау жөнінен ертегіге жақындайды. Мысалы, ботасын іздеп боздаған бозінген жайындағы немесе иесінің қамын ойлайтын сырттан ит туралы шығармалар әлі шын мәніндегі ертегіге айналып үлгермеген, мұндағы жануарлар мифтік сипаттағы сияқты қасиетті деп есептелген. Бұл - қазақтың жануарлар жайындағы этиологиялық ертегілерінің басты ерекшелігі.
Бұл ерекшелік - этиологиялық ертегінің мифпен жақындығы - Мүшел, Хайуандардың жыл басына таласуы, Үркер сияқты ертегілерде айқын сезіледі. Мұнда аспан әлемінің сыры, жыл - он екі айдың болуы қазаққа жақ - сы таныс жануарлардың мінез- - құлқымен, іс- - әрекетімен байланысты түсіндіріледі. Ерте заманда ел шындық деп қабылдаған бұл мифтер келе- - келе ертегілік сипат ала бастаған.
Адам санасы дами келе, қыстың ұзақ болатынына сиырдың еш кінәсі жоқтығы, жыл басының тышқан аталуына ашық ауыз түйенің еш кінәсіз екендігі белгілі болған. Сөйтіп, ел бұл мифке сенбейтін болған. Бір кездерде дүниенің жаратылысы туралы болжам жасаған мұндай мифтер ертегілер тобына қосылған.
2.2. Жан-жануарлар жайындағы ертегілердің себеп-салдарлық сипаты
Этиологиялық ертегілердің көпшілігі аң-құстардың белгілі бір дене мүшесінің не болмаса өмір сүру ерекшелігінің себебін, шығу тарихын түсіндіруге, себебін табуға бағытталады.
Сондай ертегілердің бірі - Түлкі мен қоян ертегісі.(1-сурет). Ол ертегі былай баяндалады: Әуелі түлкінің құйрығы жоқ еді. Әрқашан қасқырменен тату тұрмаған себепті құйрығының жоқтығы жүрген ізін жасыра алмай, оған бек қатты залал келтірген. Соның үшін қасқыр әрдайым түлкінің артынан түсіп, аңдып жүріп, бір күні қасқыр барып оның ініне кірген. Егер түлкі іннің басқа жағындағы аузынан шығып кетпесе, өлтіріп тастар еді. Әлден соң түлкі ағаш ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды көрді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын болып, шапшаң жүргендеріне ыңғайсыз болып тұрушы еді. Сол жерде түлкі қоянды ұстап алып, өлтірмекші болып жатқанда, қоян сұрапты: Мені өлтірме, саған құйрығымды сыйға берейін, - деп уағда қылады. Мұнысына түлкі көніп, екеуі сол жерде құйрықтарын айырбастайды. Сонан бері түлкінің құйрығы ұзын болып, қоянның құйрығы қысқа болып қалған екен.
Бұл ертегіде қоянның құйрығының қысқалығын, түлкі құйрығының ұзын болуының себебін түсіндіру үшін үш жануарды қатыстырған: қасқыр, түлкі, қоян. Түлкі қасқырдан аман қалу үшін ізін жасырғысы келеді, ал қоян түлкіден қорыққаннан өзінің құйрығын береді. Берілген ертегінің әуел баста миф болғанының дәлелі де - осы. Яғни, ертеде, адамзат санасы әлі толық жетіле қоймаған дәуірде бір жануардың дене мүшесі келесі жануарға үйлесе береді деп ойлаған. Кейін уақыт өте келе бұл түсінік те бұзыла бастады, адамзат санасы дами бастады, дүниетанымы кеңейе бастады, солай беріліп отырған миф ертегіге ұласып кеткен.
Қазақ халқында қоянның құйрығының шолақтығы туралы тағы да бір этиологиялық ертегі кездеседі. Ол былай баяндалады: Сонау ерте заманда қоянның құйрығы ұзын болған екен. Ендеше, қоянның құйрығы қазір қалайша шолақ болып қалғаны жөнінде мынадай ертек бар.
Ертеде екі қоян бір өзен бойында асыр салып ойнап жүріп, қарсы жағадағы жайқалып тұрған көкпеңбек шөпті көріп қалады. Олар: Өзеннен өтіп, әттең, құмардан шыққанша жесек, - деп ойлайды. Бірақ екі қоян суда жүзе білмейтіндіктен өзеннен өтудің шарасын таба алмайды. Сөйтіп тұрғанда, су баяу толқып, бір үлкен тасбақа шұр-шұр етіп су бетіне шыға келеді. Тасбақаны көрген қояндар бір-біріне қарап, көздерін алақтатып, судан өтудің бір айласын ойлап табады:
- Тасбақа әжей, осы өзенді сіздің әулетіңіз өмір сүреді деседі ғой, рас па? - дейді. Мұны естіген тасбақа әжей қатты қуанып:
- Ол рас, бұл өзенде менің әулетім сан жеткісіз. Егер олар өзеннің бетіне қаз-қатар қалқып тұра қалса, екі қатар көпір болады, - дейді.
- Әулетіңіздің соншалық көптігіне көзім жетпейді, біздің әлеуттен көп болмас - дейді қоян. - Алдымен сіз әулетіңізді шақырып келіңіз, су бетін қалқып, өзеннің мына шетінен ана шетіне дейін санап шығамыз, содан соң біздің әулетпен салыстырарсыз, - дейді бір қоян.
- Болады, - деп тасбақа өзенге шөгіп кетіп, әулетін түгел шақырып келіп, бетіне екі қатар етіп, тізе қояды да, екі қатар көпір бола қалады.
Екі қоян қатар салынған Тасбақа көпірге шығып, әрбіреуі бір қатарын санаған болып, қарсы жағаға ілінеді. Қулығымызды асырдық, - деп ойлаған екі қоян жағаға шыға беріп:
- Бізде қайдан оншалық көп әулет болсын, мақсатқа жеттік әйтеу, - дейді. Бірақ бұл кезде екі қоян секіріп жағаға шыққанымен, олардың шұбатылған ұзын құйрықтары судан әлі шығып болмаған еді. Қояндардың әлгі сөзін естіп қалған тасбақалар екі қоянның құйрығынан ала түседі. Сасқалақтаған екі қоян жұлқи тартқанда, құйрықтары түбінен үзіліп, шолақ болып қалады.
Кейін бұл екі қоян көп әулетті болады. Бірақ көжектері мен немере-шөберелерінің барлығы шолақ құйрық болып туылады. [49, 17-20].
Берілген ертегі қулықтың түбі жақсылыққа апармайтынын ұғындырғысы келген. Жан-жануарлардың мінезі мен іс-әрекетінен адам мінезінің көрінуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптағы ертегілерді оқыту
Батырлық ертегілердің құрылымдық ерекшелігі
Мектеп жасындағы балаға ертегі арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Қазақ әдебиетінің тарихы
Ертегіні оқытудың тиімді жолдары
«Батырлық ертегілер»
Балалар әдебиеті - тәрбие құралы
Қазақ халық прозасындағы әпсана-хикаят жанры
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Қиял ғажайып ертегілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz